Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiктің даму проблемалары және шешу жолдары


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КIРIСПЕ . . . …. . 3

1. КӘСІПКЕРЛІК: МӘНІ, МАЗМҰНЫ ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ БАҒЫТТАРЫ

1. 1 Кәсіпкерлік қызметінің мәні және түрлері . . . 5

1. 2 Кәсіпкерліктің ұйымдастру-құқықтық нысандары мен негізгі бағыттары . . . 9

1. 3 Рыноктық экономикадағы кәсiпкерлiктiң маңызы және оны мемлекеттiк басқару шаралары . . . 12

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСIПКЕРЛIКТІҢ ДАМУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

2. 1 Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiктің заңдық негіздері . . . 14

2. 2 Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiктiң проблемалары . . . 19

2. 3 Қазақстан экономикасында шағын және орта кәсiпкерлiктiң даму проблемаларын шешу жолдары . . . . . . 25

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 29

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 31

Кіріспе

Кәсіпкерлік - адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер мән берген. Ол былай деп айтқан «Кәсіпкер болу - басқаның істегенін істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер - алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй былай деген: «Кәсіпкер - адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».

Кәсіпкерлік терминін алғаш рет айналымға енгізген ағылшын ғалымы Ричард Кантильон болды. Бұл ағымға, ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызды.

Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі.

Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір - бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес - табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал, кәсіпкерлік болса - новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер - ол өнертапқыш адам. Сондықтан бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.

Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғымда бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе бермейді.

Яғни айтқанымызда кәсіпкерлік дегеніміз - бұл адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Тағы айта кететін жайт, кәсіпкерлікті түсіндіре келгенде мынадай екі жағдайға мән бері керек: біріншіден, коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуде; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалық прогреске жетіге тікелей қатысты.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кәсіпкерліктің жағдайы мен даму деңгейі ел экономикасының тұрақты дамуының қамтамасыз етілуіне негіз болатын буын болып табылады. Экономиканың нақты осы секторының мемлекеттің экономикалық өсуіне, атап айтқанда, дамымаған бәсекелестік, материалдық және материалдық емес ресурстардың тиімсіз пайдаланылуы, ішкі сұраныстың импортқа тәуелділігі, жұмыссыздық, кедейшілік және т. б. сияқты тосқауыл болатын көптеген проблемаларды шешу үшін үлкен әлеуетті мүмкіншілігі бар.

Қазақстан Республикасы XXI күрделi өзгерiстермен аяқ басты. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек”. Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. Ол үшiн елде тұрақты экономикалық өсу және соны жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк бағдарламалар немесе стратегиялар қажет.

Шағын және орта бизнес кез-келген мемлекет экономикасының негiзгi саласының бiрi. Шағын және орта бизнеске кез келген рыноктық экономикасы дамыған елдердiң 10 кәсiпорынының 9-ы жатады. Егер, Еуропа елдерiнде әр мың тұрғынға шаққанда 45-50 кіші кәсiпорын болса, АҚШ-та ол көрсеткiш 75 кәсiпорын шамасында, ал Қазақстанда не бары 8-9 кәсiпорын ғана құрайды екен.

Бүгiнгi Республикамызда экономиканы рыноктық қатынаста қайта құру жолында оның негiзi болып табылатын іскерлік қатынастарды дамытып, оны жандандыру және оларды мемлекеттiк қолдау күн тәртiбiндегi өзектi мәселелердiң бiрi.

Сондықтан мен экономикалық теория пәнiнен курстық жұмысымның тақырыбын “Кәсіпкерліктің мәні, формалары және оның бағыттары” деп алдым.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты - Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық негіздерін және олардың нарықтық экономикадағы рөлін анықтау, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамытудың бүгінгі таңдағы мемлекеттік бағдарламалары мен президент Жолдауларындағы кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарын талдау болып табылады.

Аталған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді орындау шарт:

  • кәсіпкерліктің экономикалық мәні мен экономиканың дамуындағы алатын рөлін қарастыру;
  • Кәсіпкерлікті ұйымдастыру мен қалыптастырудың ұйымдық-құқықтық аспектілерін қарастырып, олардың маңыздылығын ашу;
  • Кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың шетелдік озық тәжірибелерін талқылау;
  • Кәсiпкерлiк жалпы маңыздылығын, оның түрлерiн және жiктелуiн қарастыру;
  • Елiмiздегi кәсiпкерлiк қызмет қалыптасуының ерекшелiктерiн және iске асу нәтижесiн қарастыру
  • «Даму» қорының шағын және орта бизнесті дамытудағы жүргізілетін қаржы-несиелік қолдау саясатына жан-жақты тоқталу;
  • кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қаржыландырудың тәжірибелік мәселелерін қарастырып, оған баға беру;
  • кәсіпкерлікті қаржыландыру механизмін жетілдіру жолдарын айқындау, қаржыландыруды жетілдіруге байланысты ұсыныстар мен тұжырымдар жасау болып табылады.

1. КӘСІПКЕРЛІК: МӘНІ, МАЗМҰНЫ ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ БАҒЫТТАРЫ

1. 1 Кәсіпкерлік қызметінің мәні және түрлері

Кәсіпкерлік өз бастауын ғасырлар тереңінен алып жатыр. Алайда рынок атрибуты ретінде ол капитализм дамуы кезеңінде айқын көріне бастады.

А. Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда алу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттады.

Кәсіпкерлік теориясы ғасырлар бойы дамыды, оған классикалық экономикалық теорияға, неоклассикалық теорияға, кейнсианстік, необерализмге және қазіргі заманғы экономикалық ілімдерге негізделген әр түрлі бағыттар тән. /2, 78 б/

Ғылыми термин түсінігінде «кәсіпкер» экономика теориясына тұңғыш рет VIII ғасырдағы атақты ағылшын экономисті, банкирі Ричард Кантильон енгізді. «Кәсіпкер - бағаның тұрақсыздығы мен сату болашағын болжауға болмайтын жағдайда тауарларды сатып алу мен сату процесстеріне қатысатын, бірақ кірістерінің жалпы сомасын біле бермейтін адамдар. Ең басты ерекшелік - тәуекелділік» - деген.

Кәсіпкерлік ұғымын зертеуге тұңғыш ден қойғандар «саяси экономиканың» ғылым ретінде қалыптасуының іргесін қалаған физиократия мектебінің өкілдері. Негізін салушы Ф. Кенэ (1694-1774) . Ол былай деген : «Жерді жалға алып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші кәсіпкер қоғамдық өнімді өткізуде басты роль атқарады».

ХХ ғасырдың басындағы капиталистік елдер экономикасының шапшаң өсуі және ғасырдың отызыншы, жетпісінші жылдардағы әлемдік дағдарыстар кәсіпкерлікке қатысты жаңа баптардың пайда болуына әкелді. Мұнда әйгілі экономист Йозеф Шумпетерді атап өту керек.

Й. Шумпетер кәсіпкерлер деп әр түрлі комбинацияларда экономикалық жаңашылдықпен айналысатын адамдарды атады. Оның пікірі бойынша, кәсіпкерлік қызмет адамға мәңгілік бекітілмеген, ол оның жеке қасиеттеріне байланысты. /1, 20 б/

А. Смит шағын кәсіпкерлік пен кәсiпкер туралы төмендегідей жазған екен: « . . . ол тек өзінің жеке қызығушылығын, өзінің жеке пайдасын ғана ойлайды және де көрінбейтін қол арқылы жоспарланбаған мақсаттарына жетеді. Қоғамға қызмет етемін деп ойлаған кезден гөрі, өзінің жеке пайдасын ойлаған кезде, қоғамға көбірек пайда алып келеді.

Осылайша ғасырлар бойы кәсіпкерліктің теориялық негіздемелері дамып отырды. Сонымен мынадай қорытынды жасауға болады: «Кәсіпкерлік - бұл, табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретін және толық экономикалық жауапкершілікке негізделген, қауіптің және белгісіздіктің белгілі үлесімен жанасатын, шаруашылық жүргізуші субъектілердің ынталы, инновациялық қызметіне негізделген өзін - өзі ұйымдастыру және өзін - өзі жаңарту процесі. /3, 105 б/

Қазіргі таңда кәсіпкерлікті жандандыру процесі экономикалық және инвестициялық дағдарыстармен; білікті мамандардың жоқтығымен; нормативті - құқықтық базаның жетілдіруімен, коррупциямен, тікелей шаруашылық - коммерциялық қызметпен, тұрақты қауіппен; капиталдық тапшылығымен; шаруашылық жүргізуші субъектілердің, моральды және табиғи тозған материалдық базасымен байланысты қиын жағдайларда өтуде.

Кәсіпкерлік қызметтің Қазақстан Республикасында заңдылық негіздері 1990 жылдардан құрала бастады. Бұл бизнес түрінің дамуына заңдар қабылданды, сонымен қатар заңдылық және басқа да нормативті құқық актілері қабылданып, іске асуда. Сонымен қатар кәсіпкерліктің дамуы дамуы туралы түрлі сұрақтар қамтылуда, ол: шаруашылық серіктестерінің дамуы, акционерлік қоғам; тұлғалық кәсіпкерлік; лицензиялау, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығын қорғау және т. б.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік көптеген түрде дамуда. Қызметтің туындауына қарай - өндірістік, коммерциялық, қаржылық, меншік сипатына қарай - жеке меншік, біріккен; ұйымдастыру нысаны бойынша - тұлғалық, ұжымдық (серіктестік, АҚ) ; шаруашылық субъектілері бойынша - ірі, орта және шағын болып бөлінеді. Кәсіпкерлік түрлері 1 суретте берілген.

Өндірістік кәсіпкерлікке - тұтынушылардың кейіннен сатып алуына тиісті өнім өндіру, жұмыстар жүргізу және қызмет көрсету, жинау, өңдеу және ақпарат беру, рухани құндылық жасау т. б. бағытталған қызметтер жатады.

Коммерциялық кәсіпкерлікке - қызмет түрін сипаттайтын, оның мазмұнының мәнін айқындайтын тауар ақша қатынастары, тауар айырбастау

операциялары жатады.

Буржуазиялық саяси эканомикада “кәсiпкерлiк” түсiнiгi XVIII ғасырда пайда болды. Кәсiпкерлiк - инициативалы шаруашылық қызмет тәуекелмен жасалатын жекеменшiк, қарыздық және басқа да құралдар мен мүлiктер негiзiне пайда табу қызметтерi. /4, 131 б/

Кәсiпкерлiк нарық қатынастарын ұдайы iске қосып отыратын орта. Экономиканың өтпелi кезеңiндегi кәсiпкерлiк ең алдымен нарықтың тауармен толығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкiндiк бередi. Жалпы алғанда, кәсiпкерлiк экономикада нақты белсендi, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттiң экономикалық дамуында оның тұрақталығының индикаторы есептi қоғамда орта тапты жасақтайды. Кәсiпкерлiктiң әлеуметтiк мiндетiне:

  • Халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздық мәселесiн шешу;
  • Тұрмыс деңгейiн жоғары болуын қамтамасыз ету;
  • Адамның өмiрге тың сенiммен қарауының мүмкiндiктерiн арттыру;

Сурет 1 - Кәсіпкерліктің түрлері

ҚР-ның Азаматтық кодексiнде кәсiпкерлiкке келесiдей анықтама бередi: “ Кәсiпкерлiк - меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiкке не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық басқаруға құқығына (ммелекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызмет. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады”.

