Туризм индустриясы. Ren- tour



Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім
2.1 Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы
2.2 Кәсіпорынның қаржылық.экономикалық
қызметін талдау
2.3 Кәсіпорынның тауарлық саясаты және оны жоспарлау
2.4 Кәсіпорынның баға және өткізу саясаты
2.5 Кәсіпорынның бәсекелес ортасын талдау және ұжымдық құрылымы

III. Қорытынды
Кiрiспе
Туризм индустриясы – әлемдiк шаруашылықтың ең тез дамушы саласы, оған әлемдiк ЖҰӨ - нiң алтыдан бiр бөлiгi келедi. Бұл бизнес кәсiпкерлердi көптеген себептермен қызықтырады: бастспқы үлкен емес инвестициялар, туристiк қызметке сұраныстың өсуi, өтiмдiлiктiң жоғары деңгейi және шығындардың аз уақытта жабылуы.
Әлемдік туристік нарықтың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығыныңшегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебіне басым дамитын болады. Осыған байланысты Қазақстанның әлемдік туристік нарықта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.
Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) сарапшыларының берген бағасына қарағанда, белсенді бет-бейнені айқындау саясатын жүргізу – жылын аорта есеппен 2,5 пайызға келу туризмін көбейтуге мүмкіндік береді. Бұл халықты жұмыспен қамтуға, бюджетті толтыруға, шағын бизнесті дамытуға және туристік инфрақұрылымды құруға игі ықпал жасайды. Осындай үрдісті басшылыққа алып, көптеген мемлекеттер, оның ішінде жоғары дамыған туристік индустриясы бар, сондай- ақ ТМД-ға қатысушы елдердің бір қатары бет-бейне қалыптастыру саясатын жүргізуге қарқынмен кірісті.
ТМД мемлекттері көптен бері өз аумақтарында халықаралық және аумақтық көрмелерді өткізуді қолға алды. Мұндай көрмелерді және жәрмеңкелерді өткізу немесе оған қатысу – мақсат емес, бірақ отандық туристік өнімді халықаралық нарыққа өткізу үшін оның үлкен көмегі бар.
ДТҰ, туризм жөніндегі мамандырылған халықаралық ұйымдардың зерттеулерінің талдауына, сондай – ақ мемлекеттердің туризмді дамыту саясатына сәйкес, туризм мемлекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет түрінде түсіндіріледі.
Туризм жалпы алғанда, мемлекеттің экономикасына үш оң нәтиже береді:
1. Шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді және төлем теңгерімі мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды.
2. Халықтың жұмыспен қамтылуын көбейтуге көмектеседі. ДТҰ мен Дүниежүзілік туризм және саяхат кеңесінің бағалауы бойынша туризм өндірісінде құрылатын әрбір жұмыс орнына басқа салаларда болатын 5- тен 9-ға дейін жұмыс орны келеді екен. Туризм тура немесе жанама түрде экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды.
3. Елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседі.
Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсекнді әсер етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы және жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуді дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризминдустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салыстырғанда, неғұрлым пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БIЛIМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI

БАСҚАРУ факультеті

“Маркетинг және коммерция” кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы “REN- TOUR" фирмасының қызметін талдау

Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы
2.2 Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық
қызметін талдау
2.3 Кәсіпорынның тауарлық саясаты және оны жоспарлау

2.4 Кәсіпорынның баға және өткізу саясаты
2.5 Кәсіпорынның бәсекелес ортасын талдау және
ұжымдық құрылымы

III. Қорытынды

Кiрiспе

Туризм индустриясы – әлемдiк шаруашылықтың ең тез дамушы
саласы, оған әлемдiк ЖҰӨ - нiң алтыдан бiр бөлiгi келедi. Бұл бизнес
кәсiпкерлердi көптеген себептермен қызықтырады: бастспқы үлкен емес
инвестициялар, туристiк қызметке сұраныстың өсуi, өтiмдiлiктiң жоғары
деңгейi және шығындардың аз уақытта жабылуы.

Әлемдік туристік нарықтың дәстүрлі аудандары өзінің
рекреациялық сыйымдылығыныңшегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі
туристер баратын жаңа аумақтар есебіне басым дамитын болады. Осыған
байланысты Қазақстанның әлемдік туристік нарықта өзінің лайықты орнын
табуға бірегей мүмкіндігі бар.

Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) сарапшыларының берген бағасына
қарағанда, белсенді бет-бейнені айқындау саясатын жүргізу – жылын аорта
есеппен 2,5 пайызға келу туризмін көбейтуге мүмкіндік береді. Бұл халықты
жұмыспен қамтуға, бюджетті толтыруға, шағын бизнесті дамытуға және
туристік инфрақұрылымды құруға игі ықпал жасайды. Осындай үрдісті
басшылыққа алып, көптеген мемлекеттер, оның ішінде жоғары дамыған
туристік индустриясы бар, сондай- ақ ТМД-ға қатысушы елдердің бір қатары
бет-бейне қалыптастыру саясатын жүргізуге қарқынмен кірісті.
ТМД мемлекттері көптен бері өз аумақтарында халықаралық және
аумақтық көрмелерді өткізуді қолға алды. Мұндай көрмелерді және
жәрмеңкелерді өткізу немесе оған қатысу – мақсат емес, бірақ отандық
туристік өнімді халықаралық нарыққа өткізу үшін оның үлкен көмегі бар.
ДТҰ, туризм жөніндегі мамандырылған халықаралық ұйымдардың
зерттеулерінің талдауына, сондай – ақ мемлекеттердің туризмді дамыту
саясатына сәйкес, туризм мемлекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық
өміріне тікелей ықпал ететін қызмет түрінде түсіндіріледі.
Туризм жалпы алғанда, мемлекеттің экономикасына үш оң
нәтиже береді:
1. Шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді және төлем теңгерімі
мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал
жасайды.
2. Халықтың жұмыспен қамтылуын көбейтуге көмектеседі. ДТҰ мен
Дүниежүзілік туризм және саяхат кеңесінің бағалауы бойынша туризм
өндірісінде құрылатын әрбір жұмыс орнына басқа салаларда болатын 5-
тен 9-ға дейін жұмыс орны келеді екен. Туризм тура немесе жанама
түрде экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды.
3. Елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседі.
Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсекнді әсер
етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы және
жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық тұрмыстық, мәдени,
медициналық қызмет көрсетуді дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп,
туризминдустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен
салыстырғанда, неғұрлым пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.

Кәсiпорынның тарихы
“Ren - Tour” туристiк агенттiгi (туристiк қызметпен
айналысуға №131 мемлекеттiк лицензиясы тiркеу туралы куәлiгi № 9431-
1910- ЖШС ) туристiк қызмет нарығында 1997 жылдан бастап жұмыс
iстеуде.
Алғашқыда компания штаты 3 адамнан тұрған, негiзгi
қызмет ету бағыттары – Германияға шығу туризмi едi. Сонымен қатар осы
жылы агенттiк клиенттермен жұмыс iстеу үшiн кеңсе ашты.
1998 жыл - Агенттiк клиеннтер жүйесiн құрды (жүйенi құру кезiнде
агенттiк клиенттер саны 15 фирма болды).
- Басты жұмыс бағыты – iскерлiк туризм.
- Мәскеу қаласында “Ren - Tour” компаниясының

филиалының ашылуы.
1999 жыл - Жеке клиенттермен жұмыс iстеу үшiн Алматы қаласында
кеңсе ашу.
- Корпоративтi клиенттер жүйесiн құру.
- Басты жұмыс бағыты – бүкiл әлем бойынша туризм.
- “Ren - Tour”компания кеңсесiнде авиабилеттердi
брондаудың
“Gallileo” глобалды жүйесiн орнату.
2000 жыл - “Ren - Tour”компаниясының Қазақстандық Туристiк
Ассоциацияна енуi.
- Қазақстандағы “SOLTOUR” испандық туроператордың
басты өкiлi статусын “Ren - Tour”компаниясының алуы.

2001 жыл - “Ren - Tour”компаниясының Мәскеу және Алматы
қалаларындағы кәсiби көрмелерге қатысуы.
- Қазақстан тарихы, табиғаты, мәдениетi бойынша
буклеттер
шығару.
2002 жыл - “Ren - Tour”компания кеңсесiнде әуебилеттердi брондаудың
“Амадеус” (3 экран) және “Габриэль” глобалды
жүйелерiн
орнату.
- “Ren - Tour”компаниясының директоры А.Б.Якубтың
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт қатысуы

Министрлiгiнен “Қазақстандағы туризм мен спортты
дамытуға белсендi үшiн” грамота алуы.

2003 жыл - “Ren - Tour”компания офисiнде темiржол билеттерiн сату
бойынша кассаның ашылуы.
- “Ren - Tour”компаниясының жыл сайынғы 15
ақпараттық
және бағалық ұсыныстар шығару.
- “Ren - Tour” компаниясы қызмет ететiн қызметтi
жеткiзушiлер (әуекомпаниялар, туроператорлар)
санының өсуi.
- Территориялық және сандық қатынаста корпоративтi
және
агенттiк клиенттер жүйесiн дамыту. Бекiтiлген
келiсiм-
шарттардың жалпы саны 123 болды.
- “IATA”Халықаралық Әуе – Транспорттық
Ассоциациясының
мүшесi болуы.Компания штатының 20 адамға дейiн
өсуi.
- Бiрыңғай “Ren - Tour” брендi бойынша Қазақстанда
агенттiктер жүйесiн құрды

Кәсiпорынның сипаттамасы
“Ren - Tour” туристiк фирмасы Қазақстандық туристiк нарыққа 1997
жылы қосылды. Туристiк фирма өзiнiң негiзгi қызметiнiң сипаттамасы және
мазмґны бойынша турiстiк қызметтi тұтынушылар (туристер), орындайтындар
(қонақ үй, транспорт, таммақтандыру орындары),туристiк жолдаманы сатушылар
(турагенттер) арасындағы делдал болып табылады.
Туристiк фирма кешендi турларды, жеке туристiк қызметтердi құру және
сатумен, жол жүру құжаттарын сатумен, туристердi сақтандырумен, жол
көрсеткiштерi мен ескерткiштердi сатумен айналысады. Туристiк фирмаларды
құру және олардың қызметi әр елдiң заңымен реттелiп отырады.
“Ren - Tour” туристiк фирмасы қызмет көрсету түрi бойынша
жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк (ЖШС) болып табылады.
Қазақстандық Туристiк Ассоциациясының (КТА) мүшесi екендiгi туралы
2000 жылы 14 маусымда берiлген куәлiгi, ЮСАИД- тың стратегиялық даму
жоспарын орындағаны үшiн сертификаты және көптеген тiлдiк орталықтардан
алғыс хаттары мен сертификаттары бар.
“Ren - Tour” туристiк фирмасы мына мекен-жай бойынша орналасқан:
Қазақстан Республикасы,
050010,Алматы қаласы,
Панфилов көшесi 149,
тел.(327) 293 95 55,
тел.факс: (327) 262 63 78,
e-mail: ren@ren.kz http:www.ren.kz

“Ren - Tour” туристiк фирмасының негiзгi қызмет көрсету
бағыттары :
▪ Элитарлық туризм
▪ Экстремалды туризм
▪ Шетелдерден бiлiм алу
▪ Әлемнiң әрбiр елiнде жеке демалу
▪ Теңiздiк круиздер
▪ VIP – қызмет көрсетулер
▪ Копоративтi қызмет көрсетулер
▪ Iскерлiк туризм: көрмелер, семинарлар, конференциялар
▪ Шетелдерде емделу
▪ Барлық бағытардағы әуе билетерiн және темiржол билеттерiн брондау және
сату
▪ Визалық қолдау
▪ Шетелдiктердi қабылдау, тiркеу
▪ Қонақ үйлердi брондау
▪ Автомобильдердi жалға беру.
▪ Экскурсиялық қызмет көрсету.
“Ren - Tour” туристiк фирмасының менеджмент және маркетинг қызметiнiң
құрлымы:
1. “Ren - Tour” туристiк фирмасы құрған кезден бастап алдағы жылға өзiнiң
нақты бағдарламасын дайындайды. Өзiнiң әр қадамын мұқият бағалай отырып,
ол табыстарға қол жеткiздi.
2. Туристiк нарықта болған уақыт аралығында “Ren - Tour” туристiк фирмасы
басқа фирмалар арасында өзiнiң қызметкерлерiнiң нақты жоспарланған жұмысы
, әсiресе менеджментiнiң арқасында алдағы қатарларға шықты.
3. Фирмада квалифицирленген кадрлар жұмыс iстейдi - әр қызметкердiң туризм
саласында жоғарғы бiлiмi немесе турбизнесте жұмыс тәжiрибесi бар.
4. Фирманың басшылығы менеджмент және маркетинг жұмысына үлкен көнiл
бөледi.Бұл бөлiмнiң зертеулерi нақты сатып алушыларды табуға,
клиенттердiң барлық сұраныстарын ескере отырып турларды дайындауға,
негiзгi бағдарламалардан тұтынушылар арасында көп сұранысқа ие турларды
бөлiп, жолдамалардың бағасын көтермей, сапасын жоғарылатуға, кәсiпорынды
дұрыс басқаруға, жұмыс уақытын тиiмдi ұйымдастыруға көмектеседi.
5. Әлемдегi тiл дамыту орталықтарымен ұзақ уақыт қарым - қатынасынық
арқасында “Ren - Tour” компаниясы өзiн сенiмдi серiктес ретiнде көрсете
бiлдi.
6. Фирмада жарнамаға үлкен көңiл бөлiнедi: жарнамалық каталогтар,
тарифтiк буклеттер жасалады, көшiлiк газеттерге жарнама берiледi.

Кәсiпорынның қаржылық – экономикалық қызметiн талдау

Қаржылық – шаруашылық қызметтi талдауды жүргiзудiң үлкен мағыналығы
бар. Экономикалық талдау – экономикалық теорияның өнiмi емес, ол қаржылар
мен өндiрiстi басқару аясының қажеттiлiгi. Кәсiпорынның қаржылық –
шаруашылық жағдайы нарықтық экономика жағдайында оның әртүрлi өндiрiстiк,
қаржылық, инвестициялық қызметтерiнiң аспектiлерi әртүрлi себептермен
экономикалық және әкiмшiлiк қатынастың көптеген субъектiлерiн қызықтырады.
Бiрақта, бұл қызығушылықты тудыратын себептер, қаржылық – шаруашылық
қызметтi талдауға қоятын талаптары мен тапсырыстары да әртүрлi болады. 1
кестеде “Ren - Tour” турфирмасының қаржылық жағдайы көрсетiлген. Бұл
жерде 2 жылдың мәліметтері бар.
Кесте 1.
“Ren - Tour” турфирмасынық қаржылық жағдайының
сипаттамасы 2004 – 2005 ж.ж. мың теңге
жылдар 2005ж % 2006ж %
сатудан түскен түсім 20075 100 22276 116
өзіндік құн 11455 100 12953 120
коммерциялық шығындар 2517 100 2901 112
басқарушылық шығындар 3402 100 3566 119,1
сатудан пайда 2702 100 2856 108
төлеуге проценттер 574 100 648 119
қаржылық- шар -қ қызметтен пайда 1543 100 1613 105,9
басқа сатудан тыс табыстар 263 100 207 77,8
есептік кезеңдегі пайда 909 100 1142 139,8
пайдаға салық 318 100 400 139,8
таза пайда 591 100 742 139,8
бөлек құралдар 440 100 660 190
бөлінбеген пайда 151 100 83 50,4

Бұл кестеде көрсетілгендей “Ren - Tour” турфирмасының таза табысы
2005 жылмен салыстырғанда 2006 жылы 39,8 пайызға өскен, ал бөлінбеген пайда
керісінше 49,6 пайызға төмендеді, коммерциялық шығындар 12 пайызға,
басқарущылық шығындар 19,1 пайызға көтерілді. Жалпы алғанда фирма даму
бірыңғай үстінде.
Қаржылық – шаруашылық қызметтi талдау процесiнiң нақты мазмұны, оның
уақыт кезеңi, қаржылық ақпаратты талдау кезеңiндегi қолданылатын
ұсыныстардың мазмұны мен түрiне талаптар, есептелетiн көрсеткiштердiң
жиынтығы – осының бәрi бұл талдау кiмге және қандай мақсатпен iстелiп
жатқанын анықтайды.
Экономикалық талдаудың құрамы:
▪ бизнес – жоспардың талқынысы мен негiзделгендiгiн бағалау;
▪ алдағы кезеңге жорамал жасау үшiн негiзгi көрсеткiштердi анықтау;
▪ шаруашылық қызметтiң нәтижесiн бағалауды орындамау себептерiн
объективтi және субъективтi көрсететiн ұйымның жоспарды орындауын тексеру
;
▪ жеке бөлiмшелер мен қызметкерлердiң жалпы нәтижеге ықпалын анықтау
негiзiнде ұйымның қызметiне қорытынды жасау;
▪ ұйымның бәсекеқабiлеттiлiгiн жоғарылату резервтерiн табу;
▪ ииновациялық қызметтi қосқандағы күтiлетiн нәтиженi жорамалдау;
тиiмдi басқару шешiмдерiн таңдау үшiн нұсқаларды дайындау;
Қаржылық – экономикалық сипаты бар шешiм қабылдау процестерi бәрiнен
бұрын бухгалтерлiк есеп берудiң мәлiметтерi негiзiнде есептелетiн қаржылық
жағдайдың өлшенетiн көрсеткiштерiмен, ұсынылатын нақты ақпаратпен жұмыс
iстеуге бағытталады. Бұл мәлiметтер қаржылық – шаруашылық қызметтегi орын
алған жағдайларды көрсететiн, өлшенетiн құндылық көрсеткiштер болып
табылады. Фирманың қаржылық жағдайы 2 кестеде көрсетiледi.
Бухгалтерлiк есептiң жағдайы көбнесе кәсiпорынның қаржылық –
шаруашылық қызметiн талдау сапасы да анықтайды.
Кесте 2.
“Ren - Tour” турфирмасының “Табыстар мен шығындар туралы есеп беруiн”
тiк талдау. 2004 – 2006ж.ж. %
Көрсеткiштер Жыл соңындағы жаЈдай бойынша
2004ж 2005ж 2006ж
Сатудан түскен түсiм 100 100 100
Сатудың өзiндiк құны 54,5 57,1 58,1
Коммерциялық шығындар 14,6 12,6 13
Басқарушылық шығындар 14,9 16,9 16
Сатудан түскен пайда 16 13,5 12,8
Алуға проценттр 1,7 1,3 1,3
Төлеуге проценттер 3,7 2,9 2,9
Басқа ұйымдарға қатысудан түскен табыс2,1 1,6 1,3
Қаржылық – шаруашылық қызметтен пайда 8,6 7,7 7,2
Басқа сатудан тыс табыстар 1,8 1,3 0,9
Басқа сатудан тыс шығындар 2,5 1,8 1,2
Есеп беру кезеңiнiң пайдасы 4,3 4,5 5,1
Пайдаға салық 1,5 1,6 1,8
Таза пайда 2,8 2,9 3,3
Бөлек құралдар 1,8 2,2 3
Есептiк кезеңнiң бөлiнбеген пайдасы 1 0,8 0,4

2 кестеде табыстар мен шығындарға тік талдау көрсетілген . Сатудан
түскен түсімді 100 пайыз деп алсақ сатудың өзіндік құны 2004 жылы 54,5
паыз, ал 2006 жылы 58,1 пайыз болды, демек екі жылда 3,6 пайызға өсті.
Коммерциялық шығындар 14,6 пайыздан 13 пайызға дейін төмендеді, есеп беру
кезеңінің пайдасы 4,3 – тен 5,1 пайызға өсті, ал таза пайда 2,8 пайыздан
2006 жылы 3,3 пайызға дейін өсті. Кестеде көрсетілгендей “Ren - Tour”
компаниясының табысы жылдан жылға бір қалыпты темппен өсуде.

Кәсiпорынның тауарлық саясаты

Туристiк өнiм – бұл туристiк – экскурсиялық кәсiпорындардың
туристерге ұсынатын кешендi қызмет.
Негiзгi туристiк қызметтерге мыналар жатады:
▪ орналастыру;
▪ тамақтандыру;
▪ транспорттық қызметтер, транспортпен бiрге (туристердi аэропорттан
қонақ үйге жеткiзу және қонақ үйден аэропортқа жеткiзу жатады);
▪ экскурсиялық қызметтер, оған аудармашы – гидтiң қызметi кiредi.
“Ren - Tour” компаниясы туризмнiң көптеген түрлерiмен айналысады,
соның iшiнде Қазақстандық оқушылармен студенттердiң АҚШ, Ұлыбритания,
Ирландия, Канада, Бразилия, Франция, Германия, Швейцария, Қытай, Австралия,
Италия сияқты елдердiң мемлекеттiк мектептерiнде оқуға мүмкiншiлiктерiн
туғызады. “Ren - Tour” компаниясы шетелдегi ең танымал оқу орындарының
және тiл дамыту орталықтарының негiзгi серiктестiгi.
“Ren - Tour” туристiк фирмасының шетелдiк ұйымдардан,
агенттiктерден, операторлардан, тiл дамыту мектептерiнен, тiл
академияларынан көптеген сертификаттары, алғыс
хаттары бар.
Мысалы, АҚШ-та оқу бағдарламасына кiретiндер:
▪ АҚШ-тық мемлекетiк мектебiнде оқу
▪ Американдық отбасында тұру
▪ Тамақтану: толық пансион
▪ Аэропортта қарсы алу және шығарып салу
▪ Оқудың бүкiл кезенiңде координатордың көмегi
▪ Мәдени iс шаралар
▪ Акедемиялық жылды бiткенен кейiн сертификат беру.
АҚШ – тағы оқу бағдарламасының құны – 5250 $ - дан жоғары.

Әуебилеттерiн брондау және сату
Компанияның өзiнiң “Галлилео”, ”Габриэль”, ”Амадеус” әуебилеттердi
глобалды брондау желiсi орналастырылғандықтан фирмаға телефон арқылы
және электронды түрде тапсырыс берудi қамтамасыз етедi, сапардың ең
тиiмдi маршрутын ұсынады, баға, бос орын, ұшу кестесi , маусымдық
шегерiм туралы тегiн ақпарат бередi. Жылына 10 000 дай адам “Ren - Tour”
туристiк фирмасының әуе билеттерін брондау және сату бөлімінде шығарылған
әуе билеттерімен ұшуларды іске асырады. Сонымен қатар компания өзiнiң
клиенттерiн танымал маршрутармен және куроттармен таныстырады, әр клиентке
жеке, кәсiби және ұқыпты қарайды.
Интенсив турларды ұйымдастыру – компанияның клиенттері корпоративтер,
серіктестер, ұйымдар қызметкерлері үшін сыйақы ретіндегі сапарларды
ұйымдастыру.
“Ren - Tour” туристiк фирмасының корпоративті клиент статусы .
корпоративті клиент болу үшін “Kорпоративті қызмет көрсетуге келісім –
шартқа” отыру қажет. Клиент болғаннан кейін олардың алатындары:
▪ Алматы мен бүкіл Қазақстан бойынша орналастырудың арнацы тарифтері
▪ Құжаттарды кеңсеге тегін жеткізу
▪ Іскерлік сапар және туризм аясында кәсіби мамандардың кеңесі
▪ Арнайы ұсыныстардың бар болуы туралы ақпаратты әрдайым беру
▪ Қызметкерлер және олардың отбасы мүшелері үшін жеке туристік
сапарларға арнайы тарифтер.
“Ren - Tour” туристiк фирмасының корпоративті клиент қызметін пайдалана
отырып ондаған ірі компаниялар 1500 ден аса өз қызметкерлерін іскерлік
сапарларға және демалуға жіберді.
Жоғарыда айтылғандардан сұраныстың, тұтынушылар қалауының және бәсекенің
өзгеруі жағдайында өзгертуге болатын көрсетілетін қызметтердің кең
ассортименті бар деген қорытынды жасауға болады.
Компания өз клиенттеріне элитарлық туризм, экстремалды туризм,
шетелдерде бiлiм алу, әлемнiң әрбiр елiнде жеке демалу, теңiздiк круиздер,
VIP – қызмет көрсетулер, коопоративтi қызмет көрсетулер, іскерлiк туризм:
көрмелер, семинарлар, конференциялар, шетелдерде емделу, барлық бағытардағы
әуе билетерiн және темiржол билеттерiн брондау және сату, визалық қолдау
шетелдiктердi қабылдау, тiркеу , қонақ үйлердi брондау, автомобильдердi
жалға беру, экскурсиялық қызмет көрсету түрлерін ұсынады.
“Ren - Tour” туристiк фирмасының басқа туристiк фирмалармен,
тасымалдаушылармен, қонақ үйлермен және басқада туристiк қызмет көрсету
топтармен ел iшiнде сонымен қатар туристiк ағын бағытталған шетелдерде
үлкен қарым-қатынас байланыстары жеке туристер үшiн туристiк қызметтi
брондау автоматтандырылған “Амадеус”, “Габриэль” ,“Gallileo” жүйелерi
арқылы жүргiзiледi. ІАТА-ның мүшесi бола отырып фирма iрi шетелдiк әуе
компаниялардың рейстарына әуебилетердi брондауды және сатуды iске асырады.
“Ren - Tour” туристiк фирмасы Алматы қаласындағы барлық елшіліктердің
консулдық бөлімдерінің аккредитациясы бар.
“Ren - Tour” туристiк фирмасының қызмет көрсетунiң негiзгi
артықшылықтары:
▪ Сапарларды кешендi ұйымдастыру
▪ Клиенттiң бюджетiн есепке ала отырып, сапардың тиiмдi маршрутын
таңдау
▪ Тапсырысты қабылдау және аз уақыта айқындау
▪ Қызметтi әртүрде төлеу мґмкiндiгi бар
▪ Алматыда және Қазақстанда орналастыруға арнайы тарифтер.
Жоғарыда айтылғандардан мынандай қортынды шығаруға болады, компанияда
көрсетiлетiн қызметтiң кең ассортиментi бар, ол сұраныстың өзгеруi,
тұтынушылардың таңдауы өзгеру жағдайында алдағы уақытта өзгерте алады
Компания әрқашанда кәсiптiң табысты дамуына бағыталған және сонымен
ұсынатын қызметердiң ассортиментiн кеңейтуге жаңа түрлерiн жасау арқылы
жетудi көздейдi.

Кәсiпорының баға саясаты

Баға - бұл қызмет құнының ақшалай түрi және оған турдың өзiндiк құны,
ҚҚС, табысқа салық және табыс кiредi. Тұтынушы бағаны қол жетерлiк жағынан,
сонымен қатар алынатын қызметтiң және сұраныстың қанағаттануының саны және
сапасы жағынан қарайды.
Ұйымдарда қолданылатын бағаларды түрлерi бойынша топтаса келесiнi
көруге болады:
▪ Мемлекттiк реттеуге байланысты бағалар еркiн болып табылады;
▪ Жұмыс iстеу уақытына байланысты тұрақты және уақытша бағалар
қолданылады ;
▪ Жаңа қызметтiң деңгейiне байланысты нарыққа кiру бағасы және
психологиялық баға қолданылады;
▪ Қызметтi сату уақытына байланысты ұзақ уақытты, жұмсақ , келiсiмдi
баға қолданылады .
“Ren - Tour” фирмасында шегерiмдер кең таралған. Компанияда
шегерiмнiң жабық, маусымдық прогрессивтi, арнайы түрлерiн, сонымен қатар
бiр туристiк фирманын басқатуристік фирмаға берiлетiн комиссиондықтары
қолданылады.
Жабық шегерiмдер – сатып алушыға қосымша тегiн қызмет көрсету түрiнде
немесе тегiн тауар ретiнде берiледi. “Ren - Tour” фирмасында бұл шегерімнің
түрі көбнесе клиенттерге қосымша қызмет көрсету ретінде беріледі.
Маусымдық шегерiмдер – сатып алушыға белсендi емес маусымда қызмет сатып
алғаны үшiн берiледi. Бұл шегерім қысқы мерзімде кең таралған.
Прогрессивтi шегерiмдер – сатып алушыға сатып алынған қызметтердiң
санымен көлемi үшiн берiледi.
Арнайы шегерiмдер – қызметтермен көп қызықтанған сатып алушыларға және
тұрақты клиенттерге берiледi.
Көпшiлiк турлармен қатар фирма ауқатты клиенттерге жеке қызмет
көрсетудi ұсынады яғни VIP – қызмет көрсетулер. Клиенттiң тапсырысы бойынша
әлемнiң әр елiне жасалып және тапсырыс берiледi. Сонымен қатар орналастыру,
тамақтандыру, ерекше қызмет көрсету сияқты талаптары ескерiледi. Шетелге
шығу паспортын жасау, визаны алу, шетелдiк консульстваларда рұқсат алуды
ұйымдастырады.
“Ren - Tour” фирмасы ҚР резиденттері үшін кейбір елдерге визалық
қызмет көрсету бағалары 3 кестеде келтірілген:
Кесте 3.
Ұлыбритания еліне виза ашудың құны мен мерзімі
қызмет виза мерзімі күндер саны жарамдылығы беру бағасы, теңге
мерзімі
турист 01-180 180 mult 3 17500
        +12500 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризм индустрия құрылымы
Туризм мамандығы жайлы
Туризм индустриясының құрылымы
Туристік индустрияның құрамдас бөліктері
Қазақстанның туристік нарығында жұмыс жасайтын кәсіпорындарды маркетингтік зерттеу және олардың бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру жоладры
Әлемдік туристік нарық және туризм индустриясына әсер ететін факторлар
ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ БИЗНЕСТІҢ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЫ
Туркия мемлекетiндегi туризм орталықтары, мәдени және тарихи байлықтар орталығы
«Туристік қызметтер менеджментінің ерекшеліктері («ABDI Travel» ЖШС-ның материалдары негізінде)»
Экскурсия әдістемелердің байланысы
Пәндер