Қазақстан Республикасындағы саяси партияларға түсінік


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекттік университеті
Құқықтық пәндер кафедрасы
РЕФЕРАТ
САЯСИ ПАРТИЯЛАР
Орындаған: 08101 топ студенті:Боранғалиев Б. Ә
Тексерген: Муттайырова Т. М.
Орал - 2011 ж.
Жоспар:
I. Кіріспе бөлім.
Саяси партиялар туралы
II. Негізгі бөлім.
а) ҚР-дағы саяси партиялардың қазіргі жағдайы
ә) ҚР-дағы саяси партиялар жүйесі
б) ҚР-ның саяси партиялар туралы заңы
III. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Саяси партиялар туралы
«Саяси партиялары туралы» ҚР Заңында саяси партиялар үғымы беріледі. Саяси партиялар деп - ҚР азаматтарыньң мемлекеттік билікті жүзеге асыруда олардын саяси еркін білдіріп, жариялауға өздерінің өкілдерін катыстыру аркылы ықпал ететін ерікті түрдегі бірігуі танылады. Саяси партиялар коғамнын, саяси өміріне катысу, азаматтардын саяси еркін калыптастырып, жүзеге асыруға және занда көзделген тәртіппен мемлекеттік билік органдарын қалыптастыруға катысу үшін кұрылады.
Әр түрлі саяси партиялардың пайда болуы, олардың коғамдағы рөлінің өсуі, олардың қызметінің нысандары мен әдістерінің күрделіленуі олардың қүқықтық институтқа айналуына алып келеді. Қазақстан Республикасында саяси партиялардың институционалдануы өзара байланысты екі бағытта: Конституцияға негізгі қағидаларын, олардың мәртебесін енгізу арқылы және саяси партиялар туралы арнаулы зандарды қалыптастыру жолымен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 5-бабы саяси партиялардың негізгі қағидаларына арналған.
- Идеологиялық және саяси әралуандылық тану әртүрлі идеологияға негізделген әр түрлі саяси партиялардың пайда болуыүшін конституциялық негіздердін жасалғандығын білдіреді. Сөйтіп, өздерінің қызметін өз идеологиясына негіздейтін саясипартиялар конституциялық түрғыдан заңды болып табылады.
- Саяси партиялар дербес саяси партиялар болып танылады. Басқаша айтқанда, саяси партиялар мемлекеттік органдарғакосылып кетпейді, олар мемлекеттік органдардан тәуелсіз жұмысістейді. Осы конституциялық қағиданың айрықша маңызды мәнібар және ол мемлекеттік партияға айналып, сол арқылы мемле-кеттің түбіне жеткен Кеңес Одағы Коммунистік партиясыныңтарихи теріс тәжірибесінен алынған тағылым іспеттес. Мемле-кет пен саяси партиялардың қосылып кетуіне жол бермеу үшінКонституция мемлекеттік органдарда саяси партиялар ұйымда-рын құруға тыйым салады.
- Конституция барлық саяси партиялардың заң алдындатеңдігін белгілейді. Бұл бірде-бір партияға ерекше жағдай тудырылмайтынын, артықшылықтар берілмейтінін білдіреді. Көпұлтты мемлекет жағдайында саяси партиялар мен ұйымдар этникалық принцип бойынша құрыла алмайды, ол Конституцияғақайшы келмейді. Мұндай мән-жай басқа партиялардың алдын-да қайсыбір артықшылықтар берілуі туралы талаптар қоюғанегіздеме бола алады. Барлық саяси партиялар да Конституция-ны, саяси партиялар туралы тиісті зандарды бірдей сақтауы тиіс.
- Конституция мемлекеттік саяси партиялардың ісіне заң-сыз араласуға тыйым салады. Саяси партиялардың Конституцияда, саяси партиялар туралы заңдарда көзделген және бекітілген мәртебесін бұзатындай әрекеттері мемлекеттің, оның органдарының заңсыз араласуы деп түсініледі. Егер олар Конституцияға, заңдарға сәйкес әрекет етсе, онда ол мемлекеттің саяси партиялардың ісіне заңсыз араласуы болып есептелмейді.