Кәсiпкерлiк бұл ерекше экономикалық құбылыс болып табылады. Кәсiпкерлiк қызметке талдау жасау оның жалпы экономикалық құрылымы сияқты ұзақ тарихы мен терең тамыры барын көрсетедi. Орта ғасырларда “кәсiперлiк” деген термин, одан да бұрын “антрепренер” француз тiлiнен аударғанда “делдалдық” дегендi бiлдiредi. Кәсiпкерлiк батыстың экономикалық теориясында кең түрде XVIII ғасырдан бастап қарала бастады. Оны атақты ғалымдар Р. Кантилонаның, А. Тюргоның, Ф. Кэненiң, А. Смиттiң, Ж. Сэйдiң есiмдерiмен байланыстырады. “Кәсiпкер” терминiнiң атасы белгiлi ағылшын экономисi Ричард Кантилон. Ол “кәсiпкер” деп рынок жағдайында әрекет жасаған адамды айтқан. /5, 93 б/

Ал кәсiпкерлiктiң экономикалық мiндеттерiне келесiлердi жатқызуға болады:

  • Нарықтық қатынастарды дамыту;
  • Шектеулi ресурстарды тиiмдi пайдалану;
  • Экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;
  • Жаңа жұмыс орындарын ашу;
  • Нарықтағы сұранысты қамтамасыз ету;
  • Экономикалық активтi халықты барынша ынталандыру;
  • Инвестицияларды тиiмдi салаларға тарту;
  • Инновациялық жаңалықтарды ашып оны өндiрiске енгiзу;
  • Кластерлiк жүйенiң дамуы;
  • Лизингтiк қатынастардың дамуы;
  • Өнiмдердiң сапалылығының жоғары болуы;
  • Тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз етiп, ЖIӨ-нiң негiзгi бөлiгiн құрайды.

Қазақстанда бүгiнгi күнi шағын және орта кәсiпкерлiк бастан кешiрiп отырған қатынастарға қарамастан, экономиканың серпiндi дамып келе жатқаны белгiлi болып отыр. Ең бастысы шағын кәсiпкерлiк саны өсiп келедi. Өсiм соншалықты жоғары да емес, небәрi пайыздық бөлiгi ғана. Оның ЖIӨ-де өзiндiк үлесi бар. Ол 30 % құрайды. Қазiргi кезде кәсiпкерлiк Қазақстанның бүгiнгi экономикасында лайықты орын алуда.

Бүгiнгi таңда Республикамызда экономиканы нарықтық қатынаста қайта құру жолында оның негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қатынастарды дамытып, оны жандандыру және оларды мемлекеттiк қолдау күн тәртiбiндегi өзектi мәселелердiң бiрi. Сондықтан елдiң тұрақты өсуiн қамтамасыз ету үшiн нарықтық экономиканың негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қызметтi қолдау және реттеу шараларының тиiмдi iске асырылу қажеттiгi туындап отыр.

  1. Кәсіпкерліктің ұйымдастыру-құқықтық нысандары және негізгі бағыттары

Әлеуметтiк-экономикалық құбылыс ретiнде кәсiпкерлiк көптеген қоғамдық қатынастарды қамтиды. Мұның айталық, заң-құқықтық, психологиялық, тарихи жақтары бар. Бiрақ кәсiпкерлiк қызметтiң тағдыры адам қызметiнiң экономикалық жағдайларына байланысты. Кәсiпкерлiк қатынастарды талдаудың алғашқы қадамы олардың объектiлерi мен субъектiлерiн анықтау.

Кәсiпкерлiктiң субъектiсiне экономикалық қызметкеқатысушы түрлi мүшелер, алдымен жекелеген индивидтер, адамдар жатады. Мұндай кәсiпкердiң қызметi өзiнiң еңбек шығындарына немесе жалдамалы еңбектi қолдануға негiзделедi. Соңғы жағдайда кәсiпкер жалдаушы болады. Кәсiпкерлiк қызметтi бiр топ адамдар жүргiзуi мүмкiн, оларды байланыстырушы - мiндеттi шарттар мен экономикалық мүдде. Мұндай кәсiпкерлiктiң түрi - ұжымдық, коллективтiк деп аталады. Ұжымдық кәсiпкерлiктiң субъектiсi - әртүрлi ассосациялар: акционерлiк қоғамдар, кооперативтер және т. б. жеке-дара кәсiпкерлерге қарағанда кооперативтер немесе партнерлiк бiрлестiктер iрi көлемдегi мәселелердi шеше отырып, олардың рыноктағы үлесi бар болуымен көрiнедi.

Кәсiпкерлiк объектiсi - адамның белгiлi қызметi. Кәсiпкердiң соңғы нәтижесi - өндiрiлген өнiм мен көрсетiлген қызмет. Бiрақ, ең бастысы әр кәсiпкер осылардың iшiндегi өзiне ең пайдалысын және тиiмдiсiн iске асырады. Мiне сондықтан да рыноктық экономикада кәсiпкерлердiң басты мақсаты өз пайдасын барынша максималдау және өндiрiс шығындарын барынша минималдау болып табылады. Ал кәсiпкердiң табысы көбiне оның өз iсiн қалай ұйымдастырғанына байланысты. Яғни, кәсiпкер өз iсiн бастағанда және оны жалғастырғанда үлкен тәуекелге барады. Ал тәуекелдiлiк кәсiпкерлiк қызметпен бiрге өмiр сүрiп отыратын заңды құбылыс. /6, 41 б//

Демек, нақты өмiрде кәсiпкерлiктiң объектiсi - новаторлық, жаңашылдық, ерекше мағынадағы новаторлық өндiрiс, айырбас және бөлудiң түрлi факторларын комбинациялау.

Кәсiпкерлiк әр кезде де белгiлi бағытта ұйымдастырылады, нақты формалары бар. Кәсiпкерлiктiң шаруашылық жүргiзу тәсiлi ретiнде бiрнеше жалпы белгiлерi бар. Оның iшiнде негiзгiсi - шаруашылық субъектiлерiнiң еркiндiгi мен тәуелсiздiгi. Кәсiпкерлердiң еркiн қызмет етуi рынок механизмiнiң әрекетiн қамтамасыз ететiн тәртiп қалыптастырады. Кәсiпкердiң тәуелсiздiгi оған экономикалық ресурстарды алуға, осы ресурстардан өз қалауынша қызмет пен тауар өндiру процесiн ұйымдастыру және оларды рынокта кәсiпкердi қанағаттандыратындай өткiзу болып табылады.

Барынша көп табыс табу кәсiпкерлiк жұмыстың қозғаушы факторы. Көп жағдайларда тек осы тұрғыдан ғана iс ұйымдастырылып, одан әрi кеңейтiледi. Кәсiпкерлiкке тән тағы бiр сипат шаруашылық жүргiзудегi тәуекелге бел бууы. Iске кiрiскендн алғашында алда не болатыны белгiсiз, анықталмағандық болады, оны болжап, дәл айту қиын.

Фирма рыноктық экономиканың негiзгi экономикалық агентi. Бiр немесе бiрнеше кәсiпорыннан тұратын, пайда табу мақсатында тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымдарды фирма деп атайды.

Меншiктiк формасына сәйкес фирмлардың немесе кәсiпкерлiктiң үш түрiн атап өтуге болады:

  • Индивидуалдық немесе жеке кәсiпкерлiк;
  • Серiктестiк немесе партнерлiк;
  • Корпорация (акционерлiк қоғам) .

Жалпы кәсiпкерлiктiң жiктелуiн келесi суреттен көре аламыз. (Сурет-1)

Сурет-2 - Кәсiпкерлiктiң жiктелуi

Индивидуалдық кәсiпкерлiк деген бiр адам иелiк ететiн бизнес. Индивидуалдық кәсiпкерлiктiң иелiк етушiсi сонымен бiрге менеджер қызметiн атқарады. Оның мүлiгi мен жауапкерлiгiнде шек болмайды. Индивидуалдық кәсiпкерлiктiң басты кемшiлiгi - капиталының аз мөлшерде болуы. Артықшылықтары: меншiк иесiсiнiң әрқайсысы барлық пайданы иемденедi, өзгерiстердiң қандайын болмасын өзi жүргiзе алады. Индивидуалдық бизнесмен заңды тұлға болмайды. Сондықтан ол тек табыс салығын төлейдi, корпорацияға белгiленген салық төлемейдi. Бизнестiң аса кең тараған бұл формасы ұсақ дүкендерге, қызмет сферасына, фермаларға, заңгерлiк iс-әрекеттерге тән болады.

Серiктестiк ( партнерлiк) дегенiмiз екi және одан да көп адам иелiк ететiн бизнестiң түрi. Бұл да заңды тұлға емес, сондықтан табыс салығын ғана төлейдi және фирманың барлық қарыздарына шексiз жауапкершiлiк артады. Артықшылығы: ұйымдастырылу жеңiл, қосымша қаражаттар және жаңа идеялар iске тарту мүмкiндiгi болады. Кемшiлiктерi: шаруашылық дами түскенде қаржы ресурстарының тапшылығынан қосымша капиталды iске тарту мүмкiндiгi шектелген; фирма мүшелерiнiң барлығы бiрдей iс-әрекет мақсаттарын жетiле түсiнбеуi. /7, 56 б/

Корпорация деп бiр заңды болып бiрлесiп, кәсiпкерлiк қызмет жасау үшiн қосылған адамдар жиынтығын атайды. Корпорация меншiгiне құқықтар акцияларға сәйкес бөлшектерге бөлiнедi. Сондықтан корпорацияның иелерi акция ұстаушы, ал корпорацияның өзi - акционерлiк қоғам деп аталады. Корпорацияның табыстарына корпорация салығы салынады.

Кәсiпкерлiк фирманың көлемiне сәйкес шағын, орта және iрi кәсiпкерлiк болып бөлiнедi. Осы заманда экономикасы дамыған елдерде шағын кәсiпкерлiк ұлттық шаруашылықтың ең iрi секторын құрайды. Шағын бизнесте барлық жұмысбастылардың жартысынан көбi қызмет етедi.

Нарық жағдайында кәсіпкерлік қызмет көп нышанда болады, оларды мынна түрде бөлуге болады:

- масштабы бойынша шағын, орта және ірі кәсіпкерлік;

- кәсіпкерліктің субъектілері бойынша.

Кәсіпкерліктің субъектілері экономикалық қызметтің әр түрлі қатысушылары - жеке тұлғалар, келісім-шарт міндеттемелерін, біріккен адамдар тобы яғни, ұжымдық кәсіпкерлік, серіктестік, кооперативтер, акционерлік қоғамдар, холдингтер мен осы тәріздес мемлекеттік кәсіпкерлік бола алады.

Акционерлік қоғам - бұл акция сату мен ақшалық орталықтандыру негізінде құрылған мекемелік форма, ол жалпы акционерлік капиталға ақшалық негізде көмек беретін тұлғалардың жиынын ұсынады және ол капиталды белгілі бір нақты жеке шаруашылықта қолдану, сонымен қатар кірген кірісті, шыққан шығынды бірге алып жүреді.

Акционерлік меншік тек екі жолмен ғана құрылады: салым салушы акционерлік қоғамнан немесе мекемесі бар заңды тұлғадан.

1. 3 Рыноктық экономикадағы кәсiпкерлiктiң маңызы және оны мемлекеттiк басқару шаралары

Кәсiпкерлiк нарық қатынастарын ұдайы iске қосып отыратын орта. Экономиканың өтпелi кезеңiндегi кәсiпкерлiк ең алдымен рыноктың тауармен толығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкiндiк бередi. Жалпы алғанда, кәсiпкерлiк экономикада нақты белсендi, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттiң экономикалық дамуында оның тұрақталығының индикаторы есептi қоғамда орта тапты жасақтайды. Кәсiпкерлiктiң әлеуметтiк мiндетiне:

  • Халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздық мәселесiн шешу;
  • Тұрмыс деңгейiн жоғары болуын қамтамасыз ету;
  • Адамның өмiрге тың сенiммен қарауының мүмкiндiктерiн арттыру;

Ал кәсiпкерлiктiң экономикалық мiндеттерiне келесiлердi жатқызуға болады:

  • Рыноктық қатынастарды дамыту;
  • Шектеулi ресурстарды тиiмдi пайдалану;
  • Экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;
  • Жаңа жұмыс орындарын ашу;
  • Рыноктағы сұранысты қамтамасыз ету;
  • Экономикалық активтi халықты барынша ынталандыру;
  • Инвестицияларды тиiмдi салаларға тарту;
  • Инновациялық жаңалықтарды ашып оны өндiрiске енгiзу;
  • Кластерлiк жүйенiң дамуы;
  • Лизингтiк қатынастардың дамуы;
  • Өнiмдердiң сапалылығының жоғары болуы;
  • Тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз етiп, ЖIӨ-нiң негiзгi бөлiгiн құрайды. /8, 33 б/

Қазақстанда бүгiнгi күнi шағын және орта кәсiпкерлiк бастан кешiрiп отырған қатынастарға қарамастан, экономиканың серпiндi дамып келе жатқаны белгiлi болып отыр. Ең бастысы шағын кәсiпкерлiк саны өсiп келедi. Өсiм соншалықты жоғары да емес, небәрi пайыздық бөлiгi ғана. Оның ЖIӨ-де өзiндiк үлесi бар. Ол 30 % құрайды. Қазiргi кезде кәсiпкерлiк Қазақстанның бүгiнгi экономикасында лайықты орын алуда.

Бүгiнгi таңда Республикамызда экономиканы нарықтық қатынаста қайта құру жолында оның негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қатынастарды дамытып, оны жандандыру және оларды мемлекеттiк қолдау күн тәртiбiндегi өзектi мәселелердiң бiрi. Сондықтан елдiң тұрақты өсуiн қамтамасыз ету үшiн рыноктық экономиканың негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қызметтi қолдау және реттеу шараларының тиiмдi iске асырылу қажеттiгi туындап отыр. Кәсiпкерлiктi қолдаудың және реттеудiң келесiдей түрлерiн атап өтуге болады:

  • Кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және реттеу;
  • Инновациялық қолдау және ынталандыру;
  • Инвестициялық қолдау мен оның салаларын дамыту;
  • Құқықтық қолдау және заңдар қабылдау;
  • Қаржылық қолдау мен несиелер арқылы ынталандыру;
  • Салықтық жеңiлдiктер арқылы кәсiпкерлiктiң маңызды салаларын дамыту iс-шаралары жатады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлікті қалыптастыру және кәсіпкерді тәрбиелеу нарықтық экономикалық даму негізі
Кәсіпкерлік түсінігі және оның негізгі түрлері
Қазақстан Республикасындағы халықаралық тәжірибесі және қалыптасу проблемалары
Кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік - экономикалық шарттары және заңдылықтары
Шағын бизнестің Қазақстанда қалыптасуы, дамуы
Туризм индустриясындағы бизнес жоспардың мән – мазмұны мен ерекшіліктері
Шағын бизнестің: мән – мазмұны, ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің негізгі проблемалары және оны шешу жолдары
Кәсіпкерлік әрекеттің Қазақстанда даму ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнесті дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz