Тілдік қатынас және әдістеме


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Филология факультеті
Қазақ тіл білімі кафедрасы
Реферат
Тақырыбы:Тілдік қатынас және әдістеме
Қарағанды - 2014
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Тілді оқыту принциптері
- Қатысым әдісі: анықтамасы, ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Тілдік қатынас құбылысы екі үлкен тармаққа бөлінеді. Оның бірі- тілдік қатынас теориясы. Екіншісі -тілді оқыту теориясы. Тілді оқыту теориясы, оның басты принциптері мен негіздері, оқытудың әдіс-тәсілдерін қарастыратын ғылым салалары - дидактика мен әдістеме. Диактика мен әдістеме өзара тығыз байланысты болғанымен, әр бөлек ғылым салалары. Дидактика - барлық ғылым мен пәндерге ортақ білім беру мен оқыту теориясы. Сондықтан ол әр пәнді, сабақты оқыту әдістемесінің қазақ тілін оқыту саласы да дидактиканың білім беру негізіне, тәлімге тәрбиелеу ережелеріне, сол арқылы педагогика ғылымының жалпы заңдылықтары мен принциптеріне сүйене отырып дамиды.
Әдістеме мен дидактиканың зерттеу объектілері бір-біріне тығыз байланысты, бірақ бірдей емес. Кейбір тілшілер оларды объектісі бір ғылымдар деп санайды. Ғалымдардың мұндай пікірге келуі әдістеме мен дидактиканың өзара тығыз байланысты болуынан туындаған. Өйткені дидактиканың негізгі қағидалары әдістеме ілімі арқылы жүзеге асады, ал әдістеме дидактиканың басты ережелері мен заңдылықтарын пайдаланады.
Ана тілін оқытуға байланысты еңбек жазған С. Қазыбаев дидактика туралы айта келіп мынадай пікір білдіреді: «Дидактика - білім мазмұнының ғылыми негізін, оқыту әдістері мен ұйымдастыру формаларын, яғни нені оқыту, қалай оқыту жайын зерттейді. Демек, дидактика білім мазмұнын анықтау, оқыту процесінің заңдылықтарын ашу, оқытудың ең тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын табу проблемаларын шешіп отырады» [1, 6] деп жазады.
Сол сияқты А. Исабаев: «Қазақ тілі методикасы білім берудің негізгі құралдарын іздестірсе, ал дидактика білім беру мен оқытудың теориялық мәселелерін, оның формалары мен әдістерін зерттейді» [2, 3] - дейді.
Бұл анықтама бойынша, әдістеменің негізіне білім беру құралдары алынып, дидактиканың негізіне оқытудың теориялық мәселелері қабылданып, олардың ара жігі нақтылана түседі. Дегенмен, оқытудың формалары мен әдістеріне келгенде, айқындық бұзылады. Өйткені көптеген ғалымдар оқытудың әдіс-тәсілдерін дидактикаға да, әдістемеге де жатқызып, соның нәтижесінде түсініксіздік пайда болады.
Жалпы әр пәнді оқытудың өзіндік әдістемесі, сол оқыту әдістемесін іске асырудың тиімді әдістері, нақтылы құралдары бар. Осы тұрғыдан келгенде әдістер мен тәсілдер тікелей әдістеме іліміне байланысты.
Негізгі бөлім
Тілді оқыту принциптері
Дидактика оқу, білім, тәлім-тәрбие процестеріндегі теориялық мәселелер мен ережелерді, заңдылықтарды қарастырса, әдістеме осы ережелер мен заңдылықтарды тікелей жүзеге асыру үшін қолданылатын нақтылы әдістер мен тәсілдеді, оның тиімді де, сапалы жолдарын қарастырады. Ал әдістаным (методология) болса, ол -осы әдіс-тәсілдердің жиынтығын ғылыми тұрғыдан қарастыратын ілім, яғни ол практика жүзінде іске асыратын арнайы әдістер мен тәсілдердің жиынтығын теориялық ережелер арқылы дәлелдейді және осы ережелерге қатысты басты ұстанымдардың түп қазығы, негізі болып табылады.
Әдістеме белгілі бір пәнге қатысты оқыту мен білім берудің нақтылы жолдары мен амалдарын, әдістері мне тәсілдерін зерртей отырып, осы әдістер мен тәсілдердің теориялық негізін де жасайды және оларды оқытудың тиімді, сапалы болуын қадағалайтын бір ортақ мақсатқа бағынған жүйеге топтастырады. Осы тұрғыдан келгенде, әдістеменің өзіндік принциптері, тарихы, қалыптасу жолы мен жүйесі бар.
Қазақ тілін оқытудың негізгі қағидаларын айқындау үшін, алдымен бұл сөздің мәні мен мағынасын анықтап алу қажет.
«Принцип» деген сөздің өзін әркім әр түрлі түсіндіреді. Мәселен, Е. И. Пассов: «Принцип - это часто закон, выполняющий функцию принципа» [3, 105] десе, П. В. Гурвич: «Методические принципы - это лишь основные ведущие тенденции, они необязательно должны проявляться на каждой точки учебного процесса» деп түсініктеме береді. Демек, алдыңғы ғалымдардың пікірі бойынша, принцип белгілі бір саладағы заңдылықпен тікелей қатысты ұғым болса, кейінгі автордың айтуынша, ол оқу процесіндегі басты орын алатын бағытпен байланысты қарастырылады.
«Принцип» сөзінің мәнін бағыт-бағдармне тікелей байланыстыру, біздіңше, оның мағынасын толық аша алмайд. Өйткені жалпы оқытудың бағыт-бағдары мен жолдары әр түрлі және біреу емес бірнешеу. Ал бірнеше бағытқа қатысты басты қағида бірдей болуы мүмкін. Оның сыртында принциптің ерекшелігінің өзі - адамның алдыға қойған мақсат пен міндеттерге сай бірнеше бағыттардың ішінен ең маңыздысын, тиімдісін сұрыптап, саралап бөліп алу.
Сонымен қатар принцип қандай да болсын пәннің өзіне тән заңдылығына тәуелді, яғни оның заңына сәйкес айқындалады, бірақ принцип заңның өзі емес, сондықтан принциптің қызметін атқарушы заң деп тұжырымдау біржақтылық туғызады.
Қазақ тілін оқыту туралы принцип - осы саладағы заңдылықтарға, оқытудың мақсаты мен маңызына, міндеттің орындалу қажеттілігіне сай ережесіне, сол ереженің іске асуының жолдарына, оқытудың басты бағытына, тағы сол сияқты негізгі белгілердің барлығына сүйенетін ең тиімді, сұрыпталған ерекшелік.
Қолданылу аясына қарап принциптер бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы, кейбір принциптер жалпы оқу процесіне тән болса, екіншілері оқытудың белгілі бір саласына негізделеді. Принциптің тағы бір тобы қарым-қатынастың түрлерін меңгеруге қатысты айқындалса, енді бір тобы ауызша сөйлеуді жете білуге бағытталады. Сол сияқты жазба тіл мен жаттығуды, диалогтық қатынас пен мәтінді игерудің т. б. принциптері өзінше жіктеледі.
Б. Құлмағамбетова, А. Жапбаров, С. Қазыбаев, С. Әбдығалиев, Қ. Исабаев - бәрі ғылыми, жүйелік, көрнекілік, саналылық, белсенділік, беріктілік және оқушының жеке өзіндік ерекшеліктерін ескеру, теорияны практикамен, яғни оқытуды өмірмен байланыстыру принциптерін айта келіп, кейбіреулері тағы бірді-екілі жаңа түрлерін қосады немесе атауларын сәл өзгертіп атайды.
Мәселен, Б. Құлмағамбетова жоғарыда аталған жалпы дидактикалық принциптермен бірге материалды дұрыс орналастыру, алдын ала болжауды қоса қарастырса, А. Жапбаров лайықты болу, сатылық принциптерін қосып айтады[4, 11] .
С. Қазыбаев балаларды тәрбиелеу әрі дамыту және түсініктілік дегенмен бірге оқытудың сабақтастығы деген атауды қосады.
Біздің пікірімізше, қазақ тілінен білім беру мен оқытуға байланысты принциптерді былай сатылап бөлген жөн.
- Жалпыдидактикалық принцип.
- Жалпыәдістемелік принцип.
- Салаәдістемелік принцип.
бұлай жіктеудің негізгі өлшемі мынада: біріншіден, бұл принциптердің ортақ заңдылығы - олардың барлығында оқыту мәселесіне қатысты ең керекті, маңызды ережелер негіз етіп алынған.
Екіншіден, сатылы принциптің түпкі нәтижесі бір ғана мақсатты көздейді, ол: оқытудың тиімді, сапалы, пайдалы болуы.
Үшіншіден, бұл принциптер қолданылу саласына байланысты төменнен жоғарыға қарай, яғни бөлшектен бастап бүтінге дейін өсіп отырса, керісінше орындалғанда - бүтіннен бөлшекке қарай өткенде жалпыдан нақтыға, ортақтықтан даралыққа көшіп отырады. Осының өзі дидактикалық заңдылыққа сәйкес даму мен өзгеру процесін көрсетеді[5, 304] .
Ғалымдардың көпшілігі жалпыдидактикалық принципті барлық пәнге қатысты білім беру мен оқыту, тәрбиелеу теориясы, соның негізі дегенді атап өтеді. Ол - қайталауды талап етпейтін ақиқат.
Жалпыәдістемелік принцип - жалпы әдістеме ілімінің бәріне тән, зерттеу объектісі ортақ ғылым салаларының әдістемесіне қатысты принциптер. Бұл қағида жалпыдидактикалық негізге сүйене отырып, одан өзіне сәйкес принциптерді бөліп шығарады.
Салаәдістемелік принцип - қарастырылып отырған объектінің белгілі бір саласына қатысты оқытудың тиімді ережелері.
Салаәдістемелік принциптің ерекшелігі:жеке ғылым саласына байланысты нақтылы ережелерге сүйенеді, жалпылықтан гөрі даралық, дербестік басым болады.
Олар - белгілі бір саланың ішкі тармақтарын жете меңгеру барысында қолданылатын арнаулы принциптер.
Салаәдістемелік принцип - зерттеу объектісіне байланысты тармақтардың ішіндегі арнайы қарастырылып отырған мәселеге қатысты, оның нақтылы ерекшеліктерін айқындайтын, өзіне етене жақын, тікелей орындалуға тиісті принциптер.
Мәселен, орыс аудиториясында қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан оқыту мынадай принциптерге сүйенеді:
Тұтастық; сөйлесімге қатысты басты ережелерді меңгеру; грамматикалық заңдылықтарды есте сақтауға, жазуға үйрену; сөйлесімнің түрлерін меңгеру; ынталандыру; тақырыпты игеру; сөйлеуге қатысты ішкі күшті пайдалану; орта мен жағдайды ескеру. Бір ескерте кететін жағдай: бұл аталған принциптердің бәрі өзара байланысты болады.
Тұтастық принцип сөйлесім әрекетіне қатысты бірнеше жұмысты қатар қамтиды. Олар: оқу, жазу, ауызша сөйлеу, тыңдау, қайталау, жауап беру.
Бұл принциптің ерекшелігі:бір сабақтың үстінде осы жұмыстардың барлығын жүйелі түрде қолдана отырып, олардың арасынан ең басты біреуін таңдап алу және қалған жұмыстың түрлерін осыған бағындыра білу. Сонда бір сабақтың өзінде ортақ пайда болады да, қалған бағыттар сол басты орталыққа жұмыс істеу мақсатында жүргізіледі, сөйтіп, сабақта тұтастық, бүтіндік пайда болады.
Мысалы, белгілі бір мәтінді үйрету үшін оқыту арқылы, жазбаша жұмыс жүргізу арқылы, тыңдап, қайталап, диалогтық-монологтық тілдесу арқылы - барлығын бір мақсатқа - сөйлесе білуге бағыттаудың арқасында тұтастық принцип іске асады.
Үйретуші мен үйренушінің басты мақсатына қарай қазақ тілін оқытудың жоспары тілдік бірліктерді сауатты жазып, дұрыс айтуға; сөздерді тіл заңдылығына сәйкес байланыстыра білуге; қазақ тілінің сөздік қорын жете түсініп, ауызекі сөйлеу тілін толық меңгеруге негізделеді.
Басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытудың ұтымды жолдарының бірі - сабақтың тақырыбын дұрыс жоспарлап, ұйымдастыра білу. Ол үшін бір ғана сабақтың барысында фонетикаға да, грамматикаға да, лексикаға да қатысты материалдарды түсіндіре отырып, арнайы бір тақырыпта пікірлесуді, сөйлесуді жүзеге асыру қажет. Бұл ретте мәтінді мәнерлеп оқып, сөздерді дұрыс жазып, аудара білу, сол арқылы өзара пікірлесуге жол ашу ерекше маңызды қызмет атқарады. Сабақтың дұрыс жолға қойылып басты мақсатына жетуі, ең алдымен, сөйлеу тілін меңгерумен байланысты. Ал сөйлеу тілін меңгеру белгілі бір тақырып төңірегінде сөздік қорды игеруден басталады.
Сабақтың мақсаты - бірнеше мәселелерді бір-бірімен жымдастыра отырып, бір жүйеге бағындыру, сол арқылы қазақ тілінің қатысымдық бірліктерін қамти келіп, негізінен, сөйлей білуге, пікірлесуге, әңгімелесуге үйрету.
Тұтастық принциптің негізі - бірнеше жұмыстың түрлерін қатар жүргізе келіп, сабақтың алдына қойған мақсатына орай ең бастысын дұрыс таңдап алу арқылы қалған жұмыстың түрлерін соған қатысты жүйелі түрде жүргізе білу.
Тұтастық принцип барлық басқа қағидалардың басын бір арнаға біріктіреді және олардың іске асуына мұрындық болады[5, 305] .
Қатысым әдісі: анықтамасы, ерекшеліктері
Тілді үйретуге қатысты әдісті сөз еткенде, арнайы қарастырылуға тиісті мәселенің бірі - қатысым әдісі.
«Коммуникативный метод» «коммуникация» сөзімен байланысты шыққан. «Коммуникация» - «қатынас, байланыс» деп жоғарыда атап өтілді. «Коммуникативный метод» дегенді «қатынастық әдіс» дегеннен гөрі қазақтың ұлттық сөздік қорындағы «қатыс», «қатысу» сөзін жаңғыртып, «қатысым» деп алған ұтымды деп ойлаймыз. Өйткені бұл - әріден келе жатқан түбір.
Қатысымдық әдісті зерттеу орыс және шет тілдерін оқыту әдістемелерінде бірсыпыра жетістіктерге жеткенін атап айту керек.
Тілді оқыту жүйесінде қатысымдық әдіс туралы мәселені арнйаы қарастырған тілші-әдіскер - Е. И. Пассов. Ол қатысымдық әдісті сөз етпестен бұрын, жалпы оқыту әдісіне тән бірнеше белгілерді бөліп шығарады. Мұндай белгілер мыналар:
- Әрбір оқыту әдісі белгілі бір мақсатқа жетудің құралы болып табылады. Қатысымдық әдістің негізгі мақсаты - сөйлеу әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерте білу.
- Әдіс оқыту процесіндегі тактиканы емес, стратегияны анықтайды, сондықтан да ол (әдіс) оқытудың шартына тәуелді болмайды.
- Оқыту ісінің аумағы өте кең, сондықтан сөйлеу әрекетінің қай түрінде болсын оқытудың барлық жақтары қамтылады.
- Әдісте барлық қағидалардың басын біріктіретін ең басты, негізгі идея болады. Басты идея методологиялық роль атқара келіп, әдістің жүзеге асуы үшін барлық мәселелердің басын біріктіреді.
Оқыту әдісіне қатысты осы соңғы белгіні М. В. Ляховицкий басты әдістемелік міндетті шешуші доминант немесе доминанттық идея деп атайды.
Сөз болып отырған әдіске қатысты негізгі идея, басты өзек - қатысым болып табылады.
Жалпы Е. И. Пассов оқыту методы дегенде көбінесе сөйлесім әрекетінің белгілі бір түрін айтады. Автордың барлық пікірлері, негізінен, осы мәселелерге келіп саяды.
Е. И. Пассовтың пікірі бойынша қатысымдық әдістің негізін құрайтын принциптер төмендегілер:
1. Сөйлеу бағытын анықтау.
2. Адамның жеке басының ерекшеліктерін ескеру.
3. Орта жағдайын ескеру.
4. Сөйлеу дағдысын жаңарту.
5. Функционалдық принцип.
Аталған принциптердің қай-қайсысы да қатысымдық әдістің нақтылы ерекшеліктерін көрсетеді. Әдістемелік қағидалардың жиынтығы бұл мәселенің күрделі екенін аңғарта келе, барлық белгілер мен принциптерді бір-бірімен ұштастыра, тығыз бірлікте жұмсалмаса, әдістің тиімділігі азаятындығын байқатады[5, 311] .
Қатысымдық әдіске тән жоғарыда атап өтілген принциптердің маңызын жоққа шығаруға болмайды. Олар - шет тілін немесе екінші тілдерді оқыту жүйесінде кеңінен етек алған және соңғы жылдары көп сөз бола бастаған принциптердің жүйесі.
Қазақ тілін қатысымдық әдіспен оқыту жүйесінде айқындала бастаған мынадай принциптерді атап өтуге болады.
- Тіке байланыс.
- Адамның жеке қабілетін ескеру.
- Сөйлеуге үйретуде жүргізілетін жұмыстардың түрлерін айқындау.
- Сатылап даму.
- Динамикалық өзгеру.
- Өзектілік.
Тіке байланыс принципі бойынша оқыту процесі адамдардың тек тікелей жүздесуі, сөйлесуі, өзара қарым-қатынасты арқылы болады. Бұл - қатысымдық әдіс арқылы ғана жүзеге асатын ерекшелік. Өйткені тілдік қатынастың өзі адамзаттың бір-бірімен тікелей қарым-қатынасына, пікірлесуіне, сөйлесуіне негізделген. Сондықтан қатысымдық әдісті қолданудың басты шарты - бүкіл оқыту жүйесінің тікелей байланыс арқылы мүмкіндігінше жиі болуы.
Тіке байланыс принципінің ерекшелігі - кез келген жағдайды, ортаны дұрыс пайдаланып, барлық уақытты ойға оралған пікірді сыртқа шығарып айта білу және оған қатысты жауап алу. Сөйтіп, сөйлесу мен түсінісуге жол табу.
Адамның жеке қабілетін ескеру жөніндегі принцип тіке байланыс принципіне негізделеді. Бұл қағида оқыту әдісінде тіл үйренушінің жеке басына тән барлық қасиеттерді психологиялық, педагогикалық тұрғыдан зерттеуге және онымен үнемі санасып отыруға негізделеді. Барлық оқыту жүйесі оқушының зердесіне, ынтасына, қабілетіне қарай бейімделеді.
Бұл принцип - әдістемелік әдебиеттерде жан-жақты сөз болып жүрген қағидалардың бірі. Осыған орай оның өзіндік белгілері мен түрлері, ерекшеліктері т. б. айқындалған.
Сөйлеуге үйретуде жүргізілетін жұмыстардың түрлерін айқындау принцпиі қатысымдық әдістің сапалы болуын қамтамасыз етеді. Мұнда тілді үйретуге байланысты қандай бағыт-бағдарды таңдап алау керек, оған қатысты орындалатын жұмыстар мен тапсырмалар қандай, оны іске асыруда бұл түрлерінің алатын орны мен қызметі қандай деген мәселелерді анықтап, белгілемей тұрып, алда қойылған мақсатқа жету де мүмкін емес[5, 313] .
Сабақта жүргізілетін жұмыс түрлері ауызша және жазбаша түрде орындалады.
Жұмыс түрлерін айқындау принципі мұғалімнің жан-жақты ізденуін, алдына нақтылы міндет қоя отырып, әр сабақтың мақсатын айқындап алуын талап етеді және тіл үйрету барысында мұғалімге еркіндік беерді, белгілі бір мақсатқа орай оқытушы жұмыстың түрлері мен талабын оқушының жеке басының қажеттілігіне сай жетілдіріп не азайтып отыруына болады.
Жұмыс түрлерін айқындау туралы принцип сөйлеудегі қатысымдық бірліктердің атқаратын қызметі мен алатын орнын жан-жақты анықтауды қажет етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz