Капитал бюджетін қалыптастыру


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1 Капитал бюДжетін қалыптастырудың теориялық негіздері

1. 1 Кәсіпорынның капитал бюджетінің мәні, түрлері және қағидалары . . . 5

1. 2 Кәсіпорынның капитал бюджетін пайдалану негіздері . . . 7

1. 3 Капитал бюджетінтиімді пайдалану механизмдері . . . 11

2 Капитал бюжетін қалыптастыру тиімділігін талдау

2. 1«Мангуст НК» ЖШС экономикалық сипаттамасы . . . 14

2. 2 «Мангуст» НК ЖШС-нің қаржылық жағдайын, мүлкінің құрамы мен

құрылымын талдау . . . 19

2. 3 Кәсіпорынның тиімді қарыз капиталын қаржылық леверидж көрсеткіші

арқылы анықтау . . . 22

3 Капитал бюжетін басқару механизмін жетілдіру

3. 1 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын оңтайландыру . . . 25

3. 2 Капитал бюджетін басқаруды болжамдау модельдері . . . 28

Қорытынды . . . 31

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 32

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Қоғамымыз «Қазақстан - 2030» стратегиясында ұзақ мерзімді мақсат ретінде нарықтық экономиканы дамытуға негізделген экономикалық өсу, денсаулық сақтау, білім беру, халықтың әл-ауқаты мен жағдайын көтеру салаларын дамытуды алдына қойған. Қазақстан әлемдік тауарлар, қызметтер, еңбек ресурстары, капитал, осы заманғы идеялар мен технологиялар рыногынын шын мәнінде ажырағысыз да серпінді бөлігіне айналуы үшін біз бірнеше міндеттерді шешуіміз тиіспіз. Ол міндеттердің бірі-экономиканың тұрлаулы дамуын жай қамтамасыз етіп, ұстап тұру емес, оның өсуін басқару. Экономиканың тұрақты дамуы бізге реформалардың әлеуметтік бағытталығын күшейтуге мүмкіндік береді» - деп айтып кеткен еді Республикамыздың Президенті Н. Ә. Назарбаев 2007ж. Қазақстан халқына арналған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында [1] .

Нарықтық экономикада бизнесті басқару көптеген белгілермен ерекшелікшеленеді. Біріншіден, кәсіпорынның жиынтық ресурстарының ішінде ең маңызды ресурс ретінде капитал салымдары қолданылады. Екіншіден, қаржылық бейнедегі басқарушылық шешімдерді қабылдау белгісіздік жағдайында жүргізіледі. Үшіншіден, кәсіпорынның нақтылы тәуелсіздігі нәтижесінде негізгі мәселе ретінде қаржылық ресурстарды анықтау және инвестициялық саясатты ықтималды жүргізу болып табылады. Төртіншіден капитал салымдарын тиімді пайдалану арқылы қаржылық жағдайды жақсарту қажет болады.

Кәсіпорынның капитал бюджеті бюджетін қалыптастыру механизмін жетілдіру отандық экономика дамуының қазіргі сатысында өндірістің экономикалық тиімділігін жоғарылатудың маңызды факторларының бірі болып табылады. Әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық және нарықтық инфрақұры-лымының өзгермелілігі жағдайында қаржылық менеджердің ағымдық күнделікті жұмысында капитал салымдарын қалыптастыру маңызды орынды алады, себебі осыдан кәсіпорынның сәтті және сәтсіз өндірістік-коммерциялық операцияларының себебін байқауға болады. Капитал салымдары жеткіліксіздігі жағдайында үнемді қолдану қазіргі кезде әрбір кәсіпорын қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Кәсіпорындар қызметі қоғамның экономикалық, саяси және әлеуметтік оң нәтижелерге жетуіне ықпал етеді және нарықтық экономиканың маңызды құрылымының бірі ретінде сипатталады. Экономикалық жүйенің бүгінгі жағдайы мен болашағы, тиімді жұмыс істеуі және дамуы кәсіпкерлік сектордың қызметіне тікелей байланысты. Қазіргі жағдайда кәсіпорынның өміршеңділігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсете отырып, халықтың қажеттілігін қамтамасыз ететін сапалы өнім өндіру мен қоғамдық өнімнің айналымы мен өндіріс тиімділігін арттыру арқылы, экономиканың дамуына ықпал етеді.

Осы аталған мәселелер кәсіпорындардың капитал бюджеті бюджетін қалыптастыруды жетілдіруді теориялық және тәжірибелік тұрғыдан талдаудың өзектілігінкөрсетеді.

Курстық жұмыстың мақсаты - кешенді талдау негізінде кәсіпорынның капитал бюджеті бюджетін қалыптастыру тиімділігін жоғарылату тәртібін жетілдіру мен қызметін көтеру.

Осыған орай, «Мангуст НК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің капитал бюджетін қалыптастыруды жүзеге асыру бағытындағы ақпараттық базасы зерттеудің объектісіне алынған.

Курстық жұмыстың міндеті:

-кәсіпорынның капитал бюджетінің мәні, түрлері және қағидаларын анықтау;

-кәсіпорынның капитал салымдарын пайдалану негіздерін зерттеу;

-капитал салымдарын тиімді пайдалану механизмдерін қарастыру;

-«Мангуст НК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шаруашылық-экономикалық сипаттамасын беру;

-«Мангуст» НК ЖШС-нің қаржылық жағдайын, мүлкінің құрамы мен құрылымын талдау;

-кәсіпорынның тиімді қарыз капиталын қаржылық леверидж көрсеткіші арқылы анықтау;

-«Мангуст НК» ЖШС-нің инвестициялық тартымдылығын оңтайландыру;

-капитал салымдарын басқаруды болжамдау модельдерін ұсыну.

Зерттеу пәні - кәсіпорынның капитал салымдарын қалыптастыру.

Курстық жұмыстың әдістемелік негізі: бухгалтерлік есептің көлденең және тік талдауы; статистикалық мәліметтерді жинау мен топтау; динамика қатарларын талдау; кәсіпорынның капитал салымдары бюджетін қалыптасты-рудың қазіргі заманғы әдістері; кәсіпорынның ағымдық қаржылық қажеттілік-терін басқару.

Зерттеудің ақпараттық негізін кәсіпорынның бухгалтерлік және қаржылық есептілігінің мәліметтері, кәсіпорынның ішкі нормативті-техникалық құжаттары, мерзімді баспа құралдарының ақпараттары, қаржы саласындағы отандық және шетелдік мамандардың оқулықтары құрайды.

1 Капитал бюжетін қалыптастырудың теориялық негіздері

1. 1 Кәсіпорынның капитал бюджетінің мәні, түрлері және қағидалары

Капитал бюджеті - бұл белгілі бір нәтижеге жету үшін қаржылардың түрлеріне әсер ететін мақсатты бағытталған әдістер, операциялар мен тәсілдердің жиынтығы.

Кәсіпорынның капитал бюджеті - бұл қаржылық міндеттемелерді орындауға және кеңейтілген өндірісті қамтамасыз ету бойынша шығындарды жүзеге асыруға бағытталған кірістер және сыртқы түсімдер нысанындағы ақшалай қаражаттардың бір бөлігі.

Капитал салымдары кәсіпорын қаржыларын талдаудың негізгі объектілері болып табылады. Реттелетін нарық жағдайында қаржыгер үшін нақты объект болып табылатын және жаңа кірістер алу мақсатында оған әрдайым әсер ете алатын «капитал» түсінігі көбінесе қолданылады. Капитал - бұл кәсіпорын айналымға салған және бұл айналымнан кірістер әкелетін қаржылық салымдардың бір бөлігі.

Мұндай қағида кәсіпорынның қаржы капиталының арасындағы қағидалы айырмашылық кез келген уақытта қаржы салымы кәсіпорынның капиталынан не үлкен, не тең болатынына негізделеді. Мұнда теңдік жағдайында кәсіпорынның қаржылық міндеттемелері жоқ және қолда бар барлық қаржы салымдары айналымға жіберілген деп есептеледі. Алайда бұл капитал мөлшері қаржы ресурстары мөлшеріне қаншалықты жақындаса, кәсіпорын соншалықты тиімді жұмыс істейтінін білдірмейді.

Нақты өмірде қызмет етіп тұрған кәсіпорында қаржы ресурстары мен капиталдың теңдігі болмайды. Қаржылық есептеме қаржы ресурстары мен капиталдың арасындағы айырмашылық көрінбейтіндей етіп құрылады. Стандартты қаржылық есептемеде қаржы ресурстары міндеттемелер және капитал түрінде көрінеді.

Нақты өмірде адамдар мәнді категориялармен емес, олардың айналды-рылған нысандарымен кездеседі, сондықтан стандартты қаржылық есептемеде олар көрсетіледі.

Капитал салымдары ішкі (меншікті) және сыртқы (тартылған) болып бөлінеді. Өз кезегіне ішкі салымдар нақты нысанда стандартты есептілікте таза табыс және амортизация түрінде, ал айналдырылған нысанда кәсіпорын қызметкерлерінің алдындағы міндеттемелер ретінде ұсынылған, таза табыс кірістердің жалпы сомасынан міндетті төлемдерді (салықтар, жинақтар, айыппұлдар, пайыздар және басқа да төлемдер) алып тасталғаннан кейінгі кәсіпорын табысы болып табылады. Таза табыс кәсіпорынның қолында болады және оның басқарушы органдарының шешімі бойынша бөлінеді [2] .

Сыртқы немесе тартылған қаржылық салымдар меншікті және қарыздық болып бөлінеді. Осылай етіп бөлу берілген кәсіпорынның дамуына сыртқы қатысушылар салатын капитал нысанына байланысты: не кәсіпкерлік ретінде, не ссудалық капитал ретінде. Сәйкесінше кәсіпкерлік капитал салымдарының нәтижесі тартылған меншікті қаржылық салымдардың құрылуы болса, ссудалық капитал нәтижесі қарыздық қаражаттардың құрылуы болып табылады.

Кәсіпкерлік капитал бюджеті өзімен бірге табыс алу және кәсіпорынды басқару құқықтарын алу мақсатында түрлі кәсіпорындарға салынған (инвестицияланған) капиталды ұсынады.

Ссудалық капитал - бұл қайтарымдылық және төлемділік шартында қарызға берілген ақшалай капитал. Ссудалық капитал кәсіпкерлік капиталға қарағанда кәсіпорынға салынбайды, ол пайыз алу мақсатында оған уақытша қолдануға беріледі. Бұл бизнес түрімен мамандандырылған несиелік-қаржылық институттар айналысады (банктер, несиелік мекемелер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, инвестициялық қорлар және т. б) .

Нақты өмірде кәсіпкерлік және ссудалық капиталдар тығыз байланысты. Қазіргі нарықтық шаруашылық бірталай сарапталынған. Сараптау бүгін нарықтық шаруашылық және оның қаржылық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі болып табылады. Бірақ сараптауды тереңдету қаржылық ағымдар мен капиталдың қиындатылуына, қаржылық тәжірибеде арнайы құралдарды пайдалануды кеңейтілуіне әкеледі, ал бұл фирманың қаржылық жұмысын қиындатады.

Нақты өмірде кәсіпорынның капиталы ақшалай нысанда белгілі бір ұзақ уақыт бойы қала алмайды, себебі ол жаңа кірістер әкелуі тиіс. Кәсіпорынның кассасында немесе банктік есептесу шотында ақшалай қаражаттардың қалдығы ретінде капиталдың болуы кәсіпорынға кіріс әкелмейді. Капиталдың ақшалай нысанынан өндірістік нысанына айналу қаржыландыру деп аталады.

Қаржыландырудың екі түрін ажырату қажет: ішкі және сыртқы. Мұндай бөлу кәсіпорынның қаржылық ресурстары мен капитал салымдары нысандары арсындағы қатаң байланыспен шартталған.

Меншікті тартылған капитал салымдары - бұл кәсіпорынның барлық ресурстарының негізгі бөлімі, ол фирманың құрылу кезінде негізделеді және оның барлық өмірлік кезеңінде қолында болады. Қаржылық ресурстардың бұл бөлімін жарғылық қор немесе жарғылық капитал деп атайды. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына байланысты оның жарғылық капиталы акцияларды шығару және оларды кейін сату, жарғылық капиталға салымдар есебінен қалыптасады. Кәсіпорын өмір сүрген уақытта жарғылық капитал жоғарылауы да, төмендеуі де мүмкін, соның ішінде кәсіпорынның ішкі қаржылық ресурстарының бөлімі есебінен де болуы мүмкін.

Меншікті қаржылық ресурстардың көздері болып келесілер табылады:

  • жарғылық капитал (акцияларды сатудан түскен қаражаттар және қатысушылардың үлестік жарналары) ;
  • кәсіпорын жинақтаған резервтер;
  • заңды және жеке тұлғалардың басқа жарналары (мақсатты қаржылан-дыру, қайырымдылық жарналар және т. б) [3] .

Кәсіпорынның меншікті қаржылар құрылымы 1 суретте көрсетілген.

Кәсіпорынның

меншікті капиталы

Меншік иесі-нің ұсынған капиталы

Заңды және же-ке тұлғалардың басқажарналары

Кәсіпорын жинақтаған резервтер

Жарғылық капитал

Акционерлік қоғамның акцияларына сыйақы

Қосымша
капитал

Жинақталған

табыс

Резервтік
капитал

Жинақ

қорлары

Бөлінбеген

табыс

Жарналар

Мақсатты қаржы-ландыру

Сурет 1. Кәсіпорынның меншікті капиталының құрылымы

қ

Кәсіпорынды құру кезінде негізгі құралдар, материалды емес активтер, айналым қаражаттарын сатып алу көзі жарғылық капитал болып табылады. Оның есебінен кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін қажетті жағдайлар қалыптастырылады. Жарғылық капитал - бұл кәсіпорынның жарғылық қызметін қамтамсыз ету үшін меншік иелері ұсынған қаражаттар сомасы.

Капитал кәсіпорынды құрудың және дамытудың басты экономикалық базасы болып табылады, өйткені ол кәсіпорын активтеріне инвестицияланған материалдық, материалдық емес және ақшалай қаражаттардың жалпы құнын сипаттайды. Өндіріс барысында қызмет етуі арқылы капитал кәсіпорын иелерінің, басшыларының, жұмысшыларының, сондай-ақ мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз етеді. Сол себепті де ол кәсіпорынды басқарудың негізгі объектісі болып табылады, ал оны барынша тиімді қолдану қаржы менеджментінің ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

1. 2 Кәсіпорынның капитал бюджетін пайдалану негіздері

Капитал салымдарын пайдалану (оларды пайдаланудың қор емес нысанының да мүмкін болғанымен) негізінен арнаулы мақсатты арналымының ақша қорлары арқылы жүзеге асырылады. Қаржы қорлары ұлттық шаруашылықта іс-әрекет ететін ақша қорларының бүкіл жүйесінің құрамдас бөлігі. Капитал салымдарын пайдаланудың қор нысаны ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттері негізінде объективті түрде алдын ала анықталады және қор емес нысанымен салыстырғанда оның бірқатар артықшылықтары бар. Қор нысанының артықшылықтарына мыналар жатады: кез келген қажеттілікті қанағаттандыруды экономикалық мүмкіндіктермен тығыз ұштастыру мүмкіндігі; салымдарды қоғамдық өндірісті дамытудың негізгі бағыттарына шоғырландыруды қамтамасыз ету; қоғамдық, ұжымдық және жеке мүдделерді толығырақ үйлестіру мүмкіндігі.

Капитал салымдары жалпы шаруашылық өнімнің жартысын құрай отырып, кәсіпорынның қаржылық қуатының көрсеткіші болып табылады. Шаруашылық өнім мен табысты өндіру, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, олар түпкілікті пайдалануға, яғни негізгі құрал-жабдықтарды толтыруға, ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз етуге және жалпы шаруашылық қажеттерді қанағаттандыруға қоғам жұмсайтын материалдық ресурстардың бір бөлігінің ақша көрнісі болып табылады. Шаруашылық өндіріс процесінде каитал салымы неғұрлым көп жасалса, соғұрлым ол тиімдірек болады. Сонымен бірге бүкіл ұдайы өндірістің тиімділігін арттыру проблемасын шешу және экономикалық өсудің қарқынын тездету шаруашылықта капитал салымдарын тиімді пайдалануға байланысты.

Кәсіпорынның капитал салымдарын пайдалануы көптеген бағыттар бойын-ша жүзеге асырылады, олардың негізгілері болып келесілер табылады: [4]

  • қаржылық міндеттемелерді орындауға негізделген қаржы - банктік ұйымдарға төлемдер. Оларға: бюджетке салықтық төлемдер, несиені пайдаланғаны үшін банкке пайыздар төлеу, алынған несиені өтеу, сақтандыру төлемдері және т. б. ;
  • өндірістік процесті ұйымдастыру үшін қажетті материалдық ресурстарды сатып алуға қаржылық салымдарды пайдалану;
  • өндірісті кеңейтумен оны техникалық жаңартумен, жаңа прогрессивті технологияларға өтумен, «ноу-хауды» пайдаланумен байланысты капиталдық шығындарға меншікті қаражаттарды инвестициялау (қайта инвестициялау) ;
  • қаржылық ресурстарды бағалы қағаздарға инвестициялау: өзге фирмалардың акциялары мен облигациялары, мемлекеттік қарыздар;

Капитал салымдарын тиімді пайдалану активтердің айналымдылығымен және табыстылық көрсеткіштерімен сипатталады. Сәйкесінше, капитал салымдарын пайдалану тиімділігін айналым мерзімін азайту және табысты-лықты көбейту арқылы арттыруға болады, ол шығындарды азайту және өнімді өткізуден түскен табысты арттыру арқылы мүмкін болады.

Капитал салымдарының айналымын жеделдету үшін күрделі шығындар қажет етілмейді және өндіріс көлемі мен өткізілген өнім көлемін арттырады. Алайда, инфляция айналым капиталын тез құнсыздандырады. Кәсіпорында айналым капиталы ретінде ағымдағы активтер қолданылады. Айналым капиталы ретінде қолданылатын қорлар белгілі циклдардан өтеді. Өтімді активтер дайын өнімге айналатын негізгі материалдарды сатып алуда қолданылады; өнім дебиторлар шоттарын аша отырып несиеге беріледі, ал дебиторлар шоттары өтімді активтерге айнала отырып төленеді және инкассацияланады. Кез келген айналым капиталына қажетсіз қорлар міндеттемелерді жабуға бағытталады. Сондай-ақ олар негізгі капиталды сатып алуда қолданылуы немесе иелеріне табыс ретінде төленуі мүмкін [5] .

Кәсіпорынның капитал салымдарын тиімді пайдалануда бірнеше әдістер қолданылады.

Нәтижелілікті бағалау. Бұл әдіс өзіне қызметтің нәтижелілігін бағалауды қоса отырып, жоғарғы және төменгі ведостволық бюджеттік ұйымдардың арасында қолданылады. Нәтижелілікті бағалау әдісі көбіне кәсіпорын басшылары мен жұмысшыларын өз жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін ынталандырушы қызмет болып табылады. Нәтижелілікті бағалаудың мәні бюджеттік қызмет көрсету қарекеті және кәсіпорынның толық қызметінің нәтижесін сипаттайтын көрсеткіштерді талдау болып табылады. Бұл көрсеткіштердің көбі ресми түрдегі мемлекеттік статистика мәліметтеріне негізделмеген, сондықтан арнайы ішкі басқарушылық есепті талап етеді. Алғашқы мәліметтерді жинақтау мен нәтижелілікті сипаттайтын көрсеткіш-терді есептеу әдістемесі нақты көрсеткіштердің жоғарғы сенімділігін қамтамасыз ету қажет.

Сатып алуларды жүргізу саясаты. Сатып алуларды жүргізу саясаты ұйымдарды материалдық - техникалық қамтамасыз ету тиімділігін арттыруға, сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің бағасын азайтуға, сонымен қатар сатып алуларды жүргізуге трансакциондық шығындарды азайтуға бағытталады. Бұл саясатты ұйымдастыру орталықтандырылған сатып алулар механизмі, конкурстық процедуралар, бюджеттік ұйымдардың қаржылық тәуелсіздігі арасындағы балансты табуды көздейді.

Конкурстарды (тендерлерді өткізу) . Ашық конкурс - сатып алулардың ең тиімді әрі қымбат әдісі. Ашық конкурсты ұйымдастыру үлкен сатып алулар бағдарламалары үшін қажет. Конкурс жүргізу тәжірибесінің жинақталуы және мұны іс жүзінде тарату, конкурсты жүргізу шығындарының үлесін азайтуы мүмкін.

Сатып алудың конкурстық әдісін, шығындарды төмендету және алынатын қызметтердің сапасын жоғарылатудың қызмет атқарушы механизміне ауыстыру, оның қатысушыларына қорытынды шығаруда толық анықтылықты қажет етеді. Егер, конкурс жай «лоторея» немесе алдын-ала анықталған жеткізушілермен келісім-шарт рәсімделуіне негізделсе, онда бұл конкурс ұйымдастырушыларының, сондай-ақ оның қатысушыларының шығындарын ұлғайтады.

Бірыңғай бюджеттік шот. Капитал салымдарын бағытты және тиімді пайдалану, ақшалай қорларың қалыптасуы және жұмсалуының есепті сметасының және жоспарының құрылуы негізінде бақыланады. Әлемдік тәжірибеде кәсіпорын бюджеті ауқымды таралымға ие. Бюджет жоспарлау функциясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ол алдын - ала бақылау құралы болып табылады. Сондай-ақ, бюджет шығындардың шекті мағынасын қалыптастырып және өзге кәсіпорын немесе бөлімшенің өз қолма-қол қаражаттарын толық пайдалануға мүмкіндік береді. Бюджетті құрудың басты мәні келесідей, кәсіпорынның әрбір бөлімшесі өзіне қажетті салым көлемін белгілейді, олардың ұсыныстары жоғары тұрған басқару бөлімшесімен қаралады. Мүмкіндігінше және жалпы бағыт бойынша өзгертулер енгізіліп, жөнделеді. Бірыңғай банктік шотта кәсіпорынға арналған дербес шот ашу ақша қаражаттары ағымын басқарудың негізі болып табылады. Дербес шот жүйесінің спецификасы қатысты банктік мекемемен келісім - шартта анықталады; ол кәсіпорынның құрылымы және олардың қаржылық деңгейін көрсетеді. Осыған байланысты әрбір дербес шот бойынша олардан ақша қаражаттарын алудың әртүрлі тәртібі қалыптастырылады. Көбіне, трансферттік шығындарды жүргізуге арналған ақша қаражаттарын дербес шоттардан түсіру қатаң анықталған шығындық операциямен шектелуі мүмкін [6] .

Кәсіпорынның негізгі қаржылық органы дербес шоттар жүйесін жалпы басқаруды, сонымен қатар жалпы бюджеттік шотта дербес шоттарды ашуға және жабуға басқа ұйымдық бөлімшелерден тапсырыстары қарастыруды жүзеге асырады. Капитал салымдарын пайдаланудың тиімділігін арттыруда тағы да бір басты құрал кәсіпорынның негізгі өндірістік құралдарын және материалдық емес активтерді басқару болып табылады. Бұл басқарудағы негізгі мәселе амортизацияны есептеу әдісін таңдау болып табылады.

Амортизацияны есептеудің үш әдісі бар: біркелкі есептеу әдісі, жүргізілген жұмыс көлеміне байланысты есептеу және жеделдетілген есептеу.

Біркелкі есептеу әдісі негізгі құралдардың қызмет етуінің нормативтік мерзіміне байланысты. Амортизациялық аударымдардың нормалары негізгі құралдардың физикалық және моральдық қызмет ету мерзіміне байланысты анықталады. Амортизациялық аударымдардың көлемін анықтау негізгі құралдардың құнын дұрыс бағалауды қажет етеді. Уақыт өте келе негізгі құралдарды қайта бағалау қажеттілігі туады, оларды қайта жөндеу құнын анықтау үшін және нақты экономикалық шарттармен сәйкестендіру үшін жүргізіледі. Инфляция деңгейі жоғары болған сайын мұндай қайта бағалау жиі жүргізілуі шарт [7] .

Амортизацияны есептеудің екінші әдісі - жүргізілген жұмыс көлеміне байланысты есептеу. Ол жүргізілген жұмыс көлемі неғұрлым көп болса, соғұрлым тозу көп болады деген қағидаға негізделген. Бұл жағдайда мерзім есепке алынбайды.

Үшінші әдіс-жеделдетілген амортизация. Ол амортизация аударымдарының негізгі сомасы негізгі құралдардың қызмет етуінің бастапқы жылдарында есептеледі деген қағидаға негізделеді. Бұл негізгі құралдарды жаңартуды жеделдетіп қана қоймай, сонымен қатар инфляциялық жоғалтуларды азайту әдісі болып табылады. Бұл әдіс шығындардың басты бөлігін тез жабуды қамтамасыз етеді. Бірақ жеделдетілген амортизация саясаты өзіндік құнның артуына және сәйкесінше өткізу бағасының артуына әкеліп соғады. Бұл әдісті қолданғанда алынатын амортизациялық аударымдар қатаң мақсатты бағытқа ие болады [8] .

1. 3 Капитал бюджетін тиімді пайдалану механизмдері

Кәсіпорынның табысты қызметі капитал салымдарын тиімді пайдаланусыз мүмкін емес. Капитал салымдарын рационалды пайдалануды қажет ететін механизмдер төмендегідей: [9]

  • кәсіпорынның бәсекелестік жағдайда өмір сүруі;
  • банкроттықтан және ірі қаржылық сәтсіздіктен қашу;
  • бәсекелестермен күресте көшбасшылық;
  • кәсіпорынның нарықтық құнын жоғарылату;
  • кәсіпорынның экономикалық потенциал өсімінің қолайлы қарқыны;
  • өндіріс пен өткізу көлемдерінің өсімі;
  • табысты жоғарылату;
  • шығындарды төмендету;
  • рентабельді қызметті қамтамасыз ету және т. б.

Компания таңдаған мақсатқа жету көбіне компанияның қаржы ресурстарын пайдаланудың жетілгендігіне тәуелді болады.

  • Компанияның қаржы ресурстарын тиімді пайдалану жүйесінің ұйымдастыршылық құрылымы, сонымен қатар оның оның кадрлық құрамы компанияның мөлшеріне, оның қызметінің түрлеріне байланысты әр түрлі әдістер арқылы құрылуы мүмкін. Ірі компания үшін қаржылар бойынша вице-президентпен басқарылатын және құрамында бухгалтерия мен қаржылық бөлімі бар арнайы қызметті бөлген жөн. Шағын кәсіпорындарда қаржылық менеджердің рөлін көбіне бас бухгалтер атқарады.

Компанияның қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды тәжірибеде мамандандырылған ұйымдастырусыз жүргізу мүмкін емес.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы менеджментінің мазмұны
Қаржылық менеджмент оқу құралы
«Қаржы менеджмент» пəн бойынша сырттай оқу нысанында оқитын студенттерге өзіндік жұмыстарды орындауға арналған əдістемелік нұсқасы
Ұзақ мерзімді қаржылық шешімдер
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлар жүйесі
Кәсіпорын бюджетін қалыптастыру әдісі
«ҚарағандыЭлектроМонтаж» ЖШС бюджетін құру
Бюджет және бюджетті жоспарлау
Капитал құрылымы
Қаржылық менеджмент туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz