Еңбек және еңбекті қорғау ұғымы



Жоспар

Кіріспе

1. Еңбекті қорғау түсінігі
2. Еңбекті қорғау саласының міндеті және қағидаларына түсінік беру

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ

Еңбек құқығы құқықтың жетекші салаларының бірі ретінде еңбек сферасындағы өмірлік қатынастарды реттейді. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемалары - Қазақстанда да көкейкесті мәселелердің бірі. Республиканың ұйымдарындағы еңбекті корғаудың жай-күйі Үкіметтің және уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты қадағалау нысаны болып табылады. Заң әдебиетінде еңбекті қорғау ұғымы, маңызы мен мазмұны мәселесіне аз көңіл бөлінбеген, бірақ әлі де болса бұл мәселені толықтай шешілді деп есептеуге болмайды. Техникалық үдерістердің дамуы қызметкерлердің денсаулығына теріс әсер ететін еңбектің жаңа технологияларының және құралдарының пайдаланылуына алып келеді. Теория мен практика өзара тығыз байланысты. Бір-біріне үнемі ықпал ете отырып, олар өзара өз мазмұндарын өзгертулері мүмкін. Соған сәйкес, еңбекті қорғаудың мазмұны туралы мәселе даму үстінде қарастырылуы тиіс. Жасалған жұмыстың мақсаты - еңбекті қорғау ұғымын мазмұндау. Бұл аталған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді орындау қажет:
- еңбекті қорғауға түсінік беру;
- еңбекті қорғау жөніндегі мәселелерді реттейтін нормалардың қайнар көздерін көрсету;
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Голощапов С.А. Правовые вопросы охраны труда. -М.: Юридическая литература, 1982, -51, 62 бб.
2. Макевкина А.С. Понятие охраны труда по российскому трудовому праву: заң ғылым. канд… дисс.: 12.00.05. -Барнаул, 2005, - 12 б. // Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасының Тараз қаласындағы филиалы арқылы алынған.
3. Айымханова Н. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы: Оқу құралы. – Алматы : Жеті жарғы, 2002
4. Абузярова Н.А. Трудовое право:Учебник.-Алматы:ЮРИСТ, 2002.-264с.

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1. Еңбекті қорғау түсінігі
2. Еңбекті қорғау саласының міндеті және  қағидаларына түсінік беру

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Еңбек құқығы   құқықтың   жетекші салаларының бірі   ретінде  
еңбек сферасындағы      өмірлік қатынастарды   реттейді. Еңбек
қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемалары - Қазақстанда да көкейкесті
мәселелердің бірі. Республиканың ұйымдарындағы еңбекті корғаудың жай-күйі
Үкіметтің және уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты қадағалау нысаны
болып табылады. Заң әдебиетінде еңбекті қорғау ұғымы, маңызы мен мазмұны
мәселесіне аз көңіл бөлінбеген, бірақ әлі де болса бұл мәселені толықтай
шешілді деп есептеуге болмайды. Техникалық үдерістердің дамуы
қызметкерлердің денсаулығына теріс әсер ететін еңбектің жаңа
технологияларының және құралдарының пайдаланылуына алып келеді. Теория мен
практика өзара тығыз байланысты. Бір-біріне үнемі ықпал ете отырып, олар
өзара өз мазмұндарын өзгертулері мүмкін. Соған сәйкес, еңбекті қорғаудың
мазмұны туралы мәселе даму үстінде қарастырылуы тиіс. Жасалған  жұмыстың  
мақсаты -  еңбекті қорғау ұғымын  мазмұндау. Бұл аталған мақсатқа жету үшін
  келесідей  міндеттерді орындау қажет:
  - еңбекті  қорғауға түсінік беру;
- еңбекті қорғау  жөніндегі мәселелерді реттейтін нормалардың  қайнар
 көздерін көрсету;

1. Еңбекті қорғау түсінігі

Еңбек дегеніміз - адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық, рухани
және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі. Еңбектің
барысында адамдар арасында еңбек қатынастары қалыптасады. Еңбек
құқығы еңбек нарқы үрдісінің әрекеті, жалдамалы еңбекті ұйымдастыру мен
пайдалану барысында қалыптасатын қызметкерлердің еңбек қатынасын және
онымен тығыз байланысты қатынастарды реттейтін құқықтың бір саласы. Еңбек
құқығының негізгі мақсаты - жұмыс беруші мен жалданушы қызметкер арасында
қатынастарды құқық арқылы реттеу және заңсыздыққа жол бермеу.
Еңбекті қорғау дегеніміз — тиісті заң және басқа да нормативтік
актілердің негізінде еңбек процесінде адамның қауіпсіздігін, денсаулығы мен
жұмыс қабілетін сақтауды қамтамасыз ететін, әлеуметтік-экономикалық,
ұйымдастыру, техникалық-гигиеналық және емдеу — алдын алу шаралары.
Еңбек заңдары еңбекті қорғаудағы ұлттық саясат пен мемлекеттік басқару
қағидаттарын белгілей отырып, жұмыс берушілер қызметкерлердің негізгі
құқықтарының бірі — қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай келетін еңбек
жағдайларын жасауын талап етеді.
Еңбекті қорғау пәні  – бұл қызметкерлердің еңбек процесі барысында
еңбекпен қорғалуын, яғни олардың өмірі мен денсаулығының қорғалуын
қамтамасыз ететін, өндірістегі қауіпті жағдайларды, кәсіптік зияндарды
болдырмау және оқыс жағдайлардың алдын-алу шараларын жасайтын, оқытатын,
зерттейтін пән. Яғни, Еңбек құқығының бір институты болып табылады.
Еңбекті қорғаудың мақсаты – жұмыс істеушінің қауіпсіздігіне және
ауырмауы үшін қолайлы жағдай жасап, еңбек өнімділігін барынша жоғары
көрсете алатындай жағдайлармен қамтамасыз ету.Осылайша, жұмыс істеушінің
еңбегіне қорғаныш қамтамасыз ету арқылы өндірістік жарақаттанулардан,
кәсіптік аурулардан сақтайды, бұл еңбек етушілердің денсаулығын сақтап,
сонымен қатар қолайсыз жағдайларда жұмыс барысындағы төленетін жеңілдіктер
мен қосымша ақша төлемдерін азайтады.
Еңбек жағдайларын жақсарту әлеуметтік жақсы нәтижелер беретініне көз
жеткізуге болады – қызметкерлердің денсаулығы артады, жұмысы
қанағаттандырылады, еңбек тәртібі мен белсенділігі арта түседі.
Еңбекті қорғаудың маңызды белгілерін анықтау үшін еңбекті қорғау
ұғымының тек құқықтық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік тұрғыдағы
мазмұнын анықтап алсақ. Әлеуметтік құбылыс ретіндегі еңбекті қорғауды
еңбектің қолайлы жағдайларын жасауға, адамның өмірін, денсаулығын және
жұмысқа қабілеттілігін сақтауға, еңбек қызметі салдарынан белгілі бір
жарақаттар алған және денсаулығына зиян келтірілген қызметкерлерге
жеңілдіктер мен өтемақылар беруге бағытталған мемлекеттің, қоғамдық
ұйымдардың және азаматтардың қызметі ретінде сипаттауға болады, сондай-ақ
бұл – еңбекті қорғау жөніндегі нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілікті
белгілеуге бағытталған қызмет.(1) Мемлекеттік билік органдары әр түрлі
саяси бағдарламалар әзірлейді, олардың зерттеу тақырыптарының аясына
еңбекті қорғау да кіреді. Еңбекті қорғау құқық нормативтік-құқықтық
актілерде, әрі әр түрлі салалардың актілерінде бекітілген. Барлық адамдар
өз өмірінің ішінде бірнеше рет еңбек құқықтық қатынастарын, демек, еңбекті
қорғау қатынастарын да жетілдіреді. Еңбекті қорғаудың жалпы алғандағы
қоғамның жай-күйіне айтарлықтай әсер ете алатындығын ерекше атап өткен жөн.
Еңбектің қажетті жағдайларымен қамтамасыз етілмеген қызметкерлер, үнемі
шамадан тыс жұмыс істеудің, шаршап-шалдығудың және жұмыспен байланысты
проблемалар ауыртпалықтарының салдарынан өз денсаулықтарына, әрі тек
денесінің ғана емес, сонымен қатар моральдық денсаулығына да көңіл бөле
алмайды. Еңбектің жағдайлары мен оны қорғауды жақсарту – еңбек етушілердің
денсаулығын қамтамасыз етудің маңызды құралы. Еңбекті қорғау жөніндегі
қатынастарға қоғамның экономикалық белсенді халқының барлық мүшелері дерлік
тартылады,  және оның едәуір бөлігі үшін еңбекті қорғаудың тікелей маңызы
бар, сондықтан еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау институтының жағдайы
олардың мінез-құлқын айқындайды, ал ол жалпы алғандағы қоғамның келбетіне,
оның белсенділігіне үлкен әсер етеді. Осылайша, еңбекті
қорғау әлеуметтік құбылыс болып табылады, ол еңбекті қорғау институтының
жеке алғандағы әр адамға және жалпы алғандағы бүкіл қоғамға қатысты
болатындығынан және ықпалын тигізетіндігінен көрінеді.(2)
Еңбекті қорғау қоғам өмірінің әр алуан салаларында бой көрсетеді,
-мысалы, экономикада еңбекті қорғау қаржыландыру нысаны болып табылады,
еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шығындарға арнайы баптар
бөлінеді. Еңбекті қорғау медицинамен аса тығыз байланысты. Ұйымдағы еңбекті
қорғаудың жай-күйі қызметкердің денсаулығына тікелей әсер етеді. Медицинада
қызметкерлердің денсаулық жағдайына қандай да бір өндірістік факторлардың
жасайтын ықпалына, кәсіби аурулардың немесе жарақаттардың белгілі бір
өндірістегі еңбек үдерісімен байланыстылығына көңіл бөлінеді.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы Қазақстан
Республикасының Еңбек кодексінің 5-бөлімі, 33-тарауының 306-бабында қысқаша
тоқталған. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы 2004 жылғы 28
ақпандағы №528-II-ші Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 16-тармағында
еңбектi қорғауға былай анықтама берілген, еңбектi қорғау - құқықтық,
әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-
алдын алу, оңалту және өзге де іс-шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек
қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ететiн жүйе болып табылады. Қысқаша айтқанда, еңбекті қорғау
дегеніміз - бұл қызметкердің еңбек қызметі барысында оның өмірі мен
денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі екен.

2.Еңбекті қорғау саласының міндеті және  қағидалары

Еңбекті қорғау саласының міндеті – адамдарды жұмыстың қауіпсіз
әдістері мен тәсілдеріне үйрету және қызметкерлердің жұмыстарды атқару
кезінде еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын бұзушылықтарды болдырмау
болып табылады.
Еңбекті қорғау саласының қағидалары мыналар болып табылады:

өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда қызметкердің өмірі мен
денсаулығының басымдығы; Еліміз тәуелсіздік алғалы бері, біртіндеп,
әлеуметтік және еңбекті құқықтық қорғау салалары жақсартылып келе
жатыр. Алайда, кейбір жағдайларға байланысты заң мен әлеуметтік
қоғамның бақылауынан тысқары қалып қойған мәселелерде жетерлік.
Мысалыға: жақында "Қазақалтын" шахтасында жұмысшы қаза болды, оның
өліміне себепші болған жағдай - арнайы болат профильдің бұзылуынан
машинистің үстіне тау массасының бір бөлігі құлаған. Бұл әрине, жұмыс
беруші тараптың қызметкер еңбегін дұрыс қамтамасыз етпеуінен осындай
жағдайларға душар етуде.

- адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол
бермеу; Бұл мәселеге байланысты айтар болсақ,осы жылдың тамыз
айларында Қарағандыдағы Алпыс кенішінің сегіз жұмысшысы  шахтаға
түсіп, шықпай қойған. Олардың айтуына қарасақ, шахтада жұмыс істеуге
ешқандай жағдай жасалмағанын айтып қапалануда және ол үшін қосымша ақы
төленбейтініне шағымдануда. Олар шілде айында атқарылған жұмыс үшін
төленген еңбекақының мардымсыздығын алға тартқан. Уақыт өте, нарзылық
білдірушілер саны арта түскен. Бұл оқиға жұмысшылардың заңмен
бекітілген құқықтарына шектеулер мен кедергі жасалғанын көруге
болады. 2014 жылдың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбекті қоғамдық ұйымдастыру ұғымы
Қылмыстарды алдын ала тергеу сатысы
Еңбек құқығы қағидаттарының ұғымы және оны топтастыру
Еңбектік құқық қатынастарының ерекшеліктері
Еңбек құқығы қағндаттарының ұғымы және оны топтастыру
Еңбекті қорғаудың негіздері
Еңбекті қорғауды мемлекеттік басқару
Еңбекпен байланысты құқықтық қатынастар
Еңбек құқығы туралы мәлімет
Еңбекті қорғаудағы азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етудің қағидалары
Пәндер