Қазақстандағы жұмыссыздық, бүгінгі таңдағы жағдайы


ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 3
1 ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ТҮСІНІГІ, ТҮРЛЕРІ МЕН ФОРМАЛАРЫ . . . 5
1. 1 Жұмыссыздықдың әлеуметтік-экономикалық мәні, түрлері, себептері . . . 5
1. 2 Жұмыссыздықтың әлеуметтік көрсеткіштерге байланыстылығы . . . 11
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ, БҮГІНГІ ТАҢДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ
2. 1 Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылған халық туралы ҚР-ның заңы . . . 14
2. 2 ҚР жұмысбастылық пен жұмыссыздық деңгейін реттеу мәселелері мен еңбек нарығының қазіргі ахуалы . . . 26
2. 3 ҚР жұмысбастылық пен жұмыссыздық деңгейін реттеу мәселелері мен оларды шешу жолдары . . . 33
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 38
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 40
КIРIСПЕ
Тақырыптың өзектілігі Қазақстан Республикасы жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың әлеуметтiк-экономикалық мәнi мен мазмұнын ашып, оның макроэкономикалық теңсіздікке және макроэкономикалық көрсеткіштеріне әсерін қарастыру, жұмыссыздықтың елiмiз экономикасындағы жағдайы мен ерекшелiктерiн қарастыру болып табылады.
Сондықтан әрбiр елдiң экономикасы халықтың әлеуметтiк жағдайын көтеру үшiн тұрақты экономикалық өсудi қажет етедi. Елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуiне байланысты еңбек рыногының қатынастары күрделене түсуде. Ал әлеуметтiк саланың жағдайын жақсарту ең бiрiншi сол елдiң еңбек рыногына, халықтың ақшалай табыстарына, елдегi экономикалық активтi халық пен жұмыссыздық деңгейiне байланысты болады.
Еңбек рыногында тепе-теңдiктiң бұзылуы экономикада қоғам дамуына тиiмсiз құбылыс болып табылатын жұмыссыздықты қалыптастырады. Экономикада жұмыссыздар болып еңбекке жарамды жастағы еңбекке қабiлеттi, бiрақ қазiргi уақытта жұмыс орны жоқ адамдар табылады. Сондықтан да жұмыссыздық ел экономикасының жағдайын көрсететiн бiрден-бiр көрсеткiш. Себебi, жұмыссыздық тiкелей елдiң экономикалық құрылымына, өнеркәсiп салаларына, жалақы деңгейiне, халықтың әлеуметтiк жағдайына байланысты болады.
Бүгiнгi таңда әлемнiң дамыған елдерiнiң қай-қайсысын алып қарасақта олардың экономикасының негiзгi бағытының бiрi әлеуметтiк салаға бағытталған болып келедi. Өйткенi әлеуметтiк сала сол елдегi халықтың тұрмыс жағдайын, халықтың өмiр сүру деңгейiн және сол елдiң жалпы экономикасының жағдайын көрсетедi.
Осы еңбек рыногында макроэкономикалық тепе-теңдiктiң бұзылуы экономикада қоғам дамуына тиiмсiз құбылыс болып табылатын жұмыссыздықты қалыптастырады. Экономикада жұмыссыздар болып еңбекке жарамды жастағы еңбекке қабiлеттi, бiрақ қазiргi уақытта жұмыс орны жоқ адамдар табылады. Сондықтан да жұмыссыздық ел экономикасының жағдайын көрсететiн бiрден-бiр көрсеткiш. Себебi, жұмыссыздық тiкелей елдiң экономикалық құрылымына, өнеркәсiп салаларына, жалақы деңгейiне, халықтың әлеуметтiк жағдайына әсер етеді.
Сондықтан курстық жұмыс тақырыбы «Қазақстан Республикасының жұмысбастылық пен жұмыссыздық деңгейі, олардың әлеуметтік көрсеткіштермен байланысы» деп алынды.
Бұл тақырыпты орындаудағы негiзгi мақсат жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың экономикалық мәнін ашу, олардың түрлері мен әлеуметтік-экономикалық салдарын қарастыру, сонымен қатар еліміздегі жұмыссыздық пен жұмыспен қамту жағдайын және олардың құқықтық негіздерін талдау болып табылады.
Мақсатқа жету барысындағы атқарылатын мiндеттер келесiдей:
- Жұмыссыздықты еңбек рыногының элементi ретiнде қарастыру және жан-жақты талдау;
- Жалақы және жұмысбастылық және олардың өзара байланысын қарастыру, сонымен қатар елiмiздегi жұмысбастылық пен жалақы деңгейiн талдау;
- Жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың жалақы, инфляция және жұмысшы күшi ұсынысы және сұранысымен байланысын анықтау;
- Жұмыссыздықтың түрлерi мен олардың экономикаға тигiзер әсерiн қарастыру;
- Жалақы, жұмысбастылық, кәсiподақтар және жұмыссыздық, олардың өзара байланыстары, мәселелерiн және шешу жолдарын ұсыну болып табылады.
- Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесiнiң жалпы жағдайын, олардың өзiндiк ерекшелiгiн қарастыру.
Жұмыстың құрылымы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде жұмыссыздықтың экономикалық-әлеуметтік мәні, жұмыссыздық формалары және жұмыссыздықтың макроэкономикалық тиімсіздікке әсері мен оны әлеуметтік қорғау қарастырылса, ал екінші бөлімде Қазақстандағы жұмысбастылық пен жұмыссыздық мәселесі, оларды шешу жолдары, жұмыссыздық пен жұмысбастылықтың бүгінгі таңдағы статистикалық көрсеткіштері талданып, еліміздің жұмыссыздық және жұмыспен қамту мәселесі, оның макроэкономикалық тұрақсыздыққа әсері талданып, бүгінгі таңдағы әлеуметтік саланы реттеудегі мемлекеттер шаралар мен Елбасының Жолдаулары қарастырылады.
Бұл тақырыптар бойынша келесі авторлар зерттеу жүргізді: Жұмамбаев С. К. В. С. Буланова., Мамыров Н. Қ., Мэнкью Н. Г. Агапова Т. А., Е. Б. Жатканбаев.
1 ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ТҮСІНІГІ, ТҮРЛЕРІ МЕН ФОРМАЛАРЫ
1. 1 Жұмыссыздықдың әлеуметтік-экономикалық мәні, түрлері, себептері
Жұмыссыздық жеке адам және қоғам үшiн көптеген әлеуметтiк-экономикалық мәселелердi өзiмен алып келедi. Жеке адам үшiн ол өндiрiстен кету деген сөз, қызметкер еңбек табысы көзiнен айырылып, көтерiңкi психикалық жүк көтередi. Ал қоғам үшiн ол жоғары салық шығынына ұшыратады, адам капиталы жойылады, қоғамның әлеуметтiк жiктелуi күшейедi, жастарға байланысты мәселелер асқынады және т. б. бос уақыт пайдасы жұмыссызбен келетiн кемшiлiктердi басып кетуi шүбәлi болып келедi. Сонымен қатар бұл құбылыстың кемшiлiктерiн бiржақты атай берген дұрыс емес. Нарықтық экономикаға жұмыссыздықтың табиғи деңгейi тән, жұмыс күшiнiң белгiлi резервi әрқашан да болып тұрады. Табиғи жұмыссыздықтың болуы нарықта экономиканың нормальдi қызметiне қажеттiлiгi бар деуге болады.
Жұмыссыздық мәселелерi көптен берi зерттелуде, бiрақ жұмыссыз қатарына кiмдi жатқызу керек, жұмыссыздық көрсеткiштерi, жұмыссыздық деңгейiне әсер ететiн факторлар және т. б. сұрақтар осы уақытқа дейiн талқыланып жатыр. Қазақстан жағдайында бұл мәселелер шиеленiсе түстi, өйткенi экономикалық дағдарыс және әлеуметтiк еңбек қатынастары күрт өзгеруiне байланысты адам қылықтарына өзгешелiктер ендi. [1, б. 97]
Жұмыссыздық туралы көптеген анықтамаларды жинақтап қорытсақ, оған келесiдей анықтама беруге болады: жұмыссыз адам - ол қазiргi жалақы мен еңбек жағдайында жұмысы жоқ, бiрақ жұмыс iстей алатын және жұмыс iздеп жүрген адамдар. Ал жұмыссыздықты - экономикалық белсендi халықтың бiр бөлiгiн жұмыссыздар құрайтын экономикадағы құблыс деп бiлемiз. Халықаралық еңбек ұйымының анықтамасы бойынша жұмыссыз деп табыс әкелетiн жұмысы жоқ, жұмыс iстеуге дайын және соңғы төрт ай iшiнде жұмысты әр жолмен iздеген адам танылады.
Жұмыссыздықты есептеу формуласы (u) жұмыссыздар саны (U) экономикадағы белсендi халық санына (L) бөлу арқылы табады және пайызбен көрсетiледi.
u = U / L = U / U+E (1)
Экономиканың рыноктық қатынастар арқылы дамуында еңбекке деген сұраныс және еңбек ұсынысы арқылы еңбек рыногында тепе-теңдiк жағдай орын алады деп есептелiнедi. Бiрақ шын өмiрде мұндай еңбек рыногының тепе-теңдiгiнiң орын алуы сирек кездеседi. Еңбек рыногының тепе-теңдiгi дегенiмiз экономикадағы қызмет етiп отырған кәсiпорындар қанша жұмыс күшiн қажет етсе соған сәйкес экономикада жұмысқа ынталы экономикалық активтi халықтың саны сондай дегендi бiлдiредi. [1, б. 116]
Шындығында еңбек рыногында еңбек сұранысы еңбек ұсынысынан артық болып отырады. Яғни, экономика заңдылығы бойынша жұмыссыздықтың табиғи деңгейi орын алады дегендi бiлдiредi. Егер де осы табиғи деңгейден асып кетсе (жұмыссыздық табиғи деңгейi Оукен заңы бойынша 3%) , онда экономикада тұрақсыздық жағдай жұмыссыздық мәселесi орын алады.
Аталған жұмыссыздықтың орын алуын келесi еңбек рыногының тепе-теңдiк графигiнен көруге болады. Сурет-1. [2, б. 569]
Жұмыссыздық N S
W 1 A B
E
W E
N d
N a N E N b N
1 - cурет - Еңбек рыногында жұмыссыздықтың орын алу жағдайы [2, б. 58]
Бұл суреттен көретiнiмiз еңбек сұранысы қисығы N d мен еңбек ұсынысы қисығы N S қиылысында Е нүктесi пайда болады, ол нүкте еңбек рыногындағы тепе-теңдiктi сипаттайды. Осы тепе-теңдiк нүктеге сәйкес W E нақты жалақының және N E жұмысбастылық деңгейiнiң тепе-теңдңгi шығады. Егер жалақы W 1 деңгейде жоғары болатын болса, онда рыноктық сәйкессiздiк нәтижесiнде ұсынылатын еңбек көлемi еңбекке сұраныстан В-А мөлшерде өседi, осының нәтижесiнде N b - N a мөлшерде экономикада жұмыссыздық пайда болады.
Сонымен, жұмыссыздық бұл еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныс сәйкессiздiгiнен пайда болатын еңбек рыногының бөлiнбес элементi. Жұмысшы күшi болып табылатын адамдар еңбек рыногына қатысуына байланысты бiрнеше категорияға бөлiнедi.
Еңбекке қабiлеттi адамдар - жасына және денсаулығына қарай еңбек етуге қабiлеттi адамдар. Адамдардың жекелеген категорияларға бөлiнуi олардың экономиканың рыноктық немесе рыноктық емес секторларында жұмыс iстеуiне байланысты жүргiзiледi. Яғни, рыноктық емес құрылымда қызмет ететiндерге мемлекеттiк әскер, полиция, мемлекеттiк аппарат және т. б. институттар кiредi.
Жұмыссыздар болып еңбекке жарамды жастағы еңбекке қабiлеттi, бiрақ жұмыс орны жоқ адамдарды айтады. Жұмысы бар тұлғалар және жұмыс күнi толық емес тұлғалар жұмысбасты адамдар болып табылады. Жалпы жұмысшы күшiне жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар жатады.
Жұмыспен қамтылу мен жұмыссыздық келесi көрсеткiштер арқылы сипатталады:
- Институционалдық емес адамдар;
- Жұмыс iстеушiлiердiң саны;
- Жұмыссыздар саны;
- Жұмысшы күшiнiң құрамына кiрмейтiн адамдардың саны.
Макроэкономика тұрғысынан осы көрсеткiштердiң дәрежесi мен динамикасы бiрнеше факторларға тәуелдi, оларға демографиялық, жастық және жыныстық, этникалық, халықтың әлеуметтiк құрамы, жекелеген аймақ пен салалардағы еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы.
Жұмыссыздықтың дәрежесiн батыс статистикасы қолданатын көрсеткiштермен айқындауға болады, яғни жұмыссыздықтың таратылуы мен мерзiмiнiң ұзақтылығын. Жұмыссыздықтың таратылуының көрсеткiшi жұмысшы күшiнiң жұмыссызданған бөлiгiн сипаттайды. Жұмыссыздықтың ұзақтық мерзiмiнiң көрсеткiшi бар болған жұмыссыздықтың орташа ұзақтығын сипаттайды. [3]
Батыс экономистерiнiң көбiсi рыноктық жағдайда жұмыссыздықтың белгiлi бiр дәрежесiн болуын заңды және қажет деп мойындайды. Дж. Кейнс амалсыз жұмыссыздықтың түсiнiгiн жиынтық сұраныстың бейiмдiлiгiнiң жеткiлiксiз екендiгiнен болады деп есептейдi. Оның пiкiрiнше, толық жұмыспен қамтылу тиiмдi сұраныстың қосымша кеңеюiне байланысты жұмысшылардың санының өзгермеген жағдайы болып табылады. Тиiмдi сұраныстың әрi қарай өсiмi тек таза инфляциялық өсiм болады. Осындай кезде амалсыз жұмыссыздық нолге тең.
Кейбiр экономистер жұмыссыздықты еңбек рыногының икемдiлiгiнiң көрсеткiшi деп санайды. Осы жағдайда жұмыссыздықтың табиғи дәрежесi туралы айтылады. Экономика ресурстардың қаншалықты жақсы қолданылатындығына байланысты сипатталады. Негiзгi экономикалық ресурс жұмысбастылықты қолдайтын жұмыс күшi болады, бұл экономикалық саясаттың маңызды мақсаты.
Табиғи жұмыссыздық деңгейi - бұл жұмыс iстеудi қалайтындардың жалпы санының iшiнде жұмысы жоқ азаматтардың статистикалық көрсеткiшi. Статистикалық деректерде әрбiр адам үш түрлi санаттың бiреуiне жатады. Оларға: жұмыс iстейтiн, жұмыссыз және жұмыс күшiне кiрмейтiндер. Жұмыс iстейтiн адам деп - үй шаруасымен немесе оқумен шұғылданбайтын, апта бойы жұмыс iстейтiндер осы топқа кiредi.
Жұмыссыздық мәселелері көптен бері зерттелуде, бірақ жұмыссыз қатарына кімді жатқызу керек, жұмыссыздық көрсеткіштері, жұмыссыздық деңгейіне әсер ететін факторлар және т. б. сұрақтар осы уақытқа дейін талқыланып жатыр. Қазақстан жағдайында бұл мәселелер шиеленісе түсті, өйткені экономикалық дағдарыс және әлеуметтік еңбек қатынастары күрт өзгеруіне байланысты адам қылықтарына елеулі өзгешеліктер енді.
Қазақстан заңдарында кімді жұмыссыз қатарына жатқызу керек екені жазылған. Статистикалық жинақтарда да бұл түсінікке анықтама берілген. Соларға қарамастан, жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың шын күйін бағалау өте қиын. Мысалы, көптеген адамдар жұмыссыз қатарына жатқызатын барлық критерийлерге сәйкес келеді, бірақ объективті және субъективті себеппен жұмыспен қамту жөніндегі қызмет орындарында жұмысқа орналастыратын мүмкіншілігіне сенбеу, алыс жерде тұруы, азаматтардың өз құқыларын білмеуі және т. б. Екінші жағынан, халықтың жұмыспен қамтылуын көрсететін мамандар әр түрлі себеппен бұрмаланады: олар демалыста болуы мүмкін, ауырып жұмысқа көпке дейін шықпайды, кәсіпорын әкімшілігінің ынтасымен өндіріс біраз уақыт тұрап қалады және т. б.
Жұмыссыз туралы көптеген анықтамаларды жинасақ, оған келесідей анықтама беруге болады: жұмыссыз - ол қазіргі жалақы мен еңбек жағдайында жұмысы жоқ, бірақ жұмыс істей алады және жұмыс іздеп жүрген адам. Ал жұмыссыздықты- экономикалық белсенді халықтың бір бөлігін жұмыссыздар құрайтын экономикадағы құбылыс деп білеміз. Халықаралық еңбек ұйымының анықтамасы бойынша жұмыссыз деп табыс әкелетін жұмысы жоқ, жұмыс істеугу жайын және соңғы төрт ай ішінде жұмысты әр жолмен іздеген адам танылады.
Ұлттық экономика дамуында, оның экономикалық құрылымы және елдегi әлеуметтiк, жалпы қоғамдық жағдайларға байланысты жұмыссыздықтың бiрнеше формалары болады. Олардың еңбек рыногындағы үлесiне байланысты экономика дамуына тигiзер әсерлерi де әр түрлi болып келедi. Ендi оларға жеке-жеке тоқталып өтейiк.
Уақытша жұмыссыздық . Кейбiр адамдар өз мамандықтары бойынша қызмет түрлерiн таңдау мүмкiншiлiктерi бар кезде “жұмысаралық” жағдайда қалады. Кейбiреулерiн жұмыстан шығарып жiберiп, олар басқа жұмыс орнын iздеу үстiнде болады. Ал басқалары тұрақты жұмыс орнын жоғалтқандықтан уақытша жұмыссыз болады (мысалы, құрылыстағы қолайсыз ауа-райы жағдайы) . Сонымен қатар еңбек рыногында жастар арасында алғаш рет жұмыс iздеп жүргендер де уақытша жұмыссыздардың қатарына қосалыды. [1, б. 113]
Осы жұмыссыз адамдар жаңа жұмыс орнына немесе уақытша жоғалтқан жұмысына қайтып орналасқанда олардың орнын басқа жұмыссыздар басып отырады. Сондықтан, еңбек рыногында әр түрлi себептермен жұмыссыз қалған адамдар санаты құрамын өзгертсе де, осы жұмыссыздық түрi сақтала бередi. Осы жұмыс орнын iздеп жүрген және жұмысқа орналасуын күтiп отырған еңбекке қабiлеттi адамдарды экономистер “уақытша жұмыссыздар” деп атайды. Уақытша жұмыссыздар еңбек рыногына ұсынатын бiлiмдерi мен еңбек қабiлеттерi бар деп есептелiнедi. Уақытша жұмыссыздық мiндеттi және ерiктi болып бөлiнедi. Жұмысшылардың көпшiлiгi жұмысаралық жағдайға өз еркiмен түседi, олар - өздерiнiң төмен жалақылы жұмыстарын жоғары төлемақылы жұмысқа ауыстыру ынтасымен орын алады. Бұл әлеуметтiк тұрғыдан жұмысшылардың өздерiне ұлкен табыс әкеледi және еңбек рысурстарының қоғамда ұтымды пайдасын арттыру дегендi бiлдiредi. Яғни, бұл жалпы экономикадағы нақты өндiрiс көлемiнiң ұлғайтып, жұмыс орындарының көбеюiмен байланысты. Жалпы еңбек рыногында уақытша жұмыссыздықтың орта мерзiмi 1 айдан 3 айға дейiн созылады.
Құрылымдық жұмыссыздық . Экономикада уақытша жұмыссыздықтан ақырындап “Құрылымдық жұмыссыздық” деп аталатын екiншi жұмыссыздық формасына ауысады. Экономистер “құрылымдық” терминiн құрамдық деген мағынада қолданылады. Уақыт өте келе өндiрiсте немесе қызмет көрсету саласында технология мен сұраныс құрылымында өзгерiстер болады, олар өз алдына еңбек күшiне жиынтық сұраныс құрылымын өзгертедi. Осы өзгерiстердiң нәтижесiнде қоғамда кейбiр мамандықтарға деген сұраныс азаяды немесе мүлдем жойылады. Басқа мамандықтарға, соның iшiнде жаңа мамандықтарға сұраныс көбейедi. Осы жағдайда еңбек күшi жұмыс орындарының құрылымындағы жаңа өзгерiстерге бiрден және толық жауап бере алмағандықтан жұмыссыздық пайда болады. Кейбiр қызметкерлердiң өздерiнiң мамандық тәжiрибелерi рынок сұранысына сәйкес келмейтiндiгiне көздерi жетедi; олардың тәжiрибесi мен iскерлiгi технология мен сұраныс сипатына болған өзгерiстерге байланысты ескiрiп, керексiз болып қалады. Сонымен қатар жұмысбастылықтың географиялық құрылымы әрдайым өзгерiп тұрады. Бұған соңғы 10 жылда байқалған жұмыс орындарының “қысқы белдеуден” - “жазғы белдеуге” миграциясы мысал бола алады.
Уақытша және құрылымдық жұмыссыздық арасындағы айырмашылық анық емес. Уақытша жұмыссыздарда “сатуға” болатын тәжiрибе бар, ал құрылымдық жұмыссыздар жаңа жұмыс орнына орналасуы үшiн арнайы оқу курсын өтуi керек, ал кейде тұрғылықты жерiн де ауыстыруы керек. Уақытша жұмыссыздыққа қарағанда құрылымдық жұмыссыздық ұзақ мерзiмдi болғандықтан олар экономикадағы еңбек рыногы жағдайы үшiн қауiптi болып келедi.
Циклдiк жұмыссыздық . Бұның негiзiн экономикалық құлдыраумен және сұраныстың жеткiлiксiздiгiмен байланыстыруға болады. Яғни, өнiмнiң шығарылуымен және жұмыспен қамтудың көлемдерiнiң циклдық ауытқуларын құрайды. Циклдiк жұмыссыздық жұмыссыздар санының көбеюiне әкелетiн нақты ЖҰӨ-нiң азаюымен және жұмысшы күшiнiң бiр бөлшегiнiң жұмыстан босауымен байланысты болады. [2, б. 560]
Экономикадағы жұмыссыздықтың бұл түрi алдынғы екi жұмыссыздық формасына қарағанда экономиканың тиiмдi дамуына керi әсерiн тигiзедi. Өйткенi елде жұмыссыздықтың циклдiк түрiнiң өсуiне байланысты халықтың тұрмыс тiршiлiг төмендейдi, әлеуметтiк сала нашарлайды, яғни бiр сөзбен айтқанда өндiрiстiң құлдырауын көрсетедi. Бұған мысал ретiнде Қазақстан Республикасының егемендiгiн алғаннан кейiнгi 6-7 жылды айтсақ болады. Яғни, елiмiзде өндiрiстiң жаппай жабылуымен, экономиканың дағдарысқа ұшырауымен бiрге жұмыссыздық деңгейiнiң тым жоғары болуына әкелдi. Сол жылдары елiмiздiң ЖIӨ 40%-дан астам құлдырады. Инфляция орын алып, адамдардың еңбекке деген ынтасы кемiдi.
Сондай-ақ нақты және жалған жұмыссыздық болады. Бiрiншi жағдайда, адамның еңбекке қабiлетi және ықыласы болады, бiрақ еңбек рыногында түрлi жағдайларға байланысты ол жұмыс орнын таба алмайды. Екiншi жағдайда әр түрлi себептермен еңбекпен айналысқысы келмейтiн адамдарды сипаттайды. Жұмыссыздық ашық және жасырынды, ұзақ және қысқа мерзiмдi болуы мүмкiн. Ұзақ мерзiмдi жұмыссыздыққа циклдiк және құрылымдық, ал қысқа мерзiмдi жұмыссыздыққа маусымдық және уақытша жұмыссыздық жатады.
Маусымдық жұмыссыздық . Өндiрiстiң кейбiр салаларындағы өндiрiс көлемiнiң маусымдық ауытқуымен байланысты болады. Оларға: ауыл шаруашылығы, құрылыс жатады. Бұларда жыл бойы еңбекке сұраныс бiр деңгейде болмайды. Жұмыссыздықтың маусымдық түрi жұмысшы мен жалдаушы жасасқан келiсiм шарттар арқылы болжана алады.
Батыс экономистерi әдетте табиғи жұмыссыздықты және толық жұмыспен қамту болғандағы жұмыссыздықты еңбек рыногындағы объективтiк диспропорияларды көрсететiн құрылымдық жұмыссыздық деп қарайды. Ал табиғи жұмыссыздыққа уақытша (фрикциондық) және маусымдық жұмыссыздықты жатқызады. Шынында да жұмыссыздық дәрежесiнiң оның табиғи нормасынан артып кетуi экономикадағы құрылымдық өзгерiстермен байланысты, оның циклмен даму ерекшелiктерi салалардағы өндiрiстiң құлдырауымен байланысты болады.
Толық жұмысбастылық жұмыссыздықтың мүлдем жоқтығы емес. Басқа сөзбен айтқанда, толық жұмысбастылық кезiнде жұмыссыздық деңгейi циклдiк жұмыссыздық нольге тең болған жағдайда ғана орындалады. Толық жұмысбыстылық кезiндегi жұмыссыздықты “жұмыссыздықтың табиғи деңгейi” деп атайды. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейiмен қосарланған iшкi өнiмнiң нақты көлемi “экономиканың өндiрiстiк әлуетi” деп аталады. Бұл толық жұмысбастылық кезiндегi экономиканың өндiре алатын өнiмiнiң нақты көлемi.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейi дегенiмiз - оң өлшем, өйткенi уақытша жұмыссыздарға да жұмысқа орналасу үшiн уақыт керек. Құрылымдық жұмыссыздарға да оқу курстарынан өту үшiн уақыт керек. Егер жұмыс iздеп жүрген адамдардың саны бос жұмыс орындар санынан көп болса, онда еңбек күшi рыноктары сәйкес келмейдi деген сөз, мұндай жағдайда жиынтық сұраныс тапшылығы мен циклдiк жұмыссыздық пайда болады. Басқа жағынан қарағанда жиынтық сұранысы артық болған жағдайда жұмыс күшiнiң жетiспеушiлiгi байқалады, яғни бос жұмыс орындарының саны жұмыс iздеп жүрген адамдар санынан артық болады. Мұндай жағдайда жұмыссыздықтың нақты деңгейi жұмыссыздықтың табиғи деңгейiнен төмен болады. Еңбек күшi рыноктарындағы мұндай тапшылық инфляциямен қатар болады. [2, б. 563]
Экономикадағы жаппай жұмыссыздықтың орын алуы әлеуметтiк-экономикалық мәселелердiң макроэкономикалық сипаттағы ең ауыр жағдайы екенi белгiлi. Ол қоғам өмiрi мен адамдар арасындағы өркениеттiк қатынастар формаларына нақты қауiп тудырады. Мысалы, жаппай жұмыссыздық орын алған кезде қоғамда ұрлық, адам өлтiру, тонау, адамдарға сенiмсiздiк жиi қайталанады. Бұл дегенiмiз экономикалық құылыс болып табылатын жұмыссыздықтың өршуi қоғамдық, адамзаттық қатынастарға керi әсерiн тигiзедi дегендi бiлдiредi.
Қандай да қоғам болмасын, жұмыссыздықтың әлеуметтiк және экономикалық шығындарымен байланысты болады. Қоғамның экономикалық шығындары өндiрiлген тауарлар мен қызметтердiң құнымен, мемлекеттiк бюджетке түсетiн салық түсiмдерiнiң азаюымен, жұмыссыздық бойынша төленетiн жәрдемақының өсуiмен, мемлекеттiк еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау органдарға жұмсалатын қаражаттармен өлшенедi.
Жұмыссыздық өз кезегiнде макроэкономикалық әлеуметтiк-негативтiк процестердi күшейтедi. Қоғамдағы әлеуметтiк қайшылықтарды шиеленiстiредi. Сондықтан барлық елдер жұмыссыздық мәселесiн басты орынға қойып, онымен күрес жүргiзедi. Бұл мәселе бiздiң елiмiз үшiн де өзектi болып табылады. Өйткенi елiмiз экономикасында егемендiгiн алғаннан кейiн жаппай жұмыссыздық орын алып, ол соңғы бiрнеше жылда ған шешiмiн тауа бастады. Ендi жұмыссыздық мәселесiн ұлттық экономика деңгейiнде қарастырайық.
... жалғасы1. 2 Жұмыссыздықтың әлеуметтік көрсеткіштерге байланыстылығы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz