Математика сабағында сыни тұрғыдан ойлау технологиясының мүмкіндіктері


Тақырыбы
Математика сабағында с ыни тұрғыдан ойлау технологиясының мүмкіндіктері
Жоспар
- Сын тұрғысынан ойлау
- Сын тұрғысынан ойлауды үйрету шаралары
- Математика сабағында қолдану
Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында сыни тұрғысынан ойлау технологиясын өз сабақтарымда қолданып жүрмін. Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының мені қызықтырғаны баланың өзі ізденіп дәлелдеуі. Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, білім алушылардың өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естігенін, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттауда өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы - әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л. Стил, Куртис С. Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж. Пиаже, Л. С. Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Мақсаты барлық жастағы білім алушылардың кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы - білімнің дайын күйінде берілмеуі.
Сын тұрғысынан ойлау - оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Студентті мұғаліммен, бір-бірімен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.
- Студент - ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші.
- Мұғалім- әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт:
1) сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;
2) білім алушылардың ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;
3) әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;
4) үйрену барысындағы білім алушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;
5) кейбір білім алушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау;
6) білім алушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;
7) сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Оқыту үрдісінде алдымен оқыту мақсаты, оқыту мазмұны және сабақ құрылымы мен формалары өзгереді. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы бойынша оқыту үрдісінде білім алушы-басты тұлға деп алып:
- оқытуды білім алушылардың дамуына бағыттай ұйымдастырамын;
- Оқыту мазмұнына байланысты мақсат пен міндетті дұрыс қоямын, нәтижеге жетемін,
- жеке тұлғаның танымдық әрекет иесі болуы;
- мұғалім мен білім алушылардың арасындағы тең құқылы қарым-қатынасты қолдаймын;
- кәсіби деңгейім дамып, жаңашыл мұғалімнен зерттеуші ұстазға айналдым;
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы бойынша оқытудағы өзгерістің нәтижесі мынадай болды:
- сабақ түбегейлі білім алушыға бағытталады;
- ұжымдық ынтымақтастық қатынас орнады;
- бұрынғы білімдеріне білім қосады;
- микроклимат өзгереді;
- білім алушылардың жауапкершілігі артты;
- күтпеген өзгерістер болу үшін стандартты емес тәсілдер қолдандым;
- проблемалық ситуациялар туғыздым;
- білім алушылар жоғары деңгейдегі сұрақтар қоя бастады;
- өзім де өзгердім, көп оқимын, балалардан үйренемін, бірге жауап іздеймін, бірге оқимыз, бірге дамимыз.
Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу - әрбір ұстаздың басты міндеті. Сондықтанда ұстаз әрбір сабағын шығармашылық ізденіспен, жауапкершілікпен, сабақтың әрбір минутын білім алушылар үшін сапалы өткізген де ғана заманның сұранысына лайықты құзыретті шәкірт тәрбиеленетіні сөзсіз.
Осы орайда сын тұрғысынан ойлау технологиясын өз тәжірибемде қолданып келемін.
Математика жаратылыстану ғылымы. Табиғатта болып жатқан сан мыңдаған құбылыстарын, қазіргі күн санап өзгеріп жатқан ақпараттық технологияның заманы бәрі осы математика мен физика заңдылықтарының арқасында дамып жатыр. Білім алушылар үшін бұның бәрін білу қызықты әрі қажетті болғанмен, осы заңдылықтарды меңгеру қиындық туғызады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы осы қиындықтан шығудың бірден-бір әдісі деп ойлаймын. Себебі жаңа материалды меңгеруде білім алушыларға қызығушылықты ояту бөлімі жаңа ақпаратты меңгеру үшін бұрынғы білімдердің еске түсіруге, ойларын бір арнаға салуға, проблемалық сұрақтар арқылы бүгінгі меңгеретін тақырыбымыздың басты мәселесіне назар аударуға көп мүмкіндік бар.
Сабақтың мақсаты:
а) қызығушылықты ояту - сұрақ қою;
ә) мағынаны ажырату - жауаптар іздеу, мәселені зерттеу;
б) ой толғаныс - ойлау процесінің ең жоғарғы сатысында мәселені талқылау, яғни үш фазада сабақты бөліп өту, оқыту мен оқу процесін осындай үш сатыда ұйымдастыру сапалы сабақ болмақ.
Ойлау тек студенттерге немесе жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс емес. Сондықтан мектеп пен колледж, колледж бен жоғарғы оқу орындарының оқытушылар арасында әдістемелік байланыс орнаған жағдайда баланы жастай өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз деп ойлаймын.
Тәрбиелік мәні: Өзара құрмет сезімін тудыру. Басқаның пікірін сыйлауға, сөзін бөлмеуге тәрбиелеу.
Сыни тұрғыдан оқу мен жазудың көмегі зор. Бұл жұмыстарды бірнеше тақырыптар көлемінде өткіздім. Оқушы жеке жұмыс істеуге жаттығады. Өз ойын көпшілікке жеткізуге ықпал етеді. Сабақтың соңында сабақтың тақырыбына байланысты өз ойларын білдіріп, көкейлеріне не түйді соны қағаз бетіне түсіреді. Сыни тұрғыдан оқу мен жазу бағдарламасының нәтижесі төмендегідей болды. СТО құрылымы бойынша ұйымдастырылған сабақтар баланың ізденімпаздық, зерттеушілік, дәлелдеушілік,
шығармашылық қабілеттерін дамытатынына көз жеткіздім.
Сабақта сыни тұрғысынан оқыту технологиясының стратегияларын пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отырдым. Әрбір әдіс оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді. Баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлеуге, дәлелдеуге үйретеді.
“Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту” технологиясы үш кезең бойынша қолданылады:
1. Қызығушылықты ояту;
2. Мағынаны тану;
3. Ой - толғаныс.
Сын тұрғысынан Осы кезендердін ұтымды өткізілуі мынадай нэтижелерге кол жеткізеді:
студент басқалармен қарым-қатынас жасай біледі;
басқаларды тыңдай білуге, кез келген жауапқа сыйластықпен және түсіністікпен қарауға үйретеді;
өз ойын топ алдында ашық айта алуға, қорғай білуге баулиды;
керек кезде өз көзқарасын дұрыс өзгерте білуге үйретеді, оның дамуын қамтамасыз етеді;
ең бастысы - оқу мотивациясы өзгереді, өз бетінше ізденуге ұмтылдырады, сабаққа қызығушылығы артып, балалардың белсенділігі өте жоғары болады.
Сын тұрғысынан ойлау арқылы білім алушылардың қабілетін дамытуда келесі мүмкіндіктерді анықтадым.
-Мәтінді оқып танысады;
-Мазмұнын ашады;
-Салыстырады, айырмашылығы мен ұқсастығын сипаттай алады;
-Топ бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ қортынды шығарады;
-Сұрақтарға жауап береді;
-Қортынды шығарып, өз пікірлерін дәлелдейді.
Осы технология көмегімен білім алушылардың өзара құрмет сезімін тудырып, сыйластыққа, сөзін бөлмеуге тәрбиеледім. Математикалық диктанттар беріп, өз бетінше аяқтау жұмыстарын тапсырдым.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz