Сақтандырудың мәні және табиғаты


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ3

1. 1 Сақтандырудың мәні және табиғаты4

1. 2 Сақтандыру әдістері мен тарифтері6

1. 3 Сақтандыру нарығының жіктелімі9

2 САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ11

2. 1 Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру11

2. 2 Міндетті әлеуметтік сақтандыру16

2. 3 Сақтық нарығын ұйымдастыру24

ҚОРЫТЫНДЫ30

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР31

КІРІСПЕ

“Сақтандырудың экономикалық мәні ” атты курстық жұмыстың өзектілігі - шарушылық құрылымдардың дамуында кәсіпорындар, ұйымдар мен халықты әр түрлі зардаптардан қауіп қатерден сақтандыруда маңызды роль атқарады.

Курстық жұмыстың мақсаты -сқтандыру салдарынан экономиканың тұрақты дамуы және шаруашылық жүргізуші субъетілермен мелекет арасындағы әр түрлі категориялардың байланысын көрсету.

“ Сақтандырудың экономикалық мәні ” атты курстық жұмыстың құрылымы екі бөлімнен және бірнеше сұрақтардан тұрады.

Бірінші бөлімде сақтандырудың теориялық негізі қарастырылған. Онда сқтандырудың мәні, түрлері, экономикадағы рөлі қарастырылған.

Екінші бөлімде Сқтандыру нарығы талданып талданып, қазіргі ерекшеліктері жазылған.

Қазіргі заманғы сақтандыру индустриясын құру мемлекетке: мемлекеттік бюджеттің табиғи-техногендік сипаттағы көлденең шығыстарды өтеу бөлігіндегі салмақты азайтуға; нарықтық экономика қағидаттарында сақтандыру арқылы (зейнетақы жиналымдарын, еңбек кабілеттілігінен айрылуы немесе асыраушысы қайтыс болуына байланысты, жұмыссыздыққа байланысты берілетін жәрдемақыларды, медициналық шығыстарды төлеу) әлеуметтік қамсыздандырудың (қамтамасыз етудің) жекелеген проблемаларын шешуге; халықтың, жеке ұйымдардың жинақ ақшасын ұзақ мерзімді негізде ұлттық экономикаға тартуға мүмкіндік береді.

Сақтандыру ол әлеуметтік қоғамның экономикалық арақатынастарының айрықша көзін бейнелейтін категорияларының бірі. Сақтандыру адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп - бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.

Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуі, кәсіпкерлік қызметтің дамуы, тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара келісімшарт міндеттемелерінің кеңеюі сақтандыру арқылы болатын кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді. Тек сақтандыру негізінде ғана материалдық игілікгерді өндіру, бөлу, айыртбастау және тұтыну процесінде пайда болатын қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мүмкін болады.

1 САҚТАНДЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

1. 1 Сақтандырудың мәні және табиғаты

Сақтандыру - қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп - бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.

Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.

Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:

1) қатынастардың ықтималдық сипаты;

2) қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда - мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде) .

Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:

сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;

сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;

оның іс-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;

сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;

ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы) .

Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметті, бизнесті) экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы-кредит институты ретінде қарауға болады.

Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға үшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру - қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болган кезде жеке және заңи тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.

Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның, қоғамдық арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функциялары сай келеді.

Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі. Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі.

Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді.

Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандыру экономикалық категориясын сипаттау үшін тәуекелдік функциясын қарауды ұсынады, өйткені сақтық тәуекелі сақтандырудың негізгі арналымымен - қолайсыз оқиғалардан болған зиянның орнын толтырумен байланысты.

Сақтық қатынастарының бір бөлігінің салыстырмалы жалпы бағыттылығы мен (кең арналымдағы резервтік қорларды пайдалана отырып) қоғамдық қорғаудың жүйесі арқылы тиісті ақша қаражаттарының арналымы болады. Бұл қатынастар мен қорлар байланысылған және жалпыұлттық сипаты бар төтенше уақиғаларды ескертуге және жоюға бағытталған. Мұндай жағдайларда тұрақты жұмыс істейтін қорлардан басқа(жалпымемлекеттік материалдық резервтерден, Үкіметтің резервтік қорларынан) кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың ерікті қайырымдылықтары есебінен қосымша қаражаттар жұмылдырылуы мүмкін. Бұл қорлар халыққа, өндіріс пен инфрақүрылымның объектілерін жаңғыртуға, экологиялық тепе-тендікті қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға келтірілген зиянды өтеуге пайдаланылады.

Қатынастырдың екінші бөлігінің біршама тар арналымдағы қоларды - ә леуметтік қорлар мен әлеуметтік қамсыздандыру қорын жасап, пайдалана отырып, азаматтардың әлеуметтік жағдайын қорғауға бағыттылығы болады. Бұл қатынастардың іс-өрекеті халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттігімен байланысы.

Үшінші бөлік қатынастардың тұйық аясын пайдалана отырып және олардың осы жиынтығы шегінде бұл қатынастардың баламалылығына жете отырып, адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын, олардың мүлкін, сонымен бірге шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүлкін сақтық қорғау жөніндегі қатынастар болып табылады. Бұл - жалпы сащтандыру мен өмірді сақтандыру және шаруашылық, жүргізуші субъектілер үшін мүлікті сақтандыру.

Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы дербес бөлігі медициналық, сақтандыру болып табылады.

1. 2 Сақтандыру әдістері мен тарифтері

Сақтандыру кезінде сақтық резервтері мен қорларын қалыптастырудың екі негізгі әдісі қолданылады, олар: бюджеттік және сақтық әдістері.

Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.

Сақтық әдісі қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады; жарналардың мөлшері және оларды төлеудің тәртібі сақтандырудың түріне қарай немесе заңмен не сақтық қатынастарының қатысушылары арасындағы арнайы келісімшартпен анықталады.

Сақтық қатынастарының бірінші бөлігінде - қоғамдық қорғауда бюджеттік әдіс пайдаланылады, екінші бөлікте - әлеумеггік сақтандыруда - қос әдіс, үшінші бөлікте - жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыруда тек сақтық әдіс пайдаланылады.

Ірі апаттар мен нәубеттердің зардаптарын жою жөніндегі шараларды қаржыландыру үшін қайырымдылық қайыр көрсету алымы немесе белгілі бір уақиға шалмаған қатысушылар арасында қаражаттарды бөлу сияқты көмекші әдістер қолданылуы мүмкін. Сонымен бірге, өзін-өзі сақтандыру негізінде ақша қаражаттарын немесе материалдық босалқы қорларды қалыптастыру әдісі де болуы мүмкін. Мұндай әдіс ауыл шаруашылығында (босалқы қорлар - жемшөп, тұқым, отын және т. б. қорлар), материалдық өндіріс сферасының кәсіпорындарында (шикізаттың, шала фабрикаттардың, басқа материалдардың босалқы қорлары) қолданылады; азаматтардың жекеше жинақ ақшалары олардың сақтық босалқы қорлары ретінде қаралуы мүмкін.

Сақтандыру экономикалық категориясының материалдық-ақшалай иелері сақтық қорлары бола алады, олар қоғамдық ұдайы өндірістің элементтері, сақтық қатынастары қатысушыларының жарналары, мемлекеттік бюджет қаражаттары, қаражаттардың ерікті аударымдары, қайыр көрсету және сақтық қатынастары қатысушыларының тарапынан болатын бірқатар басқа айрықшалықты төлемдер есебінен қалыптасатын ақшалай немесе материалдық қаражаттардың резервтері болып табылады.

Сақтық қорлары - қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын ала болжануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған қоғамның резерв қорлары жүйесінің қажетті құрамды бөлігі.

Мүліктік мүдделерді қорғауды, материалдық зияннан сақтандыруды және оның орнын толтыруды сақтандыруды жүзеге асыратын сақтық қоры материалдық немесе ақша қорлары нысанында жасалады. Сақтық қорларында қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді.

Сақтық қорларының басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын ала тұтыну қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол - табыс ретінде тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстардың бірден-бір бөлігі.

Нарықтық экономикада сақтық қатынастарының едәуір бөлігі коммерциялық қатынастар болып табылады. Ең алдымен бұл жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру категориясына қатысты, бұлардың қызметтер көрсетуі езгеше сақтық қызметтерін көрсетуге түрленеді және мұндай қызметтер көрсетудің еркін рыногында ұсынылады. Бұл қызметтер көрсетудің бағасы сақтық тарифтері мен жарналары түрінде болады. Сақтық қызметтерін көрсетуге сұраным олардың сапасымен және бағаның деңгейімен анықталады.

Клиенттерді тарту үшін сақтық ұйымдары клиентураға қызмет көрсетуді жақсартады, қызметтер көрсетудің , ысыраптар мен зияндарды өтеу жөніндегі кепілдіктерді арттырады.

Сақтандырылушылардың жарналары есебінен жасалынатын сақтық қорлары белгілі бір уақытта тікелей арналымында - сақтық төлемдерін төлеу үшін (сақтық жағдайының болу немесе ықтималдық сипатына қарай оның пайда болмау мезетіне дейін) пайдаланылмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда сақтық қорларының қаражаттары қосымша табыс алу үшін коммерциялық айналымға жіберілуі мүмкін. Өз кезегінде, бұл табыстардың бір бөлігін тапсырыскерлерді тарту үшін сақтық қызметтерін көрсетудің бағасын төмендетуге бағыттаған орынды. Сақтық ұйымдарының осыған ұқсас операциясы сақтық рыногында пайдалырақ шарттарда қолайсыз түрлі жағдайлардың салдарлары кезіндегі ысыраптар мен залалдардан қашқысы келетін тапсырыскерлерді тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына жәрдемдеседі.

Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуі, кәсіпкерлік қызметтің дамуы, тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара келісімшарт міндеттемелерінің кеңеюі сақтандыру арқылы болатын кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді. Тек сақтандыру негізінде ғана материалдық игілікгерді өндіру, бөлу, айыртбастау және тұтыну процесінде пайда болатын қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мүмкін болады.

Өтпелі экономика жағдайындағы сақтандыру институтының ерекше маңыздылығы бірқатар факторлармен айқындалады.

Біріншіден, мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен көлеміне қарамастан, сақтандыру халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін қосымша қорғауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шығыстардың негізгі ауырпалығы мүмкіндігі объективті түрде шектеулі болып табылатын мемлекеттік бюджетке түседі.

Екіншіден, сақтандыру механизмін қазіргі жағдайда пайдалану елдегі кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының негізгі саласының ерекшеліктерін, оның климаты мен географиялық орналасуы, экологиясының деңгейін ескере отырып, өндіріс технологаясын жетілдіруді қамтамасыз етеді.

Сақтық жүйесі республика экономикасының сенімді әрі орнықты дамуына, халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға, азаматтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілерінің мүлкін сақтандыруға ықпал етуге тиіс. Сақтандыру мәселесі, медициналық сақтандыруды қоса алғанда, әлеуметтік қамсыздандырудың проблемаларына тікелей қатысты.

Сақтандыру, табыс (пайда) түсіру мақсатымен коммерцияның шектес сфераларына қаражаттарды инвестициялау жөніндегі сақтық ұйымдарының қызметі сақтық ісі ретінде болып көрінеді.

Сақтандыру - сақтық ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтық төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңи тұлғалардың заңды мүдделерін мүліктік жағыиаи қорғауға байланысты қатынастар кешені.

Сақтандыру процесі сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру қоғамына мүшелік негізінде жүзеге асырылады.

1. 3 Сақтандыру нарығының жіктелімі

Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтық сыйақыларын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтық жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесс оның пайдасына шарт жасалған өзге де тұлғаға (пайда алушыға) шартта белгіленген соманың (сақтық сомасының) шегінде сақтық өтемін төлеуге міндеттенеді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша мыналар сақтандырудың нысандары болып табылады, және олар келесідей болып жіктеледі:

  • міндеттілік дәрежесі бойынша -ерікті және міндетті;
  • сақтандыру объектісі бойынша -жеке және мүліктік;
  • сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша -жинақтаушы және жинақтаушы емес.

Міндетті сақтандыру - заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке (бөлек) сыныбы болып табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін заңнамалық актілермсн белгіленеді.

Ерікті сақтандыру - тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын сақтандыру.

Сақтық қызметі - сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының сақтық (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызмет.

Сақтық қызметін үйымдастыру жене мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға және түрлерге бөлінеді.

Сақтық ұйымының сақтық қызметі:

"өмірді сақтандыру" саласы және "жалпы сақтандыру" саласы бойынша жүзеге асырылады.

Өмірді сақтандыру саласы:

ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды: өмірді сақтандыру; аннуитеттік сақтандыру.

Жалпы сақтандыру саласы:

ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды: жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру; медициналық сақтандыру, көлік құралдарын (автомобиль, темір жол, әуе және су көліктерін) сақтандыру; жүктерді сақтандыру; мүлікгі сақтандыру (көлік құралдарын қоспағанда) ; кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру; көлік құралдары иелерінің және тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандыру; шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру; зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтаңдыру (көлк құралдары иелерінің және тасымаддаушының азаматгық-құқықтық жауаптылығын қоспағанда) .

Сақтандыру түрі сақтық ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шеңберінде әзірлейтін және беретін сақтық өнімі болып табылады.


2 САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

2. 1 Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру

Сақтандыру нарығын талдауды оның негізгі екі саласын талдаудан бастаған жөн. Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын; егер бұл процесс дүлей апат пен басқа төтенше немесе күтпеген оқиғалардың нәтижесіндс бұзылса, толтырумен байланысты. Зиянның орнын ынтымақтастық негізде сақтық қатынастарына қатысушылардың төлейтін сақтық жарналары есебінен толтырылады, бұл жарналардың жиынтығы, жоғарыда айтылғандай, сақтық қорларын құрайды.

Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер (қауіп-қатерлер) азаматтық-құқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру жалпы (мүліктік) сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мүліктің жоғалу (жойылу) қаупі (тәуекелі), жетіспеуі немесе бүлінуі және өзге де мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады.

Сақтанушының немесе пайдаланушының мүліктері сақтандыруға мүддесі болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады.

Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру сақтандырылушы жазатайым жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіби жағынан) қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан немесе оның денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайда оның қосымша шығыстарын тіркелген сомада не ішінара нсмесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Медициналық сақтандыру сақтандырылушының медицина мекемесінен медициналық сақтандыру медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет көрсетулерді сұраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы.

Көлік құралдарын сақтандыру көлік құралын иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде айдап немесс ұрлап әкетілуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшеріндс сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделстін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Жүктерді сақтандыру жүктерді исленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішіңце жүктердің тасымалдану әдісіне қарамастан жоғалып кетуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Муліктік сақтандыру мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне (автомобиль, темір жол, әуе немесе су көліктерін, жүктерді қоспағанда) оның зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Азаматтық-қүқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде, үшінші бір адамдардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірудің салдарына туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (келтірілген зияндар үшін жауаптылықты сақтандыру), сондай-ак, шарттардан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (шарт бойынша жауаптылықты сақтандыру) тәуекелін сақтандыру.

Зиян келтіргендігі үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде сақтанушының өз жауаптылығы да, осындай жауаптылық жүктелуі мүмкін болатын өзге тұлғаның жауаптылығы да сақтандырылады.

Зиян келтіргендігі үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде сақтанушының өзінің жауаптылық тәуекелі ғана сактандырылуы мүмкін. Бұл талаптарға сәйкес келмейтін сақтандыру шарты жарамсыз деп есептеледі.

Шартты бұзғандығы үшін азаматтық-құқықтық жауаптылық тәуекелі шартта оның талаптарына сәйкес сақтанушы оның алдында азаматтық-құқықтық жағынан жауапты болуға тиіс тарап болып табылатын және бұл жағдайда пайда алушы ретінде іс-қимыл жасайтын тұлғаның пайдасына сақтандырылған болып есептеледі.

Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру кезінде кәсіпкердің сақтанушы ретінде іс-қимыл жасайтын келісімшарт жасаушы агенттерінің өз міндеттемелерін бұзуынан болған кәсіпкерлік қызметтің залалдар тәуекелі немесе кәсіпкерге байланысты емес жағдайлармен осы қызмет шарттарының өзгеруінен болған залалдар тәуекелі, соның ішінде күтілген кірісті ала алмай қалу тәуекелі сақтандырылады. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты бойынша тек осы сақтанушының кәсіпкерлік тәуекелі және тек соның пайдасына ғана сақтандырылуы мүмкін.

Сақтанушы болып табылмайтын тұлғалардың кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты немесе өзге тұлғаның (пайда алушының) пайдасына жасалған шарт жарамсыз болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтандыру пәнінен дәрістер тақырыбы
Сақтандыру теориясы, құқықтық реттеу
Сақтандыру шартының жекелеген түрлері
Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметінің жалпы сипаттамасы
Сақтандыру құқықтық қатынастардың жалпы сипаттамасы
Тәуекелді басқару және сақтандыру
Сақтандыру қызметі субъектілерінің құқықтық қатынастарындағы цессия шартын кешенді түрде зерттеу
Сатып алу-сату шартының ұығымы және элементтері
Сақтандыру шарты
Математикалық мағынада сақтандыру жарнасы сақтанушының сақтандырушыға кезенді қайталанатын төлемі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz