РНР тілінде бағдарлама құру


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
PHP (ағылш. PHP: Hypertext Preprocessor - «PHP: еренмәтінді алдын-ала үдірістегіш») - Веб-серверде HTML беттерін құру және дерекқормен жұмыс істеуге арналған скрипті программалау тілі. Қазіргі күндерде хостинг қызметін ұсынатындардың көпшілігімен қолданады. LAMP веб-торап жасауға арналған стандартты жинақталымына енеді. Тілдің оңайлығы, орындалу жылдамдығы, функциялық байлығы және PHP негізіндеге әуелгі кодтардың кеңге таралуының арқасында PHP тілі Торда программалау саласында ең белгілі тілдердің бірі боп есептелінеді (JSP мен ASP-де қолданылатын тілдермен қатар) . Бұл тілдің айрықшылығы ядро мен соған қосылатын модульдарында. Соңғылары дерекқор, сокет, динамикалық графика, криптографиялық кітапханалар, PDF форматты құжаттармен және т. б. жұмыс істеуге арналған. Бұндай модульды қалаған адам дамытып қоса алады. Модульдардың саны бір неше жүз болғанымен, стандарттық жабдықтауға тек жақсы нәтиже көрсеткен бір неше оны ғана кіреді. PHP интерпретаторы веб-серверге не арнайы сол сервер үшін жасалған модуль арқылы (мысалы, Apache әлде IIS), не CGI-қосымшасы ретінде қосылады.
Бұған қоса, UNIX, Linux, Windows және Max OS X амалдық жүйелерінде әкімшілік тапсырыстарын атқаруға пайдаланылуы мүмкін. Бірақ PHP тілі бұл салада кең өріс алмаған, бұған қарағанда Perl, Python және VBScript тілдері айтарлықтай нәтиже көрсетіп отыр.
Тілдің синтаксисі Си тәріздес. Ассоциаттивтік массивтар мен foreach циклі секілді кейбір элементтері Perl тілінен алынған.
Қазіргі заманда PHP жүздеген мың дамытушылармен пайдалануда. Интернет желісі сайттарының 5-тен бірі осы тілде жазылған.
PHP дамытушылар тобы тідің ядросы, қосымшаларымен жұмыс істейтін, соған қатар PEAR не тілдің құжаттамасы сияқты байланысты жобалармен айналысатын көптеген адамдардан тұрады.
- РНР тілінде бағдарлама құру
РНР - веб-беттер (сценарилер) жасау үшін арнайы жазылған программалау тілі. Ол веб-серверде орындалады, яғни жұмыс жасайды.
PHP сөзінің мағынасы ағылшыншадан аударғанда Hypertext Preprocessor - Гипермәтiннiң Препроцессоры дегенді білдіреді. PHP кодын жазу жүйесі (синтаксисі) C, Java және Perl тілдерінен бастау алады. PHP меңгерілуі қарапайым тіл. PHP-дің Perl және C-ден ең маңызды артықшылығы - PHP кодтарын тікелей HTML құжатының ішіне жазыла алуында.
Сіздің құжат бетіңіздегі әртүрлі операциялардан басқа сіз РНР көмегімен НТТР-тақырыптарды қалыптастырып HTTP орната аласыз. Сонымен қатар аутенфификацияны басқарып пайдаланушыны басқа бетке бағыттай аласыз. РНР берілгендер қорына енуге үлкен мүмкіндіктер ашады. Бұл сізге PDF құжаттарды инерациялаудан, ХМL-дегі грамматикалық талдауды жасауға мүмкіндік береді.
РНР операторлары сіздің бетіңізге веб-беттерді қойып береді, сондықтан арнайы ортада жүзеге асырудың қажеттілігі туындамайды. Сіз РНР-кодының блогын <?php тегінен бастап, оны ?> тегімен аяқтайсыз. Бұл тегтердің арасындағылардың барлығы РНР код ретінде интерпритацияланады.
Қарапайым РНР кодына бір мысал келтіре кетейік:
01. <!DOCTYPE HTML PUBLIC "-//W3C//DTD XHTML 1. 0 TRANSITIONAL//EN" "HTTP://<; BR>
02. WWW. W3. ORG/TR/XHTML1/DTD/XHTML1-TRANSITIONAL. DTD"><BR>
03. <HTML XMLNS="HTTP://WWW. W3. ORG/1999/XHTML"><BR>
04. <HEAD><BR>
05. <META HTTP-EQUIV="CONTENT-TYPE" CONTENT="TEXT/HTML; CHARSET=UTF-8" /><BR>
06. <TITLE>PHP</TITLE><BR>
07. <BODY><BR>
08. <?php
09. echo “Сәлем Әлем!”;
10. ?>
11. </BODY><BR>
12. </HTML><BR>
01. <!DOCTYPE HTML PUBLIC "-//W3C//DTD XHTML 1. 0 TRANSITIONAL//EN" "HTTP://<; BR>
02. WWW. W3. ORG/TR/XHTML1/DTD/XHTML1-TRANSITIONAL. DTD"><BR>
03. <HTML XMLNS="HTTP://WWW. W3. ORG/1999/XHTML"><BR>
04. <HEAD><BR>
05. <META HTTP-EQUIV="CONTENT-TYPE" CONTENT="TEXT/HTML; CHARSET=UTF-8" /><BR>
06. <TITLE>PHP</TITLE><BR>
07. <BODY><BR>
08. <?php
09. echo “Сәлем Әлем!”;
10. ?>
11. </BODY><BR>
12. </HTML><BR>
РНР -дің ресми сайты php. net. РНР-дің соңғы нұсқасын сол жерден жүктеп алуға болады.
РНР тілін орнату
Біздің білетініміздей PHP - сервер тілі. Бұл дегеніміз уеб-сервер болмаса PHP-мен жұмыс істей алмаймыз. Ал сатып алған хостингпен жұмыс істейтін болсақ, жағдай былай болады:
PHP скрипт (код) жазамыз. Бұл жазған кодымыздың нәтижесін көру үшін, оны серверге файл-менеджер арқылы көшіреміз. Ол үшін әрине интернет қосулы болу керек. Кодтың әр қатарын жазған сайын, қателігін көру үшін қайта-қайта уеб-серверге көшіре беру - адамның ығырын шығарары ақиқат. Әр жаңа код жазған сайын, оның нәтижесін көру үшін серверге көшіре бергенше, бұл нәрсені басқа жолмен істеуге болады. Оның жолы - сол уеб-серверді өзіміздің компьютерімізге орнату. Бұл жағдайда жазған кодымыздың нәтижесін ешқайда көшірмей-ақ, өз компьютерімізде көре аламыз. Бұл - өте ыңғайлы болады.
Неге Apache?
Apache бұл біздің компьютерімізге орнатайын деп отырған уеб-серверіміздің аты. Неге Apache-ты орнатамыз? Өйткені - дәл қазіргі уақытта Apache ең танымал және кең қолдау тапқан серверлердің бірден бірегейі. Көптеген хостинг-провайдерлер осы Apache-ты қолданады.
Компьютерімізге орнатуымыз үшін алдымен Apache-ты жүктеп алуымыз керек. Apache-тың ресми сайты - apache. org. Біз бұл мысалымызда Apache-ты Windows XP ОЖ-ге орнатамыз. Apache-тың уиндоус-қа арналған бинарлы нұсқасын мына жерден жүктеп алуға болады: http://httpd. apache. org/download. cgi . Бинарлы нұсқасы дегеніміз - өздігінен орнатылатын файл. Біздің тек моуспен next батырмасын басып отыруымыз жеткілікті. Біз бұл мысалымызда Apache-тың 2. 2 нұсқасын жүктедік (httpd-2. 2. 20-win32-x86-no_ssl. msi) . Жүктеп алынған Apache файлының үстіне екі рет басамыз. Төмендегі суреттегідей терезе ашылады:
Сурет 1. 1. Apache серверінің орнатылуы
Бұл терезеде үңіліп қарайтындай маңызды ешнәрсе жоқ. Апачтың нұсқасы, хұқығы жазылған. Көзді жұмып Next батырмасын баса беруге болады. Next батырмасын басқаннан кейін көретін келесі тереземіз - төмендегідей:
Сурет 1. 2. Apache серверінің шарттарымен келісу терезесі
Бұл терезеде Апачтың шарттары жазылған. I accept the terms in the license agreement дегенді белгілеп, яғни Апачтың шарттарын қабылдап, Next батырмасын басып келесі терезеге өте беруге болады. Келесі тереземіз төмендегідей болады:
Сурет 1. 3. Apache серверінің шарттарды қабылдағаннан кейін шығатын терезе
Бұл терезеде үш ұяшық бар: Network domain (e. g. somenet. com), Server Name (e. g. www. somenet. com), Administrator's email address (e. g. webmaster@somenet. com) .
Network domain (e. g. somenet. com) - localhost деп жазуға болады.
Server Name (e. g. www. somenet. com) - localhost деп жазуға болады.
Administrator's email address (e. g. webmaster@somenet. com) - кез-келген e-mail, мысалы webmaster@localhost
Жазып болғаннан кейін, (таңдаушаны for All Users, on Port 80, as a Service -- Recommended дегенде қалдырып), Next батырмасын басып, келесі терезеге өтеміз:
Сурет 1. 4. Apache серверінің типін таңдау мүмкіндігі
Бұл терезеде таңдаушаны Typical дегенде қалдырып, Next батырмасын басамыз. Келесі көретін тереземіз:
Сурет 1. 5. Apache серверінің сақталынатын орны
Бұл терезеде Апачтың файлдарын тастайтын жолын көрсетеді. Ол өздігінен файлдарын мына жерге тастайды: C:\Program Files\Apache Software Foundation\ Apache2. 2\ . (windows 7 немесе vista қолданушыларына С:\Users\Public бумасына орнатуға кеңес беріледі)
Install батырмасын басып, Апачты орнатуды бастаймыз. Ол әрине автоматты түрде өзі орнатылады. Апач орнатылғаннан кейін, компьютеріміздің оң жақ төменгі бұрышында Апачтың белгісі пайда болу керек. Сол белгі арқылы Апачты қосып, өшіріп немесе рестарт жасауға болады. Апачты орнатқаннан кейін, шолғышты ашып, адрес енгізетін ұяшыққа localhost адресін енгізсек, It works (Apache 2. 2 нұсқасында) жазуы шығу керек. Бұл - Апач орнатылып, өз қызметін атқарып тұр деген сөз.
Мына жерде Апач уеб-серверін қалай орнату керектігі айтылды. Орындалатын файлдар, яғни жазылатын php сценарийлер апачтың ішінде htdocs деп аталатын буманың ішінде орналасуы тиіс. Шолғышта http://localhost/ деп жазғанда шығатын It works! сөзі жазылған html файл да осы htdocs бумасының ішінде жатыр. Әдетте (апач файлдары қай жерде орналасқанға байланысты әрине) htdocs бумасы мына жерде: C:\Program Files\Apache Software Foundation\Apache2. 2.
Енді бізге апачтың ішінде кішкене өзгеріс жасау керек. Апачта бізге қатысты өзгерістерді httpd. conf файлында жасаймыз. Бұл файл әдетте мына жерде: C:\Program Files\Apache Software Foundation\Apache2. 2\conf. httpd. conf файлында жасалған әрбір өзгеріс апачты рестарт жасағаннан кейін ғана іске қосылады. conf бумасының ішінде орналасқан httpd. conf файлын ашып, кәдімгі блокнотпен ашуға болады, <Directory "C:/Program Files/Apache Software Foundation/Apache2. 2/htdocs"> деген жазуы бар қатарды тауып аламыз. Осы қатардан кейін келетін AllowOverride None деген жазуды AllowOverride All деп өзгерту керек. Бұл өзгеріс бізге htdocs бумасының ішіне . htaccess деп аталатын файлды қолдануға рұқсат береді. Осы өзгерістен кейін апач әр қосылғанында AllowOverride All жазуын көргеннен кейін, яғни . htaccess файлына рұқсат берілгенін көргеннен кейін, сол . htaccess файлын орындайды. Яғни біз htdocs бумасына қатысты кейбір баптауларды . htaccess файлына жаза аламыз. Бұл айтылған баптауға бір мысал келтіре кетейік: Блокнотты ашып, ішіне мына екі қатарды жазамыз:
Options Indexes FollowSymLinks
DirectoryIndex index. php
Сөйтіп, бұл файлды . htaccess деген атаумен htdocs бумасының ішіне сақтаймыз. Файлдың атауы нүктеден басталатынына мән беріңіз. Енді, шолғышқа http://localhost/ деп жазып ENTER бассақ, It works! жазуы шықпайды, төмендегідей жазу шығады:
Index of /
index. html
Неге? Өйткені біз . htaccess файлындағы DirectoryIndex мәніне index. php деп бердік. Апач . htaccess файлын оқып, ең бірінші ашылу керек болған index. php файлын іздейді, оны таппағаннан кейін htdocs бумасындағы файлдар мен бумалардың барлығын көрсетеді. Бізде htdocs бумасында index. html файлынан басқа ешнәрсе болмағаннан кейін тек осыны ғана көрсетті.
Апач әлі php файлдарды танымайды. Сіз қазір, htdocs бумасына index. php файлын жасап, ішіне кез-келген бір php код жазсаңыз, ол код орындалмайды. Шолғышта тек сол жазған кодыңызды ғана көресіз. Апачтың php-ді тани алуы үшін, біз енді php-ді жүктеп алып, апач-қа модуль ретінде орнатамыз (қосамыз) .
Php-дің орналасқан сайты http://www. php. net/. Ал біз php-дің уиндоусқа арналған нұсқасын мына жерден жүктеп ала аламыз: http://windows. php. net/download/ . Біздің php-дің installer нұсқасын емес zip нұсқасын жүктеу іміз керек. Біздің жүктеген нұсқамыз мынандай болды: php-5. 2. 17-Win32-VC6-x86. zip.
C:\Program Files-тың ішіне жаңа php деген атаумен бума жасап, соның ішіне жүктеген zip нұсқаны архивтен шығарамыз. Сосын шығарылған файлдар мен бумалардың арасынан php. ini-recommended деген файлды тауып, атауын php. ini деп өзгертеміз. Php-ге кеңейтулер осы php. ini файлы арқылы енгізіледі. Php-дің функциялар саны негізі төрт мыңнан асады. Бірақ, ол функциялардың барлығы қосулы емес. Шамамен көп қолданылатын 1200-1300 данасы ғана қосылған. Ал қалған функцияларды осы php. ini файлы арқылы қосылады. Қалай қосу керектігін уақыты келгенде жазармыз. Қосымша функцияларды php бумасының ішіндегі ext бумасынан табуға болады. Енды C:\Program Files\Apache Software Foundation\Apache2. 2\conf жолымен барып, httpd. conf файлын ашамыз. Ашқаннан кейін файлдың соңғы қатарына мына үш қатар жазуды енгіземіз:
LoadModule php5_module "C:/Program Files/php/php5apache2_2. dll"
AddType application/x-httpd-php . php
PHPInidir "C:/Program Files/php"
Бұл үш қатар жазудың бірінші қатары апачқа php модулін жүктеу керектігін айтады және сол модулдің орналасқан жолын көрсетеді. Екінші қатар болса, php файлдарды қандай кеңейтумен (extension) ашу керектігін, яғни . php кеңейтуімен ашу керектігін айтады. Үшінші қатары php. ini файлының орналасқан жерін көрсетеді. Сосын, php-дің өзінің php. ini файлын таба алуы үшін (қызық, иә) php. ini файлдың көшірмесін мына жерге тастаймыз: C:\WINDOWS.
Енді, блокнотты ашып, ішіне мына кодты жазамыз:
1. echo phpinfo() ;
Жазғаннан кейін файлды htdocs бумасының ішіне info. php деген атаумен сақтаймыз. Енді, шолғыштан http://localhost/info. php адресін терсек, php туралы мәліметтер жазылған бет ашылады. Бұл жерде php-дің ядросы, қандай параметрлер қосылғанын, мәндерін көруге болады. Кішігірім анықтама. Яғни, біздің жазған phpinfo() функциямыз орындалады. Бұл - апач php-ді таныды деген сөз. Яғни, біз php-ді апач-қа модуль ретінде орнаттық.
1. 2 РНР тілінде скрипт жазу
Apache локалды сервері мен PHP-ді орнатқаннан кейін, ендігі кезек - php-де скрипт жазу. PHP кодтарын жазу үшін бізге алдымен бір редактор керек. PHP тілін енді үйреніп жатқандарға мен Notepad++ редакторын қолдануға кеңес берер едім. Салмағы да жеңіл (~5MB) . Функциялар мен операторлар басқа түспен көрсетіліп, ажыралып тұрады. Төмендегі суретте php код жазылған Notepad++ редакторының көрінісін көре аласыз:
Сурет 1. 6. Notepad++ редакторының код жазылған көрінісі
Notepad++ редакторын мына жерден тегін жүктеп ала аласыз: http://notepad-plus-plus. org/download/v5. 9. 3. html. Installer нұсқасын жүктеп алып, оңай орнатуға болады.
Енді php тіліне оралсақ. php тілінде кодтардың барлығы <?php және ?> тегтерінің арасына жазылуы тиіс. Жазылу тәсілі былай болады:
1. <?php
2 . . . php код . . .
3. ?>
Негізі php кодтарын <? және ?> тегтерінің арасына да жазуға болады. Ол үшін php-дің php. ini конфигурациялық файлында short_open_tag мәнін On деп қою керек (short_open_tag = On) . Ең дұрысы <?php және ?> деп жазу әрине. Біздің білетініміздей php кодтарын HTML құжатының кез-келген жеріне жаза береміз. Кез-келген программадағыдай, біз де бірінші php кодымызды Сәлем әлем! сөзінен бастайық. Біз бірінші кодымызды HTML құжатына жазамыз. Енді редакторымызды ашып, ішіне мына кодты жазамыз:
01. <html>
02. <head>
03. <title>
04. <?php
05. echo "Бірінші код";
06. ?>
07. </title>
08. </head>
09. <body>
10. <?php
11. echo "Сәлем әлем!";
12. ?>
13. </body>
14. </html>
Жазып болғаннан кейін файлға кез-келген атау, . php кеңейуімен беріп, мысалы firstscript. php, Apache-тың ішіндегі htdocs бумасының ішіне сақтаймыз. Егер Апачты C:/ дискісіне орнатқан болсаңыз, бұл жол былай болады: C:/Program Files/Apache Software Foundation/Apache2. 2/htdocs. Жоғарыда жазған кодтағы Сәлем әлем! сөзін шолғышқа шығаратын функция - echo функциясы. Мұны кейде, функция емес, конструкция деп те жатады. Шолғышқа шығаратын сөзімізді, тырнақшаға (") алуымыз міндетті. Тырнақша қос (") болуы да мүмкін, жалғыз, тек (') болуы да мүмкін. Әрине бұлардың арасында айырмашылық бар. Функцияның соңына нүктелі үтірді (; ) міндетті түрде қою керек. php тілінде кез-келген кодты аяқтаған кезде, соңына нүктелі үтірді қою керек, әйтпесе шолғышта қателік көретін боласыз. Енді шолғышта http://localhost/firstscript. php адресін терсек, Сәлем әлем! сөзі шығуы керек. Сонымен қатар біз <title> және </title> тегтерінің арасына да php код жаздық. Мұны да шолғышта құжаттың тақырыбы жазылатын жерден көреміз. Көріп тұрғанымыздай php кодтарын HTML құжатының кез-келген жеріне жаза аламыз.
Біз бұл сайтта php кодтарын <?php және ?> тегтерінсіз жаздық. Сіздер өздеріңізде жазғанда осы тегтерді ұмытып кетпеуіңізді ескертеміз.
2 БАҒЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАНЫ ЖОБАЛАУ
2. 1 Веб бет жасау тегтері
Көп жағдайларда HTML документтердің тақырыптары болады. Олар <Hn></Hn> тегтер арқылы жасалады, n-нің орнына 1-ден 6-ға дейін сан жазамыз. Осы тегтер ортасына текстімізді орналастырсақ, сізге белгілі көлемді тақырып шығады.
Ал енді жаңа абзацқа шығару үшін <P>, ал жаңа жолға шығу үшін <BR> тэгі жазылады. Бұл тэгтерді жабу керек емес. Әрине, егер Сіз <P> тэгінде ALIGN абзацты түзеу элементін қолданбасаңыздар:
<P ALIGN=LEFT>Сол жақ шетке түзеу</P>
<P ALIGN=CENTER>Ортаға келтіру</P>
<P ALIGN=RIGHT>Оң жақ шетке түзеу</P>
<P ALIGN=JUSTIFY>Ал мына тегтің ортасына орналасқан текст ені бойынша түзеледі</P>
Ал текстке қалың, курсивті, сызықты және т. с. с. түр беру үшін, оны сай келетін тэгтер ортасына жазу керек:
Кейбір тегтер белгілі бір параметрлермен қолданыла алады немесе қолдану тиіс, олар ашылған тэг элементтерінде жазылады (бір тэгте бірнеше параметр беруге болады) . Мысалы, ашылып жатқан <FONT> тэгінің (</FONT> жабылатын тег жазылу тиіс) бірнеше арибуттары болуы мүмкін:
SIZE - шрифттің өлшемін береді (стандартты шрифт өлшемі -"3") . Текстті <FONT SIZE=n></FONT> тэгтерінің ортасына қойсақ (бұл жердегі n - цифр) Сіз оған керекті өлшем бересіз:
<font size="1">Мысал 1</font>
FACE -шрифттің түрін өзгертеді. Шрифтті қойғанда компьютерде бар шрифттерді қойыңыз. Болмаған жағдайда втоматты түрде Times New Roman -ды қояды. Стандартты шрифттарға Windows 98, Ms Plus, Ms Office-тың шрифттарын алуға болады. Кестенің ең төменгі жолында туыстас шрифттардың жиынтығы берілген, әр қайсысы үтір арқылы жазылған. Егер компьютерде Comic Sans MS шрифті болмаса, орнына тізімдегі келесі шрифт жазылады, сендердің жағдайларыңда Tahoma шрифті жазылады.
COLOR - тесттің түсін береді (жазбаған жағдайда қараға боялады - #) . Текст түсін кодпен (#FF - қызыл, #FF - көк) және түс атымен (white, red және т. с. с. ) беруге болады.
<font COLOR="blue"> Қызыл </font>
<font COLOR="#FF"> Қызыл </font>
STYLE элементімен <SPAN> тегінің көмегімен (</SPAN> жабылатын тегі міндетті түрде жазылады) текстті кез келген түспен белгілеп алуға болады:
<SPAN STYLE="BACKGROUND-COLOR: lightgreen"> Ашық жасыл </SPAN>
Беттің фонын және түсін дизайнер, өз қалауынша береді, бірақ сайт көріктігі осыларға тәуелділігін ескру керек. Бәрін қою түспен бояп тастауға асықпаңыздар, себебі текст фонда жақсы көрінсе оқу оңай болады.
Сонымен түс туралы басынан айтып кетейік. <BODY> тэгінің ішіне BGCOLOR параметрін жазып және оған түс атын немесе оның 6 орынды кодын беру керек. Берілген екі мысал бетті қызыл түспен бояйды.
<BODY BGCOLOR="RED"> (түстің аты қолданылған)
<BODY BGCOLOR="#FF"> (түс 6 орынды кодпен берілген)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz