Депозитті теориялық тұрғыдан сипаттау


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

I-ТАРАУ. Депозитті теориялық тұрғыдан сипаттау

1. 1. Депозит туралы түсінік

1. 2. Депозиттің сыныпталуы

II-ТАРАУ. Республикадағы банктердің депозиттік операцияларын сипаттау

2. 1. Коммерциялық банктердің депозиттік операциялар

2. 2. Жеке тұлғалардың депозиттерін сақтандыру

III-ТАРАУ. Депозиттік операцияларды дамыту жолдары

Қорытынды

Қолданылған Әдебиеттер

Кіріспе

Депозит ( латын тіліне аударған depositium сақтауға берілген зат дегенді білдіреді ) - клиенттердің банктерге өз қаражаттарын уақытша

Депозит дегеніміз ерекше ұйымға, яғни банкке клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі шартпен сақтауға берген салымдары. Банктердің көптеген қаражаттарын депозиттер құрайды. Өзімізге белгілі банктердің ресурстарының 80-90 % тартылған қаражаттар құрайды. Оның 60-70 % депозиттер болады. Сондықтан банктердің депозиттерін дұрыс орналастыру, оларды тарту әрбір банктің көздеген мақсаттарының бірі болып табылады.

Еліміздің банктер жүйесінің жақын арада дамып келе жатқандығына ешқандай күмән жоқ. Бірақ банктер өздерінің операцияларын жүргізсе де, халықтың сенімділік дәрежесінің төменділігімен сипатталады. Коммерциялық банктер осы сенімділік дәрежесін арттыру үшін барлық шараларды қолданы, арнайы стартегиялар жасауда.

Әйгілі экономист К. Маркстің айтуынша «Банктер біреуге несие беріп қана қоятын ерекше ұйым емес, басқадан ақша қаражаттарын тартатын және солардың сақтануына жауап беретін ұйым». Осы әйгілі экономистің сөздерін депозиттің қаншалықты банктер үшін қажет екенін көруге болады.

Депозиттік операциялар банктердің негізгі ресурс көзі болып табылады. Сондықтан өз курстық жұмысымды банктердің ресурстарды тарту шараларына арнадым. Осы курстық жұмыста алдыма мынандай мақсаттар қойдым. Олар :

1. Депозит түсінігін жетік білу және оның нарықтық ортада қалыптасқан түрлерімен танысу;

2 . Республикада қалыптасқан коммерциялық банктердің депозиттік операцияларын талдау ;

3 . Бірнеше коммерциялық банкердің депозит түрлерімен, пайыз мөлшерлерімен танысу;

4 . Қазақстан Республикасының жеке тұлғалардың депозитттерін кепілдендіру ( сақтандыру ) қорына кіру шарттарын анықтау және қордың қазіргі жағдайын сипатттау.

Осы тұрғыдан өз алдыма мынандай мақсаттар қойдым:

- депозит туралы теориялық әдебиеттерді талдау;

- нарықтық жағдайда болып жатқан өзгерістерді республикадағы депозит көлемін статистикалық мәліметтер бойынша талдау. Депозиттерді сақтандыру туралы Үкімет қаулысын қарастыру.

I-ТАРАУ. Депозитті теориялық тұрғыдан сипаттау

1. 1. Депозит туралы түсінік

Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.

Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.

Банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:

- депозтттік қаражаттар;

- депозиттік емес қаражаттар.

Тартылған қаражаттар ішінде ең көп тараған депозиттер құрайды. Депозиттер, банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.

Депозит - бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар - банктің уақытша ақша қаражаттарын басқа корреспонденттік-банктердегі шоттарда орналастырумен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бәлігін алады .

Пассивті депозиттік операциялар - бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциалар . Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі .

1. 2. Депозиттің сыныпталуы

Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың және депозиттердің шоттарының әр түрі кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.

Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:

  • талап етуіне дейінгі депозиттер;
  • мерзімді депозиттер;
  • жинақ салымдары;
  • бағалы қағаздар.

Сондай-ақ, олардың төмендегідей белгілеріне байланысты жіктеуге болады:

  • мерзімдеріне қарай;
  • салым иелерінің категориясына қарай;
  • қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай;
  • пайыз төлеу тәсіліне қарай;
  • банктің активтік операциялары бойынша жеңілдіктер алуына қарай;
  • басқа.

Салым иелерінің катигорияларына байланысты депозиттік шоттар мынадай түрлерге бөлінеді:

  • жеке тұлғалардың шоттарына;
  • кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардың шоттарына;
  • жергілікті билік ұйымдарының шоттарына;
  • қаржылық мекемелердің шоттарына;
  • шетелдік азаматтардың шоттарына.

Талап етуіне дейінгі депозиттер - бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар.

Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар жатады:

  • мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;
  • әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
  • есеп айрысудағы қаражаттар;
  • жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;

Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады.

5

Талап етуге дейінгі депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.

Ал, кемшілігі - бұл шот бойынша пайыз мүлдем төленбейді немесе біршама төменгі мөлшерде төленеді. Міне осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың төмендегідіей өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:

  • ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз жүзеге асырылады;
  • Бұл депозиттер есебінен қолма-қол ақша мен чекпен аударымдар жүргізуге болады;
  • Шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе коммиссиондық ақы алып отырады;
  • Банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды үшін өте төменгі деңгейгі пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;
  • талап етуге дейінгі депозиттер бойынша, коммерциялық банк Орталық банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.
  • Бұл депозиттің үлес салмағының көбеюі, банктің өтімділігіне деген талаптарды күшейте түсіреді және банктің өтімділігін басқару кезіндегі де күшейе түседі;
  • Бұл депозиттердің тарту шығындары аз болып келеді, яғни пайызы төмен болып келеді.

Мерзімді депозит - бұл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары.

Бұл депозит түрі алдын ала хабарлаудан кейін немесе мерзім бойынша алынуы мүмкін. Мерзімді депозиттер чектің көмегімен пайдаланылмайды, бірақ қолма-қол ақша түрінде еркін аударылады. Егер мерзімге дейін бұл салымды алатын болса, онда шот иесі айып пұл төлеуге міндетті.

Бұл салымның ерекшелігі - талап еткенге дейінгі депозитке қарағанда, оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді

Депозиттің бұл түрін алдын ала хабарлау негізінде немесе уақыты жеткен кезде салым иесі ала алады. Мерзімді депозиттерді чектер арқылы алуға болмайды. Мерзімді депозиттерді басқа шоттарға аударуға болады.

Мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:

Меншікті мерзімді депозиттер;

Алдын алуы ескертілетін мерзімді депозиттер.

Меншікті-мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:

30 күнге дейінгі:

30-90 күнге дейінгі;

90-180 күнге дейінгі;

180 күннен 360 күнге дейінгі;

360 күннен жоғары.

Мерзімді депозиттер бойынша, салым иесінен алдын ала хабарлау депозиті бойынша міндетті түрде өтінішін талап етеді. Өтініш беру уақыты алдын ала келісіледі және депозит бойынша, соған сәйкес пайыз белгіленеді. Әдетте, алдын ала алуын хабарлау мерзімі жеті күннен жоғары болып келеді.

Мерзімді депозиттердің мынадай ерекшеліктері болады:

  • есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай да есеп айырысу құжаттары толтырылмайды;
  • шоттағы қаражат баяу айналады;
  • тұрақты пайыз төленеді;
  • пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі Ұлттық банкі тарапынан реттеліп отырады;
  • ақшаны алуы туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап етіледі;
  • бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер белгіленеді;
  • бұл депозиттерді мерзімі өткенше трансакциялық мақсатқа жұмсауға болмайды;
  • Мұндай депозиттер шотынан қажетті уақытта, қажетті мөлшерде ақша алуға болмайды.

Тағы бір кеңінен таралған депозиттердің түрі - жинақ салымдары . Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғары шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.

Банктер үшін мұндай шоттар қосымша жұмыстарды талап етеді: операцияны рәсімдеу қиынырақ, кітапшаны жоғалту және ұрлатып алу жағдайына сай екі жақты тіркеу енгізу қажет және т. б. Компьютердің көмегімен жасалған жеке бет шоты туралы көшірмесі негізінде жинақ салымдары мен басқа салымдарды ауыстыруға мүмкіншілік бар.

Мерзімді депозиттер және жинақ салымдары депозитті ресурстардың біршама тұрақты бөлігін білдіреді.

Жинақ салымдарының тұрақты мерзімі болмайды. Бұл салымдардың түрі бойынша, мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді. Жинақ салымдары жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.

Жинақ салымдарының төмендегідей ерекшеліктері болады:

  • ақшалай қаражаттар сақтауда тұрақты мерзім болмайды;
  • шоттағы қаражатты алдын ала алу барысында ешқандай да ескерту талап етілмейді;
  • ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде ақшалай қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшасының болуы талап етіледі.

Отандық банктік тәжірибеде жинақ шоттар тек жеке тұлғаларға ғана ашылады. Ал, шетел тәжірибесінде мұндай шоттар коммерциялық емес ұйымдарға және іскер фирмаларға ашыла береді.

Отандық банктік тәжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдары салым операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай төмендегідей түрлерге бөлінеді:

  • мерзімді жинақ салымдары;
  • қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдары;
  • ұтыс салымдары;
  • ақшалай-заттай ұтыс салымдары;
  • мақсатты және ағымдық салымдар;
  • алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;
  • валюталық салымдар.

Мерзімді жинақ салымдарға тұрақты мерзімі белгіленетін және сол мерзім өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарына басқа жинақ салымдарға қарағанда жоғарғы мөлшерде пайыз төленеді.

Қосымша жарна қосатын салымдар - бұл шоттағы қаражатқа алдын ала келісілген уәде бойынша үздіксіз ақшалай соманы қосып отыруға болатын салымды білдіреді. Бұл шотта жинақталынған соманы белгілі бір күнде (жаңа жылдық салым, бойжеткен кезде және т. с . с. ) толық төленеді.

Ағымдық жинақ салымдар, негізінен, жалақы, зейнетақы, үздіксіз төлемдерді төлеу үшін жинақталатын және пайдаланылатын қаражаттарды білдіреді. Мұндай салымдар бойынша өте төменгі пайыз төленеді.

Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдарының бір түріне депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.

Депозиттік және жинақ сертификаты - бұл салым иесіне белгілі мерзім өтен соң, тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық беретін және оның шотындағы ақшалай қаражатының барлығын куәландыратын банк эмитенттің жазбаша куәлігі.

Депозиттік және жинақ сертификаттары иемденуіне қарай екі түрлі болып келеді:

Атаулы сертификаттар;

Мәлімдеуші сертификаттар.

Атаулы депозиттік және жинақ сертификаттары бұл салым иелерінің атына толтырылып беріледі. Ал, мәлімдеуші сертификаттарда салым иесінің аты-жөні көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.

Депозиттік және жинақ сертификаттар сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысу қызметін атқара алады. Депозиттік сертификаттар көбінесе ірі сомада шығарылатындықтан да, оларды заңды тұлғалар сатып алады.

Әлемдік банктік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың мынадай екі түрі бар:

  • Аударылатын;
  • Аударылмайтын.

Аударылмайтын депозиттік сертификаттар салым иелерінің қолдарында болып, уақыты жеткен соң банкке ұсынылады.

Аударылатын депозиттік сертификаттар басқа бір тұлғаларға екінші нарықта сатып алу - сату арқылы өтеді.

Жинақ сертификаты жеке тұлғаларға арналып шығарылады. Жинақ сертификатының мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзім аралығын құрайды. Жинақ сертификаты да жеке тұлғаларға ғана беріледі.

Мерзімді депозиттік және жинақ сертификаттары мерзімінен бұрын төлеуге ұсынылуы мүмкін. Мұндай жағдайда банк сертификатты сатып алады, бірақ төменгі мөлшерде пайыз төлейді. Коммерциялық банктер үшін бұл сертификат ресурсты жинақтау тиімділігімен, яғни ірі соманың белгілі бір мерзімге түсуін сипаттайды.

II-ТАРАУ. Республикадағы банктердің депозиттік операцияларын сипаттау

2. 1. Коммерциялық банктердің депозиттік операциялар

Қазіргі таңда коммерциялық банктердің депозит ашу үшін өздерінің клиенттеріне үлкен қызметтер көрсетуде.

Казкоммерцбанктің 5 наурыз 2005 жылдың жаңа стратегиясына байланысты жаңа салым түрлері және жаңа пайыз мөлшерлемелері қалыптасуда.

Жаңа салым «Свобода»:

  • Алғашқы минималды жарна көлемі 75000 теңге немесе 500$/Э
  • Салымды сақтау мерзімі - 1-12, 13-18 ай.
  • 12 айға дейінгі сақталатын салым бойыншп пайыз мөлшері тұрақты.
  • Бөлшектеп алу мүмкіндігі бар
  • Салымшының ағымдағы шотына аудару немесе салымшының қалауы бойынша жинақталуы мүмкін.

Сонымен қатар төмендегі салым түрлеріне өзгерістер енгізілуде.

Салым «Лучший»:

  • қазіргі алғашқы минималды салым көлемі 500$/Э немесе 75000 теңге
  • қосымша жарналар кезкелген мерзімде және кезекпен қабылданады.

«Доверительный», «Детский» салымдары бойынша:

  • алғашқы минималды жарна көлемі 100$/Э, 15000 теңге болды.

«Классический» салымы

  • алғашқы минималды жарна көлемі 100$/Э, 100 теңге.
  • Қосымша жарналар кезкелген уақытта немесе кезекте салу мүмкіндігі бар.

«Пенсионный» салымы бойынша:

  • алғашқы минималды жарна көлемі 100$/Э немесе 15000 теңге.
  • Жаңа сақтау мерзімі енгізілді - 24, 36 және 36 айдан жоғары;
  • 36 айға дейінгі сақтау мерзімі бар депозиттерге пайыз мөлшерлемесі тұрақты.
  • Қосымша жарна салу мүмкіндігі бар.

АҚ «Казкоммерцбанк» 16. 02. 2000 жылдан бастап салымдарды кепілдендіру жүйесінің №9 куәлігі бойынша мүшесі болып табылады.

«Лучший» салымы:

«Лучший» салымы - бұл қосымша жарналар арқылы депозит сомасын өзгерту мүмкіндігі бар салым түрі.

  • сақтау мерзімі 3, 6, 12, 18, 24, 36 және 36 айдан жоғары.
  • Пайыз мөлшерлемесі 3, 6, 12, 18, 24 және 36 айға салынған салым пайызы тұрақты, ол 36 айдан жоғары мерзімге салынған пайызы тұрақсыз.

10

  • Салым бойынша марапат келісім - шарт тоқтатылғаннан кейін сіздің ағымдағы шотыңызға аударылады немесе салым үстіне капитализацияланады.
  • Салымның минималды сомасы 75000 теңге немесе 500$/Э. [15] .

«Лучший» салымы бойынша марапат мөлшері. ( 1 кесте ) [15]

3 ай
6 ай
12 ай
13 ай
18 ай
24 ай
36 ай
36айдан жоғары
:

Теңге

АҚШ доллары ($)

Евро ( Э )

3 ай:

5, 9 %

3, 9 %

3, 5 %

6 ай:

6, 0 %

4, 0 %

4, 0 %

12 ай:

9, 0 %

5, 0%

5, 0 %

13 ай:

9, 5 %

6, 5 %

5, 4 %

18 ай:

9, 7 %

6, 5 %

5, 5 %

24 ай:

10, 0%

6, 5 %

6, 0 %

36 ай:

10, 0%

6, 5 %

6, 5 %

36айдан жоғары:

11, 0%

7, 5 %

7, 0 %

« Банк Туран Алем » - нің салымдары « Формула успеха », « Сезонный », «Детский», « Пенсионный », « Копилка », « Спринт », « Platinum », « Прогрессия », « Люкс », « Вклады до востребования », « Гарантирование ». [ 16 ] .

« Формула успеха » салымы. ( 2 кесте ) .

3 ай
6 ай
7 ай
9 ай
12 ай
12, 5 ай
18 ай
24 ай
:

Теңге

АҚШ доллары

Евро

3 ай:

5, 9 %

5, 9 %

3, 9 %

6 ай:

6, 0 %

4, 0 %

4, 0 %

7 ай:

8, 0 %

4, 8 %

4, 8 %

9 ай:

8, 5 %

4, 9 %

4, 9 %

12 ай:

9, 0 %

5, 0 %

5, 0 %

12, 5 ай:

9, 0 %

6, 0 %

6, 0 %

18 ай:

9, 5 %

6, 2 %

6, 2 %

24 ай:

9, 7 %

6, 49 %

6, 49 %

« Сезонный » салымы. ( 3 кесте )

3 ай
6 ай
7 ай
9 ай
12 ай
12, 5 ай
18 ай
24 ай
:

Теңге

АҚШ доллары

Евро

3 ай:

5, 9 %

5, 9 %

3, 9 %

6 ай:

6, 0 %

4, 0 %

4, 0 %

7 ай:

8, 0 %

4, 8 %

4, 8 %

9 ай:

8, 5 %

4, 9 %

4, 9 %

12 ай:

9, 0 %

5, 0 %

5, 0 %

12, 5 ай:

9, 0 %

6, 0 %

6, 0 %

18 ай:

9, 5 %

6, 2 %

6, 2 %

24 ай:

9, 7 %

6, 49 %

6, 49 %

11

« Детский » ( 4 кесте )

Қосымша жарналар бойынша аралық мерзім.

3 ай
6 ай
9 ай
12 ай
:

теңге

АҚШ доллары

Евро

3 ай:

5, 9 %

3, 9 %

3, 9 %

6 ай:

6, 0 %

4, 0 %

4, 0 %

9 ай:

8, 5 %

4, 9 %

4, 9 %

12 ай:

9, 0 %

5, 0 %

5, 0 %

« Пенсионный » салымы. ( 5 кесте )

1 ай
3 ай
6 ай
7 ай
9 ай
12 ай
18 ай
24 ай
:

Теңге

АҚШ доллары

Евро

1 ай:

4 %

3 %

3 %

3 ай:

5. 9 %

3. 9 %

3. 9 %

6 ай:

6. 0%

4. 0 %

4. 0 %

7 ай:

8. 0 %

4. 8 %

4. 8 %

9 ай:

8. 5 %

4. 9 %

4. 9 %

12 ай:

9. 0 %

5. 0 %

5. 0 %

18 ай:

9. 7 %

6. 2 %

6. 2 %

24 ай:

9. 29 %

6. 49 %

6. 49 %

« Капилка » салымы. ( 6 кесте )

1 ай
2 ай
3 ай
4 ай
5 ай
6 ай
7 ай
8 ай
9 ай
: теңге
1 ай: 1, 0 %
2 ай: 1. 5 %
3 ай: 2. 0 %
4 ай: 2. 5 %
5 ай: 3. 5 %
6 ай: 4. 5 %
7 ай: 5. 5 %
8 ай: 6. 5 %
9 ай: 7. 5 %

АТФ - Классик салымы Классикалық депозит ақшаны салу мерзімімен ыңғайлы.

Депозит артықшылығы:

  • жинақ сақтаудың тиімді нысаны
  • тартымды және тұрақты сыйақылар мөлшері
  • сыйақыны төлеу банктік келісім шарттың әрекет ету мерзімі тоқтатылғаннан кейін төленеді. Егер келісім - шарт 1 жыл немесе одан көп мерзімге жасалған болса, сыйақы тоқсан сайын төленеді.

- Депозит мерзімі Ақшаны салудың ыңғайлы мерзімдері 1 айдан 10 жылға дейін.

- Минималды сома 10 000 теңгеден, 100 АҚШ доллары немесе 100Э

- қосымшалар қарастырылмаған

- Бөлшектеп алу қарастырылмаған

- Ерекше ұсыныс кепілдендірілмеген салымдар 50 мың АҚШ доллары және 10 жылдан ұзақ уақытқа 10 % пайыз мөлшерлемесімен.

- Пайыз мөлшерлемесі валютаға және депозит салу мерзіміне байланысты.

«АТФ - Классик»

Минималды салым сомасы 100 USD, 100 EURO, 10 000 теңге.

« Бас офисқа » минималды салым сомасы 500 USD, 500 EURO, 10 000 теңге. ( 7 кесте ) .

1 ай
3 ай
7 ай
12 ай
12, 5 ай
18 ай
24 ай
36 ай
36, 5 ай
:

Теңге

АҚШ доллары

EURO

1 ай:

3, 5 %

2, 0 %

1, 5 %

3 ай:

5, 5 %

3, 5 %

3, 0 %

7 ай:

6, 0 %

4, 0 %

3, 5 %

12 ай:

8, 0 %

4, 5 %

4, 0 %

12, 5 ай:

9, 0 %

5, 0 %

4, 5 %

18 ай:

10 %

6, 5 %

6, 0 %

24 ай:

10, 2%

6, 8 %

6, 5 %

36 ай:

10, 5 %

7, 0 %

6, 8 %

36, 5 ай:

11 %

7, 8 %

7, 0 %

Депозиттік салым ставкасы ( пайыз мөлшерлемесі ) әр банкте әр түрлі. Ол банктердің әрқайсысының стратегиясы мен тактикасына байланысты. [ 17 ] .

2004 жыл бойынша жеке тұлғалардың салымдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі. ( 8 кесте ) [ 7 ] .

Банк атауы
Сақтау мерзімі
1 ай
3 ай
6 ай
1 жыл
2 жыл
3 жыл
4 жыл
5 жыл
Банк атауы: АҚ «Народный банк Казахстана»
Сақтау мерзімі:

Теңге

USD

1 ай:

4, 5-6, 5

3. 5-4

3 ай:

6-7

4-4. 5

6 ай:

9-10, 5

5-5. 5

1 жыл:

10 -11

6-6. 5

2 жыл:

11

7

3 жыл:
4 жыл:
5 жыл:
Банк атауы: Ақ «Казкоммерцбанк»
Сақтау мерзімі:

Теңге

USD

1 ай:

2, 5

2

3 ай:

3, 5-5

2, 7-4

6 ай:

5-6

3, 3-4, 5

1 жыл:

4-5

7-8, 5

2 жыл:

5-5, 5

6, 5-9, 5

3 жыл:

9-10

9-10

4 жыл:
5 жыл:
Банк атауы: АҚ «Центркредит»
Сақтау мерзімі:

Теңге

USD

1 ай:

5-6, 5

4, 5-5

3 ай:

5-5, 5

5-5, 5

6 ай:

7-8, 5

6, 5-7

1 жыл:

8, 5-9

8

2 жыл:

9-11

8, 5-9, 5

3 жыл:
4 жыл:
5 жыл:
Банк атауы: АҚ «Банк Туран Алем»
Сақтау мерзімі:

Теңге

USD

1 ай:

4

3

3 ай:

6, 7-8

4, 3-6

6 ай:

6, 8-9

4, 4-6, 5

1 жыл:

9-10

5, 3-7, 6

2 жыл:

10, 4

12, 2

3 жыл:

10-12

12-8, 3

4 жыл:

10-13

6, 7-8, 3

5 жыл: 7, 0-8, 7
Банк атауы: АҚ «Темірбанк»
Сақтау мерзімі:

Теңге

USD

1 ай:

4

3

3 ай:

6-7

4, 2-4, 5

6 ай:

6, 8-7

4, 3-4, 5

1 жыл:

9-10

5, 3-5, 5

2 жыл:

10-11

6, 5-6, 8

3 жыл:

10-11

6, 8-7

4 жыл:
5 жыл:
Банк атауы: АҚ«Валют-Транзит банк»
Сақтау мерзімі:

Теңге

USD

1 ай:

4

3

3 ай:

6, 5-7

3, 5-4, 5

6 ай:

7

4-4, 5

1 жыл:

10

5, 5

2 жыл:

11

7

3 жыл:

11

7

4 жыл:

11-12

8

5 жыл:

12

8

Салымшылардың жастық катигориясын талдау ( 9 кесте ) [7]

Салымшылар жастары
Проценттік үлесі ( %)
Салымшылар жастары:

20-30 жасқа дейін

30-40 жасқа дейін

40-50 жасқа дейін

50-60 жасқа дейін

60-70 жасқа дейін

70 жастан жоғары

Барлығы

Проценттік үлесі ( %):

7 %

15 %

19 %

21 %

23 %

15 %

100 %

Депозит нарығындағы өзгерістер жыл сайын өсуде. Өйткені 2002, 2003, 2004 жылдар арасындағы өзгерістерді салыстырсақ, айтарлықтай көрсеткіштер үлкен дәрежеде ауытқуда. [7]

Депозиттік құрылым ( 10 кесте )

Депозиттер
2002 жыл
2003 жыл
Сомасы
Үлестік салмағы
Сомасы
Үлестік салмағы
Депозиттер:

Талап еткенге дейінгі

Қысқа мерзімді

Орта мерзімді

Ұзақ мерзімді

Барлығы

2002 жыл:

3070085, 63070085, 6

584449, 8

5722248, 9

1060285, 1

10437069

2003 жыл:

29, 4 %

5. 6 %

54, 8 %

10, 2 %

100 %

5984792

1185194. 5

6315905. 6

3942186. 6

17428078

34. 5%

6. 8 %

36. 2 %

22. 6 %

100 %

Банк жүйесіндегі резиденттер депозиттерінің көлемі тамызда 4, 7-ға (жыл басынан бері - 30, 5 %-ға) өсті және 957, 1 млрд теңгені (7 млрд АҚШ долларынан астам) құрады.

Ұлттық валютадағы депозиттер 4, 4 %-ға көбейіп, 522, 4 млрд теңгеге жетті, шетел валютасындағы депозиттер 5 %-ға өсіп, 434, 3 млрд теңгені (3, 2 млрд АҚШ долларын) құрады. Теңгедегі депозиттердің үлес салмағы іс жүзінде өзгерген жоқ және 54, 6 % болды.

Заңды тұлғалардың депозиттері 6, 8 %- ға өсіп, 561, 7 млрд теңгеге жетті, жеке тұлғалардың депозиттері 1, 8 %-ға көбейіп, 395, 1 млрд теңге болды.

Халықтың (резидент еместерді қоса алғанда) салымдары бір айда 1, 8 %-ға (жыл басынан бері - 17, 4 %) - өсіп, 403, 1 млрд теңгеге жетті. Халықтың салымдары құрылымындағы теңгелік депозиттер 3, 5 %-ға өсіп, 190, 2 млрд теңге, ал шетел валютасындағы депозиттер 0, 5 %-ға өсіп, 212, 9 млрд теңге болды. Нәтижесінде теңгелік депозиттердің үлес салмағы шілдемен салыстырғанда 46, 5 %-дан 47, 2 %-ға дейін өсті.

Тамызда банктік емес заңды тұлғалардың теңгелік мерзімді салымдары бойынша орташа алынған сыйақы мөлшері 2, 2 % (2004 жылы шілдеде -2, 4 %), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша - 9, 1 % (9, 4 %) болды. [12] .

Резиденттердің жалпы депозит көлемі депозиттік ұйымдарда қыркүйек айында 4, 5 %-ға өсті (жыл басынан 36, 5 %) және 1000, 1 млрд теңгені (7, 4 млрд доллардан астам ) құрады.

Ұлттық валютада депозиттер 6, 0 % өсті, яғни 554, 1 млрд теңгені, ал шетел валютасында депозиттер 2, 7 % өсті, яғни 446 млрд теңгені ( 3, 3 млрд доллар ) құрады. Нәтижесінде депозиттердің үлес салмағы 54, 6 % - дан 55, 4 %-ға өсті.

Заңды тұлғалардың депозиттері 7 % -ға 600, 8 млрд теңгеге өсті, ал жеке тұлғалардың салымдары 1, 1 % -ға, яғни 399, 3 млрд теңгеге өсті.

Халықтың салымдары (резидент еместерді есептегенде) банктерде қараша айында 1, 0 %-ға (жыл басынан 18, 6 %-ға) 407, 1 млрд теңгеге ұлғайды. Халықтық салымдар құрылымы теңгеде 2, 4 %-ға 194, 8 млрд теңгеге өсті, ал шетел валютасында 0, 3 %-ға 212, 3 млрд теңгеге дейін төмендеді. Нәтижесінде теңгедей салынған депозит тамызға қарағанда 47, 2 %-дан 47, 9 %-ға дейін өсті.

Қыркүйекте орташа сыйақы мөлшерлемесі мерзімді депозиттер бойынша заңды тұлғаларға 2, 7 % ( 2004 жылдың тамыз айында 2, 2 % ) жеке тұлғалардың депозиті бойынша - 9, 8 % ( 9, 1 % ) . [11]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Республикада қалыптасқан коммерциялық банктердің депозиттік операцияларын талдау
Депозитті теориялық тұрғыдан сипаттау. меншікті капиталдың маңызы, орындайтын функциялары мен құру тәртібі
Депозит және депозиттік салымдарды кепілдендіру туралы түсінік
Депозит және депозиттік салымдарды кепілдендіру жайлы ақпарат
Банк маркетингісінің негізгі мақсаттары
Банктегі депозиттік операциялар және олардың есебі
Қазақстан Республикасында депозиттерді сақтандыру жүйесі
Коммерциялық банктердің қызыметі
Қазақстан Республикасында банк қызметінің даму перспективалары мен проблемалары
Қазақстандағы банктердің маркетингтік қызметінің ұйымдастырылуы жөніндегі мәліметтерді жүйелеп, жинақтап және барынша нақты жағдайын айқындап көрсету, сонымен қатар, әлемдік тәжірибелерді Республикамыздың банк жүйесіне қолданылу мүмкіншіліктерін қарастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz