Пассионар



Жоспар

Кіріспе

1. Л.Н. Гумилев өмірі

2. Л.Н. Гумилевтің шығармашылығы. Пассионарлық теория

3. Еуразияшылдық идеясының маңызы

Қорытынды
КІРІСПЕ

Ғасырлар бойы Еуразия конти¬ненті жойқын соғыстар мен ғылы¬ми-техникалық үдерістің нәтиже¬лерін адамзат игілігіне қарсы пай¬да¬ланудың шексіз қайғы-қасірет¬тер¬ге әкелгендігінің куәсі болған¬дығы тарихтан белгілі. Арғы тарих¬қа бар¬май-ақ, өткен ғасырдағы екі дүние¬жүзілік соғыс, одан қала берді поли¬гондарда атом бомба¬ларын сынау¬дың Еуразия континентін мекенде¬ген халықтарды қандай қайғы-қасіреттерге душар еткен¬дігін және оның әлі де салдарының қан¬ша уақытқа созыла¬тындығын ойла¬сақ та жетіп жатыр. Соны¬мен қатар, бұл ора¬сан зор аймақ көпте¬ген адам¬зат өркениеттерінің тоғысы мен үдеріс¬терінің де отаны. Сон¬ды¬қ¬¬тан да болар, енді жаңа ХХІ ғасырға аяқ басқанда Қазақ¬¬стан¬ның Еуропадағы қауіпсіздік және ынты¬¬мақтастық ұйымына басшылық етуі адам¬зат¬тың жаңа тарихындағы аса жоғары жауапкершілік болып саналады.
Қазірдің өзінде Батыс елдерінің ақпарат құралдарында саясатшылдар мен осы аталған ұйымдағы мемле¬кет¬тер өкілдері Қазақстанды ЕҚЫҰ тарихында бірден-бір үлкен жауап¬кершілік пен ерекше белсенділік көр¬сеткен мемлекет ретінде тани¬тын¬¬дық¬тарын мойындап отыр. Оған дәлел ретінде Ұлт көшбасшысының “Из¬вестия” (2010 жылғы 29 қаңтар) газе¬тін¬дегі “ЕҚЫҰ-ның тағдыры мен болашағы” атты мақаласында жаңа ХХІ ғасырдағы жаһандану дәуірінде қалыптасқан жаңа геосая¬си реалий¬лерге сәйкес Еуразия идеясы мен прак¬тикасының байы¬тылғаны мен осыған байланысты Н.Нବзар¬баевтың “Еу¬рବ-зия доктри¬на¬сының” әлем сая¬сат¬керлері тарапы¬нан үлкен қы¬зы¬ғу¬шы¬лық тудырға¬нын атап айтқан жөн.
Еуразия¬лық идея негізінде Қазақ¬стан¬ның Еуропадағы қауіпсіз¬дік және ынтымақ¬тастық жөніндегі ұйым¬ға басшылық ету кезеңінде іске асыратын нақтылы іс-шара¬ларының бағдарламасын тезистік тұрғыда баяндалды. Ұйым-ның дамуы¬ның негізгі тарихи ке¬зең¬дері айшық¬талып, оның қол жеткен табыстары мен сабақтары орасан зор. Мұндағы негізгі қоры¬тынды сауал – ұйымға қалай жаңа серпіліс, жаңа тыныс, дем беруге болады? “Хельсин¬ки рухын” қалай көтеріп, жаңғырту керек? Бұл сұрақтарға жауаптың кілті – Елбасы¬ның бұрын да өзі көтеріп, айтып жүрген, жаңа ХХІ ғасырдың жаһандану дәуіріне сәйкес оны әрі қарай байытып, жетілдіріп отырған Еуразия идеясы мен практикасы мәселелерінде жатыр.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Әбдіманапов С.Ә. Л.Н.Гумилевтің өмірі мен ғылыми қызметі – Астана, 2004.
2. Савицкий П. Географические и геополитические основы евразийства
3. Савицкий П. Евразийство
4. Трубецкой Н. Европа и человечество

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Начало формы
Жоспар

Кіріспе

1. Л.Н. Гумилев өмірі

2. Л.Н. Гумилевтің шығармашылығы. Пассионарлық теория

3. Еуразияшылдық идеясының маңызы

Қорытынды

КІРІСПЕ

Ғасырлар бойы Еуразия континенті жойқын соғыстар мен ғылыми-техникалық
үдерістің нәтижелерін адамзат игілігіне қарсы пайдаланудың шексіз қайғы-
қасіреттерге әкелгендігінің куәсі болғандығы тарихтан белгілі. Арғы тарихқа
бармай-ақ, өткен ғасырдағы екі дүниежүзілік соғыс, одан қала берді
полигондарда атом бомбаларын сынаудың Еуразия континентін мекендеген
халықтарды қандай қайғы-қасіреттерге душар еткендігін және оның әлі де
салдарының қанша уақытқа созылатындығын ойласақ та жетіп жатыр. Сонымен
қатар, бұл орасан зор аймақ көптеген адамзат өркениеттерінің тоғысы мен
үдерістерінің де отаны. Сондықтан да болар, енді жаңа ХХІ ғасырға аяқ
басқанда Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына
басшылық етуі адамзаттың жаңа тарихындағы аса жоғары жауапкершілік болып
саналады.
Қазірдің өзінде Батыс елдерінің ақпарат құралдарында саясатшылдар мен
осы аталған ұйымдағы мемлекеттер өкілдері Қазақстанды ЕҚЫҰ тарихында бірден-
бір үлкен жауапкершілік пен ерекше белсенділік көрсеткен мемлекет ретінде
танитындықтарын мойындап отыр. Оған дәлел ретінде Ұлт көшбасшысының
“Известия” (2010 жылғы 29 қаңтар) газетіндегі “ЕҚЫҰ-ның тағдыры мен
болашағы” атты мақаласында жаңа ХХІ ғасырдағы жаһандану дәуірінде
қалыптасқан жаңа геосаяси реалийлерге сәйкес Еуразия идеясы мен
практикасының байытылғаны мен осыған байланысты Н.Назарбаевтың “Еуразия
доктринасының” әлем саясаткерлері тарапынан үлкен қызығушылық тудырғанын
атап айтқан жөн.
Еуразиялық идея негізінде Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және
ынтымақтастық жөніндегі ұйымға басшылық ету кезеңінде іске асыратын нақтылы
іс-шараларының бағдарламасын тезистік тұрғыда баяндалды. Ұйымның дамуының
негізгі тарихи кезеңдері айшықталып, оның қол жеткен табыстары мен
сабақтары орасан зор. Мұндағы негізгі қорытынды сауал – ұйымға қалай жаңа
серпіліс, жаңа тыныс, дем беруге болады? “Хельсинки рухын” қалай көтеріп,
жаңғырту керек? Бұл сұрақтарға жауаптың кілті – Елбасының бұрын да өзі
көтеріп, айтып жүрген, жаңа ХХІ ғасырдың жаһандану дәуіріне сәйкес оны әрі
қарай байытып, жетілдіріп отырған Еуразия идеясы мен практикасы
мәселелерінде жатыр.
ХХ ғасырдың аяғында Еуразия континенті әлемдік көлемде үлкен
өзгерістерге ұшырады: Кеңес Одағы мен Варшава Шарты ұйымының таралуы,
Германияның бірігуі, Югославияның бөлінуі, ТМД-ның құрылуы. Елбасының айтып
кеткеніндей, бұл күрделі кезеңде ЕҚЫҰ Еуразия елдеріндегі тұрақтылық пен
қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, демократия мен нарықтық экономиканың
орнығуына айтарлықтай үлес қосты.
Алайда, ХХІ ғасырға аяқ басу халықаралық қатынастар үдерісінің жаңа
архитектурасының қалыптасуына, ал мұның өзі континенттегі жаһандық және
аймақтық қауіпсіздіктің жаңа мәселелерінің туындауына әкелді. Сондықтан да
Еуразия қауіпсіздігі мен тұрақтылығын сақтауда бұрынғы еуразиялық теориялық
ұстанымдар мен қағидалар, нақтылы әдістер мен құралдар жаңа дәуірдің
халықаралық қатынастарына қолдануға сай келе бермейтін еді. Осы жерде
Ресейдегі еуразияшылдық идеяның жағдайына көз жүгіртіп, шегініс жасасақ:
қазіргі заманғы солшыл еуразияшылдар бұрынғы жүйелілікті сақтағанмен,
коммунистік партиямен тағдырын байланыстырып, саяси бет-бейнесін жоғалта
бастады. Л.Н.Гумилевтің жолын қуушы еуразияшылдар В.В.Кожинов пен
А.С.Панариннің идеялық тұжырымдамалары сияқты “кабинеттен” асып шыға
алмаса, А.Г.Дугиннің неоеуразияшылдығы өкімет басшыларымен келісімпаздықта
болып, еуразияшылдықтың іргелі ұстанымдарына қайшы келді.
Ал жаңа қазақстандық еуразиялық идея бұрынғыдай Батысқа қарсы емес,
қайта Еуропамен қоян-қолтық өзара ынтымақтастық пен ықпалдастықта болуды
көздеді. Бұрынғы “Еуразияшылдық” қоғамдық ой дәрежесінде қалып қойса,
Н.Назарбаев оны жаңа дәуірдің жасампаз доктринасы дәрежесіне көтерді.

1. Л.Н. ГУМИЛЕВ ӨМІРІ

[1]Лев Николаевич Гумилёв (1912 жылы қазанның 1, Ресей, Петербор
губерниясы, Царское село — 1992 жылы маусымның 15, Санкт-Петербор) —
белгілі кеңестік және Ресей этнолог-тарихшы, Қазақстанның ежелгі тарихын
жетік білген. Ресей жаратылыстану ғылыми академиясының академигі, география
және тарих ғылымының докторы, ұлы дала халықтарының тарихын зерттеген
маман. Пассионар этногенез теориясының негізін салушы. Николай Степанович
Гумилёв пен Анна Андреевна Ахматованың ұлы. 1934 жылы Гумилёв Ленинград
университетінің тарих факультетіне түсіп, Батыс пен Шығыстың өздеріне тән
әр түрлі мәдениеттерінің бір-бірімен байланысы, сонымен қатар ерте орта
ғасырлардағы халықтардың тарихи жөніндегі мәселелер қамтылған алғашқы
Удельно-лестничная система у тюрок в VI – VIII вв. мақаласын жаза
бастайды. Бірінші рет 1935 жылы түрмеге қамалады, бірақ анасының
аралсауымен көп уақыт өтпей босатылады. 1938 жылы Гумилёв қайта түрмеге
қамалып, 5 жылға бас бостандығынан айрылады. 1944 жылы өз еркімен майданға
кетіп, 1945 ж. Берлин операциясына қатысады. 1945-1948 ж. университетті
жедел (экстерно) түрде бітіріп, Политическая история первого тюркского
каганата (546-656) атты кандидаттық диссертация қорғады. Тұтқында жүргенде
Хунну кітабын жазып, ол кітап кейіннен Степная трилогия кітабының бір
бөлігі болды: Хунну (1960), Древние тюрки (1967), Поиски вымышленного
царства (1970). Алғашқы екі кітабында Гумилёв ұлы дала этносының тарихын
суреттесе, Поиски вымышленного царства бөлігінде еуропалықтардың Еуразия
даласының тұрғындарына алдын ала жоспар бойынша жасалған қарым-
қатынастарының қалай туындағаны көрсетілген. 60-70 жылдарда Гумилёвтің
ғылыми еңбектерінің тарихи құрылымы жалпылама түрде қабылданған кеңестік
тарихи ғылымнан түбегейлі айрықша болды, сондықтан да оның жұмыстары теріс
бағаланды. Гумилёвтің зерттеу әдістері толық көлемде Этногенез и биосфера
Земли (1989) мақаласында көрсетілген. Гумилёвтің тарих ғылымына қосқан
негізгі үлесі Древняя Русь и Великая степь (1989) мақаласы болды. Онда IX-
XII ғасырлардағы Еуразия этностарының бір-біріне өзара әсерлері
қарастырылған. Автордың айтуы бойынша, тарих ұзақ уақыт бойы
еуроорталықтандырушылық ұстаныммен бағаланды. Гумилёв тарихтың міндеті
цивилизацияның (суперэтностармен) ауысуына қатысты, тарихи процестердің
мәніне байланысты этностардың дамуын оқып үйрену деп санады. Тарихи
зерттеулердегі осы бағыт қазіргі уақытта жүзеге аса бастады. 2005 жылы
тамызында Қазан қаласында тарихшыға ескерткіш орнатылған. 1996 жылы Астана
қаласында Еуразиялық ұлттық университетіне оның есімі берілді.

2. Л.Н. ГУМИЛЕВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ. ПАССИОНАРЛЫҚ ТЕОРИЯ

[2]Л.Н. Гумилевтің ірі жетістіктерінің бірі – пассионарлық теория
негізін салуымен тікелей байланысты. Сонау XIV ғасырдың өзінде-ақ
мароккалық Ибн Халдун Африка мен Азия көшпелі халықтарының саяси дамуындағы
дәуірлік, кезеңдік жіктелісті байқаған болатын, алайда бұл мәселеге
тереңдеп ден қоймайды.Бәрі де – тңірдің ісі, құдайдың құдіретінде деп
шешуімен шектелген еді. Барлық халықтардың табиғи эволюциясы туралы ой –
ғылымда ХХ ғасырдың басында кең өріс ала бастайды. Л.Н. Гумилев бұл
мәселені әрі қарай тереңдетіп, ішкерілей енеді. Ағылшынның кһрнекті
тарихшысы А.Дж. Тойнби ойлары жаңа этностардың пайда болуы, тууы себебі
мен олардың жастығы мен кемелдену тарихының сырын түсінуге ден қояды.
Л.Н. Гумилевтің жалпытарихи тұжырымдамасының орталық діңгегі этногенез және
пассионарлық ұғымына келіп тірелері белгілі. Бұл ұғым этностардың пайда
болуы және белсенділік қуаты әр түрлі кезеңді бастан өткеруі, сондай-ақ,
белгілі бір уақыттан соң өзара бірлестіктерінің ыдырауы деген мәнді
білдіреді. Этнос – органикалық бірліктегі әрі табиғи, әрі әлеуметтік
бастаулар негізі, - деген көзқарасы мен этногенез сыр-сипаты туралы ұғым –
түсінігі ғалым В.И. Вернадский ілімімен суарылңаны белгілі. Тірі дүниенің
биохимиялық энергиясы туралы және биосфераның жалпы заңдылықтарын адамзат
қоғамы дамуына сәйкестіре қарау туралы В.И. Вернадский ілімі – тарихшы
ғалымға үлкен ой салды. Этногенез ілімін тадиғи әлеуметтік тұрғыдан
пайымдаумен қоғам тарихын жалпы таразылау мәселесі бұл күнде колдау тауып
отыр. Әйтсе де этногенез тұжырымдамасының тұғырын бекіту оңайға түспеді.
Оны ғылымдағы ресми көзқарастармен күресе отырып қана дәлелдеп шығу мүмкін
еді. Түйіндей айтқанда, Л.Н. Гумилев тұжырымдамасын былай қабылдауға
болады:
Ғарыш жерге ауық-ауық энергия тасқынын жіберіп отырады(пассионарлық
заряд латынша пассиа - құштарлық). Пассионарлықтың осылайша ағылуы
ұлттар мен өркениетті туғызады. Мінез – құлық сипатына қарай Л.Н. Гумилев
адамдарды үш топқа бөледі:
1. Үәлесімділіктегі адамдар, олар – көп. Бұл топтағы адамдар қуатпен
жеткілікті қамтамасыз етілген, яғни өздерінің қарапайым
қажеттіліктерін өтеуге жеттіндей қуат олардың бойында толық бар.
Олар өмір сүру үшін қызмет етеді. Басқа талап – тілектері жоқ.

2. Пассионар адамдар – олардың бойындағы қуат күші мөлшерден артық.
Пассионар адамдар өздерінің мақсатын жүзеге асырк үшін өмір
сүреді. Мақсат - мұратын өмірінен де жоғары қояды, мақсатының
мәні өмірінен қымбат болып есептеледі. Пассионар адам, құштарлық
сезімдегі адам батыр да, зұлым да, жасампаз да, күйретушңі де
бола алады, бірақ бей – жай, селсоқ адам бола алмайды.
3. Субпассионар адамдар – құштарлығы бйсең адамдар – олардың қуаты
кәдімгі қарапайым тірліктегі қажеттілігін де өтей алмайтын
деңгейде болады. Бұл топтағы адамдар ешбір әрекет жасағысы
келмейді және басқа адамдар есебінен күн көруге бейімделеді.
Тарих осы топтардағы адамдардың белгілі бір дәрежеде үйлесе
ынтымақтасумен анықталады. Өркениет дамуы бірқатар кезеңдерден
өтетіні белгілі ғалым Л.Н. Гумилев ол кезеңнің әрқайсысына өз
мазмұн – мәніне лайық атау береді.
1. Өрлеу(Сен кім болуға тиісті едің, сол бол!). Әр адам қоғамда
нақты бір орын иеленеді және жалпыға ортақ ғс жеке бастың
мүддесінен жоғары тұратындай жағдайда әрекет етеді.
2. Акматикалық кезең (Өзіңмен өзің бол). Бұл кезеңде адамдар
жалпыға ортақ іс үшін қызмет етуі доғарады және әркім өзі үшін
күресе бастайды. Ішкі бәсекелестік күшейе түседі.
3. Күйреу(Тек бұрынғыдай болмасын!). Құштар сезімдегі адамдар азая
түседі. Олар қайтыс болады немесе үстемдік еткен биігінен
ығыстырыла бастайды. Қоғамда әлеуметтік сілкіністерден қажып –
шаршау күшейе түседі.
4. Инерциялық фаза, яғни селқостық кезең(Мен қандаймын, сондай
бол). Этностар бұрынғы жинақталған құндылықтар ықпалымен өмір
сүре береді. Адамдар заңға бағынад, еңбексүйгіш. Бұл –
этностардың алтын күзі. Қоғамда барлығына ортақ идеал пайда
болады: Англия – джентельмен, Византия – әулие, Орталық Азия –
батыр ұғымдарымен бірлікте қаралады. Жалпыға ортақ қағидадан
ауытқушылық қатаң айыпталады.
5. Обскурация фазасы – көлеңкелі кезең(Біз қандаймыз, сондай
бол!). Қоғамдағы негізгі орынды субпассионар адамдар, құштарлығы
бәсең адамдар, иеленеді. Ез, өзімшіл, тоғышар пиғылдағы адамдар
көбейе түседі.
6. Мемориаль фазасы – естелік кезең(Тамаша кезеңді еске алайық).
Өткенне тек естелік қана қалады. Адамдардың көпшілігіне тойым мен
тыныштықтан басқа ештеңе қажет емес. Олар өмір үшін күресе де
алмайды, күрескісі де келмейді. Жаңа кезең кезекті пассионарлық –
құштарлық дүмпуі әсерінен тууы мүмкін. Бұрынғы этнос қайта
өзгермейді, жаңармайды, жаңасы пайда болады.Орта есеппен этнос
1500 жыл өмір сүрді.
Кез келген жаңа идеялар сияқты Л.Н. Гумилев көзқарастары да дау
туғызбас деп айта алмаймыз. Оның тұжырымы толыққанды ғылыми сынға ұшырай
қойған жоқ.
[3]Пассионарлық - [лат. passio - құштарлық, азап шегу] - этнологияға
орыс тарихшысы әрі географы Л. Н. Гумилев енгізген ұғым. Гумилев
пассионарлықтаң астарында индивидтің мақсатқа талпынысынан көрінетін
белсенділігін (көбіне - қияли) және осы мақсатқа жету жолындағы
жанкештілігі мен күйзеліске төзімділігін түсінді. Жанкештілік мұнда кеңінен
алғанда - ең басты, тіпті, өмірлік маңызды қажеттіліктерден бас тарту,
жоғары пассионарлық шиеленісте тіпті үстемдік етуші мақсат болып табылатын
әлеуметтік және мінсіз қажеттілік жолында құрбан болып, өмірден де бас
тарту. Жалпы, пассионари биологиялық қажеттіліктерден әлеуметтік және
идеалдық қажет- тіліктерді басым қоюымен сипатталады. Тарихи-биографиялық
әдіс негізінде Л. Н. Гумилев пассионарлықты әртүрлі дәуірлер мен этностарға
тән, тұрақты психикалық және мінез-құлықтық белгілер кешені ретінде
анықтайды. В. И. Вернадскийдің биогеохимиялық идеяларына сүйене отырып,
Гумилев пассионарилерді сыртқы ортадан өзінің жеке қорғанысына қажеттен тыс
қуат алуға туа бітті қабілеті бар және осы қуатты қоршаған ортаны өзгерту
жолында мақсатты жүмысқа айналдыратын елден ерекше адамдар ретінде
қарастырады. Сонымен қатар пассионарилердің айналадағы адамдардың мінез-
құлқы мен психикасына белсенді ықпал ететінін айтқан. Адам ұжымдарының
белсенділігінің өзгермелілігін этногенез фазалары бойынша зерттей отырып,
жекелеген пассионарилердің белгілерін сипаттай келе Л.Н. Гумилев әр
дәуірлерде мұндай тұлғалардың пайда болу жиілігі этникалық жүйенің жалпы
белсенділігімен байланысты екендігіне тоқталады. Александр Македонский,
Ганнибал, Корнелий Сулла, Шыңғысхан, Жанна д'Арк, Ян Гус, Протопоп Аввакум
және басқа да тарихи түлғалардың өмірі мен қызметін талдай келе Гумилев
белсенді өмірге деген ішкі құлшынысы материалдық құндылықтарды іздеуден де,
әлеуметтік ортаның шарттарын таңуынан да тұрмайтын оларды біріктіретін
барлығына тән ортақ белгілер кешені бар екенін анықтады. Керісінше,
көптеген пассионарилердің жоғары белсенділігі айналасындағылардың
айыптауына ұшырап, түсініспеушілігін тудырды, ақыр соңы қазаға да әкелді.
Пассионарлықты популяциялық деңгейде (этникалық ұжымдардың белсенділігі
ретінде) және индивидуалды деңгейде (мінез- құлық шабыты) сипаттай отырып,
Л. Н. Гумилев бұл феноменді түсіндіруде пассионарлыққа теориялық көзқарас
ретінде В. И. Вернадский еңбектеріндегі қаралған биосфераның тірі
бөлшектерінің қуатының тиімділігі жөніндегі ойын ұсынды

3. ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ

[4]Біздің еліміз тек жер асты байлығына ғана емес, сонымен қатар, жер
үсті қазынасына да ие екендігіне, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәңгілік ел
Этнос
Мәңгілік ел идеясы
Мәңгілік ел - Қазақстанның ХХІ ғасырдағы ұлттық идеясы. Қазақстан - қазіргі әлем таныған мемлекет
Мәңгілік ел ХХІ ғасырдағы Қазақстанның ұлттық идеясы
Алтынбек Сәрсенбайұлы - публицист
Сондайлық себептермен Алтынбек Сәрсенбайұлының тұлғасы уақыт өткен сайын биіктей бермек
Еңбек мотивациясы
Л.Н.Гумилев - тарихшы ғалым және тарихи еңбектері туралы ақпарат
Орыстандыру саясаты
Пәндер