Адамның дүниетанымдық өзін-өзі анықтауы: философияның рөлі


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Адамның дүниетанымдық өзін-өзі анықтауы және философияның ондағы ролі

Жоспар

Кіріспе

  • Адам дүниетанымы

Негізгі бөлім

  • Дүниетанымның тарихи түрлері
  • Дүниетанымдық мәселелер
  • Дүниетанымның қалыптасуы
  • Философия дүниетаным ретінде

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Адам дүниетанымы

  • Дүниетаным- жеке адамның, әлеуметтік топтың, таптың немесе тұтас қоғам қызметінің бағытын және шындыққа деген қатынасын айқындайтын принциптердің, көзқарастардың мақсат-мұраттар мен сенімдердің жүйесі. саяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарастар көп әсер етеді. Ғылыми ене отырып, адамның немесе бүкіл топтың қоршаған әлеуметтік және табиғат заңдылықтарын бағдарлау мақсаттарына қызмет етеді. Сонымен қатар, ғылым адамдарды әртүрлі нанымдар мен адасулардан құтқарып, оның шындық болмысты ақыл-ойы арқылы тануына жағдай жасайды.
  • Дүниетаным- адамдар мен табиғатқа, жалпы құндылықтарға, моральдық ережелерге жеке тұлғаның жалпы қатынасын білдіретін негізгі сенім, қалып, таным немесе қоғам мүшелерімен ортақ көзқарас қалыптастырып, қоршаған ортамен қатынас қалыптастырудағы негізгі өлшем. Ол - адамның дүниені ақиқатпен теориялық және тәжірибелік жағынан бірлікте тану мақсатындағы рухани-тәжірибелік әдіс. Дүниетанымдатұтас адамзат әлемінің үлгісі сияқты мәдениет категорияларының жүйесі көрініс тапқан.
  • Дүниетаным- әлемді түсіну, қабылдау, қоршаған ортадағы шынайылыққа жалпылама көзқарастар жүйесі.

Мифология

  • Мифология(гректің «миф» - «аңыз» сөзінен) - қоршаған дүние туралы реалды түсінікпен қатар фантастикалық қиялдың қосындысынан тұратын ежелгі қоғам дүниетанымы, қоғамдық сананың формасы.
  • Миф жауап беруге тырысатын негізгі сұрақтар:

1. Әлемнің, Жердің және адамның жаратылуы;

2. табиғи құбылыстар туралы түсінік ;

3. адам өмipi, тағдыры мен өлімі, әрекеті, жетістіктері т. б;

4. борыш, ар-намыс, имандылық мәселелері.

Дін

  • Дін- (латынның «религия»-«құдайшылдық» сөзінен) - сенімге негізделген, адам өмipi мен қоршаған дуниені басқаратын, жарататын құдыретті күштердің барын мойындайтын дүниетаным түрі. Діни дүниетаным адамнан дүние туралы сезімдес, образды - эмоционалды түсінікті талап етеді. Діннің мақсаты мен мағынасы - коғам мен жалпы адамзаттың назарын Құдайға бағыттау арқылы 6ip бағытқа жұмылдыру, орталықтандыру, сол арқылы адамды және осы дүниелік болмысты мәртебелендіру.
  • Дін де миф ізденетін сұрактарға жауап береді:

1. Әлемнің, Жердің, Жердегі тіршіліктің, адамның пайда болуы;

2. табиғи құбылыстарға түсінік;

3. адам әрекеті мен тағдыры;

4. адамгершілік мәселелері;

5. қарым-қатынас мәселелері.

Философия

  • Философия- дүниетанымның ғылыми-теориялық түрі. Философиялық дүниетанымның діни және мифологиялық дүниетанымдардан айырмашылығы:

1. Нақты ұғымдар мен категориялардан құралады;

2. қиялға, сенімге емес, білімге сүйенеді;

3. рефлексивті (ойдың өз-өзіне бағытталуы) ;

4. қисындылығы (ішкі тұтастық пен жүйелікке негізделеді) .

  • Осылайшафилософия- рационалдылықпен, жүйелілікпен және қисындылығымен ерекшеленетін дүниетанымның жоғарғы деңгейі мен түрі.

Дүниетанымдық мәселелер

  • Адам алдында туындайтын дүниетанымдық мәселелер:
  • Өзіне деген көзқарас. Мен кіммін? Мен қандаймын? Мен қандай болу керекпін? Бұл өмірде менің рөлім қандай? Өмірімнің мәні неде?
  • Басқа адамға, қоғамға деген қөзқарас.
  • Дүниеге деген көзқарас. Дүние қайдан пайда болды? Жақсылық пен жамандық деген не? Табиғатқа қалай қарау керек?
  • Құдайға деген көзқарас (сену немесе сенбеу мәселелері) . Құдай бар ма? Бар болса, ол қандай? Оның өмірдегі рөлі қандай? Оған қалай қарау керек? Егер ол жоқ болса, өмірдің мәні неде? Екі жағдай да адамды өлгеннен кейін не күтеді?

Дүниетанымның қалыптасуы

Дүниетанымның қалыптасып дамуына әсер ететін факторлар көп. Оларға:

  • Адамның материалдық жағдайы.
  • Әлеуметтік орта, тәрбие, ақпарат құралдары жатады.
  • Қоғамдық пайдалы еңбекке қатысу.

Философия дүниетаным ретінде

  • Философияның дүниетаным ретінде эволюциясы 3 кезеңнен өтті:

1. космоцентризм;

2. теоцентризм;

3. антропоцентризм.

  • Космоцентризм- Әлем, табиғат құбылыстары-сыртқы күштердің-Космостың күшімен, әсерімен, шексіздігімен түсіндірілетін, бүкіл тіршіліктің космостық циклдарға тәуелділігін тұжырымдайтын философиялық дүниетаным (Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, т. б. Шығыс елдеріне және Ежелгі Грекияға тән) .
  • Теоцентризм- бүкіл болмыс, тіршілік -тек қана құдіреттің, Құдайдың үстемдігімен түсіндірілетін пікірге сүйенетін философиялық дүниетаным түрі (ортағасырлық Европаға тән) .
  • Антропоцентризм- орталығында адам мәселесі тұрған философиялық дүниетаным түpi (Қайта өрлеу дәуірі деп Европаға, Жаңа Заманға, қaзiргi заманғы философиялық мектептерге тән) .

Қорытынды

  • Дүниеге көзқарас адам қоғамымен бірге пайда болған қоғамдық тарихи құбылыс. Оның шығуының қайнар көзі - өмірдің өзі, адамның тіршілік болмысы.
  • Дүниеге көзқарастың негізгі ұғымдары - «дүние» және «адам». Олар ажырамас бірлікте. Яғни, адамнан бөлектенген дүние және табиғат, сондай-ақ сыртқы дүниемен салыстырылмаған адамның іс-әрекеті, ішкі рухани өмірі, әрқайсысы өз бетінше дүниетанымды құрай алмайды. Дүниеге қатынасы арқылы адам өзінің тағдыры мен өмірлік позициясын, сүйіспеншілігі мен сенімі туралы белгілі бір көзқарастар аумағын кеңейтеді. Адам мен дүние арақатынастары бір-бірімен жаңа байланыста қаралған сайын, сыртқы материалдық әлем және ішкі рухани дүние туралы түсініктер тиянақталынады.

Пайдаланылған әдебиеттер

  • Философия. -оқулық. -Серік Мырзалы: -Алматы «Эверо» 2011 ж.
  • Философия. -оқулық. -Абдрасилова Г. Л. - Алматы 2009 ж.
  • Kk. wikipedia. org
  • http://www. kursburo. ru/component/djcatalog/item/6-ref-work/72-ref68
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философияның онтологиялық құрылымы мен дүниетанымдық-әлеуметтік рөлі
Философияның қоғам мен адамның өміріндегі рөлі
Философияның адам мен қоғам өміріндегі рөлі және дүниетанымдық көзқарастар
Жастардың кәсіби өзін-өзі анықтауы: психологиялық ерекшеліктері, еңбек нарығындағы жағдайы және кәсіби бағдарлау
Өзін-өзі танудың тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруындағы рөлі
Философияның қайнар көздері: ежелгі үнді және қытай философиясындағы дүниетаным мен өзін-өзі жеңу
Өзін-өзі тану және өзін-өзі тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық негіздері
Өзін-өзі тану тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруының шарты
Өзін-өзі тәрбиелеудің мәні және ұжымның тәрбиелік рөлі
Жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері және өзін-өзі тану пәнінің рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz