Тәрбиенің ғылыми педагогикалық негіздері


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І. Тәрбие ұғымын ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу . . . 6
1. 1 Тәрбие мақсаты, мазмұны мен ерекшеліктері . . . 6
1. 2 Тәрбиенің жалпы заңдылықтары мен принциптеріне сипаттама . . . 12
1. 3 Тәрбие жөніндегі Ж. Аймауытұлының психологиялық-педагогикалық ой-пікірлері . . . 31
ІІ. Тәрбие түрлерінің жүзеге асырылу әдістемесі . . . 38
2. 1 «Ұстазым - ұлық бәрінен» атты сабақ аясындағы адамгершілік тәрбиесі . . . 38
2. 2 «Көңілді қыс», «Шынықсаң шымыр боларсың» сабақтар аясында балалардың дене тәрбиесін қалыптастыру . . . 46
2. 3 «Құс - адамның досы» атты сабақ аясындағы экологиялық тәрбие . . . 53
Қорытынды . . . 57
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 59
Қосымшалар 1-10.
Аннотация
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Болашақ ұрпақтың тәлім-тәрбиесі қай ұлт, қай қоғам, қай кезеңде де басты мәселе ретінде қаралған. Ата-заңымызда мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы адам және оның өмірі, құқықтары мен түпкі мақсат-мұрат ретінде атап көрсетілген.
Білім-ғылым жүйесінде де тәрбие тағылымдарына үнемі көңіл бөлініп келеді. Өткен тарихымызда, ата-бабаларымыздың ғасырдан-ғасырға жеткен ғұлама ойшылдарының даналық ойларында да әлеміне, жас ұрпақ тәрбиесіне айрықша көзқарас берілген.
Қазіргі уақытта Қазақстандағы саяси әлеуметтік, экономикалық өзгерістермен қатар білім саласындағы көкейтесті мәселелердің бірі - жас ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие беру, ұлттық тұлғаны қалыптастыру.
Қазақ тарихының даму кезеңдерінен, ежелгі дәуірден жеткен әдебиеті мен тарихында, мәдениетінде ақын-жыраулардың өлең-жыр, толғауларында, әл-Фараби фәлсафаларынан бастап, Абай әлемінде, тәлім-тәрбиелік еңбектерінде табиғи жалғасын тапқан адам болмысы бүгін де көкейтесті мәселелердің бірі.
Ата-бабаларымыз өткенімізбен сусындаған, бүгінгіні қадірлей білетін, тарихы мен мәдениетін құрметтей алатын, табиғатты аялай білетін, Отаны үшін жанын аянбай еңбектенетін ұлттық тұлғаны қалыптастыруда, тәрбиелеуде өз еңбектерін сарп еткен.
Ұлттық тәлім-тәрбие мәселесі 20 ғасырдың басында Алаш қайраткер-қаламгер мұраларынан да кең орын алған. Олардың қатарында А. Байтұрсынұлы, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытұлы, т. б. бар.
Ал еліміздің руханият әлемінде Ж. Аймауытұлы, оның ұлттық әдебиет пен мәдениет тарихындағы, тәлім-тәрбие саласындағы іргелі еңбектері ерекше көрініс береді. Регресия кезінде қуғынға ұщыраған Ж. Аймауытұлының еңбек-мұралары еліміз тәуелсіз алғалы кең көлемде қарастырыла бастады.
20 ғасыр басында әдебиет майданына келген қазақ ақын-жазушыларының үлкен шоғыры ел мақсаты, халық қамы үшін жастарға арнап, әсіресе, ағартушылық-педагогикалық салада ерекше жұмыла еңбектеніп, түрлі ғылым салаларына арналған мектеп оқулықтарына нұсқаулар, алғашқы зерттеулерді жазды.
Қазақ тарихы мен мәдениетінің руханият өріс-өрелінің би-биестері қайта қаралып, зерделі зерттеу жүйесіне айналып келді. Осы орайда, Алаш ардақтыларының қоғамдық-саяси, педагогикалық және психологиялық көзқарастары, ақын-қаламгер, ұстаз-ғалымдағы алуан түлі, мың сырлы белгі, ерекшеліктері де арнайы зерттеу жүйесін құрап келеді.
Осы бағыттағы ізденіс, зерттеулерден 20 ғасырдағы қоғамдық-әлеуметтік жағдайлар, ұлт тарихы мол танымал тұлғалар тағдыры, білім-ғылым жүйесі, тәлім-тәрбие өрісі кең танылады.
Зерттеу тақырыбы: «Тәрбиенің ғылыми-педагогикалық негіздері».
Зерттеу жұмысының мақсаты: тәрбиенің қоғамдағы орнын, мәнін, оның заңдылықтарын ғылыми-теориялық тұрғыдан ашып көрсету.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Тәрбиенің ортақ мақсатын, мазмұнын, ерекшеліктерін ашып көрсету.
- Тәрбиенің жалпы заңдылықтары мен принциптеріне сипаттама беру болып табылады.
- Тәрбие жөніндегі Ж. Аймауытұлының психологиялық-педагогикалық ой-пікірлеріне сипаттама беру.
- Тәрбие түрлері мен әдістерін, құралдарын тәрбие үрдісінің мазмұны ретінде қарастыру.
- Жалпы адамзаттық құндылықтар мен құндылықты бағыт-бағдарларын ашып көрсету.
Зерттеудің әдіснамалық- теориялық негіздері: халық педагогикасына үлесін қосқан ағартушы педагог- ғалымдардың тәлім -тәрбие саласындағы еңбектері, Ж. Аймауытұлының психологиялық- педагогикалық ой- пікірлері негізге алынды.
Зерттеу көздері: тәлім- тәрбиенің ортақ мақсатына, мазмұнына, принциптеріне бағытталған ғылыми еңбектер, мақалалар, әдістемелік нұсқаулар, ғылыми зерттеулер т. б.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесіне байлынысты философиялық әлеуметтану, этнопедагогикалық, психологиялық, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау, ғалым-педагогтардың озық тәжірибелерін зерттеу, материалды жинақтау және қорытындылау, сендіру әдісі, теориялық әдіс.
Зерттеу нысаны: тәрбие жөніндегі мұралардың психологиялық-педагогикалық негіздері.
Зерттеу пәні: Тұлғаны қалыптастыруға бағытталған тәрбие беру жолдары.
Жұмыстың теориялық маңыздылығы. Жұмысты жазу барысында тәрбие үрдісінің ортақ мақсатын, мазмұнын, ерекшеліктерін, заңдылықтары мен принциптерін, түрлерін зерттеген педагог-ғалымдардың еңбектері қолданылады (Әбиев Ж., Бабаев С., Жұмабаев М., Асанов Ж., Айғабылова Н., Әбілова , Алмаханова Х., Әбенбаева С., т. б. ) .
Әр саладағы ғылымды толық меңгеру, әдетте, сол ғылымның пайда болуы мен дамуы, оның зерттейтін негізгі мәселелерін анықтап түсінуден басталады. Шынында да әр ғылым саласы өз тарихына, зерттеуі тиіс және сол ғылымның теориялық негізін түсінуге жәрдемдесетін табиғи немесе қоғамдық құбылыстардың нақты аймағына ие.
Педагогикалық білім өсіп келе жатқан әулетті тұрмысқа дайындауға немесе тәрбиеге бағышталған адамзат іс-әрекетінің ерекше бір саласына кіреді.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы: өндірістік даму мен күрделену өріс алып, ғылым-білім қоры жинақталған сайын, өсіп келе жатқан әулетті тұрмысқа арнайы дайындаудың қажеттігі орта түсті де, оларды арнайы ұйымдастырылған тәрбиеге тартудың маңызы барған сайын күшейіп отырды. Осылайша білім беру қоғамның объективті қажеттігіне айналды. Және оның бұдан былай дамуының ең маңызды алғышарты болды. Осыдан бастап, адамзат қоғамның белгілі кезеңінде, өндіріс пен ғылым дамыған шақта ерекше қоғамдық қызметке айналды, арнайы тәрбиелік мәселелер пайда болып, кәсіби мамандыққа балаларды оқытып, тәрбиелейтін адамдар шыға бастады.
Тәрбиенің дербес қоғамдық қызметі сипат ала бастауы адамдарда тәрбиелік қызмет тәжірибесін жинақтап, қорытындылауды ойластыру қажеттігін туындатты.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер де біз тәлім-тәрбиелік мұраларды тікелей оқыту арқылы ондағы тұлға табиғатын кең көлемде қарастырып, осының негізінде жас ұрпаққа берілетін теориялық білімдерді пайдалансақ, егер де ол сабақта, сабақтан тыс жұмыстарда продуктивті жүргізілсе , тұлға қалыптастырудың тиімді жолын жасуға болашақта кең мүмкіндік береді.
Зерттеудің ғылыми жаңалықтары:
- тәрбиенің мәні мен мазмұны педагогикалық тұрғыдан айқындалды;
- ұлттық, адамгершілік, экологиялық, экономикалық, Отансүйгіштік тұрғыдан тәрбие берудің тиімділігін арттыратын негізгі педогогикалық шарттар анықталды.
Зерттеу базасы: Тараз қаласындағы №45 классикалық мектеп гимназиясы.
Жұмыстың жүйесі. Жұмыс кіріспеден екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
«Тәрбие ұғымын ғылыми-теориялық, әдістемелік тұрғыдан қарастыру негіздері» атты бірінші тарауда тәрбиенің ортақ мақсаты, мазмұны, ерекшеліктері қарастырылып, тәрбиенің жалпы заңдылықтары мен принциптеріне сипаттама беріледі.
Тәрбие жөніндегі Алаш ардақтысы Ж. Аймауытұлының психологиялық-педагогикалық ой-пікірлері баяндалып, тәрбие түрлері (адамгершілік тәрбие, Отаншылдық тәрбиесі, еңбек тәрбиесі т. б. с. ) әдістері мен қарастырылады.
«Тәрбие түрлерінің жүзеге асырылуы» атты екінші тарау бала-бақшада, мектепте өткізілген ашық сабақтарға арналады. Негізгі мақсаты - тәрбие түрлерінің жүзеге асырылу жолдарын анықтап көрсету және оларды практикалық тұрғыдан қарастыру болып табылады.
Әр сабақтың өзінің мақсаты немесе міндеттері болады. Оқытушының басты парызы - баланың тұла бойында адамгершілік пен рухани құндылықтарды қалыптастыру. Жұмыс соңында қорытында жазылып, әдебиеттер тізімі беріледі
І. Тәрбие ұғымын ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу
1. 1 Тәрбие мақсаты, мазмұны мен ерекшеліктері
Мақсат - бұл ғылыми түсінік, ол белгілі бір әрекеттің түпкі нәтижесін сезіну деп түсіну керек.
«Мақсат-белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой санадағы көрінісі. Мақсат тікелей міндет ретінде іс-қимылды бағыттап, реттеп отырады. Мақсат адам санасының белсенді жағын білдіре отырып, объктивті заңдарға, қоршаған ортаның, субъектінің нақты мүмкіндіктеріне сай келуі керек, сонда ғана адамдардың нысаналы қызметінде азаттық пен қажеттілік арасындағы диалектикалық қарым-қатынас көрініс табады. Мақсат шындықты жүзеге асыру үшін қажет белгілі құралдармен бірлесе іс-қимыл жасағанда ғана оны өзгерте алатын күшке айналады. Мақсат келешектегі, таяудағы тікелей, жалпылама, жеке, аралық, түпкі мақсаттарға бөлінеді. Шартты мағынада «Мақсат» терминімен ғылымда (биол. Кибер) кері байланыс» [9, 23 б. ] .
Ұлы сыншы В. Б. Белинский: «Адамды табиғат жаратқанмен, оны өсіріп, тәрбиелейтін қоғам», - деп өте орынды айтқан [9, 23 б. ] .
Педагогика ғылымында тәрбие мен оқытудың мақсаты және міндеттерін қарастырғанда оны әрқашанда қоғаммен бірлікте, қоғамдық құбылыс ретінде, қоғамның талаптарымен байланысты қарастырады.
Тәрбие мен оқыту қоғамдық категория ретінде оның талаптарын объективті түрде білдіреді. Яғни, «тәрбиесіз қоғам, қоғамсыз тәрбие өмір сүрмейді» деген қағидаға сүйенсек, тәрбиесіз мақсаты қоғамның мақсатын, талап-тілектерін іс жүзіне асыру болып табылады. Бұл талаптар әр кезде қоғамдағы өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың даму дәрежесімен байланысты анықталады. Олай болса «Тәрбиедегі мақсат адамды, һәм сол адамның ұлтын, асса барлық адамзат дүниесін бақытты қылу. Ұлт мүшесі әрбір адам бақытты болса, адамзат дүниесі бақытты. Қысқасын айтқанда, тәрбиедегі мақсат - адам деген атты құр жала қып жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару» [9, 23-24 бб. ] .
Қоғамның материалдық негізі мен идеологиясының өсуі әртүрлі қоғамдық-экономикалық формацияның алмасуына зор ықпал етеді. Ол өз алдына тәрбие мен оқытудың мақсат-міндеттерін белгілеуде ортақ пікір болмаған. Ол негізінен екі бағытта өрбіген. Біріншісі, прогресивтік идеяны ұсынса, яғни, жалпыға бірдей білім бере отыра жеке басты жан-жақты, үйлесімді дамыту болса, ал, екіншісі, яғни реакциялық идеяның өкілдері үстем таптың мүддесін көздеп, дін мен идеалистік философияның теорияларын уағыздады.
Бүгінгі таңда қоғамның жаңа сатыға, жаңа сапалық жағдайға көтерілуі еліміздің әлеуметтік-экономикалық саласында жаңа міндеттерді, жаңа талаптарды шешуді жүктеп отыр.
Адамзат дамуының қай кезеңінде болмасын тәрбиенің тиімділігін жетілдіру ісі жүзеге асырылып келді. Бұл істі жүзеге асыру процесі әрбір қоғамдағы мемлекет қажеттігіне бағындырады. Өйткені мемлекет қажеттігінің орындалуы оның экономикалық күш қуаты, саясатына тәуелді екендігі белгілі. Тәрбие тиімділігінің ең басты шарты мемлекет мүмкіндігінен туындайтын қажеттікке сай тәрбиенің мақсатын нақты анықтау болып табылады.
Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты - тұлғаны әржақты, жарасымды етіп тәрбиелеу. Адам - жер бетіндегі тірі организмнің жоғарғы сатысы, қоғамдық тарихи іс-әрекеті мен қарым-қатынас иесі.
Адам іс-әрекеті, сезімі, ойлау ерекшеліктері оның өмір сүріп отырған қоғамдық-тарихи жағдайларына тәуелді болады.
Қоғам дамуының белгілі сатысында педагогикалық, филоофиялық ой-пікірлер пайда болып, қалыптаса бастады. Тәрбие беру мақсатын анықтау ең басты мәселеге айналды. Осыған орай, балаларға білім мен тәрбие берудің негізгі жолдары белгіленеді, тәрбиелік іс-әрекетінің мазмұны анықталады, білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудың нақты мәселелері мен әдістері қарастырылады.
Егер тәрбие мақсатының қалай өзгеріп отырғанына көз жіберсек, тәрбие мақсатын белгілеудің қаншалықты маңызды екенін айқын байқауға болады. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз ешбір қоғамның өмірі ілгері дамуы мүмкін емес. Тәрбие қоғамның пайда болуымен бірге пайда болады, онсыз қоғам жоқ, ол өмір сүруін тоқтатады, ілгері дамымайды.
Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан-жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын етіп тәрбиелеу деп қарастырады. Тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, дамыту деген ұғымды оқу мен жастардың практикалық еңбегінің тікелей байланысы, дененің, ақыл-ой дамуының біртұтастығы деп түсіну керек.
«Адамзат дене һәм жан аталған екі бөлімнен тұрғандықтан, бұл екі бөлімнің соңғысы, яғни жан адамзат үшін аса қадірлі болғандықтан, дұрысын айтқанда, адамға шын мағынасымен «адам» деген атты осы жан ғана беретіндіктен, адам баласын тәрбие қылу дегенде, әрине, адам баласының әсіресе жанын тәрбие қылу керек деп ұғу керек», - деп жазды М. Жұмабаев [16, 6 б. ] .
«Тәрбие кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді, адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын кәміл жасқа толып, өзіне-өзі қожа болғанша тиісті азық беріп өсіру деген мағынада жүргізіледі», - дейді М. Жұмабаев (16, 6 б. ) . жоғарыда айтып кеткендей тәрбие мақсаты төңірегіндегі пікірталас ежелгі дәуірдің өзінде-ақ басталған. Сократтың шәкірті Платон ақыл-ой, ерік, сезімді тәрбиелеуге көп ықылас білдірді. Ол тәрбиені өкіметтің өзі ұйымдастыруы керек, үстемдік етуші топтар - философтар мен жауынгерлердің талап-тілегіне сай жұмыс істеу деп түсінді. Аристотель, тәрбиенің мақсаты жан рақымы - ақыл-ес пен ерік-жігерді дамыту деп білді.
Я. А. Коменскийдің ойынша тәрбие үш мақсатқа жетуге бағытталуы қажет: өзіңді және қоршаған ортаны тану (ақыл-ой тәрбиесі), құдайға сиыну (діни тәрбие) . Дж. Локтың ойынша, тәрбиенің негізгі мақсаты адамзатты қалыптастыру [17, 114 б. ] .
Тәрбиенің ең жоғарғы мақсатын А. Дистерверг «ақиқат, сұлулық және мейірімділікке өз ынтасымен қызмет ету» деп анықтаған [17, 114 б] .
К. Д. Ушинский жазғандай: егер сізге айтса, тәрбие мақсатымен адамды бақытты етуге болады деп, онда сіздің дауласуға әбден қақыңыз бар, ал тәрбиеші «бақыт» дегенде нені түсінеді, өйткені, бәрімізге белгілі, әлемде бақытқа ұмтылмайтын пенде жоқ: біреуге бақыт болып көрінетін жағдай, ал ол басқа адамға жай бір оқиға сияқты көрінеді, кейбіреуі тіпті бақытсыздық деп түсінеді [17, 114-115 б. ] .
Тәрбие мақсаты - ол педагогикалық қоғамның қажеттілігіне қарай өзгеріп отырады.
Тәрбие мақсаты - бұл қоғамның батбұрысына, қандай мұраттарына қол жеткізуіне бағытталған.
Мадениет деңгейі, тәрбие мақсатының жалпы бағытын айқындап отырады. Тәрбиенің мақсаты нақты - тарихи сипатына қарай құбылмалы келеді.
Тәрбие мақсатын анықтауда маңызды себептердің қатарына жататында, мақсатты құрастыру, оны белгілі заңдылыққа негіздеуді есепке алу. Ол саясат, мемлекет идеологиясы сияқты факторлармен бірге, тәрбие мақсатын айқындауда қоғам өзінің қажетті талабы мен мүддесінің маңыздылығын ұдайы есепке алу жұмыстың дұрыс жүруіне кепілдік береді. Тәрбие мақсаты қоғамда жастардың белгілі бір функцияларын жүзеге асыру процесінде олардың уәждік қажеттілігінен туады. Тәрбиенің нысанасы тұлға болса, бірақ өз бойларында қажетті сапаның дамуы оқушылардың өздерінің белсенді іс-әрекеті мен оларға тәрбие субъектісі ретінде қарап педагогикалық басшылық жасау.
Ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене тәрбиесі тұтас педагогикалық жүйе шеңберінде қарастырылады (К. Д. Хиль) [17, 117 б. ] .
Қарым-қатынастың мақсаты қоғамдағы іргелі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында оқушылардың санасының белсенді ұстанымын қалыптастыру болып табылады (Б. Ы. Мұқанова) [17, 118 б. ] .
Тәрбие - әлеуметтік институт ретінде қалыптасуын әлеуметтендіру, мәдениет және әлеуметтік ереже, әлеуметтік тәрбие мақсатында жүргізу, сол арқылы қоғам мүшелерінің әлеуметтік қажеттілігін өтеуге жағдай жасау.
Тәрбие мәнін, мазмұнын дәлірек топшалау мақсатымен американ психологы және педагогі Эдвард Ли Торндайк былай деген еді: «Тәрбие сөзіне әркім әртүрлі мағына береді, бірақ олш қашанда өзгеріс дегенді аңдатады. Егер біреуді өзгеріске келтіре алмасақ, біз оны тәрбиелемегеніміз» [10, 30 б. ] .
Тәрбие - бұл жеке адамның қоғамдық тәжірибені (білімді, игіліктер мен дағдыларды шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін, әлеуметтік және рухани қатынастарды) игеру үшін бағытталған белсенді іс-әрекетін қолдап, қуаттаушы әрі сапалы орындалатын педагогикалық процесс [9, 31-32 бб. ] .
Сонымен қатар, тәрбие поцесі диалектикалық сипатта болып келеді. Бұл оның үздіксіз дамуынан, динамикалық болуынан, қозғалмалы әрі өзгермелі болуынан байқалады.
Тәрбие процесінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ең алдымен біз білетіндей бұл процесс мақсат - бағдарлы болып табылады. Ең алдымен біз білетіндей бұл процесс мақсат - бағдарлы болып табылады.
Тәрбие процесі - көп факторлы процесс. Ондағы көптеген объективті, субъективті фактторлардың әрекеттері бұл процестің өте-өте күрделі екенін байқатады. Субъективті факторлар тұлғаның ішкі қажеттіліктерін білдіріп, тұлға қалыптасып, өмір сүретін объктивті жағдайларды білдіре отырып, тәрбие міндеттерін табысты шешуіне көмектеседі.
Тәрбие процесі өзінің ұзақтығымен ерекшеленеді. Негізінен ол өмір бойына созылады. К. Гельвеций былай деп жазған: «мен оқуды әрі жалғастырудамын, менің тәрбием әлі біткен жоқ. Ол қашан бітеді? Менің оған тек өлген соң мүмкіндігім болмайды. Менің бар ғұмырым ұзақ тәрбиеден тұрады» [10, 46 б. ] .
Тәрбие процесінің тағы бір ерекшелігі - оның үзіліссіз болуы. Мектептік тәрбие процесі - тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара жүйесі, үздіксіз әрекеттесу процесі. жеке бір ғана «іс-шара» оқушының мінез-құлқын ерекше өзгертеді деуші тәрбиешілер қателеседі. Жұмыстың белгілі бір мақсаты, белгіленген жүйесі қажет. Егер тәрбие процесі үзіліп қалса, онда тәрбиеші оқушының есіне жаңадан «із» салуы керек, оны тұрақты әдетке айналдыруы шарт.
Тәрбие процесі - комплекстік процесс, тәрбиелік жұмыстардың мақсаты, мазмұны, формалары мен әдістерінің бірлігін білдіреді.
Жеке тұлғаның сапалы қалыптасуы кезектесіп жасалынбайды, бір уақытта болатындықтан педагогикалық ықпал ету комплекстік сипатта болады. Қалыптастыру кезінде бір қасиеттер екінші қасиеттердің дамуына ыңғайлы әсер етіп отырады.
Тәрбие процесіне нәтижелердің бірмәнді, анық болмауы да құбылыс. Жағдайлар бірдей болғанда да нәтижелер бөлектеліп тұрады. Мұның өзі келесі субъективті факторларға байланысты болады: тәрбиеленушілердің жеке жеке өзгешеліктерінің көптігі, олардың әлеуметтік нәтижелері, тәрбиеге деген қатынастары. Сонымеен бірге тәрбиешілер дайындығының кәсіптік деңгейі, олардың процесті жүргізу шеберлігі де осы процестің іске асып, жақсы нәтижелер беруіне үлкен ықпал жасайды.
Тәрбие процесі екіжақты сипатымен ерекшеленеді. Олар тәрбиешіден тәрбиеленушіге (тікелей байланыс) және тәрбиеленушіден тәрбиешіге қарай (кері байланыс) . Процесті басқару негізінен кері байланыс арқылы құралады, яғни тәрбиеленушілерден түсетін ақпараттар арқылы ерекшелінеді. Осы кері байланысты тәрбиеші неғұрлым көп пайдаланса, соғұрлым тәрбиелік әсер де жоғары болады.
Тәрбиенің мазмұнын түсінерде қойылатын талаптар мен мақсаттарға сай оқушының білімі, нанымы, дағдылары, тұлғалық сапасы мен белгілері тұрақты әдеттер жүйесі деп қабылданған.
Қазіргі тәрбие бағыттарының негізіне келесі идеялар жатады:
- Тәрбие мақсатының шынайы болуы. Бүгінгі нақты мақсат - бұл адамның ептіліктері мен дарындығына сүйене отырып, оны жан-жақты дамыту. Бұл мақсатқа жетудің құралы - әр адамның мәдениет қоры негіздерін игеруі. Осыдан тәрбие мазмұнының орталық түсінігі, яғни тұлғаның«базалық мәдениеті»келіп шығады. Бұл өмірлі өзін-өзі анықтау мәдениеті болып табылады, яғни экономикалық мәдениет пен еңбек мәдениеті, саяси, демократиялық, құқықтық мәдениет, адамгершілік пен экологиялық мәдениет, көркемөнер және дене мәдениеті, отбасы қатынастар мәдениеті.
Ал «Мәдениет» латын тілінен аударғанда өңдеу, баптау деген ұғымды білдіреді. Оның екінші мағынасы - рухты дәріптеп көтеру. Рип ораторы М. Р. Цицерон өзінің «Тискуланские диспуты» еңбегінде ең алғаш рет «мәдениет» сөзін теориялық тұрғыдан термин ретінде қолданған (45 жыл ж. д. д. ) .
Э. Тайлер мәдениетке барлық білімнің жиынтығы ретінде, яғни адамның табиғатпен күресінде адамның тарихи дамуындағы заң, дәстүр, көркем өнер, әдет-ғұрып, діншілдік деңгейінде зерделеген [17, 120-121 бб. ] .
С. Б. Малиновский мәдениет теориясы адам табиғатының, биологиялық (адам өз тұқымымен жалғастыру үшін) және әлеуметтендіру жағын да ескеру қажет деп түсіндірген [17, 121 б. ] .
А. К. Уидов «мәдениетті қоғамның рухани қазынасы» деп бағалайды. Бұл жағдайда қоғам мен мәдениет ұғымының ара қатынасы бүтін мен бөлшектің ара қатынасындағы сапасы ретінде түсінеміз. Мәдениетті материалдық және рухани құндылықтың жиынтығы ретінде қараған абзал. ъ
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz