Радио және интернет арқылы хабар тарату



Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім:
1. Радиолардың технологиясы
2. Ақпарат таратудың спутниктік жүйесі
3. Хабардағы режиссер қызметі
4. Радиохабардың қоғамдағы алатын орны
5. Радиохабар тарату міндеттері
6. Интернет желісі

ІІІ. Қорытынды
Кіріспе

Журалистика дегеніміз не біріншіден журналистика қоғамдық жүйенің бүтіндей бір бөлігі ал қоғам болса күрделі жүйенің институты болып саналады. Журналистика салалары болып негізінен редакциялар, газет журналдар, кітап баспаханалары , теле және радио ақпарат құралдары жатады. Журналистика тақырыбын қозғай келе біздің байқайтынымыз бұқаралық ақпарат құралдарының тікелей ақпарат көздеріне жүгінетіндігі. Журналистика ғылымы үлкен бір мектеп болып саналады оның техникалық жабдықтары яғни типография (газет журнал басылатын орын) теле және радио тарату центрлері , баспаханалар және тағыда басқа ақпарат тарату жабдықтарының өзі осы аталған мектептің жемісі болып саналады. Журналистика ғылымын тіпті атқарушы , құқықтық және сот органдарынан кейінгі 4 билік органы деп те атайды.
Радио – халыққа жаңалық жеткізу, хабар-информация беру жолындағы ең шапшаң, оперативті құрал. Радио хабары программаларында информация негізгі орынға ие, зор міндет атқарады.
Радиоинфомацияның бір ерекшелігі – оның документальдылығы. Бұған адамның дауысын, түрлі әндер мен дыбыстарды пайдалану арқылы қол жетеді.
Бүгінгі заман адамдары үшін информация көздері көп-ақ. Олардың қай-қайсысы болса да, “уақыт-алтын” деген қағиданы берік ұстанып, хабарды қысқа да мазмұнды, тартымды да қызықты етіп беруге тырысады. Радио да осы мақсатты көздейді.
Радио өзінің ағартушылық, насихатшылық қызметін сонау ХХ ғасырдың басынан бастау алады. 1914-1917 жылдарда дүниеге даңқы тараған қысқы сарайдан саяси-тәрбиелік мәні бар ел зиялыларының сөздерін, патшаның нұсқауларын таратып, хабарлап халықты хабардар етіп тұрған болатын. Пайда болғаннан бастап ел арасында зор ықпалға ие болған және де “ұзын құлақ” деп аталған – радио осы күнге дейін өз деңгейінде жұмыс істеп келеді.
Радиохабар тарату арқылы радиожурналистер жылдам ақпарат таратып отырады, себебі бұқаралық ақпарат құралдарының ішіндегі ең жылдам хабар жеткізуші – радио болып табылады.
Сонымен қатар ХХ ғасырдың орта шенінде келіп қосылған, ал ХХІ ғасырда олсыз өмірді ойлапта көре алмайтын Интернет желісі. Бұл да радиохабар сияқты жылдам хабар тарататын құрал. Радио - әуе арқылы болса, Интернет – телефон желісі, спутник арқылы хабарды жан-жаққа тасымалдай, әлемнің түкпір-түкпіріне жеткізу. Кең мағынасында - бұл бір бірімен мәліметтермен алмасатын жер жүзіндегі миллиондаған компьютерлер арасында бөлінген ақпараттық кеңістік.
Басқа ақпарат құралдарынан радионың ерешелігі ол өзіне аса көп назар қажет етпейді, белгілі бір уақыт мезетін немесе қарап тұрып сен оны тыңдамайсын. Радионы күнделікті тірлікті істеп жүріп, өзіне ешқандай кедергі келтірмей-ақ естіп жүре бересін, сонымен қатар жай естіп жүрмей, белгілі бір ақпарат қорын жинайсыз, мейлі ол жануарлар, машина, ауа райы және т.б. туралы болсын. Яғни сен толыққанды, жан-жақты қазірше айтқанда комуникативті боласыз.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. // ҚазҰҮ хабаршысы. Журналистика сериясы 2002 ж. №2 (15)
2. http://egov.kz/
3. Балапанова Е.Қ. Бөрібаев Б. “Информатикадан 30 сабақ” Алматы, 2004ж.
4. Дәулетқұлов А.Б. “ Жаңа информациялық технологиялар” Алматы, 2004ж.
5. Интернет әлемі. Ш. Қ. Дидар 2004 № 3 б 3
6. Интернет желісінің құрылымы. Дидар. 2000 №2 б 6
7. Интернет туралы біз не білеміз? Дидар 2000 14.11 б 4
8. К.Қабылғазина “Аудиотехника және радиохабарларының технологиясы” Алматы, 1999ж.
9. Н. Омашев “Радио журналистика” Алматы, 2005ж.
10. Сағындықов “ Алматыдан сөйлеп тұрмыз”
11. Шөкіш А. Интернет. Алтын орда. 2001. № 5 б 12

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Қазақ филология кафедрасы

Курстық жұмыс
Тақырыбы:Радио және интернет арқылы хабар тарату

Орындаған:
Тексерген:

Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
1. Радиолардың технологиясы
2. Ақпарат таратудың спутниктік жүйесі
3. Хабардағы режиссер қызметі
4. Радиохабардың қоғамдағы алатын орны
5. Радиохабар тарату міндеттері
6. Интернет желісі
ІІІ. Қорытынды

Кіріспе

Журалистика дегеніміз не біріншіден журналистика қоғамдық жүйенің
бүтіндей бір бөлігі ал қоғам болса күрделі жүйенің институты болып
саналады. Журналистика салалары болып негізінен редакциялар, газет
журналдар, кітап баспаханалары , теле және радио ақпарат құралдары жатады.
Журналистика тақырыбын қозғай келе біздің байқайтынымыз бұқаралық ақпарат
құралдарының тікелей ақпарат көздеріне жүгінетіндігі. Журналистика ғылымы
үлкен бір мектеп болып саналады оның техникалық жабдықтары яғни типография
(газет журнал басылатын орын) теле және радио тарату центрлері ,
баспаханалар және тағыда басқа ақпарат тарату жабдықтарының өзі осы аталған
мектептің жемісі болып саналады. Журналистика ғылымын тіпті атқарушы ,
құқықтық және сот органдарынан кейінгі 4 билік органы деп те атайды.
Радио – халыққа жаңалық жеткізу, хабар-информация беру жолындағы ең
шапшаң, оперативті құрал. Радио хабары программаларында информация негізгі
орынға ие, зор міндет атқарады.
Радиоинфомацияның бір ерекшелігі – оның документальдылығы. Бұған
адамның дауысын, түрлі әндер мен дыбыстарды пайдалану арқылы қол жетеді.
Бүгінгі заман адамдары үшін информация көздері көп-ақ. Олардың қай-
қайсысы болса да, “уақыт-алтын” деген қағиданы берік ұстанып, хабарды қысқа
да мазмұнды, тартымды да қызықты етіп беруге тырысады. Радио да осы
мақсатты көздейді.
Радио өзінің ағартушылық, насихатшылық қызметін сонау ХХ ғасырдың
басынан бастау алады. 1914-1917 жылдарда дүниеге даңқы тараған қысқы
сарайдан саяси-тәрбиелік мәні бар ел зиялыларының сөздерін, патшаның
нұсқауларын таратып, хабарлап халықты хабардар етіп тұрған болатын. Пайда
болғаннан бастап ел арасында зор ықпалға ие болған және де “ұзын құлақ” деп
аталған – радио осы күнге дейін өз деңгейінде жұмыс істеп келеді.
Радиохабар тарату арқылы радиожурналистер жылдам ақпарат таратып
отырады, себебі бұқаралық ақпарат құралдарының ішіндегі ең жылдам хабар
жеткізуші – радио болып табылады.
Сонымен қатар ХХ ғасырдың орта шенінде келіп қосылған, ал ХХІ ғасырда
олсыз өмірді ойлапта көре алмайтын Интернет желісі. Бұл да радиохабар
сияқты жылдам хабар тарататын құрал. Радио - әуе арқылы болса, Интернет –
телефон желісі, спутник арқылы хабарды жан-жаққа тасымалдай, әлемнің түкпір-
түкпіріне жеткізу. Кең мағынасында - бұл бір бірімен мәліметтермен
алмасатын жер жүзіндегі миллиондаған компьютерлер арасында бөлінген
ақпараттық кеңістік.
Басқа ақпарат құралдарынан радионың ерешелігі ол өзіне аса көп назар
қажет етпейді, белгілі бір уақыт мезетін немесе қарап тұрып сен оны
тыңдамайсын. Радионы күнделікті тірлікті істеп жүріп, өзіне ешқандай
кедергі келтірмей-ақ естіп жүре бересін, сонымен қатар жай естіп жүрмей,
белгілі бір ақпарат қорын жинайсыз, мейлі ол жануарлар, машина, ауа райы
және т.б. туралы болсын. Яғни сен толыққанды, жан-жақты қазірше айтқанда
комуникативті боласыз.

Радиохабарлардың технологиясы

Аса маңызды, салауатты хабарлар мен жаңалықтарды тыңдаушыларға
жеткізуде радиохабардың ролі ерекше. Қашан да жақсы істердің жаршысы бола
отырып, ұрпаққа өнегелі сөз таратып, тәрбие беруден таймаған ақпарат көзі
екені ақиқат. Игілікті істерді жұртшылыққа жеткізуде радиоақпарат негізгі
орынға ие болып, зор міндет атқарады. Оларда сан салалы, көп қырлы
өміріміздің барлық жағы қамтылады, сол себепті де радиохабардың
өміршендігі, қажеттілігі күннен күнге артып отыр.
Өзіне қажетті радиотолқынды ұстап отырған тыңдарман сан алуан
хабарларды тыңдайды, музыкаға көңіл бөледі, тіпті беріліп жатқан хабарды
тыңдамаған, көңіл аудармаған жағдайдың өзінде халықтың санасына сыналап
енетін радиохабардың қасиеті бар. Міне, осы қасиетінің арқасында орасан зор
аудитория жинап, өз сөзін алысқа таратып отыр. Алыс шетелдердегі ағайындар
Қазақстанның кең байтақ даласынан жеткен қазақ тілінің әр орамын, әр сөзін,
әр сөйлемін тамсана, таңырқана тыңдайтындарын әңгімелеп те, жазып та жүр.
Осы радиохабарларды тыңдау жеңіл болғанымен, оның жасалу
технологиясы, яғни дыбыс жазудан кеңістікке таралуға дейінгі процестері
үлкен жауапкершілікті, нақтылықты, ұқыптылықты, оперативтілікті талап
ететін жұмыс. Радиохабарының өз тыңдарманын табуда өзіндік аудитория жинауы
радиохабардың мәнінде, маңыздылығында. Тыңдарман құлағын елес еткізетіндей
хабарлар жасау, көпшілік көнілінен шығу – бүгінгі радиожурналистердің
ардақты да абыройлы міндеті. Жақсы хабар шығару үшін объект табудың мәні
зор.
Өмірде болып жатқан сан-салалы оқиғалардың, жаңалықтардың үрдісіне
ілесе отырып, оны тыңдармандарға лайықты жеткізу, әрине, үлкен міндет. Сол
оқиғаларды, жаңалықтарды саралай, екшей отырып, анализ жасау, өзіндік пікір
қалыптастыра отырып тыңдармандарға ұсыну – жақсы объект табу, яғни
тыңдарман назарын өзіне аудара алатын хабар жасау деген сөз. Күнделікті
болып жатқан жайларды қолма-қол, дәлме-дәл жеткізу бар. Бұл – жаңалықтармен
таныстыру болса, адамгершілік, ар-ождан, дін, тәрбие т.б сияқты абстракты
хабарларды жасау, оны шебер жеткізу, өз тыңдармандарына ұсыну – күннен
күнге радиожурналистерден білімділікті, жан-жақтылықты, салауаттылықты,
парасаттылықты талап етіп отырған жайлар.
Көздеген межеден шығып, жазылатын хабардың өз дәрежесінде болуына,
объектінің жазылып алынатын сөзінің сапалы шығуы үшін, радиожурналистке
білім, сауат, қабілетік қажет. Өзінің білімділігін танытып, сауаттылығын
көрсетіп, қағылез қимылдап, жіті пайымдап, биік өреден табылып отырған
журналист өзі шеберлікпен сөйлеп қана қоймай, сөйлеушіні сөзге тарта алуы,
шешіле сөйлеуге мәжбүр ете алуы қажет. “Иә” немесе “жоқ” деп қана жауап
беріп отырған еңбек адамының психологиясына көз жүгіртіп, мінез-құлқын
байыптап, өзіндік “жақындауға” қол жеткізген жағдайда ғана шын жүректен
шыққан әңгіме-дүкен өрбуі мүмкін.
Егер радиожурналист мұндай шеберлік көрсете алмаған болса, онда
әрине, сұлық, сүреңсіз, тыңдаушыға әсер ете алмайтын, жүрегіне жете
алмайтын хабар шығуы әбден мүмкін. Сұхбаттасып отырған кезде журналистің
ескеретін нәрсесі әңгімелесуші адамның өз ойын еркін бүкпесіз, ашық айтып
отырған кезде сол тақырып төңірегінен ауытқып бара жатса, оны бірден
тоқтатып тастамай, басқа сұрақ қоя отырып, қайтадан әңгіме барысына қарай
ауысуына мүмкіндік жасауы да журналист шеберлігіне жатады.
Хабарды жазбас бұрын сол жерде дыбыстың сапалы, бірқалыпты жазылуын
қамтамасыз етіп тұрған құралдың дұрыс жұмыс істеуін қадағалап реттеп алған
жөн. Сонымен қатар, микрофонды қалай ұстаудың да маңызы бар. Бөтен шудың
болмауына, дыбыстың анық естілуіне микрофонды ұстау қашықтығының да ролі
ерекше. Микрофонды ұстау қашықтығы 30-50 см (сезімталдығына қарай) болуы
тиіс. Одан жақынырақ болса әңгімелесуші адамның тыныс алғаны, кейбір
әріптердің бөлекше естілуі (“с” әрпінің “ш”-ға айналуы) т.б. шулар естіліп
қалуы мүмкін. Ал, қашығырақ болып кетсе дауыс көміскіленіп, анық
естілмейді. Тағы бір ескеретін жай – микрофон мен магнитофонды бір үстел
үстіне қоюға болмайды. Екеуі бір жерде тұратын болса, магнитофондағы шу
микрофонға жазылып қалады. Өйткені, қатты денелер дыбысты бойынан жақсы
өткізеді.
Хабар жазу кезінде дауыстың неғұрлым табиғи жазылғаны дұрыс. Алдын-
ала дайындалған, немесе оқылған сөз білініп қалады, сөйтіп адам эмоциясына
кері әсер жасауы мүмкін. Ал, табиғи жазылған дыбыс, объектінің өзіне тән
дауысы тыңдармандарды баурап алады, әрі тез жалықтырмайды, хабардың
нақтылығын арттырады. Міне, сондықтан да радиожурналист әңгімелесуші адамын
баурап, оның психологиясын зерттей отырып, әңгімеге тартқаны, шешіле
сөйлеуіне әсер жасағаны жөн.
Таспаға жазылып әкелінген хабарды эфирге шығарудың сан түрлі жолдары
бар. Соның бірі – сценарий. Жақсы хабар негізі – жақсы сценарий екені
радиожурналистика дәлелдеп отыр. Сценарийдің тартымды шығуына тағы да
журналист фантазиясы, ой-өрісі, сезім, пікір молдығы, білімділігі,
парасаттылығы, адамгершілік пайымы әсер етеді. Қазіргі кезде Қазақ радиосы
тек тікелей эфирге шығу арқылы жұмыс атқаруда. Тікелей эфирге шығу үшін де
әрине, сценарий қажет. Эфирді қалай болса солай, сапасыз, нәрсіз, татымсыз
хабарлармен толықтырмау үшін, не айту керек, қалай айту керек деген
мәселені жүзеге асыру үшін де жақсы сценарийдің ролі зор. Сценарий арқылы
жұмыс істеу режиссерге де, хабар редакторына да, операторға да, тыңдарманға
да игі әсер етеді.
Үнтаспаға алдын ала жазылып әкелінген хабарды эфир алдында өңдеу –
монтаждау процесі деп аталады. Сонымен, монтаж деген жазылған дыбыстың
қайталанған, дұрыс айтылмаған т.б. жерлерін, сөздерін алып, артық, сырттан
жазылған дыбыстардан тазалау деген сөз. Монтаждың қарадүрсін, немесе
механикалық, электрондық, компьютерлік түрлері бар.
Қарадүрсін немесе механикалық монтаж үнтаспаның қажетсіз деген
бөлігін кесіп тастау арқылы жасалады. Ол үшін магнитті блоктан үнтаспа өте
берген сәтте дыбыстың естілуін қадағалап, дискіні әрлі берлі қозғау арқылы
қажетсіз сөзді немесе сөйлемді ұстаған соң қиғаштап алмаспен, өткір кескіш
затпен кесіп, тазартуға қажет бөлікті алып тастау керек. Үнтаспаның екінші
бөлігін де қиғаштап кесілген жерге дәл келетіндей, жымдасатындай етіп
кескен соң, арнайы тез жабысатын, таспа тәріздес лентамен (скотч)
жапсырылады. Қиылған жерлердің мұқият қабысуын қадағалаған жөн. Сонан соң
жапсырылған таспаның шетіндегі артық жерлерін кесіп алып тастап, үнтаспаны
әрі қарай қосуға болады. Қарадүрсін монтаж әлі күнге дейін жасалынады,
бірақ ол көп уақыт алады, әрі үнтаспаны қажетсіз етіп қиып тастауға мәжбүр
етеді. Сол себепті кейбір жағдайларда ғана болмаса қарадүрсін монтаж
қолданылмайды.
Электронды монтаж – бір магнитофоннан екінші магнитофонға көшіру
арқылы жасалады. Яғни, бір магнитофонға негізгі дауыс жазылған үнтаспа
қойылады да, екіншісіне таза дауыс жазылады. Хабардың қажетсіз деген бөлігі
алғашқы магнитофонда қалдырылып, қажетті деген тіркес, сөйлемдер таза
үнтаспаға көшіріледі. Дер мезгілінде магнитофонды тоқтата қойып, көшірген
уақытта сөйлем мен сөйлемнің, сөз бен сөздің, ой мен ойдың қабысуын,
астасуын, айтылар пікірге нұсқан келмеуін хабар редакторы өзі қадағалайды.
Осылайша тазартылған үнтаспа әуе толқынына таратылып хабардың ішінен өз
орнын табады.
Компьютерлік монтаж – компьютер арқылы жасалатын монтаж. Мұнда
ешқандай қайшының да, скотчтың да, қағаздың да қажеті жоқ. Тіпті, бір
магнитофоннан екінші магнитофон арасында жүгіріп, қарбалас қимыл жасаудың
да қажеті жоқ. Тек, компьютерлік операция жасау арқылы қажетсіз деген
сөз,тіркестерді клавиштерді басу арқылы өшіріп тастауға болады. Ол үшін әр
журналистің алдында жеке компьютер болғаны әрине, ғажап іс болмақ. Әуе
толқынына таралған әр хабар компьютер дискетінде сақталып, қай кезде, қашан
берілді, не айтылды деген мәселені шешуге үлкен көмек болары анық.
Радиохабар технологиясын жүзеге асыруда оператордың ролі маңызды.
Магнитофондармен жұмыс істеуде, монтаж жасауда шеберлік танытып жүрген
операторлар Қазақ радиосында аз емес. Алынып тасталатын қажетсіз сөздер мен
келесі жалғанушы сөз аралығында қабысу (стыковка), қиюласу, орынсыз
паузаның қалып қалмауы, монтаждан кейінгі дауыстың неғұрлым табиғи шығуын
техникалық мүмкіндіктер арқылы қамтамасыз етудегі оператор еңбегі ерекше.
Объектінің сөз ерекшелігіндегі кемшіліктер – (сөз қайталау, қыстырма,
одағай сөздерді пайдалану, тамсану, ауа жайылып сөйлеу, т.б.) тазарту,
дыбыс деңгейін қадағалау, жазылған дыбыстың сапалы, сапасыз жазылғанын
анықтау т.б. сияқты көптеген хабар технологиясы үшін маңызы зор жайлар
оператор қолынан өтеді. Жақсы маманданған, хабар технологиясының әдіс-
тәсілінен молынан хабардар оператор қашанда режиссердің сенімді серігі бола
алады.
Баспасөз журналистерінің құралы қалам мен қағаз болса,
радиожурналистің қаламы репортер, микрофон, эфир. Сондықтан да,
радиожурналистер сөз құралының табиғатын танымайынша (техникалық
параметрлері) эстетикалық талғамы жоғары тыңдарман қауымның көңілінен шыға
алмауы әбден мүмкін. Тегінде, радиотолқын ауаға емес, кеңістікке тарайды.
Микрофон алдында сөйленген сөз – ауа толқыны арқылы болатын процесс. Сөз
микрофонда айнымалы электр тогына айналады. Одан әрі жоғары жиіліктегі (жүз
мыңдаған герцтен ондаған миллион герц аралығында) айнымалы токқа
ілестіріледі. Сөйтіп, хабар таратушы радиостанция антеннасына беріледі, ал
антеннадан хабар кеңістікке – эфирге электромагнитті толқын түрінде
тарайды. Ол қабылдаушы радиостанцияның антеннасында өзіне сәйкес жоғары
жиіліктегі айнымалы ток туғызады. Қабылдағыш ішіндегі детектор тетігі
микрофон алдында сөйлеген сөзге сәйкес дыбыс жиілігіндегі токты бөліп дауыс
күшейіткішке береді, одан әрі дыбыс қайтадан әуе толқынына айналады, радио
арқылы сөйлеген сөз жер арының қай түпкірінде, қай нүктесінде тұрмасын
тыңдаушыға лезде жетеді, естіледі. Өйткені, дыбыстың таралу жылдамдығы
секундына 300.000 км. Уақыттың дәлдік белгісі де радио арқылы берілетіні
содан. “Айтылған сөз – атылған оқпен тең“ дейтін халық нақылы осы
радиоқұбылысына анықтама болғандай. Радионың құдіреті де осында. Сондықтан,
диктор немесе тілші микрофон алдындағы адам тыңдаушымен жүзбе-жүз сөйлесіп
отырмын деп білгені ләзім. “Жанды сөз – бұл радиодағы ең нәзік,күрделі
бейнелеу құралы. өйткені бұнда ой мен іс-әрекет, сезім, мінез көзбен көруге
болатын өмір шындығы бейнеленуге тиіс. Психологтардың әр түрлі
эксперименттеріне сүйенетін болсақ, эфир материалдарының дұрыс қабылдануы
тыңдаушы зердесіне, оның ой топшылауына, сезімталдығына және хабарлардың
берілу формасына, ойнақылығына байланысты болады. Сондықтан, сөздің
эмоциялығына да орынды мән беріп, мұқият болу керек”, - деген
радиозерттеуші ғалым пікірі орынды.
Радио сөзі кескін, бейнені, ой образын сөз өрнегімен, тіл
тұщымдылығымен ашады. Міне, осындай эфирге жолдама алу жолы өте күрделі
радиохабарларының ат салысатын тағы бір тұлға – диктор. Хабардың тыңдаушы
эмоциясына әсер етіп, жүрегіне жетіп, тыңдарманға өзіндік ой-пікір
қалдыратын дәрежеде өтуі – хабар редакторының, авторының, радиожурналистің
еңбегінің еш болмағандығы. Осы еңбекке үлес қосатын адамдар арасында
диктор еңбегінің өзіндік орны бар. “Жазылып, дайындалып берілген тексті
оқып шығатын функциясы болғанымен, диктор оқуының өзіндік ерекшелігі бар.
Жазылған тексті бабымен, мәнермен, әсерлеп, сезіммен, жағымды үнмен,
сырласа оқылған текстің диктор оқуы арқылы өз тыңдаушысын тезірек табары
анық. Радиожурналистер арасында радиохабарды жазылумен емес, айтылуымен,
естілуімен бағалайтын дәстүр де бар. Осы орайда, кез келген сапалы хабардың
шығуына диктор өз сүрлеуін қалдырады. Диктор дайын тексті бір леппен
сырғытып, сыдыртып оқып шығумен шектелуге тиіс емес. Ол ең алдымен әуезді
үннің, сиқырлы сезімнің керек десеңіз, сондай сезімтал өнердің адамы”.
“Радиохабарға барлық дауыс бірдей жарай бермейді. Дауыста қандай да
бір ерекше сапа болуға тиіс. Ол былайынша айтқанда кинопленкаға жақсы
түсетін адам бейнелері сияқты радиоға да қолайлы болу керек. Бұның бәрін
дауыс алмастыруға міндетті. Ол барынша бейнелегіш қасиетке ие болуға тиіс.
Сонда радио тыңдаушы дыбысқа сенеді, образды сезінеді”, - деп тұжырымдаған
ғалым пікіріне қосылу ләзім. Тағы басқа радиозерттеушілер пікіріне сүйенер
болса: “Диктор сөз мәдениетінің, сөйлеу шеберлігінің, шешендік өнердің
насихатшысы”, “Диктор – эфирлік хабар әзірлеген редактор мен режисердің:
бүкіл шығармашылық ұжымның еңбегін жария ететін, ақырғы жеріне жеткізетін
шешуші тұлға”. Радиодиктор – ресми адам. Ол белгілі бір мемлекеттің, елдің,
белгілі бір облыс, ауданның ресми үнін білдіреді”. Осындай еңбектері үшін
радиодикторларға “Қазақстанның еңбегі сіңген әртіс” атағы беріледі. Ұзақ
жылдар бойы әуезді дауыстары халқымыздың құлағында қалған Әнуарбек
Байжанбаев, Сауық Жақанова, Ұлжан Сағындықовалар – дикторлық өнердің
шеберлері.
Көп жағдайларда диктор қызметінің қажеті жоқ, оның орнын журналистер,
коментаторлар өздері-ақ атқара алады, - деген пікірлер айтылуда. Кейбір
эстетикалық, көркемдік, тәрбиелік мәндегі хабарларды диктордың әсем де
әуезді даусынсыз тыңдарманға жеткізу мүмкін емес. Диктор оқуында берілген
кез келген қарапайым хабардың көркемдігі, әуезділігі, әсерлілігі артатынына
күмән болмауы тиіс.
Комментатор - өз логикасы, болжамы арқылы пікір, ой айта алатын,
өзіндік ұсыныс пікірлерге бай, өмірде болып жатқан сан-алуан құбылыстарды
мезгілінде қабылдап, оларға өзіндік баға беретін, жеке өзіне ғана тән
ерекшеліктерімен көзге түсе алатын ұжым мүшесі. Хабар дайындауда жүргізуші-
комментатор мен редактор шешуші де негізгі тұлға болады. Олар жалпы
хабардың саяси-идеялық мазмұны және көркемдік сапасына жауап береді.
Сонымен қатар хабарды әуе толқынына әзірлеу процесінің басынан аяғына дейін
басы-қасында болуға, батыл араласып, үздіксіз бақылап, әр сөз, сөйлемге мән
беріп отыруға міндетті. Тыңдарманға әдемі әсер қалдырып немесе көңілінде
жүрген ой-арманын, яки мазалап жауап таба алмай жүрген жайларын табу үшін,
олардың көңілдерінен шығу үшін бірлескен шығармашылық еңбек қажет.
Сондықтан да редактордың, комментатордың, диктордың т.б. қызметтерінің
өзіне маңыздылығы, ерекшелігі, ролі бар. “Өнімді дайындаушы редактор да,
сол өнімді пайдаланушы радиотыңдаушы халық, ал оны таратушы диктор болып
табылады. Әсіресе, соңғы хабарларды оқуда диктор дауысының қажеттілігі
басым. Ол жөнінде Қазақ радиосының дикторы Әнуарбек Байжанбаев: “Соңғы
хабарларды оқуға өте жауапты қараймын. Өйткені, ол жаңалық, соңғы хабарлар
болуы себепті жедел дайындалып, жедел оқылады, - деген.
Ал, бүтін ел барша халық құлақ түріп отыратын соңғы хабарларды жақсы
оқып шығу дикторға үлкен абырой, асыл мақсат, зор міндет”, - деген еді.
Бұдан шығар қорытынды: тыңдаушысын елең еткізер жақсы хабар дайындау
жүргізуші-комментаторға да, редакторға да, режиссерге де қойылар үлкен
талап, жауапты міндет.
Әлемнің көптеген елдерінде радиохабарларының ақпарат бөлімін, соңғы
жаңалықтарды дикторға оқыту әлі де маңызды орын алады. Бірақ
көбінесекомментаторлар да өз үлесін қармап қалу, немесе тыңдаушылар
талмағынан тыс қалмау мақсатында т.б. жағдайларға байланысты “эфир
бәсекесіне” түсуде. Бұл - өмір заңы, дәуір талабы. Оның өзі дәлелденіп
отырған құбылыс. Бұрын эфирге шығушылар алдын ала жазылып, дайындылып
алынатын болса, уақыт үрдісіне орай қазіргі хабарлар көбінесе тікелей эфир
арқылы берілетін болып отыр. Бұның өзі туындап отырған өмір бәсекесінің
дәлелі.
Әлеуметтік-саяси өміріміз бен рухани-мәдени көзқарастарға, келелі
пікірлерге толып, күнделікті жаңарып, жақсарып жатқан осы бір әрі қызық,
әрі қиын өмірде микрофондық материалдардың өмірмен үндестікте болуы
қуанышты жай. Ол үшін үрдіске толы Қазақ радиосы хабарларына жаңа леп
әкелетін ерекшеліктер дегенге тоқталған жөн. Алдымен жеңіл ырғақты, әуезді,
көңіл қуантар музыкалар қажет. Батыстық радиолар тәжірибесінде кез келген
хабардың көбінесе жарнаманың тиімділігін, әсерлігін арттыру тек музыка
арқылы жүзеге асырылады. Олар социологиялық анықтама жасау арқылы музыка
тыңдаушылардың талап-тілегін қанағаттандыруды алғы орынға қоя отырып,
эфирге шығарады. Мысалы, жастар үшін, жасөспірімдер үшін, 40-50 жас
арасындағылар үшін деп жеке-жеке әртүрлі хиттарды, шлягерлерді ұсынуда
жақсы нәтижелерге жетуде. 40, 50, 60 жас арасындағыларды капиталы орныққан,
тиянақты табысы бар тыңдармандар деп қараса, жас толқынды капитал
операциясында табыс табудың көзін іздеушілер ретінде қарайды. Қай топ болса
да жарнама көзі бола алатын, ақшалы адамдар болып табылады. Міне, солардың
көңілдерінен шыға отырып, аудитория жинауды басты мақсат етеді. Қаншама
жүздеген радиолар (бір мекендегі, бір қаладағы, мысалы жарты миллион халқы
бар Оклахомада 25 радиостанция жұмыс істейді) өз арнасын, өз тыңдарманын,
өз аудиториясын тауып жататын себебінің өзі сол музыканың құдіретінде
екенін өмір көрсетіп отыр. Сол дәстүр, сол үрдіс, біздің радиожурналистер
арасында да қолдау табуда. Әсіресе, коммерциялық радиолар бұл әдісті
кеңіненпайдалануда. Аудитория жинаудың сан түрлі жолдарын пайдалануда
батыстық радиолар алдыңғы орында. Мысалы,Майамидегі діни радиостанция
балаларды әр түрлі религиялық ертегілер беру арқылы тартады.
Текст пен текстің арасын, пауза мен текстің арасын, немесе
эфиргешығу, хабардың тәмамдалғанын білдіру т.б. сәттердің бәрінде әдемі,
әсем, сәтті музыкамен байланыс жасау – біріншіден, тыңдаушылардың көңілін
аударып, өзіне қарата алса, екіншіден, ерекше көңіл қойып тыңдауға септігін
тигізеді. Осы сәтте хабар режиссерінің ролі ерекше. Эфирге дайындалып
жатқан хабардың музыкалық көркемделуіне, эстетикалық тәрбие алатын, мәдени,
көркем екендігі хабарлардан білініп, сол сала мамандарының назарына ілігіп
те жатады. Бұл режиссер еңбегінің жемісі деуге болады.
Радиохабарының тағдырына бастан аяқ жауап беретін, тартымды шығуына
ат салысатын адамның бірі - хабар редакторы. Хабарды редактор өзі
дайындауы мүмкін, немесе меншікті тілшілер басқа да радиожурналистер
көбінесе бекітілген жоспар тапсырмаларын орындайды. Журналистік фантазия,
логика, өзіндік тіл, стиль, формаларды ойлап табу, өз ерекшелігін көрсету -
әр журналистің қасиетті борышы деп айту орынды болар еді.
Радиожурналистердің сенімді серіктеріне айналып отырған тағы да бір топ –
штаттан тыс тілшілер. Олар өз бетінше жұмыс істей отырып, көбінесе бөлім
редакторларының тапсырмаларын орындайды. Редакциялардың жалпы жұмыс бағдары
айлық, тоқсандық, жылдық жоспарлар арқылы жүзеге асады. Ол жоспарлар
редакция алқасының ақылдасуымен, шешімімен жасалады. Хабар редакторы
хабарда не мәселені сөз ететінін, қалай айтатынын, қандай мәселе
төңірегінде проблемелар көтерілуге тиіс екендігі т.б. шешеді.
Мемлекеттік радиолар мемелекеттік бюджеттен қаржыландырылады.
Сондықтан да, мемлекет жүргізіп отырған саясатқа, идеологияға қарсы пікір
білдіретін материалдар жазуы орынсыз жай. Халықсыз үкімет болмайды.
Үкіметкіз халық болмайды. Сондықтан, бір-біріне тәуелді осы екі алыптың
арасындағы дәнекер – ақпарат құралдары. Халқының қамын, болашағын, ұрпағын
ойлаушы мемлекеттің идеологиясын насихаттау, әрине, ақпарат құралдарының
маңызды міндеті. Үкімет басындағы басқаратындар – адамдар. Ал, адам болған
соң, әрине, кемшіліктер болады. Осындай кемшіліктерді дер кезінде
көрсетуге, халық атынан айтуға ақпарат құралы міндетті. Қай патшаның
тұсында да сындар айтылып, кемшіліктері көрсетілген. Халқымыз сөзді
қадірлеп, “сөзге жығылған”. “Бас кеспек ьолса да, тіл кеспек жоқ” деген
принцип ұстаған халықтың журналистикасы әрдайым биіктен көрінуге тиісті.
Радио – қай жерде жаңалық болып жатқанымен таныстырып қана қоймайды,
үлкен тәрбие мектебі бола отырып, еліміздің тыныс-тіршілігінен, тарихынан,
мәдениет, әдебиетінен хабардар ететін хабарларды сағат сайын, минут сайын,
кеңістікке өткізіп жататын алып өндіріс. Бірнеше арна бойынша хабарлар
беру, үздіксіз сөтке уақытын толтыру – тоқтаусыз айналып жатқан алып
доңғалақ тәрізді. Бір-біріне ұқсамайтын, өзіндік үндері, өзіндік тіл-
стильдері бар хабарлар зымырап жатқан заман үрдісінен, уақыт тынысынан бір
сәт те қалысар емес. Ол хабарларды дайындап, эфирге шығарып отырған үлкен
ұжым – Қазақ радиосының қызметкерлері, елді мекендердегі, шетелдердегі
меншікті тілшілер, пікірін білдіріп, үндесіп отырған тыңдарман халық.

Ақпарат таратудың спутниктік жүйесі

1931 жылдың 4 мамырынан бастап жүйелі түрде қазақ және орыс
тілдерінде хабар беріле бастаған қазақ радиосы өмірге мықтап орнықты.
Ауылды жерлерде, елді мекендерге жаппай репродукторлар қою 30-жылдардан
басталды. 1933 жылдың аяғында 68,2 процент елді мекен радиоландырылды. 1980
жылдары хабар таратудың орта сөткелік мөлшері 67 сағат болды. Осы уақытқа
дейін мемлекеттік радио 4 республикалық бағдарлама бойынша хабар берді. 19
облыс орталығында, 8 қалалық, 16 аудандық студиялар жұмыс істейді. Ал,
барлық аудандарда аптасына 15-20 минуттық хабар беретін орындар бар. Елді
мекендердің қазіргі кезеңде 89 проценті радиомен қамтылған. Бірнеше арна
бойынша саяси-публицистикалық “Қоғамдық-саяси хабарлар редакциясы” жұмыс
істеп, екінші арна бойынша ұлттық-мәдени, ақпаратты-музыкалық “Шалқар”
бағдарламасы хабар береді.Үшінші каналда қысқа толқында стерео-музыкалы
хабарлар, ал төртінші арнадан шетел хабарлар беріледі. Жалпы хабар беру
сөткесіне 81 сағат, хабарлар негізінен 6 тілде: қазақша, орысша, немісше,
ұйғырша, корейше, татарша жүргізіледі. Болашықта ағылшын, түрік
тілдеріндегі хабарлар қосылмақ.
1992 жылы ең алғашқы коммерциялық радиостудиялар – “Радиомаксимум”
және “Бит 16 ” ашылған болатын. Сонан кейін “Тотем”, “Рик”, “31-канал”,
“Европа+Қазақстан” т.б. көптеген радиостудиялар ашылды. Бұл радиостудиялар
шетелдік радиостудиялардың тәсілімен жұмыс істейді. Музыка және қысқа
хабар, жылдам темп және актуальді, жедел фактімен комментарийсіз хабар.
Музыкасы көбінесе шетелдік, батыстық болып келеді. Қалалық “Бит 16”
негізінен жасөспірімдерге бағытталған, соңғы алдыңғылардың қатарында
халықаралық “Интерспутник”, “Инфоркосмос”, “Интелсат” сияқты спутниктік
ұйымдардың құрамына кірді. Қазақстан 1994ж. “Интелсатқа” ресми түрде кірді,
оған дейін “Интерспутниктің” мүшесі болатын. Қазір Қазақстанда “Жарық” –
“Свет” деп аталатын космостық жүйе жұмыс істейді. 1990 жылдың аяғында бұл
жүйенің іске қосылуы бүкіл ауылды жерлерді теледидармен қамтамасыз етуге
мүмкіндік жасады. Қазақ-түрік халықтары бірлескен “ТаңпаласТВ”, италия-
қазақбіріккен “Тотем” каналдары жұмыс істеген болатын. Республикада хабар
таратудың спутниктік, кабельдік, кассеталық, кодтық түрлері дамып келе
жатыр. Республикада бұрынғы ТАСС-тың салалары, аса күшті, қуатты “Дана-
пресс”, “Азия-пресс”сияқты агенттіктерінің жұмыс істеуі, Қазақстандағы
коммуникацияның дамып, өсіп отырғандығының куәсі.
Қазақстан Республикасының территориясында 67 аса қуатты, 844 аз
қуатты қабылдағыштар жұмыс істейді. Пайдалануға берілген “Жарық-Свет”
спутниктік жүйе Қытай, Моңғолия, Түркиядағы қазақ диаспорасына бағытталған
хабарлар таратуға мүмкіндік жасап отыр.
Қазақстанда қазір хабар таратудың үш түрі пайда болды: мемлекеттік,
аралас және жекеменшік. Бұлар жекеменшік, коммерциялық болғандарымен салық
төлемі, лийензия, шетелдерден хабар алу, кредит жүйесінде тәуелді болып
табылады. Бірақ, ол арналардың көпшілігі қаржы мәселесіне байланысты
жайларды табысты шеше алып, социологиялық зерттеулерде алдыңғы орындарға
ұмтылып жүр. Тікелей эфирден хабар жүргізуде, көкейтесті халықтық
мәселелерге батыл бара білуде, халықтың әлеуметтік жағдайларына байланысты
проблема көтеруде өзіндік үндері бар, шығармашылық топтары эфир арқылы
әжептәуір танымал болып қалған арналар. “Шаһар”, “НС” жәнеде т.б.сияқты
арналар да ашылғанына көп уақыт болмаса да өзіндік сүрлеу, өзіндік із
қалдырып, көпшілікке ұнай бастаған ұжымдар. Ақпарапттық рынокке шығарумен
айналысып жүрген ” Тау ” студиясының да хабарлары жиі беріліп жүрген
еді.Бірақ, осы аталған комерциялық, жекеменшік радиолардың барлығының
хабарлары орыс тілдерінде жүргізіледі.Жыл саынғы өткізіетін тендор
қорытындысы бойынша біраз комерциялық арналар жилікке ие бола алмай
қалады.Оның өзіндік себептері бар; бағдарламаларының саяздығы, жергілікті
жергілікті ұлт тілінде хабар жүргізілмеуі т.б. Тендор шарты боынша
Қазақстан территориясынан хабар беретін арналар өз эфирлік материалдарының
50%- ін қазақша жүргіуі қажет. Мұның өі орынды қойылып отырған шарт
болғанымен, орындалуы аса жоғары нәтиже бере алмауда.

Хабардағы режиссер қызметі

Радиожурналистиканың негізгі өнімі, шығармашылық жемісі – үнтаспаға
жазылған материалдар. Ал, таспадағы хабарлар негізі – сөз. Адамзаттың
тарихы сөзбен сомдалады, адамзат тағлымы сөзбен көрінеді. Қоғамды құрайтын
адамдар болса, олардың асылы да масылы да бірауыз сөзбен танылады. Осы
орайда радиожурналистер міндетінің жауапты да қасиеті екені айқындалады.
Ғылыми тұжырымдамаға сүйенсек, радиожурналистиканың ақпарат тарату, білім
беру яки насихат жүргізу, ойын-сауық бағдарламалары арқылы эстетикалық
тағылым беру сияқты міндеттері айқындалады.
Радиотуынды журналисттік мәтіннен және музыкадан құралады.
Тыңдаушының қабілетін әспеттеу, солардың сұранысына орай хабарлар жасау
арқылы аудиорейтинг жинау журналисттің міндеті болса, оны көркемдеп,
әсірілеп жеткізу дикторға жүктеледі немесе әртістер шақырылады. Тыңдаушы
адаммен емес, сөзбен бетпе-бет келеді. Телевизиялық хабарларда сюжет
негізгі рөл атқарады да, сөз қосымша міндет өтейді. Ал, радиода бүкіл
әрект, құбылыс, оқиға сөзбен өріп, тыңдарманың көз алдына бүкіл көрініс тек
баяндаумен елестіледі. Міне, сондықтан да радиожурналисттердің шеберлігіне
қосымша режиссураны қажет болғандығы осыдан келіп шығады.
”Таспаға жазылған материалдың басты компоненттері – дауыс, оқиғаның
дыбыстық бейнесі, музыка, шу, т.б. көркемдік элнменттерді біріктіріп,
үйлестіріп отыратын бірден-бір маман - режиссер “. Ол сценарлық жобадағы
хабардың мазмұнына, мәніне, стиліне, пішініне, жанрына тағы да басқа
ерекшеліктеріне қарай отырып, көркемдеу тәсіліндерін іздестіреді. Алдымен
қажетті дауысқа көңіл бөлінеді, сонан соң тыңдарманға берілетін эмоциялық,
психологиялық, тәрбиелік т.б. бағыттар ерекшеленеді. Қажетті интонация
айқындалады, яғни дауыс ырғағы таңдалынады. Дауыс ырғағының өзі дауыс түрі
\тон\, дауыс екпіні \темп\, дауыс бояуы \тембр\, дауыс үзілісі \пауза\
сияқты қасиеттерге таратылады. Магниттік таспадағы жазудың сапасын
қадағалау оператордың жұмысы болса, оның қандай мәнде жазылғанын, оны қалай
эфирге беру керектігін бақылаушы – режиссер. Хабардың ашылуынан бастап
соңына дейінгі әр сәтке көңіл бөле отырырп, әуезді әуенмен көмкеру де
режиссердің талғам биіктігіне байланысты. Хабардың сәтті болып шығуын,
тыңдарманның жүрегіне жол табуын режиссер техникалық және шығармашылық
топпен тығыз байланыста жұмыс істей отырып қадағалайды. Міне, осындай
ерекшеліктерден кейін жобамен жұмыс басталады. Режиссерлік қызмет
қаншалықты қиын болса да, елеусіз қалып жатады. Эфирлік өнім әуе
толқынынан өткен соң ” хабардың режиссеры – бәленбай “ деген бір ауыз
сөзбен тиянақтала салады, ал атқарылған істің жауапкершілігі, ауқымдылығы
өте үлкен екендігі байқала бермейді.
Режиссура – барлық өнерді тоғыстыратын күрделі тетік. Ол ән, би, саз,
әртістік, т.б. секілді өнердің барлық түрлеріне жүйе-жүйесімен бағыт
сілтеп, бағдар беріп отырады. Бір-біріне лайықты, бірақ әртүрлі дүниелерді
жинақтап, бір тұтас әлем жасайды. Ал, радиодағы режиссура тіпті маңызды рөл
атқарады. Радио режиссеріне қажетті алғы шартттарға келетін болсақ:
• қиялға бай, яғни фантазиясы мықты болуы шарт;
• білмді, білікті, өресі жан-жақты болғаны абзал;
• өмір құбылыстарының кез-келген саласынан хабардар болуы керек;
• тіл білімін, грамматикалық заңдылықтарды білуі қажет;
• музыкалық қабілетінің, білімінің болғаны жөн;
адам психологиясының қыр-сырын жетік білуі жде керек \ хабар қандай ортаға
арналған және тыңдармандардың психологиялық ерекшеліктері қандай деген
сауалдардың айналасында.
Мұндай қасиеттерді талап етудегі басты себеп – режиссер өз қызметі
барысында әр түрлі мазмұндағы хабарларды жасаумен шұғылданады. Тіпті,
қарапайым информацияның өзі тыңдаушысына жан-жақты сферада әсер етпейтін
болса, онда журналист еңбегінің еш кеткендігі. Режиссер тарапынан хабардың
әрқайсысын қандай дауыс екпінімен, қай интонацияда оқу керектігі жөнінде
дикторға немесе жүргізушіге бағдар беріледі. Бағдарламаның немесе хабардың
көтеретін салмағына қарай музыкамен, роликтермен көркемдеу де,
жарнамаларды ретіне қарай орналастыру да режиссердің маңызды міндетттері.
Сценарлық жоба қаншалықты жақсы болсын, ол мәтіннің мағынасына сай
дикциясымен оқылып, мазмұнды байыта түсетін әндермен, музыкамен,
роликтармен әрленбесе, онда хабар әсерлі болып шықпайды. Егер режиссура –
радиохабардың құрамдас, маңызды бөлігі болып табылса, мәтін – хабардың
негізі, тірегі, ал көркемдік элементтер оның жан бітіруші, бітімін
білдіруші факторлары болып табылады. Міне, осындай ерекшеліктерді
үйлестіріп, ұжымдастырып, бүтін бір дүние етіп эфирге шығарып отыратын
адамдар – режиссерлер.
Белгілі қаламгер, көрнекті қайраткер Жүсіпбек Аймауылұлының:”Адам -
өзінің ыңғайымен, еркімен қызмет ететін зат. Кіші іштен туғаннан-ақ өнерге,

қызметке икем болып туады, басқаша айтқанда бір нәрсеге талап, ыңғай,
қабылет яки зеректік болады. Біреу бала оқытуға, біреу етік тігуге, біреу
әкім болуға, біреу мал бағуға, біреу әскерлікке, біреу саудаға, біреу
сөзге, біреу дауға ыңғайланып жаралады. Кім де кім өзіне біткен ыңғайына
қарай өз жолымен жүріп, қызмет етсе, өз басына да, әлеуметкеде үлкен пайда
әкелмек ”, -деген пікіріне сүйенсек, режиссерлық қызметте шынымен өз
мамандығын сүйетіндер ғана жұмыс істей алмақ. Өйткені, қиындығы өз алдына,
көбіне ерен еңбектері еленбей жататын қызметке тек сүйіспеншілікпен келу
талап етіледі.
Радиодағы хабарлар жанры жағынан әртүрлі болған сайын режиссер еңбегі
де күрделіне түседі. Бұрынырақтарда радиода жиі кездесетін радиокомпозиция,
радиоочерк, радиофельетон, т.б. сияқты жанрлардың, көркем әдеби
хабарлардың, радиодраматургияның азайып кеткендігі радиорежиссерлер жұмысын
бір жақты, бір сарынды бағытқа ауыстырып жібергендей. Сондықтан да, қазіргі
кезде жиі кездесетін радиосұхбат, радиоәңгіме сияқты жанрлардың өзін
құбылтып әсерлеп беру, тіпіті қарапайым информацияның ” жан бітіру ” де
режиссердің еншісіне тиеді. Бұл ретте олардан адам жанының психологиясын
мәңгеру қажеттігі талап етіледі және хабар жазу кезінде кездесетін әртүрлі
кездейсоқтықтарға дайын болулары қажет. Өйткені, эфирлік өнімнің тағдарына
редактормен бірдей жауапкершілік талап етіледі.
Заман талабына орай қазіргі хабарлар алдын-ала таспаға жазылмай,
тікелей эфир арқылы тарап жатады. Әуе толқынына шығып алып, уақыт тлотыру
мақсатымен не болса соны сөйлеу тенденциясы радиохабарлардың құнын түсіріп,
көркемдігін азайтып, эстетикалық талғамға көлеңкесін түсіруде. Мұның өзі
режиссураны екінші орынға ығыстырып, аудитория мен электронды бұқаралық
ақпарат құралдарының арасын алшақтатып отыр. Сондықтан, тікелей эфирді өз
орнына лайықты пайдаланып, қажетіне қарай қолданылғаны жөн. Сөйтіп, аузына
түскен сөзді қолданып, әуе толқынын ластап жүргендерге тосқауыл қойылып,
радионың тәрбиелік функциясын арттыратын, қоғамға пайдасы тиетін таспалық
материалдар дайындалуы қажет. Соның бірін мысалға алсақ, киноға, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда радиохабар тарату ісінің тарихы
Шетел журналистикасы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНТЕРНЕТ ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ АКПАРАТТЫҚ КЕҢІСТІКТЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
Журналистика пәнінен дәрістер
Қазіргі Қазақ радиосы
Чехословакия мен Чехия
Радионың бұқаралық ақпарат құралдары жүйесінде алатын орны
МЕДИАБІЛІМДІ АРТТЫРУДАҒЫ КІТАПТЫҢ РӨЛІ
Радио және интернет: байланысы; ара салмағы; артықшылықтары мен кемшіліктері
Қазақ радиосы мен Эхо Москвы радиостанцияларында таратылатын ақпарат көзінің форматын зерттеу
Пәндер