Intranet –қосымшалары


Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Intranet -қосымшалары

1. 1 Intranet корпоративті желісі . . . 6

1. 2 Intranet архитектурасы, протоколдар иерархиясы . . . 9

1. 3 Intranet қосымшаларын құру және жоспарлау . . . 12

1. 4 Intranet-технологияның қолданылу аймағы . . . 15

1. 5 Intranet-қосымшаларын өңдеу құралдары . . . 21

1. 6 Intranet-тің программалау құралдары және тілдері . . . 24

2. «Республикалық техникалық және кәсіптік біліс беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми - әдістемелік орталағы» РМК сипаттамасы

2. 1 Кәсіпорынның негізгі міндеттері . . . 28

2. 2 Кәсіпорындағы сапаны тәуелсіз бағалау бағдарламасы . . . 31

3. «Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми - әдістемелік орталығы» РМК сайтын жобалау және құрастыру

3. 1 FRONT PAGE қосымшасының Wев сайт жасаудағы тиімділігі . . . 35

3. 2 Кәсіпорын сайтын құру сатылары . . . 36

3. 3 Кәсіпорын сайтының құрылымы . . . 37

4. Еңбекті қорғау

  1. Еңбекті қорғау заңдары . . . 42
  2. ДЭЕМ-ді қолданудағы еңбекті қорғау туралы кейбір мәліметтер… . . . 42
  3. Компьютермен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы . . . …. 43
  4. Жұмыс орнына қойылатын эргономикалық талаптар. … . . . 44
  5. Денсаулық бұзылуының белгілері. … . . . …. 44
  6. Өртқауіпсіздігі . . . ……. . 45
  7. Электр қауіпсіздігі . . . ……45
  8. Компьютермен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы . . . … . . . 46

5. Экономикалық бөлім

  1. Жұмыстың қысқаша сипаттамасы және оның бағытталуы……… . . . …. 48
  2. Бағдарламаның өнімді құрудағы шығындарды анықтау . . . …. 48
  3. Түйіндер . . . … . . . 53

Қорытынды . . . 55

Қолданылған әдебиеттер . . . 59

Қосымша (компакт дискіде)


Кіріспе

Қазіргі заманда ақпараттық жуйесіз ақпаратқа жедел кіруін елестету мүмкін емес болып келеді. Соңғы бірнеше жыл бұрын ақпаратқа деген талаптар өте өзгеше болатын. Ақпаратты алу - қолданушы кез-келген жерде болса да жедел түрде қажетті болады. Сондықтан корпоративті ақпараттық жүйелер құрылымына талаптар да өзгерген болатын. Кәсіпорынның локальды жүйелері ақпаратқа енуде қолданушылардың қажеттіліктерін толық түрде қанағаттандыра алмайтын болды. Сондықтан корпоративті ақпарат жүйелерін құру үшін - жаңа Intranet технологиясы пайда болды. Intranet технологиясы Интернеттің принциптеріне негізделеді.

Intranet-тің интернеттен айырмашылығы ауқымды коммуникация технологиясы болып табылатын корпоративті коммуникацияларды басқару технологиясында, яғни интранеттің негізгі айырмашылығы - коммуникацияның ақпараттық деңгейінде болуы. Ал ақпараттық тұрғыдан коммуникация - бұл білімді беру және іздеу.

Intranet технологиясы дәстүрлі қағаз құжаттарын - электрондық құжаттар мен файлдарға, хабарландыру тақтасын - Web-серверге, телефондық қоңыраулар мен жазбаларды - электрондық почта хаттарына, газеттік жаңалықтарды - телеконференция серверлерінің хаттарына айналдырды. Intranet корпоративті коммуникацияларды сенімді және ыңғайлы етіп, ал ақпаратқа енуін қарапайым және жедел етті.

Intranet бұл кәсіпорын қызметкерлеріне әртүрлі жаңалықтармен танысуға, анықтамалық ақпарат пен персональды e-mail-ға енуге, интерактивті сойлесуге мүмкіндік береді. Intranet - кәсіпорын үшін тек өздерінің қызметкерлеріне ғана ақпаратты көрсетуге қажетті тиімді құрал болып табылады.

Intranet-ті қолдану үлкен инвестициялық жобаларды басқарудың сапалы жаңа деңгейіне әкелуге мүмкіндік береді. Кәсіпорынның интранет-технология базасында жобалық ақпараттық кеңістікті құру мен жүргізуі - өз кәсіпорынның инвестициялық қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Intranet-жүйе әдетте кәсіпорынның барлық қызметкерлерінің арасында маңызды, актуальды және жиі қолданылатын ақпаратты таратуға мүмкіндік беретін және сыртқы енуден жабық корпоративті веб-сайт түрінде көрінеді.

Intranet-жүйенің қарапайым веб-сайттан негізгі айырмашылығы - сайт сыртқы орта (клиенттер, пресса және тағы басқа) қолдануы үшін арналса, ал Intranet - кәсіпорынның қызметкерлеріне қолданылуы үшін арналады.

Intranet жүйелер кәсіпорынның басқа да ақпараттық жүйелерімен интеграциясы мен функционалдылығын көтеру үшін ашық болып келеді.

Бұл қасиет кәсіпорынға Intranet-сайтты эволюциялық жолмен құруға және жүйені қажеттілік өлшемі бойынша дамытуға мүмкіндік береді.

Техникалық көзқарас жағынан intranet - бұл кәсіпорынның ішкі корпоративтік ақпаратты өңдеуде жүйелену, сақтау бойынша тапсырмаларды шешетін ішкі корпоративті web-портал. Intranet-сайтқа кіру - бұл тек қана локальды желі шеңберінде мүмкін болады. Intranet - технологиялардың пайдалы қасиеттері қарапайым схема, яғни қолданушының жұмыс орнында орнатылған қарау программасы (брaузер), ақпараттық концентратор ретінде болатын web-сервер және клиент пен web-сервер арасындағы өзара байланыс шеңберінде жүзеге асады.

Intranet-технология кәсіпорынның өзінің бөлек жеке қызметкерлеріне деген тәуелділігін төмендететін корпоративті база білімінде ұжымдық тәжірибені реттеуге мүмкіндік береді. Intranet-технологияның корпоративті мәдениетке әсері оның кез-келген ақпаратының автоматты түрде тіркелген кездегі ақпараттық қеңістігінің құрылуы болып табылады.

Қазіргі заманғы кәсіпорынның бизнесіне тікелей әсер ететін маңызды фактор - бұл интеграциялық интранет-технология - интранет негізінде құрылатын ақпараттық жүйенің жаңа желілік архитектурасы болып табылады. Интранеттің басты міндеті - кәсіпорынның біртұтас ақпараттық кеңістігін құру болып табылады.

Интранет-сайт кәсіпорынның ақпараттық инфрақұрылымын жүйелеуге және кәсіпорын қызметкерлеріне басқа да қызметкерлер мен басшылықпен ыңғайлық және тұрақты жұмыс уақытының үнемділігін танытатын әртүрлі ақпарат көздерін біріктіруге мүмкіндік береді.

Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы «Кәсіпорындағы Intranet-қосымшаларының ерекшеліктері және оларды жобалау, құру», - деп аталады. Осы тақырыпты таңдауымның себебі: қазіргі заман қоғамының кез-келген саласында internet/intranet-технологиялары жиі қолдануда және электрондық құжат алмасу үрдісіне көп көңіл бөлінеді. Интранет және Инертен технологиялары кобінесе бірдей технолгия әдістерін пайдаланады, интранеттің интернеттен айырмашылыгы тек корпоративті түрде қатынау жағдай жасалған.

Дипломдық жұмысымның мақсаты - Intranet-сайт құру барысында intranet-технологиялардың тиімді жолдарын қарастыру және қазіргі заманға сай жобалық әдістерді қолдану. Осы тақырыптар бойынша толық мәліметтер беріп, тақырыпты ашып көрсету.

Дипломдық жұмысымның міндеттері:

  • Intranet-қосымшасының түсінігі мен маңызы
  • Программалау тілдердің және құралдардың ерекшеліктері
  • Intranet-қосымшаларын аналитикалық бағалау
  • «Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың

және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы» РМК-ның Intranet- порталын жасақтау.

Дипломдық жұмысымның өзектілігі -ақпараттық технологияларды еңгізу барысында копетеген кәсіпорындар қызметкерлерінің ақпаратпен жедел алмасу мүмкіндігін көздейді. Сондықтан, кәсіпорын бөлімшілерінің арасында ақпаратпен тиімді алмасу үшін және электронды құжат айналымды енгізу мақсатында кәсіпорынның Intranet-сайты (ішкі сайты) жұмыс жасауға тиісті.

Кәсіпорынға интранетті ендіру тәжірибесі бірнеше жылды алады. Қазіргі кездегі базалық интранет-жүйелерді, яғни ішкі Web-сервер, электрондық почта және корпоративті мәліметтер базасына Web-интерфейсті ұйымдастыру кәсіпорын бизнесінің барлық салаларына түбегейлі өзгерістер енгізуге қабілетті болып келеді.

Intranet-ті қолданудың пайдасы:

  • белгілі-бір жобалармен жұмыс жасағандағы жоғарғы өнімділігі;
  • мәліметтерге оңай кіру;
  • өзара әсерлесудің тиімді деңгейі, яғни өзара әсерлесудің бизнес-сызбаларын көлденең де, тігінен де өзгертуге болады;
  • интранет ресурстарындағы мәліметтер лезде жариялануы - бұл желі және гипермедиа технологияларын қолданып қызметтік нұсқауларды, ішкі ережелерді, стандарттарды, жаңалық жіберу қызметтерін алу;
  • өмірге жалпы корпоративті мәдениетті енгізуге мүмкіндік береді.

Intranet-тегі веб-сайт артықшылықтары:

  • қолданушының компьтерінде клиент программаларын орнатудың талап етілмеуі (оның орнына браузер қолданылады) . Сәйкесінше корпоративті ақпараттық жүйе функционалдылығының өзгеруі кезінде клиенттік программалық жабдықтаудың жаңаруы да талап етілмеуі;
  • электрондық почта бойынша мәліметтермен алмасудың орнына вэб-форманы қолдану арқасында әртүрлі мәліметтерді енгізудегі уақыттың қысқаруы;
  • Microsoft Windows, Mac және GNU/Linux/*NIX-де стандартты браузердің болуы.

Intranet-тің кемшіліктері:

  • желі хакерлердің мақсатында қолданылып, бұзылуы мүмкін;
  • тексерілмеген және анық емес ақпараттың интернетте жариялануы - белгілі-бір қолайсыз мәселелерге әкелуі мүмкін;
  • интерактивті бос кеңістікте - жағымсыз және заңсыз материалдар таралуы мүмкін;
  • интранеттің тиімділігі және жұмысқа қабілеттілігі өңдеу жұмысына және әкімшілік жұмысына кететін шығындарды қажет етеді.

Intranet-сайт интранет-технологиялар негізіндегі ішкі корпоративті ақпараттық жүйе болып табылады. Кәсіпорындағы интранет-сайтты жобалау және құру мақсаты - бұл кәсіпорын ішіндегі құжаттар мен қосымшаларға тез енуін ұйымдастыру, корпоративті ақпаратты құрылымдау, кәсіпорын ақпараттарымен жұмыс жасау және кәсіпорынды басқарудың тиімділігін көтеру.

Intranet-сайт кәсіпорын қызметкерлеріне ұжымдық жұмыстың тиімді процесін ұйымдастыруға, кәсіпорын ішіндегі маңызды жағдайлар туралы ақпараттарды алуға және қажетті корпоративті ақпаратты тиімді түрде іздеп, қолдануға мүмкіндік береді.

Intranet-сайтпен жұмыс жасау негізінде интранет-технологияларды қолдану кәсіпорын қызметкерлерінің жаңа ақпараттық жүйе пайда болуының тез бейімделуіне мүмкіндік береді. Intranet-сайт корпоративті қажеттіліктерге байланысты жаңа функционалды модульдермен кеңейтілген жүйе.

1. Intranet-қосымшалары

1. 1 Intranet корпоративті желісі

Ең қарапайым желі (network) минимум 2 компьютердің, бір-бірімен кабель арқылы байланысынан тұрады. Ол мәліметтерді бірге қолдануға мүмкіндік береді. Компьютерлік желінің дүниеге келуі тәжірибе қажеттілігімен қатар мәліметтерді қоса пайдаланудан туындады. Дербес компьютер -құжат, кесте дайындау, графикалық мәлімет және басқа джа ақпараттарды құру үшін өте жақсы құрал. Бірақ тез арада өзінің ақпаратыңмен басқалармен бөлісу мүмкін емес. Бірнеше топ компьютердің және басқа құрылғылармен байланысын желі деп атайды. Ал концепциялық байланыс және бірге қолданушы компьютер қоры желілік әрекеттестік деп аталады. Желіге кіруші компьютермен бірге қолдануға болады: мәліметтерді, принтерлер, модемдер, өзге құрылғылар.

Компьютердің жүйелік блогында ішкі, сыртқы құрылғылармен байланыс жасауға арналған арнайы тарақша қосқыш түріндегі порттары бар. Олар тізбекті және параллель қосылатын болып екіге бөлінеді. Осы порттар арқылы әр түрлі құрылғылар арасындағы ақпараттарды тасымалдауға (жіберуге және қабылдауға) болады. Егер екі немесе бірнеше компьютерді порттары арқылы байланыстыратын болсақ, бұл компьютердің арасында ақпарат алмасу жұмысын жүргізуге мүмкіндік туады. Осылай байланыстырылған компьютерлер тобы компьютерлік желі құрылады.

Компьютерлік желі дегеніміз - ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі. Желі жұмыс жасау үшін арнайы аппараттық және программалық жабдықтар болуы қажет. Желі арқылы оған қосылған кез-келген компьютердегі ақпаратты жедел қарауға болады. Күнделікті өмірде кездесетін компьютерлік желіге мысал ретінде өздерің оқитын компьютерлік кластағы бірнеше компьютердің желіге біріктірілуін айтуға болады. Сондай-ақ бір мезгілде жүздеген тіпті мыңдаған компьютердің қатысуымен ұйымдастылылатын темір жол және қатынасы билет сату жүйесін де желіге мысал ретінде келтіре аламыз. Бұл пайдаланушылар санын білу мүмкін емес ғаламдық ақпараттық Интернет желісі қазіргі кезде компьютерлік желі кез-келген мекемеде: зауыттарда, фирмаларда, банктерде орнатылған. Себебі желіге қосылмай өндірістік, сауда немесе қаржылық қызметтерді тиімді жүзеге асыру мүмкін емес.

Компьютерлік желілер масштабы мен мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. Ең шағын желілер жергілікті деп аталады да, бірнеше компьютерді біріктіру үшін қолданылады. Мұндай желілер ортақ ресурстарды (дискжетек, принтер, сканер және басқа қымбат құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында құрылады. Компьютерлер желіге желілік тақша, модем немесе жоғары жылдамдықты сандық телефондық қызмет торабы арқылы қосылады. Компьютерді желіге телефон желісі арқылы қосу үшін желілік тақша емес модем қажет. Жергілікті есептеуіш желілер -саны шектеулі (әдетте 100-ге дейін) компьютерді бір ұйым немесе мекеме ішінде біріктіру үшін қолданылады. Жергілікті есептеуіш желі шектеулі аймақтағы (бір бөлмеде, бір мекемеде, зауыт немесе бекетте желі әртүрлі бөлімдер мен қызметкерлер арасында тығыз ақпараттық және технологиялық байланыс орнату үшін құрылады. Жергілікті желі құрудағы себеп - өндірістік процестерді автоматтандыру, әртүрлі құжаттарды жеңіл өңдеу. Ірі мекемелерде автоматтандырылған жұмыс орындары, өлшеу кешендері мен байланыстыру бөлімдерінен тұратын автоматтандырылған байланыстыру жүйелері жұмыс істейді. Жергілікті желіге қосылған компьютерлер бір -бірімен қысқа желілік байланыс желісімен (әдетте он, жүз метр) біріктірілген. Сондықтан жергілікті желі арқылы сандық ақпаратты жоғары жылдамдықпен беруге болады. Ақпараттың берілуі сапалы болуы үшін байланыс желісі өте ұзын болмауы керек. Желі ұзын болған сайын сигналдың өшуі мен бөгеуіл шамасы артып кетеді.

Жергілікті желілерден кейінгі орынды масштабы бойынша корпоративті есептеуі желілер алады. Бұл желілерді үй мекемелердің, банктер мен олардың фирмалары, сақтандыру компаниялары, бұқаралық ақпарат құралдары құрады. Корпоративті желілер қашықта орналасқан бөлімдегі : филиалдардағы, қонақ үйлердегі т. б. тұтынушыларға қызмет көрсету үшін қолданылады. Сонымен қатар корпоративті желілер пайдаланушының шектелген бөлігіне қызмет көрсетеді. Мұндай желілерде құпияны сақтау және ақпараттық ресурстарға рұқсат етілмеген шығуға жол бермеу мақсатында арнайы шаралар қолданылады. Егер желі қала аймақтық масштабтағы компьютерді 10-100 км болатын болса, оны аймақтық есептеуіш желісі деп аталады. Мұндай желіде байланыс желісі ретінде телефон байланысы, телефон тораптары немесе сымсыз байланыс серігі қолданылады. Аймақтық желілер аймақ масштабындағы мәселелерді шешу мақсатына бағытталады. Бұл электроэнергетика, жол, аймақтық жабдықтау, банктік есеп, кітапхана ісі т. с. с. жұмыстарды ақпараттық қамтамасыз ету қызметтері болуы мүмкін. Егер қашықтағы компьютерді байланыстыру үшін телефон желісі қолданылса, модем қажет болады. Модем (модулятор-демодулятор) сөздің қысқартылуы - таратушы жағында компьютердегі сандық сигналдарды үзіктелген аналолгтық сигналдарға айналдыруды қамтамасыз ететін, қабылдаушы жағында сигналдарды осыған кері түрлендіретін құрылғы. Модем арқылы көптеген дербес пайдаланушылар аймақтық және коммерциялық желілерге, Интернетке қосылады. Сондай-ақ электрондық почтаны пайдаланады, телеконференцияларға қатыса алады.

Intranet - бұл ішкі корпоративті желі және бұл желіде Internet базасындағы әртүрлі қосымшалар орындалады. Көптеген кәсіпорындарда мұндай желіні құру - өнімділікті арттыруға және жұмысшылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Intranet желісі ақпараттың оперативті жеткізілуін қамтамасыз етуге және ішкі корпоративтік коммуникацияларды қолдап отыруға қабілетті болып келеді.

Intranet - интернет желісіне қарағанда ішкі кәсіпорынның жеке желісі болып табылады. Ереже бойынша Intranet кәсіпорын ішіндегі бірқатар ақпараттарды ортақ қолдануға және басқа ақпараттармен алмасып отыруға ІР протоколының қолданылуы негізінде құрылады, яғни бұл ақпараттар негізінде жұмысшылар тізімі, тапсырыс беруші мен серіктестердің телефон тізімдері болуы мүмкін. Intranet - бұл кәсіпорынның ішкі Web-сайты. Intranet клиет-сервер принципі бойынша ұйымдастырылып, HTTP және HTTPS деп аталатын базалық протоколдар негізінде құрылады. Intranet-сайт Mozilla Firefox, Microsoft Internet Explorer, Opera және тағы басқа браузерлер арқылы кез-келген компьютерден көрінеді. Осылайша Intranet - бұл Интернеттің жеке түрі, ол алынған кәсіорыннан бөлек виртуальды кеңістікпен шектеліп отырады. Intranet Internet-ке кіретін көпшілік байланыс каналдарын қолданады.

Intranet термині ең алғаш рет 1995 жылы 19-сәуірде авторы техникалық редактор Стивен Лотон болып келетін Digital News&Review мақаласында пайда болды.

Intranet термин сөзін 1995 ж көктемде пайдалана бастады. Басында бұл сөздін мағынасын адамдар түсінбеді және қате жаңылыс ретінде қабылдады. Содан кейін бұл сөздің өмірге деген құқығы болғаннан кейін мұндай сұрақ пайда болды: «Бұл сөздің астында қандай мағына бар?» - бұл терминнің пайда болғаннан кейін ғана бәрі оны пайдалана бастады.

Intranet - бұл ұйымның жеке желісі, Интернет технологиясының базалануы және қауіпсіздік механизімімен иеленуі болып табылады. Компания өз ұйымның ішкі желісінде Интернет технологиясының қолданылатының “intranet” термині көрсетеді. Мұндай қолданыс компанияның барлық қызметкерлеріне жұмысқа қажет әрбір ақпаратты алу мүмкіндігінің тәуелсіздігі программалық-аппараттық құралдардың және қызметкер компьютерінің орналасқан жеріне қарамайды.

Әрбір қолданушылар intranet-тегі жұмыс станциясы баптауымен Web-браузер арқылы Web-серверде соңғы енгізілген құжаттарға кіру құқығын ала алады. Сонымен қатар қолданушының және Web-сервердің орналасқан жері ешқандай мағына бермейді. Егер компания электронды почтаны құжаттарды беру механизімі ретінде пайдаланса, онда ол көп көлемді мәселелермен қақтығысуына алып келеді. Әрбір мәселелерді шешу жолы болып құжаттарды Web-сервердегі HTML форматында жариялау болып табылады және әрбір операциялық жүйе немесе Web-браузер түсінетін өз жұмыс үстеліндегі клиентті пайдалану. Intranet-ті пайдалану бірнеше басқада қатардан тұрады. Біріншісі, желідегі құжаттар автаматты түрде жаңарып отырады. Мысалы, сіз сату бөліміне өз компанияныздың өнімнің құныннан тұратын құжатты жариялайсыз. Әр уақытта өнімнің сатылуына жеңілдік жасалатын болған жағдайда, сіздің бөліміңіз маңызды ақпаратқа ие болуы керек. Мұндай маңызды ақпаратты автоматтандыру үшін сіз Web-сервердн жаңартып отырасыз. Егер құжаттар қызметкерлерге Файл серверінде файл түрінде сақталған болып келетін болса, онда сіз құжаттын оқылғанын немесе оны қарағаны туралы хабарсыз боласыз. Ал құжат Web-серверінде жарияланған болса, онда әрбір уақытта жарияланған құжатты қанша адам және қай уақытта қарағаны туралы ақпаратты біліп отырасыз.

Ұйымдардын дамуы жаңа мүмкіндіктерді және ынғайлы ақпаратты алу жолдарын талап етеді. Бұл талаптарына World Wide Web болды, себебі онда құжаттарды графикалық, аудио және видео ақпараттарды жариялауға жаңа мүмкіндік берді. Intranet-ті құрудың маңызды фактісі Интернет болып табылады.

«Интра» деп аталатын латын термині «ішкі» деген мағынаны білдіреді. Intranet сөзі интернет технологиясы арасында пайда болды. Intranet - бұл интернеттің протоколдары мен стандарттары қолданылатын жеке компьютерлік желі. Intranet-ті бір кәсіпорын шеңберінде локальданған Web-жүйе деп атауға болады. Қарапйым компьютерлік желілерге қарағанда Intranet ашық стандарттар, технологиялар және протоколдарға негізделеді.

Intranet шеңберінде шешілетін тапсырмалар тізімі:

  • Корпоративті саясат туралы ақпарат алу;
  • Жобаларды басқару;
  • Құжатайналымға қызмет ету;
  • Интерактивтік оқыту;
  • Тауарлар мен бағалар туралы ақпаратты көрсету;
  • Сату туралы есепті жариялау;
  • Төлемдер туралы мәліметтерді шығару.

Intranet-тің 5 негізгі функциясы бар - бұл электрондық почта, файлдарды ортақ қолдану, катологизация, іздеу және желіні басқару. Бұл функциялар кәсіпорынның ақпараттарын жариялауға, сақтауға және басқаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар біртұтас ақпараттық кеңістік қалыптасады. Мұндай функциялар қарапайым компьютерлік желілерде де болады, бірақ олар компьютерлік платформалардың әрбіреуі үшін сипатталатын әртүрлі тұтынушы интерфейстері арқылы жүзеге асады. Ал интернетте бұл функциялардың барлығы интернет технологиясының бірыңғай стандарттары негізінде қалыптасады.

Intranet бүкіл желідегі қолданбалы программалардың және әртүрлі компьютерлердің қызмет етуін қысқартуға мүмкіндік береді. Intranet - бұл кәсіпорын қызметкерлеріне электронды почтамен, құжаттармен және кәсіпорынның әртүрлі ақпараттарымен алмасуға және оларды ортақ қолдануға мүмкіндік беретін программалық жабдықтауы бар компьютерлік желі. Intranet - кәсіпорынның жеке локальды және ауқымды желілеріне арналған интернет технологиясының қосымшаларына негізделген. Intranet желілеріне арналған программалық жабдықтау - бұл жұмысшы топтарына (LotusNotes, Sap…) жүйелеріне (Евфрат, Optima Workflow) арналған қазіргі заманғы программалық өнімнің арзан және тез жүзеге асатын альтернативасы. Intranet желілеріне арналған қазіргі заманғы программалық жабдықтауына құжаттармен жұмыс жасау кіреді.

  1. Intranet архитектурасы, протоколдар иерархиясы

Intranet желілері модальды көп деңгейлі архитектураға ие болады. Жоғарғы деңгейлер төменгі деңгейлер сервистерін қолданады. Желілік және платформалық деңгейлер ішкі желі инфрақұрылымын құрайды. Қосымшалар және жүйелік қызмет көрсету деңгейлері соңғы тұтынушы қызмет көрсетіп, өндірістік функциялар автоматизациясын қамтамасыз етеді.

Желілік деңгей - архитектураның ең төменгі деңгейі. Ол желілік құрал-жабдықтан және программалық жабдықтаудың логикалық компоненттерінен тұрады. Физикалық желіні кабельдер, концентраторлар, коммутаторлар және маршрутизаторлар сияқты компоненттер құрайды. Логикалық компоненттерге мәлімет беру протоколдары, мәлімет ағыны және маршрутизациясын басқару компонентерінен тұрады.

Клиент пен сервердің есептеуіш платформаларын Intranet архитектурасының платформалы деңгейі құрайды. Жұмыс станциялары және тұтынушылардың басқа да құрылғылары - клиеттер болып табылады.

OSI моделі - ашық жүйелердің өзара әсерлесу моделі (Open Systems Interconnection) деп аталады. OSI моделінің желілік өзара әсерлесу құралдары 7 деңгейге бөлінеді және әрбіреуінің өзінің стандартты атаулары және функциялары болады.

Бұл модельдің құрамында 2 түрлі модель бар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Корпоративтік тораптарды енгізу
Қарапайым Internet - қосымшаларың жасау
Интранет-портал
GPRS
Ақпараттық-оқыту жүйесінің негізі
Компьютерлік желілердің жіктелуі
Есептеу желісі
Деректер базасының түрлері
Ақпаратты VPN технологиясы арқылы қорғау
Компьютерлік оқыту жүйелерін жобалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz