Сыртқы тыныс алу қызметін зерттеуге арналған аспаптар



Жоспар:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер
Тыныс алу – сыртқы орта мен ағзаның арасындағы газ алмасуы, оттегін жұтып көмірқышқыл газы бөлінеді және қажетті энергия түзіледі. Тыныс алу сыртқы (өкпелік) тыныс алудың қан газдары тасымалы ұлпалардағы газ алмасуын (ұлпалық келесі ішкі тыныс алу) біріктіреді.
өтетін үдерістің жиынтығын айтады. өкпеде негізінен үш үдеріс өтеді:
1. атмосфералық ауа мен өкпе ұяшықтарындағы ауаның алмасауы (өкпенің вентилляциясы);
2. олардағы ауадан капиллярлардағы қанға оттегінің, көмір қышқыл газының кері бағытта өтуі (газдардың диффузиясы);
3. өкпе капиллярлары арқылы қанның айналымы (өкпенің перфузиясы).
Осы үш үрдістің қалыпты арақытынастары арқылы қандағы газ құрамы әдеттегі деңгейде ұсталып тұрады. Сыртқы тыныс жүйесінде қандайда болмасын дерт дамыса, ол осы үрдістерді бұзып, сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігіне әкеледі.
Тыныс алу жеткіліксіздігі.
Сыртқы тыныс деп организмнің оттегін өабылдап, қөмір қышқыл газын қалыпты деңгейде сыртқа шығарып тұратып өкпедегі
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Көшенов Б., «Медициналық биофизика», Алматы, Карасай, 2008, 2010;
2. Б.К.Койчубеков, А.А.Айткенова, С.Букеев, Г.Г.Балмагамбетова «Медициналық және биологиялық физика», Алматы 2014;
3. www.medkurs.ru сайты;
4. meduniver.com сайты

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Сыртқы тыныс алу қызметін зерттеуге арналған аспаптар
Пәні: Медициналық және биологиялық биофизика

Тыныс алу - сыртқы орта мен ағзаның арасындағы газ алмасуы, оттегін жұтып көмірқышқыл газы бөлінеді және қажетті энергия түзіледі. Тыныс алу сыртқы (өкпелік) тыныс алудың қан газдары тасымалы ұлпалардағы газ алмасуын (ұлпалық келесі ішкі тыныс алу) біріктіреді.
Тыныс алу жеткіліксіздігі.
Сыртқы тыныс деп организмнің оттегін өабылдап, қөмір қышқыл газын қалыпты деңгейде сыртқа шығарып тұратып өкпедегі өтетін үдерістің жиынтығын айтады. өкпеде негізінен үш үдеріс өтеді:
1. атмосфералық ауа мен өкпе ұяшықтарындағы ауаның алмасауы (өкпенің вентилляциясы);
2. олардағы ауадан капиллярлардағы қанға оттегінің, көмір қышқыл газының кері бағытта өтуі (газдардың диффузиясы);
3. өкпе капиллярлары арқылы қанның айналымы (өкпенің перфузиясы).
Осы үш үрдістің қалыпты арақытынастары арқылы қандағы газ құрамы әдеттегі деңгейде ұсталып тұрады. Сыртқы тыныс жүйесінде қандайда болмасын дерт дамыса, ол осы үрдістерді бұзып, сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігіне әкеледі.
Өкпе мен тыныс алу жолдарының қанды оттегімен қанықтыруын және одан СО2 шығуының керекті дәрежесінде қамтамасыз ете алмау жағдайын сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі деп атайды. Сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі: өкпедегі ауа алмасуы (вентилляциясы), ондағы қан айналымның (перфузиясы) немесе газдардың өкпе ұяшықтары мен қылтамырлардың мембраналары арқылы диффузиясы бұзылыстарынан болуы мүмкін. Бұл көрсетілген бұзылыстыр жиі біріккен түрде байқалады.

Өкпе вентилляциясының бұзылыстары.
Өкпе вентилляциясының бұзылыстары гипервентиляция, гиповентилыция немесе біркелкі емес винтеляция түрлерінде болады.
Өкпенің гипервентилляциясы тыныстың минөттік көлемі (ТМК) мен өкпенің өмірлік сиымдылығы (ӨӨС) көтерілуімен сипетталады. Әдетте, ол организмнің оттегіге көтерілген мұқтаждығын аластауға бағытталған серпіліс. Бұндай физиологиялық гипервентиляция, оттегінің жеткіліксіздігін жоюмен бірге тоқталады.
Патологиялық гипервентиляция оттегіге қосымша мұқтаждықпен немесе СО2 шығуы қажеттілігіне байланысты емес. Ол ми және оның қабықтарының аурулары кездерінде, миға қан құйылғанда, гипоксемия (анемия, таулық немесе биіктік аурулары), артериялық қысымның төмендеуі кездеріндегі тыныс алу орталығының рефлекстік қозуы нәтижелерінен дамуы мүмкін.
Гипервентиляция компенсациялық серпіліс ретінде өкпенің тыныстық бетінің азайғанында, мысалы өкпенің қабынуы, немесе ісіну кездерінде пайда болады. Бұл жағдайларда әрдір тыныс алу кезіндегі ауаның көлемі азайғанына қарамай, оның минөттік көлемі қалыпты деңгейде немесе сәл жоғары деңгейде ұсталып тұруы дем алудың жиілеуі нәтижесінде болаады. Бірақ ұзақ гипервентиляция гипокапния мен алкалозға әкеледі, осының әсерінен тыныс алу орталығы тежеледі. Бұл жағдайда гипервентиляция гиповентиляциямен ауысады.
Өкпенің гиповентиляциясы өкпеде ауа алмасуының азаюы. Ол мына жағдайларда пайда болуы мүмкін:
1. Өкпенің және тыныс жолдарының дерттері (пневмония, пневмосклероз, эмфизема, бронхит ж.б.) кездерінде;
2. кеуде қуысының тұтастығы бұзылғанда (жарақат) немесе плевра қуысында сұйық, қан, ауа жиналып қалғанды (гидроторакс, гемоторакс, пневмоторакс);
3. тыныс алуды реттейтін нервтердың жарақаттануы, қабынуы немесе бұл нервтерден серпіндердің миастения, ботулизм, сіреспе т.с.с. дерттер кездерінде, тыныстық еттерге берілмеуі немесе дем алуға қатысатын еттердің қабынуы, дистрофиясы кездерінде;
4. туа біткен немес жүре пайда болған кеуде қуысының пішіні өзгергенде (сколиоз, кифоз), қабырға аралық нервтердің, өкпе пердесінің қабынулары кездерінде қатты ауыру сезімі өкпенің вентиляциясын төмендетеді.
5. жұлында өкпе дамуында немесе полиомиелит ауруы кезінде оның мотонейрондарының бүліністерінен тыныс алуға қатысатын еттердің нервтелуі бұзылуынан;
6. мидағы тыныс алу орталығына дерт туындататын ықпалдардың тікелей тежегіш әсерінен немесе олардың қан тамырларындағы хемо-, барорецепторлардың қоздырылуынан рефлекстік түрде тежелуінен;
Тыныстың минөттік көлемі дем алудың тереңдігі өзгермей, тек оның жиілеуімен бір деңгейде ұсталып тұрғаны өкпе ұяшықтарындағы (әлвеолалардағы) вентиляцияның азаюын және ауа алмасуының нашарлығын көрсетеді. Сондықтан әлвеолалардың вентиляциясына зор көңіл бөлінеді.
Өкпенің біркелкі емес вентиляциясы. Қалыпты жағдайдың өзінде барлық өкпе ұяшықтары біркелкі қызмет атқармайды. Ал, патологиялық жағдайларда біркелкі емес вентиляция күшейеді. Ол өкпе тінінің серпімділігі төмендегенде (өкпе эмфиземасы), бронхиолалардың жиырылып қалғанында (демікпе), өкпе фиброзы кездерінде, әлвеолалардың сұйық немесе экссудат жиналғанда кездеседі. Біркелкі емес вентиляция гипоксемия дамуына әкеледі, бірақ бұл кезде гиперкапния байқалмайды.

Газдардың диффузиясының бұзылыстары.
Өкпе ұяшықтары мен каппиляр мембраналардың газдары екі бағытта өзкізуін өкпенің диффузиялық қабілеті (ӨДҚ) деп атайды. Оның бұзылыстары мына жағдайларда болуы мүмкін:
1. алвеолалар мен қылтамырлардың мембраналырының өкпе қабынуы, пневмосклероз ж.б. дерттер кездерінде, қалыңдауынан;
2. қызмет атқаратын әлвеолалар мен капиллярлардың, өкпе бөлшегін алып тастағанда, үлкен деңгейде бүліністері кездескенде, азаюынан;
3. қанның өкпе әлвеолаларындағы ауамен жанасу уақыты қысқаруынан газдар керекті мөлшерде әлвеола мен капилляр мембраналары арқылы өтіп үлгермейді. Бұндай жағдай ауыр қол жұмысын атқарғанда, анемиялар кездерінде байқалады.
Газдардың диффузиясы бұзылыстарының нәтижесінде қанның газдық құрамы өзгереді, гипоксемия, гиперкапния дамиды.

Өкпе перфузиясының бұзылыстары.
Өкпеде қанайналымның (перфузияның) бұзылыстары мына жағдайларда дамуы мүмкін:
1. жүрек қызметінің жеткіліксіздігі кездерінде;
2. туа біткен немесе жүре пайда болған жүрек кемістіктерінде (атриовентрикулалық қақпақшалардың тарылуы, жүрекшелердің арасындағы сопақша тесіктің бітпей қалуы, Ботал өзекшесінің т.с.с.);
3. өкпе артериясында қан қатпаларының (тромбылар) құрылуы немесе эмболдар тұрып қалуы;
4. шоқ, коллапс кездерінде қан тамырлары қызметтерінің жетіспеушілігінен өкпеге аз қан келуінен;
Қалыпты жағдайда қызмет атқаратын өкпе ұяшықтарына қан жақсы келеді де, қызмет атқармайтын әлвеолаларға оның келуі шектеледі (Эйлер рефлексі). Вентиляция мен өкпе перфузиясының сәйкессіздігі кейде ауа алмасатын әлвеолаларда перфузия болмауы, перфузиясы бар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Спирограмма,спирография туралы түсінік және қолданылуы
Пациенттерді оңалту жүйелері
ІШКІ ЖҰҚПАЛЫ ЕМЕС АУРУЛАР КЛИНИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА РЕНГИНОЛОГИЯСЫМЕН пәніне арналған оқу-әдістемелік құралы
Кіші флейта немесе флейта - пикколо
Тірі адамды зерттейтін анатомияның әдістері: антропометрия. Дене бітімінің түрлері
Биолог ғалымдар және олардың ғылыми еңбектерін оқу үрдісінде пайдалану жолдары
Саз сырнай аспабының шығу тарихы және репертуар дамытудағы өзіндік ерекшеліктері
Қан жүйесінің физиологиясы
Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні
Жануарлар физиологиясы пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Пәндер