Азаматтар өтініштерімен жұмыс азаматтар өтініштерінің түрлері анықтамасы, азаматтардың хаттарын, өтініштерін және шағымдарын қарау жөніндегі құжаттармен жұмыс істеу


Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

МЕКЕМЕНІҢ СИПАТТАМАСЫ

І. Азаматтар өтініштерімен жұмыс азаматтар өтініштерінің түрлері анықтамасы, азаматтардың хаттарын, өтініштерін және шағымдарын қарау жөніндегі құжаттармен жұмыс істеу

1. 1 Азаматтарды қабылдау

ІІ. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс

2. 1 Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, шешу

2. 2 Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы (Қазақстан Республикасының Заңы)

2. 3 "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы" № 1-ОЛ нысанды статистикалық есепті және оның құрылуы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу ережесі

Қорытынды

Қолданылған әдебиттер тізімі

ҚОСЫМШАЛАР

Кіріспе

ХХІ ғасырға тәуелсіз ел ретінде енген республикамыздың әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Қазақстан Республикасының Конститутциясы (1995), «Тіл туралы» Заң (1997), «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» (1998) республикадағы тіл мәселелерін реформалауды жүзеге асыруға негіз болады әрі мүмкіндік береді. Сондықтан бұл реформаны жүзеге асыру үшін әр министрлік, әрбір мекеме, ұйымдар, жеке адамдар өздерінің нақты істерін көрететін шаралар белгілеп, соны жүзеге асыруы тиіс. Солардың шіндегі ең өзектісі, ең алдымен қолға алынатыны -қазақ тілінің конститутиялық мәртебесін мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» тіл саясатын іске асырудың алғашқы кезеңінде негізгі төрт бағытта іс-шаралар жүргізеді. Соның бірі -ресми іс жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшірудің нақты негізін жасау. Іс қағаздарын қазақша жүргізу - мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі - оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша жүргізілуі. Іс қағаздарының, ресми құжаттардың тілі бір жүйеге түспей, стильдік жағынан қалыптаспай, мемлекеттік ресми құжаттардың барлығы алдымен қазақ тілінде жүргізілмей қазақ тілінің қолданыс аясы, қызмет қарымы өрісін кеңейте алмайды.

Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы өте зор. Мемлекет, республика, қала кәсіпорын, ұйым мекеме тарихын жазғанда іс қағаздары ақпараттың табылмас қайнар көзі бола алады. Құжаттар фактілерді, оқиғаларды, қоғам өмірінің құбылыстарын дәлелдейтін айғақ қызметін де атқарады.

Іс қағаздар-басқару қызметіндегі негізгі бір сала. Ұйымдар мен мекемелердің, кәсіпорындардың қызмет етуі барысында шығарған түрлі шешімдер, басқару істері, атқарған қызметі іс қағаздарынан айқын көрінеді. Сондықтан халық шаруашылығын басқаруды жетілдіру, оны ұйымдастыру деңгейін көтеру онда құжаттармен жұмыс істеудің қаншалықты ғылыми негізделгеніне тікелей байланысты. Іс қағаздарын жүргізу-басқару процесінің ажырамас бөлігінің бірі болып табылады. Мекемелер арасындағы ақпарат алмасу хат, жеделхат, телефонхат сияқты құжаттар арқылы іске асады. Үкіметтің басқару істері жарғы, қаулы, нұсқау, ереже, бұйрық сияқты құжаттар арқылы жүргізіледі. Іс қағаздарын жүргізу-мекеме жұмысының нақты құжаттармен, деректермен реттелген, дәйектелген жүйесі.

Қазақ ресми іс қағаздар тілінің тарихына шолу жасай отырып, оның екі түрлі арнадан сусындағаның байқауға балады. Бірі- сонау көне дәуірден бері үзілмей келе жатқан хан жарлықтары және де ресми құжаттар үлгілері. Екіншісі-қазақ жерінің Ресей мемлекетінің қол астына кіруімен байланысты қазақ тіліне аударылып таратылған орыс әкімшілік орындарының бұйрық-жарлықтары, заңдары, қатынас қағаздары. Яғни, қазіргі қазақ ресми іс қағаздар тілі жоқ жерден пайда бола салмаған, өзіндік тарихы бар құбылыс. Қазіргі таңда республикада мемлекеттік органдар іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге бет бұрды. Бұл әрине әр мекемеде әр түрлі дәрежеде атқарылып жатқан іс.

Іс қағаздарын қазақша жүргізуді қалыптастыру үлкен де жауапты іс. Бұл қалыптасып, бір ізге түскенше іс қағаздарының түрлі нұсқалары, түрлі сөз қолданыстары белең алуы мүмкін. Оны жүйеге түсіру үшін де біраз уақыт керек болады. Біздің мақсатымыз іс қағаздарын жазудағы, оның стандарт нұсқаларын қалыптастырудағы өркениетті елдер тәжірибесіне сүйене отырып, ана тілінің өз заңдылықтарын сақтап, өз мүмкіншілігін сарқа пайдалана отырып ұлттық іс қағаздарын қалыптастыру.

Курстық жұмыстың тақырыбы: «Азаматтар өтініштерімен жұмыс азаматтар өтініштерінің түрлері анықтамасы, азаматтардың хаттарын, өтініштерін және шағымдарын қарау жөніндегі құжаттармен жұмыс істеу»

Курстық жұмыстың мақсаты: Өтініштермен жұмыс істеу, оларды зерттеу.

І. Азаматтар өтініштерімен жұмыс азаматтар өтініштерінің түрлері анықтамасы, азаматтардың хаттарын, өтініштерін және шағымдарын қарау жөніндегі құжаттармен жұмыс істеу

1. 1. Азаматтарды қабылдау

Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды мекеме, кәсіпорын өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешім қабылдауға құқылы басшылар және басқа лауазымды тұлғалар жүргізеді.

Қабылдау бекітілген кесте бойынша айына кемінде бір рет жүргізіледі.

Келушілерді қабылдау кестесі келушілерді қабылдайтын басшылық құрамдағы адамдардың тегі мен қабылдау уақыты көрсетіледі.

Ұйым басшыларының жеке қабылдауына жазылған адамдарды есепке алу келушілерді есепке алу журналында жүргізіледі немесе келушілерді есепке алу карточкасы толтырылады.

Келушілердің қалауы бойынша қабылдауға алдын ала тіркеу жүргізілуі мүмкін.

Азаматтарды қабылдау кезек тәртібімен жүргізіледі. Оны сақтау үшін қабылдау бөлмесінде тізім жасалады. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген адамдар, мүгедектер, жүкті әйелдер, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталған адамдар кезексіз қабылданады.

Азаматтарды қабылдауда олардың келісімі бойынша заңгерлер, журналистер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатыса алады.

Қабылдаушы лауазымды адам келушілер қойған мәселелерді білікті шешуді қамтамасыз ету үшін ұйымның тиісті бөлімшелерінің қызметкерлерін қарауға тарта алады немесе олардан қажетті кеңес ала алады.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өтініші егер Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық шарттарда оларды қараудың өзге ережелері көзделмеген болса, заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау да белгіленген тәртіппен жүргізіледі, бұл ретте аудармашы қатысуы мүмкін.

Мас күйіндегі адамдар қабылдауға жіберілмейді. Мұндай адамдарды дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы, сондай-ақ шұғыл шаралар қолдануды қажет ететін басқа оқиғалар туралы деректерді хабарлайтын жағдайларда ғана қабылдауға рұқсат етіледі.

Азаматтар өтініш жасаған мәселелер мүмкіндігінше қабылдау барысында шешіледі. Егер өтінішті немесе шағымды қабылдау кезінде шешуге мүмкіндік болмаса, онда олар жазбаша нысанда қабылданып, олармен жазбаша өтініштер ретінде жұмыс жүргізіледі.

Қабылдау жүргізген адам заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып, өз құзыреті шегінде төмендегі шешімдердің бірін қабылдауға:

1) келушіге қабылданған шешімнің атқарылу тәртібі мен мерзімін хабарлай отырып, өтінішті қанағаттандыруға;

2) бас тартудың себептері мен қабылданған шешімге шағым берудің тәртібін түсіндіре отырып, өтінішті қанағаттандырудан бас тартуға;

3) келуші адам қойған мәселелер қосымша зерделеуді және тексеруді қажет ететін болса, жазбаша өтініш қабылдауға, егер ол әлдебір себептермен өзінің өтінішін жазбаша түрде дербес баяндап бере алмайтын болса, оған қажетті көмек көрсетуге құқылы.

Егер келуші адам өтініш жасаған мәселені шешу ұйымның құзырына жатпайтын болса, онда қабылдаушы адам оған қай ведомствоға (басқа ұйымға немесе мекемеге) жүгіну керек екенін түсіндіреді және мүмкіндігіне қарай оған қажетті көмек көрсетеді.

Қабылдау кезінде берілген хаттар осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес есепке алынады, тіркеледі, қаралады. Олардың шешілуі бақылауға алынады.

ІІ. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс

2. 1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, шешу

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс жүргізу «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 ақпандағы № 221 Заңына сәйкес жалпыдан бөлек жүргізіледі.

Азаматтардың өтініштері (ұсыныстар, арыздар, шағымдар, лебіздер және сұрау салулар) бір орталықтан есепке алынады және ТБТ ұйымға келіп түскен күнінде тіркеледі.

Лауазымды тұлғалар жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдаған кезде алған жазбаша және ауызша өтініштер де орталықтандырылған тіркеуге алынуы тиіс.

Жеке тұлғалардың өтініштерің тіркеу нөмірлері «ЖТ» әріптік индексінен, автор тегінің бас әрпінен және ТБТ бойынша реттік нөмірінен тұрады.

Заңды тұлғалардың өтініштерің тіркеу нөмірлері «ЗТ» әріптік индексінен, өтінішке қол қойған лауазымды тұлғаның тегінің бас әрпінен, және ТБТ реттік нөмірінен тұрады.

Өтініштің авторын белгілеу мүмкін емес өтініштердің тіркеу нөмірі «АБМ» әріптік индексінен және ТБТ реттік нөмірінен тұрады.

Өтініш қайталанып түскен кезде оған кезекті тіркеу нөмірі беріледі, ал ТБТ құжаттың алғашқы нөмірі көрсетіледі. Қайталанған өтініштің бірінші парағына жоғарғы оң жақ бұрышынан және ТБТ «Қайталанған» белгісі қойылады. Егер тұлға, бір мәселе бойынша екі реттен кем емес өтініш жолдаған болса, алғашқы жолдаған өтінішіне алған жауабымен келіспейтін болса, егер өтініш келіп түскен уақытынан қарау мерзімі өтіп кеткен болса, өтініш беруші жауап алмаған болса, өтінішті қарау және мәселелерді шешуде қемшіліктер кеткен болса, онда өтініші қайталанған деп есептеледі.

Сол бір тұлғаның сол бір мәселе бойынша әртүрлі мекен-жайға бағыттаған, сөйтіп қарау үшін бір ұйымға келіп түскен өтініштері қиғаш сызық (бөлгіш) арқылы реттік нөмір қосылып бірінші өтінішінің тіркеу нөмірімен есепке алынады.

Өтініштің авторын белгілеу мүмкін емес, қолтаңбасы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушінің пошталық мекен-жайы жоқ жеке және заңды тұлғалардың өтініштері иесі бүрмеленген өтініш болып есептеледі және қарастыруға жатпайды. Мазмұнында дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстарға және мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке қатысты мәліметтер бар өтініштерден басқасы. Лауазымдық міндеттерінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен жұмыс істеу көрсетілген, лауазымдық тұлға бұндай өтініштерді кешіктірмей құзыретті мемлекеттік органдарға жолдауы тиіс.

Сұрақтың мазмұны баяндалмаған жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралмайды.

Жеке және заңды тұлғаның өтінішінің көлемі көп болса ұйымда өтініш авторлары - азаматтар фамилиясының әліпбилік көрсеткіші жасалады.

Өтініштерге жауапты ұйым немесе құрылымдық бөлімше (лауазымды тұлғамен) басшысы ауызша немесе жазбаша түрде береді. Жауап ауызша берілгенде тіркеу-есепке алу нысанына тиісті жазба жасалады. Жазбаша жауаптың тіркеу нөмірі құрылымдық бөлімше индексінен, істің істер номенклатурасындағы нөмірінен және өтініштің тіркеу нөмірінен тұрады.

Ауызша жауап берілсе тиісті тіркеу-есепке алу нысанына жазба жазылады. Жазбаша берілген жауаптың тіркеу нөмірі құрылымдық бөлімшенің индексінен, істер номенклатурасы бойынша істің нөмірінен және өтініштердің тіркелу нөмірлерінен құрылады.

Орындалған өтініштер тиісті құжаттарымен бірге жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмыс жүргізуші жауапты тұлғаға істерді бір орталықтан жасақтау үшін қайтарылады.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері іске ұйым қызметінің бағыттары немесе түрлері, мәселелері бойынша түзіледі. Өтініштердің көлемі аз болған кезде істерді өтініштер авторларының фамилиялары бойынша әліпбилік ретпен жасақтауға болады.

Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен барлық өтініштер (бұдан әрі - Өтініштер) келіп түскен күні хатшылықта (кеңседе) тіркелуі тиіс. Тіркелген өтініштер олардың әрқайсысы бойынша орындаушыға жазбаша нұсқау беруге міндетті ұйымның басшыларына қарау үшін кідірмей жіберіледі. Өтініште қылмыс немесе құқық бұзушылық белгілері табылған жағдайларда, орындаушы бір тәуліктің ішінде берілген өтінішті қолданыстағы заңнамаға сәйкес Арыздарды есепке алу кітабына немесе Ақпараттарды есепке алу журналына қайта тіркеуді жүргізеді.

Өтініш құзыретіне онда қойылған мәселелерді шешу кіретін субъектіге немесе лауазымды тұлғаға жіберілуі тиіс.

Жеке тұлғаның өтінішінде оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның өтінішінде - оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке арыз иесі қол қоюы не ол электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылуы тиіс.

Шағым жасалған кезде іс-әрекетіне шағым жасалып отырған субъектінің атауы немесе лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, өтініш жасау себептері мен талаптары көрсетіледі.

Тікелей жазбаша өтініш жасаған арыз берушіге күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі. Ұйымның кезекші бөлімдерінде арыздар тәулік бойы қабылданады.

Өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

Көпшілікке қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша және электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңбалар туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келіп түскен өтініштер белгіленген тәртіппен қаралуға тиіс.

Әр түрлі адресаттарға жолданып, өтінішті қараудың белгіленген мерзімінің ішінде бір субъектіге (лауазымды тұлғаға) қарау үшін келіп түскен бір ғана тұлғаның бір ғана мәселе жөніндегі өтініші қосалқы дана ретінде есепке алынады. Негізгі өтініштің тіркеу нөмірі өтініштің қосалқы данасының тіркеу нөмірі болып табылады.

Егер қайта жасалған өтініштерде жаңа дәлелдер немесе жаңадан анықталған мән-жайлар келтірілмесе, ал осының алдындағы өтініштің материалдарында тексерудің егжей-тегжейлі материалдары бар болса және арыз берушілерге белгіленген тәртіппен жауаптар берілсе, өтініштерді қарау тоқтатылады. Өтініштерді қарауды тоқтату туралы шешімді субъектінің (органның) басшысы немесе оның орынбасары қабылдауға құқылы. Бекітілген құжаттың көшірмесі органның хатшылығына (кеңсесіне) ұсынылуы тиіс.

Дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке төнетін қауіп туралы мәліметтер бар және мемлекеттік органдардың құзыреттеріне сәйкес оларға дереу жіберілуге тиіс жағдайларды қоспағанда, ұйымдарда иесі бүркемеленген өтініштер қаралмайды.

Өтініште қойылған мәселелерді шешу құзыретіне кірмейтін ұйымдарына келіп түскен өтініштер үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бұл туралы міндетті түрде арыз берушіге хабарлана отырып, құзыретті мемлекеттік органға немесе лауазымды тұлғаға жіберіледі.

Ұйымның басшы құрамының адамдары өтініштерді қарау кезінде олардың мән-жайын мұқият талқылауға, қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда қажетті құжаттарды талап етуге, қызметкерлерді өтініште баяндалған мән-жайларды тексеру үшін жергілікті жерлерге жіберуге, көрсетілген мәселелерді жан-жақты, уақтылы шешу, шағымдарды тудыратын себептер мен шарттарды айқындау және жою үшін басқа да шаралар қабылдауға міндетті.

Егер өтініштерді тексеру барысында қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталса, онда орындаушы бөлімше басшысының атына баянат жазады, ол құқық бұзушылық туралы хабарлама ретінде тіркеліп, қаралады.

Өтініштерді тексеру нәтижелері бойынша жинақталған материалдардың жан-жақты объективті талдауынан тұратын анықтама жазылады. Егер тексеріс барысында азаматтардың мүдделері бұзылғаны, ішкі істер органдарының қызметіндегі кемшіліктер мен олқылықтар анықталса, онда анықтамада азаматтардың нұқсан келтірілген құқықтары мен мүдделерін қалпына келтіруге, кемшіліктер мен ол қылықтарды жоюға және кінәлі адамдарға қатысты қандай нақты шаралар қабылданғаны көрсетілуі тиіс. Анықтамаға тексеру жүргізген адам қол қояды, тікелей бастықпен келісіледі және Ішкі істер министрлігінің, комитеттердің, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі ішкі істер департаменттерінің, оқу орнының, қалалық, аудандық желілік ұйымдарының басшылығы бекітеді.

Өтініштер бойынша қабылданатын шешімдер негізді болуы керек. Өтінішті (шағымды) қанағаттандырылуы тиіс деп таныған органның басшысы қабылданған шешімнің уақытында және дұрыс орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

Шешу нәтижелері туралы Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттарына, Президент Әкімшілігіне, Премьер-Министр Кеңсесіне, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына хабарлануы қажет өтініштер ерекше бақылауға алынады.

Парламент Сенаты мен Мәжілісі депутаттарының, Президент Әкімшілігі Басшысының, Премьер-Министрдің және олардың орынбасарларының, Мемлекеттік Хатшы, Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының, Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының, Бас прокурордың, Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелерінің сауалдары бойынша жауаптар Ішкі істер министрінің немесе оның міндетін атқарушы адамның қолы қойылып жіберіледі.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің орталық аппаратына келіп түскен өтініштер бойынша арызданушыларға жауаптарға, Министрліктің тапсырмасы бойынша аумақтық бөлімшелерде қарастырылған өтініштерді қоса алғанда, Министрлік басшылығының, комитеттер төрағаларының, департаменттер мен дербес басқармалар бастықтарының немесе олардың орынбасарларының қолы қойылып жіберіледі.

Өтініштерге берілетін жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сілтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негізделген және дәлелді, мемлекеттік тілде немесе өтініш берілген тілде болуға, арыз берушінің қабылданған шешімге шағым жасау құқықтарын түсіндіре отырып, оның дәлелін жоққа шығаратын немесе растайтын нақты деректерді қамтуға тиіс.

Ауызша жауап берілген жағдайларда хатты тексеру материалдарына қоса тіркелетін тиісті анықтама жазылады. Есепке алу карточкасында (журналда) тексеріс нәтижесі жеке әңгімелесуде хабарланғаны жайлы белгі қойылады.

Қарау үшін ақпарат алуды немесе жергілікті жерге шығып тексеруді қажет етпейтін өтініштер 15 күнтізбелік күн ішінде қаралады.

Қарау үшін ақпарат алуды немесе жергілікті жерге шығып, тексеруді қажет ететін өтініштер түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қаралып, ол бойынша шешім қабылданады.

Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап үш күнтізбелік күн ішінде арыз берушіге хабарланады.

Газет, журнал редакцияларынан және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарынан келіп түскен азаматтардың өтініштерін, сондай-ақ сөйлеген сөздері мен баспасөзде жарияланған материалдарын ұйымдар осы Нұсқаулықта көзделген тәртіппен және мерзімде қарайды.

Өтінішті шешу мерзімі оның ұйымға келіп түскен (тіркелген) күнінен бастап шешу нәтижелері туралы хабарды өтініш иесіне жіберген күнге дейін есептеледі.

Мерзімдер күнтізбелік күндермен есептеледі. Егер өтінішті қарау мерзімінің аяқталуы жұмыс емес күніне сәйкес келсе, онда бұл мерзімнің аяқталу күні одан кейінгі жұмыс күні болып есептеледі.

Өтінішті қарау нәтижелері бойынша:

1) өтінішті толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы және өз құзіретіне енгізілген мәселелер бойынша ішкі істер органының шаралар қабылдауы;

2) хатта баяндалған өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы немесе бұрын қаралған хат бойынша қабылданған шешімді растау туралы;

3) арыз беруші қойған ұйымдарының құзіретіне жатпайтын мәселелерді шешу тәртібін түсіндіру туралы;

4) өтінішті қарауды тоқтату туралы шешімдердің бірі қабылданады.

Лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ ұйымның басшыларының шешімдеріне шағым жеке немесе заңды тұлғаға іс-әрекет жасағаны не шешім қабылдағаны туралы белгілі болған сәттен бастап, үш айдан кешіктірілмей бағыныстылық тәртібімен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға беріледі. Шағым беру мерзімінің өтіп кетуі заңды тұлға үшін шағымды қараудан бас тартуға негіз болып табылмайды. Шағым беру мерзімінің өтіп кету себептері шағымды мәні бойынша қарау кезінде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тарту негіздерінің бірі болып табылуы мүмкін.

Егер өтініш жауабының мәтіні қарау нәтижелері туралы қосымша хабарланады деген мәліметті құрайтын болса, өтінішті қарау бақылаудан алынбайды, ол арызданушыға хабарлана отырып, 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.

Алқа отырыстарында, жедел кеңестерде өтініштермен жұмыс жүргізудің жай-күйі ұйым жүйесі бөлімшелерінің басшыларын тыңдай отырып, талқылануы қажет.

Өтiнiштердi қарауды тоқтату. Егер қайта жасалған өтiнiштерде жаңа дәлелдер немесе жаңадан анықталған мән-жайлар келтiрiлмесе, ал осының алдындағы өтiнiштiң материалдарында тексерудiң егжей-тегжейлi материалдары бар болса және арыз берушiлерге белгiленген тәртiппен жауаптар берiлсе, өтiнiштердi қарау тоқтатылады.

Өтiнiштердi қарауды тоқтату туралы шешiмдi субъектiнiң басшысы немесе оның орынбасары қабылдауға құқылы.

2. 2. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы (Қазақстан Республикасының Заңы)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақтөбе қаласының әкімдігінің аппараты
Қазақстан Республикасында басқаруды құжаттамамен қамтамасыз ету: дамуы және проблемалары
«Мемлекеттік тілде іс жүргізу» пәнінің дәрістері
Іс жүргізу
Азаматтарды қабылдау және мемлекеттік органның олардың өтініштерін қарау тәртібі
Азаматтық әкімшілік-құқықтық мәртебесі
Адвокатура және адвокаттық қызметтің түсінігі және ұйымдастыру қызметінің негізгі қағидалары
Қазақстан Республикасында қаржы нарығы
Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасы
Салық комитетті бөлімдерінің құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz