Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық мазмұны мен мәні


М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН
ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ МЕН МӘНІ
1. 1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың
ғылыми теориялық негізі
1. 2 Қаржылық жағдайды талдаудың негізгі әдістері
мен тәсілдері
1. 3 Қаржылық тұрақтылықты талдаудың ақпарат көздері
2 “РИЗА” ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕЛГЕН
СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ҚАРЖЫ ЖАҒДАЙЫН ТЕРЕҢ
ТАЛДАУ
2. 1 Баланс активтері мен олардың құрылым көздерінің
ара-қатынасын талдау
2. 2 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау
2. 3 Іскерлік белсенділігін талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Нарықтық экономикаға көшу кәсіпорындарға өндірістің тиімділігін арттыруын, өнімнің және қызмет көрсетудің ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін ендіруіне негізделген, шаруаландырудың тиімді формалары мен өндірісті басқарудың бәсекелесу қабілеттілігін талап етеді.
Бұл міндетті іс-жүзіне жеткізу үшін кәсіпорынның шаруашылық қызметіне және оның қаражаттық жағдайының талдауына маңызды роль береді.
Маманды экономист, қаражаттаушы бухгалтер мен аудитор нарықтық қытынастарға өту жағайындағы экономикалық даму тенденциялары мен жалпы заңдылықтарын ғана жақсы біліп қоймай өзінің кәсіпорынының тәжірибесіндегі жалпы, арнайы және жеке экономикалық заңдарды толық түсінуі, өндірістің тиімділігін көтеретін мүмкіншіліктер мен тенденциялары дер мезгіліне байқауы керек.
Соңғы жылдарда Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебінің тәжірибесі мен әдістемесінде өте маңызды өзгерістер байқалынады, бұның басы мәселесі біздің мемлекет экономикасының нарықтық қатынастарға көшуі болды.
1997 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап бухгалтерлік есеп стандарттарын, шотардың Бас жоспарын және қаржылық есеп берудің формаларын келтіріп бәрін іске енгізуі, нарық экономикасының талаптарына сәйкес, қаржылық талдаудың жаңа әдістемесін құруды талап етеді.
Тәжірибе жүзінде дәстүрлі бухгалтерия қаржы ақпаратының тұтынушыларына толық мәлімет бере алмайды. Сондықтан бұл мәлімет қалыптастырылған немесе толысып-жетілдірілген болу керек, яғни осы мәліметтер арқылы белгілі бір шешім шешу үшін. Қазіргі заман экономикасында бухгалтер қаржы нәтижесінің құрылымдық әдістемесін білу керек, басқару органдарына есептік саясатты таңдап бере алу керек, яғни оның қызмет сферасы шоттаудан қаржы менеджментіне ейін өрлеу керек.
Экономикада қаржылық талдаудың мәні өте зор: кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың маңызды түсініктемелері мен көрсеткіштеріне, мүліктік жағдайын білмей, қанша табыс және шығын бар екенін білмей және өндірістің қаражаттық тұрақтылығын, төеу қабіліттілігін, іскерлік-белсенділігін және тиімділігін бағалауға арналған. Бұлардың бәрі керек жағдай. Әсіресе қазір біз жоспарлы жүйеден нарықтық қатынастарға көшкен кезде. Нарықтық экономикада қорлардың жатып, шіріп қалуын келтірмеу керек.
Нарықтық қатынастар кезінде кәсіпорындар өз-өзімен шаруашылық субъект болып, мәселелерін өзі шешуге мүмкіншілігі бар. Бұл мәселелердің ішінде сыртқы және ішкі нарықта өздеріне жақсы әрітестерді таңдау. Нарықтық экономикада кәсіпорын өз (жұмыстарын) қызметтерін дұрыс және қатесіз жүргізсе, оның жұмысының нәтижесінде тиімді болуы тиіс. Басқа сөзбен айтқанда, шаруашылық субъектісінің қызметінің тиімділігі, басқарушылардың объективтілігі оперативтілігімен, мәселелерді шешуінің дұрыстылығымен көрсетіледі.
Нарықтық жағдайда кәсіпорынның өмір сүруі және нарықта тұрақтылығы қаржы тұрақтылығына тәуелді. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның қаржы қорларының жағдайын көрсетіп, ақша қаражаттарын маневрлендіріп және тиімді қолданып өнім сату және өндіріс процесстің үзіліссіздігін қамтамасыздандырады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін, өндірістік және қаржылық мәселелерін шешу үшін, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау керек. Терең және нақты талдаудың арқасында кәсіпорынның қызметін бағалап, басқару органдарына нақты ұсыныстарды қаржы тұрақтылығын және іскерлік белсенділігін жоғарлату үшін деуге болады.
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ жағдайын
ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ МЕН МӘНІ
1. 1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың
ғылыми теориялық негізі
Нарықтық жағдайда кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау өте маңыы болы табылады. Бұл кәсіпорын меншігі болып өздерінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметтерінің, нәтижесіне жауапты болуымен байланысты. Кәсіпорын талдаудың мәселелерін қарастырудан бұрын, “Қаржы жағдайы дегеніміз не?…” деген түсіікті білуіміз керек. соңғы жылдарда шыққан мәліметтерде бұл түсінік әр түрлі болып келеді. Мысалы, профессор Шеремет А. Д. былай жазады: “Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтердің және олардың құралу көздеінің (пассивтердің) қолдануы мен орналасу көрінісінде мінезделеді”. Профессор Русак Н. А. бұл тісінікті былай анықтайды: “Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, қаржы ресурстарын тиімді қолданылып, орналасуында көрінеді”… Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарымен қамтамасыздандырылуы мен оларды коммерциялық және кәсіпорынның басқа қызметтеріне байланысты тиімді қолдануынан қаржы тұрақтылығы анықталады. Кәсіпорынның уақыты мен төлемдерді жасай алуы, оның қаржы жағдайының жақсы екендігін көрсетеді. В. И. Радинова мен Н. А. Федатованың айтуынша: “Кәсіпорының қаржыық жағдайы-қаржы ресурстарының бар болуы, орналастыруы мен қолдануында көрінеді”.
М. Н. Крейнина, А. И. Ковалев және В. П. Привалов бұны былай анықтайды: “Қаржылық жағдай - бұл қаржы ресурстаының бар болуы, орналастырылуы мен қолдануы деген көрсеткіштердің жиынтығы”.
Профессор Балабанов И. Т. кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы быай жазады: “Шаруашылық субъектінің қаржылық жағдайы - бұл оның төем қабілеттілігі мен несиеқабілеттілігінің мінездемесі, капитал мен қаржы ресурстарының қолданылуы, мемлекеттен басқа шаруашылық субъектілердің алдында міндеттемеерін орындау”. С. А. Стуков өз ойын былай көрсетеді: “Кәсіпорынның қаржылық жағдайы - бір топ көрсеткіштер арқылы айқындалып, денсаулығын комплекстік бағалау”. Осы анықтамалардың әрі “қаржы жағдайы” деген түсінік мағынасын толықтай ашпайды, біақ әрқайсысының рационолдық мәддері бар, бұлардың бәрін қолданғанда дәлірек анықтама беруге болады. Жоғарыда айтылғанардың бәрін қорытындылағанда кәсіпорын қаржылық жағдайының өмір сүруі қабілілетсіздер мен күшсіздерді алмайтын, нарықтық жағдайда кәсіпорын тұрақтылығын және перспективалығын куәландыру керек. осылардың бәріне сүцене отырып мынадай анықтама беруге болады: “қаржылық жағдай өзінің көрінісінде кәсіпорынның белгілі бір мерзімінде қаржылық тұрақтылығын және оның шаруашылық қызметінің үздіксіз орындауы мен өзінің қарыз міндеттемелерін жою үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыздандыруымен анықталады. Ал кәсіпорынның қаржы тұрақтылығының анықтамасы көп әдебиеттерде әр түрлі көрсетіледі. Кейбір авторлардың айтуынша қаржы тұрақтылығының мағынасында меншікті қаражаттарды моневерлендіру қабілеті, үзіліссіз қызмет процесінің қаржылық қамтуы болып көрінеді. Қаржы тұрақтылығы - “меншіктік және қарыз қаражаттарының қатынасы деп қарастырылады”. Басқалардың айтуынша: “қаржылық тұрақтылық деп - өзі меншікті қаражаттармен айналым активтерін жабатын девиторлық және кредиторлық қарыздарды болдырмайтын және өз міндетерін келіскен уақытта төлейтін, шаруашылық субъектісін айтады. А. Д. Шеремет пен Р. С. Сайфуллиннің ойынша: “Қаржылық тұрақтылық” - бұл кәсіпорынның шоттарында анықталған күйі және осы есептеулер төлем қабілетін қамтамасыздандырады. Дәл осы түсінікті В. Н. Радионова мен М. А. Федотова былай анықтайды: “Кәсіпорынның табыстарының шығыстарынан асып кету айнасын - қаржылық тұрақтылық деп көрсетеді”… Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының компоненті деп аталады. Бұлардан басқа осы екі автор осы түсінікке тағы да бір анықтама береді: “Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығы - ол кәсіпорын дамуына әсер ететін қаржы ресурстарының жағдайы және оларды қолдану, бөлу”. Тура осындай пікірмен өз ойын В. Г. Артеменко мен М. В. Беллендир білдіреді. Қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі болып кәсіпорын төемқабілеттіігі табылады. Ол дегеніміз - “ кәсіпорын өз міндетееері бойынша төлей алу мүмкіншілігі” немесе “төлемдік түрдегі сауда - саттық, несиелік және басқа операцияардан шығатын өз төлемдік міндетемлерін өз уақытында және толық орындау қабілеттілігі”. Кәсіпорынның жұмыстық, нарықтық жағдайларына көшумен байланысты оның қаржылық жағдайының тұрақтылығы мен оны емдеу жайына сұрақ тұрды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді, Радионова В. М. мен Федотова М. А. оларды келесідей бөледі (сұрыптайды) :
1) пайда болу көзі бойынша - сыртқы және ішкі;
2) нәтиженің маңыздылығы бойынша - негізгі және жанама;
3) құрылымы бойынша - жәй және күрделі;
4) іс-әрекет уақыты бойынша - тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның жұмысты ұйымдастыруына тәуелді, ал сыртқы кәсіпорын тәуелді емес. Негізгі ішкі факторларды қарастырайық.
Кәсіпорын тұрақтылығы ең алдымен өндірістің шығындарымен үзіліссіз байланыстағы шығарылатын өнім мен көрсетілетін қызмет құрамы мен құрылымына байланысты. Сонымен қатар тұрақты мен ауыспалы шығындар ара-қатынасы да маңызды.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылықтың (ҚТ) басқа маңызды факторы болып активтердің оптималды құрамы мен құрылымы және оларды басқаруда дұрыс стратегия таңдау табылады және олар өндірілетін өнім түрлері мен өндіріс әдіснамасымен тығыз байланысты болып келеді. Ағымдағы активтерді басқау дегеніміз - ол кәсіпорын шотында ағымды оперативті іс-әрекетке қажетті өнімді қаражаттардың минималды сомасын ұстау.
Қаржылық тұрақтылықтың маңызды ішкі факторы болып қаржылық ресурстарының құрамы мен құрылымы және оларды басқарудың тактикасы мен стратегиясын дұрыс таңдап алу болып табылады. Кәсіпорынның меншікті қаржылық ресурстары, оның ішіне таза табыс көп болған сайын, ол өз-өзін тыныштықта сезіне алады. Сонымен қатар таза табыстың жалпы көлемі ғана маңызды емес, оны бөлу құрылымы және өндіісті дамытуға бағытталатын бөлігі де маңызды болып келеді. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына саудалық капиталдар нарығындағы қосымша тартылатын қаражаттар үлкен әсер етеді. Кәсіпорынның қаншалықты көп ақшалай қаражаттарды тарта алатын болса, соншалықты үлкен оның қаржылық мүмкіншіліктері болады, бірақ қаржылық тәуекел де өседі- кәсіпорын өз уақытында өз кредиторына төлей алу мүмкіншілігі бола ма.
Бұл жерде үлкен рольді кәсіпорын төлем қабілетілігінің қаржылық кепілінің бір формасы - резервтер ойнайды. Жоғарыдағы жалпылай келгенде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін келесі ішкі факторларды анықтауға болады:
- кәсіпорын салалық түрі;
- кәсіпорын шығарылатын өнімнің (жұмыстың, қызметтің) құрылымы, жалпы төлемқабілеттілік сұранымында оның бөлігі;
- шығындар көлемі, ақшалай табыстармен салыстырғандағы оның қарқыны;
- мүлік пен қаржылық ресурстардың жағдайы, қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса;
- кәсіпорынның басқару тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізуге экономикалық шарттардың әсерін, қоғамдағы техника мен әдіснаманы, төлемқабілеті сұраным мен тұтынушыар табыстарының деңгейін, Қазақстан Республикасының Үкіметінің салықтық және несиеік саясатын, кәсіпорындардың іс-әрекетін бақылау бойынша заң актілерін, сыртқы экономикалық байланыстарды және басқаларды жатқызады.
Кәсіпорындар тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыуға оның контрагенттерімен (салықтық органдар, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және т. б. ) ара-қатынастар үлкен әсер етеді. Сондықтан жақсы қаржылық жағдайдың шарты болып партнерлермен жақсы іскерлік қатынастар табылады. Әрине, акционерлер өз қаражаттарын қаржылай тұрақты кәсіпорын, тұрақты рентабельділігі бар және дивиденділерді уақытында төлеп отыратын кәсіпорынға салады. Инвестициялық тартымдылық болу үшін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы басқаларға қараанда жақсы болу керек және тек бүгін ғана емес, сонымен қатар көрінетін болашақта да. Банктер, қандай да болсын коммерциялық кәсіпорындар сияқты, өз қарыздарымен тәуекелге бара отырып, несие алушы мезгілі келгенде және толық ееп айырысу үшін келешектегі клиенттің қаржы тұрақтылығын тексереді. Басқа сөздермен айтқанда, кәсіпорынның қаржылық жағдайы банктің несие беру сұрағын шешкенде ең басты критерий болып табылады, ал бұл сұрақты жағымды шешкенде - қандай мерзімге және қандай процентке. Жабдықтаушылар мен сатып алушылар төлемқабілетті кәсіпорындармен, көп жылдық репутациясы бар кәсіпорындармен келісімдік қатыастарға түседі.
Қаржылық органдарда, оның ішінде салық инспекциясы, тұрақты жағдайдағы кәсіпорындарды жақсы көреді, себебі олар өз уақытында және толық салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлейді.
Осыайша қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестігін анықтайды, кәсіпорынның және оның серіктестігінің қаржылық және басқа қатынастары бойынша экономикалық талаптары қандай деңгейде кепілденгенін бағалайды. Кәсіпорының қаржылық жағайы жайында дұрыс объективті баға алудың тәсілі талдау болып табылады. Ол кәсіпорынның даму тенденциясын көруге мүмкіншілік береді, шаруашылық іс-әрекетке комплекстік баға беріп басқарушылық шешімдерді жасаумен меншікті өндірістік-кәсіпкерлік іс-әрекеттері арасында көпір болып келеді. Қаржылық ағдайының тұрақтылығын қандай да бір күнді таңдау келесі сұраққа жауап бере алады. Кәсіпорынның осы уақытқа дейін қаншалықты дұрыс қаржылық ресурстарды басқарады. Қаржылық ресурстардың жағдайы нарыққа және кәсіпорынның дамуының қажеттіліктеріне сәйкес келуі маңызды, себебі жеткіліксіз қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның төлемқабілетсіздігіне және өндірісті дамыту үшін қаражаттардың болмауына әкелу мүмкін, ал өте жеткілікті (мөлшерден асып кеткен) - дамуға бөгет жасауға, кәсіпорынның шығындарының артық қорлар мен резервтермен асуға әкелуі мүмкін.
Нарықтық экономика жағдайында іс-әрекет ететін кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың негізгі талаптары болып келесілер табылады:
- қаржылық жағдайының жалпы бағалануы және есеп беру кезіндегі оның өзгерістері;
- активтер мен олардың құралу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды бөлу мен қолдану тиімділігін зерттеу;
- қаржылық есеп айырысу және несиелік тәртіпті сақтау;
- кәсіпорынның активтер құрылымын әне оның міндеттемелерін зерттеу;
- ағымды активтердің, оның ішінде дибиторлық қарызбен қорлардың айналымдылығын есептеу;
- баланс өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен төлемқабілеттілігінің абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
- кәсіпорынның табыстылығын бағалау;
- кәсіпорынның табыстылығының салыстырмалы көрсеткіштерінің және олардың деңгейінің өзгеруіне әсер ететін факторларды есептеу;
- кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімге болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын жасау.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық іс-әрекетін талдаудың аяқтаушы атапы болып келеді. Ол өзі үш стадиядан тұрады: жабдықтау, өндіріс және өткізу, олар өз кезегіне жинақталып коммерциялық, өндірістік және қаржылық іс-әрекетті құрайды. Шаруашылық іс-әрекеттің маңызды жағы болып қаржылық іс-әрекет табылады. Кәсіпорынның қаржылық іс-әрекеті дегеніміз - нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың құрамы мен көлемі өзгергендегі оның іс-әрекеті. Ол қаржылық ресурстардың жүйелі келіп түсуі мен тиімді қолдануын қамтамасыз етуге, есептік және несиелік тәртіпті ұстауға, меншікті және қарызға алынған қаражаттың рационалды ара-қатынастарына жетуіне ағытталу керек. Кәсіпорынның іс-әрекетінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен қарым-қатынас бар. Осылайша, қаржылық іс-әрекеттің жақсы болуы көбінесе оның өндіруші-өткізуші көрсеткіштерімен анықталады.
Жоғары сапалы өнімді үздіксіз шығару және өткізу
кәсіпорынның қаржылық ресурстарының қалыптасуына жағымды әср етеді. Өндірістік процесстегі кедергілер (тұрып қалулар), өнім сапасыың нашарлануы, оны өткізуде қиыншылықтар кәсіпорын шоттарына ақшалай қаражаттардың түсуіне кедергілер жасайды, нәтижесінде оның төлемқабілеттілігі нашарлайды немесе кері байланыс іске асырылатын шығындардың көлемі сонымен қатар өндірістік процесстердің тиімділігімен анықталады. Олардың тиімділігі жоғары болған сайын, кәсіпорын өнімді өткізу көлемі бір болған өз ресурстарын аз шығындайды, оның ішінде қаржылық ресурстар да және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының мөлшерін жоғарылату, еңбек өнімділігінің дейгейін төмендету, басқа ресурстары көп шығындау және өндірістік емес шығындар қосымша қаржылық қаражаттарда қажеттілікті шарттайды (тудырады) .
Осындай мәліметтердің бәрін жинап талдағанда, біз басына айтқанымызды дәлелдейміз, яғни “Қаржылық жағдай өзінің көрінісінде кәсіпорынның белгілі бір мезгілде қары тұрақтылығын көрсетеді”.
Сондықтан осы жұмыстың келесі бөлімдері мен баптарында “Қаржылық жағдай” деген көп кездессе, біз білеміз, бұл қаржы тұрақтылығының көрінісі. Жоғарыда айтылғандай кәсіпорын қаржы жағдайы мен қызмет нәтижелері туралы көптеген профессорлар өз пікірлерін немесе ойын айтады. Осы жазылғандардың бәрін қорытындылап айтқанда “Қаржылық тұрақтылық дегеніміз - кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі, меншікті қаражаттарын пайдалану қабілеттілігі, үздіксіз қызмет барысының жеткілікті қаржымен қамтамасыздығы.
1. 2 Қаржылық жағдайды талдаудың негізгі әдістері мен тәсілдері
Қаржылық есептің аналитикалық оқуының негізгі принциптері - бұл дедуктивтік әдіс, демек жалпыдан жекеге деген сөз. Бірақ та ол бірнеше рет пайдаануы керек. осындай талдау барысында шаруашылық фактілер мен жағдайлардың тарихтың және (оның қызметінің нәтижелеріне) логикаық дәйектілік бағытның және оның қызметінің нәтижелеріне әсерінің күні қайта көрсетіледі.
Тәжірибе жүзінде ҚЖТ 6 негізгі түрлерге бөлінеді:
1) көлденең (уақытша талдау) ;
2) құрылымдық талдау (тік) ;
3) трендтік;
4) коэффициенттер талдауы;
5) салыстырмалы;
6) факторлық талдау.
Қаржылық есеп берудің көлденең (уақытша) талдауы - есеп беруді өткен жылғы есеп берудің әр деректерімен салыстыру; ол зерттелінетін көрсеткіштердің іс жүзіндегі базалық деңгейінен абсолют және салыстырмалы ауытқуларын анықтау үшін қолданылады. Берілген талдаудың түрі, бухгалтерлік есеп берудің құрамына кіретін бөлек баптар мен олардың топтарының өзгерістерінің тенденцияларын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл талдаудың негізінде, баланстық баптар және қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп-қисаптық баптарының базалық өсу қарқынының есептеуі болып жатыр.
Тік (құрылымдық) талдау - есеп берудің әр деректерінің жалпы (тұтас) нәтижесіне әсерін анықтап, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын айқындау.
Тік салыстырмалы талдаудың көмегімен жеке бөліктердің жалпы тұтасының ішіндегі үлесін (меншікті капиталдық оның жалпы сомасындағы үлесі), бөліктер мен тұтастың ара-қатынастарын (мысалы: меншіктік және қарыздық капитал, негізгі және айналым капитал) және де факторлардың нәтижелік көрсеткіштердің деңгейіне әсерін олардың мөлшерін өзгертуге дейін және одан кейін салыстыру арқылы. Экономикалық құбылыстар мен процесстердің құрылымы зерттелінеді. Талдаудың міндетті элементі - осы мөлшерлердің динамикаық қатары, ол шаруашылық қаржылар құрамындағы және олардың пайда болу көздерін құрылымдық қозғалысты бақылауы мен болжауына мүмкіндік береді.
Трендтік талдау - есеп берудің әр деректері бойынша өткен кезеңдердегі қатармен салысыру және трендті белгілеу, демек әр кезеңнің жеке ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерінен тазартылған, көрсеткіштің динамикасының негізгі тенденциясын айқындау. Трендтің күшімен болашақтағы мүмкіндік көрсеткіштердің мәндері анықталады және перспективтік болжау жүргізіледі.
Коэффициенттер (салыстырмалы көрсеткіштердің) талдауы дегеніміз - есеп берудің жеке деректерінің арасындағы немесе әр түрлі есеп берудің деректер арасындағы қатынастарды есептеу, көрсеткіштердің өзара байланыстарын айқындау.
Баланстанудың негізгі қалаушыларының бірі - Н. А. Блатованың топтастыруына сәйкес, қыржылық көрсеткіштердің салыстырмалы көрсеткіштері бөлу және коэффициентіне бөлінеді. Бөлу коэффициенті қаржылық жағдайдың абсолюттік көрсеткіші, қорытындының (абсолют көрсеткіштерінің топтарын кіргізетін) қай бөлігін құрайтынын айқындау үшін пайдаланылады. Бөлу коэффициенті және оның есеп беру жылындағы өзгерістері субъектінің қарылық жағдайымен алдын ала таныстыру жолында үлкен роль атқарады. Үйлестіру коэффициенті қаржылық жағдайдың мәні бойынша әр түрлі абсолюттік көрсеткіштерінің немесе олардың әр түрлі экономикалық маңызы бар үйлесімдерің арақатынастарын көрсету үшін пайдаланылады. Қаржылық коэффициенттерді талдау - есеп беру жыына және бірнеше жылғы олардың мәндерін базалық мөлшерлермен салысыру және олардың динамикасын зерттеу. Салыстыру базасы ретінде, теоретикалық негізделген немесе тәжірибелік сұрау нәтижесінде алынған олардың оптималдық немесе престикалық мәндерін сипаттайтын мөлшерлер бола алады.
Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау дегеніміз - фирманың, еншілес кәсіпорын, бөлімдердің жеке көрсеткіштері бойынша есеп берудің жиынтық көрсеткіштерінің ішкі шаруашылық талдауы және де берілген фирманың көрсеткіштері мен бәсекелесердің шаруашылық деректерімен бірге шаруа аралық талдауы. Салыстырудың негізгі шарты - көрсеткіштер салыстырмалы болуы керек.
Факторлық талдау - детерминделген немесе стохастикалық зерттеу әдістерінің көмегімен факторлардың (себептер) нәтижелік көрсеткііне әсерін талдау. Сонда, факторлық талдау тіке (талдауды өзі) нәтижелік көрсеткішті құрама бөіктеріне бөлгенде және кері (қорыту), оның бөлек элементтерін жалпы нәтижелік көрсеткішке қосқандағы, талдаулары болуы мүмкін. Факторлық талдаудың негізгі әдістері - тізбекті алмастыру тәсілі, интегралдың әдіс, айырмашылықтар әдіс, индекстік әдіс.
Олардың тәжірибеде қолдану әдістерімен біз статистика және экономикалық талдау жүйелерінен таныспыз.
1. 3 Қаржылық тұрақтылықты талдаудың ақпарат көздері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz