Азаматтық қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекет



ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1.ТАРАУ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНДЕГІ
МЕМЛЕКЕТ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Азаматтық қоғам, оның мазмұны мен белгілері ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Қоғамның саяси жүйесі және оның мазмұны ... ... ... ... ... ... ..7

2.ТАРАУ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК ... ...13
2.1. Құкық бұзушылықтың себептері, мазмұны және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.2 Құқық бұзушылықты сипаттайтын белгілі нышандар ... ... ... ...17
2.3 Құқық бұзушылықтың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
КІРІСПЕ

Қазіргі кезде бүкіл адамзат XXI ғасырдағы өз болашағын айқындап, жүріп өткен жолын ой елегінен өткізуде. Барша әлем қоғамы ғылым мен техника, мәдениет пен өнер, сол сияқты көптеген өндіріс салаларында ұлы жетістіктерге қол жеткізуде. Ал әлеуметтік саясат саласындағы жетістіктер, оның ішінде, әсіресе, халықаралық қарым-қатынастар саласындағы жағдай анағүрлым төмен деңгейде қалып отыр. Бұл салада тиісті дәрежеде тәртіп орната алмауы салдарынан адамзаттың бүкіл тарихында тартқан зардабы қымбатқа түсті.
Бүгінгі танда мемлекеттік және ұлттық жалпы мүдделерді тендестіру негізінде жаңа әлемдік тәртіп құру процесі жүріп жатыр. Мұндай тәртіп кездейсоқ тууы мүмкін емес. Бұған мемлекеттердің саналы мақсатты көздейтін ауқымды күш жұмсауы қажет. Бірақ халықаралық өмірде кездей-соқтық деңгейдің жоғарылауына жол берілмейді. Бір-біріне байланысты біртұтас әлем қармаласа қалыптасқандай.
Егер қазір әлем Шығыс пен Батысқа қарама-қарсы (биполярлы) жағдай мағынасында болудан қалса, оны бұрынғысынша — жоғары және нашар дамыған деп екі топқа бөлуге болар еді. Солай бола түра, жер шарын қамту процесі ретінде тұрақтылық мүмкіндігін туғыза отырып, осы процесс қазіргі әлем полюстерінің арасындағы алшақтықты терендете түседі. Бір жағынан, бұл игілік полюсі де, ал екінші жағынан лаңкестік пен жоқшылық полюсі.
"Егер ғаламдастырудың жетістіктері мен жеңістерін тек жоғары дамыған елдің аз ғана тобы қызықтайтын болса, онда бұл қарама-қайшылыққа қақтығыстар мен жер бетіндегі өркениет соңғы және оның алдындағы жүз жылдықта бастан кешкендерге қарағанда әлдеқайда ауыр әлеуметтік катаклизмдер туындауына ұрындыратыны сөзсіз" — деп, айрықша атап өткен Қазақстан Республикасының Пре¬зиденті Н. ә. Назарбаев Бұұ-ның мыңжылдық Саммитінде сөйлеген сөзінде ("Егемен Қазақстан", 2000 ж. 8 қыр-күйек).
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Казақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995 ж.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының түсіндірме сөздігі.
3. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1994.
4. Ливщиц Р.З. Теория права. М.: БЕК, 1994.
5. Общая теория права и государство / Под ред. Лазарева В.В. М., 1994.
6. Общая теория права. Курс лекций / Под ред. Бабаева В.К. Нижний Новгород, 1994.
7. Бейсенова А., Біржанова К. Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық негіздерін оқып үйренушілерге көмек. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
8. Сапаргалиев Г.С. Основы государства и права Казахстана. Алматы, 1994
9. Сапаргалиев Г.С. Заң терминдерінің сөздігі. Алматы: Жеті Жарғы, 1996.
10. Ибраева А, Ибраева Н. (Теория государства и права) А.2000
11. Малько А.В. (Теория государства и права) М.2000 «Юристъ»
12. Хропанюк В.Н. (Теория государства и права) М.1997 «Интерстиль»
13. Баянов Е. “Мемлекет және құқық негiздерi” А. Жетi жарғы – 2001
14. Дулатбеков Н.О, Амандықова С.Қ. Турлаев А.В - Мемлекет және құқық негіздері. Астана : Фолиант, 2001.
15. Назаренко Г.В. Теория государства и права: учебное пособие. –М. 1999.
16. Общая теория государства и права/Под ред. Лазарева В.В. –М.: Юристъ. 2001.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1-Тарау АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІнДЕГІ
МЕМЛЕКЕТ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... 5
1.1 Азаматтық қоғам, оның мазмұны мен белгілері ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Қоғамның саяси жүйесі және оның мазмұны ... ... ... ... ... ... ..7

2-Тарау ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢдЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК ... ...13
2.1. Құкық бұзушылықтың себептері,
мазмұны және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13 2.2 Құқық бұзушылықты сипаттайтын белгілі нышандар ... ... ... ...17
2.3 Құқық бұзушылықтың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .31

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32

Кіріспе

Қазіргі кезде бүкіл адамзат XXI ғасырдағы өз болашағын айқындап, жүріп өткен жолын ой елегінен өткізуде. Барша әлем қоғамы ғылым мен техника, мәдениет пен өнер, сол сияқты көптеген өндіріс салаларында ұлы жетістіктерге қол жеткізуде. Ал әлеуметтік саясат саласындағы жетістіктер, оның ішінде, әсіресе, халықаралық қарым-қатынастар саласындағы жағдай анағүрлым төмен деңгейде қалып отыр. Бұл салада тиісті дәрежеде тәртіп орната алмауы салдарынан адамзаттың бүкіл тарихында тартқан зардабы қымбатқа түсті.
Бүгінгі танда мемлекеттік және ұлттық жалпы мүдделерді тендестіру негізінде жаңа әлемдік тәртіп құру процесі жүріп жатыр. Мұндай тәртіп кездейсоқ тууы мүмкін емес. Бұған мемлекеттердің саналы мақсатты көздейтін ауқымды күш жұмсауы қажет. Бірақ халықаралық өмірде кездей-соқтық деңгейдің жоғарылауына жол берілмейді. Бір-біріне байланысты біртұтас әлем қармаласа қалыптасқандай.
Егер қазір әлем Шығыс пен Батысқа қарама-қарсы (биполярлы) жағдай мағынасында болудан қалса, оны бұрынғысынша — жоғары және нашар дамыған деп екі топқа бөлуге болар еді. Солай бола түра, жер шарын қамту процесі ретінде тұрақтылық мүмкіндігін туғыза отырып, осы процесс қазіргі әлем полюстерінің арасындағы алшақтықты терендете түседі. Бір жағынан, бұл игілік полюсі де, ал екінші жағынан лаңкестік пен жоқшылық полюсі.
"Егер ғаламдастырудың жетістіктері мен жеңістерін тек жоғары дамыған елдің аз ғана тобы қызықтайтын болса, онда бұл қарама-қайшылыққа қақтығыстар мен жер бетіндегі өркениет соңғы және оның алдындағы жүз жылдықта бастан кешкендерге қарағанда әлдеқайда ауыр әлеуметтік катаклизмдер туындауына ұрындыратыны сөзсіз" — деп, айрықша атап өткен Қазақстан Республикасының Пре­зиденті Н. ә. Назарбаев Бұұ-ның мыңжылдық Саммитінде сөйлеген сөзінде ("Егемен Қазақстан", 2000 ж. 8 қыр-күйек).
Жаңа әлемдік тәртіп, әлеуметтік тұрмыстың барлық негізгі саласын аясына сыйғызып, тегіс камти алатын тәртіп екені барған сайын айқындалып келеді. Сөз — әскери-саясаттық, экономикалық, әлеуметтік-экологиялық мәдениет және де кұқықтық қауіпсіздік туралы болып отырғаны түсінікті. Болашақтың әлемдік бірлестігі тек қана ауқымды құқықтық бірлестік ретінде болжанады.
Бұл жерде де әлемдік бірлестік алдында тұрған шешуші рөл атқаратын келелі мәселе бүгінгі танда өркениеттің жоғары жетістігі деп танылып отырған, жалпы адамзат игілігі және құқық тәртібінің құқыктық негізі — халықаралық құқық болуы тиіс. Халықаралық қарым-қатынас-тарды реттеудегі халықаралық кұқыктың басымдылығын мойындай келе, Бұұ Бас Ассамблеясы XX ғасырдың соңғы он жылдығын халықаралық кұқықтың он жылдығы деп жариялаған. Бұл мәселе жөнінде өз қарарында Бас Ассамблея оның қағидаттарына кұрмет көрсету, халық-аралық құқық кұралдарын, олардың жүйелерін бейбіт жағдайда жетіддіріп, дамытуға рұқсат ету, халықаралық құқыкты үйрену мен оқытуға мүмкіндік туғызу, халық-аралық-кұқыктық білімді кең тарату міндетін мақсат етіп қойды. Осыны ескере отырып, Қазақстан Республикасының Конституциясына "Республика бекіткен халықаралық шарттардын Республика зандарынан басымдылығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін қажет ететін жағдайдан баскд ретінде тікелей қолданылады" (4-бап) — деген арнайы норма енді1.

1-Тарау АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІнДЕГІ
МЕМЛЕКЕТ

1.1 Азаматтық қоғам, оның мазмұны мен белгілері

Адам қоғамы қалай қалыптасты, оның себептері қандай - бұл туралы бір қорытынды пікір жоқ. Бірақ бұл түсінікті ең бірінші ғылымға енгізген Адам Смит, Давид Рикардо, оған саяси сипаттама берген Гегель. Дүниежүзілік ғылыми, саяси қайраткерлердің, ойшылдардың айтуынша - қоғам саналы адамдардың ерікті түрде бірігіпі өмір сүруі. Бұл бірігудің негізгі себебі адамдардың бір мүдделігі, бір тілектестігі. Мұнсыз бірігу мүмкін емес. Мүдде екі түрлі болады: жеке адамның мүддесі және қоғамның мүддесі. Қоғам осы екі мүдде-мақсатты біріктіріп, дамытып отырады. Осы объективтік даму процесінде адамдардың өзара ынтымақтастығы қалыптасты. Сол арқылы жеке адамның қолынан келмейтін, әлі жетпейтін істерді атқаруға мүмкіншілік туды. К. Маркс қысқаша: "Қоғам — адамдардың өзара еңбек жасауының одағы", - дейді.
Қоғамдық мүдде-мақсат, қоғамдық тілек уақытша емес, түпкілікті, нақты, объективтік мағынада қалыптасуы керек. Сонда ғана қоғамның жақсы дамуға, нығаюға мүмкіншілігі болады. Себебі қоғам саналы адамдардың ерікті түрде қалыптасқан одағы. Егер бұл одақ, бұл бірлік еріксіз, озбырлық түрде ұйымдастырылса, ондай қоғам нәтижесіз тез тарқап кетер еді. Адам қоғамның бірінші — клеткасы. Қоғам адамдардың күрделі әлеуметтік бірлестігі. Бұл бірлестік, бүл қоғам дұрыс, жақсы даму үшін оның ішіндегі қарым-қатынастарды реттеп, басқару керек болды. Оны қоғамның объективтік даму процесінің заңдарына сүйене отырып, адамдар өздері әлеуметтік нормалар арқылы реттеп, басқарып отырады. Сондықтан мемлекет пен күқық пайда болды. "Адамдар өз тарихын өздері жасайды, - деп жазды Маркс, - бірақ олар оны өз қалауынша жасай алмайды, қолындағы барды, бұрынғы-дан қалған мүраны қолдануға мәжбүр болады"
Қоғамның тарихи объективтік қалыптасқан негізгі белгілері:
саналы адамдардың ерікті түрде бірлесіп одақ құруы;
қоғамдық түпкілікті, нақты, объективтік мүдде мақсаттың қалыптасуы;
адамдардың өзара ынтымақтастығының, бірлігінің калыпта­суы;
қоғамдық мүдде - мақсат, тілек арқылы қарым - қатынастарды реттеп баскару;
қоғамды басқаратын, қоғамдық тәртіпті қорғайтын аппараттың, мемлекеттік биліктің өмірге келуі.
Қоғам — саналы адамдардың бір мүддені, бір мақсатты орындау үшін саналы түрде өзара бірігуі. Мүнда міндетті түрде екі шартты элемент бар: мүдде-мақсаттың қалыптасуы және адамдардың саналы түрде бірігуі. Адамның объективтік тарихи даму процесіне және күнделікті қарым-қатынасында қоғамның бірнеше түрлері болады: өндірістік қоғам, шаруашылық қоғам, өлеуметтік қоғам, азаматтық қоғам т.б. Осылардың ішіндегі ең күрделісі, ең түпкіліктісі адаммен бірге дамып келе жатқан азаматтық қоғам. Қоғамның басқа түрлері тез қүрылып, тез тарап жатады. Олардың өмірі, іс-әрекетінің шеңбері, кеңістігі көп өлкеге жайылмайды, уақыты көпке созылмайды.
Азаматтық қоғам — мемлекеттік құрылымынан тыс қалыптасатын әлеуметтік - экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Оған қатынасушылардың табиғи және азаматтық құқықтарын, бостандығы мен міндетін автономиялық даму жолы қамтамасыз етеді. Азаматтық қоғамда үзіліс болмайды, уақыты шектелмейді, өлкеге аймаққа бөлінбейді, мемлекеттің барлық жерін, барлық халқын біріктіреді.
Азаматтық қоғам — мемлекетке тәуелді емес, дербес, ашық, жариялы қоғам. Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасу ерекшеліктері: кеңестік мейлінше мемлекеттендірілген күйден шығу, қоғам мен мемлекеттің арақатынасын тәуелсіз - дербестікте дамыту.
Республика Конституциясы Казақстандағы азаматтық қоғамның барлық даму сатыларын мемлекетке бағындырмастан (оның айғағы онда "Азаматтық қоғам" бөлімінің әдейі болмауы) әлеуметтік бағдарлы нарық экономикасы мен жеке адамның ав-тономиясын тұрақты қалыптастыру үшін оған қажетті кұқықтык, жағдайлардың негізін қалайды. Оған: тең дәрежеде танылатын және қорғалатын мемлекеттік меншік пен жеке меншікті (6-бап-тың 1-тармағы); адам және азамат құқықтарының кең ауқымды және біртүтас кешенін (П-бөлім); отбасын, ана мен әке және баланы мемлекеттің қорғауын (27-бап); идеологиялық және саяси әр алуандылықты (5-бап) және тағы басқа жаңа Конституцияда бекітілген қазақстандық-азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға болады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында елімізде азаматтық қоғамды қалыптастырып, демократиялық, зайырлы, қүқықтық, әлеуметтік мемлекет қүру бағыттары көрсетілген. Бұл бағыт мемлекетіміздің ең күрделі, ең жауапты мүдде-мақсаты2.

1.2 Қоғамның саяси жүйесі және оның мазмұны

Адам қоғамы дамып, қалыптасып, өмірге келген күннен бастап міндетті түрде оның бағдарламасы, саясаты, биліктің түрі анықталады. Бұл жұмыстармен шұғьлданатын қоғамның саяси жүйесі. Ең алдымен қоғамның мүддесі мен мақсаты анықталады. Қоғамдық бағдарламаны жасап, саяси биліктің мазмұнын толықтырып, олардың орындалу бағыттарын, жолдарын аныктап, іске асыру механизмін белгілейді. Саяси жүйе қоғамның объективтік даму процесінде қалыптасып, өмірге келеді. Саяси жүйенің негізгі міндеті экономикалық, рухани, мәдени базисқа сәйкес қоғамдық биліктің мазмұнын анықтап, сол билікті орнату, дамыту, нығайту. Қоғам өзгерсе, саяси жүйе де өзгереді. Адам қоғамы өзінің диалектикалық даму процесінде бес формацияны басынан өткізіп отыр. Соған сәйкес саясаттың бес түрі бар. Себебі әр түрлі тарихи дәуірде әр қилы оқиғалардың болуы да занды. Өйткені осы оқиғалардың бәрі де қажеттіліктен, қоғамның материалдық өмірі жағдайларынан туады. Қоғамдық заңдылық қоғамдық дамудың негізгі бағытын анықтайды, кездейсоқтықтың біразын қамти отырып, зандылық өзіне қажеттілікпен жол табады. Қоғамдық зандылық абсолюттік идея түрінде қоғамға сырттан тағылмайды, адам қызметі және оның әлеуметтік жағдайлары: өндіргіш күштер, өндірістік қатынастар, өндіріс өнімдері т.б. рухани мәдениет қосындысынан туады. Адамдар тарихтың объективті зандарын жасап немесе бұза алмайды, бірақ сол зандар алдында дәрменсіз емес. Тарихи даму зандарын білу адамдардың ол заңдардың күшін қоғамды қайта кұру үшін пайдалануына мүмкіншілік береді. Белгілі бір заң әсер ететін жағдайды өзгерту арқылы адамдар оның нәтижесінің түрін өзгертіп, көрінісін шапшандатады немесе баяулата алады. Міне, осы қоғамдық зандылыққа сүйене отырып, саясат қоғаммен бірге өзгеріп, ескіріп, жаңарып, дамып келеді. Саясаттың қоғамда аткаратын жұмысы ұшан-теңіз. Қоғамдағы барлық мәселені реттеп, басқарып отыратын саясат пен мемлекет.
Қоғамда бір мүдде мақсат болады. Соған сәйкес қоғамдық билік калыптасады. Онсыз қоғамның мүдде-мақсатының дұрыс жақсы орындалуы мүмкін емес. Қоғамдық билікті реттеп, басқаратын қоғамның саяси жүйесі.
Қоғамдық биліктің түрлері: саяси билік, мемлекеттік билік, ұжымдық билік, ұйымдық билік т.б. ірі-ұсақ биліктер. Саяси жүйе мемлекетпен бірігіп қоғамның бағдарламасын, мүдде мақсатын анықтап, оның бағыттарын, орындау механизмін белгілеп, міндетті нүсқау, бүйрықтар беріп, іске асуын бақылап отырады.
Саяси жүйеге мемлекет, бірлестіктер, ұйымдар, ұжымдар кіреді. мемлекет саяси жүйеден кейінгі қоғамдағы ең күрделі, ең көлемді, ең жауапты ақпарат. Қоғам көлемінде атқаратын жұмыстың ба-сым көпшілігі мемлекеттің құзырында.
Қоғамдық саясаттың тарихи түрлері: алғашқы қоғамның сая-саты-қоғамдық меншік, қоғамдық еңбек, қоғамдық, тендік; қүл иелену қоғамының саясаты - өз атынан түсінікті; феодализм қоғамының саясаты - феодалдың жерге меншігі және қоғамдағы үстемдігі; капитализм қоғамының саясаты — капиталдың буржуазиялық үстемдігі; социализм қоғамының саясаты — (теориялық түрде, іс жүзінде толық болған жоқ) — жалпы қоғамдық бостандық, тендік, әділеттілік т.б.
Әлеуметтік мазмұнына қарай саяси жүйе бірнеше түрге бөлінеді: демократиялық, либерал-демократиялық, шовинистік, ұлтшылдық, расистік, тоталитарлық, фашистік т.б. Қоғамдық ықпалына карай саясат жариялы және құпиялы болып екіге бөлінеді. Идеологиялык, бағытына сәйкес саясат үш топқа бөлінеді: оңшылдар, центристер, солшылдар.
Бірлестіктердің, одақтардың, ұжымдардың, т.б. ұйымдардың атқаратын саяси жұмыстары өздерінің ережелері — уставтарының мазмүнына сәйкес келеді, өздерінің қоғамдық құзырының шеңберінде жүргізіледі. Бәрінің жұмысын біріктіріп айтсақ - олардың қоғамдық мүдде-мақсатты орындауда, саясатты іске асыруда үлестері өте зор. Мысалы: толып жатқан ұжымдар: зауыт, фабрикалар, акционерлік шаруашылық, өндірістік ұйымдар қоғамның материалдық, техникалық, әлеуметтік, экономикалық, мәдениеттік негізін дамытып нығайтады.
Саяси жұйенің даму процесінің бірнеше түрі бар. Социалистік типті мемлекеттерде сталиндік саяси жүйе қалыптасты. Оның мазмұны: жеке адамға табынушылық, бір партияның үстемдігінің орнауы, әкімшілік-әміршілік, тоталитарлық басқару жүйенің қалыптасуы, демократияның, бостандықтың, әділеттіктің арасының зор шектелуі.
Саяси жүйенің екінші түрі - дамыған елдерде XX ғасырдың 60-90 жж. қалыптасқан нарықтық экономика мен либерал-демократиялық мемлекеттердің, ұйымдардың, одақтардың өзара қатынасы мемлекеттің Конституциясына сәйкес дамуы. Бұл елдерде де толық бостандық, әділеттік, тендік жоқ. Мысалы, таптардың, топтардың әлеуметтік саяси теңдігінің жоқтығы.
Саяси жүйенің үшінші түрі — XX ғасырда қалыптасқан аралас мемлекеттік қүрылыс — конвергенция теориясы. Капитализм мен социачизм қоғамының экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени дамуының, жақсы тәжірибелерін біріктіру. Бұл саяси жүйеде де кемшіліктер көп кездеседі.
Адам қоғамының тарихында ұлтшылдық, шовинистік, расистік, фашистік саяси жүйелері қалыптасып, аз болса да өмір сүрген.
Қазіргі заманда мемлекеттердің саясаты дүниежүзілік бірлікке, одаққа бет бұруда. Бүл объективтік прогрестік қүбылыс. Глобальдық проблемаларды шешуге қолайлы жағдай қалыптасуы мүмкін.
Сонымен, қоғамның саяси жүйесі — мемлекеттік және қоғам-дық үйымдардың, еңбек үжымдарының бірігіп, елдің саяси өміріне кірісіп, қоғамды дамытуға, нығайтуға үлес қосуы.
Саяси жүйенің төрт бағыты болады3:
- институционалдық - мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық үйымдар бірігіп қоғамның саяси жүйесін кұрайды:
- реттеуші - қүқық, саяси нормапар, әдет-ғұрып, мораль т.б.;
- функционалдық - саяси әрекеттің тәсілдері, саяси жүйе;
- идеологиялық - саяси сана, қоғамдағы үстемдік идеология.
Саяси жүйенің негізгі элементтері: саяси және құқықтық нормалар, саяси қүрылыс, саяси іс-әрекет, саяси сана және саяси мәдениет. Енді осы элементтерге толық түсінік берейік4.
1) Саяси іс-әрекет және құқықгық нормалар - қалыптасқан не-месе қабылданған тәртіп ережелері, саяси қатынастарды реттейтін тәсілдері, қоғамдағы конституция, кодекстер, ережелер, партиялардың бағдарламалары, саяси әдет-ғұрып т.б. Саяси нормаларды, сол арқылы өмірге келетін қатынастарды — саяси институттар деп атайды. Идеяның даму процесі арқьлы нормаға, төртіптің ережелеріне айналуы, содан кейін саяси үйымдардың қағидасына айналуын институционализация деп атайды. Осылай қоғамның болашақ саяси ұйымының элементтері қалыптаса бастайды. Саясат пен институционализацияның байланысы шектеулі, оның сан қырлы саяси іс-әрекеттері тек ұйымдық нысандарында ғана байқалады.
2) Саяси құрылыс - қоғамдағы саяси, мемлекеттік ұйымдардың, институттардың, мекемелердің және олардың арақатынасының жиынтығы. Бұл қүрылыс адамдардың арасында саяси қатынастың түракты қалыптасқанын көрсетеді.
3) Саяси іс-әрекет - қоғамдағы саяси билікті дамыту және қорғау үшін бағытталған адамдардың әр түрлі іс-әрекеттері. Бұл әрекет әр түрлі деңгейде жүргізіледі: белсенді, сылбыр, енжар, тұрақты, нәтижелі т.б.
4) Саяси сана - адамдардың сан қырлы рухани сана-сезімін қоғамдағы саяси билікті қолдап, адамдардың іс-әрекетін саяси қатынастарды дамытып, нығайтуға бағыттау. Саяси санада екі түрлі бағыт болуға тиіс: концептуалдық - саяси теория, доктрина, ілім, бағдарлама; күнделікті — ой-пікір, әдет-ғұрып, мораль, тәртіп.
5) Саяси мәдениет - қоғамдағы саясатты, саяси кдтынастарды реттеп-басқару үшін қалыптасқан рухани құндылықтардың, сая­си идеяның, сенімнің, символдың жиынтығы. Саясатта бірлік, дербестік тек адамдардың рухани байланысы арқылы болады.
6) Саяси жұйенің ең күрделі, ең маңызды элемент-мемлекет. Саяси жүйенің қоғамды басқарудағы ең орталық буыны - мемле­кет. Біріншіден, ол саяси жүйенің билігін, мүдде-мақсатын іске асыратын ең негізгі аппараты. Екіншіден, мемлекет саяси жүйенің барлық элементтерін біріктіріп, саяси функция аркьілы қоғамның игілікті құндылықтарын әділетті болу процесін басқарып отырады. Бүл процесті басқару, бақылап отыру дегеніміз - қоғамдағы қарым-катынастарды, олардың өзара байланысын реттеп отыру, тұракты, жақсы дамуын камтамасыз ету.
Жоғарыда көрсетілген саяси жүйенің элементтерінің даму процесінен қоғамда әр түрлі саяси жүйелер қалыптасады: әкімшілік, жарыстық, әділетті-бірлік жүйелері. Қоғамның жақсы-жаман дамуын осы жүйелер шешеді, соған сәйкес саяси жүйе әр түрлері қалыптасып жатады.

2-тарау. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢдЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК

2.1 Құкық бұзушылықтың себептері, мазмұны және түрлері

Қоғам әркашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бүзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп күқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық бүзушылық - қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты кұбылыс.
Құқық бұзушылық - заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы аркьілы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек, занды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және қүқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Әрекет - бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік қүқық нормаларының талаптарын ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бүзу арқылы орын алады.
Құқық бүзушылық құқықтық нормалар қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп қоғамның, жеке адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бүзады. Құқықтық нормалардың талаптарын орындамау нәтижесінде тәртіп бұзылады, қоғамдық катынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді.
Азамат әзіне жүктелген міндеттерді орындаса немесе құқықтары-мен бостандықтарын пайдалана алса, мұндай іс-әрекет азаматқа да, қоғамға да пайдасын тигізетіні сөзсіз. Азаматтар заңда белгіленген міндеттерін бүлжытпай орындаса, қоғамда зандьшық орнап, кұқықтық тәртіп сакталады. Азаматтар өз құқықтары мен бостандықтарын тиімді пайдалана алса, қоғамның жан-жақты дамуына, адамдардың тұрмыс жағдайларының жақсаруына, халық мәдениетінің өркендеуіне тиісті жағдай туады.
Сондықтан әр мемлекет, оның ақпараттары мен органдары қоғамда заңдылыққа, құқықтық тәртіпке нұқсан келтірмеуді қамтамасыз етеді. Олар жеке және заңды тұлғалардың іс-әрекеттерін қатаң бақылап отырады.
Құқық бүзушылық өзіндік пайда бағу, даму және жойылу зандылыктарына ие белгілі бір қоғамдық кұбылыс ретінде көптеген жекелеген кұқық бұзушылыктардан қүралады, олардың барлығы да ортақ қасиетке ие болады. Белгілі бір әрекет немесе әрекетсіздік әлеуметтік табиғаты мен занды нысанын бейнелейтін осындай қасиеттердің жиынтығы кұқық бұзушылықтың түсінігін береді.
Құқық бұзушылық - биологиялық, физиологиялық, технологиялық ерекшеліктерге сай, адамның іс-әрекетінің әлеуметтік көрінісі.
Құқық бұзушылық -құқыққа, оның талаптарына қарсы бағытталған мінез - құлық. Демек, қүқыкты бұзған ат-үсті қарап, талаптарынан айналып өту деген сөз. Әрбір құқық бұзушылық - нақтылы кұбылыс. Оны нақгы адам, белгілі бір жерде, мезгілде, жағдайда жасайды. Ол күқық нормаларының кағидасына кайшы келеді және өзіне тән оның белгілері болады. Сонымен бірге жекелеген кұқық бұзушылыққа тән жалпы белгілері де кездеседі.
Құқық бұзушьшықтың екі зияны бар:
1. Құқық бұзушылық - қоғамға зиянды әрекеттің объективтік нысандағы бейнесі, сыртқы көрінісі болып табьшады. Бұл қоғамға зиянды, қауіпті әрекет, әрекетсіздік занда кұқыққа қайшы сипатта ресми түрде бекітілуі керек деген мағынаны білдіреді.
2. Құқық бұзушылық - объективтік процесс болып табылады. Бүндағы объективті деп отырғанымыз, кез келген қүқық бүзушылық кұқыктың қорғайтын әлеуметтік игіліктері: жалпы мүдде, қоғамдық тәртіпке қауіп төндіреді. Дәл осы мағынада күқық бүзушылық қоғамға қауіптілік және зияндылық мәнге ие болады.
Формальді — логикалық жағынан бұл былай бейнеленуі мүмкін: қоғамға зияндының бәрі де, құқыққа қайшы болып табьшады. Тиісінше, кұқыққа қайшы, қоғамға зиянды әрекет - әрекетсіздік деп саналады. Шындығына келгенде бұл тұжырымнан екі терістік байқалады:
1. Занда құқыққа қайшы деп саналғандардың бәрі де, қоғамға зиянды немесе қауіпті.
2. Қоғамға қауіпті әрекеттің барлығы да, кұқыктық нормаларға қайшы деп тыйым салынбаған.
Құқық бұзушылықгың мәні-оны басқа жүріс-тұрыс ережелерін бөліп көрсететін, басты өзіне ғана тән ерекшеліктерінен тұрады. Алдымен барлық құқық бұзушылықтың мәні қоғамдық кұрылыстың, қоғамдық қатынастар жүйесіне келтіретін қауіптілігі, зияндылығы. Яғни, тек бір ғана әрекеттің қоғамға қауіптілігі мен зияндылығы емес, оның таралуы қоғамдық қатынастарға айтарлықтай залал келтіретін адам әрекетінің белгілі бір түрі ескеріледі. Ал жекелеген әрекет-әрекетсіздік қоғамдық өмірдің бекітілген тәртібін, олар қоғамда кең таралған жағдайда ғана қоғамдық тәртіптің каупіне айналады. Тиісінше, жекелеген әрекет-әрекетсіздік қоғамға қауіпті деп бағалануы мүмкін. Ол және өзі зиян келтіретіндіктен емес, өзі тектес әрекет-әрекетсіздіктің көптеп орын алуына байланысты. Олар "өз жиынтығында қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын, қоғамдық құрылыстың реттілігі мен тәртібін бұзады, сондықтан да кұқық бұзушылықпен күресудің мемлекеттік ұйымдасқан қызметін кажет етеді.
Құқық бұзушылыктың қоғамға зияндылығы, оның кашанда адам қоғамының кұндылығы, жеке және мүддеге нұқсан келтіруінен көрінеді. Яғни, қоғамның маңызды қүндылықтары, оның өмір сүру жағдайына қауіп төндіреді. Құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігінің деңгейі түрлі дәрежеде болуы мүмкін. Мәселен, адамның өміріне қастандықжасау - өте қауіпті қылмыс. Ал біреудің үйіне түсіп, мүлкін ұрлау оған карағанда жеңілірек дәрежеленеді. Дегенмен, осы екі әрекет те қоғам үшін өте кәуіпті болып табылады. Құқық бұзушылыктың қоғамға зияндылығы қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын бүзып, маңызды қоғамдық қатынастарға әлеуметтік шиеленіс енгізуінен де көрініс табады. Зиян қандай да болсын заң бұзушылықгың теріс зардабы — ажырамас белгісі. Оның көлемі, мөлшері, сипаты түрліше болады.
Әрекет-әрекетсіздіктің қоғамға қауіптілігі, зияндылығының занды көрінісі қүқыққа қайшылық деп саналады. Ол іс-қимылдың белгілі бір түрінің нышаны ретінде құқық талаптарының саналы түрде бұзылуын білдіреді. Әрекет-әрекетсіздік заңды міндетін орындамау немесе құқықты теріс пайдалану, яғни егер оған құқыкпен тыйым салынса және оны жүзеге асырған жағдайда, кұқыктық нормалардың санкциясы қолданылуға жатса, бұл қүқыққа қайшы деген сөз.
Егер де құқықпен тыйым салынбаса, құқық бұзушылық болмайды. Адамның өзінің түлғалық құқыктарын қолданбауы, оның жеке қалауына байланысты болғандықтан, құқық бұзушылыққа жатпайды. Керісінше, адамның қоғамға, мемлекет және азаматтардың мүддесіне залал келтіре отырып, кұқықгар мен бостандықгарды пайдалануы, құқыққа кдйшы әрекет деп саналады.

2.2 Құқық бұзушылықты сипаттайтын белгілі нышандар

1. Құқық бұзушылық - құқықты, оның қағидаларын, құқық жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Яғни бүл адамдардың іс-әрекеті, қылығы немесе әрекетсіздігі. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Демек, құқық бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Мінез-құлқы, іс-әрекеті арқылы көрінбеген адамның ой-тұлғасы, сезімдері қүқық бұзушылық болып табылмайды. Мәселен, адам өзінің ойын, сенімін күнделікке, таспаға жазып, суретке түсіруі мүмкін. Адамның ой желісі заңмен реттелмейді. Бірақ кандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатысуынсыз жасалмайды. Олар қашан да ойдың елігінен өтіп, бақьшауында болады. Бұл дегеніміз, ақыл-есі дүрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады деген сөз. Яғни құқық бұзушылық саналы түрде жасалатын ерікті іс-әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.
2. Құқық бұзушылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекет
Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі және құрылымы
Қоғамның саяси жүйесінің түсінігі
Саяси жүйелердің түрлері
Саяси қатынастар
Конституциялық құқық әдістері
Қоғамның құқықтық жағдайы
Қоғамның саяси жүйесінің даму
Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесіндегі Конституциялық құқық жүйесің орны
Пәндер