- Конституцияда саяси партияларға мемлекеттік органдарқызметін жүктеуге жол берілмейтіндігі белгіленген. КСРО-ның1977 жылғы Конституциясы қоғамның саяси жүйесінің, мемлекеттік ұйымдарының негізі Коммунистік партия деп таныды. КСРО Конституциясы Кеңес мемлекетінің ішкі және сыртқысаясатын Коммунистік партияның белгілейтінін орнықтырды. Бұл мемлекеттік органдар қызметінің Коммунистік партияғажүктелгенін білдіреді. Мемлекеттік органдар өздеріне жүктел-ген міндетті өздері атқарулары тиіс. Осы конституциялық идеяұдайы жүзеге асырылады.
- 2007 жылғы 21 мамырдағы Заң арқылы саяси тыйым салу жөніндегі норма алып тасталды. Саяси партиялар мен ұйымдар өздерінің қаржысымен, Қазақстан Республикасының азаматтары және занды түлғалары бөлгенқаржымен өмір сүре және қызмет ете алады. Қазақстанның саяси партиялары шетелдік заңды түлғалар мен азаматтардан, шетмемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан қаражат алмауы тиіс. Мұндай құқықтық норма саяси партиялардың қызметіне сырт-қы күштің ықпал ету мүмкіндігінің болмауын көздейді. Өйткенісаяси партиялардың негізгі қызметі мемлекеттің саясатына, қызметіне әсер етумен байланысты. Сондықтан Қазақстанныңсаяси партияларын шетелдік ұйымдар мен тұлғалардың, шетмемлекеттердің қаржыландыруы мемлекеттің егемендігіненұқсан келтіруі мүмкін.
7. Конституцияға сәйкес, конституциялық кұрылысты күштеп өзгертуге, Республиканың тұтастығын бұзуға, мемлекеттің кауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлтгық, діни, топтық-тектік және рулық алауыздықты қоздыруға бағытталған саяси партиялар кұруға және олардың қызметіне тыйым салынған. Аталған максаттар мен міндеттер саяси партиялардың, жарғыларында көрсетілуі тиіс. Әйтпесе, ондай саяси партиялар-ды мемлекет танымайды және олардың жарғысы тіркелмейді. Айталық, Қазақстан Коммунистік партиясы жарғысының жобасында мемлекеттік кұрылысты елеулі түрде өзгертуді, еңбекшілердің билігін, негізгі өндірістік жабдықтарға ерекше мемлекеттік меншік орнықтыруды көздеді. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мұндай жарғыны тіркеген жоқ. Қазақстан Коммунистік партиясы жарғысының жобасы қайта қаралып, Конституцияға сәйкес келтірілгеннен кейін ғана тіркелді. Егер саяси партиялардың қызметі Конституцияға кайшы келетін болса, онда ол заңда көзделген тәртіппен жауаптылыкқа тартылады.
Бұл орайда Казакстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың: « . . . Өздерін партиямыз деп санап, астана мешітінде бассыздыкқа барып, дін адамына кол көтеріп, кейбір халықтарды тұтасымен мемлекет аумағынан аластатуға шақырып жүрген әсіресе ұлтшыл топтарға немесе «мәдени дәстүрлерді калпына келтіреміз» дегенді, желеулетіп, қарулы топтар кұрып, Казақстаннан белініп кетуге ұмтылып жүргендерге тыйым салу демократияға жат бола ма? Меніңше, оның жауабын Қазақстан халкы, әлгіндей әулекіліктердің жолын кескен Конституцияны бірауыздан мақұлдай отырып, біржола жауап берді деп ойлаймын» дегенін айта кеткен жөн.
- Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, басқа мемлекеттердің саяси партияларының кызметіне жолберілмейді. Басқа мемлекеттердің саяси партияларының қызметіне жол бермеу Қазақстан Республикасының егемендігі ментәуелсіздігін қамтамасыз етуден туындайды.
- Қазақстан Республикасында діни негіздегі саяси партия-лардың қызметіне тыйым салынған. Аталған екіжақты мәнін түсінген жөн. 1. Діни көзқарасты бас-шылыққа алатын саяси партияларды кұруға болмайды. 2. Құрыл-ған және тіркелген саяси партиялардың өз қызметін діни идео-логияны басшылыққа алып жүргізуіне құқығы жоқ.
1
«Қазақстанның демократиялық таңдауы» ХП қоғамдык бірлестігі 2004
жылғы акпанда тіркелді. Осы бірлестік 2004 жылғы желтоқсанда өткен II
съезінде саяси мөлімдеме қабыдцап, онда өрекет етуші мемлекегтік билікті
халықка қарсы билік деп есептейтінін, және оны заиды деп есептемейтінін,
әкімдер мен соттардың шешімдерін мойындамайтынын мәлімдеді жене қоғам-
Ды азаматгық тұрғыда мойындамау акцияларын өткізуге шакырды. Мұндай
мәлімдеме ҚР Конституциясын, мемлекет зандарын өрескел бұзу, Республи-
каның ұлттық қауіпсіздігіне кауіп төндіру болып табылады. Прокуратураның
шағымы бойынша Алматы қаласының соты 2005 жылғы 6 қаңтарда «Қазақ-
станның демократиялық таңдауы» ХП-сын тарату туралы шешім шығарды.
Партияның барлық 16 филиалы таратылды жөне олардың бәрі тіркеуден алып
тасталды.
Діни негіздегі саяси партияларды кұру мен олардың кызметіне тыйым салу мемлекеттің зайырлық сипатынан және діни бірлестіктердің тек өз мүшелерінің ғана рухани сұранысын канағаттандырып, калың көпшіліктің (дінге сенбейтіндердің, басқа діндегілердің) мүдделерін камти алмайтындығынан туындайды.
Осыған орай, Конституцияда ұлттық (этникалық) негізде де саяси партиялар құруға тыйым салынғанын атап айтқан жөн. Көп ұлтты, көп конфессиялы Қазақстанда әртүрлі діндердің әлеуметтік өмірге әсерінен, оның ішінде олардың саяси идеологияға да тықпалануынан, «мұсылман», «христиан», «қазақ», «орыс» және т. б. үғымдар, қоғамдық санада тұтас алғанда қазақ халқының ортақ құндылық жүйесіне қарағанда, ең алдымен нақты конфессия, жекелеген ұлттар ұғымымен астарласа ұғынылады. Басқа жағдайларда ұлттық немесе діни белгілері бойынша құрылған саяси партиялар іс жүзінде тиісті ұлттық (этникалық) немесе діни топтардың құқықтарын қорғар еді. Ал бұл мұндай партиялардың қызметі қоғамды ынтымақтасуға емес, ьдыратуға, этникалық және діни кұндылықтардың және т. б. карама-қайшылығына әкеп соқтырар еді.
Сөйтіп, Қазакстан Республикасының Конституциясы саяси партиялардың күрылуы мен олардың қызметіне кен конститу-циялық негіз жасайды. Бір жағынан, саяси пікір алуандығын камтамасыз ету үшін кажетті конституциялык мүмкіндік ашылады, екінші жағынан, толык, демократиялык, өркениетті жолдармен азаматтардың құқықтары мен бостандыктары, мемле-кеттін егемендігі мен занды мүдделері корғалады.
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 2 шілдедегі «Саяси партиялар туралы» Заңы саяси партиялар кұрудың құқықтық негіздерін, олардың құқықтары мен міндеттерін, қызмет кепілдігін белгілейді, саяси партиялардың мемлекеттік органдармен және басқа ұйымдармен катынастарын реттейді.
Онда Казақстан Республикасынын саяси партиялар туралы зандары Конституцияға негізделетіні көрсетіледі. Тиісінше, са-яси партияларға катысты нормативтік күқықтық актілер Кон-ституция нормаларына, қағидаларына, принциптері мен идея-ларына сүйенуі тиіс. Осы талаптарды орындамау нормативтік күкыктық актілерді танудың Конституцияға кайшы келуіне әкеліп соқтырады.
Қазакстан Республикасының саяси партиялар туралы занда-ры Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы», «Коғамдық бірлестіктер туралы» Зандарынан, саяси партиялар-ға арналған немесе саяси партиялар туралы нормативтік қағида-лар енгізілген басқа да заңнамалык актілерінен түрады. «Заңна-малық актілерді» кең мағынада түсінген жөн. Аталған санатқа Парламент, Президент кабылдаған зандар, Президенттін заң күші бар жарлықтары сияқты, мемлекеттің жоғары органдары-нын, занға сәйкес актілері де жатады.
«Саяси партиялар туралы» ҚР Заны азаматгардың еркін бірігу жөніндегі конституциялык құқығын нақтайды. Азаматтардың заңға сәйкес саяси партияларға бірігу қүқығы мынадай жағдай-лардан түрады.
1. Қазақстан Республикасы азаматтарынын саяси партиялар-
ға еркін бірігуге қүқығы бар. Демек, азаматтар өз еркімен, кала-
уымен, өзінін саяси көзкарастары мен ұнатуларына қарай еркін,
ешкімнің еш жактан қысым көрсетуінсіз саяси партияларға кіре
алады. Бірігуге мүмкіндік күкығы, сонымен бірге саяси партия-
лар қатарынан еркін шығу қүқығын да білдіреді.
Занда кезделгендей, Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматы саяси партиялардың мүшесі бола алады. Шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың саяси партиялар-дың қатарына кіруіне, сондай-ақ үжымдык мүшелікке жол берілмейді. Әскери қызметкерлер, ұлтгык қауіпсіздік, құкык қорғау органдарының қызметкерлері және судьялар саяси пар-тиялардың мүшелігіне қабылданбауы тиіс. Олар қавдай да бол-сын саяси партияға колдау кәрсетпеуі тиіс. Егер Қазақстан Рес-публикасының Президенті саяси партиянын қатарында болса, өзінің өкілеттігін жүзеге асырған кезенде саяси партиядағы өз кызметін тоқтата тұрады.
2. Қазақстан Республикасының азаматы тек бір партияға ғана
мүше бола алады. Бұл қағида азаматгың саяси қүқығын шектеуді
біддірмейді. Мәселе мынада, әр саяси партия өз қызметін белгілі
бір вдеялык кезқараска сүйеніп жүргізеді, сол бір идеяға сүйен-
ген екі бірдей партия күрылмайды. Кейде партиялардың идея-
лық көзқарастары қарама-карсы да болуы мүмкін. Сондай-ақ
партиялардың міндеттері мен көзкарастары да ерекшеленеді.
Мүвдай жағдайда азамат өзінің саяси көзқарасын анықтап, бір
партияны калауы керек. Әр түрлі партияға бірдей мүше болу
олардың кызметін, партиялар арасындағы, партия мен мемлекет
арасындағы езара қарым-қатынасты күрделілендіріп жібереді.
- Саяси партияның мүшесі болу Қазакстан кұкыктары мен бостандыктарын шектеуге негіз бол-майды. Бұл саяси партияның мүшелікке кабылдау аркылы аза-матты қандай да болсын құкығы мен бостандығынан айыра не-месе шектей алмайтындығын білдіреді. Кез келген мемлекетгікорганның, кез келген мемлекеттік ұйымнын кдйсыбір партияғамүше болғаны үшін азамаггың күкығы мен бостандығын шек-теуге (жұмысқа, мемлекеттік қызметке қабылдаған кезде, арыз, талаптарын караған кезде және т. б) қүқығы жоқ. Кез келгенмемлекеттік емес үйым азаматтын кандай да болсын бір партияғамүше екендігін сылтау етіп азаматтын күкыктары мен бостан-дыктарын шектей алмайды. Демек, саяси партияға мүшелігінеқарамастан азамат барлык қүқыктар мен бостандықтарды пай-далана алады.
- Кез келген азамат өзінін кай партияға жататынын немесежатпайтынын кәрсетуге қүкылы. Бүл - мейлінше демократия-лык және гуманды құқықтык норма. Бір партияның үстемдігіжағдайында партиялылығы туралы көрсету міндеттелетін. Оныңпартия мүшесі үшін де, партиянын әзі үшін де мәні болды. Сөйтіп, азамат өзінің саяси ізгі сипатын керсету аркылы кызметібойынша жоғарылауға үміттенетін. Ал партия үшін бүл партия-лык номенклатураны қадыптастыру жөне катардағы мүшелерінпартиялық шараларға пайдалану үшін кажет бодды.
Заң мемлекет псн саяси партиялар арасындағы қатынасты белгілейді. Мемлекет саяси партиялардың күкыктары мен заң-ды мүдделерін сақтаудың кепілі қызметін аткарады.
Бүл, мемлекеттінтиісті органдары, еңалдымен күкыққорғау органдары саяси партиялардың қүкыктары мен занды мүдде-лерін корғауға тиіс деген сез. Мемлекет: үкіметтік (билік басын-дағы) бола ма немесе оппозициядағы партия бола ма, оған қара-мастан барлык. партияны корғауы тиіс. Өйткені барлык саяси партия заң алдында бірдей.
Заң Конституцияның мемлекеттің коғамдык бірлестіктердін және коғамдык бірлестіктердің мемлекет ісіне заңсыз араласу-ына жол берілмейтіндігі туралы кағидасын нактылай келе, мемлекеттің саяси партиялардын ісіне заңсыз араласпауы тура-лы немесе керісінше баяндайды. Лауазымына, кызмет жағдайьт-на карамастан барлык азаматгар саяси партияға кіруге күкыльт. Сонымен бірге заң мемлекеттік қызметкерлердің кейбір санат-тарына катысты белгілі бір шектеулер белгілейді. Парламенттін депутаттары, Үкімет мүшелері саяси партияларда ақылы лауа-
зымда болмауы тиіс. Мемлекеттік кызметшілер, тіпті саяси партиянын мүшесі болғанның өзінде, лауазымдық міндетін орындау кезінде заң тадаптарын басшылыкка алуы және саяси партиялардың және олардың органдарынын шешімдеріне катыс-пауы тиіс. Мүндай шектеулер азаматтарға жүктелген лауазым-ның ерекшелігіне байланысты. Парламент депутаттары, Үкімет мұшелері, баска да мемлекетгік қызметшілер қай партияға жа-татындығына қарамастан барлык азаматтарға немесе олардын көпшілігіне катысты кызметгі атқарады. Сондықтан осындай қызметшілер жалпы азаматтык мүдделерге нүксан келтіретіндей партиялык мүддеге басымдық бермеуі тиіс. Зандардын талапта-рьт мен партия шешімдерінің талаптары бетпе-бет келіп калған жағдайда мемлекеттік қызметшілер партияның еркінен жоғары түратын халыктын мемлекеттік еркін білдіретін зан талаптарын орындауытиіс.
«Саяси партиялар туралы» ҚР «Заңы саяси партиялардың күрылуы мен кызметін айкындайды. Саяси партиялар зан ал-дында бірдей. Олар әз мүшелерінің еріктілігі мен теңқүкылығы, есептесушілігі, жариялылык пен зандылык, өзін-өзі басқару және өзін-өзі қаржыландыру принципі негізінде күрьілады жәнс әрекет етеді. Бұл ереже саяси партиялардың менменсіп кетпеуіне, оларда бір-біріне тең келмейтін әр түрлі күштердің - номенку-латура мен теңсіздіктін, басшылардын айтканына көзсіз еретін, өзіндік кәзқарасы жоқ мүшелердін болмауына бағытталған.
Саяси партиялардьщ үйымдық қүрылымы аумақтық принцип бойынша күрылады. Ол партия үйымдары өндірістік принцип бойынша, яғни, кәсігюрындардын, ұйымдардың және мекеме-лердің жандарынан күрылмайтындығын білдіреді. Саяси партия-лардың аумақтық принцип бойынша күрылуын азаматтар күкы-ғынын, шектелуІ деп карастырмаған жән. Коммунистік партия басшылык жасайтын социалистік елдерден баска барлык мем-лекеттерде мүндай практика бар.
Саяси партияларды мемлекеттік органдарда қүруға жол берілмейді. Коғамдық үйымдардың мемлекеттік органдардың ісіне араласуына жол берілмейтіндігі туралы конституциялык кағида осы аркылы жүзеге асырылады. Егер мемлекеттік орган-дарда саяси партиялар күруға рүксат етілсе, онда ол олардың жұмысына іріткі салып, қызметін жүзеге асыруға кедергі келтірер еді.
Заң әскерилендірілген саяси партиялар күруға және олардың кьгзметіне, сондай-аксаяси әскери-лендірілген қүрамалар қүруға тыйым салады.
Заңның оку орындарының оку процесінде саяси партиялар-дың бағдарламалық, жарғылык талаптарын насихатгауға жол берілмейтіндігі туралы ереженің манызды мәні бар. Занда саяси партиялардын бағдарламасы мен жарғысын тек мемлекеттік оку орындарында ғана насихатгауға тыйым салынатындығы туралы айтылмайды. Әнгіме саяси партиялардын, бағдарламалык және жарғылық талаптарын мемлекеттік сияқты, барлык буындағы мемлекеттік емес оқу орындарында да насихаттауға жол берілмейтіндігі туралы болып отыр. Алайда, бұл саяси партия-лардың қызметін шектеу деген сөз емес. Оку проиесінде партия-лық насихатка жол бермеу арқылы заң алдын ала әр түрлі саяси партиялардьщ қызмет жағдайының әркелкі болу мүмкіндігінен сақтандырады.
Оқу орындарында әр түрлі партиялардың мүшелері білім алуы мүмкін ғой. Соған орай оқу процесінде бағдарламалық және жарғылық талаптарды насихаттау бекітілген оқу бағдарламасын және білім алу құқығын бұзады.
Заңда саяси партиялардың қызметі үшін кең өріс ашылған. Олар: өздерінің кызметі туралы ақпараттарды таратуға, өздерінің мақсаттары мен міндеттерін насихаттауға (тек оқу процесінде емес) ; еріктілік ңегізде қауымдастықтарға (одақтарға), сайлау блоктарына бірігуге; Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламенті МәжІлІсінің және Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттар ұсынуға; өз өкілдері арқылы Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттар ұсынуға; бұқаралық ақпарат кұралда-ры құрылтайшылығына; баспа қызметін жүзеге асыруға; жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, шерулер, бой көрсетулер өткізуге және басқаларына құқылы. 2007 жылғы 21 мамырдағы Заң саяси нормалардың мәртебесін көтерді.
ҚР-дағы саяси партиялардың қазіргі жағдайы .
Қазақстанның партиялық жүйесі қазіргі кезде өтпелі кезеңді бастан кешіріп отыр және бұл жаңа әлеуметтік топтардың, ең бастысы, бизнес-элитаның белсенділігінің нәтижесі екендігін білеміз. Басқаша айтқанда, кейбір «қысым көрсетуші» топтардың, мысалы «Ақ жол» ҚДП-ның жартылай өзгеруі айдан анық көрініп тұр. Саяси сала сапалылығы жағынан өзгеріп келеді деуге болады, және оған себеп тек жаңа ойыншылардың пайда болуы ғана емес, сонымен қатар ескі қатысушылардың да өзгеруі. Және бұл кәдімгі даму кезеңі, мұнда асығыс болмауы тиіс, алайда тежелудің де қажеті жоқ, өйткені бұл жалпы саяси жүйе үшін қауіпті. Тәуелсіз Қазақстанның партиялық жүйесі ондаған жылдар бойы қалыптасып келеді. Өткен ғасырдың 90-жылдарында республика шеңберінде көппартиялы саяси жүйе тәжірибе жүзінде қолданымда болған жоқ, өткен кеңес дәуірінің саясаты мен азаматтық қоғамның дамымағандығы әсер етті. Қазақстан Республикасының партиялық жүйесінде сапалық даму үрдісі 90-жылдардың екінші жартысында байқалды, бұл кезде кейбір әлеуметтік топтар өз мүдделерін жариялау және қорғау қажеттілігін сезініп партия атты саяси ұйымдарға бірлесе бастады. Партиялық құрылыстың алғашқы қадамдары дәл Алматы қаласында жүзеге асырылды, саяси өмірдің орталығы да дәл осында. Тіпті, Елорданы ауыстырғаннан соң да партиялық қызметтің белсенді орталығы мен саяси белсенді тұрғындардың басым бөлігі осы қалада қалды.
ҚР-дағы саяси партиялар жүйесі
«НҰР ОТАН» Халықтық-Демократиялық партиясы
Төрағасы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Төрағаның бірінші орынбасары - Бахытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов. «Отан» республикалық саяси партиясы 1999 жылдың қаңтарында құрылып, сол жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтті. Партия мүшелерінің саны 607 557 адамды құрайды. «Нұр Отан» партиясының бөлімшелері Қазақстанның барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында бар. Партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге; әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға; Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты мақсаттары етіп жариялады. Мәжілісте «Нұр Отан» парламенттік көпшілікке ие. 2007 жылы өткен Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Нұр Отан» 88, 41% дауыс иеленіп, Парламенттің төменгі палатасына партиядан 98 депутат сайланды. Партияның басты мақсаты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қайта өңдеу өнеркәсібін, жоғары технологиялық ғылыми өндірістерді дамыған деңгейге жеткізуге, әлеуметтік мәселелерді (зейнетақы көлемін ұлғайту, ең төменгі жалақы көлемін ұлғайту, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын арттыру) шешуге бағытталған реформалық саясатын ресми түрде қолдау болып табылады
Қазақстан коммунистік партиясы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz