Еңбекші мигранттардың еңбек құқығын қорғау



ЖОСПАР

Кіріспе

1. Денсаулық сақтау мәселесі
2. Тұрғын жаймен қамтамасыз ету
3. Білім беру

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Бұл жұмыстың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының еңбекші-мигранттардыңқұқықтарын реттейтін ұлттық заңнамасын, сондай-ақ осы саладағы халықаралық стандарттар мен тәжірибесін салыстырмалы бағалау болды. Сонымен қатар жұмыстың мақсаты еңбек көші-қоны саласындағы лайықты еңбекті ілгерілету мен еңбекші-мигранттардың құқықтарын қорғауды күшейту жөніндегі тиімді саясатты іске асыруға қажетті заңнамалық шаралар бойынша ұсынымдар дайындау болды. Қазақстан жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін бір жылдан аспайтын мерзімге тартуға рұқсат беруді жүзеге асыра отырып, оның ішінде, уақытша еңбек көші-қонын білікті мамандар мен қызметкерлерге қатысты қолдау саясатын ұстанады.Қазақстанға шетелдіктердің белгілі бір санаттарын иммиграциялауға жағдай туғызу және оны қолдау, ең алдымен, этникалық көші-қон (оралмандар)2 басымдықтарына және белгілі бір адамдардың тарихи отанына оралу және отбасыларының қайта қосылу құқықтарын тануға негізделеді (әңгіме Қазақстан аумағында туылған немесе бұрын қазақстандық азаматтығы болған тұлғалар, олардың отбасы мүшелері, Қазақстан азаматтарынан жақын туыстары бар бұрынғы Кеңес Одағының республика-ларының азаматтары туралы болып отыр). Бұл орайда, елде тұрақты тұру құқығын алған адамдар еңбекші мигрант ретінде танылмайды. Қазақстанда еңбекші-мигранттардың зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қол жеткізу құқығы жоқ. Бұл мұндай тиісті мүмкіндіктердің Қазақстанда тұрақты тұру құқығын алған адамдарға ғана берілуімен байланысты. 2006 жылғы 1 тамыздан бастап 2006 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде Қазақстанда ТМД елдерінен келген жүйесіз еңбекші-миранттардың еңбек қызметін заңдастыру жөніндегі бір жолғы акция (көші-қон рақымшылығы) өткізілген болатын.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасындағы еңбек пен жастарды жұмыспен қамтудың жайттық
талдауы. ХЕҰ, Алматы, 2007
2. «Кто грабит горожан: гастарбайтеры или внутренние мигранты?», газета «Вечерний Алматы» за 8 января 2008 года, www.vecher.kz
3. Статистикалық жылтізбе 2007. Статистикалық жинақ. Қазақстан Республикасының
Статистика агенттігі – Алматы, 2007

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе

1. Денсаулық сақтау мәселесі
2. Тұрғын жаймен қамтамасыз ету
3. Білім беру

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Бұл жұмыстың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының еңбекші-мигранттардыңқұқықтарын реттейтін ұлттық заңнамасын, сондай-ақ осы саладағы халықаралық стандарттар мен тәжірибесін салыстырмалы бағалау болды. Сонымен қатар жұмыстың мақсаты еңбек көші-қоны саласындағы лайықты еңбекті ілгерілету мен еңбекші-мигранттардың құқықтарын қорғауды күшейту жөніндегі тиімді саясатты іске асыруға қажетті заңнамалық шаралар бойынша ұсынымдар дайындау болды. Қазақстан жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін бір жылдан аспайтын мерзімге тартуға рұқсат беруді жүзеге асыра отырып, оның ішінде, уақытша еңбек көші-қонын білікті мамандар мен қызметкерлерге қатысты қолдау саясатын ұстанады.Қазақстанға шетелдіктердің белгілі бір санаттарын иммиграциялауға жағдай туғызу және оны қолдау, ең алдымен, этникалық көші-қон (оралмандар)2 басымдықтарына және белгілі бір адамдардың тарихи отанына оралу және отбасыларының қайта қосылу құқықтарын тануға негізделеді (әңгіме Қазақстан аумағында туылған немесе бұрын қазақстандық азаматтығы болған тұлғалар, олардың отбасы мүшелері, Қазақстан азаматтарынан жақын туыстары бар бұрынғы Кеңес Одағының республика-ларының азаматтары туралы болып отыр). Бұл орайда, елде тұрақты тұру құқығын алған адамдар еңбекші мигрант ретінде танылмайды. Қазақстанда еңбекші-мигранттардың зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қол жеткізу құқығы жоқ. Бұл мұндай тиісті мүмкіндіктердің Қазақстанда тұрақты тұру құқығын алған адамдарға ғана берілуімен байланысты. 2006 жылғы 1 тамыздан бастап 2006 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде Қазақстанда ТМД елдерінен келген жүйесіз еңбекші-миранттардың еңбек қызметін заңдастыру жөніндегі бір жолғы акция (көші-қон рақымшылығы) өткізілген болатын.

1. Денсаулық сақтау мәселесі

Қазақстан Республикасы бекіткен Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пактінің 12-бабы 1-тармағында Осы Пактіге қатысушы мемлекеттер әрбір адамның дене және психикалық денсаулықтың ең жоғары қол жетімді деңгейіне құқығын таниды деп жазылған. БҰҰ-ның Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі комитетінің Денсаулықтың ең жоғары қол жетімді деңгейі жөніндегі негізгі түсініктемесінде мемлекет денсаулыққа құқықты, мәртебесі реттелмеген мигранттарды қоса, мемлекеттік саясатта кемсітушілік тәжірибелерін жүргізуден бас тарта отырып, барлық адамдардың денсаулық сақтаудың профилактикалық, емдеу және паллиативтік қызметтеріне теңдей қол жеткізуінен бас тартудан немесе шектеуден тартыну жолымен құрметтеуге тиіс деп көрсетіледі. Барлық еңбекші-мигранттардың және олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы Халықаралық конвенцияда мерзімді медициналық жәрдем барлық еңбекші-мигранттар мен олардың отбасы мүшелері үшін қол жетімді, және келуге немесе жұмысбастылығына қатысты қандай да болмасын ауытқуларға байланысты жәрдем көрсетуден бас тартуға болмайтындығы белгіленген.Қазақстанның еңбек көші-қонына қатысты аймақтық және екі жақты келісімдерінде медициналық жәрдемге қол жетімділік мәселесі мұндай кеңінен танылмаған. Мәселен, 1994 жылғы ТМД-ның Еңбек көші-қоны саласындағы ынтымақтастық және еңбекші - мигранттарды әлеуметтік қорғау туралы келісіміне еңбекші-мигранттарға медициналық қызмет көрсету жұмыс берушінің есебінен жүзеге асырылуы туралы ереже енгізілген. Қырғызстанмен екі жақты келісімде еңбекші-мигранттардың жедел медициналық жәрдемге қатысты азаматтармен теңдей құқығы айтылады, сонымен бірге жоспарлы медициналық жәрдем жұмыс берушінің міндеті ретінде айқындалады. Еңбек көші-қоны жөніндегі басқа мемлекеттермен екі жақты келісімдерде еңбекші-мигранттарға медициналық жәрдем көрсету мәселелері айтылмайды не олар жұмыс берушінің есебінен өтелуге тиіс деп көрсетіледі.Ұлттық заңнама шеңберінде еңбекші-мигранттар мен олардың отбасы мүшелерін қоса,шетелдіктердің медициналық жәрдемге қол жетімділігі Үкіметтің 2006 жылғы 16 қазандағы № 997 қаулысымен бекітілген арнайы ережелермен реттеледі. Олардың күші Қазақстанды уақытша және тұрақты мекендейтін шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға да таралады және мәртебелері реттелмеген мигранттарға қатысты қандай да бір шектеулерді көздемейді. Тегін медициналық көмек келген жері бойынша көрсетіледі және мигранттың визасының болуы немесе тіркеуінің болуымен байланысы жоқ. Шетелдіктерге ақысыз негізде жедел медициналық жәрдем мен айналасындағыларға қауіп төндіретін дертпен науқастанған кезде медициналық көмек көрсету көзделген. Өзге медициналық қызметтер шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға олардың меншікті қаражатының, олардың жұмыс берушілерінің қаражатының, ерікті медициналық сақтандыру мен Қазақстан Республикасы заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздердің есебінен көрсетіледі. Оралмандардың Қазақстан Республикасының азаматтары үшін көзделген тегін медициналық көмектің толық көлемінде пайдаланатынын атап көрсету керек.

2. Тұрғын жаймен қамтамасыз ету

Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пактінің 11-бабы 1-тармағында Осы Пактіге қатысушы мемлекеттер әркімнің өзі үшін және оның отбасы үшін жеткілікті тамақ, киім мен тұрғын үйді қамтитын, жеткілікті өмір сүру деңгейіне және өмір сүру жағдайларын үздіксіз жақсарту құқығын таниды деп көрсетілген. Экономикалық,
әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі комитет барабар тұрғын жайға құқық жөніндегі негізгі түсініктемесінде барабар тұрғынжайға құқық барлық адамдарға, сондай-ақ жасына, экономикалық мәртебесіне, тобына немесе басқа да тиістілігіне немесе мәртебесіне және басқа да осыған ұқсас факторларға қарамастан, олардың барабар тұрғын жайға құқығы бар
отбасыларына қолданылады деп атап көрсетілген. Сонда бұл құқыққа ие болуда, қандай да болмасын кемсітушілік нысаны болмауға тиіс деп көрсетіледі. ХЕҰ-ның № 97 Еңбекші- мигранттар туралы Конвенциясында (қайта қаралған)72, Барлық еңбекші-мигранттар мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қолдау туралы Халықаралық конвенцияда73 еңбекші-
мигранттарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге қатысты Қазақстан еңбекшілерімен теңдей мүмкіндіктер көзделеді. Сонымен қатар, мүмкіндіктер теңдігі қағидасы тұрғын жайды меншікке сатып алу құқығына, оны меншікке беру кезінде түрлі субсидиялар мен өзге де әлеуметтік көмек нысандарына қолданылмайды. Қазақстанның еңбек көші-қоны жөніндегі
екі жақты келісімдері деңгейінде тиісті мәселелер көрініс таппаған не еңбекші-мигранттарды гигиена мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі еңбек көші-қонының құқықтық механизмдері
Көші - қонның шарықтау шегі
Жұмысшы күшінің Қазақстандағы жағдайы
Қазақстан Республикасына шетел жұмысшыларын жұмысқа тарту мәселесі: халықаралық құқықтық қырлары
Жұмысшы күші миграциясының мәселелері
Халықаралық жұмыс күшінің қозғалысы
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҰМЫС КҮШІНІҢ МИГРАЦИЯСЫ
Көші - қон саласындағы ішкі істер органдарының қызметі
Халықтың көші - қоны саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
Еңбекті қорғау мен еңбек заңнамасының сақталуын қадағалау мен бақылау бойынша құқықтық қатынастар
Пәндер