Алтынемел ұлттық саябағы



Мазмұны
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Алтынемел саябағының сипаттамасы.
2. Саябақтың ерекшеліктері.
3. Алтынемелдің флорасы мен фаунасы.
ІІІ Қорытынды
VІ Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Мемлекеттiк ұлттық табиғи саябақ — ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Олар әлі де толық өріс алып, дами қойған жоқ. Саябақтың қорықтардан айырмашлығы – туристтер мен тынығушылардың кіріп көруіне рұқсат етіледі. Қазақстанда 12 саябақ ұйымдастырылған
Соның ішінде Алтынемел ұлттық саябағына тоқталсақ. «Алтынемел» ұлттық табиғи саябағы – Алматы облысының Кербұлақ ауданы аумағында 1996ж. ұйымдастырылған. 10 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №460 Қаулысымен Қапшағай мемлекеттік аңшылық шаруашлығы негізінде құрылды. Орталық үй-жайы Алматы қаласынан 250 шақырым жердегі Басши елді мекенінде орналасқан. Ауданы 460 мың га. «Алтынемел» деген сөздің шығу тегі де ерекше. Халық арасында таралған аңызға сүйенсек, 1219 жылы Шыңғыс хан өзінің әскерлерімен Орта Азияны жаулап алуға бара жатқанда осы аймақтан өткен көрінеді. Жолдағы сарғайған шөп басқан тауды көріп: «Мынау Алтынемел ғой!» — деп таңқалған деседі. Сол кезден бастап «Алтынемел» деген атау шыққан дейді. . Саябақты ұйымдастырудың мақсаттары ретінде бірегей табиғат кешенін сақтауды, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғауды, азайып бара жатқан әрі сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтап қалуды және экологиялық туризмді дамыту саясатын атауға болады[1].
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Ә. Нысанбаев. «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. – 311-312 бет.
2. http://el.kz/blogs/entry/content-2396
3. http://visitkazakhstan.kz/kk/guide/places/view/539/
4. Иващенко А.А. «Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары».- Алматы: «Алматыкітап» ЖШС, 2006. – 180-189 бет.
5. http://www.kazakzaman.kz/kz/newsDetail_getNewsById.action?newsId=54662
6. А. Қуатбаев. «Жалпы экология». Оқулық. – Алматы: «Дәуір» , 2012. – 301-318 бет.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Алтынемел саябағының сипаттамасы.
2. Саябақтың ерекшеліктері.
3. Алтынемелдің флорасы мен фаунасы.
ІІІ Қорытынды
VІ Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Мемлекеттiк ұлттық табиғи саябақ -- ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Олар әлі де толық өріс алып, дами қойған жоқ. Саябақтың қорықтардан айырмашлығы - туристтер мен тынығушылардың кіріп көруіне рұқсат етіледі. Қазақстанда 12 саябақ ұйымдастырылған
Соның ішінде Алтынемел ұлттық саябағына тоқталсақ. Алтынемел ұлттық табиғи саябағы - Алматы облысының Кербұлақ ауданы аумағында 1996ж. ұйымдастырылған. 10 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №460 Қаулысымен Қапшағай мемлекеттік аңшылық шаруашлығы негізінде құрылды. Орталық үй-жайы Алматы қаласынан 250 шақырым жердегі Басши елді мекенінде орналасқан. Ауданы 460 мың га. Алтынемел деген сөздің шығу тегі де ерекше. Халық арасында таралған аңызға сүйенсек, 1219 жылы Шыңғыс хан өзінің әскерлерімен Орта Азияны жаулап алуға бара жатқанда осы аймақтан өткен көрінеді. Жолдағы сарғайған шөп басқан тауды көріп: Мынау Алтынемел ғой! -- деп таңқалған деседі. Сол кезден бастап Алтынемел деген атау шыққан дейді. . Саябақты ұйымдастырудың мақсаттары ретінде бірегей табиғат кешенін сақтауды, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғауды, азайып бара жатқан әрі сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтап қалуды және экологиялық туризмді дамыту саясатын атауға болады[1].

Алтынемел саябағының сипаттамасы
Алтынемел мекен Ш. Уәлихановтың өмірімен тығыз байланысты. Ол өмірінің соңғы жылдарын (1855-1865) Алтынемелде өткізді, сонда жерленді. Ғалымның Алтынемелдегі зираты басына 1985 ж. Ескерткіш белгі орнатылып, тарихи-мемориалдық мұражай ашылды. Іле өзенінің солтүстігінде орналасқан. Оның құрамына Жоңғар Алатауының сілемдері: Шолақ, Дегерес, Матай, Алтынемел, Қояндытау, таулары, Үлкен Қалқан, Кіші Қалқан, Ақтау жоталары және өте сирек кездесетін табиғи ескерткішінің бірі - Әнші құм енеді. 3 ландшафты - таулы-далалық, құмды-шөлді және қиыршық тасты белдеулерден тұрады. Саябақ археологиялық ескерткіштер мен ежелгі таңбалар және суреттер салынған үңгірлер мен тастарға бай. Сақ дәуірінде салынған Бесшатыр обаларының маңызы зор. Алтынемел құмдарындағы Әнші құм немесе Айғай құм - танымал жерлердің бірі. Оның алып жатқан жерінің үлкен болуы сонша, ұзындығы екі-үш километрге дейін, ал биіктігі шамамен 120 метрге жетеді. Бұл құмның бір ерекшелігі - құрғақ күндері әуенді дыбыстар шығарады. Оның әуені бірнеше шақырымдарға жайылып, алыстан да естіліп тұрады. Кейбір пікірлерге сүйенсек, құмның ұсақ бөлшектері бір-біріне үйкелген кезде осындай әуенді дыбыстар шығады екен: жеңіл самал жел шиқылдаған дыбыстар шығарса, қатты жел орган дыбысына ұқсас әуен шығарады. Алайда, желсіз күнде де құмның әуенін тыңдауға болады. Осы сиқырына байланысты, құм жайында көптеген аңыздар пайда болған.
Құмның тағы бір ерекшелігі - ол басқа құмдар сияқыт орнын ауыстырып, көшіп жүрмейді, керісінше, мыңдаған жылдар бойы Алтынемел аумағында, бір орында тұр. Осы жерде тұратын адамдар айтатын аңыздарға сүйенсек, дәл осы құмның астында Шыңғысхан және оның сенімді жауынгерлері жерленген екен. Ал сиқырлы құмның әуендететіні - ханның рухы ұрпағына өз жеңістері жайында сыр шерткені.

Саябақтың ерекшеліктері
Тарих беттерінен парақтайтын болсақ, сақтар 5 ғасырда өмір сүрген. Ал мұнда кездесетін қорғандардың маңы сол сақтардың тұрған мекені мен тіршілік еткен жерлері болып табылады. Бұл жер Бесшатыр, деп аталады. Алыстан қарасаңыз, үлкен 5 үйінді ғана көрінеді екен, сондықтан оны ежелгі ата-бабаларымыз Бесшатыр қорғандары деп атаған. Негізінен парк территориясынан 1781 қорған табылған. Ең үлкен қорғанды Қазақстан археологтары зерттегенде 3 бөлмелі қабір табылды, оның бөренелері Тянь-Шань шыршаларынан жасалған, оны сақтар бұл жерден 300 шаршы метр алыстан тасыған, ал тастарды Шолақ тауларынан 2-3 шаршы метр алыстан тасыды. Осылайша, сақтар өздерінің патшаларына осындай алып қабір тұрғызған, бұл қабір биіктігі 17 м, ал дм -- 104 см құрайды. Қабірдің жан-жағын қоршай оның нөкерлері, әскер басылары жерленген.[5]

Алтынемелдің көрнекті орындарының ішіндегі ең танымалы - Бесшатыр хан қорғандары. Сыртынан қарағанда, биіктігі жиырма метр болатын қарапайым төбелерге ұқсайды. Ғалымдардың айтуынша, бұл жерде біздің заманымызға дейінгі VII-III ғасырларда өмір сүрген сақ көсемдері жерленген.
Қорғандарды бойлай, бетінде жануарлар бейнесі қашалған 45 кесек тас тізіліп тұр. Осы ерекше тастарды алғаш көрген туристер оларды ағылшынның танымал Стоунхенджімен салыстырған еді.
Сонымен қатар, осы жерде белгілі Тамғалы тас - тастарға салынған ежелгі суреттер ескерткіші орналасқан. Бұл суреттер екі мың жылдан астам уақыт бұрын, шамамен біздің заманымызға дейінгі XVI-XIV ғасырларда салынған еді. Негізінен бұл суреттер - Үндістан мәдениеті білгірлерінің арасында танымал буддистік жазбалар мен құдайлар бейнесі. Тамғалы таста VIII-IX ғасырлардан қалған түркі сына жазуы да сақталған. Бұл жазу қыпшақтардан қалған болуы мүмкін[4].
Алтынемелдегі таулар өте көріеті таулардың қатарына жатады. Олар: Шолақ, Дегерес, Матай, Алтынемел, Қояндытау, таулары, Үлкен Қалқан, Кіші Қалқан, Ақтау.
Ақтау - кайназой қалдықтарынан құралған борлы тау. Баурайлардың жалаңаш және тік жарлы болуы, қатты тілімденуі тауға тән және де күшті тау тасқыны мен қатты нөсерлі жауын әсерінің нәтижесінде қарқынды өзгеріске ұшыраған. Ақтау - дүние жүзіне белгілі палеонтологиялық кен орны. Мұнан ерте миоцен флорасының 56 түрі, оның ішінде қарағай, шырша, қайың, қандағаш, емен, жаңғақ, талшын, жөке, таудаған, пісте, қытайы шаған және басқалар табылған. Көл түзілістерінің палноген-неоген қабаттарында ежелгі жануарлар қалдықтары жақсы сақталған, олардың жасы 25-30 млн. Жылға бағаланып отыр.
Қатутау тауы басы шоқы тәрізді төбелі-құлама етекті жіңішке адырлар түрінде оңтүстік- батыстан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баянауыл табиғи ұлттық саябағы
Табиғат қорғаудың негіздері
Қазақстанның ерекше қорғалатын аймағының жалпы сипаттамасы
Туған жердің табиғи байлығы
Табиғат қорғаудың негіздері туралы
Қайыңды көлі
Қазақстанның ерекше қорғалатын аймақтары
Парктің көз тартар жерлері
Оңтүстік Қазақстанда кездесетін сүтқоректілер, олардың сан алуандылығы
Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын аумақтар
Пәндер