Банкілік несиелеудің құқықтық негіздері.


Кіріспе
Нарықтық экономиканың қалыптасуы мен дамуы несиелік қаты-. настармен тікелей байланысты. Кез келген басқа да қатынастар секілді, несиелік қатыпастар да мемлекетте құқық арқылы реттеледі. Демек, қандай да бір мемлекеттің зандарының ерекшеліктеріне несиелік қатынастардың қызмет етуінің өзінді ерекшеліктері тәуелді болады. Қазақстан Республикасының казіргі заңдары үнемі дамып отыратын, өзіне жиі өзгеріске ұшырау тән нормалар жүйесі.
Заң шығарушылар қазіргі кезде қабылданып жатқан жаңа заңдарды, бұрын қабылданған заң актілеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістерді жақсылап, терең зерттеуі қажет. Себебі, күші бар заңдардың бір кемшілігі олардың тұрақсыздығы болып отыр. Заң актілерінің тұрактылығы мемлекеттегі саясаттың, соның ішінде, ақша-несие саясатының бағыттарын анықтауға негіз болар еді.
Қазіргі уақытта мәмлеге қатысушылардың банкир және кәсіпкер сияқты екі категориясымен шектелуге болмайды. Ссудалық капитал беруді казіргі кезде банктермен қатар әр түрлі мекемелер де іске асырады. Мысалы: қаржылық компаниялар, сақтандыру және зейнет қорлары және т. б.
Несие алушылардың құрамы да күрт өзгерген. Бұрынғы қызмет еткен кәсіпкерлерге банкілік емес несие - қаржылық мекемелер, тұрғындар, Үкімет, жергілікті билік органдары қосылды.
Несие-қаржылык мекеме қаншама әмбебап болғанымен олардың әрқайсысының қызметі оның қандай экономикалық саланы таңдағанына байланысты. Ол кіші бизнес, сыртқы экономикалық қызмет, жер учаскелерін кепілге беру, ірі инвестициялық жобалар және т. б. болуы мүмкін.
Осылайша, атаулы саладағы зерттеулердің актуальдылығы несиелік қатынастардың ерекшеліктерімен және республика заңдарының қалыптасуымен, сондай-ақ Қазақстанның ақша-несие саясатын жүргізудің өзіндік белгілермен сипатталады.
Несиелік қатынастар проблемасы әдебиеттерде көптен жазылуда.
Дегенмен, мемлекеттің заңдар негізі арқылы несиелік қатынастарды қалыптастыру жөніндегі сұрақтар нақты теориялық негіздерді қажет етеді.
Несиелік жүйенің нарық жағдайында қалыптасуы мен қызмет етуінің қиындықтары осы проблеманы одан әрі терең зерттеуді талап етеді.
Несиелік қатынастар теориясы экономикалық ғылымның тарландары - А. Смит, К. Маркс, Дж. Кэмпбэлл, Э. Рид, А. М. Поллард, Т. Рабзинский, П. Самуэльсон, М. Фридмен, П. Хейне, Л. Харрис және тағы да басқа шетелдік экономистердің еңбектерінде айтылған. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында несиелеу мәселесі туралы Р. Абдуллаев, А. В. АникинГ Н. Анулова, В. С. Волынский , Л. Н. Красавина, С. Жуков, О. И. Лаврушин, А. М. Максимова, О. М. Олейник, С. М. Вильянский. И. С. Гуревич, Е. А. Флейшиц, Д. А. Зинчук және, т. б. жазған болатын.
Қазақстанда қаржылық-банкілік жүйе сұрақтары В. К. Иришевтын, Г. Қожағановтың, М. С. Саниевтің, Т. Т. Төлебаевтың, Ц. Л. Фридманның және тағы да баска зерттеушілердің енбектерінде көрініс тапты.
Жоғарыда аталған зерттеу жұмыстарында банкілік жүйенің даму тарихының әр түрлі кезеңдеріндегі несиелік қатынастардың қалыптасу және даму процесіне талдау жасалған.
Атаулы проблеманы зерттеудің пәні несиелік қатынастар, олардың сипаты мен мақсаты, банкілік несиелеудің мәні, оның құкықтық табиғаты және банкілік несиені қайтаруды қамтамасыз етудің проблемалары, несиелік қатынастарды реттеудің жаңа жолдарын экономикалық теория және құқықтық ғылым тұрғысынан зерттеу, несиелік қатынастардың мәнінің дамуының теориялық-методологиялық және ғылыми-практикалық сұрақтарын, Қазақстан Республикасындағы несие жуйесінің дамуының басымдылығын қамтамасыз ету үшін банкілік несиелеудің құқыктық негіздерін зерттеу болып табылады.
Ғалым-экономистердің, заңгер-құқықтанушылардың және тәжірибелі қызметкерлердің алдында келесі міндеттер тұрды:
n несиелік қатынастардың эволюциялық, дамуының теориялық аспектілерін, несие рыногының даму тенденциясын талдау:
n несиелік саясатты, оны іске асыру құралдарын, экономикалық даму проблемаларын шешуде Қазақстан Республикасындағы несиелік қарым-қатынастардың ролі мен алатын орнын талдау;
n шаруашылық қатынастардың дамуының дүние жүзілік тәжірибесін зерттеу және Қазақстан Республикасы несиелік жүйесінің қалыптасу мүмкіндіктерін анықтау,
n несиелік заңдардың дамуын талдау;
n банкілік несиелеудің құқықтық табиғатын және банкілік несиелерді қамтамасыз етудің проблемаларын талдау.
Зерттеу жұмыстарының методологиялық және теориялық негізі экономикалық теория классиктерінің туындылары, қазіргі ғалым-экономистердің несие және несие саясатын жүргізу проблемалары жөніндегі еңбектері болып табылады.
1. Несиелік қатынастардың мәні
Нарықтық экономикада ақша саудалық капитал рыногына түсіп, несиелік-қаржылық мекемелерде шоғырланады, содан кейін экономиканың қосымша капиталы қажет ететін саласына орналастырылып, тиімді іске жіберіледі деген заңы бар. Бұрынғы Кеңестер Одағы шеңберінде жазылған әдебиеттерде несиенің мәні мен міндеттері туралы әр түрлі көзқарастар қалыптасқан.
Э. А. Вознесенскийдің пікірінше банкілік несие экономикалық категория бола отырып, қаржылармен салыстырғанда неғұрлым жеке тәртіпте болады және соңғылардың құрамына кіреді. Осы пікірді -А. Г. Зверев, Д. А. Алахвердян секілді галымдар да қолдайды.
Экономистердің келесі бір тобы несиені қаржылармен қатар қызмет атқаратын, жеке категория дейді. Мұндай пікірВ. С. Захаровтың, О. И. Лаврушиннің, М. А. Пессельдің, В. И. Рыбиннің, И. ВЛевчуктің еңбектерінде көрініс тапқан және толығымен марксизм -ленинизмнің зерттеулеріне сәйкес келеді.
Несиенің жеке экономикалық категория ретіндегі менің анықтау туралы сұрақ неғұрлым күрделі мәселелердің бірі болып табылады. В. С. Захаров және М. А. Пессельдің айтуынша, несие дегеніміз - қарызға берілген құнның қозғалысы. В. С. Захаров несиеге анықтама бергенде оны абстрактылы экономикалық категория ретінде сипаттайтын белгілерді ғана есепке алады. "Несие дегеніміз - уақытша пайдалануға берілетін құн жөніндегі қоғамдық қатынас" - дейді ол. Осы анықтамада өздерінің өндірісі мен товар айналымы бар барлық қоғамдық-экономикалық формацияларға тән жалпы белгілерге көңіл аударады .
М. А. Пессельдің пікірінше, несие шаруашылыққа тән экономикалық категория және онда мемлекет, шаруашылық ұйымдары немесе жеке тұлғалар біріне-бірі қайтарып беру шартымен уақытша пайдалануға құн бергенде пайда болатын өндірістік қатынастар көрініс табады. Жоғарыда келтірілген анықтамаларда несиенің неғүрлым маңызды жақтары айтылған: Біріншіден, оның қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және ақша қаражаттарын бөлуге қатыстылығы; екіншіден, қозғалыс формасы (товар немесе ақша) ; үшіншіден, қозғалыстың негізгі белгісі - қайта өндіру.
Несиенің мәнін талдау жөніндегі келесі бір методологиялық ой-тұжырымдар Г. А. Шварцтың, И. В. Левчуктің, О. И. Лаврушиннің, В. И. Рыбиннің және тағы да басқа авторлардың еңбектерінде айтылған.
Маркстің еңбектерін негізге ала отырып, мынадай қорытынды жасауға болады. Біріншіден, ссудалық капитал мен проценттің әлеуметтік-экономикалық табиғатын ашу қажет, екіншіден, проценттер әкелетін капиталды басқару банктің ақшамен сауда жасау және несиелік қатынастарды ұйымдастырумен байланысты қызметі ретінде жеке дараланады, үшіншіден, банкке келіп түсетін капиталдың алуан түрлі болады.
"Несие дегеніміз - ссудалық капиталдың мерзімділік, қайтарымдылық және ақылылық негізде іске асырылатын қозғалысы".
Несие экономикалық категория ретінде - ақша қаражаттарының жиынтығы емес, коғамдық қатынастардың белгілі бір түрі.
Өндірістік процеске несиелік -қатынас тараптарының біреуі -несиені өндіріс мақсатына пайдаланатын қарыз алушы ғана қатыса алады. Несиені берушінің товар өндірісіне ешқандай қатысы болмайды.
Несие ауыстыру сатысында пайда бола отырып, құнның үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ететін ссудалық мәмленің формасы ретінде болады.
Осы талаптарды жүзеге асырудың экономикалық шарттары өндірістік процестің өзінде. Құн қозғалысы несиенің қозғалысының түп тамыры болып табылады. Несие ссуда мәмлесі ретінде товар айналымын білдіреді.
"Ақша капиталисі" ссуда мәмлесі барысында құнды беретін, алайда кейін оны қайтарып алатын жалғыз ғана тұлға. Сауда кезінде тек бір тарап қана күн алады, бір ғана тарап құн береді
Профессор Г. А. Шварц: "банк пен оның аппараты ғана несие беруге және экономиканың пропорционалдығы міндеттерін орындауға бағытталғандығын естен шығармау керек" - деп жазады. Несиелік салымдардың тиімділігі туралы сұрақты талдай отырып, несиенің мерзімінде қайтарылуын ескеріп қана қоймай, несие қандай негіздер есебінен өтеліп жатқандығын және қаржының айналымының аяқталуы мен қаржыны қайтарудың байланыс деңгейін ашып отырған жөн.
Саудалық капиталды қалыптастырудың негізі айналымда жоқ уақытша босқалған ақша қаражаттары болып табылады. Уақытша бос ақша капиталдары несиелендіру арқылы қосымша ақша қаражатын қажет ететін шаруашылық салаларына жіберіледі.
Несие барлық уақытта белгілі бір шарттармен беріледі. Несиелеу шарттары дегеніміз - несиелік мәмленің пайда болуы және оны жүзеге асыру үшін қажетті қатынастардың жиынтығы.
Сол шарттардың ішінде маңызды екеуі бар. Біріншіден, несиелік мәмлеге қатысушылар ерікті болуы керек, яғни; атаулы субьектілер экономикалық байланыстардан туындайтын міндеттемелерді орындай алатындығына материалдық кепілдіқ беруі қажет.
Екіншіден, несиелік қатынасқа қатысушылар рынок заңдарынан басқа мемлекет заңдарын да сақтауға міндетті. Несиелеу туралы заңдарды орындамау тараптарды әр түрлі проблемаларға әкеліп соғады.
Көріп отырғанымыздай, несиелік қатынастардың дамуы экономикалық мүдделерге ғана емес, рынок заңдарына да тәуелді. Құқық несиелік қатынастарды реттеудің маңызды құралы болып табылады. Бірақ ол субьектілердің экономикалық мүдделерін қорғау құралы ретінде көрінетіндігін де ұмытпаған дұрыс.
Несие беруші мен қарыз алушының мүдделері сәйкес келгенде ғана қажетті болады. Тараптардың біреуі ақша қаражатын несиеге беруге, ал екіншісі сол несиені алуға мүдделі болуы керек. Алайда мәмлеге қатысушылардың мүдделері уақыт және кеңістік бойынша ғана емес, сонымен қатар, сапасы жағынан да сәйкес келгенде, яғни, несие жөнінде қандай-да бір экономикалық операция емес, өзара келісім болғанда несиелік қатынас шындыққа айналады.
Несиелік қатынастың субьектілері ретінде қайта өндіру процесіне қатысушы әр түрлі тұлғалар бола алады. Екіжақты қатынастар мемлекет пен шаруашылық субьектісі, тұрғындар мен мемлекет, шаруашылық субъектісі мен тұрғындар, жеке тұлғалар арасында болуы мүмкін. Несиелік қатынастар, субьектілеріне қарай, мемлекеттік немесе жеке меншік негізде жүзеге асырылады.
Ссудалық капиталдың қайнар көздерін талдау жеке экономикалық категория ретіндегі несиенің мәнін анықтауға негіз болады.
Маркстың айтуынша, "Банктердің ссудалық капиталы ақша ұста-ушылардың салымдарынан құралады және салым салушылар банктерге өздері берген ақшаны несиеге беруге құқық береді . . . Өздігінше қызмет ете алмайтын ұсақ мөлшердегі ақша қаржылары бірігіп, көп мөлшердегі ақша капиталын құрайды".
Қазіргі уақытта банктер несиені тек өзінің қаражатынан ғана емес, шоттарда сақталатын, тартылған ақша қаражатынан, сондай-ақ, акциялар мен облигацияларды орналастыру арқылы шоғырландырылған ақша қаражаттары есебінен де бере алады.
Несиелік қатынастарға бүгінгі күні мемлекеттік банкілік істің монополиясы жүргізілмейді. Бірақ, еліміздегі банктердің қызметіне бақылау жүргізу үшін мемлекеттің құрал-саймаңдарының жеткілікті екендігін ұмытпаған жөн.
Уақытша бос ақша қаражаттарын -шоғырландыру және мерзімділік, ақылылық, қайтарылу шартымен қайта бөлу жөнінде несие беруші мен қарыз алушының арасындағы болатын экономикалық қатынастар несиелік қатынастар деп аталады.
Несие беруші мен қарыз алушының арасындағы қарым-қатынас қарама-кайшылықтардың бірлігі сипатына ие.
Бір жағынан алып қарасақ, тараптардың ортақ мүддесі бар - мәмле жасау, екінші жағынан - тараптардың әрқайсысының жағдайының ерекшелігі осы ортақ мүддені қарама-қарсы екі жаққа тартады. Қарыз алушы неғұрлым арзан несие алғысы келеді, ал, несие беруші - неғұрлым жоғары ссудалық процентті қалайды.
Несие беруші мен қарыз алушыдан басқа несиелік қатынастардың, құрылымының элементі несие обьектісі болып табылады, яғни, несие берушіден қарыз алушыға ауысатын және керісінше, қарыз алушыдан несие берушіге қайтып тапсырылатын ақша қаражаты.
"Несиенің арқасында уақытша тоқтап қалған ақша қаражаты өндіріске және айналымға пайдалану үшін несие қажеттілігі бар тұлғаға ауысады.
Несиелік қатынастар өндірістік қорлардың үздіксіз айналымын қамтамасыз етеді, олардың қозғалысындағы үзілістерді жояды және нәтижесінде, өндірістік процесті жылдамдатады.
&. 2. Заң және банкілік несие.
Несиелік қатынастардың бір ерекшелігі - несиелік қатынастарды реттеуге бағытталған заңдардың нормаларының әр түрлі құқық салаларында болуында.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында банкілік несиелеудің маңызы зор және оны кеңінен қолдану несиелік қатынастарды нақты құқықтық реттеуді талап етеді. Осы кезге дейінгі қалыптасқан құқықтық реттеудің жай-күйін бағалау үшін, оны пайдаланудың мүмкіндігі мен жолдарын ашу үшін күші бар нормативтік актілердің иерархиясы мен келісім тәртібін көрсетуміз қажет.
Банкілік несиелеуге қолданылатын нормалардан тұратын негізгі заң актілері: 1994 жылы 24-желтоқсанда шыққан Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің Жалпы бөлімі, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 31-тамызда қабылдаған "Қазақстан Республикасындағы банктер және банкілік қызмет туралы", 1995 жылы 30-наурызда қабылдаған "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" заң күші бар Жарлықтары болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің Ерекше бөліміне деген қажеттілік байқалуда. Оны қабылдау Кеңестер Одағының ескіріп қалған Азаматтық заңдар негіздерін қолданудан туындап отырған проблемаларды шешуге мүмкіндік берер еді.
Нақты несиелік қатынастардың ерекшеліктеріне қарай басқа да заң актілерінің нормалары қолданылады. Мысалы: несиелік қатынаста кепіл туралы шарттар болса Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 25-желтоқсанда кабылдаған "Жылжы-майтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмлелерді мемлекеттік тіркеу туралы", 1995 жылы 23-желтоқсанда қабылдаған "Жылжымайтын мүліктің ипотекасы туралы" заң күші бар Жарлықтарының нормалары қолданылады. Несиелеу мәселелерін, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының "1999 жылға арналған Республикалық бюджет туралы" және 1998 жылдың 31-желтоқсанында қабылданған "Бюджеттік жүйе туралы" заңдарының нормалары да реттейді.
Жоғарыда аталған заң актілері негізінен нақты құқықтық реттеуге бағытталмаған, олар Ұлттық Банктің банкілік несиелеуді заң актілеріне сәйкес реттеуі үшін нормативті негіз беруге сілтемелі қызмет атқарады.
Занға сәйкес реттеу нормативті сипаттағы көптеген актілер арқылы іске асырылады. Мұндай актілер Ереже, Қаулы, Нұсқау, Бұйрық, Бағдарлама, методикалық ұсыныстар және тағы да басқа формада болуы мүмкін.
Ұлттық Банкпен бекітілген заңға сәйкес актілерге мысалы: 1997 жылы 8-сәуірде шыққан "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің шағын кәсіпкерлік субьектілерін несиелеудің минимальді мөлшері туралы", 1995 жылы 21-сәуірде шыққан "Банктерді ломбардтық негізде несиелеу туралы", 1996 жылы 31-желтоқсанда шыққан "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі беретін несиелердің түрлері және оларды қамтамасыз етудің фор-малары туралы, 1995 жылы 21-қыркүйекте шыққан "Қазақстан Республикасының Үкіметін несиелеу тәртібі туралы", 1996 жылы 24-маусымда шыққан "Қазақстан Республикасы банктерінің несиелеу жөнінде құжаттама жүргізу тәртібі туралы" Ережелерді атауға болады.
Несиелік қатынастарды реттейтін, занга сәйкес қабылданған нормативті актілерге Қазақстан Республикасының актілері де жатады. Мысалы: 1997 жылы 27-тамызда қабылданған "Мемлекеттік борыштық бағалы қағаздарды шығару тұралы" қаулы, 1995 жылы 8-желтоқсанда шыққан "Қазақстан Республикасы Қаржы-Министрлігінің вексельдік міндеттемелерін рәсімдеу тәртібі және кейіннен өтеу туралы" Ереже. Осы жерде Қаржы Министрлігінің өзі де несиелік қатынастарды заңға сәйкес реттеу құқына ие екендігін айта кеткен дұрыс (көбіне бұйрықтар шығару арқылы) .
Банкілік несиені құқықтық реттеудің тәртіпке келтірілмеуі және кеісілмегендігіне байланысты әрбір нақты банктегі несиелеу процесі негізінен локальді нормативті актілермен анықталады. Оларға бәрінен бұрын нақты сол банктің несиелеу тәртібі, банктің несие беру туралы шешім қабылдайтын қызметкерлерінің жеке категорияларының лауазымдық нұсқаулары жатады.
Бұл актілердің құқықтық мәні - шарт жасалғанға дейін олар қарыз алушы үшін ұсыныс болса, шарт жасалған соң ерікті түрде мойнына алған міндеттеме болады.
Банкілік заңдардың нормаларына Республикадағы несиелеудің негізгі бастамасын анықтау өкілдігі жүктелген, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" заң күші бар Жарлығында: "Жүргізіліп отырған мемлекеттік ақша-несие саясатының тиімділігін және Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк атаулы Жарлыққа сәйкес:
а) Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігіне келісім-шарт негізінде қысқа мерзімді несиелер береді;
б) Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігіне Қазақстанның халықаралық ұйымдарға мүшелігімен байланысты өзара келісілген шартпен жазылымдар мен басқа төлемдерге қатысты несиелер береді деп бекітілген.
Көріп отырғанымыздай, Үкімет те Ұлттық Банктің басқа клиенттері секілді әрбір несие бойынша тиісті келісім-шарттың негізінде қайтарып беру, мерзімділік, нысаналы мақсатта пайдалану және ақылылық шартымен қарыз алады екен.
Әрбір несие бойынша Үкімет нарықтық проценттік ставкалары бар бағалы қағаздар шығарады. Оларды Ұлттық Банкте сатып алу мерзімі алты айдан аспауы керек, алайда қажет болған жағдайда сатып алу мерзімі жылдың аяғына дейін ұзартылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Банктер және банкілік қызмет туралы" заң күші бар Жарлығы несие беруді банкілік қызметке жатқызады, сол себепті несиелеу операцияларын жүргізуге банктің өкілеттігі болуы керек. Осы Жарлықтың 34-бабына сәйкес, мәмленің атауына және тараптардың ой-пиғылына қарамастан несие беру дегеніміз - қайтарып беру және ақылылық шартымен, өз атынан, тәуекел ете отырып басқа тұлғаға ақша қаражатын беру.
Егер, ақша қаражатын алушы депозит қабылдауға Ұлттық Банктің лицензиясын алған банк немесе банкілік емес қаржылық мекеме болса, ссудалық операцияны іске асыру үшін Ұлттық Банктің лицензиясы қажет емес.
Банктің ссудалық операциялары оның бақылау кеңесі бекіткен ішкі несиелік саясатына сәйкес жүзеге асырылады. Ішкі несиелік шартты іске асыратын орган банктің несиелік комитеті болып табылады.
Ссудалық операцияларды іске асыру барысында тәуекел дәрежесін төмендету мақсатында:
n заңды және жеке тұлғаларға несие беру шарттарын;
n банк қызметкерлеріне және лауазымды тұлғаларға несие беру шарттарын;
n несиелік комитеттің ұйымдастырылу құрылымын, міндеттерін және өкілеттігін;
n несиелік комитеттің мүшелерінің жауапкершілігін;
n несиелеудің шектерін;
n несиелік келісім шарттарды бекіту тәртібін анықтайтын Ішкі несиелік саясат туралы Ереже жасалады.
З. Банкілік несиелеудің принциптері
Несиелеудің принциптерін несиенің міндеті мен мәнін ашатын және несиені жоспарлау, беру, пайдалану және қайтару процесіндегі экономикалық заңдардың нақты формалары ретінде қарастыруға болады. Несиелеудің принциптерін зерттеуге осындай методологиялық тұрғыдан қараған О. И. Лаврушин оларды екі топқа бөлді. Бірінші топтағы принциптерге обьективті заңдармен байланысты және барлық экономикалық категориялар мен олардың механизмдеріне тән жалпы экономикалық тәртіптегі принциптер жатады. Екінші топты несиенің жеке экономикалық категория ретіндегі мәні мен міндеттерін білдіретін принциптер құрайды.
Аталған классификацияға сәйкес, бірінші топқа: жоспарлылық, тиімділік, алынған табыска қарай беру дифференциясы сияқты принциптер кіреді.
Екінші топтың принциптері: қайтарымдылық, мерзімділік, қамтамасыз етілуі, ақылылық.
Жоспарлы-мақсатты сипат банкілік несиенің түрлері мен мөлшері банктердің несиелік жоспарлары негізінде бекітілетіндігін білдіреді.
Несиелеудің нысаналы мақсаты несиені нақты обьектілер мен өндірістік шығындарға жұмсауды көздейді.
Несиелеуді дифференциациялау қажетті нормаларға сай өндіріс нәтижесі мен өнімді өткізуге қол жеткізуді талап ететін құн заңы әрекеттерімен түсіндіріледі. Осыған сәйкес, банкілік несие қол жеткен жұмыс нәтижелеріне қарай әр түрлі шарттармен беріледі.
Тиімділік несиелеудің міндетті шарты болып табылады. Ол өндіріс қарқыны мен өнімді сатып өткізуге тікелей тәуелді.
Несиенің міндетті түрде қайтарылатындығы принципі қоғамның уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыру және қайта бөлумен байланысты несиенің жеке экономикалык категория ретіндегі мәнімен ашылады.
Сондықтан бұл қаржылар банктің шаруашылық билігінде белгілі бір уақыт қана болады және несиеелеу үшін қысқа мерзімді ақша қоры ретінде пайдаланылады.
Қамтамасыз етілу принципі - қолда бар капитал мен несиеге берілетін капиталдың пропорциясын сақтап отыру үшін қолданылатын принцип.
Банкіліқ несиелерді товарлық-материалдық құндылықтармен толық қамтамасыз етудің ақша айналымының тұрақтылығы үшін маңызы зор.
Себебі, банкілік айналымның ақшалары қолма-қол ақшаға ауысады және керісінше болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz