Ислам діні және Қазақстан мәдениеті


МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ3
IИСЛАМ ДІНІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ6
1. 1 Исламның өнерге көзқарасы. 6
1. 2 Мұсылмандық бейнелеу өнері, сәулет өнері және поэзиясы22
II ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІНІҢ АЛАТЫН ОРНЫ34
2. 1 Қазақстан Республикасындағы ислам мәдениеті мен мешіттердің монументальды - сәндік безендірілуі34
2. 2 Ислам және Қазақстан мәдениеті. 45
ҚОРЫТЫНДЫ52
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ55
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Ұлт тәрбиесінің басты құралы - өнер. Жас ұрпақ ислам дінінің негізінде қалыптасқан тәрбиенің құнды қасиеттерін бойына сіңіріп, бүгінгі өмір талабына керекті жақтарын іздестіреді. Ислам дінінің берік орын алып күш қуатының дамуына, оның жас ұрпақ тәрбиесіне деген ізденістердің тәжірибелік ғылыми көзқарастың жақындасуына әсерін тигізетін тіке жол, ол - өнер, яғни музыка арқылы ислам дінінің негізінде көптеген табыстарға жетуге болады. Ислам дінінің «түпкі сырының өзі адамгершілікті, шыншылдықты, қамқорлықты, аяушылықты, жанашарлықты, біліктілікті, еңбекқорлықты, өнерпаздықтарды қалаған. Ал қатыгездік пен зұлымдықтардан арылудың жолын уағыздаумен келді. Адамзаттың құндылығын сақтайтын қасиеттерді іздестірген ислам діні тудырған құран сүрелерінің бәрі дерлік ауызекі әуеннің негізінде жатталып айтылды. Құран сүрелері саф тазалығымен ауыздан - ауызға әуен негізінде жетіп, халық арасына кең тарады. Құран оқылған кезде жігерлі дауысқа салып, жоғары диапазондағы регистрмен әрбір әріптің нақты естілуін салақты қадағалаған. Жатталған сүрелер тыңдаушылардың құлағына тез жетіп сіңімді болу үшін әуеннің атқарған ролі өте жоғары болды.
«Аңыздарға қарағанда, Әбу Бәкір Құранды жылап отырып, әндетіп оқығанда, естушілер еріксіз денелері балқып, көздеріне жас алатын болыпты. » Құран сүрелерін әуен негізінде вокалды қойылым арқылы жүзеге асырса, дауыс ерекшелігі тұрақталып оның тез жатталуына мүмкіндік беріп отыратын көмекші құрал бола алады. «Бірде мерекелік намаздан кейін біздің әулие пайғамбарымыз өзінің жақын досы Әбу Бәкірмен бірге отырады. Осы уақытта Мұхаммедтің (с. ғ. с. ) жұбайы Айша қурайда сол кездегі ұлттық әуенді ойнайды. Әбу Бәкір: «ойнауды тоқтат, пайғамбардан ұялсаңшы» деп оған ашуланады. Сонда пайғамбар: «әр тайпаның өз қуанышты күні бар, ал бізде осындай үлкен, қуанышты мереке» деген екен. /1/
Бұл айтылған сөз музыкалық құралды пайдалануға болатындығын анық дәлелдей алатын шығар. Егер бұл күнә болса, оны пайғамбар ойнауға рұқсат бермеген болар еді. Діни әдет - ғұрыптарды белгілі бір музыкалық мақаммен орындау ежелден келе жатқан діни - мәдени құбылыс екенін өз мәдениетімізден де көруге болады. Музыка мен өлеңнің яғни сөздің тығыз байланыста болғандығын әнші ақындар өнерінен байқауға болады. Ақындықпен қатар әнші, бата оқу, жыр, терме, күйші, сазгер, би өнерлерін дамытып, құран сүрелерін қоса жаттап біліп отырған. Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыруда музыканың атқарар қызметі үлкен. Ол ислам дінінің жалпы заңдылықтарына сүйене отырып, ұлттық мәдениетке табан тірейді. Бұл тұрғыда қазақ музыка өнерінің синкретті сипаты аса қолайлылық туғызды, әсіресе музыканың Құранмен байланысын синтезді әдіспен қолдану ізгілік мұраттарды шешуде тиімді жол болып табылады. Жас ұрпаққа ислам дінінің негізінде тәрбие беру құралы ретінде музыка тек өнердің басқа түрлерімен, соның ішінде Құранмен тығыз байланыста екенін көреміз.
Зерттеу жұмысымның мақсаты мен міндеті.
Зерттеу жұмысымның негізгі мақсаты - ислам дінінің сөз өнері, поэзиясы, көркем әдебиеті, сәулет өнерінің ерекшеліктерін көрсету. Мұсылман сөз өнері, мұсылман поэзиясы ретінде дүние жүзілік мәдениеттің қорына теңдесі жоқ үлес қосқанын, жаратқан Алланы мадақтап, әділетсіздік пен зұлымдықты құр бос уақыт өткізумен, жалқаулықты қатты сынға алып адамды шынайы, рухани өсіруге, олардың жүрегінде имандылығын жабуға, өз өлеңдерімен мұсылман ақындары өз үлестерін қосқанын баса ашып көрсету.
Осы мақсатқа жету жолында зерттеу жұмысымның алдына мынадай міндеттер қойылды:
- өнерге исламның көзқарасы қандай?
- ислам өркениеті, әдет - ғұрпы және бүгінгі ислам;
- исламның діни - мәдени салт - дәстүрлері;
- мұсылман бейнелеу өнерін, сәулет өнерін, мұсылман поэзиясы негізгі құндылық ретінде талдау;
- қазақтарда ислам өнерінің алатын орнын ашып көрсету.
Зерттеу жұмысымның жаңалығы.
Зерттеген бітіру жұмыстың ғылыми жаңалығы - ислам өнерінің түгелдей халық тағдыры мен тығыз байланыстығын көрсету. Мұсылмандық көркем өнер бір келкі арабтық пен аяқталмай, мұсылмандық арасында парсылық, зороастрлық стилдің бар болуында.
Бітіру жұмысының құрылымы зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспеден, тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I ИСЛАМ ДІНІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ
1. 1 Исламның өнерге көзқарасы.
Дін мен мәдениеттің арақатынасы жөнінде қыруар пікірлер айтылуда. Соңғы кездері дін экспансия алаңына айналған елімізде "дініміз өзгерсе өзгерсін, ал мәдениетіміз өзгермесін" дейтіндей орашолақ пікірлер де айтылуда. Осы мәселеге байланысты ғылыми қорытынды жасау үшін алдымен қоғам өмірінің ең маңызды ұстыны саналатын дін мен мәдениеттің арақатынасын анықтайық. Бүгінгі мәдениеттану, антропология және социология саласының теоретиктері дінді мәдениеттің ең маңызды құрамдас бөлігі деп санайды. Дінсіз қоғам болмайтындықтан, дінсіз мәдениет те болмайды. Дін әлеуметтік құбылыс, қоғамды қалыптастыратын ұйытқы ретінде адамзат өмірінде аса маңызды рол атқарады. Кейбір идеологиялар мен саяси ағымдар діннің осы ролін пайдаланғысы келеді. Бүгінгі күні дүние жүзінде орын алып жатқан саяси, әлеуметтік, мәдени, экономикалық уақиғалардың негізінде діни факторлардың бар екенін айту жаңсақтық болмас. Әсілі, дін - осы салаларға бағыт - бағдар беретін күштің бірі, тіпті ең бастысы. Қоғамдық құрылымның анатомиясында діннің алатын орны ерекше. Қоғамдарды басқа қоғамдардан ажырататын ең негізгі қасиеттің бірі осы діннің өзі болып табылады.
Заманауи әлеуметтану ғылымдары қатарынан социология, психология, антропология, мәдениеттану, философия, саясаттану, өнертану дінді зерттеумен шұғылданады. Бұлар әлеуметтік феномен, қоғамдық уақиға және қоғамға пішін беретін құдірет ретінде қарайды. Тіпті, халық арасында кең таралған хұрафи сенімдер мен ырым - секемдердің қаншалықты әсерлі екені баршаға белгілі. Діннің мәдениетті қалыптастырушы басты күш екеніне дау жоқ. Әсіресе, бүгінгі өтпелі кезеңде азаматтардың өзін - өзі танып білуі, ортақ ұлттық мұраны қалыптастыруы және XXI ғасырдағы халқымыздың өсіп - өркендеуінің басты құралы - дініміз.
Әлеуметтану ғылымдары ішінде ең көп дау - дамай туғызғандардың бірі мәдениеттану болып табылады. Мәдениет дегенде кейбіреулердің есіне тек Пикассо, Моцарт, Чайковский түседі. Ал, мәдениет үғымы, шынында, өте кең ауқымды қамтиды. Әр қоғамның қоғамдық қасиеттерінің материалдық және рухани тамырлары бар. Мәдениет дегеніміз осы дүнияуи және рухани қатынастардың ғасырлар бойы етене араласуы нәтижесінде қалыптасатын нәрсе. Сондықтан, заман өзгеріп, мәдениеттің кейбір тұстары өзгеріске үшырағанымен қоғам өзінің мәдениетін сақтап қалуға тырысады. Ислам дінінің көшпелі және руларға бөлінген араб қоғамында пайда болғаны белгілі. Дегенмен, Ислам діні негізінен отырықшылықты, қалалық мәдениетті уағыздайды. Қазақ халқының тарихына қарайтын болсақ, ірілі - ұсақты рулар мен тайпалардың басын қосқан күш осы Ислам діні болған. Ислам діні қауымдастығына қосылмаған түркі тайпалары болса, мүлдем басқа мәдениет тобына қосылып, мүлдем басқа қоғамдарға айналған. Бұған мысал ретінде бұлғарларды, мажарларды, чуваштарды т. т. айтуға болады. Америкада зорлықпен шоқындырылған қараларды, африкадағы халықтарды, Оңтүстік Америкадағы қызылтерілерді осы санатқа жатқызуға болады. Демек, әр халықтың мәдени ортасын анықтайтын басты фактор дін екені анық. Біздің мұсылман халқымызға тән басты қасиеттеріміз, меймандостық, ағайынмен тату болу, ораза айт пен құрбан айт кезінде кешірім сұрасу, араағайыншылдық, қайырымдылық Ислам дінінің мұсылман үмметіне уағыздаған қасиеттері.
Әлеуметтік тұрғыдан алғанда Ислам діні:
- қоғамға бағыт - бағдар береді;
- қоғамды біріктіреді;
- идеологиялық және мәдени ұғымдарды бүкіл қоғамғателиді;
- жеке тұлғаның мүдделерін қорғайды;
- этникалық негізден гөрі адами, рухани құндылықтарға мән береді.
Діннің мәдениеттің құрамдас бөлігі екені туралы тәжірибелік дәлелдер:
- діннің жеке тұлға және қоғам өмірінде нақтыфункциялары бар;
- дін әр адамға сол адам бағынышты болуғаміндетті құдіреттің алдында жеке басыныңсенімділігі сезімін береді;
- дін адамға өзінің төңірегіндегі әлемді түсінутұрғысынан өзіндік жүйе ұсынады;
- дін қоғам қатынастарының қалыптасуында басты міндет атқарады.
Мадениеттің күштілігі соншалық, мәдениеттер арасындағы қақтығыста жеңіске жеткен мәдениеттің өзі жеңіліске ұшыраған мәдениеттің белгілі бір элементтерін сіңіріп алуға мәжбүр болады. Мұның нәтижесінде аралас мәдениеттер пайда болады. Ислам діні мәдениетердің арасындағы парықтарды қабыпдаған дін. Нәсілдер мен тілдердің, тіпті діндердің әртүрлілігін Ислам діні таниды. Құранда адамдардың тайпаларға, түстерге бөлінгендігі, әркімнің діні езіне екені туралы айтылған және Құран мүны Жаратушының шешімі ретінде көрсеткен. Қоғамдар арасындағы парықтар адамдардың бірін - бірі танып білуі және қарым - қатынас орнату жағынан жағымды роль атқаруы да мүмкін. Бүл - біздің қолымыздағы нәрсе. Сондықтан, Ислам дініндегі толеранттылықты шынайы толеранттылық деп қабылдаған жөн. Тарихқа қарағанымызда сан жағынан аз мұсылмандардың үлкен мемлекеттерді басқарғанын кереміз. Яғни, мұсылмандар басқа дін өкілдерін де қорғаумен шұғылданған. Мұсылмандар негізінен бір мемлекеттің туының астында біріккен басқа тілдегі және діндегі халықтарға, олардың мәдениетіне хош көрушілікпен қараған.
Адамзаттың тарихында дінсіз мәдениет болмаған. Алғашқы қоғамдық құрылымнан бері қарайғы уақытта пайда боған мәдениеттердің барлығы да діни сенім негізінде қалыптасқан. Ал, сенім жүйесі ең жоғары деңгейдегі имани, фәлсафи негіздерді қамтитын Ислам діні осы дінге қосылған халықтардың мәдениетіне орасан зор ықпал жасаған, түбегейлі өзіндік қалыпқа салған.
Дін - адамдардың іс - әрекеттеріне бірінші дәрежеде ықпал жасайтын құдірет. Солай бола тұрғанмен, дін мәдениеттің негізгі салаларымен шұғылданады да, егжей - тегжейге араласпайды. Мәселен, дін адамдардың киіну мәселесінде негізгі қағидаларды белгілейді, бірақ дәл қандай киім үлгісін киюді ұсынбайды. Ислам діні адамдардың халал тағам жеуін сұрайды, бірақ тамақты дайындау және қабылдау салтына араласпайды. Мәселен, Қытайдағы мұсылмандар қасықпен, араб елдеріндегі мұсылмандар қолымен тамақ іше алады. Негізгі мәселе, халал, яғни рұқсат етілген таза тағамдарды жеу. /2/
Кейбір әдебиеттерде, мәселен Жоржи Зейданның "Ислам мәдениеті тарихы" атты еңбегінде мәдениет былайша сипатталған: "Мәдениет дегеніміз -бір қоғамды, жамағатты, ұлтты ұлт жасайтын, оныөзге ұлттардан ажырататын өмірлік көріністердің топтамасы. Осы өмірдің көріністері әр улттың өзіне тән болып келеді. " Қысқаша қайырып айтқанда, мәдениет "әр үлттың өзіне тән ойлау және өмір сүру салтының жүйесі" болып табылады. Мәдениеттің негізгі қасиеттері мыналар:
1. Ұлттық сипатқа ие.
2. Табиғилық және тірілік.
3. Жалғастылық және тарихилық.
4. Ұлттың ортақ мүрасы болып табылады.
5. Өзегі өзгермейді.
6. Үйлесімді тұтастық болып табылады.
7. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасады.
Міне, осы қасиетердің барлығын зер сала зерттегенімізде Исламдінінің қазак, халқының мәдениетіндегі ең маңызды бөлік екенін көреміз. Ендеше, "дін - мәдениеттің құрамдас бөлігі емес екен, дініміз езгерсе өзгерсін" деген сөздердің ғылыммен үш қайнаса сорпасы қосылмайтыны анық болады. Ал, мәдениет пен еркениеттің парқы неде? Мәдениет ұлттық сипатта болғанымен, өркениет дегеніміз халықаралық сипаттағы нәрсе. Бір мәдениетті екінші мәдениетке тұтастай аударудың мүмкін еместігін жоғарыда айтқанбыз. Өркениет болса жаппы адамзатқа тән байлық.
Мәдениеттің негізгі факторлары мыналар:
- Дін: Әр ұлттың өзіне тән иман және сенім жүйесі.
- Тіл: Әр ұлттың өзіне тән сөйлеу және түсінісу құралы.
- Өнер: Әр ұлттың өзіне тән сән, заулық және сезімдердің бейнеленуі және жасалуы.
- Тарих: Әр ұлттың өзіне тән өмір сүру салтының, мәдени байлығының замана ағымындағы көрінісі, іс - әрекеттердің даму барысы.
5. Әдет - ғұрып: Құқықтық - қалыптық құжат еместігіне қарамастан, қоғам тарпынан есепке алынатын, іске асырылатын салт - дәстүрлер. /3/
Ислам - көркемдікті ұнатып, барлық нәрседен көркемдік пен сыматтылыққа үндеген дін болып есептеледі. Пайғамбар (с. ғ. с. ) хадисінде: „Аллаһ Тағаланың өзі сымбатты болу себебінен сымбаттылықты жақсы көреді!” /4/- деген (хадисті имам Муслим ”Әл - Иман” кітабында риуаят еткен. )
Өнер - эстетикалық шығармашылық, сондықтан Ислам оған қарсылық білдірмейді. Ислам эстетикалық негіздермен салыстырғанда, адамгершілік негіздеріне басым мән береді, яғни эстетикалық негіздер адамгершілік негіздерінен кейін тұрып, онымен тығыз байланыста болады. Бұл Исламның өнердың барлық тұріне қатысты көзқарасы. Өнердің қай түрінде болмасын, оның құндылық дәрежесін анықтауда: ”көркемділік - жақсылық, жағымсызда - жамандық бар” деген Исламдық ұстаным басшылыққа алынады.
Мұсылмандардың Киелі кітабы болғандықтан Құран осы күнгі мұсылман мемлекеттері өмірінде, ең алдымен діни жұмыстар саласында маңызды роль атқарып келеді. Құран әралуан оқу орындарында оқытылады. Бұрынғысынша оның идеялары ен бейнелері көркем әдебиеттен орын алуда. Ол мұсылман халықтарының бұқаралық ақпарат құралдарында, қоғамдық - саяси әдебиеттерінде кең пайдаланылады. Құран текстері исламдық сурет және сәулет өнерінде негізгі өрнектік міндет атқаратын мәнін де сақтап қалған. Құран идеялары мен бейнелері осы күнгі мұсылмандардың оқыл - ойына, тәлім - тәрбиесіне әсер етпей тұра алмайды. /5/
Құран Кәрімде әлемдегі барлық жаратылыстың бір - бірімен үйлесімділігі мен оған қараған адам көңілін шаттық сезімге бөлейтін көркемділік, ұлылықпен асқан әдемілікке назар аударатын аяттар баршылық (қараңыз - Хижр сүресі, 16 - аят, Нахл сүресі, 6-аят, Фуссилат сүресі 12 - аят) . Демек ислам әсемдік пен сымбаттылықты қамтыған көркем өнер түрін қабыл алмайды деу қисынсыз. Ислам тек материалдық және адамгершілікке жат нәрсені бейнелейтін өнерді қабылдамайды.
Ислам ақыл - ойды ләзаттандырып, құшырландыратын, жоғары сезімдерді оятып, адами табиғи қасиеттерді дамытатын өнердың түріне қарсы емес. Алайда өнер өз шекарасынан шығып, жағымсыз нәрселерге, құмарлық пен нәпсіні қоздырса, салауатты өмірдің салтанат құруына емес, керісінше оның жойылуына себепші болады, сөйтіп жағымсыз ермектің түріне айналады. Мұндай нәрсені Ислам қабыл етпейді және қолдамайды.
Тамаша әуен, жоғары өнегелі сөз әсем дауыспен орындалар саз бен әнге Ислам қарсы емес. Тек өлең мағынасы адамгершілік пен саналылықтың шегінен шықпай, адамды рухтандырып, сезімдер мен жан дүниесін байытуға қызымет етуі тиіс.
Мысалы, Әбу Муса Әл - Әшғари (р. л. ғ. ) Құран Кәрімде оқыған уақытта, Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) оның дауысын мақтайтын. Пайғамбар (с. ғ. с. ) сақабалары (р. л. ғ. ) арасынан дауытары ең әдемілерін таңдап, азан айтуға бекітетін. Сонымен бірге Пайғамбар (с. ғ. с. ) тамбурин (барабанның бір түрі) мен сырнай тыңдауға құлықсыз емес-ті.
Айт күндерінің бірінде хазіреті Әбу Бәкир ас - Садық (р. л. ғ. ) Айшаға (р. л. ғ. ) кірген уақытта екі күңнің тамбурин соғып, өлең айтып, билеп жатқанын көріп ашуланады. Сол уақытта Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) : „Ей, Әбу Бәкирі! Оларды қоя бер, қазір айт күндері емес пе!” - деген сөзбен, хазіреті Әбу Бәкирдің (р. л. ғ. ) ашуын басқан болатын (хадисті имам әл - Бухари және имам Муслим риуаят еткен) .
Айшаның (р. л. ғ. ) туысы ансарлардың біріне күйеуге шыққан кезде Пайғамбардың өзі (с. ғ. с. ) Айшаға (р. л. ғ. ) үйленуі тойына өлең айтатын біреуді жіберуін сұраған болатын.
Айшаның (р. л. ғ. ) туысы ансарлардың біріне күйеуге шыққан кезде Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) -нің өзі Айшаға (р. л. ғ. ) үйленуі тойына өлең айтатын біреуді жіберуін сұраған болатын.
Пайғамбар (с. ғ. с. ) туралы бұдан басқа көп әңгімелерде адамгершілік көзқарас тұрғысынан айыпталмайтын ән мен сазға Исламның қарсы келмейтіндігі атап көрсетілген.
Би мәселесіне келер болсақ, Ислам биді екі түрге бөледі. Ол - әйелдер немесе ерлер биі. Ерлер орындайтын халық билерін тамашалауға барлық адамға рұқсат етіледі. Мысалы, Пайғамбар (с. ғ. с. ) Айшаға (р. л. ғ. ) эфиоптықтардың айт кезіндегі биін көруге қарсылық жасамаған. Әйелдерге әйелдердің алдында билегенге шек қойылмайды. Алайда Ислам әйелдердің ерлер алдында билеуіне тыйым салады, одан сақтануға себеп көп.
Театр, яғни, сахнада ойнау мәселесіне келер болсақ, егер адамгершілік пен саналылылықтың шегінен шықпаса Ислам оған тыйым салмайды. Қоғамдағы түрлі келеңсіздіктер мен алуан мәселелерді шешу мақсатындағы қойылымдардың мәнін ешкім де жоққа шығармайды. Сонымен қатар әдептілікке қайшы болмаған қаджың, әзіл мағынадағы комедиялық рөлдерге де жол ашық. Қазіргі уақытта заманның талабына сай суретке түсуге де рұқсат берілген.
Мүсін мен үлкен ескерткіштерге келмек, оған анық түрде тыйым салынған. Мұның негізгі себебі мүсіндерді шамадан тыс артық құрметке бөлену немесе көне замандағы халықтар сияқты мүсіндерге табыну ықтималының болуында. Қазіргі дәуірде адамзаттың санасының өсуіне байланысты мұның қайталанбауы да мүмкін, бірақ салынған тыйым өз күшінде қалып отыр. Әрі, болашақта мүсіндерге табынудың қайталануынан сақтану мақсатында тыйым өз күшін сақтайды.
Ислам барлық заман және ұрпаққа тиісті өз шариғатын ұсынады. Себебі бір қауым жат көрген нәрсенің басқа ортада қабыл алынуы, ал бір заманда орындалуы мүмкін болмаған нәрсенің осы немесе келер ғасырларда ақиқатқа айналуы мүмкін. /6/
Ислам өркениеті, әдет - ғұрпы және бүгінгі ислам.
Әртүрлі бағыттағы ағымдар, топтар, секталары болумен қатар Ислам - біркелкі түтас діни жүйе. Шығыс пен Европа мәдениетінің өркендеген кезінде өзіне христиан және иудей, грек философиясының, римдік құқық, ескі парсы империясының және индуизм мен буддизмнің мистикалық - метафизикалық саудасының әкімшілік құрылысынан тәжірибе жиған бұл жүйе көп салада синтезден өткен күрделі қорытынды еді. Бұл синтездің негізі - араб мәдениеті, араб этносы, араб мемлекеті.
Шығыстың көлемді территориясында кішігірім, мәдени тұрмысы жағынан артта қалған семиттер әулетінен күшті саяси жүйесімен, өрбіген өркениетімен, көп санды, өзіндік этномәдениетімен ірі қауым пайда болғаны белгілі. Араби ислам - діни мәдениетінің әдет - ғұрпы тез арада төңірегіндегі және кейінгі кезде басып алған мемлекеттер мен халықтарға, оның ішінде ерте дүниеде әлемдік өркениет шыңына шыққан мемлекеттерге тарап кетті. Қысқаша айтқанда, араби ислам екігіні қысқа мерзімнің ішінде Аравияға жақын және қашық елдерді, ондағы көп тайпалы, өзінің ертеден келе жатқан әдет - ғүрыптары бар халықтарды өз ішінде ерітіп, бойына сіңдіріп жіберді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz