Еңбекті қорғау саласындағы еңбек дауларын реттеу ерекшеліктері


ЖОСПАР
КІРІСПЕ
1. Еңбекті қорғау саласындағы даулардың түсінігі мен түрлері
2. Еңбек дауларын қарау жөніндегі органдар.
3. Еңбек дауларын қараудың тәртібі.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Бүгінде елімізде еңбек даулары мәселесі алдынғы орындардың бірінде.
Қазақстан Республикасында ұжымдық еңбек дауларын шешу тәpтiбi мен әдістерін, сондай-ақ ереуіл жасау құқығын жүзеге асыру тәртібін реттейтін құқықтық негіз 1996 жылы шілденің 8-інде қабылданған «Ұжымдық еңбек даулары мен ереуілдер» туралы Қазақстан Республикасының Заңы болды.
Еңбек дауларын құқық қатынастарының түрі бойынша еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтын жеке еңбек даулары және еңбек ұжымы мен жұмыс беруші арасында туындаған ұжымдық еңбек даулары болып екіге бөлінеді. Қазіргі кезде ұжымдық еңбек дауларының мәселелері, оның ішінде ұғымы, классификациясы әлі толық зерттелмеген.
Бұл тақырыптың мақсаты еңбек құқығындағы еңбек дауларының түсінігін терең түсіну болып табылады. Міндеті:
1. Еңбек дауларының түсінігі.
2. Жеке және ұжымдық еңбек дауларының пайда болу негіздері.
3. Еңбек дауларын қарайтын органдар туралы анықтама беру.
- Еңбекті қорғау саласындағы даулардың түсінігі мен түрлері
Еңбек дауының ұжымдық және жеке сияқты екі түрі бар. Жеке еңбек дауы - қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек туралы зандарды қолдану мәселелері жөніндегі, жұмыс беруші мен қызметкерлер арасында бұрын реттелмеген жеке еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын орындау туралы келіспеушіліктер.
Еңбек даулары екі сатыдан: тараптардың келісімі бойынша немесе сот тәртібімен қаралады. Тараптардың келісімімен еңбек дауларын келісім комиссиясы қарауы мүмкін. Келісім комиссиясы тараптардын бірлескен шешімі бойынша жұмыс берушілер мен қызметкерлердің саны тең өкілдерінен тепе-тең негізде құрылады. Қызметкерлердің өкілдері келісім комиссиясына ұйымның жалпы жиналысында сайланады. Жұмыс берушінің өкілдерін ұйым басшысы тағайындайды. Келісім комиссиясын ұйымдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жұмыс беруші жүзеге асырады. Келісім комиссиясы өз кұрамынан комиссияның төрағасы мен хатшысын сайлайды.
Келісім комиссиясы арыз берушінің өтінішін ол берілген күннен бастап үш күн мерзімде қарайды. Оны қарау нәтижелері бойынша келісім комиссиясының шешімі қабылданып, арыз берушіге беріледі. Келісім комиссиясының арыз берушінің талабын қанағаттандырған шешімін қарсы тарап үш күн мерзімде орындайды. Егер де қызметкер келісім комиссиясының шешімімен келіспесе үш айдың ішінде еңбек дауы бойынша сотқа арыздануға құқығы бар.
Қызметкерлер еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтын талаптар бойынша сотқа жүгінген жағдайда олар мемлекет кірісіне сот шығындарын(мемлекеттік баж бен істің қаралуына байланысты шығыстарды) төлеуден босатылады.
Ұжымдық еңбек даулары - ұйымдарда еңбек жағдайларын белгілеу мен өзгертуге және еңбекке ақы төлеуге, ұжымдық шарттар мен келісімдер жасасуға, оларды орындауға байланысты, сондай-ақ қолданылып жүрген заңдардың, ұжымдық шарттар мен келісімдердің ережелерін қолдану мәселелері бойынша жұмыс беруші (жұмыс берушілер бірлестігі) мен қызметкерлер ұжымдары (қызметкерлер өкілдері) арасындағы келіспеушіліктер. Ұжымдық еңбек даулары карау бітістіру комиссиясы, еңбек төрелігі, делдал және ереуілге шығу сияқты төрт сатыдан тұрады.
Еңбек ұжымының ұйымдарда еңбек жағдайларын белгілеу мен өзгерту және еңбекке ақы төлеу, бір жағынан, қызметкерлер ұжымымен, екінші жағынан жұмыс беруші арасында ұжымдық шарттар мен басқада келісімдерді жасасу, өзгерту және орындау мәселелері бойынша еңбек ұжымының талаптары жалпы жиналыста (конференцияда) осы ұжым мүшелерінің не конференция делегаттарының көпшілік дауысымен жасалып, бекітіледі.
Ұжым қойған талаптар жазбаша түрде баяндалып, жұмыс берушіге жіберіледі. Жұмыс беруші еңбек ұжымы қойған талаптарды олар алынған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей карап, даудың мәні бойынша келісімге қол жеткізуге әрекет жасауға, ал аталған мерзім ішіңде келісімге қол жетпеген жағдайда дауды одан әрі қарау үшін өз өкілдерінің жеке құрамын көрсете отырып өзінің шешімі мен ұсыныстарын жазбаша түрде еңбек ұжымының назарына жеткізуге міндетті.
Екі және одан да көп еңбек ұжымдарынын біріккен немесе бірлескен талаптары жұмыс берушілердің (кәсіпкерлердің) тиісті органдарына жіберіледі, олар осы талаптарды қарауға және олар алынған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде өз шешімі туралы еңбек ұжымдарының біріккен өкілді органына хабарлауға міндетті.
- Еңбек дауларын қарау жөніндегі органдар.
Еңбек дауларын қарастыратын органдарға мыналар жатады:
- басшылық және/немесе кәсіподақ органы (еңбектің жеке жағдайларын белгілеу немесе өзгерту туралы) ;
- келісім комиссиялары (тараптардың келісімі бойынша) ;
- бітімгершілік комиссиялары және еңбек арбитраждары (еңбек және тұрмыстың жағдайларын өзгертуге және жаңа жағдайларды белгілеуге, ұжымдық шарттарды және өзге де келісімдерді бекітуге және орындауға байланысты) ;
- жоғары тұрған ұйым;
- сот
Келістіру комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) жұмыс берушінің өкілдері мен қызметкерлер өкілдерінің тең мүшелеріне тепе-тең негізде құрылады. Қызметкерлер өкілдерін келістіру комиссиясына ұйымның жалпы жиналысы (конференция) тағайындайды. Жұмыс берушілер өкілдерін Комиссия құрамына ұйымның басшысы тағайындайды. Жұмыс беруші өкілдерінің саны жалпы жиналыста белгіленген қызметкерлер өкілдерінің санына сай келуге тиіс. Комиссияның сандық құрамы мен оның өкілеттік ететін мерзімін тараптардың өкілдері белгілейді. Комиссия мүшелері алғашқы ұйымдастыру мәжілісінде өз кұрамынан төраға мен хатшыны сайлайды. Комиссияның төрағасы мен хатшысы егер олар үшін Комиссия мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берсе сайланған деп саналады. Комиссияның төрағасы болып кез келген тараптың өкілі сайлануы мүмкін. Келістіру комиссиясын ұйымдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді (жабдықталған үй-жайлар, оргтехника, кажетті әдебиеттер беру, іс жүргізуді, қызметкерлердің өтініштерін есепке алу мен сақтауды ұйымдастыру, шешімдердің көшірмелерін дайындап, беру және т. б. ) жұмыс беруші жүргізеді.
Комиссия еңбек үрдісі кезінде қызметкер мен жұмыс беруші арасында туындайтын еңбек дауларын қарау жөніндегі орган болып табылады. Комиссия: 1) басқа жұмысқа ауысу және басқа жұмысқа ауысу кезінде еңбекақы төлеу; 2) жеке еңбек шарттарының талаптарына өзгерістер енгізу; 3) жұмыс уақытының режимі, еңбек тәртібі; 4) демалыстың ұзақтығы, соның ішінде жыл сайынғы демалыстың ұзақтағы; 5) тәртіптік шаралар қолдану туралы; 6) еңбекке ақы төлеу және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі еңбек дауларын; 7) еңбек туралы зандар, жеке және ұжымдық шарттарды қолдану мәселелері жөніндегі басқа да дауларды карауы мүмкін.
Еңбек туралы зандарда өзгеше көзделмегендіктен қызметкер еңбек дауларын қарау үшін Комиссияға азаматтық зандарда белгіленген мерзімдерде өтініш жасауға құқылы. Комиссияға келіп түскен қызметкердің өтініші комиссия хатшысында міндетті түрде тіркелуге тиіс. Өтінішті алудан бас тартуға жол берілмейді. Хатшы өтінішті дәлелденген шешімдер шығаруға тиісті Комиссияның қарауына беруге міндетті.
Комиссияның отырысы, әдетте, жұмыстан тыс уақытта өткізіледі. Егер белгілі бір себептермен еңбек дауларын жұмыстан тыс уақытта қарау мүмкін болмаса сол ұйымда жұмыс істейтін комиссия мүшелеріне, қызметкерге, куәгерге, сарапшыға және басқа қатысушыларға ұжымдық шарт негізінде, ал ол жасалмаған болса жұмыс берушінің шешімімен жалақысы сақтала отырып уақыт беріледі. Еңбек дауы өтініш берген қызметкердің қатысуымен қаралады. Қызметкердің өзі болмағанда дауды қарауға оның жазбаша өтініші бойынша ғана жол беріледі. Қызметкер Комиссия отырысына келмеген жағдайда өтінішті қарау кейінге қалдырылады. Қызметкер екінші рет себепсіз келмей қалған жағдайда Комиссия бұл өтінішті қараудан алып тастау туралы шешім шығарады, ал бұл қызметкерді тағы да өтініш жасау құқығынан айырмайды. Бұл жағдайда өтініш алғаш рет түскен ретте қаралады. Комиссия істің мән-жайын анықтау үшін отырысқа куәгерлерді, мамандарды шақыруына болады. Егер Комиссия мүшелерінің кемінде жартысы, қызметкерлер өкілдері мен жұмыс берушілер өкілдері тепе-тең процентпен қатысса оның отырысы өкілетті деп саналады.
Комиссияның әрбір отырысында еңбек дауларын қараудың барысы жазылатын белгіленген нысан бойынша хаттама жүргізілуі керек. Қарау нәтижелері бойынша келістіру комиссиясы шешім шығарады. Шешімге отырыс біткесін төраға мен хатшы қол қояды. Комиссия отырысының шешімінің көшірмесі үш күн ішінде қызметкер мен жұмыс берушіге тапсырылады. Комиссия шешіміне айрықша талап қойылады, ол тиянақты, үзілді-кесілді болуы және оның мүшелерінің басым көпшілік дауысымен қабылдануға тиіс. Жекелеген мүшелер көпшілік пікірімен келіспеген жағдайда олар өз пікірлерін білдіріп, ол хаттамаға тіркеледі.
Шешім әкімшілікке үндеу ретінде рәсімделмеуге тиіс (мәселен, «жұмыс берушіден өтінуге», «директорға ұсыныс беруге» және т. б. ) . Онда: қызметкердің талабы қанағаттандырылғаны немесе одан бас тартылғандығы, егер ішінара қанағаттандырылса, нақты қай бөлігіне қатысты қанағаттандырылғаны және бас тартылса қандай себептермен бас тартылғаны көрсетіледі. Ақшалай талаптар мәселелері бойынша шешімде қызметкерге тиесілі нақты сома көрсетілуге тиіс. Комиссия шешімінің күші міндетті, ол қайсыбір дәлелдемелерді керек етпейді. Шешім дәлелді болуға, еңбек туралы қолданылып жүрген заңдар мен жеке және ұжымдық шарттарға, ішкі күн тәртібі мен нұсқаулықтарға негізделуге тиіс. Егер Комиссияның шешімдерін атқару барысында тараптар арасындағы дауды түсіндіруде келіспеушіліктер туындаса, онда ол алғашқысын түсіндіретін қосымша шешім шығаруға құқылы.
Өтініш иесінің талаптарын қанағаттандырған келістіру комиссиясының шешімін келесі жақ үш күн мерзімде атқарады (Еңбек туралы заңның 100-бабы) . Комиссияның еңбек даулары женіндегі шешімімен келіспеген жағдайда қызметкер немесе жұмыс беруші үш айдың ішінде сотқа шағымдануға құқылы.
Еңбек туралы заң актілері мен басқа да нормативтік құқықтық актілерді қолдану (олардың орындалмауы немесе бұзылуы) жөніндегі ұжымдык еңбек даулары тараптардың бір өкілінің өтініші бойынша сотта қаралуға тиіс. Жұмыс беруші өз шешімін еңбек ұжымының назарына жеткізген не жұмыс беруші хабарламаған күннен бастап күнтізбелік үш күн мерзім ішінде бітістіру камиссиясы құрылады. Бітістіру камиссиясы - ұжымдық еңбек дауын тараптарды бітістіру жолымен реттеу үшін жұмыс беруші мен еңбек ұжымы арасындағы келісім бойынша құрылатын орган. Бітістіру комиссиясы еңбек ұжымының талаптарын өзі құрылған күннен бастап күнтізбелік жеті күннен аспайтын мерзімде қарайды. Бітістіру рәсімі процесінде комиссия еңбек ұжымымен, жұмыс берушімен, жергілікті атқарушы органмен, өзге де мүдделі ұйымдармен кеңеседі. Комиссия шешімі келіссөздер негізінде тараптар арасындағы келісім бойынша қабылданады, тараптардың өкілдері қол қоятын хаттамамен рәсімделеді және оның тараптар үшін міндетті күші болады. Белгіленген мерзімде бітістіру комиссиясыңда келісімге қол жетпеген жағдайда бітістіру комиссиясының жұмысы тоқтатылады, ал дауды шешу үшін еңбек төрелігі құрылады.
Ұжымдык еңбек даулары бітістіру рәсімдері тәртібімен қаралады. Бітістіру рәсімдері дегеніміз жұмыс беруші қабылдамаған немесе ол ішінара қанағаттандырған талаптар әуелі бітістіру камиссиясында, ал онда келісімге қол жеткізілмеген жағдайда - еңбек төрелігінде қарау
Еңбек төрелігі - бітістіру комиссиясында келісімге қол жетпеген жағдайда, дауды шешу үшін уәкілетті тұлғаларды тарта отырып ұжымдық еңбек дауына қатысушы тараптар құратын, уақытша жұмыс істейтін орган.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz