Қазақстан Республикасында сақтандыру ісінің теориялық негіздері
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Қазақстан Республикасында сақтандыру ісінің теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.1 Сақтандыру ісінің пайда болу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Сақтандырудың экономикалық қажеттілігі және оның түрлері ... ... ... ... ... ...9
1.3 Қазақстанда сақтандыру нарығының қалыптасу жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ..11
2 Қазақстан Республикасында сақтандыру нарығының қызметін талдау және бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.1 Сақтандыру нарығының қаржылық көрсеткіштерін талдау ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2 Қазақстанның сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.3 Сақтандыру нарығының даму жағдайын бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
3 Қазақстан Республикасында сақтандыру нарығын дамыту мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

Кіріспе
Сақтандыру өз іс-әрекетінде танымның теориялық және эмпирикалық тәсілдеріне сүйенеді және бірқатар ғалымдардың, экономиканың, статистиканың, ықтималдықтардың теориясының нәтижелеріне негізделеді.
Сақтық қорғауы ұйымдастырылатын құбылыстардың бұқаралық сипатына байланысты, сақтандыру саласы барлық ақпаратты жинауға, топтауға, жүйелеуге және жалпылауға мәжбүр. Бұл ақпараттарды сақтандыру саласы қызметінің тиімділігін арттырудың тиімді стратегиясын жасау үшін қолданылады.
Экономикалық қатынастар жүйесі ретінде сақтандыру сақтық жауапкершіліктегі әртүрлі объектілер мен субъектілерді, заңдық ережелер мен тәртіптерге сәйкес қызметтерін ұйымдастыру түрлерін қамтиды.
Экономикалық қатынастардың алуан түрлігін реттеп, бірыңғай және өзара байланысты жүйені жасау үшін сақтандыруды жүйелеу қажет. Сақтандыруды жүйелеу әрбір сақтандырудың келесі буыны алдыңғы буынның бөлігі болатындай буындар мен салаларға бөлудің ғылыми жүйесі болып табылады. Сақтандыруды жіктеудің негізіне екі критериясы алынған: сақтандыру объектілеріндегі өзгешелік және сақтық жауапкершілігі көлеміндегі өзгешелік. Осы бөлуге сәйкес жіктеудің екі жүйесі қолданылады: сақтандыру объектілері бойынша және қауіптің тегі бойынша. Кеңейтілген және нақты мағынада сақтандыруды жіктеу сақтандырушыларда және олардың жұмысында, объектілерді, сақтандырушылар категориясында, сақтық жауапкершілігі көлемінде және сақтандыру өткізу түрінде өзгешеліктерді көрсету түрін бейнелейді.
Сақтандыру жүйесі - осы нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құндылықтарының бірі. Сақтандыру - қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыру ұйымдары жұмыстарының тұрақтылығы мен қызметінің қаржылық бекемдігін қамтамасыз ету үшін қайта сақтандыру жүйесін құру аса қажет. Сақтандыру - сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, материалдық шығындарға ұшыраудан қорғап, экономикалық табысқа жетуге кепілдік береді. Қайта сақтандырудың мақсаты - аса қауіпті қатерлердің зардабын жоя алатын кең ауқымды кепілдіктердің кеңістігін кеңейту мен нығайту. Бұл интернационалдық экономикалық және де сақтандыру балансымен алғанда теңгермешілік өлшемнің ең соңғысы емес. Міне осыған орай сақтандыру техникалық экономикалық және де әлеуметтік прогрестің аса маңызды құралы болып табылады.
Сақтандыру жауапкершілігінің көлемін өсіру процесіндегі сақтандыру ұйымы жүргізетін қызметтің бастапқы кезеңінде де қайта сақтандырудың рөлі ерекше. Сондықтан да ішкі нарықта қайта сақтандыру жүйесін құру міндетті, бізде де барған сайын нарықтық экономикадағы өте маңызды, әрі актуальды мәселе бола түсуде. Осыған байланысты сақтандыру операцияларының қаржылық бекемдігін қамтамасыз ететін шалғай шетелдерде бұл тәсілдің рөлі мен мәнін барынша жан-жақты ашу негізгі мәселелердің біріне айналды.
Қайта сақтандырудың өзінің байырғы дәстүрі болғанымен де, оның мәні ең алдымен Қазақстан экономикасында жүріп өтуі керек болып тұрған индустриализациямен айрықша байланысты. Соңғы онжылдықтар ішінде Еуропа, АҚШ пен Жапония индустриализацияның нәтижесінде үлкен де ірі қатерлер мен қауіптердің кешенді көздерінің аса зор потенциалдары пайда болып, олар жекеленген сақтандырушының ал кейбір жағдайларда тіпті сақтандыру нарықтың қаржылық мүмкіндігін мейлінше өсірді. Экономиканың ғылым мен техниканың қуаты өркендеу қатерлер мен аса қатерлі қаржылық комбинациялардың күрт өсуімен күрделене түсуіне әкеп соғуда. Міне бұл сақтандыру ісінің қазіргі басты міндеті клиенттердің қауіп-қатер жауапкершілігін қабылдай отырып, сақтандыру ұйымдары өз қызметтерін клиенттердің қатерден аман болуына немесе оны клиенттердің мүддесіне орай азайтуға бұруға тиіс.
Қатерді жабу үшін барлық қажеттілікті жасауға кепілдік беру керектігі жұмыстың өзіне сай келетін, нысандар мен әдістерді талап етеді. Қайта сақтандыру қоғамның стратегиясы жаппай нарықтық қозғалмалы құрылымы мен өнімдеріне болашақтағы жаңа қатысушыларға ыңғайластыруға бағытталуға тиіс.
Қазіргі таңда сақтандыру ісі Қазақстанда дамуы барысында сақтандыру компанияларының қызметін жақсарту өте маңызды болып табылады. Соңғы жылдарда сақтандыру компанияларының активтерін басқарудың портфельді әдістерін қолдану және теория, практикалық негіздеу саласында үлкен өзгерістер болып жатыр.
Сақтандыру компанияларының потфелін басқару мәселесіне, сонымен қатар бүкіл қор рыногына қатысты, оның ішінде инвестициялық менеджмент, портфельді инвестиция, пайыздық мөлшерлеме және келтірінді құн теориясы туралы Ч.Доудың, Б.Грэхэмнің, Д.Доддтың, И.Фишердің, Р.Элиоттың, Г.Марковицтің, Д.Тобиннің, У.Шарптың, Ф.Розенфельдтің, Р.Эдвардстың, Ю.Фаманың, Дж.Линтнердің, Р.Претчердің және Дж.Мейджидің қомақты, терең еңбектерін жатқызуға болады.
Сақтандыру нарығын зерттеу мәселесіне тікелей қатысты жұмыс жазған отандық авторлар – У.Искаков, В.Мельников, В.Ли, К.Жүйріков, В.Додонов, Н.Нурланова, Ж.Құрманов, А.Назина, А.Құрманғалиева, Н.Батыргожин, Г.Маянлаева.
Кусртық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасында сақтандыру нарығының қызметін талдау, сақтандыру компанияларының инвестициясын оңтайландыру әдістері мен жетілдіру бойынша қорытындылар мен ұсыныстар жасау болып табылады.
Аталған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылады:
Қазақстан Республикасында сақтандыру ісінің қалыптасу жағдайы;
Сақтандырудың экономикалық қажеттілігі мен даму ерекшеліктері;
Қазақстанның сақтандыру және қор нарығының қазіргі кездегі жай-күйі мен даму перспективаларын талдау;
Қазақстанның сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелін басқарылуын талдау.
Курстық жұмыс кіріспе, үш тараудан, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Жұмыстың бірінші тарауында сақтандыру ісінің пайда болуы мен Қазақстан Республикасында сақтандыру нарығының қалыптасу жағдайы қарастырылған, екінші тарауда Қазақстан Респуликасының сақтандыру нарығының қаржылық көрсеткіштеріне талдау жасалып, сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелін тиімді басқару сипатталған, үшінші тарауда Қазақстандық сақтандыру компанияларының инсвестициялық қызметіндегі механизмді жетілдіру болашағы мен қайта сақтандыруды жетілдіру шаралары анықталған.
Курстық жұмысын жазу барысында Сақтандыру туралы заңдар мен нормативтік құжаттар, отандық және шетелдік авторлардың оқулықтары, Қаржылық қадағалау агенттігінің, баспасөз материалдары және интернет желілерінен алынған ақпараттар пайдаланылды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. «ҚР-ның сақтандыру туралы» заңы 02.07.92ж.
2. ҚР-сы Президентінің Жарлығы «Сақтандыру рыногын қалыптастыру мен дамыту бойынша ұйымды – құқықтық шаралар туралы» №1658, 16.04.94ж.
3. «ҚР-сы сақтандыру туралы» заңы 03.10.95ж.
4. «ҚР-сы Үкіметінің қаулысы 25.06.96ж. №791 «ҚР-ның сақтандыру рыногын 1996-1998жж дамытудың негізгі бағыттары».
5. Заң күші бар ҚР-сы Президентінің Жарлығы «Азаматтарды медициналық сақтандыру туралы» 15.06.95ж. №23293.
6. «ҚР-ның сақтандыру қызметі туралы» Заңы 18.12.01ж.
7. Страхование: теория, практика, зарубежный опыт. Жуйриков К.К., Назарчук, Жуйриков Р.- Алматы, 2001г.
8. Жуйриков К.К. страхование в Казахстане – пути дальнейшего развития. – Алматы, 1994г.
9. Жуйриков К.К. Страхование в условиях перехода рынку.- Алматы, 1993г.
10. Жуйриков К.К. Бизнес и страхование. – Алматы, 1998г.
11. Общая теория финансов – учебник под ред. Профессора Дробозиной Л.А.- Москва: ЮНИТИ, 1995г.
12. Финансы - учебник для экономических специальностей под ред. Ильясова К.К., Мельникова В.Д. – Алматы «Берен», 1993г.
13. Финансы - учебник для экономических специальностей, второе переработанные издание, под ред. Ильясова К.К., Мельникова В.Д. – Алматы: Каржы-Каражат, 2000г.
14. Сманов Б. «Сақтандыру - экономикалық маңызы және қазақстанда қалыптасып даму кезеңдері» Алматы 2008 ж.
15. Жуйриков К. К. «Қайта сақтандыру» Алматы 2008 ж.
16. Жуйриков К. К. «Қазақстандағы сақтандыру күрделі мәселелер мен дамудың болашағы» Алматы 1999 ж.
17. Жуйриков К. Страхование: теория, практика, зарубежный опыт. Учебник. /Алматы:2009г-384с.
18. Жуйриков К. Страхавой рынок Казахстана: современное состояние и проблемы его развитие. /Банки Казахстана №4 2011г. 22-28с.
19. Шахов В.В. Страхование: Учебник для ВУЗов.-М.:Страховой полис. ЮНИТИ,1997г-311с.
20. Сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелінің тәуекелін басқару // Қаржы-қаражат – Финансы Казахстана. 2010.- №4. 49-53 б.
21. http/www nbrk.kz
22. http/www afn.kz
23. http/www wfin.kz

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Қазақстан Республикасында сақтандыру ісінің теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1. Сақтандыру ісінің пайда болу тарихы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..6
2. Сақтандырудың экономикалық қажеттілігі және оның
түрлері ... ... ... ... ... ...9
3. Қазақстанда сақтандыру нарығының қалыптасу
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ..11
2. Қазақстан Республикасында сақтандыру нарығының қызметін талдау және
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
1. Сақтандыру нарығының қаржылық көрсеткіштерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... 1 6
2. Қазақстанның сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметін

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
3. Сақтандыру нарығының даму жағдайын
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
3. Қазақстан Республикасында сақтандыру нарығын дамыту
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..32
Кіріспе
Сақтандыру өз іс-әрекетінде танымның теориялық және эмпирикалық
тәсілдеріне сүйенеді және бірқатар ғалымдардың, экономиканың,
статистиканың, ықтималдықтардың теориясының нәтижелеріне негізделеді.
Сақтық қорғауы ұйымдастырылатын құбылыстардың бұқаралық сипатына
байланысты, сақтандыру саласы барлық ақпаратты жинауға, топтауға, жүйелеуге
және жалпылауға мәжбүр. Бұл ақпараттарды сақтандыру саласы қызметінің
тиімділігін арттырудың тиімді стратегиясын жасау үшін қолданылады.
Экономикалық қатынастар жүйесі ретінде сақтандыру сақтық
жауапкершіліктегі әртүрлі объектілер мен субъектілерді, заңдық ережелер мен
тәртіптерге сәйкес қызметтерін ұйымдастыру түрлерін қамтиды.
Экономикалық қатынастардың алуан түрлігін реттеп, бірыңғай және өзара
байланысты жүйені жасау үшін сақтандыруды жүйелеу қажет. Сақтандыруды
жүйелеу әрбір сақтандырудың келесі буыны алдыңғы буынның бөлігі болатындай
буындар мен салаларға бөлудің ғылыми жүйесі болып табылады. Сақтандыруды
жіктеудің негізіне екі критериясы алынған: сақтандыру объектілеріндегі
өзгешелік және сақтық жауапкершілігі көлеміндегі өзгешелік. Осы бөлуге
сәйкес жіктеудің екі жүйесі қолданылады: сақтандыру объектілері бойынша
және қауіптің тегі бойынша. Кеңейтілген және нақты мағынада сақтандыруды
жіктеу сақтандырушыларда және олардың жұмысында, объектілерді,
сақтандырушылар категориясында, сақтық жауапкершілігі көлемінде және
сақтандыру өткізу түрінде өзгешеліктерді көрсету түрін бейнелейді.
Сақтандыру жүйесі - осы нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас
құндылықтарының бірі. Сақтандыру - қоғамның экономикалық қатынастарының
айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыру ұйымдары
жұмыстарының тұрақтылығы мен қызметінің қаржылық бекемдігін қамтамасыз ету
үшін қайта сақтандыру жүйесін құру аса қажет. Сақтандыру - сақтандыру
жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, материалдық шығындарға ұшыраудан
қорғап, экономикалық табысқа жетуге кепілдік береді. Қайта сақтандырудың
мақсаты - аса қауіпті қатерлердің зардабын жоя алатын кең ауқымды
кепілдіктердің кеңістігін кеңейту мен нығайту. Бұл интернационалдық
экономикалық және де сақтандыру балансымен алғанда теңгермешілік өлшемнің
ең соңғысы емес. Міне осыған орай сақтандыру техникалық экономикалық және
де әлеуметтік прогрестің аса маңызды құралы болып табылады.
Сақтандыру жауапкершілігінің көлемін өсіру процесіндегі сақтандыру
ұйымы жүргізетін қызметтің бастапқы кезеңінде де қайта сақтандырудың рөлі
ерекше. Сондықтан да ішкі нарықта қайта сақтандыру жүйесін құру міндетті,
бізде де барған сайын нарықтық экономикадағы өте маңызды, әрі актуальды
мәселе бола түсуде. Осыған байланысты сақтандыру операцияларының қаржылық
бекемдігін қамтамасыз ететін шалғай шетелдерде бұл тәсілдің рөлі мен мәнін
барынша жан-жақты ашу негізгі мәселелердің біріне айналды.
Қайта сақтандырудың өзінің байырғы дәстүрі болғанымен де, оның мәні ең
алдымен Қазақстан экономикасында жүріп өтуі керек болып тұрған
индустриализациямен айрықша байланысты. Соңғы онжылдықтар ішінде Еуропа,
АҚШ пен Жапония индустриализацияның нәтижесінде үлкен де ірі қатерлер мен
қауіптердің кешенді көздерінің аса зор потенциалдары пайда болып, олар
жекеленген сақтандырушының ал кейбір жағдайларда тіпті сақтандыру нарықтың
қаржылық мүмкіндігін мейлінше өсірді. Экономиканың ғылым мен техниканың
қуаты өркендеу қатерлер мен аса қатерлі қаржылық комбинациялардың күрт
өсуімен күрделене түсуіне әкеп соғуда. Міне бұл сақтандыру ісінің қазіргі
басты міндеті клиенттердің қауіп-қатер жауапкершілігін қабылдай отырып,
сақтандыру ұйымдары өз қызметтерін клиенттердің қатерден аман болуына
немесе оны клиенттердің мүддесіне орай азайтуға бұруға тиіс.
Қатерді жабу үшін барлық қажеттілікті жасауға кепілдік беру керектігі
жұмыстың өзіне сай келетін, нысандар мен әдістерді талап етеді. Қайта
сақтандыру қоғамның стратегиясы жаппай нарықтық қозғалмалы құрылымы мен
өнімдеріне болашақтағы жаңа қатысушыларға ыңғайластыруға бағытталуға тиіс.
Қазіргі таңда сақтандыру ісі Қазақстанда дамуы барысында
сақтандыру компанияларының қызметін жақсарту өте маңызды болып табылады.
Соңғы жылдарда сақтандыру компанияларының активтерін басқарудың портфельді
әдістерін қолдану және теория, практикалық негіздеу саласында үлкен
өзгерістер болып жатыр.
Сақтандыру компанияларының потфелін басқару мәселесіне, сонымен қатар
бүкіл қор рыногына қатысты, оның ішінде инвестициялық менеджмент,
портфельді инвестиция, пайыздық мөлшерлеме және келтірінді құн теориясы
туралы Ч.Доудың, Б.Грэхэмнің, Д.Доддтың, И.Фишердің, Р.Элиоттың,
Г.Марковицтің, Д.Тобиннің, У.Шарптың, Ф.Розенфельдтің, Р.Эдвардстың,
Ю.Фаманың, Дж.Линтнердің, Р.Претчердің және Дж.Мейджидің қомақты, терең
еңбектерін жатқызуға болады.
Сақтандыру нарығын зерттеу мәселесіне тікелей қатысты жұмыс жазған
отандық авторлар – У.Искаков, В.Мельников, В.Ли, К.Жүйріков, В.Додонов,
Н.Нурланова, Ж.Құрманов, А.Назина, А.Құрманғалиева, Н.Батыргожин,
Г.Маянлаева.
Кусртық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасында сақтандыру
нарығының қызметін талдау, сақтандыру компанияларының инвестициясын
оңтайландыру әдістері мен жетілдіру бойынша қорытындылар мен ұсыныстар
жасау болып табылады.
Аталған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу арқылы жүзеге
асырылады:
– Қазақстан Республикасында сақтандыру ісінің қалыптасу жағдайы;
– Сақтандырудың экономикалық қажеттілігі мен даму ерекшеліктері;
– Қазақстанның сақтандыру және қор нарығының қазіргі кездегі жай-күйі
мен даму перспективаларын талдау;
– Қазақстанның сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелін
басқарылуын талдау.
Курстық жұмыс кіріспе, үш тараудан, қорытынды, қолданылған әдебиеттер
тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Жұмыстың бірінші тарауында сақтандыру ісінің пайда болуы мен
Қазақстан Республикасында сақтандыру нарығының қалыптасу жағдайы
қарастырылған, екінші тарауда Қазақстан Респуликасының сақтандыру нарығының
қаржылық көрсеткіштеріне талдау жасалып, сақтандыру компанияларының
инвестициялық портфелін тиімді басқару сипатталған, үшінші тарауда
Қазақстандық сақтандыру компанияларының инсвестициялық қызметіндегі
механизмді жетілдіру болашағы мен қайта сақтандыруды жетілдіру шаралары
анықталған.
Курстық жұмысын жазу барысында Сақтандыру туралы заңдар мен
нормативтік құжаттар, отандық және шетелдік авторлардың оқулықтары,
Қаржылық қадағалау агенттігінің, баспасөз материалдары және интернет
желілерінен алынған ақпараттар пайдаланылды.
1 Қазақстан Республикасында сақтандыру ісінің теориялық негіздері
1.1 Сақтандыру ісінің пайда болу тарихы
Сақтандырудың түп-тамыры ежелгі ғасырлар қойнауында жатыр. Б.ғ.д. ІІІ-
ші мыңжылдықта вавилондықтарды теңіз шаруашылығында қарыз беру жүйесі
болған, осы жүйеге сай іс зиян шегіп тоқтап қалған жағдайда қарыз
қайтарылмайтын болған.
Б.ғ.д. 916 жылы жалпы орта мәнін алу жүйесі енгізілген. Бұл жүйе
қазіргі сақтандыру тарифтеріне сәйкес келеді.
1584 жылы қабылданған теңіз жүктерін сақтандыру тәртібі жүктерді тасып
жеткізу үшін 5% ақшалай сыйлық төлеуді қарастырған. 16 ғасырдың аяғында
Англияда теңіз тасымалдарын сақтандыру 1601 жылы Парламент Актісімен
бекітілді, ол саудагерлер арасындағы сақтандыру жағдайларына қатысты Акт
деп аталады. Ұзақ уақыт бойы сақтандыру бизнесі сауда оперциясының бөлігі
ретінде өмір сүріп келеді.
1584 жылы сақтандыру полисінде үш сақтандырушы қол қойған, олардың
бірі жарты міндетті мойнына алса, екінші жартысын қалған екеуі бөліп алған.
18 ғасырда сауда көлемінің ұлғаюы алғашқы кәсіби сақтандырушылардың
шығуына әкелді. Өрттен сақтандырудың элементар түрлері орта ғасырда дамыды.
Англияда 30 жылдың ішінде бірнеше тәртіпсіз компаниялар мен бірлескен
қоғамдар құрылды. Олар халықтан ақша жинаумен ғана айналысып, нақты жұмыс
жасаған жоқ. Сақтандыру ісіндегі ең маңызды оқиға 1797 жылы Орталық
Еуропадағы селден қорғану жөніндегі бірлескен сақтандыру компаниясының
құрылуы болды. Өмірді сақтандырумен айналысқан алғашқы компания 1706 жылы
құрылған Достық қоғам болды.
Ресейде 18 ғасырдың аяғына дейін отандық сақтандыру ұйымдары болған
жоқ, тек шетелдік сақтандыру қоғамдарының қызметі пайдаланылады. Сөйтіп көп
қаржы шетелге кетіп қалып, Ресей экономикасына зиянын тигізді.
1786 жылы Ресейде мемлекеттік сақтандыру монополиясы бекітілді.
Сақтандыру экспедициясы өрттен құрылыстарды сақтандыру, оның құнының 75%
көлемінде жүргізілді. Төлемдер жылына сақтандыру соммасының 1,5% құрады.
1827 жылы жеке сақтандыру кәсіпорындары пайда болды. 1846 жылы
Саламандра акционерлік сақтандыру қоғамы құрылды, ол елдің жекелеген
аймақтарындағы құрылыстарды сақтандыру құқына ие болды.
1835 жылы Ресейде жеке сақтандыру ұйымдастырылып Өмір жеке
акционерлік сақтандыру қоғамы құрылды.
1875 жылы алғашқы үстемдік етуші бірлестік сақтандыру синдикаты
ұйымдастырылды. Бұл синдикат 1918 жылға дейін қызмет жасады.
1864 жылы алғашқы өзара сақтандыру қоғамдары пайда болды. 1885 жылы
Ресейде шетелдік сақтандыру қоғамдарына қызмет жасауға тыйым салынып
тасталды. Шетел капиталының сақтандыру ісіндегі үлесі 1890 жылы 24% жетті.
Шетелдік сақтандыру қоғамдары ішкі істер министрлігі тарапынан мемлекеттік
бақылауға алынды.
1913 жылы Ресейдің барлық сақтандыру мекемелерінде 21 млрд. сомның
мүлкі сақтандырылды, мұндағы акционерлік сақтандыру қоғамының үлесі-65%;
жергілікті қоғамдардыкі-15%; өзара қалалық қоғамдардыкі-8% болды. Орыс
акционерлік сақтандыру қоғамдары 1913 жылы 129 млн. сақтық төлемдерді
жинаса, шетелдіктер-12 млн. сом, өзара қоғамдар-14 млн. сом жинады.
Сақтандыру қоғамдарының қаржылық ресурстарына ірі инвестициялардың көзіне
айналды. Олар мемлекеттік қарыздар мен акцияларға жұмсалынды.
Жарғылық типіндегі тұрақты ұйымдардағы өзара сақтандыру дәстүрі ежелгі
дәуірдің басқа халықтарымен салыстырғанда Ежелгі Римде дамыған деп
саналады. Ол түрлі одақтар мен ұжымдарда кеңінен қолданылды.
Римдегі кәсіби корпорациялар өз мүшелерін қоғамдық-экономикалық, діни,
тұрмыстық және жеке мүдделер негізінде біріктерген ұйымдар болды. Ежелгі
халықтарда бабаларға және жерлеуге деген табынушылық дәстүрін ескерумен,
осы коллегиялардың негізгі мақсаттарының бірі мүшелерін лайықты жерлеу
рәсімімен (жерлеу процессиясы, ескерткіш және т.б.) қамтамасыз ету болды.
Осыдан басқа өзара көмек көрсетудің басқа да түрлерін орындау міндеттері,
соның ішінде науқастану, жарақаттану және т.б. жағдайда қаржылай көмек
көрсету қамтылды.
Қалыптасқан ережелерге сәйкес кәсіби коллегия мүшелері мүшелікке
қабылданғанда мезгілді, одан кейін ай сайынғы жарналар төлеп отырды.
Коллегия мүшесі қайтыс болған жағдайда коллегия кассасынан (қорынан)
оның отбасына сақтандыру сомасы төленді. Ежелгі Римде қолөнер және кәсіптік
басқа да коллегиялармен қатар, өзара сақтандыру әскери және діни ұйымдарда
жасалды.
Ортағасырдағы сақтандыру алғашында антикалық замандағы сипатта болды,
яғни ол құл иеленуші қоғамның кәсіби коллегиялары мен ұйымдарындағы
белгілерді қайталады және өз дамуында ұқсас кезеңдерден өтті:
– жазатайым оқиғалардың жеке түрлеріне, өзара көмектің формалары мен
мөлшеріне жіктелуінсіз көрсетілетін жалпы өзара көмектен – сақтандыру
жағдайларының шеңбері, сақтандыру төлемдерінің түрлері мен мөлшері
нақтыланған жалпы көмектің белгілі түріне көшу;
– төленетін нақты жәрдемақының және шығынның мөлшерін есептеуден –
нақты белгіленген, мерзімдік сақтандыру жарналары жүйесіне, сақтандыру
қорын алдын ала жинақтау жүйесіне көшу.
Ортағасырда сақтандыру гильдиялық – цехтік деп аталды. Алғашқы
гильдиалыр Англияда (X-XI ғғ.), кейіннен Германияда (X-XII ғғ.) және
Данияда (XII ғ.) пайда болды. ауырластық Ортағасырлық гильдиялардың
бастапқы мәнінде бауырластық жатты. Әр мүшеге және жалпы бауырластыққа жан
жақты көмек көрсетуді міндет тұтқан олардың негізі де осыған құрылды.
Олардың әрекетінде қоғамдық (саяси, діни және т.б.) және шаруашылық
мақсаттар біріктірілді. Мүшелердің өзара қарым қатынасы римдегі
коллегиялардан анағұрлым тығызырақ болды. Оған қоса, бастапқы кезеңде түрлі
кәсіп иелерін біріктіргендіктен олар әмбебап сипатта болды. Нәтижесінде өз
мүшелерінің жеке басын және мүлкін түрлі қол сұғулардан қорғайтын қорғау
гильдиялары, және де түрлі кәсіп иелерінің мүдделері тұтастығы негізіндегі
кәсіптік гильдиялар пайда болған дифференцияция (бөліну) процесі кейінірек
басталды. Көпестер гильдиясы (түрлері – герман шекара ганзылары) және
қолөнер цехтары кеңінен тарай бастады. Кәсіптік бірлестіктердің басқа да, -
мысалы, әртістер мен сайыскерлер гильдиясы, жалдамалы солдаттар және т. б.
түрлері болды. Кедейлер, мүсәпірлер, тіпті ұрылар одақтары да гильдия
түрінде ұйымдастырылды. Ортағасырлық гильдиялардың қорғау және
кәсіптіктерге жіктелуі абсолютті сипатта болмағанын, олардың өз мүшелеріне
белгілі бір жағдайларда өзара көмек көрсеткенін, басқаша айтқанда
сақтандыру қызметін орындағанын және дамытқанын айта кету қажет.
Алғашында өзара көмек гильдия мен цехтардың жарғыларында төлем мөлшері
мен сақтандыру жағдайларының шеңбері анықталмаған жалпы сипатта белгіленді.
Шығындар мен жарналар басқа шығындармен бірге жалпы гильдияның немесе жалпы
цехтың кассасынан, немесе мүшелер арасында жіктеу арқылы өтелді.
Өзара көмек беру ұйымы біртіндеп гильдиялар мен цехтарда нақтылана
түсті, гильдиялық –цехтық сақтандыру тұрақты жарналар жолына түсті,
сақтандыру төлемдерінің негізі мен мөлшері нақтыланды. Сақтандыру
жадайларының тізімі тәуекел деңгейі есебімен құрыла бастады. Ол
гильдияларда біршама кеңірек болды, себебі ортағасырларда сауда - саттық
ісі теңіз және құрлықпен ұзақ жол жүрумен, үлкен қауіппен байланысты болды.
Ал қолөнер түрлерімен айналысу отырықшы және қалыпты тіршілікпен байланысты
болды. Осыған байланысты гильдиялық өзара сақтандыру сол кезінде өзінде-ақ
жеке және мүліктік сақтандыруды айырып, гильдия мүшелерінің жеке басына,
мүлкіне қатысты түрлі сақтандыру жағдайларын қарастырды. Мүлікті сақтандыру
су тасқынынан, өрттен, кеменің апатқа ұшаруынан, малдың өлім-жітімінен,
сонымен қатар ұрлық пен тонаудан болған жағдайдарда шығындардың өтелуі
қарастырды. Аталған арнайы тәуекелдермен бірге, себебіне тәуелсіз гильдия
мүшесінің кедейленуі де, көмек көрсетілетін сақтандыру жағдайына
жатқызылды.
Гильдиялардағы жеке сақтандыру қайтыс болу, науқастану, мүгедек болып
қалу жағдайларына сәйкес жәрдемақы төлеуді қарастырды. Қайтыс болу
жағдайында жәрдемақы жерлеу үшін және жесір мен жетімдерге қолдау көрсету
үшін берілді. Науқастарға көмек әдетте, ауыр, емделмейтін ауруларда
берілді. - мысалы, 1284 жылға қатысты мәліметке сәйкес ағылшын гильдиясының
бірі соқырлық, алапес және басқа ауру түрлеріне жәрдемақы төлегені белгілі.
Цехтардағы өзара сақтандыру көбінде қайтыс болу, ауру және т.б. сияқты
цех мүшелерінің жеке басына қатысты жағдайларды сақтандыруға бағытталды.
Запа шеккендерге гильдия немесе цех кассасынан берілетін көмектен
басқа, ұжым мүшелерінің табиғат апатымен күресу, теңіз апаты, өртті өшіру,
ұрылардан қорғау сияқты жағдайларда өзара көмек көрсету міндеті де
қарастырылды. Осы жағдайлардан болған шығындар, негізгі залал сияқты
гильдия тарапынан өтелді. Гильдия мүшелері өз мүліктерін сақтауға және
күтуге, шығындардың алдын алу шараларын орындауға міндетті болды. Мүлікті
қорғау ережелерін бұзу сақтандыру өтемін алу құқығынан айырды.
1.2 Сақтандырудың экономикалық қажеттілігі және оның түрлері
Сақтандыру - қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын
бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің,
өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды.
Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп - бұл өндіріс пен адам өмірінің
қауіп-катерлі сипаты. Сондықтан өндіріс үдерістерін жалғастыру,
азаматтардың, жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап
отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің,
олардың топтарының (салалық және аумақтың аспектілерде) натуралдық-заттай
босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресуретарын да
кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте
резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін
қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс үдерістерін қоғамдық
және ұжымдық қорғау болып табылады.
Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:
– қатынастардың ықтималдық сипаты;
– қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда
мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі,
жеке адам деңгейінде).
Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері
бар:
– сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;
– сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;
– оның іс-әрекеті ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып
отырады;
– сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;
– ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық
жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы).
Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресуретары меншігінің субъектісі
болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі
болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметті, бизнесті)
экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу
үдерістерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы-кредит инетитуты ретінде қарауға
болады.
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері
есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсөтілетіндігінде. Демек,
сақтандыруды қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке
және заңи тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық
залалды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі
қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы деп қараған жөн.
Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық
арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау
фуикциялары сай келеді.
Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі.
Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен
сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда
бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің, жинақтық функциясына
бүгіледі.
Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын
қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың
нақты қатынастарында көрінеді.
Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандыру экономикалық
категориясын сипаттау үшін тәуекелдік функциясын қарауды ұсынады, өйткені
сақтық тәуекелі сақтандырудың негізгі арналымымен - қолайсыз оқиғалардан
болған залалдың орнын толтырумен байланысты.
Сақтық қатынастарының бір бөлігінің салыстырмалы жалпы бағыттылығы мен
(кең арналымдағы резервтік қорларды пайдалана отырып) қоғамдық қорғаудың
жүйесі арқылы тиісті ақша қаражаттарының арналымы болады. Бұл қатынастар
мен қорлар байланысылған және жалпы ұлттық сипаты бар төтенше уақиғаларды
ескертуге және жоюға бағытталған. Мұндай жағдайларда тұрақты жұмыс істейтін
қорлардан басқа (жалпы мемлекеттік материалдық резервтерден, Үкіметтің
резервтік қорларынан) кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың ерікті
қайырымдылықтары есебінен қосымша қаражаттар жұмылдырылуы мүмкін. Бұл
қорлар халыққа, өндіріс пен инфрақұрылымның объектілерін жаңғыртуға,
экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге
асыруға келтірілген залалды өтеуге пайдаланылады.
Қатынастырдың екінші бөлігінің біршама тар арналымдағы қоларды -
әлуметтік қорлар мен әлеуметтік қамсыздандыру қорын жасап, пайдалана
отырып, азаматтардың әлеуметтік жағдайын қорғауға бағыттылығы болады. Бұл
қатынастардың іс-әрекеті халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттігімен
байланысы.
Үшінші бөлік қатынастардың тұйық аясы пайдалана отырып және олардың
осы жиынтығы шегінде бұл қатынастардың баламалылығына жете отырып,
адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын, олардың мүлкін, сонымен бірге
шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүлкін сақтық қорғау жөніндегі
қатынастар болып табылады. Бұл - жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру
және шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін мүліктік сақтандыру.
Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы дербес бөлігі медициналық
сақтандыру болып табылады.
Сақтандыру кезінде сақтық резервтері мен қорларын қалыптастырудың екі
негізгі әдісі қолданылады, олар: бюджеттік және сақтық әдістері.
Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттердің қаражаттарын,
яғни бүкіл қоғамның қаражаттаръш пайдалануды болжайды.
Сақтық әдісі қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың
жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады; жарналардың мөлшері және
оларды төлеудің тәртібі сақтандырудың түріне қарай немесе заңмен не сақтық
қатынастарының қатысушылары арасындағы арнайы келісім-шартпен анықталады.
Сақтық қатынастарының бірінші бөлігінде – қоғамдық қорғауда бюджеттік
әдіс пайдаланылады, екінші бөлікте - әлеуметтік сақтандыруда - қос әдіс,
үшінші бөлікте - жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыруда тек сақтық әдісі
пайдаланылады.
Ірі апаттар мен нәубеттердің зардаптарын жою жөніндегі шараларды
қаржыландыру үшін қайырымдылық қайыр көрсету алымы немесе белгілі бір
уақиға шалмаған қатысушылар арасында қаражаттарды бөлу сияқты көмекші
әдістер қолданылуы мүмкін. Сонымен бірге, өзін-өзі сақтандыру негізінде
яғни, бір шаруашылық жүргізуші субъектінің немесе азаматтың шегінде, ақша
қаражаттарын немесе материалдық босалқы қорларды қалыптастыру әдісі де
болуы мүмкін. Мұндай әдіс ауыл шаруашылығында (босалқы қорлар – жемшөп,
тұқым, отын және т.б. қорлар), материалдық өндіріс сферасының
кәсіпорындарында (шикізаттың, шала фабрикаттардың, басқа материалдардың
босалқы қорлары) қолданылады; азаматтардың жекеше жинақ ақшалары олардың
сақтық босалқы қорлары ретінде қаралуы мүмкін.
Сақтандыру экономикалық категориясының материалдық-ақшалай иелері
сақтық қорлары бола алады, олар қоғамды кұдайы өндірістің элементтері,
сақтық қатынастары қатысушыларының жарналары, мемлекетік бюджет
қаражаттары, қаражаттардың ерікті аударымдары, қайыр көрсету және сақтық
қатынастары қатысушыларының тарапынан болатын бірқатар басқа айрықшалықты
төлемдер есебінен қалыптасатын ақшалай немесе материалдық қаражаттардың
резервтері болып табылады.
1.3 Қазақстанда сақтандыру нарығының қалыптасу жағдайы
Рыноктық экономикада сақтық ісіне мемлекеттің монополиясы бұзылған:
мүліктік және жеке басты сақтандырудың барлық түрлерін жүргізген бір ғана
органның - Мемлекеттік сақтандырудың орнына сақтық рыногында бірнеше сақтық
компаниялары, кәсіпорындар, қорпорациялар, меншіктің, түрлі нысандарының
қоғамдары құрылды. Қызмет сферасы сақтандырудың тәуекелдік түрлерін де
қамтиды: биржалық мәмілелерді, жүктерді, кредиттерді, коммерциялық,
құқықтық және басқа айрықшалықты тәуекелдерді (валюталық бағамның өзгеруі,
ереуілдер кезінде кәсіпорынның тұрып қалуы, соғыс қимылдары, жұмыссыздық,
экологиялық тәуекелдерді және т.б.) сақтандыру.
Қазақстанда сақтық ұйымдары шет елде инвестицияларды және экепорттық
кредиттерді төлемеу тәуекелдігінен сақтық қорларға қатыспайды. Осыған
байланысты, республиканың экепорттық мүмкіндіктері өсуінің жекеше сақтық
ұйымдарының капиталдану қарқыннан озық қарқынын ескере отырып, отандық
инвесторлар мен экепортшыларды сыртқы қауіп-қатерден қорғау саласында
мамандырылған қорпарацияны құру және оның жұмыс істеуі өте деркезділік
болып табылады.
Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі
мемлекеттік сақтық қорпорациясы Қазақстан Республикасының дамыту
институттарының бірі болып табылады, оның негізгі мақсаты - 2003-2015
жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге
асыруға жәрдемдесу. Қорпорацияның орнықты қызметін қамтамасыз ету үшін 7,7
млрд. теңге мөлшерінде жарғылық капиталы қалыптастырылған. Қоғамның бірден-
бір акционері мемлекет болып табылады. Қорпорация қызметінің негізгі бағыты
- бұл сатып алушылардың дәрменсіздігімен және сыртқы саяси,
тәуекелдіктермен байланысты зияндарды сақтық қоғауға қамтамасыз ету.
Корпорация экепорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру (қайта
сақтандыруды) жүзеге асырады, сақтық төлемдерін төлейді және
контрагенттерден өтеуді алады. Өз қызметтерінде қорпорация сондай-ақ сыртқы
экономикалық қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдарға экепорттық
кредиттер мен инвестициялық сақтандырумен байланысты мәселелер бойынша
консултациялық, маркетинттік және ақпараттық қызметтер көрсетуді
жоспарлайды.
Қорпорация жоспарлайтын тәуекелдерді сақтандыру шеңберіне мыналар
кіреді: алушының дәрменсіздігі, өзара келісімшартты орындауға қатысушы
импортшы (реципиент) елінің немесе үшінші ел үкіметтері тарапынан
экепортшыға немесе инвесторға қатысты дискриминациялық сипаттағы шешімдер,
іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер); импортшы (реципиент) елі өкіметтерінің
шетелдік валютамен операцияларды жүзеге асыруға, валютаны айырбастауға
шектеу енгізуі; экспропорциялау, мемлекет меншігіне айналдыру, тәркілеу;
революциялар, қоғамдық тәртіпсіздіктер, соғыстар және с.с.
Сақтық ұйымы бола отырып, қорпорация Сақтық қызметі туралы заңға
сәйкес іс-әрекет етуге міндетті. Осыған байланысты сақтандырудың немесе
қайта сақтандырудың жеке келісімшарты бойынша сақтық (қайта сақтандыру)
ұйымының міндеттемелердің ең жоғары көлемі меншікті капитал мен сақтық
резервтерінің 10%-ын құрайды. Тәускелді сақтандыруға қорпорация алатын
көлемдердің әлуетін көбейту мақсатымен, сондай-ақ алапаттық сипаттағы
уақиғалар кезінде төлем қабілетсіздігі тәуекелдігін болдырмау үшін жетекші
халықаралық қайта сақтандыру ұйымдарында тәуекелдерді ішінара қайта
сақтандыру практикасы жүзеге асырылады.
Сақтық келісімшарттарын жасауға және сақтық операцияларының
нәтижелігіне жетуге ынталы тараптардың өзара іс-қимылы сақтық рыногыыда
жүргізіледі.
Сақтық рыногы дегеніміз ақшалай қатынастардың сферасы, онда сатып алу-
сату объектісі ерекше тауар - сақтық қызметі болып табылады және оған
деген ұсыным мен сұраным қалыптасады.
Қазақстан Республикасы сақтық рыногының қатысушылары мыналар болып
табылады: сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы; сақтық брокері; сақтық агенті;
сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы; актуарий; уәкілетті аудиторлық ұйым
(уәкілетті аудитор); өзара сақтандыру қоғамы; сақтандырумен байланысты
кәсіпкерлік кызметті жүзеге асыратын өзге де заңи және жеке тұлғалар.
Сақтық қызметі сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы жүзеге асыратын
кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрі болып табылады; бұл қызметтен басқа ол
қызметтің мынадай түрлерін: инвестициялық қызметті; өмірді сақтандыру
саласында қызметті жүзеге асыратын тиісті жинақтаушы сақтандыру
келісімшартында көзделген сатып алу сомасы шегінде өзінің сақтанушыларына
қарыз беруді (сақтық ұйымы үшін); сақтық (қайта сақтандыру) ұйымдарының
қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын арнаулы бағдарламалық
қамтамасыз етуді сатуды; ақпарат берілімдерінің кез келген түрлерінде
сақтың ісі және сақтық қызметі жөнінде арнаулы әдебиет сатуды; бұрын өз
мұқтаждары үшін сатып алынған (сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы үшін) немесе
оның қарамағына сақтандыру келісімшарттарын жасауға байланысты келіп түскен
(сақтық ұйымы үшін) мүлікті сатуды немесе жалға беруді; сақтық қызметіне
байланысты мәселелер бойынша консултациялық қызмет көрсетуді; сақтық (қайта
сақтандыру) саласында мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқуды
ұйымдастыру мен жүргізуді; сақтық агенті ретінде сақтық делдалы болуды;
консорциум немесе жай серіктестік құруға қатысуға, сақтық ұйымдары
арасындағы не сақтық ұйымдары мен ассистанс қызметін көрсететін өзге заңи
тұлғалар арасындағы бірлескен қызмет туралы келісімшарт негізінде жүзеге
асырылатын ассистансты; сақтық төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу
шеңберінде Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде көзделген қызметті
жүзеге асыруға құқылы.
Сақтық қызметін жүзеге асыруға мынадай жалпы талаптар қойылады.
Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы сақтық қызметін (қайта сақтандыру
жөніндегі қызметті) жүзеге асыру құқығына лицензиясы, сақтандырудың белгілі
бір түрі бойынша жүзеге асырудың жалпы талаптарын айқындайтын сақтандыру
ережелері және ішкі ережелер болғанда ғана сақтық қызметін жүзеге асыруға
құқылы.
Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының ішкі ережелері:
сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы бөлімшелерінің құрылымын, міндеттерін,
функциялары мен өкілеттіктерін;
ішкі аудит қызметінің және басқа тұрақты жұмыс істейтін органдардың
құрылымын, мүшелерінің санын, міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін;
3)сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының техникалық (сақтандыру),
инвестициялық, кредиттік, операциялық, рыноктық және басқа тәуекелдерді
басқару жүйесін;
құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқықтары мен міндеттерін;
сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлері
оның атынан және оның есебінен мәмілелерді
жүзеге асырған кезде солардың өкілеттіктерін айқындауға тиіс;
Сақтандыру ережелерін және сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының ішкі
ережелерін директорлар кеңесі бекттеді. Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы өз
штатында актуарийі болмаса, сақтық қызметін жүзеге асыруға кұқылы емес.
Сақтық ұйымдары таратылған жағдайда сақтық ұйымдары, сақтанушыларға
(сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтық төлемдерін жүзеге асыруға
кепілдік беретін қор кұруға құқылы. Жұртқа мәлім, Сақтық төлемақыларын
кепілдендіру қоры құрылған.
Мемлекет Қазақстан Республикасының Үкімет арқылы ғана сақтық (қайта
сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы және акционері бола алады.
Жарғылық капиталының 50 пайызынан астамы мемлекетке тиесілі ұйымдар
сақтық (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылары және акционерлері бола
алмайды.
Мемлекет өзі құрылтайшысы немесе акционері болып табылатын сақтық
(қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелері бойынша, егер Қазақстан
Республикасы заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, оның жарғылық
капиталына салған қаражаты шегінде жауапты болады.
Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы міндетті түрде мынадай алқалық
органдар кұра алады: директорлар кеңесі - басқару органы; басқарма -
атқарушы орган; тексеру комиесиясы – бақылау органы.
Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшылары мен акционерлері
сатып алатын акцияларына ақшаны тек қана ұлттық валютамен төлеуге міндетті.
Құрылатын сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының ең
аз мөлшерін оның құрылтайшылары оны мемлекеттік тіркеуден өткізген кезге
дейін толық төлеуге тиіс.
Сақтандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері
мыналар болып табылады: Қазақстан Республикасында тұрақты сақтық жүйесін
жасау мен қолдау және ұлттық сақтық рыногының инфрақұрылымын қалыптастыру;
сақтық рыногын реттеу және сақтық қызметін қадағалау; сақтандырудың
негіздерін зандармен баянды ету, міндетті сақтандыру түрлерін, халықаралық
сақтандыру жүйесіне Қазақстан Республикасының қатысу кағидаттарын белгілеу;
сақтанушылардың, сақтандырушылардың және пайда алушылардың құқықтары мен
заңды мүдделерін қорғау.
Сақтандыру сферасындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, сақтық
рыногындағы істің жайына мемлекеттік бақылау жасауды қамтамасыз етуді қоса,
уәкілетті орган және мемлекеттің өзге органдары өз құзыры шегінде жүзеге
асырады.
Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде тікелей көзделген
жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды
адамдарының сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтық брокерінің сақтық
кызметіне араласуына тиым салынады.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақтық рыногын реттеу және
сақтық қызметін қадағалау жөніндегі функциялар мен өкілеттікті уәкілетті
мемлекеттік орган жүзеге асырады.
Сақтық (қайта сақгандыру) ұйымының және шоғырландырылған негізде
қадағалау жүзеге асырылатын тұлғалардың төлем қабілеттілігі мең қаржылық
тұрақтылығын қадағалау уәкілетті орган белгілеген пруденциялық
норативтердің және сақталуға міндетті өзге нормалар мен лимиттердің
орындалуын немесе сақталуын бақылау арқылы жүрізіледі.
Пруденциялық нормативтерді уәкілетті орган белгілейді және оларды:
жарғылық капиталдың ең аз мөлшері,
кепілдік қорының ең аз мөлшері;
төлем қабілеттігі маржасының ең аз мөлшері;
төлем қабілеттігі маржасының және кепілдік қорының жеткілікті нормативі;
жоғары өтімді активтердің жеткілікті нормативі;
активтерді әртараптапдыру нормативі құрайды.
Рыноктық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасындағы
сақтық қызметінің монополиясы өзгерді, сақтандыру кеңістігі едәуір кеңейді,
сақтық қызметнің кең спектрін ұсынатын мемлекеттік емес акционерлік сақтық
компаниялары, кәсіпорындар, корпорациялар, меншіктің түрлі нысандарының
қоғамдары пайда болды.
Елімізде сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты - мемлекеттің,
азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүддесін қорғаудың
нақты құралы бола алатын толыққанды, орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтық
рыногын қалыптастыру.
2 Қазақстан Республикасында сақтандыру нарығының қызметін талдау және
бағалау
2.1 Сақтандыру нарығының қаржылық көрсеткіштерін талдау
Сақтандыру қызметінің бастаушы буыны – сақтандыру қоғамы немесе
сақтандыру компаниясы. Осы буында сақтандыру қорының қалаптасуы және
пайдалану процесі жүреді, экономикалық қатынастардың бір түрі қалыптасса,
екінші біреулері пайда болып, жеке, топтық, ұжымдық мүдделер өзара ұштасып
жатады.
Сақтандыру компаниясы – сақтандыру қорының қызмет жасауының тарихи
анықталған қоғамдық тұрапты. Бұл компания сақтандыру шарттарын жасайтын
және қызметін көрсететін дараланған құрылым. Сақтандыру компаниясының
даралығы, оның ресурстарының толықтай өзінікі болуын және өзіндік толық
ресурстар айналасының болуымен айқындалады.
Экономикалық дараланған сақтандыру компаниялары өздерінің басқа
сақтандырушылармен қарым-қатынастын қайта сақтандыру және бірлесе
сақтандыру негізінде құрады. Кез-келген адам өз табысын өз еркімен жұмсай
алады және оның қандай бөлігін тұтынуға, қандай бөлігін жинақтауға
бөлінетін өдігінше шешеді. Осының барлығын сақтандыру нарығы кеңейтілген
сақтандыру қызметінің түрлерінің жиынтығын ұсынғанда ескертіп отыр.
Сақтандыру қызметі экономикалық бәсеке кезіндегі реттеуші қызметті
атқарады. Бәсекенің өзі сақтандыру нарығындағы жетістікті қамтамасыз ете
алмайды. Бұл жетістіктерге жету үшін сақтандырушы сақтық қоғамының
қызметкерлерін әрдайым жаңа мүмкіншілігі мен клиенттерді іздестіруге,
қызмет көрсетудің түрлері мен әдістерін жетілдіруді бағалап отырады.
Кең мағынада алғанда сақтандыру нарығы сақтандыру өнімін сату-сатып
алу бойынша экономикалық қатынастардың барлық жиынтығын көрсетеді. Нарық
сақтандырушы мен сақтандырушының арасындағы органикалық байланысты
қамтамасыз етеді.
Сақтандыру нарығының қызмет етуінің ең маңызды экономикалық заңдарды:
құн заңы және сұраныс пен ұсыныс заңы.
Сақтандыру нарығы тауар шаруашылығының пайда болу кезінде қалыптасты
және оның ажырамас маңызды элементі болып табылады. Екеуінің де пайда болу
шарты-еңбектің қоғамдық бөлінісінің және әртүрлі меншік иелерінің
дараланған тауар өндірушілерінің болуы. Сақтандыру нарығы нарықтық
қатынастар субъектілерінің өз бетінше қызмет етуін, олардың сақтандыру
қызметін сату-сатып алу мәселесіндегі тең құқылы бірлесе қызмет жасауын,
көлденең және тіке байланыстардың дамыған жүйесінің болуын ескертеді.
Бүгінде республикамыздағы сақтандыру өрісін 44 ұйым құрайды, соның
ішінде өмірді сақтандыру әрекетін жүзеге асыру лицензиясына тек 8 ұйым ғана
ие. Сондай ақ сақтандыру қызметтері нарығында 12 сақтандыру брокері мен 56
актуарий өз әрекеттін жүзеге асырады.
2009 жылдың ішінде сақтандыру ұйымдарының жиынтық активтері 20,2%
артты, ол 2010 жылдың 1 қаңтарында 268,8 млрд. теңгені құрады.
Жиынтық меншікті капитал 31,4% артты және 165,9 млрд. теңгені құрады,
сақтандыру резервтерінің сомасы 86,3 млрд. теңгеге жетті.
Тікелей сақтандыру келісімшарттары бойынша қабылданған сақтандыру
сыйақыларының көлемі 2010 жылдың 1 қаңтарына сәйкес 133,5 млрд. теңгені
құрады, бұл 2009 жылғы ұқсас көрсеткішпен салыстырғанда 9,4% -ға кем.
2009 жылы өмірді сақтандыру саласы бойынша сақтандыру сыйақыларының
көлемі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz