Раіnt графиктік редакторы


Раіnt графиктік редакторы

Уақыт өте келе Жаңа ақпараттық технология мүмкіндіктері өте қарқынды дамуда. Білім беру жүйесін компьютерлендіру ойдағыдай жүзеге асуда. Бұл мәселеге еліміздің президенті де өте зор мән беруде. XXI ғасырда өмір сүрген әр азамат жаңа ақпараттық технология мүмкіндіктерін толық меңгерген, компьютерлік сауатты болуы керек. Компьютер мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана білген, оны тереңірек зерттеп, өз білімін дамыта білген оқушы, өз болашағына болашақта таңдаған мамандығы бойынша дайындалуына зор мүмкіндігі бар.

Windows операциялык жүйесінде жүмыс істеуді меңгерген соң, МS Раіnt графикалық редакторымен жұмыс істеу жеңіл. Бүл бағдарлама компьютер график құрудын және графикалык кескіндерді редакциялаудың ең қолайлы және қуатты күралы болып табылады. Бүл бағдарлама баспа басылымдарын, жарнаманы, құжаттарды, хаттарды тағы басқа безендіру үшін және дизайнерлік мамандықтың әліппесін үйренуге қолайлы. Ең қарапайым графикалык редакторлар сурет салуға әр түрлі бояу жаққышты пайдаланып, суреттерді әр түрлі түске бояуға, қалындығы мен түсі әр түрлі сызықтарды сызуға, суретке мәтін енгізуге мүмкіндік береді. Бұдан күрделірек графикалық редакторлар арнайы эффектілерді: көлем, көлеңке жасауды, суреттің бір бөлігін үлкейтуді. Түстерді өңдеуді және түзетуді, бір кескіннен екіншісіне біртіндеп өтуді тағы басқа функцияларды орындауға мүмкіндік береді. Сурет салу бағдарламасы әр түрлі графикалық кескіндерді салуға. редакциялауға мүмкіндік береді.

Мақсат: Раіnt графиктік редакторының он алты құралының мүмкіндіктерін пайдаланып салынған суреттерден галерея ұйымдастыру, негізгі мүмкіндігін ашу.

Міндеттер:

- Раіnt рафиктік редакторының мүмкіндіктері туралы деректер жинау;

- Галерея ұйымдастыру

- «Болашақ дизайнерлер» атты үйірме (компьютерлік нұсқада) ұйымдастыруға көмектесу.

Графиктік редактор - графиктік бейне түріндегі суреттер салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа. Қазір кезде нүктелік (немесе растрлық) және векторлық деп аталатын графиктік редакторлардың екі түрі белгілі. Нүктелік графиктік редакторларда кез келген сурет пиксельдер деп аталатын нүктелерден тұратын кішкене бейнелер (мозайка) арқылы салынады, ал нүктелердің әрқайсысы түрлі түске бояла алады .

Раіnt ( Раіntbrush ) -Windows жүйесінің стандартты программалар тобына кіретін қарапайым нүктелік графиктік редактор. Раіntbrush өзінің мүмкіндіктері жағынан профессионалды графиктік редакторлардан біршама төмендеу болып саналады. Сөйтсе де, ол едәуір күрделі әрі тартымды, түрлі-түсті және ақ-қара суреттер, схемалар, сызбалар (чертеждар) салуға мүмкіндік береді . Бұл редакторды игеру онша қиын емес, оның кұрамында сурет салу, сызу және оларды өңдеуге арналған стандартты қарапайым құрал-жабдықтар (құрал-саймандар не инструменттер) бар, дайындалған бейнелер файылдардың кең тараған графиктік форматында сақталады. Редакторды іске қосу үшін (Windows 3. x) «Реквизиттер» тобында орналасқан Раіntbrush ) шарт белгісін таңдаймыз.

Ал, Windows 95 жүйесінде Іске қосу / Программалар / Стандартты / Раіnt командалар тізбегін орындасақ, экранда программаның терезесі пайда болады . Оның құрамында бізге осыған дейінгі таныс элементтермен (жұмыс аумағы, меню тақырып құралдары) бірге бірсыпыра жаңа элементтер де бар .

Терезенің сол жақ шеткі қабырғасына жақын тізбектеле саймандар немесе инструменттер панелі орналаскан. Оның бойынан сіздер Раіnt -та кездесетін барлық сурет салу саймандарын көре аласыздар. Кез келген сайманды таңдау үшін соның бейнесіне тышқан курсорын жеткізіп, оны сырт еткізе жеткілікті . Осыдан кейін таңдап алынған сайманның бейнесі (шартбелгісі) айқын түске боялып тұрады.

Терезенің төменгі жақтауы бойымен түстер палитрасы орналасқан. Раіnt -та бір уақытта екі түспен сурет салуға болады: қалам түсімен (мұнан былай оны қысқаша негізгі түс деп атаймыз) жэне фон түсімен (мүлан бүлай оны фондык деп атаймыз) . Палитраның сол жақ шетінде бірі екіншісінің ішіне орналасқан кішкене екі тіктөртбүрыш тұр, осылардың үстіңгі - негізгі түсті және астыңғы - фондық түстері көрсетіп тұрады . Кез келген сәтте түстерді өзгерту мүмкіндігі бар . Ол үшін курсорды палитрадағы жаңа түске апарып, тышқанның сол -жақ батырмасын сырт еткізе отырып негізгі түсті, ал оң жақ батырмасын басу аркылы - фондық түсті өзгертуге болады.

Саймандар панелінің төменгі жағында сызықтар қалыңдығын анықтайтын терезе орналасқан. Сызықтар қалыңдығын таңдап алған соң, соның көмегімен түзу сызыкты, доғаларды, тіктөртбүрыштар мен элипс контурларын салуға болады. Сызықтың қалыңдығы сондай-ак, мыналарға да әсер етеді:

  • Аэрозоль балонының сиясының ені;
  • өшіргіш (ластик) ені;
  • бояуыш (кисть) ені.

Жұмыс аумағы - салынатын графиктік бейне орналаса алатын экранның төртбұрышты (бөлігі) . Егер жұмыс аумағынан да үлкен көлемді сурет салынса, онда терезе шеттерінде жылжу сызғыштары пайда болады. Олар экран бетінде жылжи отырып, бейненің кезкелген бөлігін көруге мүмкіндік береді. Ал егер жұмыс аумағынан кіші сурет салынса, онда ол терезенің жоғарғы сол жақ бұрышында қара жақтаулармен қоршалып көрсетілетін болады.

Раіnt саймандарын іс жүзінде игеруге кіріспес бұрын алдын ала ескертетін бір жайт - редактор да жұмыс істеу барысында соңғы орындалған әрекетті болдырмау, яғни оның әсерінен қайта алып тастау мүмкіндігі бар (бүл әрекет барлық программаларда кездеседі) . Болдырмау операциясы жиі колданылады. Оны іске асыру үшін менюдегі Өңдеу -» Болдырмау (Сtrl + Я) ( Редактирование ) -> Отменить) командасын орындау кажет. Саймандар панелі қарапайым суретшінің инструментіне ұқсас болып келеді. Ең алғашқы сайман рөлін бояушы (кисть) атқарады. Ол әдетте қарандаш тәрәзді сурет салу жұмысын жүргізеді. Мұндай сайманды таңдаған соң «тышқан» курсоры Бояуышқа айналады. Тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып (оны жібермей) экран бетімен курсорды жылжыта отырып кәдімгі қағаз бетіне сурет салғандай сызық жүргізе аласыз. Курсор әр өткен жерінде із калдырады, оның түсі бұған дейін аныкталған негізгі түске сәйкес келеді.

Мұнан төмен орналасқан сайман - Аэрозольды баллон немесе Шашыратқыш. Оны таңдап алғаннан кейін тышқан курсоры қосу символына ұқсас таңбаға айналады. Енді сол жақ батырманы басып тұрып курсорды экран бетімен жылжытсаңыз, оның артына шашыраған бояуға ұқсас із қалады.

Панель құрамында екі түрлі өшіргіш (ластик) бар, олардың баскалардан басты айырмашылығы - өшіруді белгілі бір түспен жүргізетіні болып табылады. Бірінші ластик жай өшіргіш сиякты кез келген сызықтар мен суреттерді фондык түспен өшіруге арналған. Ал екінші өшіргіш негізгі түспен боялып салынған фрагменттерді ғана фондық түске айналдыра отырып өшіреді.

Бірінші өшіргіш арқылы кейіннен басқаша фондық түсті таңдап алып, экрандағы әр түрлі түстегі бейнелерді жаңа фондық түске бояуға болады. Осы тәсілді пайдалану кезінде тышқанды екі рет сырт еткізсек, онда курсор маңы бірден фондық түске боялады.

Екінші түрдегі өшіргіш арқылы, өзімізге қажетті негізгі және фондық түстерді анықтаған соң өшіру нәтижесінде негізгі түстегі фрагменттер фондық

• батырманы босату қажет.

Көпбұрыштар басқа жолмен салынады. Олардың түстері, сызықтарының қалыңдығы мен саймандық белгісін таңдаған соң, төмендегілерді орындау қажет:

  • Курсормен салынатын көпбұрыштың бір төбесін белгілеп алып, оныңалғашқы қабырғасын түзу сызық сызғандай етіп салу;
  • Курсорды көпбұрыштың барлық төбелеріне жеткізіп және оның эрқайсысында тышқанды бір сырт еткізу қажет (әр сырт еткізуден соң, соңғы төбе алдыңғы төбемен қосылатын болады) ;
  • Курсор соңғы төбеге жеткенде, тышқанды екі рет сырт еткізу керек сондасоңғы төбе бірінші төбемен қосылады.

Ішкі аймақтарды бояу (заливка)

Раіnt редакторы тұйық сызықтар үшін, негізгі түспен бояуға мүмкіндік береді. Бұл үшін Білік (валик) сайманын белгілеп алып, курсор кішкене білік түріне айналғанда, оны тұйықталған аймақтың кез келген ішкі нүктесіне алып барып тышқанды сырт еткізсе болғаны. Сонда тұйық аймақ түгелдей негізгі түске бояла бастайды.

Тұйық аймақты бояу барысында оның қабырғаларының үзік жері болмауын кадағалап отырыңыз. Тіпті бір нүкте (пиксель) сиятын үзілген жердің болуы бояудың аймақтан тыс таралып кетуіне себепші болады.

Микраскоп тәртібі (режимі)

Әдемі суреттерді, сызбаларды немесе схемаларды құру барысында оларда ешқандай «коқырсықтың» - артық нүктелердің болмағаны жөн. Суретте басқа түске боялған бір нүктенің болуы одан алған әсеріңізді жоқ етеді .

Сурет салудың әдеттегі тәртібінде белгілі бір нүктеге курсормен дәл түсу оңай емес. Ол үшін көптеген редакторларда «Микраскоп тәртібі» деп аталатын сурет салудың арнайы тәртібі колданылады. Мұндай тәртіпте әр нүктенің көлемі (масштабы) бірнеше есе өседі, онын есесіне жалпы сурет бейнесін көру пропорцианалды түрде нашарлай түседі . Өйткені түске бояла бастайды. Осы тәсілмен тышқанды екі рет сырт еткізу суреттегі курсор маңындағы бір түсті бояуды түгелдей дерлік екіншісіне бірден өзгертуге мүмкіндік береді (яғни, дәл осы уакытка дейін негізгі түспен боялған бейне фондық түске боялып кетеді) .

Сызықтар мен доғалар

Раіnt редакторы саймандарының көмегімен белгілі бір қалыңдықпен берілген түзу сызықтар мен доғалар сызуға болады.

Негізгі түспен сызық сызу үшін мынандай әрекеттер орындалады:

  • сызықтың қалыңдығын анықтап алыпТүзу сызықбейнесіндегі саймандытаңдау;
  • курсорды бастапқы нүктеге апарып, тышқанның сол жак батырмасынбасу;
  • батырманы басулы күйінде ұстап тұрып, курсорды сызықтың соңғынүктесіне жеткізу;
  • батырманы босату.

Осылардың нәтижесінде экран бетінде негізгі түспен сызылған түзу сызық пайда болады.

Егер тік (вертикаль) немесе көлденең (горизонталь) сызықтарды сызғыңыз келсе онда сызу кездерінде сол жақ батырмамен бірге Shift пернесін басыңыз.

Доға сызу үшін аздап машықтану керек. Алдымен сызық қалыңдығын белгілеп алып, Доға сызатын сайманды таңдаңыз. Содан кейін мына әрекеттерді орындау кажет:

  • Жоғарыда айтылып өткендей түзу сызық жүргізу (түзу сызықтың шеткінүктелері салынатын доғаның шеттерімен дәл келуі тиіс) ;
  • Түзудің ортасындағы белгілі бір нүктеге курсорды жеткізіп, тышқанныңсол жақ батырмасын басып оны басулы күйінде ұстап жібермей, курсорды доғаның контуры ойыңыздағыдай болғанша көлденеңбағытты жылжыту керек;

• Батырманы қоя беру қажет.

Экран бетінде берілген қалыңдықта негізгі түспен сызылған доға пайда болады. Егер доға ойдағыдай болып шықпаса онда бірнеше рет қайталап бірінші салынған доғаңызды өзгертуге тырысыңыз.

Геометриялық фигуралар

Раіnt редакторында тіктөртбүрыштар, эллипстер және көпбұрышты тұйық сызық салатын арнайы саймандар бар. Барлық фигуралардың контуры белгіленген қалыңдықтағы негізгі түстегі - сызықтармен салынады. Фигуралардың іші бос болуы мүмкін немесе белгілі бір түспен бояуға да болады. Бояу түсі фондық түске сай келуі тиіс. Саймандар панелінде түрлеріне сәйкес бейне сызуға мүмкіндік беретін мынандай белгілер орналасқан:

  • Іші бос тіктөртбұрыш;
  • Іші боялған тіктөртбұрыш;
  • Қырлары жұмырланған іші бос тіктөртбұрыш;
  • Қырлары жұмырланған іші боялған тіктөртбұрыш;
  • Іші бос эллипс;
  • Іші боялған эллипс;
  • Іші бос көпбұрыш,
  • Іші боялған көпбүрыш.

Ең соңғы екі фигурадан басқасы жалпы үлгі бойынша салынады. Мысалы, іші бос тіктөртбұрышты салу үшін:

  • Қажетті негізгі түсті, сызықтың қалыңдығын белгілеп алу қажет;
  • Саймандардан іші бос тік төртбұрышты таңдау керек;
  • Курсорды бастапқы нүктеге апару қажет(әдетте бұл тіктөртбұрыштың солжақ жоғарғы бүрышы) :
  • Тышқанның сол жақ батырмасын басылу күйінде ұстап тұрып. өзімізгеқажетті пішіндегі тіктөртбүрыштың мөлшерінің контурын салу қажет;
  • экранға суреттің тек белгілі бір бөлігі ғана сиып тұрады, бірак бұл тәртіпте қажетті нүктегке дәл түсу көп еңбегі талап етпейді.

Раіnt ( Раіntbrush ) редакторына Микроскоп режимін орнату үшін, менюден Көру / Жақындату {Сtrl+ П} (Просмотр/Приблизить ) командасын орындау керек . Бұдан кейін курсор сурет ішінде жылжытуға болатын тіктөртбұрышты кішкентай жақтау пішіндес болды. Бұл төртбұрышты контурға суреттің кейіннен үлкейтілетін бөлігі ғана орналасады . Суреттің қажетті бөлігін таңдап алып, тышқанды сырт еткізу- аркылы экран бетінен сіз оның бірнеше есе үлкейтілген бейнесін көре аламыз (кейбір графиктік редакторлар масштабты өзгертуге мүмкіндік береді) . Сол жақ жоғарғы бұрышта бейненің табиғи шамасына сәйкес үлкейтілген суреті көрсетіледі, онда да суретті салу процесін қадағалауға болады.

Раіntbrush р едакторының Микроскоп режимінде тек екі сайман ғана колданылады : Бояуыш және білік .

Бояуыш жоғарыда айтылып өткендей түрде жұмыс істейді, яғни суретті екі түспен - негізгі түсті сол батырмамен, ал фондық түсті оң батырманы салуга мүмкіндік береді.

Білік те бұрынғыша жұмыс істейді, тек оның бір өзгешелігі -тұйыққталған аумақтың көрініп тұрған бөлігі ғана боялады.

Ал, қалған саймандарды Микроскоп режимінде пайдалануға болмайды.

Үлкейтілген аумақтың оң және төменгі шеттерінде пайда болатын жылжу сызғыштарының (линейка прокуртки) көмегімен суреттің кез келген бөлігін үлкейтілген түрде карап шығуға болады.

Әдеттегі жұмыс тәртібіне кайта оралу үшін, Көру / Ығыстыру Сtrl + 0] (Просмотр / Отодвинуть) командасын орындау кажет.

Графикалық редакторде түрлендіру Текст енгізу.

Әріптер мен цифрларды, сондай-ақ арнайы символдармен бейнесін Раіntbrush ортасында Бояуыш пен Біліктің көмегімен әркім өзі-ақ колдан салуы мүмкін. Бірақ бұл біраз еңбектенуді талап ететін іс, сондықтан редакторда суреттік бейнелер көрінісінің текстік фрагменттер қосу тәсілі енгізілген. Ол үшін Текст сайманы ққолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Paint графикалық редакторында жұмыс істеу
Проектілік әдістің түрлері
Ақпарат және информатика бойынша материалдар
Компьютер құрылысын оқыту әдістемесі
Сегменттер мен сызықтар түйіндері
Білімді бақылауды автоматтандыру. Тест құру теориясы мен әдістемесі
Windows жүйесінiң стандартты программалары
Информатика пәні мен оның мәселелері
Электронды есептеуіш машиналары
Информатика пәнінен дәрістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz