А-тәрізді (мачталы) мұнараны монтаждау



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1 А.тәріздес бұрғылау мұнарасы жайлы жалпы мәлімет ... ... ... ... ... ... ... 4
2 А.тәріздес бұрғылау мұнарасын монтаждау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ...6
2.1 БУ2500ЭП қондырғысының А.тәріздес мұнарасын көтеру әдісі ... ... 14
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
КІРІСПЕ
Бұрғылау мұнарасы тәл механизмін, көтеріп-түсіру операцияларын механизациялау және бұрғылау свечаларын орналастыру үшін арналған ұңғыма үстіндегі металлдық құрылым. Бұрғылау мұнарасының техникалық мүмкіндіктеріне бұрғылау қондырғысының тасымалданғыштығы және бұрғылаудың тиімділігі мен қауіпсіздігі, монтаждауға қабілеттігі тәуелді. Бұрғылау мұнараларына қойылатын ең бірінші маңызды талап - беріктік және сенімділік.
Бұрғылау мұнарасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар МЕСТ 12.2.041-79 регламенттеледі, және осыған сәйкес мұнараның конструкциясы мен негізге немесе іргетасқа бекітілуі оның пайдалану кезінде сенімділігі пен қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Мұнара конструкциясында кронблоктық, жоғарғы жұмыстық және бұрғылау еденінен кронблокқа дейінгі марштық өтпелі баспалдақтар алаңдары қарастырылуы керек.
Жоғарғы алаң жылжымалы бесікшемен жабдықталуы керек. Кронблокты ауыстыру үшін козел және мұнараның жоғарғы негізіндегі монтаждалатын ролик кронблоктың бір жарым есе массасын көтеруге есептелген. Бұрғылау мұнарасының және оның жеке элементтерінің геометриялық формалары желдік жүктемелерді азайту мақсатында минималды аэродинамикалық кедергілерге ие болуы керек.
Аяқтарының санына және орнласуына байланысты бұрғылау мұнаралары башенді және мачталы А-тәріздес деп бөлінеді. Башенді мұнараларда жүктеме көпбұрыштың төбелерінде орналасқан екіден жоғары тіректерге беріледі. А-тәріздес типтегі мұнараларда жүктеме бір немесе екі тіректерге беріледі. Көтеріп-түсіру операцияларының тәсілдеріндегі бұрғылау мұнараларында свечаларды қолмен және механикаландырылған орналастыру құрылғыларына байланысты ажыратады. Бұл жазылып отырған студенттің өзіндік жұмысында негізінен А-тәріздес мұнараның монтаждалу әдістері мен реті көрсетілген.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
[1] А.Л.Ильский, А.П.Шмидт .«Буровые машины и механизмы» Москва «Недра», 1989 г.
[2] Р.А.Баграмов, Учебник для вузов.- «Буровые машины и комплексы» Москва «Недра», 1988 г.
[3] Муравенко Б.А., Муравенко А.Д. «Монтаж буравого оборудования» .- Ижевск: Изд-во ИжГТУ, 2007.-556с.

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1 А-тәріздес бұрғылау мұнарасы жайлы жалпы мәлімет ... ... ... ... ... ... ... 4
2 А-тәріздес бұрғылау мұнарасын монтаждау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2.1 БУ2500ЭП қондырғысының А-тәріздес мұнарасын көтеру әдісі ... ... 14
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

КІРІСПЕ
Бұрғылау мұнарасы тәл механизмін, көтеріп-түсіру операцияларын механизациялау және бұрғылау свечаларын орналастыру үшін арналған ұңғыма үстіндегі металлдық құрылым. Бұрғылау мұнарасының техникалық мүмкіндіктеріне бұрғылау қондырғысының тасымалданғыштығы және бұрғылаудың тиімділігі мен қауіпсіздігі, монтаждауға қабілеттігі тәуелді. Бұрғылау мұнараларына қойылатын ең бірінші маңызды талап - беріктік және сенімділік.
Бұрғылау мұнарасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар МЕСТ 12.2.041-79 регламенттеледі, және осыған сәйкес мұнараның конструкциясы мен негізге немесе іргетасқа бекітілуі оның пайдалану кезінде сенімділігі пен қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Мұнара конструкциясында кронблоктық, жоғарғы жұмыстық және бұрғылау еденінен кронблокқа дейінгі марштық өтпелі баспалдақтар алаңдары қарастырылуы керек.
Жоғарғы алаң жылжымалы бесікшемен жабдықталуы керек. Кронблокты ауыстыру үшін козел және мұнараның жоғарғы негізіндегі монтаждалатын ролик кронблоктың бір жарым есе массасын көтеруге есептелген. Бұрғылау мұнарасының және оның жеке элементтерінің геометриялық формалары желдік жүктемелерді азайту мақсатында минималды аэродинамикалық кедергілерге ие болуы керек.
Аяқтарының санына және орнласуына байланысты бұрғылау мұнаралары башенді және мачталы А-тәріздес деп бөлінеді. Башенді мұнараларда жүктеме көпбұрыштың төбелерінде орналасқан екіден жоғары тіректерге беріледі. А-тәріздес типтегі мұнараларда жүктеме бір немесе екі тіректерге беріледі. Көтеріп-түсіру операцияларының тәсілдеріндегі бұрғылау мұнараларында свечаларды қолмен және механикаландырылған орналастыру құрылғыларына байланысты ажыратады. Бұл жазылып отырған студенттің өзіндік жұмысында негізінен А-тәріздес мұнараның монтаждалу әдістері мен реті көрсетілген.

Негізгі бөлім
1 А-тәріздес бұрғылау мұнарасы жайлы жалпы мәлімет
Діңгекті А-тәрізді мұнаралар (1,д-сурет) А-тәрізді формаға ие және аяқ секцияларының дәнекерленген конструкциясының арқасында жоғары монтаждылулық қасиетке ие. Мұнара аятары үшбұрышты 1,2, төртбұрышты 3 немесе сақиналы 4 қималы болады. Төртбұрышты қималы аяқты мұнаралар ерекше көп зат керек етеді. Сақиналы қималы мұнараларды үлкен диаметрлі құбырлардан жасайды, бұл олардың салмағының өсуіне әкеледі. Екі тіректі (1,ж-сурет) және ұзындық бойына П-тәрізді пішінді қималы алды ашық қырлы бұрғылау мұнараларында қаттылық және монтажға икемділік қасиеттері жақсы үйлесім табады.
Бұрғылау мұнараларын құбырлардан, бұрыштықтардан, швеллерлерден және дөңгелек илемдерден жасайды.

1-сурет. Бұрғылау мұнараларының конструктивтік сұлбалары

Діңгекті А-тәрізді мұнара (2-сурет) негізгі жүктемені қабылдайтын екі аяқтан және мұнараны жұмыстық қалыпта ұстап тұратын тіреуіштерден тұрады. Мұнараның биіктігіне байланысты әр аяқ 3-5 дәнекерленген секциядан 2 жиналады. Секциялар фланецтік байланыстра арқылы түйістіріледі. Жинақтауды тездету үшін фланецтердің орнына жартықамыттар қолданылады. Жоғарғы секцияларда мұнараға герметикалық пішін мен қаттылық беру үшін кронблок асты рамамен жалғау үшін құлақшалар болады. Кронблок асты рамада козелдар және кронблокка қызмет көрсету мен жөндеу үшін алаң 1 орнатылған.
Мұнараны көтеру сұлбасы мен конструкциясына тәуелді тіреулер 5 көпірлер жағында орналасады. Мұнараның аяқтары 4 мұнараны ротор өсіне қатысты орталандырушы негізбен шарнирлі байланысады. Бұрғышының екінші көмекшісі үшін балкон 3 және свечалар орналасатын балкон мұнара аяқтарына кронштейдар арқылы бекітіледі.
Бұрғылау сораптыраның манифольдының стоягы мұнараның аяғының ішінде орналасады. Бұрғылау жеңін жөндеу және қызмет көрсету үшін мұнара аяғының ішінде кішкене алаңша болады. Марштық баспалдақтар 6 мұнараның аяқтарының бір қырына бекітіледі және балконға дейін жетеді. Мұнара аяғының ішінде туннельдік типтік баспалдақтар орнатылады.
А-тәрізді және басқа діңгекті мұнараларды көлденең күйінде арнайы дайындалған алаңдарда жинайды. Мұнараны тік қалыпқа тәл арқанымен жабдықталған арнайы блоктармен немесе трактормен тарптып көтереді.

2-сурет. Діңгекті А-тәрізді мұнара

2 А-тәріздес бұрғылау мұнарасын монтаждау әдістері
Бұрғылау қондырғылары кәсіпшілік шегінде әдетте негіздерде орнатылған жабдықпен тасымалданады. Егер жол жағдайлары мүмкіндік берсе, шағын қашықтықтарға қондырғыларды ірі блоктармен, кейде тіптен көтерілген діңгекпен, тракторлардың көмегімен немесе ауыр жүк тасығыштарда тасымалдайды.
Әдеттегі жол жағдайларында қондырғыларды, негіздерді және жабдықты жеке блоктармен ауыр жүк тасығыштарда немесе шынжыр табанды арбаларда жеке-жеке тасымалдап, бұрғылау қондырғысын болашақ скважинаның сағасында алдын ала дайындалып қойған алаңда жинастырады. Егер негіздерді жабдықсыз тасымалдайтын болса, онда алдымен мұнара блогын ротордің тесігінің тік кіндігі скважинаның кіндігімен сәйкес келетіндей етіп орнатады. Одан кейін лебедканың және күш блогының негіздерін монтаждайды, бұдан соң оларға барлық қажетті жабдықты және мұнараны орнатады. Монтаждау автотартқыштарда немесе тракторларда тұрған жебелердің және лебедкалардың көмегімен жүргізіледі.
Мұнараларды монтаждау және демонтаждау тәсілдері көбіне көп олардың конструкциясымен анықталады. Секциялы діңгекті мұнараны тағандарда көлбеу қалыпта, тұтас пісірілген секцияларда жинайды. Блок тіркеуіштерінің аздаған саны жұмыстардың аз еңбек сыйымдылығын алдын ала анықтайды, ал такелаж жұмыстарын механикаландыру құралдарын қолдану бұл құрастыру процесін жоғары тиімді етуге мүмкіндік береді. Діңгекті мұнараны монтаждау уақыты барлық қалған тең жағдайлар кезінде башнялы мұнараға қарағанда көптеген есе азырақ.
А-тәріздес мұнараны монтаждауды және көтеруді ұйымдастыру үшін жасаушы заводтың нұсқауымен және әсіресе бастапқы монтаждау кезінде бұрғылау жабдығын орналастырудың ұсынылып отырған схемасымен танысып шығу керек. 3-суретте бұрғылау жабдығын монтаждау алаңында орналастыру схемасының бір бөлігі келтіріліп отыр.
Діңгекті А-тәріздес мұнараны зводтарда жасап, жинастыратын орынға тасымалданатын габаритті секциялармен және түйіндермен бөлшектенген түрінде тасымалдайды.
Мұнараны құрастыруды мұнараны көтеру механизмінің конструкциясының, оны орнататын жердің (жатқызбаға немесе мұнара блогының негізіне) және мұнараны көтеру тәсілінің (тракторлармен, лебедканың апаттық жетегінен, РПДЭ-3 сындырғыш беруді реттегіштен немесе бұрғылау қондырғысын негізгі көтеру қозғалтқыштарынан) ерекшеліктерін ескере отырып, завод нұсқауында қарастырылған тәртіппен төсемде көлбеу қалыпта жүргізеді.
4-суретте мысал ретінде ВЗБТ мұнарасын келесі ретпен құрастыру көрсетілген:
1. Мұнара секциялары бойынша дайындық жұмыстарын орындайды, мұнараны жатқызатын орындағы алаңды жоспарлауды жүргізеді; мұнара секцияларын негіздің құлақшаларынан бастап кронблок рамасына дейін, оларды монтаждау ретімен жатқызады.
2. Мұнараның скважинаның орталығы арқылы өтетін кіндігін белгілейді.
3. Деңгей бойынша көлбеулікке тексере отырып, мұнара-күш блогын құрастыруды жүргізеді; анықталған көлбеусіздікті дереу жою керек.
4. Мұнараны көтеру механизмінің монтаждау жебесінің жатқызбасын теерңдігі 450 мм, ені 1000 мм және ұзындығы 4000 мм болатын, өзі үшін дайындалып қойған профильдік оймаға жатқызады.
5. Секцияларды қамыттармен біріктіріп, монтаждау жебесін жинастырады; монтаждау жебесінің көлденең қоссырығын жатқызбаның ойығына жатқызады; жебені арнайы тартқыштармен және қапсырмалармен мұнара блогының негізімен байланыстырады; қапсырмалардың құлақшаларындағы саңылауларды реттегіш гайкалармен түбіне дейін тартады; жатқызбаның жатқызылуын және оның оймаларына орнатылған монтаждау жебесінің қоссырықтарын деңгей бойынша тексереді.
6. Бұрғылау мұнарасының негізінің кіндігінің бағыты бойынша монтаждау жебесінің орнатылуын тексеруді жүргізеді; монтаждау жебесінің геометриялық кіндігінің негіздің кіндігіне қатысты 50 мм аспайтындай ығысуына жол беріледі.
7. Жоғпрғы, ортаңғы және төменгі секцияларды қамыттармен байланыстырып, жерде мұнараның сол және оң аяқтарын жинастырады; таль жүйесінің жылжымалы бөліктері қамыттарға тиіп кетпеуі үшін, оларды мұнара секцияларының ішкі қырларының жазықтығында болттармен шығып тұратын етіп орналастыру керек.

3-сурет. Мұнара элементтерінің, көтергіш құралдардың және тракторлардың құрылыс алаңында орналастырылу схемасы: 1 - мұнараның астындағы негіз; 2 - МПВ жебесі; 3 - КП-25 краны; 4 - тағаналар; 5 - сүйеу; 6 - мұнараның төменгі секциясы; 7 - қабылдағыш көпірдің бөлшектері; 8 - тартқыш трактор; 9 - КСГ краны; 10 - мұнараның секциясы; 11 - мұнараның кронблок астындағы бөлігінің бөлшектері; 12 - кронблок астындағы рама; 13 - кронблок; 14 - кронблок астындағы алаң; 15 - полатьтардың бөлшектері.

8. Мұнараның белгіленген кіндігіне көлденең мұнара тірегінің кіндігінен 39 м қашықтықта қабылдау көпірінің стеллаждарынан және секцияларынан тұратын монтаждау тірегін (тағана) орнатады; тіректің 3,31 м биіктігін қоссырықтардан қосымша жатқызбалар орнату арқылы қамтамасыз етеді.
9. Мұнараның жинастырылған аяқтарын кранның көмегімен мұнара блогының негізіндегі мұнараның реттелетін тіректерінің құлақшаларына орнатады және, кіндіктерге енгізіп, оларды чектермен бекітеді; мұнараның аяқтарының жоғарғы ұштарын монтаждау тірегіне жатқызады (мұнараның деформациялануын болдырмау үшін 39 м қашықтық дәлдеп тексерілуге тиіс: тірек секцияның фермалары оған аралықтарда емес, ферманың түйіндерінде тіреліп тұратындай есеппен орнатылады); мұнара секцияларын монтаждаудың бұл әдісі жебесінің алға шығуы жеткілікті, жүк көтергіштігі кемінде 10 т болатын монтаждау кранын қолданған кезде ұсынылады; жүк көтергіштігі азырақ кран пайдаланылған кезде мұнара аяғының әрбір секциясын монтаждау және байланыстыруды аралық тіректерді және монтаждау тіректерін қолдана отырып, бірізді жүргізеді.
10. Мұнара аяқтарының жоғарғы секцияларын көлденең қапсырмалармен біріктіреді және, олардың ұзындығын реттей отырып, кронблок астындағы раманы орнату үшін құлақшалар арасындағы өлшемді табады (2500+2) мм.
11. Кронблогы бар кронблок астындағы раманы мұнараның жоғарғы секцияларының құлақшаларына орнатады, кіндіктер және чектер орнатады, шплинттейді.
12. Мұнараның жоғарғы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұрғылау мұнарасы
Жүккөтергіштігі 5000 кН бұрғылау жасағы
Мобильді бұрғылау қондырғылары
Жабдықтың анықтамалық көрсеткіштері
Құлсары мұнай-кен орнында көлбеу бағыттағы ұңғаны игеру
Бұрғылау қондырғысының жабдығы
Ұңғыманы бұрғылау
Ағаш мұнаралар
Рейкалы домкрат
Мұнай және газ ұңғымаларын технологиялық бұрғылау процесі мен тәсілдері, еңбек және тіршілік қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау
Пәндер