Халықты жұмыс пен қамту және әлеуметтік қорғау стратегиясы



Мазмұны:
Кіріспе
І. Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығы даму тенденциясы
1.1 Жұмыссыздық түсінігі
1.2 Жұмыссыздық дәрежесін төмендету және көмек көрсету
ІІ.Қазақстан Республикасының халықты жұмыс пен қамту стратегиясы
2.1«Жол картасы» бағдарламасын іске асыру
2.2 Мамандарды кәсіптік және қайта даярлау
2.3 Қазақстан Республикасының жұмыс пен қамту және элеуметтік қорғау статистикасы
2.4 Жұмыс пен қамту әлеуметтік қорғау іс.шаралары
Қорытынды

Пайдаланылған әдебиет
Кіріспе
Бүгінгі таңда өркениетті даму жолына түскен Қазақстан Республикасы қоғамның барлық саласында аса маңызды реформаларды жүзеге асыруда. Бұл реформалардың ішіндегі ең күрделісі әрі өте байыптылықты қажет ететін бағыты әлеуметтік саладағы реформалар болып табылады. Өйткені, біріншіден, әлеуметтік мәселе адамдардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне тікелей қатысты болғандықтан үнемі күн тәртібінде тұрады; екіншіден, мемлекеттің әлеуметтік саясаты әрқашан халықтың назарында болып, оның талқысы мен сынына түсіп отырады. Сондықтан да әлеуметтік саясат мемлекеттілікті орнықтыру мен мемлекетті басқаруда аса маңызды орын алады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленгендей, Қазақстан Республикасы – әлеуметтік мемлекет. Яғни, мемлекет өзінің бар мүмкіндігін, қамқорлығын өз қоғамының дамуы үшін, ондағы азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеру үшін бағыттауға міндетті. Әлеуметтік саясат мемлекеттің ішкі саясатының аса маңызды бағыты екені сөзсіз. Жалпы, әлеуметтік саясатты іске асыру экономиканың даму қарқыны мен әлеуметтік кепілдіктерді сақтау ісін шебер ұштастыруды талап етеді. Бұл орайда, бүгінде мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық рөлі өзгергенін есте сақтау керек. Халықтың мемлекет көмегіне шынында да мұқтаж, өз бетімен күн көре алмайтын топтарына басымдық беріледі. Ал қоғамның қалған бөлігі экономикалық еркіндік қағидалары, олардың құқықтық қорғалуы негізінде өзін-өзі қамтамасыз етуі керек. Қоғамдық дамудың негізгі көрсеткіштері – адамның даму жағдайлары, яғни еңбекке қолжетімділік және оған лайықты еңбекақы, ертеңгі күнге сенім, балаларды оқыту мен дамытудың кең мүмкіндіктері, медициналық қызметке қолжетімділік және салауатты өмір салты, еңбекке қабілетсіздерді қорғау, лайықты кәрілік болып табылады.
Қазіргі кезде Қазақстан Халықаралық Еңбек ұйымының толық мүшесі. Аталмыш ұйымға мүше болған елдерде оның негізгі қағидаларының орындалуы талап етіледі және сол бағытта ауқымды іс-шаралар жасалады. Мысалы, тұрақты төленетін еңбек әрекетінде ынталандыру шаралары; негізгі әлеуметтік төтенше жағдайларда әлеуметтік сақтандырулар механизмдерінің көмегімен кіріс бөлігінің орнын толтыру және алдын алу; әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын халықтың әлсіз топтарына әлеуметтік көмек механизмін көрсету; білім және медициналық көмек алуда азаматтардың басты құқықтар мен қызметтерге қол жеткізуіне жағдай жасау. Президент Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру мақсатында тұрақтандыру жоспарының бағыттарын құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі жедел жұмыстар атқарылды.
Әлемдік қаржы дағдарысы зардаптарын еңсеру үшін ең алдымен еңбекпен қамту стратегиясы аясында «Кейбір заңнамалық актілерге еңбекпен қамту мен кепілді әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң еңбекке тарту мен кепілді әлеуметтік сақтандыру жүйесін жетілдіруге арналып отыр.
Одан басқа Еңбек кодексіне, «Мемлекеттік сатып алулар туралы», «Халықты еңбекпен қамту туралы», «Кепілді әлеуметтік сақтандыру туралы» заңдарға түзетулер енгізілді.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1) Қазақстан Республикасының “Инвестиция туралы” заңы. 2003 жыл және 2005, 2006 жылдардағы енгізілген өзгертулермен
2) М.В Ивошин «Инвестиция. Организация управления и финонсирования.»//Москва 1999 год//
3) Аналитическая информация о состоянии рынка ценных бумаг Республмкиа Казахстан. // Рынок ценных бумаг Казахстана. N° 1. 2006 г,
4) Бочаров В.В. “Современный финансовый менеджмент” Москва Санкт-Петербург, Нижний Новгород Воронеж Ростов-на-Дону Екатеринбург, Самара Новосибирск Киев-Харьков. Минск. 2006 год.
5) Бочаров В.В. “Управление денежным оборотом предприятий и корпораций. Москва Финансы и статистика 2001.г.
6) Васина А.А. “Финансовая диагностика и оценка проектов” – СПб: Питер 2004. г.
7) Журнал “Хабаршы” 2004-2006 жылдар
8) Инвестициоиный рейтинг Казахстана // Офиальный сайт ЗАО «Казинвест », 2006 г.
9) Интернет сайт WWW.WFIN.KZ
10) Косжанов.Т.Н. “Промышленная и инвестиционная политика в долгосрочной стратегии экономики страны, //Транзитная экономика,№ 7.2005 г,
11) Казахстанская правда. // С.Тай «Влияние прямых иностранных инвестиций// 07.03.2006 г.
12) Крушевиц Л. “Инвестиционные расчеты” Питер 2004г
13) Ковалев В.В. Финансовый анализ Алматы Финансы и статистика. 2004 год.
14) Қаржы-қаражат А. Қантарбаев //Инвестицияларды талдау// 2004-2006 жылдар

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:
Кіріспе
І. Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығы даму тенденциясы
1.1 Жұмыссыздық түсінігі
1.2 Жұмыссыздық дәрежесін төмендету және көмек көрсету

ІІ.Қазақстан Республикасының халықты жұмыс пен қамту стратегиясы

2.1Жол картасы бағдарламасын іске асыру
2.2 Мамандарды кәсіптік және қайта даярлау
2.3 Қазақстан Республикасының жұмыс пен қамту және элеуметтік қорғау
статистикасы
2.4 Жұмыс пен қамту әлеуметтік қорғау іс-шаралары
Қорытынды

Пайдаланылған әдебиет

Кіріспе
Бүгінгі таңда өркениетті даму жолына түскен Қазақстан Республикасы
қоғамның барлық саласында аса маңызды реформаларды жүзеге асыруда. Бұл
реформалардың ішіндегі ең күрделісі әрі өте байыптылықты қажет ететін
бағыты әлеуметтік саладағы реформалар болып табылады. Өйткені, біріншіден,
әлеуметтік мәселе адамдардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне тікелей қатысты
болғандықтан үнемі күн тәртібінде тұрады; екіншіден, мемлекеттің әлеуметтік
саясаты әрқашан халықтың назарында болып, оның талқысы мен сынына түсіп
отырады. Сондықтан да әлеуметтік саясат мемлекеттілікті орнықтыру мен
мемлекетті басқаруда аса маңызды орын алады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленгендей, Қазақстан
Республикасы – әлеуметтік мемлекет. Яғни, мемлекет өзінің бар мүмкіндігін,
қамқорлығын өз қоғамының дамуы үшін, ондағы азаматтардың өмір сүру деңгейін
көтеру үшін бағыттауға міндетті. Әлеуметтік саясат мемлекеттің ішкі
саясатының аса маңызды бағыты екені сөзсіз. Жалпы, әлеуметтік саясатты іске
асыру экономиканың даму қарқыны мен әлеуметтік кепілдіктерді сақтау ісін
шебер ұштастыруды талап етеді. Бұл орайда, бүгінде мемлекеттің әлеуметтік
және экономикалық рөлі өзгергенін есте сақтау керек. Халықтың мемлекет
көмегіне шынында да мұқтаж, өз бетімен күн көре алмайтын топтарына басымдық
беріледі. Ал қоғамның қалған бөлігі экономикалық еркіндік қағидалары,
олардың құқықтық қорғалуы негізінде өзін-өзі қамтамасыз етуі керек.
Қоғамдық дамудың негізгі көрсеткіштері – адамның даму жағдайлары, яғни
еңбекке қолжетімділік және оған лайықты еңбекақы, ертеңгі күнге сенім,
балаларды оқыту мен дамытудың кең мүмкіндіктері, медициналық қызметке
қолжетімділік және салауатты өмір салты, еңбекке қабілетсіздерді қорғау,
лайықты кәрілік болып табылады.
Қазіргі кезде Қазақстан Халықаралық Еңбек ұйымының толық мүшесі.
Аталмыш ұйымға мүше болған елдерде оның негізгі қағидаларының орындалуы
талап етіледі және сол бағытта ауқымды іс-шаралар жасалады. Мысалы, тұрақты
төленетін еңбек әрекетінде ынталандыру шаралары; негізгі әлеуметтік төтенше
жағдайларда әлеуметтік сақтандырулар механизмдерінің көмегімен кіріс
бөлігінің орнын толтыру және алдын алу; әлеуметтік сақтандыру жүйесіне
қатыспайтын халықтың әлсіз топтарына әлеуметтік көмек механизмін көрсету;
білім және медициналық көмек алуда азаматтардың басты құқықтар мен
қызметтерге қол жеткізуіне жағдай жасау. Президент Нұрсұлтан Назарбаев алға
қойған дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру мақсатында тұрақтандыру
жоспарының бағыттарын құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі жедел жұмыстар
атқарылды.
Әлемдік қаржы дағдарысы зардаптарын еңсеру үшін ең алдымен еңбекпен
қамту стратегиясы аясында Кейбір заңнамалық актілерге еңбекпен қамту мен
кепілді әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы заң еңбекке тарту мен кепілді әлеуметтік
сақтандыру жүйесін жетілдіруге арналып отыр.
Одан басқа Еңбек кодексіне, Мемлекеттік сатып алулар туралы, Халықты
еңбекпен қамту туралы, Кепілді әлеуметтік сақтандыру туралы заңдарға
түзетулер енгізілді.

І. Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығы даму тенденциясы
1.1 Жұмыссыздық түсінігі және түрлері
     Жұмыссыздық дегеніміз – әлеуметтік – экономикалық құбылыс, осы құбылыс
кезінде елдің экономикалық белсенді халқының бір бөлігі біршама уақыт не
тұрақты жұмыссыз немесе жалақысыз болады.
     Жұмыссыздықтың түрлері олардың пайда болу себептеріне қарай
өзгешеленеді:
o Уақытша жұмыссыздық жұмыспен қамтылғандардың өз ынталары бойынша
жұмысты ауыстырумен байланысты, осындай жұмыстағылар өздеріне
ыңғайлырақ жұмысты өз еріктерімен іздейді. Мұндай жұмыссыздық
әрқашан және барлық жерде болады.
o Құрылымдық жұмыссыздық ғылыми – техникалық прогрестің,
өнеркәсіптің жаңа салаларының ашылуларының ықпалымен өндіріс
құрылымының өзгеруінен туындайды. Осындай жағдайға байланысты
жұмыс күшіне ұсыныс пен сұраныс арасындағы сәйкессіздік пайда
болады.
o Кезеңдік жұмыссыздық өндірістің құлдырауы, экономикалық
дағдарыстар кезінде, кәсіпорындар жаппай күйзеліске ұшырайтын,
жұмыспен қамтылғандар саны көптеп қысқаратын жағдайларда пайда
болады.
     Соңғы жылдары жұмыссыздық халықтың қалың топтарын қамтуда және барған
сайын ұлғайып келеді. Оның деңгейі Экономикалық ынтымақтастық және даму
ұйымына (ЭЫДҰ –ОЭСР) кіретін елдердің барлығында дерлік өсу үстінде. Тіпті
экономикалық өсудің жоғары қарқындары белгіленген дамушы елдердің көпшілігі
халық санының өсуінен қалып қоймаулары үшін біршама жылдам қарқындармен
жұмыспен қамтуды ұлғайту мәселесін әрең игеріп отыр.
     Шығыс Еуропа және ТМД елдерінде кепілденген және толық жұмыспен
қамтылуға ұзақ жылдар бойы дағдыланып қалған адамдар, кенеттен мемлекеттік
секторды қайта құру мен жеке секторда жұмыс орындарын ашудың баяу
қарқындары себебінен жұмыспен қамтылу кепілдігінен айырылып, жұмыссыздықтың
өсу проблемасын бастан кешірді. Тіпті экономикасы өрлеу үстіндегі елдерде
де жалақы деңгейінің төмендеуі байқалады.
     Жұмыссыздық  – экономикалық өсу жетістіктерінің адам дамуына ықпалын
азайтатын құбылыс.
Біріншіден, ол адамдар мен үй шаруашылықтарының белгілі бір бөлігін (кейде
едәуір көлемін) экономикалық әрекет жағдай жасайтын мүмкіндіктерге қол
жеткізуден айырады. Олар үшін адам даму жағдайлары едәуір нашарлайды.
Екіншіден, жұмыссыздық (әсіресе, ұзақ мерзімді, тоқыраулы) еңбек дағдыларын
жоғалтуға, яғни жинақталған адам капиталынан айырылуға ұшыратады және
осылыайша ол адам дамуына теріс ықпалын тигізеді. Үшіншіден, жұмыссыздық
тек жеке адамдардың ғана емес, сонымен бірге жұмыссыздардың әл–ауқатының
деңгейін қолдауға, мемлекетердің жұмыспен қамту жөніндегі түрлі
бағдарламаларын іске асыруға байланысты елеулі әлеуметтік шығындарға
ұшыратады, ал мұндай жағдай адам дамуына анағұрлым тиімді бағытталуы мүмкін
ресурстарды қоғамнан оқшауландырады.
     Сонымен, жұмыссыздық құбылысы қоғам үшін қазыналық жоғары шығындарды,
адам капиталынан айырылуды, әлеуметтік саралардың күшеюін, жастар
проблемасының шиеленісуін білдіреді.
     Жұмыссыздық масштабын азайту ретінде жұмыссыздық ретінде
жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне жету көзделінеді. Өйткені жұмыссыз- дықты
мүлдем жою мүмкін емес және ондай мақсатты қойып керегі де жоқ. Фрикциондық
пен құрылымдық жұмыссыздықтар түрлері экономикаға табиғи тән элементтер
болып танылады, сондықтан олардың деңгейлерінің қосындысы жұмыссыздықтың
табиғи деігейіне тең болады. Осы деңгейге жеткенде еңбек нарығы тепе-
теңдік жағдайда болады. Бірақ еңбек нарығының бұл жағдайында кәсіптік-
біліктілік жағынан бос жұмыс орны мен онда жұмыс істегісі келетін адамдар
арасында толық сәйкестік бар деуге болмайды, бірақ сан жағынан ұсыныс пен
сұраныс бірдей болуы мүмкін. Жұмыссыздық нарықты қатынастардан туады,
сондықтан ол экономикадағы өзгеріспен тығыз байланысты. Американдық
экономист А.Оукеннің есептеуі бойынша, егер ұлттық ішкі өнім (ҰІӨ) 2,7%-ке
өссе, жұмыссыздық деңгейі өзгермейді; ал ҰІӨ қосымша тағы 2 %-ке өсуі
жұмыссыздық деңгейін бір пайызға азайтады және ,керісінше,ҰІӨ-нің қосымша
қысқаруы жұмыссыздық деңгейін көтереді.
  Жұмыс күші құрамындағы жұмыссыздық коэффицентінің қобалжуын әр түрлі
топтар бойынша жалпы коеффицент немесе  u жұмыссыздық  дәрежесі, және   
жұмыссыздық коцеффицент арасындағы қатынастарды пайдалана отырып, жұмыс
күші құрамындағы топтар бойынша зерттеуге болады.
     Теңестірудің көрсетуі бойынша, жұмыссыздықтың жалпы коеффиценті
негізінен жұмыс күші құрамындағы әр түрлі топтарда тең келетін жұмыссыздық
коэффиценттерінен құралуы немесе жасы, нәсілі және жынысы бойынша
ерекшеленген топтар арасындағы жұмыссыздық коэффиценттерінде күрделі
айырмашылықтарды жасауы мүмкін болып табылады.
     Жұмыссыздықты тудыратын экономикалық себеп бойынша жұмыссыздықты төрт
түрге бөлуге болады:
o фрикциондық жұмыссыздық қызметкер бір жұмыс орнынан екіншісіне
ауысқанда болады;
o құрылымдық жұмыссыздық экономика құрылымында ұзақ уақыт бойы
өзгерістер болуынан туады: нәтижесінде қызметкер мен жұмыс орын
арасында біліктілік деңгейі және маман түрі бойынша сәйкессіздік
пайда болады;
o циклдік не сұраныс тапшы жұмыссыздық түрі тұтас сұраныс
жеткіліксіз жағдайында туады;
o маусымдық жұмыссыздық кейбір салаларда экономикалық
белсенділігінің жыл бойында теңселуімен байланысты болады.
Құрылымдық жұмыссыздық дегеніміз – бұл экономика толық жұмылды-рылған
деңгейде болатын жұмыссыздық болып табылады. Құрылымдық немесе фрикциондық
жұмыссыздық еңбек базары құрылымынан туындайды, яғни экономикадағы жұмыс
орындары сипаттамасымен, жұмысшылар мен фирмалардың мінез-құлқына ықпал
ететін жұмыссыздыққа көмек сияқты әлеуметтік дәстүрлер және еңбек базары
институттарынан туындайды.
Экономистер “құрылымдық” терминін құрамдық деген мағынада қолданады. Уақыт
өте келе технология мен сұраныс құрылымында өзгерістер болады, олар өз
алдына еңбек күшіне жиынтық сұраныс құрылымын өзгертеді. Осы өзгерістердің
нәтижесінде кейбір мамандықтарға деген сұраныс азаяды немесе мүлде
жойылады. Басқа мамандықтарға соның ішінде жаңаларына сұраныс көбейеді. Бұл
жағдайда еңбек күші еңбек орындарының құрылымындағы жаңа өзгерістерге
бірден және толық жауап бере алмағандықтан жұмыссыздық пайда болады. Кейбір
қызметкерлердің өздерінің мамандық тәжірибелері нарық сұранысына сәйкес
келмейтініне көздері жетеді; олардың тәжірибесі мен іскерлігі технология
мен сұраныс сипатында болған өзгерістерге байланысты ескіріп, керексіз
болып қалады.
     Сонымен қатар жұмысбастылықтың географиялық құрылымы әрдайым өзгеріп
отырады. Құрылымдық жұмыссыздар жаңа жұмыс орнына орналасуы үшін арнайы оқұ
курсын өту керек, ал кейде тұрғын жерін де ауыстыруы керек. Құрылымдық
жұмыссыздық ұзақ мерзімді болып келеді, сондықтан да ол қауіпті болып
келеді.
     Құрылымдық жұмыссыздық дәрежесі жалпылама жұмыссыздық дәрежесімен
бірдей болады.
     Циклдық жұмыссыздық дегеніміз – бұл құрылымдық жұмыссыздықты басып
озатын жұмыссыздық болып табылады. Яғни ол келесі түлек толық жұмылдырылған
түлек дәрежесінен төмен болған жағдайда пайда болады.
     Циклдік жұмыссыздық жұмыссыздық құлдырау кезеңінде, яғни жалпы немесе
жиынтық шығындардың жетіспеушілігімен сипатталатын кезеңде пайда болады.
Тауарлар мен қызметтерге жиынтық сұраныс азайғанда, жұмысбастылық
төмендейді, жұмыссыздық өседі. Сол себепті циклдік жұмыссыздықты кейде
“сұраныс тапшылығына байланысты жұмыссыздық”деп атайды.
     Көріну сипаты жағынан жасырын жұмыссыздық түрін ажыратады. Қазақстан
жағдайында жасырын жұмыссыздық көкейкесті мәселе ретінде қарастырылады.
Оған жұмыс істемейтін, бірақ еңбек қатынасын кәсіп- орынмен ресми түрде
үзбеген (осы себепті жқмыс істеушілер қатарында болып есептелінеді) және
мөлшерленген жұмыс уақытында (күн,апта) жартылай жұмыс істейтін адамдар
жатады. Ал халықаралық тәжірибеде бұл жәйтті толық жұмыс істемеушілік деп
атайды. 
 

 
1.2 Жұмыссыздық дәрежесін төмендету және көмек көрсету
      Макродеңгейдегі еңбекке сұраныс және ұсыныс экономика жағдайына тәу-
елді және мемлекеттік деңгейде қабылданған әлеуметтік-экономикалық даму кон-
цепцияcына сәйкес реттеліп отырады. Нарықтық экономиканың дамуының әртүр-
кезеңдерінде еңбек рыногының әлеуметтік- экономикалық теорияларының өзіндік
позициялары болды. Классикалық теория өкілдері болып табылатын А.Смит,
Д.Рикардо, Ж.Б.Сей, сонымен бірге неоклассиктер А. Маршал, А.Пигу, нарық
жүйесі мемлекеттің экономикалық процестерге араласпаған жағдайында толық
жұмыспен қамтамассыз ете алады деп дәйектеді. А.Пигу өзінің “Жұмыссыдық
теориясы” еңбегінде (1993ж.) жұмыссыздықтың басты себебі ретінде еңбек
ақының жоғарғы деңгейін: еңбек ақыны өсіру, өндіріс шығындарын көбейтеді
және жұмыс орындарының қысқаруына әкеледі деп есептеді.
     К.Маркс жұмыссыздықтың үш түрін ажыратады: ағымдық, жасырын және
тұраланған. Мұндай жұмыссыздық түрлері өткен тарихта ғана қалып қойған жоқ,
ол нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттердің бәріне де тән. Қазақстан да
бұл проблемалардан өтіп кете алған жоқ.
      Жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейінің болуы еркін экономикаға тән
қасиет. Нарықтық экономикаға өту кезеңдегі негізгі мәселе – жұмыссыздықтың
өсуін баяулату және оны белгілі бір деңгейде ұстап тұру. Мемлекеттің
араласуының негізгі шаралары – жұмыссыздықты болдырмау және жұмыс орындарын
ұйымдастыру.
     Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халыққа жолдауында
барлық қазақстандықтардың өмірін жақсартуға, экономикалық өркендеуге
әкелетін саясатты жасау қажеттілігі аталады. Осыған байланысты қазіргі
негізгі мәселе еңбек нарқындағы жұмыссыздықпен, кедейлікпен күресу.
Мемлекет бағдарламалары жасалуда. Қазіргі кезде Қазақстан экономикасында іс
жүзінде асып жатқан жұмыспен қамтудың белсенді көмек көрсету бағыттарына
мыналар жатады:
• Жұмысты іздестіруге көмектесу және жұмысқа орналастыру арқылы қызмет
көрсету;
• Кадрларды қайта даярлау және біліктілікті жоғарлату;
• Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
• Жұмыспен қамтуды субвенциялау;
• өзін-өзі жұмыспен қамтуға метериалдық көмек көрсету;
• өзін-өзі жұмыспен қамтуға микрокредиттер беру немесе кішігірім
кәсіпорындарды құру және т.б.
Бұл бағдарламалар іске асып жатқанымен, өз деңгейінде тиімділігі әлі төмен
және нәтижелері де мардымсыз болып келеді. Оның басты себебі – бұл
бағдарламалардың дұрыс ұйымдастырылып, менеджмент негізінде іске асырылмауы
болып отыр.
     Еңбек нарқы, жұмыссыздық тек бір саланы ғана қамтитын саясат емес, ол
барлық салаларды , барлық адамдарды қамтитын саясат. Еліміздің әл-аухаты,
экономикалық жағдайы мемлекеттің ұстанған саясатына және жүргізіліп жатқан
реформаларына, саяси-экономикалық басым бағыттарына тікелей байланысты.
Еңбек нарығының қалыптасуы және дамуы азаматтарды қорғау, оларды әлеуметтік
тұрғыдан қолдау бойынша экономикалық, құқылық және ұйымдастыру шаралары
жүргізілуі қажет.
     Қазақстан жағдайында нарықтың инфрақұрылымы, оның ішінде еңбек
нарығының институттары мен ұйымдары, жеткілікті дамымағандықтан мемлекет
әлі де зор роль атқару керек. Еңбек нарығы толық құнды бәсекелесті болған
сайын қызметкерлер де, кәсіпкерлер де елдің еңбек ресурстарын барынша көп
өнімді пайдалануға ынталанады. Жеке меншікті сектордың даму дәрежесі өскен
сайын, еңбек нарығының инфрақұрылымы кемеліне жеткен сайын мемлекет
әлеуметтіқатынастарына өзінің рөлін, кірісу дәрежесін мен формасын
өзгертеді.

ІІ. Қазақстан Республикасының халықты жұмыс пен қамту және әлеуметтік
қорғау стратегиясы   

2.1Жол картасы бағдарламасын іске асыру
Дағдарыстан дамуға өту үшін ел экономикасын барынша жаңашаландыру
және халықты еңбекпен қамту стратегиясын жүзеге асыру қажет. Ел Президенті
биылғы жолдауында осындай міндет қойған болатын.
Үкімет дағдарысқа қарсы шараларын, Жол картасы бағдарламасын әзірлеуге
және оны іске асыруға белсенді түрде қатысты. Жұмыспен қамту және міндетті
әлеуметтік сақтандыру бойынша, мемлекеттік сатып алу жөніндегі заң
актілеріне, Еңбек кодексіне өзгерістер енгізілді.
Жол картасын іске асыру үшін республикалық бюджеттен 140 миллиард теңге
бөлінді, мемлекеттік сатып алуды жүргізу тәртібі жеңілдетілді, әлеуметтік
жұмыс орындарын қамтамасыз етуге, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта
даярлауға жағдай жасалуда. Қазіргі кездің өзінде, жұмыспен қамтуды іске
асыру үшін өңірлерге іс жүзінде 44 миллиард теңге аударылды.
Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесіне сәйкес өткен жылдың соңында Әділет
министрліктің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары қабылданды.
Жалпы, мемлекеттік жоспарлау жүйесі – ұзақ мерзімді және орта мерзімді
кезеңде елдің дамуын қамтамасыз ететін өзара байланысты компоненттердің
кешені. Бұл – интеграцияланған жүйе, оған жататын құжаттардың ішінде:
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясы; Қазақстан Республикасы
Президентінің Жолдауы; мемлекеттік органдардың 3 жылға арналған
стратегиялық жоспарлары; 1 жылға арналған Меморандумдар; мемлекеттік
органдардың 1 жылға арналған операциялық жоспарлары және тағы басқалар бар.
Бүгінгі таңда бұл жүйені жетілдіру жұмысы кезең-кезеңмен жүргізілуде. Осы
іс-шаралардың нәтижесінде, мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауын
іске асыру шеңберінде бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы үстіміздегі
жылдың 1 қаңтарынан бастап 25 пайызға өсті.
Алдағы кезеңде Елбасының Қазақстан халқына 2008 жылғы 6 ақпандағы Жолдауына
сәйкес 2012 жылға дейін бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақыларын кезең-
кезеңмен 2 еселік деңгейге, оның ішінде 2010 жылы – 25% және 2011 жылы –
30% көбейту көзделген.
Сонымен қатар, жастарды оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа орналастыру
бойынша Жастар практикасы бағдарламасы жұмыс жасауда. Ол бірнеше
жылдардан бері қолданылып келеді. Биыл да Елбасының тапсырмасы бойынша осы
мақсатқа Үкіметтен 3,1 млрд теңге бөлінді. Бұл сома жоғары және орта оқу
орындарын бітірген 34500 астам түлекті уақытша (6 ай бойы) жұмысқа
орналастыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда, Жастар практикасы бағдарламасы бойынша Қарағанды облысы
Әділет департаментімен 2008 және 2009 жылдары заңгер маманы бойынша
бітірген 95 жас мамандар қала жне аудандық әділет басқармалырына жұмысқа
орналастырлды.
Жастарды жұмыспен қамтуға қатысты қосымша шаралар ғана, ал бұл мәселені
түпкілікті шешу үшін оған деген көзқарасты өзгерту қажет.Оқу орындарының
түлектерін жұмыспен қамту мәселесі жалғыз Білім және ғылым министрлігін
ғана емес, барлық мемлекеттік органдарды ойландыруға тиіс. Әрбір ведомство
өз саласы үшін мамандар дайындаудың қамын жасауы керек, ал осы жұмысты
үйлестірумен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, сонымен
қатар Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
айналысуға тиіс. Олар өндірістік күштерді болашақ 15-20 жылға орналастыру
схемасының негізінде қандай да бір кәсіп мамандарының жыл сайынғы
қажеттілігін айқындайды. Қазіргі кезде бірқатар мамандықтардың саны шамадан
тыс көп. Көзге айқын көрініп тұрған статистиканы жасыру қиын, жоғары оқу
орнының 100 түлегінің 60-ы ғана (немесе 60%) жұмысқа орналасады.
Сондықтан да алдағы жылдары мамандарға деген тапсырысты қалыптастыруға
басқа көзқараспен қарау керек. Ол үшін бірқатар жоғары оқу орындарын қайта
құру қажеттілігі туындайды.
Ал жас мамандарға өздерінің күш-жігері мен білім-білігін бүгінгі заман
талабына сай небір тосын қызметтерге жұмсасын дер едім. Себебі қазіргі
кезде ұшқыр ой мен сыни көзқарассыз меңгеру мүмкін емес мамандықтар бірінші
орынға шығып отыр.
 Жұмыспен қамту Стратегиясын іске асыру бойынша бүгінгі күні барлық
ұйымдық және қаржы мәселелері толық шешілді, қажетті нормативтік- құқықтық
база жасалды.
Бірінші. Жұмыспен қамту стратегиясы шеңберінде, стратегияның барлық
инвестициялық бағыттары бойынша іске асырылатын 163 млрд. теңге
(республикалық бюджеттен - 112 млрд.теңге, жергілікті бюджеттерден 51 млрд.
теңге) сомасындағы 4 700 жобадаң астамы тізбесі айқындалды, солардың
есебінен 254 мың жұмыс орны құрылатын болады.
Олардың ішінде жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша:
- Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық нысандарындағы жөндеу жұмыстары
бағыты бойынша 795 жобаны іске асыруға 58,4 млрд. теңге бағытталады (80
мың жұмыс орны құрылатын болады);
- Мектептерді, ауруханаларды және басқа да әлеуметтік нысандарды
жөндеу және жылыту жұмыстары бағыты бойынша 2295 жобаны іске асыруға
барлығы 49,0 млрд. теңге бағытталады (99 мың жұмыс орны құрылатын болады);
- жол жөндеу жұмыстары бойынша 942 жобаны іске асыруға 49,9 млрд.
теңге сомасында бағытталады (55 мың жұмыс орны құрылатын болады);
- Қаланың (ауылдың) әлеуметтік-мәдени нысандарын жөндеу жұмыстары
бағыты бойынша қаржыландыру көлемі 6 млрд. теңгені құрайтын 788 жобаны іске
асыру кезінде 20 мың жұмыс орны құрылатын болады.
Екінші. Ұсынылған жобаларды уақытында қаржыландыру жөнінде қажетті
барлық шаралар қабылданды.
Жұмыспен қамту стратегиясының инвестициялық бағыттары бойынша
қаржыландыру лимиттері бюджеттік бағдарламалардың республикалық
әкімшілері бойынша айқындалды.
Үкімет Нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін әзірлеп бекітті.
Бюджеттік бағдарламалардың республикалық әкімшілері мен
облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының Әкімдерінің арасында Жұмыспен
қамту стратегиясының жобаларын іске асыру жөніндегі тиісті Келісімдерге
қол қойылды.
Іс-шараларды қаржымен уақытында қамтамасыз ету мақсатында, Жұмыспен
қамту стратегиясының тиісті бағыты бойынша лимиттің жалпы сомасының 30 %-ы
мөлшерінде республикалық бюджеттен алдын ала қаржыландыру көзделді. Бұл
жерде, жобаларды қоса қаржыландыруға жергілікті бюджеттердің де қатысуы
міндетті.
Бүгінгі күні бюджеттік бағдарламалардың республикалық әкімшілері
ағымдағы жылдың мамыр айына бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес
тиісті қаражатты облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының Әкімдеріне
аударды (14,2 млрд. теңге).
Еңбек министрлігі барлық өңірлермен әлеуметтік жұмыс орындарын
құруға және жастар практикасын ұйымдастыруға арналған трансферттер
бойынша, республикалық бюджеттен осы мақсаттарға арналған жалпы сомасы 8,6
млрд. теңгенің келісімдеріне қол қойды.
Бұл өте үлкен қаражат және оны игеру үшін мақсатты да бағдарлы жұмыс
жүргізу қажет. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырудың
мүмкіндіктері мен бюджеттік ұйымдарда, атап айтқанда, жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде жастар практикасын батыл пайдалану
қажет.
Аталған келісімдер шеңберінде ағымдағы жылдың мамыр айына бекітілген
қаржыландыру жоспарына сәйкес жергілікті бюджеттерге - 323,7 млн. теңге
аударылды.

Жол картасын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 140 миллиард
теңге қосымша бөлінді, мемлекеттік сатып алуларды жүргізу рәсімдері
оңайлатылды, әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, кәсіби даярлық
пен мамандарды қайта даярлау жағдайлары жасалды.
Жол картасын жүзеге асыру үшін қосымша қаржы бөлу есебінен жергілікті
бюджеттен 191,3 миллиард теңге бөлінді: жөндеу жұмыстарына 254 мың жұмыс
орны мен жастар тәжірибесі бағдарламасын кеңейту және халықтың мақсатты
топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ашу есебінен уақытша 96 мың
шамасындағы жұмыс орындарын ашу жоспарлануда.
Кәсіби даярлау және мамандарды қайта даярлау жөніндегі тапсырмаларды
орындау үшін, әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға, еңбекпен қамтуға
жәрдемдесудің қосымша шаралары аясында жастар тәжірибесі ұйымдаын құруға
республикалық бюджеттен 8,6 миллиард теңге бөлініп отыр.
Еңбекпен қамтудың аймақтық Стратегиясын жүзеге асыруға Жол картасы
бағыттары бірінші траншпен қаржыландырылды, осы айда екіншісі болады.
Осылайша, еңбекпен қамту мақсаттарын жүзеге асыруға аймақтарға 44
миллиардтан астам теңге жіберілді.
Барлық облыстарда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібін
қолданудың конкурстық рәсімдері болды. Жол картасы бағыттарының ішінде
конкурстар аяқталып, әлеуметтік сала нысандарының құрылысы мен жөндеу
жұмыстары қолға алынды.
Мамандарды қайта даярлау мәселелеріне қатысты министр жаңа кәсіпті
меңгеруге және экономиканы білікті еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету
ескеріле отырып, жағдай жасалып жатқанын атап өтті. Бұл ең алдымен
агроөнеркәсіп кешеніне, шетелдік жұмысшыларды бірте-бірте қазақстандық
мамандарға алмастыру міндетіне қатысты.
Еңбекпен қамтудың белсенді түрлерін жүзеге асыруға жергілікті атқару
органдары 2009 жылы 5,9 миллиард теңге қарастырып отыр. Алдын-ала
есептеулер бойынша 2009 жылғы 1 маусымда еңбекпен қамтуға жәрдемдесу
шараларына 70,2 мың адам қамтылды, ол іске жергілікті бюджет қаржысынан 1,8
миллиард теңге игерілді.
Өткен жылы мемлекет әлеуметтік қолдау саласына 566,4 млрд. теңге қаржы
бөлген. Орташа зейнетақы көлемі 18,4 мың теңге болды.  Әлеуметтік төлемдер
көлемі, атап айтқанда мүгедектер жәрдемақысы  алдыңғы  жылмен салыстырғанда
32,2 пайызға, асыраушысынан айырылғандар жәрдемақысы 26 пайызға көтерілді.
Бала туылғанда берілетін жөргекпұл мөлшері 2 есеге,  бір жасқа дейінгі бала
күтіміне төленетін қаржы 1,6 есеге көбейді. Арнайы  №2 тізім бойынша 
төленетін жәрдемақы енгізілді. 
Әлемдік экономикада қаржы дағдарысы басталған 2008 жылы министрлік халықты
жұмыспен қамту, жұмыссыздық деңгейін төмендету, жұмыссыздарды әлеуметтік
қорғау бағытында қызмет атқарды. Осы уақытта 238,2 мың жұмыс орны ашылып, 
оған 216,6 мың адам орналасты. Мыңға жуық бос орындар жәрмеңкелері
ұйымдастырылып, осы шара аясында 27 мыңдай адам жұмыс тапты.
Министрлік Кәсіподақтар федерациясы және "Атамекен одағы" ұлттық
экономикалық палатасымен бірлесіп, ірі компаниялардағы жұмыс орындарының
сақталуын, жұмысшылардың жаппай қысқармауын көздейтін меморандумдарға қол
қойды. Меморандумда толық емес жұмыс күні тәртібін енгізу, жұмысшыларды
уақытша басқа жұмысқа ауыстыру, өндіріс тоқтап қалған жағдайда  жалақының
50 пайызын  төлеу келісілген. Бүгінде 234 кәсіпорынның 28 мың жұмысшысы осы
келісімнің пайдасын көріп отыр.
Еліміздің еңбек нарығында жұмыссыздықпен қатар бос жұмыс орындары да
сақталуда. Жұмыс берушілердің талабына сай келетін кәсіби  мамандар
жетіспеушілігі сезіледі. Еңбекпен қамту  мекемелерінің ақпараттарына
қарағанда елімізде 14530 бос жұмыс орны бар. 

2.2 Мамандарды кәсіптік және қайта даярлау

Мамандарды кәсіптік даярлау және қайта даярлау жөніндегі міндеттерді
іске асыруға республикалық бюджеттен 14,4 млрд. теңге көзделген, оның 11,5
млрд. теңгесі өңірлер бойынша таратып бөлінді.
Білім және ғылым министрлігімен қол қойылған келісімдер шеңберінде,
ағымдағы жылдың мамыр айына бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес
жергілікті бюджеттерге - 320 млн. теңге, Денсаулық сақтау министрлігімен
қол қойылған келісімдер шеңберінде – 14 млн. теңге қаражат аударылды.
Оқу жоспарлары мен бағдарламалары әзірленді, оқытушылар мен
өндірістік оқыту шеберлерінің тізімдері қалыптастырылды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік саясат - мемлекеттің ішкі саясатының құрамдас бөлігі
Жұмысбастылық пен жұмыссыздық: демографиялық және әлеуметтік көрсеткіштер негізінде (Арқалық қ. мысалында)
Жергілікті жердегі муниципалдық әлеуметтік саясат
Әлеуметтік сақтандыру – мемлекеттің әлеуметтік саясатын іске асырудың маңызды құралы
Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі әлеуметтік саясаттың негізі
Еңбек нарығын мемлекеттік басқару және халықты жұмыспен қамуды жетілдіру жолдары
Тұрғындарды әлеуметтік қорғау жөніндегі мемлекеттің рөлі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ БҮГІНГІ ТАҢДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамыту
Пәндер