Математикалық есептер


Пән: Математика, Геометрия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Математикалық есептер.

Жоспар

  1. Математикалық есептер
  2. Есеп түрлері.
  3. Есеп шығаруға қойылатын негізгі талаптар.

Математикалық есептер

1. Есептің математиканы оқытудагы орны және міндеттері

Математика ғылым ретінде есептен пайда болған және есеп арқылы дамиды. Тарихқа жүгінсек, ең көне математикалық ескетркіштер Ринд және Мәскеу папирустарында есептер қарастырылып, оларды шығару жолдары берілген. Есеп шығару мұқтаждығынан мүмкіншіліктер теориясы, ойындар теориясы, информатика теориясы т. б. дамыды.

Математикалық есеп оқушылардың ұғымдарды, теорияны және математика әдістерін меңгерудің тиімді де, айырбасталмайтын құралы болып табылады. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуда, оларды тәрбиелеуде, біліктіліктерімен дағдыларының қалыптасуында, математиканың практикамен байланысын көрсетуде есептің алатын орны зор.

Есептің негізгі міндеттері: оқыту, тәрбиелеу, дамыту және бақылау болып табылады. Барлық есептер оқыту міндетін орындайды. Басқаша айтқанда кез келген есепті шығарғанда оқушы математикалық білім алады, шығару біліктілігі қалыптасады, дағдаға ие болады, яғни математикалық білім деңгейі жоғарылайды. Көбінесе әр есеп озінің мазмұны арқылы тәрбиелік міндетін атқарады. Мысалы, қоғам дамуының әр түрлі кездеріне байланысты, есеп мазмұны да өзгеріп отырады. Бір кезеңдерде есептер жинағы көпестердің сауду саттығын, арзанға сатып алу, керісінше қымбатқа сату, құмарлық ойындарында ұту т. с. с мазмұны болды. Қазіргі оқулықтарда есеп мазмұны оқушылардың жоғарғы моральдық қасиетттерін қалыптастыруға, ғылыми көзқарастарын дамытуға, интернационалдық және патриоттық рухта тәрбиелеуге негізделген.

Есеп шығару деегеніміз не? Есеп түрлері

Есеп шығару - ерекшке жұмыс, дәлірек айтқанда ой жұмысы. Ал кез келген жұмысты дұрыс атқару үшін, оның неден тұратынын және оны орынлау үшін қандай құрал, әдіс керек екендінін алдын ала анықтап алу қажет. Кез келеген есеп шарттардан және талаптардан құралады. Есеп қарастырылған объктілеріне байланысты - практикалык және математикалық болып екіге бөлінеді.

Теоремаға байланысты стандартты және стандартты емес есеп түрлері белгілі. Дайын ережелердің көмегімен шығарылатын есеп стандарттық есеп делінеді де, ал шығару жолдары дайын ережелер арқылы табыла қоймайтын есеп - стандарттық емес есеп болады. Мысалы. 1. Егер, болса арифметикалық прогрессияның алғашқы алты мүшесін жаз(стандарттық есеп) . 2. Арифметикалық прогрессияның төрттінші мүшесі 4 ке тең. Прогрессия айырымының қандай мәнінде оның алғашқы үш мүшесінің қос-қостан алған көбейтінділерінің қосындысы ең кіші мәнге ие болады(стандартты емес) . Есеп талабына қарай: а) есептеу , ә) дәлелдеу , б) зерттеу , в) салу есептеріне бөлінеді. Есептеуге арналған есептерге: өрнек мәнін табу, функцияның мәнін есептеу, кесіндінің ұзындығын, фигураның ауданын табу, бұрыш шамасын анықтау т. с. с. с. жатады.

Өзінің алға қойған дидактикалық мақсатына қарай есептерді үш түрге бөлуге болады:1) танымдық есептер : бұлар арқылы жаңа білім алынады; 2) машықтану есептері : бұлар арқылы орнықты білім дағдылар қалыптасады; 3) шығармашылық ойлауды қажет ететін дамыту есептері . Шешу кезінде қандай ойлау түрінің басым болуына байланысты есептерді алгоритімдік, жартылай алгоритімдік, және эвристикалық деп шартты түрде үшке бөлуге болады.

Есеп шығаруға қойылатын негізгі талаптар

Есеп шығаруға төмендегідей талаптар қойылады:

а) Қатесіз шығару;

ә) негіздеу (дәлелдеу) ;

б) толық шығару;

в) мүмкіндігінше тиімді жолмен шығару;

г) есепті қаттау (оформление) .

4. Оқушылардың есеп шығаруға уйрету

Әрбір есеп белгілі бір немесе бірнеше дидактикалық мақсаттарға жету үшін беріліндігі түсінікті. Есеп дидактикалық мақсаты мен мазмұнына байланысты математикалық ұғымдарға мақсаты мен мазмұнына байланысты математикалық ұғымдарды қалыптастыруға, символикаларды меңгеруге, дәлелдеуге уйретуге, білім және біліктілікті қалыптастыруға, ойлау қабілеттерін арттытуға т. б. арнаулы мүмкін. Оқытушы есеп шығарудың әр түрлі әдістерін (анализ және синтез, байқау арқылы танысу, жинақтау, модель құру т. б. ) жүйелі түрде үйрету керек. Есеп шығара білу қыры мен сыры мол, үзіліссіз тәжірибе арқылы келетін үлкен өнер екенін есте қажет. Есеп шығаруға келетін үлкен өнер екенін есте ұстау қажет. Есеп шығаруға бағыт, бағдар беретін ғылыми -әдістемелік әдебиеттерге ( Колягин Ю. М., Пойа Д. Туманов С. И. , Фридман Л. М. , Эсаулов А. Ф. т. б. ) шолу жасай отырып, озық тәжіибелі мұғалімдердің еңбектеріне сүйене келе, қандай да болмасын есепті шығаруды негізгі төрт кезеңгң бөлуге болады:

  1. есептің шарты мен талабын терең түсіну;
  2. есепті шығарудың жоспарын құру;
  3. жоспарын жүзеге асыру;
  4. есепті тиянақтау.
Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математикалық есептерді шығаруды оқытудың мәселелері
Есеп шешудің әдістемесі.
Математикалық сауаттылық есептері тақырыбындағы 5 сыныптарға арналған элективті курс
Алгебра және анализ бастамаларын оқыту барысында математикалық анализдiң негiзгi ұғымдарын есептердi пайдаланып қалыптастыру
Мектеп математика курсында оқушыларды жалпы деңгейлік тапсырмалармен және олимпиадалық сипаттағы деңгейлік тапсырмалармен таныстыру жолдары
Математикадан логикалық есептер жинағы
Математикадан өткізілетін деңгейлік олимпиядалар мен олимпиядалық есептер
Оқушылардың математикалық білімдерін бақылау және бағалау құралы
Есепті жазбаша шығару
Математикалық есептерді шығаруды оқытудыңмәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz