Қызметкерлердің жекелеген түрлерінің еңбегінің қорғалуы



ЖОСПАР
Кіріспе

1. Еңбек саласындағы әйелдердің құқықтық жағдайы
2. Кәмелетке толмағандардың еңбегін қорғау
3. Мүгедектердің еңбектік сауығуын құқықтық реттеу

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Конституциямен өзін әлеуметтік мемлекет деп жариялаған Қазақстан Республикасы тұлғаның еркін дамуы үшін, оның өмір сүру деңгейінің жоғарлауы үшін жағдайларды қамтамасыз етуден белгілі бір міндеттерді мойнына алып, өзінің әлемдік құндылықтардың жолын ұстайтынын растады. Әлеуметтік мемлекет теориясы жеке еркіндік пен теңдіктің, тұлғалардың еркіндігін қамтамасыз етуге мемлекеттің қатысуының үйлесімділігін білдіреді. Әлеуметтік мемлекеттік қорғалмаған адамдарды қолдау, қорғау, қамқорлыққа алу, қоғамның гуманизациялану идеясын қабылдайды. Ағзасының белгілі бір физиологиялық, психологиялық ерекшеліктеріне байланысты еңбек нарығында анағұрлым әлсіз, бәсекеге түсе алмайтын, соның салдарынан мемлекет тарапынан ерекше қолдау мен қорғауды қажет ететін жалдамалы жұмысшылар тобын құрайтын азаматтардың белгілі бір санаты бар. Бұл азаматтар олардың ағзаларының физиологиялық ерекшеліктерінен көрінетін айрықша субъективті қасиеттерге ие. Сондықтан олардың денсаулықтарына кері әсер ететіндіктен, олар еңбек функциясын жалпы негіздерде атқара алмайды. Нақты осы жағдайда еңбек құқығына аталған тұлғалардың еңбек құқықтарын қорғау, олардың қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жүктелген. Сонымен, қандай субъектілер мемлекет тарапынан ерекше қорғауды қажет етеді. Аталған санаттағы азаматтарға еңбек құқығы әйелдерді, кәмелетке толмағандарды және мүгедектерді жатқызады. Құқық әйел ағзасының әлеуметтік ана болу функциясын, жасөспірімнің қатаймаған, даму үстіндегі ағзасын, оның психикасының, жеке қасиеттерінің әлі қалыптаспағанын, мүгедектердің шектелген еңбек қабілеттігін ескерген.
Осы жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін қорғау мәселесінің өзектілігі соңғы кездері белең алып отырған өндірістегі адам шығынына алып келген жазатайым оқиғалардың жиілей түсуі, техникалық, санитарлық-гигиеналық және өзге де қауіпсіздік талаптардың сақталмауы салдарынан қызметкерлердің мүгедек болып қалу жағдайларының кең етек жаюынан көреміз. Осы жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасындағы жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін қорғауды құқықтық реттеудің мәселелерін зерттеу болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:
1. Өндірістегі әйелдер еңбегінің қауіпсіз жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған түрлі шаралардың мазмұнын ашу;
2. Қазақстан Республикасының заңнамаларында, кәмелетке толмағандардың еңбегін қорғауға қатысты мәселелерді анықтау;
3. Мүгедектердің әлеуметтік-құқықтық айықтыру ұғымының негізгі бағыттарын көрсету.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Нургалиева Е.Н. Механизм правового регулирования труда. – Алматы: Жеті Жарғы, 1996.
2. Нурмагамбетов А.М. Рынок труда: правовые проблемы и перспективы. – Алматы: ТОО «Баспа», 1998.
3. Уваров В.Н. Государственная служба. – Алматы, 1996.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе

1. Еңбек саласындағы әйелдердің құқықтық жағдайы
2. Кәмелетке толмағандардың еңбегін қорғау
3. Мүгедектердің еңбектік сауығуын құқықтық реттеу

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Конституциямен өзін әлеуметтік мемлекет деп жариялаған Қазақстан Республикасы тұлғаның еркін дамуы үшін, оның өмір сүру деңгейінің жоғарлауы үшін жағдайларды қамтамасыз етуден белгілі бір міндеттерді мойнына алып, өзінің әлемдік құндылықтардың жолын ұстайтынын растады. Әлеуметтік мемлекет теориясы жеке еркіндік пен теңдіктің, тұлғалардың еркіндігін қамтамасыз етуге мемлекеттің қатысуының үйлесімділігін білдіреді. Әлеуметтік мемлекеттік қорғалмаған адамдарды қолдау, қорғау, қамқорлыққа алу, қоғамның гуманизациялану идеясын қабылдайды. Ағзасының белгілі бір физиологиялық, психологиялық ерекшеліктеріне байланысты еңбек нарығында анағұрлым әлсіз, бәсекеге түсе алмайтын, соның салдарынан мемлекет тарапынан ерекше қолдау мен қорғауды қажет ететін жалдамалы жұмысшылар тобын құрайтын азаматтардың белгілі бір санаты бар. Бұл азаматтар олардың ағзаларының физиологиялық ерекшеліктерінен көрінетін айрықша субъективті қасиеттерге ие. Сондықтан олардың денсаулықтарына кері әсер ететіндіктен, олар еңбек функциясын жалпы негіздерде атқара алмайды. Нақты осы жағдайда еңбек құқығына аталған тұлғалардың еңбек құқықтарын қорғау, олардың қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жүктелген. Сонымен, қандай субъектілер мемлекет тарапынан ерекше қорғауды қажет етеді. Аталған санаттағы азаматтарға еңбек құқығы әйелдерді, кәмелетке толмағандарды және мүгедектерді жатқызады. Құқық әйел ағзасының әлеуметтік ана болу функциясын, жасөспірімнің қатаймаған, даму үстіндегі ағзасын, оның психикасының, жеке қасиеттерінің әлі қалыптаспағанын, мүгедектердің шектелген еңбек қабілеттігін ескерген.
Осы жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін қорғау мәселесінің өзектілігі соңғы кездері белең алып отырған өндірістегі адам шығынына алып келген жазатайым оқиғалардың жиілей түсуі, техникалық, санитарлық-гигиеналық және өзге де қауіпсіздік талаптардың сақталмауы салдарынан қызметкерлердің мүгедек болып қалу жағдайларының кең етек жаюынан көреміз. Осы жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасындағы жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін қорғауды құқықтық реттеудің мәселелерін зерттеу болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:
1. Өндірістегі әйелдер еңбегінің қауіпсіз жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған түрлі шаралардың мазмұнын ашу;
2. Қазақстан Республикасының заңнамаларында, кәмелетке толмағандардың еңбегін қорғауға қатысты мәселелерді анықтау;
3. Мүгедектердің әлеуметтік-құқықтық айықтыру ұғымының негізгі бағыттарын көрсету.

1. Еңбек саласындағы әйелдердің құқықтық жағдайы

Қазақстан Республикасы Констиутциясының 24-бабының 2-бөлігіне және Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы Заңның 4-бабының 1-бөлігіне сәйкес әрбір азамат өзінің еңбек құқығын ешбір шектеусіз жүзеге асыруына тең мүмкіндікті иеленеді. Өкінішке орай, тәжірибеде жалғыз норманы ғана қабылдау әрқашан оң нәтижеге әкеле бермейді. 1999 жылы елімізде жедел тәртіппен бірқатар реформалар жүргізілді. Қазақстан Республикасының Парламентінде кейбір заң жобалары жедел графигімен қарастырылып өтті. Бірақ халықтың және мүдделі органдар мен ұйымдардың арасында талқыға салынбай заң қабылдаудың мұндай тәсілі көп балалы отбасылардың құқытырына, мүгедектерге, кейбір санаттағы жұмысшыларға және әйелдердің құқықтық жағдайына кері әсерін тигізді.
Мұндай негативті реформалауға көбінесе еңбек саласы ұшырады. 1999 жылдың аяғында Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы заң қабылданды. Бірақ ол Қазақстан әйелдерінің еңбек құқығын реттеуде оң өзгерістер бермеді. Әйелдердің еңбек құқықтарына мемлекет пен заң шығарушы тарапынан тиісті көңіл бөлінбеді.
Кейбір мамандардың бағалауы бойынша 2006 жылы халық шаруашылығында жұмыспен қамтылғандар саны 6127,6 адам, олардың ішінде әйелдер саны 2806,4, яғни барлық жұмыспен қамтылғандардың 45,8% құрайды. Бұның ішінде әйелдердің көп бөлігі денсаулық сақтау, дене шынықтыру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында жұмыс істейтіндердің жалпы санының 82%-ын құрайды, білім беру саласында - 77%, қоғамдық тамақтандыру және ақпарттық-есептеу қызметі саласында-76%, мәдениет -70%, сауда-саттық - 63%, қаржы, несие және сақтандыру саласында - 66%.
Әйелдердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғау саласына мемлекет пен заң шығарушы тарапынан тиісті көңіл бөлінбеудің салдары статистикадан мынадай көрініс тапты. Қазақстанның халық шаруашылығының негізгі салаларына әрбір оныншы әйел санитарлық-гигиеналы нормаларға сай келмейтін жағдайларда еңбектенуде, 138 мыңға жуығы түнгі ауысымда жұмыс істесе, әр жүзінші әйелге ауыр физикалық еңбек жүктелеген. 40 мыңға жуық әйел шу мен вибрацияның жоғары деңгеінде, 64 мыңы ауасы лас және шаң жағдайда, 26 мыңы қолайсыз температурада жұмыс істейді.
2001 жылы Қазақстанда әйелдер арасындағы өндірістік жарақаттың төрт мыңға жуық жағдайы тіркелді. Бұл өндірісте жарақаттанғандардың жалпы санынан 15% құрап отыр. 47 әйел қаза болды. Одан кейінгі өндірістік жарақаттар жөнінде мәліметтер жоқ, бірақ 2000 жылы өндірістегі әйелдердің өлімі 6,1% пайыз құрағаны белгілі - 17 әйел қазаға ұшыраған.
Әйелдерге тек еңбек етуге ғана емес, сондай-ақ бұл құқығын толық, жан-жақты жүзеге асыруына мүмкіндік беру қажет. Тамырымен жоймасақ та, әйелдердің еңбек қызметін жүзеге асыруына кері әсер ететін мән-жайларды барынша азайтуға шаралар қолдану қажет.
Жұмысшы әйелдердің ерекше бір санаты - бұл жүкті әйелдер және жас балалары бар әйелдер. Қазақстан Республикасының заңнамасында олардың құқығын қорғайтын кейбір шаралар қарастырылған. Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы Заңның 23 бабы 3-бөлігіне сәйкес жүкті әйелдердің медициналық қорытындыға сәйкес ауыр және қолайсыз өндірістк факторлардың әсері болмайтын басқа жұмысқа бұрынғы жұмысындағы орташа айлық жалақысы сақтала отырып ауыстырылуы қарастырылған. Бұдан басқа аталған заңның 48-бабының 2-бөлігінде жүкті әйелдерді түнгі уақытта жұмысқа тартуға олардың келісімімен ғана жол беріледі делінген.
Аталған нормалар кеңестік заңнамада алғашқы қабылданған сәттен айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған. Еңбек туралы заңдар Кодексіне сәйкес жүкті әйелдер түнгі уақытта жұмысқа жіберілмеген, оларды орташа жалақысы сақтала отырып жеңілірек жұмысқа ауыстырған. Сонымен бірге, жүкті әйелдерге айтарлықтай мөлшерде жеңілдіктер қарастырылған. Нарықтық экономика мен жұмыссыздықтың өсуі, еңбек ресурстарының үлкен мөлшері, өндірістің өсу деңгейінің төмендегі жағдайында жүкті әйелдерге түнгі уақытта еңбектенуге тыйым салу дәстүрлі әйелдер саласында еңбектенуді таңдау мүмкіндігін шектейді. Сондықтан жүкті әйелдерге олардың келісімімен түнгі уақытта еңбектенуге рұқсат беруді жақсы жетістікке жатқызуға болады.
Қазақстан Республикасында әйелдерге жүктілігі мен босануы бойынша босанғанға дейін ұзақтығы жетпіс күнтізбелік күнге, босанғаннан кейін елу алты (ауыр босанаған немесе екі не одан да көп бала туған жағдайда жетпіс) күнтізбелік күнге демалыс беріледі. Есептеу жиынтықтап жүргізіледі және демалыс әйелдің ұйымда жұмыс істеу ұзақтығына қармастан, жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүктілігіне және босануы бойынша осы кезеңге төленген жәрдемақыны босанғанға дейін нақты пайдаланған күндерінің санына қармастан оған толық беріледі (Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы Заңның 66-бабы).
Еңбек саласындағы әйелдердің құқықтық жағдайы бөлімі бойынша мынадай қорытынды жасауға болады:
1. Адамзат тіршілігінің барысында еңбек оның негізгі нысаны және дамуының басты механизмі болған және болуда.
2. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару
Еңбекті қорғау пәнінен лекция тезистері
Еңбекті қорғау пәнінен семинар сабағына арналған әдістемелік нұсқау
Әйелдердің еңбегін қорғауды құқықтық реттеу
Жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін қорғау (әйелдер, кәмелетке толмағандар мен мүгедектер)
Қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін құқықтық реттеу
Еңбек қорғау пәнінен дәрістер
Енбек құқығы субъектілері
Еңбекті қорғауғаудың түсінігі және пәннің мазмұны.Еңбекті қорғау саласының міндеті және қағидалары
Жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін қорғау. Еңбек саласындағы әйелдердің құқықтық жағдайы.
Пәндер