Әмір темірдің мемлекетті құру және нығайту барысында жүргізген саясаты


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І-тарау. Әмір Темірдің мемлекетті құру және нығайту барысында жүргізген саясаты . . . 11

1. 1. Шағатай ұлысының ыдырауы. Әмір Темірдің билікке келуі және мемлекетін нығайту мақсатында жүргізген саясаты . . . 11

1. 2. Әмір Темірдің өзге мемлекеттерді жаулап алуда жүргізетін әскери, саяси және әкімшілік басқару ережелері (деректемесі) . . . 25

2-тарау. Әмір Темірдің көрші мемлекеттердің саясатына ықпалы . . . 29

2. 1. Әмір Темірдің Алтын Орда, Моғолстан және Ақ Орда мемлекеттерімен қарым-қатынасының тарихы . . . 29

2. 2. Әмір Темірдің Кавказ халықтарына жүргізген саясаты . . . 33

2. 3. Иранға, Үндістанға, Қытайға жасаған жорықтары . . . 43

Қорытынды . . . 47

Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі . . . 50

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Еліміз егемендік алғаннан бері Қазақстанның геосаяси жағдайы күрт өзгерген кезде тарихымызды зерттеу саласында үлкен бетбұрыстар болды. Әсіресе, бүгінгі күні Қазақстан Республикасы өз алдына тәуелсіз мемлекет болып өмір сүріп тұрған тұста, қазақ халқының рухани өрлеуі мен тарихи санасының қалыптасуы дәуірінде өзінің көршілес және алыс-жақын халықтармен, мемлекетермен ғасырлар бойы орын алған қарым-қатынастары мен байланыстарына деген қызығушылық уақыт өте артып отыр. Осы орайда, әлем тарихында үлкен маңызы болған, орта ғасырларда Орта Азияда құрылған Әмір Темір мемлекетінің жүргізген сыртқы саясатын жан-жақты талдау кездейсоқтық емес. Өйткені, бұл мемлекет ортағасырдың ең ірі империяларының қатарына кіріп қана қоймай, өзінің көрші мемлекеттерінің, сондай ақ Иран, Үндістан, Қытай сияқты ірі мемлекеттердің, Еуразия мен Орта Азия аймағындағы бірсыпыра этностар мен мемлекеттердің тарихында өзінің өшпес ізін қалдырды. Олардың ішінде халықтардың тарихына өзіндік әсерін тигізген, тарихи оқиғаларда өшпес із қалдырған - Әмір Темірдің жасаған жорықтары және оның жүргізген сырты саясаты болды. Осы оқиғаларды талдау барысында біз өзімізге зерттеу нысанасы ретінде Әмір Темір мемлекетінің жүргізген сыртқы саясаты тақырыбын таңдап алдық. Себебі осы мәселені жан-жақты қарастыру барысында осы мемлекеттің тарихы талданады.

Мәселенің зерттелу деңгейі. Әмір Темір өзінің халқына және хандығына мемлекеттік билік пен заңдар жобасын жасап берді. Бірақ бұл оқиғалар халықты жаппай қыру және қиратумен қатар жүріп отырды. Бұл оқиғаларды талдап, баға беру үшін біз бірінші кезекте осы оқиғаларға деректік негіз бола алатын шығармаларға тоқталып өтейік.

Әмір Темірдің өміріне байланысты деректік материалдар жылнамалық және мемуарлық сипатта жазылған деп топтауымызға болады. Бұл кезеңге байланысты бай мәліметті сонымен қатар заттай деректерден, эпиграфикалық ескерткіштерден де байқауымызға болады. Бұл дәуірге байланысты көп деректің бізге жетуіне Әмір Темірдің жанында арнайы хат танитын сауатты жылнамашыларының болғандығы да септігін тигізді («дабиран-и хас» - жеке хатшы, «фадилан-м аср» - заманының білімді адамы) . Осындай адамдарының бірі Омар деген ғалым адам болды. Ол Темірдің Үндістан сапарына қатысып, жанында болып, көрген білгендерін қазғазға түсірген. Осы сапардың негізінде «Үнді жорығының күнделігі» жазылды /1/.

Сондай-ақ осы сапар нәтижесінде жазылған Гиас ад-дин Алидің күнделіктері белгілі. Бұл шығарма В. В. Бартольдтың зерттеуі бойынша 1403 жылы жазылғандығы анықталды.

Низам ад-дан Шамидің «Зафар намесінде» де Темірге байланысты маңызды мәліметтер кездестіреміз /2/. Әмір Темір оқуды және жазуды білмесе де, өз заманының білікті адамдарының бірі болғандығын айтады. Сонымен қатар, деректе бұл еңбек жазылғанға дейін де бізге жетпеген басқа деректердің болғандығы туралы мәлімет бар. Бұл еңбектің Гиас ад-дин Алидің еңбегінен ерекшелігі, еңбектің тілінің жеңілдігі және онда Темірдің бүкіл саяси қызметінің толық қамтылуы. Низам ад-дин Темірдің 1360 жылға дейінгі тарихына да тоқталған. Бұл еңбек 1405 жылға дейін жазылып аяқталған. Бұл еңбектің деректік маңызы зор. Сондықтан осы еңбекте келтірілген фактілер Әмір Темір дәуірінің тарихына байланысты кейінгі кездері жүргізіліген барлық зерттеулердің желісінің негізгі арқауы болды.

Әмір Темір мемлекетінің әскери жорықтарына қатысты әдебиеттер саны жағынан көп болып есептелінеді. ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы деректер ішінен мәселеге қатысты Шараф ад-дин Али Йездидің «Зафар-нама» атты еңбегіне ерекше тоқталуға болады. Ол Әмір Темірдің өмірінің соңғы жылдарында оның кеңсе бөлімін басқарып, билеушінің Кіші Азияға жасаған жорықтарына тікелей қатысқан адам болды. Йездидің сөзіне сүйенсек, ол бұл туындысын Әмір Темірдің ұлы Шахрухтың баласы, өзінің немересі сұлтан Ибрагимнің тапсырысымен жазған.

ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы Әмір Темірге байланысты деректерді екіге бөліп қарастыруымызға болады: біріншілерінде Темірдің жүргізген саясатын құптау, қолдау байқалады; екіншілерінде бұл әрекеттерге теріс баға беріледі. /3/. Бірақ, соған қарамай бұл екі топтағы деректердің қай-қайсысынан болмасын біздің мәселеге, сол оқиғаларға байланысты бай мәліметтер алуға мүмкіндік бар. Атап өтетін жай - әлі күнге дейін осындай бай материалдар толығымен жүйеленіп, бір ізге келтірілмегендігі байқалады. Бұл деректерде Орта Азия тарихы мен Әмір Темір мемлекеті дәуірі арасындағы тарихи сабақтастық толық орын алмаған. Орта Азия, Иран, және іргелес елдердің тарихын қазіргі уақыттағы зерттеушілер Темір мемлекетінің ықпалының әлі де толық зерттелмегендігін атап өтіп, деректерді іздестіруді жалғастыру керек деп есептейді /4/.

Шараф ад-ин Али Йездидің «Зафар-намесына» тоқталайық. Автор еңбектің соңында шығарманы «Фатх-наме» деп атап өтеді де, оны хижра жыл санағы бойынша 840 жылы (1437 ж. ) рамазан айында аяқтағанын баяндайды. Осы қолжазбаны зерттеген Өзбекстандық зерттеушілер еңбек 1419 жылы басталып, 1437 жылы аяқталған деген қорытынды жасады. Бұдан автордың осы еңбекті 18 жыл көлемінде жазғандығын байқаймыз. Бұл еңбектің ерекшелігі, автор өзінің еңбегінде тарихтың адамзат тарихында алатын жоғарғы орнын анықтай отырып, оның өткенді саралап, болашақты болжау, мемлекеттің гүлдену мүмкіндігін көрсете алу ерекшеліктерін атап өтеді. «Зафар-намеда» фактілік материалдардың көп болуы оның құндылығын арттырады. Бұл еңбектің жазылуына Темірдің өзінің қадағалауы және жағдай жасауы оның маңыздылығын арттыра түседі. Бұл дерек негізінен оның өлімінен кейін жазылғандықтан автор Темірді көрген, білген, оның жорықтарына қатысқан адамдардың мәліметтеріне сүйенген. Бұл еңбектің алғы сөзі Рашид ад-диннің еңбегінен алынған.

Белгісіз автордың «Ескендір Анонимі» атты шығармасы да Әмір Темір жорықтарына қатысты құнды дерек болып есептелінеді. Бұл еңбектің авторын өмірінің соңында В. Бартольд зерттеп, Муин ад-Дин Натанзи болуы мүмкіндігі туралы өзінің ойын айтып кеткен /5/. Бұл еңбекпен танысу барысында автор көптеген түркі, монғол терминдерін, атауларын қолданғандығын байқаймыз. Бұл еңбек 1413-1414 жылдары жазылған. Еңбекте өзге шығармаларда кездеспейтін көптеген фактілердің келтірілуі оның құндылығын арттырады.

Әмір Темір мемлекетінің тарихына қатысты құнды мәліметтер ХҮ ғасырдың тарихшылары Хафиз Абру, Абд ар-Разак Самаркандидің және Мирхондтың шығармаларында да кездеседі.

Осы деректерді тимуридтік тарихнама кезінде жазылған, бізге жеткен деректер тобына жатқызуымызға болады. Олар тікелей Темірдің өзінің немесе оның ұрпақтарының тапсырысы бойынша жазылды.

Ал енді келесі топтағы деректерге, Әмір Темірге байланысты өз ойларын ашық білдірген, оны ұнатпаған топ өкілдерінің мәліметтерін жатқызуымызға болады. Осындай топ өкілдеріне Ибн Арабшахты және оның «Аджип ал- макдур фи наваиб ал-Тимур» атты еңбегін қарастыруымызға болады. Жас кезінде Дамаскіде тұтқынға түсіп, Самарқандқа алып келінген ол, өле-өлгенше Темірге және оның қырып жою саясатына деген өзінің теріс көзқарасын ұстанды.

Ибн Арабшахтың «Темір өміріндегі көргемпаздық ғажайыптары» атты еңбегінде Темірге қатысты көптеген фактілер келтірілген /6/. Бұл еңбекте автор сол оқиғаларға қатысып қана қоймай, оны көрген-білгендердің мәліметтеріне сүйене отырып та жазған.

Темірге қатысты келесі деректің авторы Абд ар-Разак Самарканди атты тарихшы. Оның «Матла'ас-са' дайн ва маджма' ал-бахрайн» («Бақытты екі жұлдыздың қосылған және екі теңіздің түйіскен жері» атты еңбегі бізге жеткен. Еңбек 1467-1471 жылдары жазылған. Оның бірінші томында Темірдің өліміне дейінгі кезеңнің тарихы баяндалады. Еңбек Темір мен оның әулетінің тарихын зеттеу үшін құнды мәліметтер береді.

Әмір Темір мемлекетіне және оның жеке тұлғасына байланысты құнды мәліметті Руи Гонзалес де Клавихоның Самарқандтағы Темір сарайына жіберілген елшілігі кезінде көрген білгендерін жазған мәліметтері де бере алады /7/. Бұл елшілік 1403 жылы кастильдік король ІІІ Генрихтың бұйрығымен Самарқандқа аттандырылған болатын. 1404 жылы Клавихо Темірдің бірнеше қабылдауында болып, онымен сұқбаттасқан, мемлекеттің өзге де қалаларын аралаған. Өз көрген білгендерін күнделік түрінде қағазға түсіріп отырған. Бұл дерек те Темір мемлекеті және оның сыптқы саясатының тарихын зерттеуде көмегін тигізетін бағалы шығарма болып есептелінеді.

Әмір Темір мемлекетінің өзге елдермен жасаған қарым-қатынасына байланысты құнды мәліметтерді материалдық мәдениетің туындылары арқылы да байқауымызға мүмкіндік бар. Себебі осы кезеңде дүниеге келген мәдениет және өнер туындыларында осы ықпал анық аңғарылады. Олардың қатарына осы дәуірлерде тұрғызылған Самарқанд, Шахризабс, Түркістандағы мешіттер, мавзолейлер, сарайларды жатқызуымызға болады. Осы құрылыстарды салу үшін жаулап алынған елдердің барлығынан шеберлер, қолөнершілер жиналды. Олар көп жағдайда өздері тұрғызған ғимараттарға аттарын жазып отырды. Осындай қолөнер туындылары арқылы бұл мемлекеттің өзге де елдермен жасаған қарым-қатынасы, ықпалын байқауымызға болады.

Әмір Темір мемлекетінің тарихын зерттеу барысында негіз болатын қазіргі кезде белгілі деректер, жоғарыда аталған еңбектер.

Енді осы мемлекеттің тарихының зерттелу деңгейіне тоқталатын болсақ, бұл мәселеге байланысты ең алдымен В. В. Бартольдтың еңбектерін атап өтуіміз керек /8/. Автордың зерттеулерінде аталған деректер негізінде осы мемлекеттің құрылу тарихы, жаулаушылық жорықтары, әмір Темірдің жүргізген саясаты талданған. Осы мемлекеттің Орта Азия халықтарының тарихындағы орнын анықтаудың маңызына көңіл бөлген.

Зерттеуші Л. В. Строеваның еңбектері және ізденістері, мақалалары осы тақырыпқа арналды /9/. Автор зерттеу мақалаларында Әмір Темір мемлекетінің құрылу алғышарттарына талдау жасай отырып, көрші мемлекеттердің тарихындағы орнына өзіндік бағасын беруге тырысады.

Әмір Темір мемлекетінің тарихын зерттеуде А. Ю. Якубовскийдің де қосқан үлесін атап өтуіміз керек. Ол өзінің зерттеулерінде Темір мемлекетінің тарихына қатысты құнды ойлар мен болжамдарын келтіреді /10/. Оның Б. Д. Грековпен бірлесіп жазған еңбегінде де осы мемлекеттің тарихы баяндалған /11/. 1960 жылдарға дейін бұл мемлекеттің тарихына қатысты көлемді зерттеулер болмады.

1960 жылдары Өзбекстанда атап өтілген Әлішер Науаидің туғанына 525 жыл толуы және Самарқанд қаласының 2500 жылдық мерейтойын атап өтуге байланысты жиындар мен конференциялар ұйымдастырылды. Осы оқиғаларға байланысты зерттушілердің Әмір Темір мен Темір ұрпақтары заманындағы Орта Азияның әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени өмірінің мәселелеріне арналған зерттеулер жарық көрді. Абд ар-Разак Самаркандидің еңбегі өзбек тіліне аударылды /12/. Біздің тақырыбымызға қатысты жарық көрген зерттеулердің ішінен И. И. Умняковтың /13/, Г. Н. Набиевтің /14/ зерттеулерін де атап өтуіміз керек.

Темірдің Моғолстанға, Жетісу мен Тянь-Шаньға жасаға жорықтары К. А. Пищулинаның еңбегінде баяндалған /15/.

Соңғы жылдары Әмір Темір мемлекетінің тарихына және оның жеке тұлғасына арналған еңбектер, зерттеулер де жарық көріп жатыр. Олардың қатарына «Тамерлан: Эпоха. Личность. Деяние» атты жинаққа кірген зерттеулерді қосуымызға болады /16 /.

Қазақстан ғылымына тоқталатын болсақ, біз бұл салада ғалымдардың әлем тарихы бағытындағы ізденістеріне ерекше тоқталуымыз керек. Қазақстандағы қоғамдық ғылымдардың маңызды міндеті ретінде қазақстандық ғылымды қалыпты оқшаулану жағдайынан әлемдік кеңістікке шығару мәселесі болып отыр. Осы мәселеге байланысты Қ. Т. Жұмағұловтың айтқан ойлары біздің мәселені де зерттеуде теориялық негіз бола алады. Ол: «Тарих ғылымындағы идеологияландыру және бейсаясаттандыру жағдайлары, интеграциялық үрдістердің ғасырында маңызды теориялық және методологиялық мәселелерді жүйелеудің жаңа жолдарын іздестіруге талпыныстар жасау керек. Өйткені жалпы тарих мектептерде, гимназияларда, колледждер мен жоғарғы оқу орындарында оқытылады» - деген пікірін білдірді /44/. Бұл пікірдің Әмір Темір мемлекетінің жүргізген саясатына да объективті баға беруде маңызы зор деп ойлаймыз. Автордың әлем тарихына байланысты жалпы теориялық еңбектерінің де маңызы үлкен. Бұл ізденістегі теориялық, практикалық тұжырымдар Қазақстандық тарихнамада Еуропа мен Еуразияда жаңа идеологияның таралуына үлкен ықпал береді /45/.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Біздің зерттеу жұмысымыздың мақсаты Әмір Темірдің жүргізген сыртқы саясатын зерттеу барысында, осы мемлекеттің әлемдік тарихтағы орнына баға беру және маңызын ашып көрсету. Бұл мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойдық:

- Әмір Темірдің билікке келу жолдарын қарастыру барысында оның кейінгі кезде жүргізген сыртқы саясатының кейбір тұстарына түсініктеме беру;

- Жаулап алған мемлекеттерде жүргізген саясаттарының аясын анықтау;

- Әмір Темірдің көрші мемлекеттерге жүргізген жаулап алу жорықтарының барысын анықтау арқылы осы мемлекеттің сыртқы саясатындағы бағыттарды көрсету.

Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялық негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдардың іргелі теорялық пікірлері қолданыс тапты. Ғылыми зерттеуде жалпы тарихи, тарихи салыстырмалық, тарихи жүйелік әдістер қолданылды. Ізденістің мақсаты мен міндеттерін жүзеген асырудың әдістемесі ретінде салыстырмалы тәсіл таңдап алынды. Жұмыс барысында жалпы ғылыми әдістер - талдау мен синтез, индукция және дидукция, суреттеу және түсіндіру сияқты әдістер де қолданылды.

Бітіру жұмысының ғылыми жаңалығы. Тақырып бойынша әдебиеттерді қамтуда тілдік, хронологиялық, ұлтты, мемлекеттік шектеулердің болмауында; мәселелердің жаңа методологиялық тұрғыдан пайымдалуында; теориялық мәселелерге көңіл аударылуында.

Жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер мен деректер тізімінен тұрады.

І-тарау. Әмір Темірдің мемлекетті құру және нығайту барысында жүргізген саясатының дерек көздері мен тарихнамасы

1. 1. Шағатай ұлысының ыдырауы. Әмір Темірдің билікке келуі және мемлекетін нығайту мақсатында жүргізген саясаты

1251 жылдары Шағатай ұлысына қарайтын Орта Азия территориясы аз уақытқа олардың қол астынан шығып кетті. Алтын Орда ханы Батый Төленің баласы Мөңкемен бірігіп, Үгедей мен Шағатайға қарсы одақ құрған еді. 1251 жылы Қарақорымда болған құрылтайда Батыйдың қолдауына сүйенген Мөңке, моңғол империясындағы билікті қолына алады (1251-1259 жж. ) . Рашид ад-Диннің дерегінде бұл оқиға егжей-тегжейлі, жан-жақты сипатталған /17/. Өзіне қарсы шыққан Шағатай және Үгедей ұрпақтарын Мөңке хан қырып жіберді. Осындай оқиғалардың нәтижесінде Батый хан және Берке хан (1256-1266 жж. ) тұсында Мауереннахр территориясы Алтын Орданың бір бөлігіне кірді. Мөңке хан тұсында монғол империясында болған ірі саяси оқиғалардың қатарына оның бауыры Хулағудың Иранға жасаған жорығы болды. Ол 1254 жылы өзінің шатырын Самарқанд түбіне тігіледі. Жергілікті ақсүйектер 40 күн бойы оған сый-сыйяпат, ілтипат білдіріп күтеді. Хулағудың осы жорығының нәтижесінде Иран бағынады. 1258 жыл Хулағу хан Бағдатты басып алып, аббасидтік халифтің көзін жояды. Көп кешікпей Иран орталығы Тербезде орналасқан Хулағу мемлекетіне бағынышты болады. Ал 60 жылдары Шағатайлық Алғуй Мауереннахрдан алтынордалық билеушілерді қуып жіберіп, Шағатай ұлысын қалпына келтіреді. Жошылықтарға көмек көрсеткен билеушілерді қатты жазалап, Мауренахрдағы билікті Масудбекке береді. Оған Мауереннахр өңірінен бөлек ұйғырлардың қалалары, Ферғана және Хорезм қалалары да бағынышты болады. Ол осы өңірлерден салықтарды шағатайлықтарға жылма-жыл ұқыпты жинап беріп тұрды. Шағатайлықтар исламға оң көзбен қарамады. Мубарак-шах тұсында осы өңірлерге түркіленген монғол тайпалары қоныстана бастады. Жалайрлар Ангрен, барластар Кашка-Дария өңірлеріне қоныстанды. Кейіннен олар отырықшы шаруашылыққа көшіп, өздеріне тән мәдениеттен, өмір сүру салтынан алшақтай бастады. Оларды Жетісуда қалған көшпелілер «қараунас» деп атаса, олар енді жетісулықтарды кемсітіп тағы ретінде «жете» деп атай бастады. Осындай ой алшақтығының нәтижесінде Шағатай ұлысы екі бөлікке: Мауереннахр және Моғолстанға бөліне бастады /18 /. ХІҮ ғасырдың екінші жартысы ХҮ ғасырдың басы Орта Азия мен Шығыс халықтарының тарихында орын алған үлкен тарихи оқиға -Әмір Темірдің жаулап алу жорықтарымен тығыз байланысты болды. Бұл жорықтар жаулап алынған мемлекеттердің шаруашылығына, саяси ақуалына, экономикасына, мәдениетіне қатты әсерін тигізді. Әмір Темірдің алғашқы жаулап алу жорықтары, осы мемлекеттің көршілері Алтын Орда, Ақ Орда мен Моғолстан мемлекетіне бағытталды /19/. Себебі бұл мемлекеттерде орын алған түрік және түріктенген монғол ақсүйектерінің арасындағы ішкі қайшылықтар, бұл мемлекеттердің саяси және экономикалық жағынан берік болмауы, ішінара осы мемлекеттерде орын алған монғол үстемдігіне қарсы ұлт-азаттық күрестер, аталған мемлекеттердің ыдырауына әкеп соқты. Шағатай ұрпақтары мемлекетінің батыс бөлігі - Мауереннахрда ХІҮ ғасырдың ХІҮ 50-60 жылдарында ірі монғол-түрік көсемдері арасында кескілескен күрес өршіді. Билеушілер арасындағы қырқыс әсіресе қарапайым халыққа қатты әсер етті. Шағатай ұлысының бұрынғы аумағы шеңберінде тарихи жағынан келмеске кеткен ескі мемлекеті қалпына келтіруді көздеген Моғолстан хандарының Мауереннахрға жасаған жорықтары халық бұқарасының қарсылығын туғызып, сарбадарлардың шынайы патриоттық қозғалысына ұласты /20/. Халық көтерілісінің қауіп-қатері Мауереннахрдың ақсүйектері мен жоғары саудагер топтарын сарбадарлардың халық-азатық қозғалысын басып, орнықты саяси билік орната алатын басшы іздестіруге мәжбүр етті. Олар монғолдың түріктенген барлас тайпасынан шыққан Тарағай бектің баласы әмір Темірді осындай басшы деп таныды.

Мауереннахрда ХІҮ ғасырдың 50- 60 жылдардың басында саяси аренаға Темірдің тұлғасы ерекшеленіп, көріне бастайды. Бұл кезде Шағатай ұлысында тақ үшін тартыста осы әулетті басқарған соңғы Шыңғыс ұрпағы Қазан-хан қайтыс болып, оның орнына әмір Қазаған билікке келген еді. Ол 1346-1358 жылдары билік құрды. Бірақ көп ұзамай ол Моғолстан ханы Тоғлық Темір ноянының қолынан қаза табады. Бұл кезеңде Мауереннахра фоедалдың бытыраңқылық басым болды. Шахризабс, Бұхара, Термез, Бадахшан, Ходжен, Шаштың басшылары бірін-бірі мойындамай, араларында қырқыс орын алды. Осындай тұрақсыздық, экономикалық құлдырау жергілікті халықтың, мемлекеттің әлеуметтік жағдайына қатты әсерін тигізді. Осындай қырқыстарға Темір де қатысып, өзінің тұла бойына тән талантының және ептілігінің арқасында өзін шебер әскери басшы ретінде мойындата алды.

Әмір Темір бин Тарагай Бахадурдың өмірі мен қызметі екі ерекше кезеңге бөліп қарауға болады: бірінші кезең 1360-1386 жылдар. Бұл кезде ол елді біріктіруді көздеген түрік және тәжік ақсүйектерімен бірігіп, Мауереннахрды Монғол империясының бұғауынан босатуды көздеді. Сондай-ақ осы өңірлерде бір орталыққа біріккен мықты мемлекет құруға қарсы майда бектер мен сұлтандарды да бағындыра алды. Екінші кезең: 1386-1402 жылдарды жатқызуымызға болады. Бұл кезеңді оның жылнамашы Шарафуддин Али Йездидің жеткізген дерегіне сүйенсек тарихта үш жылдық, бес жылдық, жеті жылдық деген атпен қалған жорықтары кезеңімен сипаттасақ болады.

1370 жылы құрылтай шақырылды. Бұл құрылтайда ақсүйектер мен билеуші тап өкілдері жиналып, хан тағына Шыңғыстың тікелей ұрпағы Құбыла Шах Оғланды отырғызады. Бірақ көп ұзамай Темір өзінің қарсыласын тақтан құлатады. Бұл кезеңге дейін ол өзінің әскерін біршама күшейтіп, санын арттырып алған еді. Оның әскерінің құрамында монғолдардың саны да көп болды. Енді ол өзін хандық билікке ұсына бастады.

Сол 1370 жылы Темір Мауереннахрдың әмірі атағына ие болған еді. Шыңғысыхан ұрпақтарының атынан Сыр мен Амудария өңірлерінде өзінің билігін жүргізу құқығына ие болды. Оның бұл өңірдегі негізігі тірегі жергілікті ақсүйектер, әскери адамдар және мұсылман дін басылары болды. Өзінің астанасы етіп Самарқанд қаласын таңдады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әмір темір және оның мемлекеті
Әмір Темір жорықтары
Әмір Темірдің жаулап алу соғыстары мен саяси дипломатиясы
Әмір темір
ХІV-ХV ғғ. ОРТАҒАСЫРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕР
XIV -XV ғ.ғ ортағасырлық мемлекеттер
Әмір Темір құрған мемлекет
Әмір Темір— Орталық Азия жаһангері
Әкімшілік іс жүргізудің кезеңдері (сатысы)
Әмір Темірдің Кіші Азияға жорық бағыттары
Әмір Темір туралы тарихнама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz