Эвакуациялық шараларды жүргізу. Эвакуация және бытыраңқы орналастыруды қамтамасыз ету. Шұғыл эвакуация жүргізу.



Эвакуация - адамдардың өмiрiн сақтау және өндiрiстiң жұмыс iстеуiне жағдай жасау мақсатында халық пен материалдық құндылықтарды төтенше жағдайлар аймақтарынан және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкiн аудандардан ұйымдасқан түрде әкету (шығару).
Эвакуацияланған барлық халық қауiпсiз аймаққа орналастырылған пункттерде тiршiлiк қызметiне қажеттілерiмен аз шамада қамтамасыз етiлуге тиiс.
Төтенше жағдай тәртiбiн енгiзе отырып, соғыс кезiнде, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларда эвакуациялауды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар жүргiзедi. Шараларды жоспарлауды төтенше жағдайлардың туындауы қаупi мен осы заманғы құралдармен зақымдау ошақтарын ескере отырып, орталық, жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар алдын-ала жүргiзедi.
Барлық категориядағы халықты әкетудi (шығаруды) және оларды қауiпсiз аймаққа орналастыруды олардың жұмыс iстейтiн, оқитын, тұратын жерлерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар ұйымдастырады.

Эвакуациялық шараларды жүргізу. Эвакуация және бытыраңқы орналастыруды
қамтамасыз ету. Шұғыл эвакуация жүргізу.

Эвакуация - адамдардың өмiрiн сақтау және өндiрiстiң жұмыс iстеуiне жағдай
жасау мақсатында халық пен материалдық құндылықтарды төтенше жағдайлар
аймақтарынан және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкiн
аудандардан ұйымдасқан түрде әкету (шығару).

Эвакуацияланған барлық халық қауiпсiз аймаққа орналастырылған
пункттерде тiршiлiк қызметiне қажеттілерiмен аз шамада қамтамасыз етiлуге
тиiс.

Төтенше жағдай тәртiбiн енгiзе отырып, соғыс кезiнде, сондай-ақ
табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларда эвакуациялауды
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша жергiлiктi атқарушы
органдар, ұйымдар жүргiзедi. Шараларды жоспарлауды төтенше жағдайлардың
туындауы қаупi мен осы заманғы құралдармен зақымдау ошақтарын ескере
отырып, орталық, жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар алдын-ала жүргiзедi.

Барлық категориядағы халықты әкетудi (шығаруды) және оларды қауiпсiз
аймаққа орналастыруды олардың жұмыс iстейтiн, оқитын, тұратын жерлерi
бойынша жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар ұйымдастырады.

Халықты эвакуациялау сабақтас тәсiлмен - халықты жаяу немесе көлiктiң
барлық түрiмен көп мөлшерде әкетудi үйлестiру жолымен жүзеге асырылады.
Көлiктi берудi есептеулер табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайлар қаупi төнгенде және пайда болған кезең мен қорғану шараларының
мүдделерi мен халықтың жеке пайдалануындағы көлiктiң қолда барын ескере
отырып, соғыс кезеңiне жекеше жасалады.

Осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану қаупi төнген кезде өндiрiсте
iстемейтiн және қызмет көрсету саласындағы халықты (зейнеткерлер, жоғары
оқу орындарының, мамандандырылған арнаулы оқу орындарының төменгi курс
студенттерi, колледждердің, лицейлердiң, мектеп-интернаттардың оқушылары,
балалар үйлерi мен арнаулы балалар мекемелерiнде тәрбиеленушiлер,
мүгедектер мен қарттар үйлерiнде орналасқандар, әкiмшiлiк пен олардың
отбасы мүшелерiмен бiрлесе отырып) көлiк жұмысының кестесiн бұзбастан
эвакуациялық шаралар басталғанға дейiн ішінара эвакуациялауға жатады.
Төтенше жағдайлар қаупі туындағанда халықты қауiптi аймақтардан қауiпсiз
жерлерге уақытша көшiру жүзеге асырылады.

Эвакуация мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде жүргiзiледi. Халықты қауiптi
аймақтардан тыс жерлерге жеткiзу (шығару) мерзiмi оның аяқталуы болып
саналады.

Қауiптi аймақта эвакуацияланатын халық өз облысының аумағында
орналастырылады. Әрбiр ұйымға орналастыру ауданы (пунктi) белгiленедi.

Халықты соғыс кезiнде орналастыру аудандары (пункттерi) күнi бұрын
белгiленедi, жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiледi, және солардың
шешiмiмен (қаулысымен) бекiтiледi. Осы шешiмдер, (қаулылар) негiзiнде әрбiр
ұйымға ордер берiледi, оның көшiрмесi тиiстi қызметтерде сақталады.

Ішiнара эвакуациялау кезiнде халықты орналастыру аудандарын
(пункттерiн) Республика Үкiметi, жергiлiктi атқарушы органдар белгiлейдi.

Эвакуацияланатын халықты бiр облыстың қауiпсiз аудандарына толық
орналастыру мүмкiн болмаған жағдайда, оның бiр бөлiгi облыс әкiмдерiнiң
келiсiмi бойынша көршi облыстарға жеткiзiлуi мүмкiн.

3. Бытыраңқы орналастыру - соғыс кезiнде өндiрiстiк қызметiн одан әрi
жүргiзiп отырған ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшiлерiн категорияланған
қалалардан, ұйымдасқан түрде әкету және қауiпсiз аймаққа орналастыру.

Категорияланған қалаларда соғыс кезiнде жұмысын тоқтатпаған
ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшiлерi қауiпсiз аймаққа орналастырылады.
Әр ұйымның жұмысшылар ауысымын тасымалдау үшiн жұмысшылар ауысымын жұмыс
объектiлерiне көшiруге және қайта әкетуге кететiн уақыттың мейлiнше аз
жұмсалуын (2-3 сағаттан көп емес) ескере отырып, темiр жолға, автомобиль
және су жолына жақын орналасқан орналастыру орындары бөлiнедi.

4. Бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялауға жататын барлық халыққа
эвакуациялық тiзiм (1 қосымша) жасалады.

Тiзiмдер ұйымдар мен пәтерлердi иеленушiлердiң кооперативтерi (ПИК)
бойынша күнi бұрын жасалады және эвакуациялық шараларды жүргiзуге арналған
өкiмдi алған Уақытта нақтыланады. Жұмысшылар мен қызметшiлердiң өндiрiсте
және қызмет көрсету саласында iстемейтiн отбасы мүшелерi отбасы қожасының
жұмыс iстейтін орны бойынша тiзiмге алынады.

Эвакуациялық тiзiмдер үш данада жасалады:

1) бiреуi - ұйымда немесе пәтерлердi иеленушiлер кооперативiнде
қалады;

2) екiншiсi - эвакуациялық шараларды жүргiзуге өкiм алысымен
жиналатын эвакуациялық пунктте (тiзiмдi анықтағаннан кейiн) жiберiледi;

3) үшiншiсi - бытыраңқы орналастыру мен эвакуация басталысымен
эвакоқабылдау комиссиясына жiберiледi.

Эвакуациялық тiзiмдер мен төлқұжаттар бытыраңқы орналастырылатын және
эвакуацияланатын халықты қауiпсiз аймақта есепке алатын, орналастыратын
және жабдықтайтын негiзгi құжаттар болып табылады.

Қауiпсiз аймақта бытыраңқы орналастырылатын және эвакуацияланатын
халықты орналастыруға, жабдықтауға және қорғау үшiн қажеттi жағдай жасауға
бағытталған дайындық шаралары алдын-ала жүргiзіледi.

Орналастыру аудандарын алмастыруға айрықша жағдайларда ғана жол
берiледi.

Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар басқармалары бастықтарының
эвакуациялық шараларды басшылыққа алу жөнiндегi мiндеттерi

Бытыраңқы орналастыру мен эвакуацияға орталық және жергiлiктi атқару
органдарының азаматтық қорғаныс бастықтары, ал қауiпсiз аймаққа (селолық
жерлерге) келушiлердi қабылдау мен орналастыруға - аумағына халық келетiн
селолық аудандардың азаматтық қорғаныс бастықтары басшылық жасайды.

Халықты бытыраңқы орналастыру және эвакуациялау мақсатында азаматтық
қорғаныс пен барлық деңгейдегi азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар
қызметтерiнің бастықтары төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармаларымен
(бөлiмдерiмен) бiрлесе отырып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төтенше жағдай кезінде халықты қорғау
Эвакуация, көшірудің жалпы принциптері, мәні мен әдістері
Өрт қауіпсіздігі жоспары
«Медициналық апат» бейбіт және әскери уақыттағы төтенше жағдайлардағы халықты қорғаудың негізгі шаралары
Эвакуация, көшіру және бытыраңқы орналастыру шаралары
Халықты қорғау әдістері
Төтенше жағдайда қорғау
Халықты қорғаудың негізгі принциптері мен қорғау әдістері
Автономды өмір сүру жағдайында тіршілік ету аймағының ерекшілігін бағдарлау
ТЖ кезінде халықты қорғау
Пәндер