Сақтардың мәдениеті мен өнері



Жоспар.

І.Кіріспе.

1.Үйдегі өндіріс пен қолөнер.
2.Тұрғын үй мен киімі.
3.Діни наным сенімдері.
4.Сақтардың өнері.

ІІІ.Қорытынды.

ІV.Пайдаланыған әдебиеттер.

V.Қосымша.
Кіріспе.
Біздің заманымызға дейінгі бір мыңыншы жылдары бүкіл Евразия даласында скиф-сақ тайпалар одағы өмір сүрді. Ұшы-қиыры жоқ кең даланы игеріп, әртүрлі патшалықтар бірлестіктерін құрып, күшті жауынгер елге айналды. Оларды батыстағылар (гректер) скифтер десе, парсылықтар (Иран, парсы патшалықтары) сақтар деп атады. Бірақ та осы екі атау да Евразия даласын жайлаған халықтардың ортақ аты еді. Скиф, сақ тарихын тілге тиек етіп, тереңірек үңілетін болсақ, оларды құрайтын бірнеше тайпалар көне жазба шежірелерде жиі кездесетінін көреміз; сорматтар, дайлар, аландар, массагеттер, үйсіндер және исседондар (ибондар). Кезінде осы тайпа бірлестіктері Қазақстан жерін жайлаған, қазақ халқының арғы ата-бабалары болып табылады. Бұлардың ішінде, әсірссе, массагеттер, аландар, үйсіндер туралы тарихи деректер көбінесе Иран, парсы, грек жазбаларында біршама кездеседі, Ал аландар туралы көне қытай жылнамаларында дәйекті де айшықты жазылған. Ең бір көне деректер ежелгі парсылардың діни кітабы Авестада көрініс береді. Кітапта ирандықтармен талай тарихи шайқастарда сынға түскен-дэвтар немесе дайлар туралы бірсыдырғы баяндалған. Сонымен бірге дайлармен бірге Иранның шығысында орын тепкен көшпелі тайпа «турларды» да атап өтеді. Ал осы «турларды» ежелгі гректер массагеттер деп атағанын айтсақ, кітаптан түрік тектес халықтардың, дәлірек негіздесек қазақ халқының арғы ата-бабаларының географиялық жайлап жатқан аймағын танып білеміз, Массагеттер мен турлардың (түріктердің) туысқан бір тайпа бірлестіктерінен тұратынын тарихтың атасы атанған Городот та жазып кеткен.
Ежелгі дәуірде Орта Азия мен Қазақстан жерінде тайпа бірлестіктерінің ең күштісі массагеттер, аландар болды. Олар әрдайым көрші патшалықтармен қарым-қатынаста болып, жауласқанмен жағаласып, тойласқанымен табысып отырды. Массагеттер жауынгер, тайсалмас тарлан, сөзсіз батырлықтарымен көзге түсті. Көшпенді де еркін, ержүрек халықты табанына таптау үшін, шұрайлы да бай кең жерін тартып-алу үшін талай рет парсы, грек, қытай патшалары жорық, жасаған. Жаулардың ешқайсысына да берілмей, қайта өздеріне айықпас соққы беріп отырған. Скифтердің әйелдері де батыр, қайсарлықтарымен тарихта өз аттарын қалдырып отырды.
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері.
Мақсат: Ұлан байтақ еліміздің территориясын мекендеген б.з.-дан бұрынғы 1 мың жылдықтың басында темір дәуірі кезеңінде өмір сүрген сақ тайпаларының мәдениеті мен өнерін өскелең ұрпаққа ашып көрсету.
Міндет: Тарих салнасында ұмыт болған «көшпенділер» деген атпен белгілі, байырғы ата-бабаларымыздың салт дәстүрін, зергерлік өнерін қайта жаңғыртып бұдан да аса жоғары дәрежеде зерттеу.
Үйдегі өндіріс пен қолөнер. Сақтардың тұрмысында үйдегі өндірістің үлкен мәні болды, Еңбек құралдарын, киімдер, қару-жарақтар, тұрғын үйлер, түрлі аспаптар жасауға керекті шикізаттардың көпшілігін ертедегі мал өсірушілер жергілікті жерлерде өндіріп, өңдеді. өнерлі шеберлер өз қауымы мүшелерінің қажет заттарын жасап беріп, оған айырбасқа ауыл шаруашылығы өнімдерін алды. Қауым ішіндегі айырбасқа қоса ру аралық және тайпа аралық айырбас та кеңінен тарады. кенруда шикізаты, бірқатар шаруашылық бұйымдары, әшекейлер кейде шалғай жерлерден тасылатын болды .
Қазақстан, Орта Азия және Сібір территорияларының ертедегі халықтары өздерінің батыстағы көршілері — скиф-сармат тайпаларына қарағанда темірмен неғұрлым кейінірек танысты деп топшыланатын еді. Мәселен, Геродот массагеттер тайпаларын суреттей келіп, «темір және күміс олардың күнделікті тұрмысында мүлде жоқ, өйткені бұл елде жаңағы металдарды атымен кездестірмейсің. Мұның есесіне онда алтын мен мыс мол» деп тура айтады. Алайда мұндай пікір тым асырып айтылған пікір болып шықты. Б.з.б. I мың жылдықтың басында Қазақстан территориясының ежелгі тайпалары қызыл және қоңыр темір тасы, магнитті темір жылтыры сияқты тез балқитын рудалармен таныс болған. Мұны Қарқаралы қаласына
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Акишев К.А. Курган Иссык. М., 1978 ж.
2. Акишев К.А. Древняя культура саков средней долины реки Алматы 1963ж.
3. Акишев К.А. Искуство и мифология саков. 19 ж.
4. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. Алматы 1987 ж.
5. Артмонов М.И. Сокровища саков.1973 г.
6. К.Аманжолов. Түркі халықтарының тарихы Алматы «Білім» 2002ж».
7. Байпаков.К.М. Средневековая кульура. Южного Казахстана и семиречья. Алматы, 1986 ж.
8. Байпаков К.М., Ж.К.Таймаганбетов., Т.Жумганбетов. Археология Казахстана. Алматы, 1993 ж.
9. Қазақстан тарихы «Көне заманнан бүгінге дейін. 5-томдық. 1 том. Алматы, «Ата-мұра» 1996 ж.
10. Қазақтың көне тарихы. Алматы, «Жалын», 1993 ж.
11. Мадашов К.М., Мусин І. Ұлы қала тарихы. Алматы, «Санат» 1994 ж.
12. Археологические исследования древного и средновекового Казахстана «Наука» 1980 ж.
13. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. Алматы, 19 ж.
14. Қадырбаев М.К. Памятникитасмолинской культуры. Древняя культура центрального Казахстана. Алматы 1966 г.
15. Джандарбеков Б. Томирис. Роман. 1990 ж.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.

Тақырыбы: Сақтардың мәдениеті мен өнері.
І.Кіріспе.
1.Үйдегі өндіріс пен қолөнер.
2.Тұрғын үй мен киімі.
3.Діни наным сенімдері.
4.Сақтардың өнері.
ІІІ.Қорытынды.
ІV.Пайдаланыған әдебиеттер.
V.Қосымша.

Кіріспе.
Біздің заманымызға дейінгі бір мыңыншы жылдары бүкіл Евразия
даласында скиф-сақ тайпалар одағы өмір сүрді. Ұшы-қиыры жоқ кең даланы
игеріп, әртүрлі патшалықтар бірлестіктерін құрып, күшті жауынгер елге
айналды. Оларды батыстағылар (гректер) скифтер десе, парсылықтар (Иран,
парсы патшалықтары) сақтар деп атады. Бірақ та осы екі атау да Евразия
даласын жайлаған халықтардың ортақ аты еді. Скиф, сақ тарихын тілге тиек
етіп, тереңірек үңілетін болсақ, оларды құрайтын бірнеше тайпалар көне
жазба шежірелерде жиі кездесетінін көреміз; сорматтар, дайлар, аландар,
массагеттер, үйсіндер және исседондар (ибондар). Кезінде осы тайпа
бірлестіктері Қазақстан жерін жайлаған, қазақ халқының арғы ата-бабалары
болып табылады. Бұлардың ішінде, әсірссе, массагеттер, аландар, үйсіндер
туралы тарихи деректер көбінесе Иран, парсы, грек жазбаларында біршама
кездеседі, Ал аландар туралы көне қытай жылнамаларында дәйекті де
айшықты жазылған. Ең бір көне деректер ежелгі парсылардың діни кітабы
Авестада көрініс береді. Кітапта ирандықтармен талай тарихи шайқастарда
сынға түскен-дэвтар немесе дайлар туралы бірсыдырғы баяндалған. Сонымен
бірге дайлармен бірге Иранның шығысында орын тепкен көшпелі тайпа
турларды да атап өтеді. Ал осы турларды ежелгі гректер массагеттер деп
атағанын айтсақ, кітаптан түрік тектес халықтардың, дәлірек негіздесек
қазақ халқының арғы ата-бабаларының географиялық жайлап жатқан аймағын
танып білеміз, Массагеттер мен турлардың (түріктердің) туысқан бір тайпа
бірлестіктерінен тұратынын тарихтың атасы атанған Городот та жазып кеткен.
Ежелгі дәуірде Орта Азия мен Қазақстан жерінде тайпа бірлестіктерінің
ең күштісі массагеттер, аландар болды. Олар әрдайым көрші патшалықтармен
қарым-қатынаста болып, жауласқанмен жағаласып, тойласқанымен табысып
отырды. Массагеттер жауынгер, тайсалмас тарлан, сөзсіз батырлықтарымен
көзге түсті. Көшпенді де еркін, ержүрек халықты табанына таптау үшін,
шұрайлы да бай кең жерін тартып-алу үшін талай рет парсы, грек, қытай
патшалары жорық, жасаған. Жаулардың ешқайсысына да берілмей, қайта
өздеріне айықпас соққы беріп отырған. Скифтердің әйелдері де батыр,
қайсарлықтарымен тарихта өз аттарын қалдырып отырды.
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері.
Мақсат: Ұлан байтақ еліміздің территориясын мекендеген б.з.-дан
бұрынғы 1 мың жылдықтың басында темір дәуірі кезеңінде өмір сүрген сақ
тайпаларының мәдениеті мен өнерін өскелең ұрпаққа ашып көрсету.
Міндет: Тарих салнасында ұмыт болған көшпенділер деген атпен
белгілі, байырғы ата-бабаларымыздың салт дәстүрін, зергерлік өнерін қайта
жаңғыртып бұдан да аса жоғары дәрежеде зерттеу.
Үйдегі өндіріс пен қолөнер. Сақтардың тұрмысында үйдегі өндірістің
үлкен мәні болды, Еңбек құралдарын, киімдер, қару-жарақтар, тұрғын үйлер,
түрлі аспаптар жасауға керекті шикізаттардың көпшілігін ертедегі мал
өсірушілер жергілікті жерлерде өндіріп, өңдеді. өнерлі шеберлер өз қауымы
мүшелерінің қажет заттарын жасап беріп, оған айырбасқа ауыл шаруашылығы
өнімдерін алды. Қауым ішіндегі айырбасқа қоса ру аралық және тайпа аралық
айырбас та кеңінен тарады. кенруда шикізаты, бірқатар шаруашылық бұйымдары,
әшекейлер кейде шалғай жерлерден тасылатын болды[1].
Қазақстан, Орта Азия және Сібір территорияларының ертедегі халықтары
өздерінің батыстағы көршілері — скиф-сармат тайпаларына қарағанда темірмен
неғұрлым кейінірек танысты деп топшыланатын еді. Мәселен, Геродот
массагеттер тайпаларын суреттей келіп, темір және күміс олардың күнделікті
тұрмысында мүлде жоқ, өйткені бұл елде жаңағы металдарды атымен
кездестірмейсің. Мұның есесіне онда алтын мен мыс мол деп тура айтады.
Алайда мұндай пікір тым асырып айтылған пікір болып шықты. Б.з.б. I мың
жылдықтың басында Қазақстан территориясының ежелгі тайпалары қызыл және
қоңыр темір тасы, магнитті темір жылтыры сияқты тез балқитын рудалармен
таныс болған. Мұны Қарқаралы қаласына жақын Суық-бұлақ қоныс-жұртын қазу
кезінде табылған жақсы сұрыпталған темір рудасының үйіндісіне қарап білуге
болады, бұл руда одан жақын маңдағы Торай кен орнынан әкелінген. Б.з.б.
VII—VI ғасырларда темірден соғылған бұйымдардың Орталық Қазақстан мен
Жетісу обаларынан табылған едәуір жиынтығы (темір қанжарлар, пышақтар,
жүген әшекейлері), сондай-ақ Аралдың шығыс өңірінің ертедегі сақтар
тұрақтарындары тікелей рудадан алынған темір балқымасының (кесектер мен
қоқыстар) көптеген іздері де осыны дәлелдейді. Қазақстанның бірқатар
аудандарында, негізінен орталық бөлігінде (Шығыс Қарқаралы аймағы) темір
өндірілген ескі орындар сақталған, олардың біразы, шамамен, б.з.б. I мың
жылдықтың орта шенінде пайдаланылған[2].
Сақ шеберлері өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық мақсаттарға арнап
алуан түрлі бұйымдар жасады. Құйма қалыптар ретінде қышты, металды, кейде
тасты пайдаланды. Жебенің құйма ұштары мен қанжарлар жасау үшін олар екі
немесе үш ұялы жармалардан тұратын қарапайым құйма қалыптарды қолданды.
Ертедегі металлургтерге металл бұйымдарын жасаудың жойылатын үлгі
тәсілімен құю сияқты күрделі әдістері де мәлім болған. Оның мәні балауыздан
немесе тоқ майдан үлгі жасап алып, оның сыртын балшықпен қаптайтын болды.
Балшық кепкеннен кейін қалып тұтас қыздырылып, еріп кеткен балауыздық
немесе майдың, орнына металл құйылады. Нақ осындай тәсілмен ірі-ірі және
өте әсем бұйымдар: үлкен мыс қазандар, көлемді құрбандық столдары құйылды.
Құйма қалыптарда олардың салмақты жармаларын бөлетін тіректер ретінде
құбырлар деп аталатын арнайы істелген кішкентай цилиндрлер қолданылды.
Жануарлардың қуыс бітім-мүсіндерін жасау үшін мәнерлі біліктер мен құйма
жалғамалар пайдаланылды. Құйып жасалған заттардың көбі кейін қырналып,
тегістелді, қажет жерлері бұрғымен тесілді.
Металл еңдеу мен көркем құйма өнерінің биік деңгейге жетуі сақ заманы
қола индустриясының кемелденген кезеңі болғанын дәлелдейді. Қалайымен аптау
техникасыи игеру ертедегі құймашылардың, елеулі жетістігі болды. Қалайымен
апталған бұйымдар топтана қоймайды, әрі көпке шыдайды.
Шаруашылықтардың жаңа формалары, мәдениеттің біршама биік деңгейге
жетіп дамуы, тұрмыстың күрделене түсуі келе-келе алуан түрлі еңбек
құралдарын қажет етті.
Ертедегі құймашылар ат-тұрманын, қару-жарақ пен үй-ішінің керек-
жарағын жасауға ерекше назар аударды. Көне сақ заманының жүгендері
ебедейсіз әрі күрделі болатын. Оның қола ауыздықтары екі ұшы кішкентай
үзеңгі тәріздес етіліп жасалды. Үзеңгі тәріздес ауыздықтар жүген
жақтауларына айшықтармен жалғастырылды; үш тесігі немесе ілгегі бар бұл
айшықтар қоладан, сүйектен, мүйізден жасалды. Б.з.б. V ғасырдан бастап
жүгендер барынша ыңғайлы етіліп жасалатын болды; ауыздықтардың ұштары
шығыршықталып, екі тесікті айшықтар шықты, тұтастай алғанда жүгеннің
конструкциясы біршама қарапайым бола түсті. Осы уақыттан бастап ауыздық
темірден жасалатын болды.
Қару-жарақ жасау ісі кең өріс алды. Ертедегі қару-жарақ жасаушылар
жебелі шағын садақтар, парсылар ақинақ деп атаған, шабуға да, түйреуге де
ыңғайлы қанжарлар, ұзын семсерлер, сүйменшелер, найзалар, бітімі әр түрлі
балталар (бір жағы істік не жалпақ жүзді, екінші жағы балға секілді ұзын
сапты қарулар) жасады. Сақ жауынгерінің сауыт-сайманы қоладан істелген
дулығадан, шағын қалқаннан және жебе салынған қорамсақ ілінген белдіктен
тұрды. Жебелердің ұшы әр түрлі: қоладан жасалған неғұрлым ертедегі ұңғылы
және қысқа сапты түрлері болды. Ұңғылы түрлері сүйір жапырақ тәрізді, ромб
тәрізді немесе бір жағы сүйір ромб тәрізді болды. Жебелердің сапты
ұштарынық қанды басы үш қырлы етіліп жасалды.
Сақ заманында Қазақстан территориясындағы мал өсіретін тайпалардың
мәдениеті мен өнері дамудың біршама жоғары сатысына жетті. Темірдің шығуы,
көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы материалдық және рухани
мәдениет формаларын түбірімен өзгертті.
Евразияның мал өсіретін тайпаларының өз негізінде бір тұтас
экономикалық базисі, көшім-қонымы көп тұрмысқа байланысты кеңінен дамыған
айырбас пен сауда Оңтүстік Сібірді, Алтайды, Қазақстанды, Еділ бойьш, Қара
теңіздің солтүстік теңірегін мекендеген тайпалар мен халықтардың — әсіресе
ерте кездегі сақтардың, савроматтардың, скифтердің және басқаларының
көптеген ұқсастығы бар мәдениетін өмірге әкелді. Бірақ мұның өзі осы
тайпалардың мәдениеті мең өнеріндегі елеулі айырмашылықтарды жоққа
шығармайды, Қазақстанның түрлі аудандарын мекендеген сақ халқы тайпаларынын
өзінің әрбір тобының ерекшеліктерін екшей керсетуге бөгет болмайды.
Тұрғын үй мен киімі ғылымда сақтардың тұрмыс салты мен тұрғын жайы
туралы деректер көп емес. Бәлкім, көшім-қонымы көп тұрмыс салтына лайықты
тұрғын жайдың тігіліп жығылатын типі - киіз үй сол кезде-ақ шыққан болуы
ықтимал. Аңызға айналған аргиппейлерді сипаттай келіп, Геродот былай деп
жазды: Олардың әрқайсысы ағаштық астында өмір сүреді. Қыста ағаш
кез келген сәтте тығыз ақ киізбен жабылады, ал жазда жабусыз қалдырылады.
Қөшпелі тұрғын жайдың бұдан кейінгі эволюциясы барысында киіз үйдің
құрылымы кемелдене түседі, бірақ оны жасаудың принципі б. з. б. I мың
жылдықтың өзінде-ақ белгілі болған еді.
Геродот пен Гиппократтың хабарлайтынындай, мал өсіретін тайпалардың
көш-қонды тұрғын үйлерімен бірге, көшпелілерде барынша кеңінен тараған төрт
және алты доңғалақты арбаларға орнатылған киіз үйлер де болды; жартылай
көшпелілер мен отырықшы малшылар оларды жыл маусымдарында пайдаланды.
Қазақстан территориясының оңтүстік, шығыс және солтүстік аудандарында
тұрақты тұрғын үйлер: оңтүстікте — саман кірпіштен, солтүстікте және
шығыста — бөренеден салынған үйлер болды.
Археологиялық деректер бойынша, қола дәуірінде даланы мекендеушілер
күмбез тәрізді қима шатыры бар жертөле түріндегі тұрғын жайлар салды.
Төбесі ағашпен дөңгелете жабылған мұндай үйлер Қазақстанда, Орта Азияда
және Россияның оңтүстігінде болғаны байқалды. Бұғылы өңірінен (Орталық
Қазақстан), Шағалалы өзенінің бойынан (Солтүстік Қазақстан) табылған
кейінгі андроновтық кезеңдегі жер үстіндегі тұрғын жайлар киіз үйдің одан
да гөрі жақын ертедегі үлгісі болып табылады. Төбесі шатырланып және
дөңгелете жабылған бұл ағаш құрылыстар киіз үйге көп ұқсайды. Көшпелі
архитектураның бастамасы нақ осы киіз үй тәріздес тұрғын жай болған.
Орманды аймақ көшпелілерінің киіз үй тәріздес құрылыстарының о бастағы түрі
төбесі шошақ күрке, ал далалық аймақта дөнгелете шатыр шығарылған жартылай
жертеле болды. Қүрке мен жертөленің эволюциясы бір жағдайда төбесі шошақ
киіз үйдің, екінші жағдайда төбесі дөңгелете жабылатын киіз үйдің жасалуына
жеткізді.
Діни нанымдары мен ғұрыптары. Жерлеу материалдарына қарағанда,
сақтарда ата-баба аруағына, семьялық-рулық әулиелер мен желеп-жебеушілерге
сыйыну ғұрыптары болған. Бұл ғұрыптардың шығуы өлген тумаларының мәңгі
жасайтынына, өлгендер өзінің рулық қауымының салттары, үйреншікті ғұрыптары
мен ережелері бойынша өмір сүре беретін о дүние бар деген сенімге
негізделген. Осыдан келіп өлген адаммен бірге оның беделі мен қауымдары
дәрежесіне лайық мүліктің көмілуі, қауымның жеріндегі ру зиратында
аткарылатын әрбір тайпаға немесе тайпалар тобына тән күрделі жерлеу ғұрпы
шыққан. Малшыларда бұл ең алдымен қыстау маңы болды. Өлгендердің бәрі
әдетте жылдың қай мезгілінде болса да, шалғай жерден болса да осы жерге
жеткізілді. Мұндай ғұрып кейін сүйегін ру зиратына көшіретін болып не
уақытша жерлеуді, немесе өліктің сақталуына көмектесетін қайсыбір амал
қолдануды керек еткен. Таулы Алтай мен Қазақстан территориясындағы сақтар
зираттарын ашып-қазу сақ қоғамының ерекше ақсүйек өкілдері үшін өліктерді
бальзамдау мен мумиялау қолданылғанын көрсетеді[3].
Тасмола мәдениеті. Әуелгі темір дәуірінде Қазақстанның ең ірі
географиялық аймағы — Қазақтың қатпарлы өлкесін (Орталық Қазақстан) мал
шаруашылығымен күнелткен тайпалар мекендеген, бұлар -болжамдардың бірі
бойынша исседондармен теңдестіріледі. Тегінде, исседондар массагет
тайпалары бірлестігіне кірген болса керек, кейбір ғалымдардың бұл
тайпаларды тиграхауда-сақтармен салғастыруы иегізсіз емес. Бізге әуелгі
темір дәуіріндегі орталық қазақстандық тайпалардан археологиялық
ескерткіштердің негізінен үш түрі: обалы қорымдар, мыс, алтын және басқа да
металдар қазылып алынған кен орындарының қалдықтары және жартастағы
бейнелер жетті.
Бұл кезеңдегі Орталық Қазақстан тайпаларының мәдениеті неғұрлым
көлемді археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген Тасмола қойнауынын, атына
сәйкес Тасмола мәдениеті деп аталды. Оны ерекше бөліп алуға тастар тізбегі
бар мұртты обалар деп аталатын ерекше үлгідегі ескерткіштер себеп болды.
Мұндай ескерткіштер Қазақ ұсақ шоқылырынан тыс жерлерде де кездеседі, бірақ
олардың кең тараған негізгі өңірі — Орталық Казақстан болып табылады[4].
Ең ірі обалар топтары Бұғылы, Қызыорай, Қарқаралы, Баян-ауыл,
Қызылтас, Қент, Ку, Ортау тауларыныд аңрарына шоғырланған. Батыста олар
Ұлытау, Арғанаты, Желдіадыр тауларының бөктерінде, оңтүстікте Желдітау,
Тайатқан, Щұнақ таулы жазықтарын алып жатыр.
Балқаш көлі маңының шөлді аймағында обалар Қотанемел, Тесіктас,
Кайрақтас, Жалғызтау, Жорға, Қөксеңгір таулары маңына топтасып, шығыста
Шығыс жоталарына дейін жетеді. Солтүстік-шығыста обалы қорымдар Шідерті,
Өлеңті өзендері мен олардың салалары жағалауларындағы жарқабақты тегіс
аймақтарда, солтүстікте Ерейментау таулы жазығына және Сілеті өзенінің
бастамасында орналасқан.
Мұртты обалардың түрлері көп, бірақ олардың барлығы дерлік біртұтас
ғұрыптық-архитектуралық комплекске кіреді. Үйілген топырақ астында өлікті
жерлеу үшін қазылған терең сопақша шұңқыры бар үлкен оба оның негізін
құрайды. Үлкен үйіндіге жақын, әдетте Шығыс жағынан, кіші оба салынатын
болған. Оның астына, сол заманғы жердің бетіне, жанына қыш ыдыс қойылып, ат
жерленген. Сонан соң кіші обадан шығысқа қарай бағытталып, шет жақтарында
дөңгелек тас құрылыстары бар, доға тәрізді екі қатар тас тізбектері
қаланған. Ені 1—2 м, ұзындыры кейде 200—300 метрге дейін баратын тастар
тізбегі тас жәшіктер немесе дөңгелектер тізбегі түрінде ірі тастардан
салынды.
Мұртты обалардың архитектуралық комплексі қола дәуірі тайпаларының
табынушылық құрылыс өнерінің дәстүрлерін айқын бейнеледі, бірақ сонымен
бірге бұл б. з. б. VII—VI ғасырларға және онан кейінгі кезеңдерге де тән
жаңа кұбылыс.
Б.з.б. I мың жылдықта Қазақстанның және көршілес аудандардың далалық
тайпаларында өлікке ат арнайтын өзінше бір үлгідегі ғұрып кең тараған.
Аттардың және қойлардың кесіп алынған бастарын терісімен өліктің аяқ жағына
қою сияқты өзгеше түрінде бұл ғұрып Орталық Қазақстанды мекендеушілерде де
болды.
Мұнымен қатар тасмолалық тайпаларда басқа бір ғұрыптық дәстүр — ат пен
қыш ыдысты қоса жерлеу де болды. Ол тек мұртты обаларда ғана кездеседі.
Атын құрбандыққа шалатын бұл ғұрып күнге табынушылыққа байланысты болды.
Аспан аттары мен күнді бірдей деп санайтын ежелгі діни ғұрыптың
болғанына көптеген жазба деректемелер айғақ бола алады. Мәселен, Ригведада
атқа жерлеу гимндері арналып, онда олар күнге теңеледі немесе күннің қос
доңғалақты арбасын тартып жүреді. Авестада жүйрік атты күннің сюжеті онан
әрі дамытылады.
Табыну ғұрыптары мен салт жоралғылары. Батыс Қазақстанның ежелгі
тұрғындары отқа табынушылар болды. Мұндай табыну ғұрпының шығуы, ілгеріде
айтылғандай, Андронов кезеңінен басталады.
Өлікті өртеудің бірнеше түрлері қолданылған. Жердің бетінен тазаланған
алаңға отты қыздыра жағып, бір қабат қызыл шоқ үстіне өлікті жайғастырған.
Өлікті өртеудің басқа да түрлері белгілі. Кейде салттық алауды тура өліктің
денесінің үстіне жағатын болған. Бірақ көбінесе өлген адамның, денесін
шоқпен жай ғана көме салған. Өртеуді ырымын жасаумен алмастыруға болатын
болған, ондайда еліктің жанына сөнген көмір мен күл үйіп қоятын болған[5].
Неден болсын тазартатын қасиетті күштің символы — отқа табынушылықпен
байланысты қабірлердің ішіне күкіртті күшала, жоса, бор, гипс кесектерін,
ақ қабыршақтар салу ғұрпы болды. Олардың қызыл, сары, ақ түстері
савроматтардағы ең басты қасиетті үш түсті бейнеледі.
Кұрбандық шалатын тас столдар деп аталатын көптеген заттардың табылуы
отқа және күнге табынушылықпен байланысты.
Олар тек әйелдер қабірлерінен ғана, әдетте, өте бай молалардан
табылған. Рас, тастан жасалған құрбандық ыдыстары Қазақстанның басқа
аудандарында да болды. Алайда, савромат бұйымдары мұқият өңделуімен, тамаша
сәнділігімен, екі, үш және төрт аяқты тұғырларға орнатылған құрбандық
ыдыстарының неғұрлым көптігімен ерекшеленеді. Бұл тас столдар, шамасы, әр
түрлі діни салттарды атқаратын қозғалмалы алтарь есебінде пайдаланылған
болуы керек. Оңтүстік Приуральеде олар матриархат қалдықтарын бейнелейді,
сонымен бірге әйелдердің абыздар және үй ішін сақтаушылар ретінде
артықшылық жағдайда болғанын көрсетеді.
Савромат тайпаларының табынушылық жоралғылар атқарылатын ыдыстарының
ішінде темекі салып тартатын ыдыстар да белгілі. Бұл бүйірінде бір немесе
бірнеше тесігі бар кішігірім дөңгелек қыш сауытшалар. Олардың ішінде күйе
дақтары кей жағдайларда күйген қылқан жапырақ қалдықтары, белгісіз-қара май
сияқты зат, ағаш көмірлері, не бор мен қызыл бояу кесектері сақталып
қалған. Бұл темекі тартатын ыдыстарда қылқан жапырақтарды, хош иісті
шөптерді, қарақурай дәндерін, әр түрлі қара майлар жандырған. Сарматтардық
алебастрдан жасаған нәзік сауытшаларының атқаратын қызметі бөлек. Оны
әйелдер опа-далап салу үшін пайдаланды.
Материалдық мәдениет пен өнер, Жайық-Есіл өзендерінің аралығы
тайпаларының материалдық мәдениетінің Орталық Қазақстан тұрғындарыыыц
мәдениетінен ерекшелігі керамикалық бұйымдардың біршама кең таралғандығы.
Ед ертедегі қыш ыдыстар (б.з.б. VII—VI ғасырлар) қуты тәрізді, андронов-
қима ыдыстары типінен сырт бітімінің ешқандай өзгешелігі жоқ жалпақ түпті
қыш құмыралар болды (Ақжар, №7 оба, Покровка,. 1, 6 обалар). Ірі ирек тісті
қалыппен салынған көлбеу сызықты және інжу деп аталатын өрнегі бар қыш
ыдыстар да (Борки II) осы кезеңге жатқызылады.
Б. з. б. V—IV ғасырлардан бастап түбі жайпақ ыдыстармен қатар шар
тәрізді және бітімі соған жақын түбі дөқгелек ыдыс бірте-бірте кеңінен
тарай бастайды. Ол солтүстік аудандардан (Борки I қонысы, Соколовка I,
Явленка I қорымдары) басқа, батыста Ақтөбе және Орал облыстары (Жақсы-
Қарғалы, Ақжар қорымдары және т. б.) ескерткіштерінен шықты. Прохоров
заманының түбі дөңгелек керамикасының басым көпшілігінде ыдыстардың иленген
балшығына қосуға ақ минерал ұнтағы пайдаланылды, ол өңдеуді, әсіресе,
ыдыстың сыртын жылтыратуды жеңілдетті[6].
Әуелгі темір дәуірі ескерткіштерінің едәуір бөлегі Шығыс Қазақстанның
ең басты су артериясы — Ертіс өзенінің аңғарларына орналасқан.
Шығыс Қазақстан тайпаларының материалдық мәдениеті дамуының үш
кезенінің: б. з. б. VII—VI ғасырлардағы майәмір, V—IV ғасырлардағы берел,
III—I ғасырлардағы құлажорға кезеңдерінің ескерткіштері көбірек зерттелген.
Майәмір кезеңі Нарым өзенінің жоғарғы ағысындағы Майәмір даласындағы
обалы қорымның аты бойынша белгіленген. Черновая деревнясы мен Алтайское
селосы (Солонечный Белок) маңында жүргізілген қазба жұмыстары арқылы
белгілі Таулы Алтайдың қарапайым майәмір обаларының көбінесе іргесін
белдеулей қоршаған аласа тас үйінділері болды. Қабір лақыттары тік бұрышты
етіп қазылды, олардың қабырғалары ағашпен шегенделді және бір қабат
беренелермен жабылды.
Майәмір ескерткіштерінен жиегі шығыңқы және дәңгелегінің ортасында
тұзары бар қола айналардың, сыртқы ілмектері ете кішкене үзеңгі тәріздес
қола ауыздығы бар жүгендердің ертеректегі түрлерінің, үш тесікті немесе
ортаңры тесігінің орнына ілгешегі бар айшықтардың өте мол жиынтығы табылды.
Майәмір заманының қолданбалы өнеріне көбінесе атылралы тұрған жыртқыштың,
жүріп келе жатқан немесе жүруге ыңғайланған жануарлардың бейнесі тән.
Жерлеу ғұрпы мен материалдық мәдениетінің тұрақтылығы Шығыс
Қазақстанда б.з.б. VII—VI ғасырларда әуелрі көшпелілер тайпалары
мәдениетінің негізі қалыптасқанын көрсетеді.
Берел кезеңінде (б. з. б. V—IV ғасырлар) Шығыс Қазақстанның ежелгі мал
есірушілерінің мәдениеті бұдан да айқындалып, кемелдене түседі. Таулы
аудандарда обалардьщ таспен нобайланған, жер шұңқырда ағаш қимасы бар және
аттар көмілген бұрыннан белгілі тұрақты түрі тарайды.
Ескерткіштердің бұл түрі, әсіресе, Шығыс Алтайдың кеңінен мәлім
Пазырық обаларында айқын көрінеді. Олар Таулы Алтайдың басқа жерлерінде де,
соньщ ішінде Шығыс Қазақстан территориясында да тараған. Олардың ішінде еқ
маңыздысы — Берел қорымы болып табылады; мұның атымен шартты түрде тұтас
бір тарихи кезең аталған[7].
Үлкен Берел обасы үстірттің шетінен көтеріліп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі
Қазақстан территориясындағы тайпалар мен ертедегі мемлекеттер
Сақ, массагет, сарматтардың көне қалалары
Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті туралы
САҚ ӨНЕРІ
Сақтардың археологиялық ескерткіштері
Сақ тайпаларының мәдениетi
Сақтардың шаруашылығы мен қоғамы
Сақ мәдениетінің ежелгі грек, ежелгі үнділік және ежелгі қытайлық өркениетпен мәдени өзара әрекеттесуі
Сақ, массагет, скифтердің жауынгерлік өнері. Шу-батыр поэмасы. Жазуы
Пәндер