Мұнайдың литосфераға экологиялық әсері



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1 Топырақтың мұнаймен ластануы, қаупі, алдын алу тәсілдері ... ... ... ... ... ... 4
2 Мұнай.газ құрылысы кезінде литосфера мен биосфера элементтерінің ластануы және жойылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
КІРІСПЕ
Мұнай өндірудің жылдам өсуі және оған сәйкес барлау бұрғылауының, тасымалдаудың, өңдеудің, жаңа физикалық принцптерге негізделген, жоғары қысым мен температураны пайдаланатын қазіргі заман жаңа технологияларын кең пайдаланудың өсуі, қуатты құбырларлар жүйелері салу мұнай-газ өндірісінің экологиялық қауіптілігін арттыруда, олардың ауаға, суға, топыраққа, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне, басқа да табиғи кешенің компоненттеріне әсері күшейтеді. Көп жағдайда мұнай-газ, олардың серіктестері, мен өңдеу өнімдері, қышқылдар, сілтілер, ингибиторлар және мекемелермен пайдаланылатын басқада зиянды заттар, сондай-ақ өндіріс қалдықтары да қоршаған ортаның негізгі ластаушылары болып табылады. Негізінде бұл студенттің өзіндік жұмысында топырақтың мұнаймен ластануы, қаупі, алдын алу тәсілдері. Мұнай-газ құрылысы кезінде литосфера мен биосфера элементтерінің ластануы және жойылуы жайында жалпы мәліметтер жазылған.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
[1] Мазур И.И. Экология строительства обьектов нефтяной и газовой промышленности. – М.: Недра,1991.-279с.: ил
[2] Панов Г.Е., Петряшин Л.Ф., Лысяный Г.Н. Охрана окружающей среды на предприятиях нефтяной и газовой промышленности.- М.: Недра, 1986, 244с.
[3] Интернет ресурстары

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1 Топырақтың мұнаймен ластануы, қаупі, алдын алу тәсілдері ... ... ... ... ... ... 4
2 Мұнай-газ құрылысы кезінде литосфера мен биосфера элементтерінің ластануы және жойылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12

КІРІСПЕ
Мұнай өндірудің жылдам өсуі және оған сәйкес барлау бұрғылауының, тасымалдаудың, өңдеудің, жаңа физикалық принцптерге негізделген, жоғары қысым мен температураны пайдаланатын қазіргі заман жаңа технологияларын кең пайдаланудың өсуі, қуатты құбырларлар жүйелері салу мұнай-газ өндірісінің экологиялық қауіптілігін арттыруда, олардың ауаға, суға, топыраққа, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне, басқа да табиғи кешенің компоненттеріне әсері күшейтеді. Көп жағдайда мұнай-газ, олардың серіктестері, мен өңдеу өнімдері, қышқылдар, сілтілер, ингибиторлар және мекемелермен пайдаланылатын басқада зиянды заттар, сондай-ақ өндіріс қалдықтары да қоршаған ортаның негізгі ластаушылары болып табылады. Негізінде бұл студенттің өзіндік жұмысында топырақтың мұнаймен ластануы, қаупі, алдын алу тәсілдері. Мұнай-газ құрылысы кезінде литосфера мен биосфера элементтерінің ластануы және жойылуы жайында жалпы мәліметтер жазылған.

Негізгі бөлім
1 Топырақтың мұнаймен ластануы, қаупі, алдын алу тәсілдері
Топырақтың жергілікті ластанулары көбіне құбырлар зақымдалған және бұлар жабдықтағы тығыз емес жерлер арқылы ағып кетуі кезінде мұнайдың және мұнай өнімдерінің жайылып кетулерімен байланысты болып отыр. Үлкен аудандардың ластануы мұнай шапшыған кезде орын алуы мүмкін. Соңғы жағдайда ластанудың әртүрлі дәрежесі бар төрт аймақты бөліп көрсетеді: 1 - қатты ластану; 2 - ластанудың орташа дәрежесі; 3 - әлсіз ластану; 4 - шамалы ластанумен тозаңданып шашырау.
Соңғы аймақ бүкіл ауданның жартысына жуығын алып жатады. Топыраққа келіп түсе отырып, мұнай гравитация күштерінің әсерімен тік төмен түседі және жер бетіндегі мен капиллярлық күштердің әсерімен жайыла таралады. Мұнайдың алға жылжуының жылдамдығы оның қасиеттеріне, грунтқа және көп фазалы қозғалып келе жатқан жүйедегі мұнайдың, ауаның және судың ара қатынасына байланысты болып келеді. Осындай жүйеде мұнайдың үлесі неғұрлым азырақ болса, оның грунтқа фильтрациясы (миграциясы) соғұрлым қиынырақ болады. Осы процестердің барысында грунттың мұнаймен қаныққандығы (жаңа келіп түсулер болмаған кезде) үздіксіз төмендеп отырады. Грунттағы 10-12% мөлшері кезінде (қалдық қанығу деңгейі) мұнай қозғалмайтын болып шығады. Қозғалыс сонымен қатар мұнай грунт суларының деңгейіне жеткенде де тоқтап қалады. Мұнайдың жеңіл фракциялары су бетінде қалқып жүреді. Капиллярлық күштер себепкер болған, мұнайдың жайылып, таралуына деген үрдіс сақталады [10]. Мұнай грунт суларының бет жағының еңкеюі бағытында орын ауыстыра бастайды.
Капиллярлық күштердің көрініс табуы грунттың айтарлықтай өткізгіштігі және кеуектілігі кезінде жақсы байқалады. Мысалға, құмдар мен қиыршық тасты грунттар мұнайдың миграциясы (көшіп-қонуы) үшін қолайлы, саз балшықтар мен лайлар қолайсыз. Тау жыныстарында мұнай негізінен жарықшақтар бойынша қозғалады. Мұнайдың тік және көлбеу миграциясының аймақтарының өлшемдерін болжап отыруға болады. Топырақта мұнайдың болуы қауіпті экологиялық зардаптар тудырады. Зерттеулермен мұнаймен ластанған топырақтарда өсімдіктердің өміршеңдік тамырлардың өту тереңдігіне және ластанудың нәтижесінде түсіп қалған жапырақтардың өсуін қалпына келтіру жылдамдығына байланысты болады.
Топырақтың мұнаймен бастапқыдағы салыстырмалы түрде әлсіз ластануы микроорганизмдердің санын және түзілетін көмірқышқыл газдың мөлшерін азайтады. Микроорганизмдердің санының қалпына келуі 6 айдан кейін байқалады. Бұл кезде микроорганизмдер мұнайдың құрамдас бөліктерін қоректену өнімдері ретінде пайдаланады, олардың көбеюіне ынталандырушы әсерін тигізеді. Алайда, микроорганизмдердің қарқынды өсуі топырақты азот пен фосфор қосылыстарымен жұтаң етеді және одан арғы жерде, егер мұнаймен ластанған топырақтарда әу бастан азот тапшылығы байқалатындығын ескерсек, шектеуші (лимиттеуші) фактор ролін ойнап шығуы мүмкін.
Мұнайдың топыраққа қолайсыз әсер етуі ас қорыту тізбектері арқылы адамға зиянды әсерін тигізуі мүмкін. Бұл кезде белсенді заттардың мейлінше аз концентрациясының өзінде де дамуы мүмкін канцерогенді әсердің мүмкін болуы теріске шығарылмайды.
Жалпы алғанда, табиғи экологиялық жүйелердің бұзылу дәрежесіне ластаушының өзі де, ауданның биологиялық ерекшеліктері де себепші болуы мүмкін. Бұл ретте бірінші кезектегі маңызға мұнайдың түрі, оның мөлшері, мұнаймен ластанудың сипаты және тазарту тәсілі ие болады. Бұл мұнайдың түрлерінің өздерінің физикалық және химиялық қасиеттері, улылық дәрежесі бойынша елеулі ерекшеленетіндігімен түсіндіріледі.
Грунттардың мұнаймен ластануына бақылауды тиімді жүргізу ауданның гидрогеологиялық жағдайларын мұқият зерттеуді ойластырады. Бірінші жақындауда гидрогеологиялық жүйелердің шекаралары барлау және пайдалану бағытындағы бұрғылаудың, топографиялық және геологиялық карталардың мәліметтері бойынша анықталады. Одан әрі егжей-тегжейлі далалық зерттеулер жүргізіледі. Құрамы әртүрлі бірнеше қабаттан тұратын грунттар үшін скважиналар бұрғыланады. Грунтқа тән үлгілер үшін бөлшектердің өлшемін, кеуектілігін және өткізгіштігін анықтайды. Сонымен қатар грунт суларының қасиеттері және олардың қозғалу бағыттары бойынша қажетті мәліметтер де қорыта талданады.
Жайылған мұнайдың миграциясын, оның грунтқа өтіп кетуін болдырмау және суды тазарту үшін скважиналар сериясын бұрғылайды және ластанған грунт суларын алып шығарады. Грунт суларының қозғалған жолында сумен бірге қозғалып келе жатқан көмірсутектерін жинау және бұрып әкету үшін перфорацияланған құбыры бар траншея жасайды. Кейбір жағдайларда грунт суларының қозғалған жолында тиісті құрылыс материалынан, резеңкеден жасалған гидрооқшаулағыш мембраналардан және т.с. су өткізбейтін кедергі қойылады.

2 Мұнай-газ құрылысы кезінде литосфера мен биосфера элементтерінің ластануы және жойылуы
Мұнай-газ құрылысы кезінде негізгі экологиялық шығын литосфераның жоғарғы жер бетіндегі қабаттарына және жер бетіндегі биогеоценоздарға келтіріледі. Литосфераның құрылымдық элементтері (топырақ, грунттар, грунт сулары, өсімдік және жануарлар қауымдастықтары) көліктің және құрылыс техникасының, орналастырылатын уақытша және тұрақты нысандардың физикалық-механикалық әсер етулеріне, ластануларға (физикалық, химиялық, оның ішінде органикалық және биологиялық) ұшырайды.
Топырақтардың бұзылуы дұрыс пайдаланбауға, қоректік заттардың жұтаңдануына, құрылымдарының нашарлауына, эрозияға орай жүруі мүмкін. Алайда, топырақтардың құнарлығынан айырылуы, олардың жұтаңдауы және қарашірігінен айырылуы эрозия процесін күшейте түседі, өйткені топырақтар суды сіңіру және ұстап тұру қабілетінен айырылады. Топырақтардың құнарлығын қалпына келтіру немесе арттыру - өзіне эрозияға қарсы шараларды және мелиорацияның әр алуан түрлерін қосатын, еңбектенуді көп қажет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атмосфера, гидросфера және литосфераның ластануы
Мұнай кен орнының геологиялық бейіні
Бұрандалы сораптарды пайдалану
Қабат мұнайының орташа көрсеткіштері
Өзен кен орнының өндіру және айдау скважиналары қорының жағдайы
Альфа кенорны бойынша ұңғыманның түп аймағына әсер ету әдістерін талдау ( ҚСЖ )
Қабат қысымын ұстау жүйесіне кеткен жылдық өндірістік шығындар есебі
Биосфера туралы жалпы түсінік
Антропогендік әсерлер
Каспий теңізінің экологиялық проблемалары
Пәндер