Сентиментализм


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Филология факультеті

Қазақ әдебиеті кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Сентиментализм

Қарағанды - 2014

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Сентиментализмнің дүниеге келуі
  2. Қазақ прозасы және сентиментализм

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Әдебиеттануда көркемдік әдіс ұғымымен етене бағыт, ағым, стиль, әдеби мектеп, әдеби топ деген түсініктер де бар. Бұлардың барлығы да түптеп келгенде бірнеше суреткер шығармашылығына тән ортақ сипат-белгілерден туындайды. Ал ортақ белгілер дегенде, жазушының әлеуметтік идеялық, позициялық тұрғыдағы ұқсастық мәселелерін түсінген жөн.

Әдеби бағыт және ағым - көптеген жазушылардың, топтар мен мектептердің шығармашылығына тән рухани және эстетикалық ұстанымдардың, сондай-ақ, осы ұстанымдардың өзара сәйкестігіне негізделген бағдарламалық-шығармашылық мақсаттардың, тақырыптардың, жанрлар мен стильдердің жиынтығы.

Бұл терминдерді түрліше түсіндіріп, түрлі мағынада қолдану әлі де жиі кездесіп жүр. Кейде оларды бір-бірінің орнына қолданса, кейде ағымды әдеби мектеппен немесе топпен теңестіреді, бағытты көркемдік әдіспен немесе стильмен бірдей түсіну де ұшырасады. Осы тұста айта кеткен жөн, ағымдар мен бағыттардың күресі мен алмасуы кезінде әдеби үрдістердің негізгі заңдылықтары айрықша анық байқалады.

Бағыт көркемдік мазмұнның рухани-эстетикалық терең мәнін белгілейді. Бұл үлгідегі көркемдік мазмұн мәдени-көркемдік дәстүр бірлгінен, қаламгерлердің дүниетаным ұқсастығынан және олардың алдындағы өмірлік проблемалардың ортақтығынан, дәуір тудырып отырған әлеуметтік, мәдени, тарихи жағдайлардың ұқсастығынан шығады. Дегенмен, бір бағыттағы әр қаламгердің дүниетанымы, проблемаға қарым-қатынасы, оларды шешу жолдары мен тәсілдеріне қатысты түсінігі, идеялық және көркемдік концепциялары әр түрлі болуы әбден мүмкін. Соған орай бағыттың әдеби мектептер мен топтардан айырмашылығы айқындалады. Әдеби мектептер мен топтардың мүшелерін идеялық-көркемдік таным бірлігі, яғни бағдарламалық-эстетикалық тұтастық топтастырады. Ал бір бағытта бірнеше ағым, мектептің болуы ұшыраса береді. Демек, ағымдар бағыттың алуан түрлері болып табылады[1, 158] .

Осы кезеңге дейінгі әлемдік және ұлттық әдеби-теориялық білімдер жетістіктерін пайдалан отырып, аталған ұғымдардың өзіндік табиғаын анықтау, теориялық тұрғыдан нақты баға беру аса маңызды[2, 5] . Академик Р. Нұрғали: «Қазіргі әдебиеттану ғылымында әрі актуалды, әрі даулы теориялық мәселенің бірі - әдеби ағым және әдеби әдіс проблемасы» деп көрсеткен-ді [4, 206] .

Негізгі бөлім

ХYІІІ ғасырдағы еуропалық әдебиетте классицизм және рококо тәрізді көркем шығармашылық тенденциялармен қатар негізгі әдеби ағымдардың бірі болған сентиментализм қоғамдағы ағартушылық рационализм ұстанымдарының әлсіреуі кезінде туды. Өзінің атауын ағылшын жазушысы Л. Стерннің «Франция мен Италияға сентименталды саяхат» (1768) атты аяқталмаған романынан алған аталмыш ағым қоршаған әлемді танып білу мен адамның ақиқат дүниеге қатынасында салқын сана мен сарабдал ақылдан сезімшілдікті, «жүрек әмірін» немесе «сезім культын» бірінші кезекке қойды. Сентименталистердің ойынша, дүниедегі жамандық пен жақсылықтың, зұлымдық пен имандылықтың ең басты төрешісі - адамның сезімі. Олар өздерінің шығармашылығында сезім еркіндегі адам образын жасай отырып, өз концепцияларын адамның «табиғи таза қасиеттері, шынайылығы» ұғымынан өрбітті.

Кезінде З. Қабдолов сентиментализмнің теориялық мәселелерін сөз ете отырып, ағымның көркемдік дамуға тигізген оң ықпалы мен кемшілік тұстарын да бірдей көрсетуге тырысты. Зерттеуші пікірінше, «сентиментализм ағымы әдеби шығармаларға көл-көсір лиризм дамытты; классицизм тұсында тым аспандап кеткен асыңқы әуенді жерге түсірді; жұрт назарын арсы-гүрсі сырт әрекеттерден гөрі адамның ішкі сырына аударыңқырады; әдеби шығармалардың классицизм тұсында ұмыт қалған прозалық түрлерін туғызып, оларға әжептәуір табиғи, шыншыл сипат берді. Сөйте тұра сентиментализм классицизммен күресте біраз қажет нәрседен айрылып та қалды: әдебиеттегі ірі тақырыптардан аулақ әкетті; тіршіліктегі ұсақ-түйек, күйкі жайлармен көбірек әуестенді; адамның жеке қара басына ден қойыңқырап, қоғамдағы халықтық мәні бар келелі мәселелерден сырт қалып қойды. Сөйтіп, бұл ағымның ғұмыры да онша узаққа бармады» [5, 342] . Қарап отырсақ, ғалым тұжырымдарында өз дәуірінің салқыны байқалмай қалмайды. Әйтсе де бұл байламдарда ағымның түйінді-түйінді мәселелері қамтылған[2, 291] .

Еуропа әдебиетін зерттеушілердің пікіріне ден қойсақ, батыс Еуропаның жазба әдебиетіндегі сентиментализм ХYІІІ ғасырдың екінші жартысына ағылшындық Лоренц Стерннің «Франция мен Италияға сентименталдық сапар» атты романынан басталған. Стерннің ықпалымен, ХYІІІ ғасырдың екінші жартысында, Франция әдебиетінде сентименталды роман жанрын қалыптастырып, ағартушылық бағыт ұстанған Жан-Жак Руссо «Юлия, или Новая Элоиза» атты романы арқылы, көркем әдебиеттегі сентиментализмді қалыптастырды. Әлем әдебиеті онымен Руссо шығармасы арқылы танысады. Оның трактаттарын сентименталист жазушылар өздеріне бағыт-бағдар ретінде ұстану арқылы, адамның ішкі сезімін шеберлікпен қозғап жүрек сезімін нәзік сөйлете алатын дәрежеге жетеді. Сондықтан Руссо туындылары оқырманның көңіліне аяныш тудыра алатындығы үшін де құрметтелді. Сол ғасырда өмір сүріп ағылшын әдебиетінде ағартушылық бағыт ұстанған Ричартсон «Памела или Вознагражденная добродетель» деп аталатын хат түріндегі сентименталды романын Руссоның ықпалымен жазады. Бұл бастама Гетенің «Жас Вертердің азабы» атты сентименталды романын жазуға себепкер болып, неміс әдебиетінің абыройын асырды.

Ал орыс әдебиетіндегі сентиментализм, Еуропа әдебиетіндегі осы сентиментализмнің негізінде пайда болады. Оған ықпал еткен ХYІІІ-ХІХ ғасырдың басында орыс және еуропа әдебиетінде аударма өнерінің дамуы нәтижесінде Ж. Ж. Русссоның, Томсонның, Ричартсонның, Гетенің повестері орыс тіліне аударылып, орыс қоғамында қозғалыстар тудырады да, кейін ол жазба әдебиетіндегі ортақ байланыстар ретінде дамиды. 1789 жылы П. Ю. Львов «Российскую Памелу или историю Марии, добрдетельной поселянки» деген романын жазады. Кейін ол Ресей әдебиетіндегі сентименталды романдардың басы болып саналады. Оны И. М. Карамзиннің «Бедная Лиза» повесі мен А. И. Клушиннің «Несчастный М-в» деп аталатын туындылары жалғастырады[3, 40] .

Сентиментализм бірқатар елдерде танылып үлгергенімен, тарихи даму үрдісі сентиментализмге тән сезімталдықтың дүниені өзгертушілік қабілетіне деген сенмінің біртіндеп сөнуіне әкелді. Сезімталдық қасиеті әлеуметтік және жеке адам жарасымы болудан гөрі, сезім иесінің оңашада рухани жан дүниесінің іштей ләззаттанып, қиялдану тәсіліне айналды.

Сентименталистік шығармалар көбейген сайын, сентиментализмнің көркем әдебиеттегі маңызына күмән келтіріп, оның қалайда бір қоғамдық ой-пікір тудыратындығына сенбейтіндер көбейеді. Ол пікір 1960 жылға дейін жалғасады. Мәселен, 1966 жылы Софияда өткен халықаралық конгресте баяндама жасаған Х. Грассхофа: «Сентиментализм ешқандай ағымға жатпайды. Адамның ішкі жан күйзелісі мен толғанысынан, романтикадан немесе реалистік өтпелі сезімнен сентиментализм іздеуге бола ма?» десе, Н. Д. Кочеткова «Литература русского сентиментализма» деп аталатын зерттеуінде, сентиментализм терминін «предромантизммен» байланыстыруға қарсы болады. Л. В. Пумпянский: «Сентиментализм есть предромантическое направление, связанное с совершенно отчетливым морально-общественным мировозрением, мировозрением демократии, вступающей в глубокий конфликт с окружающим ее сословно -абсолютистским обществом и его государственностью» - дейді[13, 436] . Н. К. Пиксанов оған қарсы мынадай пікір айтады: «Мировоззрение сентименталистов - идеалистическое, взгляды умеренно- либральные, консервативные, в последнем счете реакционные». Орыс әдебиетінің тағы бір зерттеушісі П. А. Орлов былай дейді: «Утрата чувствительности пагубно отражается на всякого рода союзах, начиная с семьи и кончая государством. Среди чувств на первом месте у сентименталистов стояло сострадание, то есть способность «трогаться» несастиями другого и не только «трогаться», но стремиться облегчить их» [14, 268] .

Сентименталистер көз жастарын көлдете отырып, қоғамдық әділетсіздікті өзгерту керектігіне назар аударғылары келеді. Жамандықтың бәрін күш қолдану арқылы жеңу мүмкін емес, адамдардың аяныш сезімін оятып, жанын жылата отырып діттеген мақсатқа жетуге болады деген талап қоя отырып, идеалистік бағыт ұстанып, романтик ақын-жазушылардың шығармаларынан көрінеді. Өз бетінде көркем жанр бола алмаса да, көркем шығарманың сюжеті мен композициялық құрылысын құрастыруда, образ сомдауда оны ақын-жазушылар айналып өте алмайды. Олай болса, оның қолданылар ауқымы мол. Көбінде көркем шығарманы жаратушы суреткерлердің ішкі жан дүниелерінің нәзіктігі мен сезімталдығына байланысты күш алып отырады. Шығарманың көркемдік шындығы жанды тебірентіп жанарға жас үйіретіндей болуы керек. Жазушының шеберлігіне қарай, шығармада баяндалатын жағдай, табиғат суреттерімен, кейіпкердің ішкі сезім толқындарымен тығыз байланыста баяндалып, басынан өтіп жатқан мұңлы, қайғылы жағдайлармен астасып әсерлі болса ықпалдылығы артады[3, 41] .

Біздің назарымызды ерекше аударатын жағдай - сентименталистік ағымына етене делінетін принциптердің қазақ прозасының қалыптаса бастаған уақыттарынан-ақ анық көрінетіндігі. ХХ ғасырдың басындағы бірнеше жазушылардың шығармашылығынан байқалатын писсемистік әуендер мен күйреуіктік сарын қазақ әдебиетінде символистік, сентименталистік ағымдардың да орын тебе бастауымен байланысты. Зерттеуші Ф. Оразаев 1920 жылдар әдебиетіндегі басты сарындарды анықтауға көңіл бөлген болатын. Ол: «Біріншісі - символистік пессимистік сарын. Екіншісі - романтизм сарыны. Үшіншісі - сыншыл реализм сарыны. Келешекті болжай алмаған, өткенмен қоштасқысы келмейтін пессимист жазушылармен күрес жүргізе отырып, қазақ совет әдебиеті ірге тасын берік қалады», - дейді[8, 108] . Ғалым тікелей сентиментализмнің белгілерін көрсетпегенімен, аталмыш ағымның ілкі белгілерін тануға біршама жақындап келген. Қазақ әйелінің ауыр тағдырын, мүсәпір халін бейнелеген алғашқы романдардағы жаңа-жаңа өскіндей бастаған реалистік әдебиет нышандары, романтизмнің эстетикалық белгілері сентименталистік элементтермен араласып жүрді. Әсіресе ол С. Торайғыровтың «Қамар сұлуында», М. Кәшімовтың «Мұңлы Мәриямында», Ж. Аймауытовтың «Ақбілегінде» айқынырақ танылады. С. Торайғыровтағы сентиментализмнің писсимистік ыңғайдағы көрінісін Қамардың басына төнген ауыр қайғыдан құтылуға дәрменсіздігімен, тығырықтан шығатын жол табуға қауқарсыздығымен, болашаққа деген үмітінің сөнуімен түсіндіруге болады. Қамардың аяулы сезімдерінің жерге тапталуын солғындатпай беруге барын сала отырып, оған деген оқырманның елжіреушілігін тудыру үшін сентименталистердің қолданатын негізгі тәсілдерінің бірі - табиғаттың мұңды көрінісін, яғни пейзаждың «ішкі мағынасын» да пайдаланады. «Міне, бүгін кеш Қамардың некесін қиып ертең дүйсенбіге жөнелтпекші күні. Уа, дүние! Мұны естіген Қамар не халде, Омар не халде?. . Біраздан соң Қамардың басына түскен қайғы секілді түйдектелген ызғарлы ұшпаның бұлтымен аралас мейірімсіз кеш қараңғысы келіп жайлады» [9, 35] . Қаһарман тағдырына өзінің ортақтастығын айғақтау тек табиғат кейпі арқылы ғана емес, Қамар айналасының ауыр атмосферасын беру арқылы да дамытылады: «Бір қыздың қолтығына тығыла қарлыққан дауыспен өлеусірей булыға зарланып бүк түсіп жатқан - Қамар. Оның жан-жағына толған замандастары: «Есіл, Қамар-ай! Шыныңменен сол жауызға кетесің-ау?. . »дегендей қылып, «жан тәсілімде» қоштасқан секілді ығы-жығы, бірі басында, бірі аяғында мұңайысып отырыпалған. Көргенде көңіліңде жарты мысқал мейірім-шапқаты бар адамның жүрегі жарылып кете жаздайтындай бір аяушылық көріністе еді» [9, 35-36] . Бұл - жазушының Қамар халі арқылы оқырманға тікелей тіл қатуы. Жазушы оқырманға деген эмоционалдық әсерді үдету үшін сол уақыттың талғам-танымын ескере отырып қара сөзден гөрі өлең сөзді пайдалануды колайы көреді. Алғашқы романдардың барлығында дерлік кейіпкердің ішкі дүниесіндегі кемерінен асқан буырқанысты жеткізуге дәстүрлі поэтикалық формаға жүгіне отырып жеткізуді қолайы көреді. Бұл, бір жағынан, қазақ әдебиетіндегі өлеңдік дәстүрден прозалық түрге ауысу барысындағы қалыпты эволюция болса, екінші жағынан, өлеңнің қазақ үшін эстетикалық әсерін ескергендік болып табылады. С. Торайғыровтың аталмыш романында сентиментализмнің ағартушылық тенденциясын ұстанатындай. Сөйтіп автор өз ортасының заңдылықтарын бұзып-жарып шығуға талпынған, бірақ бұза алмаған кейіпкерді сомдай отырып сентименталистік морализм төңірегінен көрінді.

Сентименталистік эстетика ұстанымдары романтизм ыңғайындағы шығармалардын көрініп жатуы заңдылық болса, классикалық реализм үлгісінде жазылған шығармалардан орын тебуі қазақ прозасы дамуының алғашқы кезеңіндегі күрделі құрылымдық жүйелерден хабар береді. Сондай шығармалардың бірі - Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романы. Романдағы сентиментализмнің сипаттарын жазушының дара мақсаты деп емес, шығарма психологизмін тереңдетудің бір амалдары деп қараған дұрыс. Өйткені образды психологиялық талдауда, жеке тұлғаның ішкі иірімдерін барынша тереңдеп бейнелеуде сентиментализмнің өзіндік маңызды орны болды. Шығармада «көшкен орыстың жұртында бұралқы күшіктей қаңғырып» жалғыз қалған Ақбілектің қап-қара түнек ортасында қасқырлармен жанұшыра арпалысқан әрекеттері үстіндегі сурет арқылы қаламгер өзінің субъективті эмоциясын мейлінше таныта түседі. Автор мұнда өзінің оқиға сыртындағы ролін тоқтатып, дүлей қорқынышпен бетпе-бет қалған Ақбілекке шырылдай жаны ашып, араша түседі:

«Саялдық қара бұлттар-ау! Ақбілектің жанын тұншықтарған қара тұман аз болды дедіңдер ме, үстіне мұнша төнгенше, анау асқар таулардың басына төнсеңдерші!

Күздің сарғыш жапырақтары-ау! Кімді әлдилеп, сыбырлап тұрсыңдар? Қалың бұтаның қайғсызы, қамсыз бөденелері-ау! Несіне қара түнді жаңғырықтырып тұрсыңдар? Сұлудың жүрегін жанышқан ауыр шерді сендер сейілтем дейсіңдер ме?. .

Ызғырық-ау, ызылдағанша, жапанда жалғыз қалған баланың әкесіне хабар берсеңдерші!

Ой, мейірімсіз шіркіндер-ай! Сендердің тілдеріңді Алтайдың жаралы аруы білмейді ғой! Сендердің қас-қабағыңа қараймын, сендерге еркелеймін деп есіл сұлу мұндай күйге ұшырады ғой! Жел мен бұлттың алласына сенем деп сенделіп қалды ғой!. . » [6, 178-179] .

Бұл тұста жазушының салқынқанды сырттай бақылаушылығы аяқ астынан, кілт үзіліп кетіп, бірден субъективті эмоциясына ерік береді. Оқиға драматизмін, Ақбілек басындағы арпалысты ахуалды оқырман жан дүниесіне әсер етуге дәл келетін ең «қоздырғышты» көрініс ретінде таңдайды. Шығарманың бұл кесіндісіндегі микрокеңістік те сентименталистерше іріктеледі. «Дүниені қарауытып келе жатқан қара бұлт», «жау көргендей зым-зия жоғалған жұлдыздар», жапан түздегі «қиқайған қос» - бәрі-бәрі төніп келе жатқан үрей мен қорқыныш белгілері. Жүсіпбек сентименталистік лексиканың да атрибуттарын молынан пайдаланған. Экспрессивтік мағынадағы қаратпа сөздер, риторикалық сұраулар, ерекше мәндегі етістіктер - оқырманға беретін әсерді әлсіретпеудің амалдары.

Қазақ прозасында сентиментализмнің айқын көрінуі Ә. Ғалымовтың «Бейшара қыз», С. Дөнентаевтың «Көркемтай», М. Әуезовтың «Қыр суреттері», «Сөніп-жану» әңгімелерімен байланысты. «Бейшара қызда» Алтынай басына түскен қасірет таратылып айтылмайды. Жазушы қысқа жанр шартына сәйкес оның мұң-мұқтажының себептеріне бойламай, әбден сілікпесі шыққан Алтынайды «дайын күйде» ұсынады. Автор үшін қаһарманның жан ашырлық кейпін әсерлі ұсыну бәрінен де маңызды. Суреткер өзінің субъективті көңіл ауанын таныту үшін оқиғаны брінші жақтан баяндайды. Сентименталистік әдебиетте оқиғаның куәсы, тікелей қатысушысы аса үлкен маңыз атқарады. «Барсам не көзбенен көру керек: бейшара Алтынай бес-алты қатынның қолында бұрқыраған шашы бетін жапқан, үсті-басы ит талағандай, беті шиедей қан, ес-түс жоқ, аузына не келсе соны айтып диуана адам мысалында бұлғақтап келе жатыр. Бейшараны сол аяныш халінде үйіне әкеліп төсекке жатқызды» [12, 85] . Мұнда ғасыр басында бірқатар шығармаларда суреттелген әйел образдарындағыдай өз бақыты үшін күресу немесе өзінің аянышты халіне кіналы ортаға наразылық танытудың іздері де жоқ. Осы тақырыпты қозғаған басқа қаламгерлер туындыларындағы романтикалық сарын да байқалмайды, көркем бейне болмысында күрескерлік рух тіпті ишаратталмайды да.

Өмір әділетсіздіктерін адамның сезімталдық қасиеттерін ояту арқылы түзеуге ұмтылыс әсіресе, С. Дөнентаевтың «Көркемтай» әңгімесінде барынша көрініс тапты. Әңгімедегі асқан трагизмді, күйректік сарынды экзистенциализм ағымының өлшемдерімен қарауға келмейді. Көркемтайдың қайғы-құсасы «қатігез ортаның», «қатігез әлемнің» нәтижесі емес. Оның жетімдік зарына құлақ асатын ауыл адамдары, Ысқақтың келіні Нағима бар.

Жалпы, сентименталистер поэтикасында орталық образдың мұң-наласы, ауыр шеріне ортақтас бейнелердің болуы заңды. Өйткені автор өзінің сипатталып отырған сентименталды образдың тағдырына алаңдаушылығы, аяушылығы сияқты сезімдерінің біразы осы бейнелерге жүктеледі. Мұнда жазушы Көркемтай тагедиясын қарапайым тұрмыстық ортасымен байланыстырады да, сезім әсерінің күшімен ғана бөлектенетін кейіпкерге ден қояды. Жазушы қоғамдық-әлеуметтік шарттарға, олардың адам болмысына қатысына талдау жасамайды. Әкеден ерте айырылғанымен, шешесінің арқасында жетімдіктің зардабын тарта қоймаған Көркемтайдың қайғылы өмірі ананың дүниеден өтіп, Ысқақтың қолына амалсыз кіруінен басталады. Шығарма басында шешесінің арқасында жоқшылықтың не екенін білмеген, балалықтың дәуренін басынан кешіп жүрген Көркемтаймен танысамыз. Ал жетімдіктің зардабынан тағдыр әбден жұлмалаған, дүниенің базарынан мүлде шет қалған, құр сүлдерін сүйреткен Көркемтайды туынды оқиғасына қайта араластыру сәтінде жазушы оқырман жанын тебірентуге барын салады. Енді әңгіменің оқиғалық желісі көркем бейненің қайғылы халін барынша қоюлатып отыруға жұмсалады. «Ысқақтың шешесі жататын кереуеттің аяқ жағында ескі көрпеге оранған, басын бүркеген, домаланып қана біреу жатыр. Онымен ешкімнің жұмысы жоқ. Оны шайға да оятқан жоқ . . . Басындағы жаман бешпетін алып қалтасына қолын салып қарау-ақ мұң екен жылап жіберді . . . Бұл біздің Көркемтай еді. Шешесі өлгелі жылға жақындаған. Сонан бері Ысқақтың қолына кірген соң, жетімдік көріп, балаларынан қаққы жеп, бұрынғы тәрбие, бұрынғы тұрмыстарын өгейсіп шешесін уайымдап жылай беретін еді. Өзін өзі кем тұтып, уайымдаумен өте жүдеп кетті. Күндіз-түні ойлайтыны - шешесі» [7, 247] . Ысқақ пен балаларының Көркемтайдың жас жанына жара салуларының ең щарықтау шегі кішкентайынан өсірген көкбесті атына қол салуы оқиғасы. Айналаға баланың пәк көзімен қарайтын сентименталистік бейненің ең үлкен өмірден алған соққысы оның көңіл толқыныстарын ашудың басты кілті қызметін атқарып тұр[2, 297] .

Сентиментализм ағымына тән әдеби-эстетикалық компоненттердің романтизм элементтерімен араласа қолданысы М. Әуезовтың әңгімелерінен айқынырақ көзге түседі. Сана түкпірінде жатқан туған елге деген сағыныш, азаттық аңсары сияқты сарындар М. Әуезовке романтизмнің поэтикалық құралдарын сентиментализмге тән көркемдік компонеттерімен қатарласа қолдануына алып келді. Бұған «Қыр суреттері» топтамасындағы «Қысқы түн», «Қысты күнгі дала» новеллаларын талдау барысында көз жеткіземіз. Екі шығармада да жыл мезгілдерінің бірі қыс пейзажы, негізінен, реалистік таныммен қабылданады. «Қыстың ұзақ түні. Үлкен таудың ішінде жел гуілдеп соғып, ақ боран ұйытқып ойнап тұр. Қараңғы, тұманды түннің жанды шошытатын суығы қаһарлы. Ашуы келіп, аласұрған қатты дауыл бетіне қарсы қараған затты жерге қаққандай болып, құлшынып тұр. Ысқырып, бұлқынып, жынданып келе жатқан жолында беті қара жатрас, жапырағынан айрылған әлсіз ағаш, қарауытқан кішкене қора көрінсе де екпіндеп келіп, кеудесімен соғып, ақ түтек боранның қиыршықтанған ақ тозаңын шашып, беттерін дамыл алмай көміп тұр . . . Ақ боран көк пен жерді бір-біріне араластырғандай. Аспандағы ай-жұлдыз, жердегі қара-құрадан ешбір белгі жоқ. Айнала аппақ болып тұтасып алған»(«Қысқы күн») [10, 135] . «Қалың қарды жамылған ақ дала. Айналада көз тоқтатарлық бұдыр жоқ. Ақ кебінге оранған дүние ұзақ ұйқыға батқандай, өлім тыныштығындай зор тыныштық басында бағып ұйықтатып тұрғанға ұқсайды. Тіршіліктің бір белгісі білінбейді. Көзге түсетін жан иесі жоқ. Жер жүзін тылсым буғандай; ызғарлы қар, суық аяз тас қылып қатырғандай»(«Қысты күнгі дала») [10, 137] . Қаламгер қысты күнгі табиғаттың объективті суреттемесін ұсынады. Жер бетін қымтап алған қарды ақ кебінге теңегенін айтпасақ, жазушы айшықтау мен ажарлау құралдарына сараң қалып танытады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі әдеби ағымдардың ерекшелігі
Әлем әдебиетіндегі сентиментализм
Әдеби ағым мен көркемдік әдіс арақататынысындағы таным түсініктері
Араш әдебиетінің негізгі идеялары
Ағылшын сентиментализмінің философиялық негізі
Жазушы және көркемдік әдіс
Кеңес дәуіріне дейінгі қазақ әдебиеті, 1920 - 1940 жылдар Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің алғашқы кезеңі
М. Жұмабаев
Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеудің ғылыми негіздері
ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ әдебиетіндегі символизм сипаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz