Поливинилхлорид

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

Кіріспе

  1. Поливинилхлорид
  2. Суспензиялы ПВХ
  3. Эмульсиялы ПВХ

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Поливинилхлорид (ПВХ) - винилхлоридті, хлоралмастырғыш этиленді полимерлеу арқылы алынған термопластикалық материал. Әлемдік өнеркәсіпте шығарылатын полимерлі өнімдердің арасындағы алдыңғы қатарлы орынға ие. Аталмыш полимердің негізінде тұрмыста әр түрлі мақсаттарда пайдаланылатын және жыл сайын жаңа салаларда қолданысын тапқан 3000-нан астам материал түрлері мен өнімдер алынады.

Ең алғаш хлорлы винил 1935 жылы Реньо қаласында дихлорэтанның сілтілі спирт ерітіндісімен өңделуі арқылы алынған. Алайда бұл Либихтың бұрынғы жұмыстарының қайталамасы деген пікір де бар. 1912 жылы өнеркәсіпте полимерді алу мақсатында винил-галогенидті пайдалануға тұңғыш патент берілген болатын. Дегенмен ПВХ тек 1935 жылы тауар өніміне айналды. Полимерді қайта өңдеу айрықша тәсілдерді және оның негізіндегі материалдар мен өнімдерді қалыпты ортада ұзақ мерзімдік пайдаланумен байланысты қиындықтардың алдын алуды талап етті. ПВХ-мен жұмыс істеу барысында туындайтын негізгі мәселенің бірі оның макромолекулаларының тұрақсыздығы болып табылады.

Қайта өңдеу, сақтау және пайдалану барысында полимер көптеген химиялық, биологиялық әрі физикалық факторлардың әсеріне тап болады: жылу, жарық, оттек, озон, ылғал, агрессивті химиялық және биохимиялық агенттер, полимердің физикалық, химиялық қасиеттерін өзгертуі мүмкін, толығымен пайдалы қасиеттерін жойып, бұзылуына әкеп соғатын механикалық салмақ, т. б.

Қалай дегенмен де өндірістегі полимердің экономикалық тиімділігі өте жоғары, өйткені ПВХ-ның әр түрлі салада қолданылуы және шикізат көзі ретінде арзандығына қарамастан, физикалық-химиялық қасиетінің мықтылығы оның көптеген мемлекетте кеңінен пайдаланылуына әкелді.

ПВХ-дан материал немесе өнім жасап шығару барысында полимерді оған ерекше қасиет беретін пластификатор, стабилизатор, лубрикант (майлау), толтырғыш, бояғыш заттар сияқты түрлі ингридиенттермен ұштастырады.

ПВХ-дан пластификацияланған (жұмсақ және жартылай қатты) және пластификацияланбаған (қатты) өнімдерді алуға болады.

Суспензиядағы поливинилхлоридтің өндірісі

ПВХ-ның басым бөлігі полимердің жоғары сапасын қамтамасыз ететін (салыстырмалы тар молекулярлы-массалық бөлу) және температуралық режимді дұрыс реттейтін (температура ауытқуы 0, 5°С-тан аспайды) суспензиялық тәсіл арқылы өндіріледі. Жылу реакциясын бұрып жіберу (91, 6 кДж/моль) сұйық ВХ гидрофилді қорғаушы каллоидтерде (суспензия стабилизаторы) дисперленетін дисперсиялық орта (су қалпында) арқылы жүзеге асады.

Суспензияланған ПВХ-ны жартылай үздіксіз схема арқылы алады: полимерлеу сатысы - периодты үрдіс, кейінгі операциялар тоқтаусыз жүргізіледі. Инициаторлар ретінде мономердегі ерігіш динитрил азобисизомай кышкылы, лаурил пероксиді, карбонат пероксидтері, т. б. қолданылады. Кейбір карбонат пероксидтері ВХ-ның полимерленуін 2-3 есе тездетеді. Ең нәтижелі әдіс - инициаторлар қоспасын пайдалану. Стабилизатор ретінде метилцеллюлоза, винил спиртінің сополимері мен винилацетат, т. б. қызмет етеді. Құрамында 26-32 % метоксил тобы бар суда ерігіш метилцеллюлоза өзге стабилизаторлармен салыстырғанда мономер тамшыларын төмен концентрациядағы біріктіруден нық қорғайды. ВХ полимерлеу барысында рН мәнін тұрақты қамтамасыз ету үшін жүйеге аралық коспаларды енгізеді (суда ерігіш карбонаттар немесе фосфаттар) .

Реакция температурасы ПВХ-ның молекулярлы массасын, макромолекулалардың тармақтану деңгейін және полимердің термотұрақтылығын анықтайды. Белгілі бір деңгейде өнімнің қасиеттеріне сонымен қатар жүктеме рецептурасы да әсер етеді (су мен мономердің массалық қатынасы), конверсия деңгейі мен өзге факторлар.

Полимер ұнтағының бөліктерінің мөлшері (600 мкм-ге дейін, әдетте 75-150 мкм) қолданылатын стабилизатор түріне, оның мөлшеріне және араластыру қарқындылығына тәуелді болып келеді.

Суспензиядағы ПВХ-ны өндірудің технологиялық үрдісі келесі сатылардан тұрады: ВХ полимерлеу, суспензияны суыту және сығу, полимер ұнтағын құрғату (1-сурет) .

1-сурет

Поливинилхлоридті суспензияда өндіру схемасы: 1 - реактор; 2 - дейондалған су сыйымдылығы; 3 - стабилизатор ерітіндісінің сыйымдылығы; 4 - фильтр; 5 - инициатор ерітіндісінің салмақтық өлшемі; 6 - винилхлорид жинағы; 7 - орталық жинақ; 8 - центрифуга; 9 - құрғатқыш; 10 - бункер; 11 - ұнтақ шашатын торап.

Эмульсиядағы поливинилхлоридтің өндірілуі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Поливинилхлоридті алу технологиясы
Линолеум өндірісі
Поливинилхлоридті талшығының құрамы мен құрылысы
Табиғи, жасанды және синтетикалық ЖМҚ алу тәсілдері
Пластмассалар және олардың жіктелуі, құрамы, негізгі қасиеттері және қолдану аймағы. Поливинилхлориды.Полистирол
Жоғары молекулалық қосылыстардың тарихы
Полимерлерді өңдеу технологиясы
ЖМҚ немесе полимерлер
Линолеум және поливинилхлоридті тақтайшалар
Жоғары молекулалық қосылыстар
Пәндер

Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz