Инвистиция есебі және аудиті



Мазмұны:

Кіріспе

I. Инвестициялар есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
I.1 Капиталды бағалы қағаздар кәсіпорынды дамыту үшін, оның капиталын құрастыру немесе ұлғайту мақсаты
I.2 Қоржындық инвестициялаудың объектілері
I.3 Қаржылық инвестициялар инвесторлар үшін ішкі және сыртқы инвестициялар жағдайында

II. Инвестициялар аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
II.1 Ұзақ мерзімді инвестициялар
II.2 Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар аудиті
II.3 Облигациялар аудитінде облигация шығару

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиет
Кіріспе

Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің мақсаты – түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.
Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) құн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны өзінің табысының (таратылған) қаражаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі капиталды жаңартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды.
Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша: қаржылық және нақты болып бөлінеді.
Нақты инвестициялар – бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материалдық-өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.
Қаржылық инвестициялар - бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидендтер және жалға ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар (мысалға, коммерциялық мәміленің нәтижесі). Сондай-ақ, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы (құнды) қағаздар да саналады. Барлық бағалы (құнды) қағаздар екі топқа бөлінеді – ақшалай және күрделі (капиталды) болып. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т.б. жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің номиналдық (атаулы) құнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, қысқа мерзімге (бір жылдан аспайтын уақытқа) беріледі.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Қазақ энциклопедиясы,4-том
2. «Эк.Мем. Рет өзекті мәселелері» Ихданов, Орманбеков
3. «Гос.и Бизнес» Мамыров
4. «ҚР Индустриялды- инновациялық дамуының 2003-2015 ж арналған
Стратегиясы»
5. Ержанов. М.С Ержанова.А.М «Основа бухгалтерского учета»
6. Радовец.В.К Радовец.В.В «Қаржылық есеп»
7. Мейірбеков.А.Қ Әлімбетова.Қ.Ә «Кәсіпорын экономикасы»
8. Тлеужанов.М.А Мамыров.Н.Қ «Микроэкомика»
9. Абленов.Д.О «Аудит негіздері 2006ж»
10. Бакаев.А.С Горватова.Л.В «Межд. Станд. Финанс. отчет»
11. Баймұханова.С.В «Бухг.учет хозяйств. субьект» 2002ж
12. Дүйсенбаев.К.Ш «Бухгалтерлік есеп» 2005ж
13. Назарова.Б.А «Шаруашылық жүргізуші субьектілердің бухгалтерлік есебі » Алматы 2006ж
14. Ержанов М.С., Ержанова А. М. Основы бухгалтерского учета
15. Кириянова З.Ф., ''Теория бухгалтерского учета''
16. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тлеужанова М.А. Микроэкономика
17. Мельников В.Д. Ли В.Д. Общий курс финансов.
18. Шуляк П.Н. Финансы предприятия. – Москва, - 2000
19. Любушкин Н.П. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия. Учебное пособие
20. Мұхамедиев Б.М. Микроэкономика: Оқу құралы. – Алматы

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
М.Тынышпаев атындағы Ақтау Көлік Колледжі

Мамандыгы:
Есеп және Аудит

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Аудит және ревизия пәнінен

Тақырып: “ Инвестициялардың есебі және аудиті”

Жұмыс тексерген: оқытушы Қарашаев.Д

Орындаған: УиА911-01тобы 3курс студенті
Ақылжанова.А

_______________________2014ж

Ақтау 2014ж

Курстық жұмыстың тапсырмасы

Студент ___________________________________ _________________________
1Жұмыс
тақырыбы___________________________ ____________________________

2 Жұмыстың тапсырылу уақыты __________________2014г
3 Пайдаланылған деректемелер
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
______________________
4Жұмыс барысында қарастырылған сұрақтар:
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ __
5 Жазу-сызудың материалының
тізбесі____________________________ ______________________________
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ _

Жұмыс берілген уақыты _____________________2014г.
Тексерген___________________________________ _
Жұмыс қабылданған уақыты _____________2014г.

________________(Студент қолы)

Мазмұны:

Кіріспе

I. Инвестициялар
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...
I.1 Капиталды бағалы қағаздар кәсіпорынды дамыту үшін, оның капиталын
құрастыру немесе ұлғайту мақсаты
I.2 Қоржындық инвестициялаудың объектілері
I.3 Қаржылық инвестициялар инвесторлар үшін ішкі және сыртқы инвестициялар
жағдайында

II. Инвестициялар
аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.
II.1 Ұзақ мерзімді инвестициялар
II.2 Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар аудиті
II.3 Облигациялар аудитінде облигация шығару

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиет

Кіріспе

Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және
экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып,
жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің мақсаты –
түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.
Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) құн немесе таза
табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны өзінің
табысының (таратылған) қаражаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі
капиталды жаңартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде
қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны
жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды.
Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша: қаржылық
және нақты болып бөлінеді.
Нақты инвестициялар – бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және
материалдық-өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.
Қаржылық инвестициялар - бұл субъектінің табыс алу мақсатында
пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидендтер және жалға
ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар
(мысалға, коммерциялық мәміленің нәтижесі). Сондай-ақ, қаржылық
инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық
инвестицияның бір түрі болып бағалы (құнды) қағаздар да саналады. Барлық
бағалы (құнды) қағаздар екі топқа бөлінеді – ақшалай және күрделі
(капиталды) болып. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды
алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға:
вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т.б. жатады. Осы
бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар
өзінің номиналдық (атаулы) құнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен
қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, қысқа мерзімге (бір жылдан
аспайтын уақытқа) беріледі.

I. ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЕСЕБІ

I.1 Капиталды бағалы қағаздар кәсіпорынды дамыту үшін, оның капиталын
құрастыру немесе ұлғайту мақсаты

Капиталды бағалы қағаздар кәсіпорынды дамыту үшін, оның капиталын
(қорын) құрастыру немесе ұлғайту мақсатында шығарылады.
Бағалы қағаздар құқығы бойынша кімге жататындығы туралы белгілерін
куәландыру үшін олар былайша бөлінеді:
бағалы қағазды ұсынушыға — құқықтарын орындау үшін, бірақ олардың иелерін
теңестіруді (идентификациялауды) талап етпейді, ұстаушылардың атына тіркеу
жасалынбайды. Ұсынушы бағалы қағазды куәландыратын құқығын басқа адамға
қарапайым жолымен қолына береді.
атаулы бағалы қағаздар — белгілі бір адамның атына жазылады. Бағалы
қағаздарда куәландырылған құқықтары ондағы қойылған талапты жеңілдету үшін
белгіленген тәртіппен басқа тұлғаға беріледі. Атаулы бағалы қағаздар
бойынша құқық беретін адам соған сәйкес келетін талаптардың орындалуы емес,
ондағы тиесілі талаптын занды еместігіне жауап береді.
ордерлік бағалы қағаз — ол ең алғашында иемденушінің атына немесе онын
бүйрығы бойынша жазылады. Бұл онда көрсетілген құқықтар қағазға түсірілген
тәртіпке байланысты ауыспалылығын сақтайтындай етіп — индоссаментке жазып
береді. Индоссамент өзінде құқықтың болғанына ғана емес, сонымен бірге,
оның жүзеге асуына да жауап береді. Бағалы қағаздардан алынатын табысқа
қатысты оларды борыштық және инвестициялық етіп бөлуге болады.
Борыштық бағалы қағаздар пайыздарды (проценттерді) төлеуді және негізгі
қарыздың негізгі сомасын графикке сәйкес жабуды эмитент өз міндетіне алады.
Бұл кімнің эмитенті екендігіне қарамастан, оған барлық облигациялар,
векселдер жатады.
Инвестициялық бағалы қағаздар эмитент активтерінің бір бөлігін
иемденуге құқық береді, оларға эмитенттердің барлық типтеріндегі акциялары
тұтастай жатады.
Бағалы қағаздар эмитенттік сипаты бойынша: мемлекеттік (Үкіметпен
Ұлттық Банктің борышкерлік міндеттемелері), муниципалдық (жергілікті аткару
органдарынынборышкерлік міндеттемелері) және қорпоративтік (шаруашылық
жүргізуші субъектілердің жарғылық капиталын қалыптастыру немесе қаржылық-
шаруашылық қызметін жүргізу үшін қажет қаражатты тарту мақсатымен
қолданыстағы заңға сәйкес шығарылатын) болып бөлінеді.
Мәмілеге байланысты шығарылатын бағалы қағаздар: фондылық (акциялар,
облигациялар) және саудалық (коммерциялық векселдер, чектер, коносаменттер,
кепілдік міндеттемелер, т.б.) болып бөлінді.
Фондылық бағалы қағаздар көптеп шығарылуымен (эмиссиясымен)
ерекшеленеді және олар қор биржаларында айналысқа түседі.
Саудалық бағалы қағаздар коммерциялық бағытқа ие: олар негізінен сауда
операциялары бойынша есеп айырысуға және тауарларды орын алмастыру
процесіне қызмет көрсетуге арналған.
Нарықта болатын бағалы қағаздар биржалық немесе биржалық емес айналым
шеңберінде нарықта екінші рет еркін сатылуы және сатып алынуы мүмкін. Олар
сатылғаннан кейін эмитентке мерзімінен бұрын ұсынылмайды.
Нарықтық емес бағалы қағаздар бір қолдан екінші қолға еркін көше
алмайды, яғни екінші рет айналысқа түспейді. Бүндай бағалы қағаздар
қатарына оларды шығару кезінде сатылмайды деген шарт қойылса, онда оларды
тек эмитенттін өзі ғана сатып алады. Сондай-ақ айналысы шектеулі бағалы
қағаздар да бөлініп көрсетілуі мүмкін. Мысалға, жабық АҚ акциялары сатып
алу және сату мәміле бойынша шектелген акциялардың қатарына жатады.
Бағалы қағаздар әрекет ететін орыны бойынша ақша нарығының бағалы
қағаздары және капиталдық бағалы қағаздары болып бөлінеді.
Ақша нарығы дегеніміз — қысқа мерзімді бағалы қағаздардын алынуы
мен сатылуын көрсетеді және ол қаржылық нарықтың бір бөлігі. Қысқа мерзімді
бағалы қағаздардың әрекет ету мерзімі — бір күннен бастап бір жылға дейін
болуы мүмкін. Айналыстағы бағалы қағаздар, әдетте, төменгі төлем
тәуекелімен қатар жүреді, өйткені қарыз берушілердің төлем қабілеттілігі
жоғары болса ғана шығарылады. Ақша нарығының бағалы қағаздарына: қазыналық,
векселдер, депозиттік сертификаттар, коммерциялық қағаздар жатады.
Бағалы қағаздар нарықтық капиталдар ретінде бір жылдан астам мерзімге
ұсынылады. Бұл борышкерлік, сондай-ақ инвестициялық бағалы қағаздар болуы
мүмкін.
Бағалы қағаздардын атқаратын ролі бойынша: негізгі (акциялар мен
облигациялар), кемекші (чектер, векселдер, сертификаттар, т.б.) және
негізгі бағалы қағаздардың алыну мен сатылу құқығын куәландыратын шартгы
бағалы қағаздар болып бөлінеді (варранттар, опциондар, қаржылық фьючерстер,
сатып алу құқығының артықшылығы).
Бағалы қағаздарды өздерінің алдына қойған міндеті мен мақсатына сәйкес
басқа да белгілері бойынша (құжатты және құжатсыз, кері қайтарылатын және
қайтарылмайтын, тұрақты деңгейде және әр түрлі деңгейде табыс әкелетін)
жіктелуі мүмкін.Инвестор бағалы қағаздар нарығында жұмыс істей жүріп
салымдарды тараптандырудың (диверсификациялаудың) принципін ұстануы тиіс:
инвестор қаржылық активтердің әр түрлісін алуға ұмтылуы керек. Бұл
салымдардың тәуекелділігін азайту үшін қажет. Мысалы, инвестор өзінің
барлық ақшаларын бір компанияның акцияларына салды делік. Бұл жағдайда ол
акция курсының нарықтық ауытқуына толық тәуелді болады. Егер кәсіпорын
қаражаттары бірнеше компаниялардың акцияларына салынатын болса, онда
инвестордың табысы неғұрлым аз ауытқитын біршама компаниялардың акциясына
тәуелді болады. Егер инвестор әр тараптандыру (диверсификациялау) принципін
ұстанатын болса, онда ол инвестициялық (фондылық) портфел деп аталатын
бағалы қағаздардың жиынтығымен байланысты болады.Қоржындық(портфелдік)
инвестициялаудың объектілері ретінде әртүрлі бағалы қағаздар: акциялар,
облигациялар, бағалы қағаздардың шартты түрлері әрекет етеді.

I.2 Қоржындық инвестициялаудың объектілері

Қоржындағы қағаздардың көлемі де әр түрлі болады. Қоржындық
инвестициялау өзінің құрамына тәуелді, ол табыс немесе залал әкелуі мүмкін
және тап сондай тәуекелділіктің де сол және басқа да деңгейіне ие. Қоржынға
енетін бағалы қағаздардың тізбесін де, көлемін де инвестор өзгерте алады.
Қоржынды құрастыру кезінде инвестор келесі факторларды есепке алуы
тиіс: тәуекелділікті, табыс дәрежесін, орындалу мерзімін, бағалы қағаздар
типін.
Инвестор инвестициялық мақсатына тәуелді белгілі бір типтерді
қалыптастырады. Келесі типтерін бөліп көрсету қабылданған: бірінші тип —
өсім қоржыны, екінші тип — табыс қоржыны.
Қоржынның бірінші типінің мақсаты өсімді көбіне дивиденттер мен
проценттер алу есебінен емес, бағалы қағаздардың бағамдық (курстық)
өсімінің есебінен алу болып табылады. Бұл негізгі салымның басым бөлігін
акция құрайды. Күтілетін капитал өсімімен және тәуекелділікпен ара
қатынасына байланысты қоржындық өсімнің ортасынан тағы да басқа қоржынның
түрлерін, атап айтқанда: афессивті, консервативті және орташа өсімін боліп
көрсетуге болады. Афессивті өсім қоржындары капиталдың максималды өсіміне
бағытталады. Бұл қоржын үлкен тәуекелділікпен байланысты екенін көрсетеді,
бірақ эмитент-кәсіпорындардың қолайлы дамуы кезінде ол үлкен табыс әкелуі
мүмкін. Қоржынның бұл құрылымы, әдетте, тез өсетін жас компаниялардың
акцияларымен көрсетілуі мүмкін. Консервативтік қоржынның өсімі негізінен
ірі, жақсы белгілі және тұрақты компаниялардың акциясынан тұрады, бұндай
қоржынның тәуекелділігі де аса үлкен болмайды. Қоржынның орташа өсімінде
агрессивті қоржынға да, консервативті қоржынға да тән инвестициялық
қасиеттері болады. Оның құрамына сенімді кәсіпорындармен коса даму
үстіндегі жас кәсіпорындардың да акциялары енеді. Мұндай қоржын жеткілікті
жоғары табысқа және тәуекелдің орташа деңгейін ұстауына қолайлы жағдай
туғызады.
Қоржындардың екінші типі дивиденттер мен проценттер есебінен табыс алу
болып табылады. Қоржынның бұл типі тәуекел кезінде алдын ала жоспарланған
табыстың деңгейін қамтамасыз етеді және онда тәуекелділіктің деңгейі нольге
тең болады. Қоржындардың аталған типін инвестициялау объектілері ретінде
сенімділігі жоғары бағалы қағаздар алынады. Оның құрамына енетін қорлардың
инструменттеріне байланысты олар: конверттелетін, нарықтық ақшалай және
облигациялар болып бөлінеді. Конверттелетін (айырбасталынатын) қоржындар:
айрықша акциялардан және облигацияларынан тұрады. Мұндай қоржын оны
құрайтын бағалы қағаздардың есебінен нарық коньюктурасы мүмкіндік беретін
болса, онда оларға жай акциялардын өзі де, қосымша табыс әкелуі мүмкін.
Басқаша жағдайда, қоржын инвестициясы тек тәуекелділік төмен болған кезінде
ғана табыспен қамтамасыз етіледі.
Ақша нарығының қоржындары (портфелі) капиталды толық сақтау мақсатынан
тұрады. Онын құрамына ақшалай қаражат пен тез сатылатын активтер кіреді.
Егер де ұлттық валюта өзінің төмендеу бағамын көрсетсе, онда ол шетелдік
валютаға айырбасталуы мүмкін. Сөйтіп, салынған капитал нольдік тәуекелділік
кезінде өз өсімін сақтайды. Облигациялар қоржындары облигациялардың
есебінен қалыптасады және нольдік тәуекелділік кезінде орташа табыс
әкеледі.
Қоржындардың өсуіне қоржынға енген құрылымдардың өзгерісі мен бағамдары
әсет етеді. Табыс қоржындары тұрақты құрамға және құрылымға ие. Қоржын
қызмет етуінің уақытына байланысты мерзімі шектелген және мерзімі
шектелмеген болып бөлінеді.
Мерзімі шектелген қоржын тек табыс табуға талпыныс жасап қана қоймай,
алдына ала уақыты белгіленген кезеннің шегінде табыс алуды көздейді. Ал
мерзімі шектелмеген қоржынның уақыты шектеліп белгіленбейді.
Мүмкіндігінше толықтырылатын, қайтарып алынатын және тұрақты қоржындар
ажыратылып керсетіледі. Толықтырылатын қоржындар, бастапқы салынған ақша
қаражаттарының есебінен емес, сыртқы қаражат көздерінің есебінен өсуі
(толықтырылуы) мүмкін. Қайтарып алынатын қоржындар бастапқы салынған
қаражаттардың бір бөлігін қайтарып алуға жол береді. Тұрақты қоржындарда
бастапқы салынған қаражаттар қоржынның барлық кезең бойына тұрақты көлемін
сақтайды.
Инвестиция — экономиканы дамудың тұрақты және жоғарғы қарқынын
қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін енгізуді,
инфрақұрылымды дамытуды көздейтін басты фактор.
Инвестицияны дамытуда кәсіпорындарды қаржыландыратын және ұзақ мерзімге
несие беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік
қоғамдардың акцияларынан құрылған инвестициялық қорлар ерекше роль
атқарады. Сөйтіп, қорлар экономиканың неғүрлым пайдалы салалары мен
кәсіпорындарына капиталдың құйылуына жағдай жасайды.

I.3 Қаржылық инвестициялар инвесторлар үшін ішкі және сыртқы
инвестициялар жағдайында.

Қаржылық инвестициялар инвесторлар үшін ішкі және сыртқы
инвестициялар жағдайында белгілі бір тәуекелділікпен байланысты болатынын
ескерген жөн. Бұл тәуекелділік басшылардың біліктілігімен және олардын,
епті әрекеттерімен, есеп пен бақылау жұмысын ұйымдастыруымен, валютаның
бағамдық пайыз мөлшерлемесінің өзгерістерімен, орта мерзімді және қысқа
мерзімді несиелерді тартудың қиындылықтарымен және т.б. осы сияқты
мәселелерімен байланысты болып келеді. Сонымен қатар, табиғат
зілзалаларымен және саяси тәуекелділіктерімен байланысты болатынын ескерген
абзал. Қаржылық инвестициялар техникалық-экономикалық есептеулер жасалған
соң және сол инвестицияланатын объектіні қажетті зерделеуден өткізгеннен
кейін барып, жүзеге асырылады. Осы жағдайда ғана нарықтық қарым-қатынастар
жағдайындағы тәуекелділіктер төмендеуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының заңдары экономиканың барлық саласын
инвестициялық тұрғысынан қолдауға бағытталған. Республикада инвестициялық
жобаларды жүзеге асырудың тиімділігіне бағытталған жеңілдіктер мен
преференциялар әзірленіп жасалған.
Түптеп келгенде, инвестициялардың мақсаты – жаңа технологияларды,
алдыңғы қатарлы техниканы және ноу-хауды енгізу; ішкі нарықты жоғары сапалы
тауарлармен толтыру және қолайлы қызмет көрсету; отандық тауар
өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ынталандыру; экспортқа бағытталған
және импортты алмастырушы өндірістерді дамыту, Қазақстан Республикасының
шикізат көздерін тиімді және кешенді пайдалану; қазіргі заманғы менеджмент
пен маркетингтін әдістерін енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру; жергілікті
мамандардың үздіксіз оқу жүйесін енгізу, олардың біліктілік деңгейін
көтеру; өндірістің жедел дамуын қамтамасыз ету; қоршаған табиғат ортасын
жақсарту болып табылады.
Қазақстан Республикасының экономикасын көтеруде және оны одан әрі
дамытуда шетелдік инвесторлардың атқарар ролі зор. Шетелдік инвестицияларға
табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызметтің объектілеріне инвесторлар салып
отырған мүліктік құндылықтар және оған қоса олардың құқықтары, яғни
интеллектуалдық меншік құқығы да кіреді.
Шетелдік инвестициялар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының
жарлық капиталына қатыса отырып, ондағы қабылданатын шешімдерге өз
үлестерін және құқықтарын қорғауына болады.
Шетелдік инвесторлар заңға қайшы келмейтін кез келген қызметпен, атап
айтқанда: бірлескен кәсіпорындарды құруға және олардың шетелдік филиалдарын
ашуға, мүліктік құқын сатып алуға, қарыз, несие беруге т.б. қызметтермен
шұғылдануына болады. Шетелдік инвесторлар өздерінің қызметінен алған
табысын өз қалаулары бойынша пайдалануға құқылы, да

II. Инвестициялар аудиті

II.1 Ұзақ мерзімді инвестициялар

Инвестициялар – бұл активтердің бір түрі, инвестицияланған капиталдың
өсуін немесе басқадай табыс табу мақсатымен субъект ие болған объектілер
(мысалы, БЕС 8 Қаржылық инвестиция есебі коммерциялық есебі нәтижесінде
проценттерді, роялтиді, дивидендтерді, жал төлемін, табысты).
Басқа жақтағы тысқары ұйымдардың құнды қағаздарға, мемлекеттік және
жергілікті қарыздардың проценттік облигацияларына, салымдар сондай-ақ басқа
заңды және жеке тұлғаларға берілген қарыздар қаржылық инвестициялар болып
саналады.
Сонымен, инвестициялар дел экономика салаларына капитал түрінде салынып
жұмсалатын шығындарының жиынтығын айтамыз.
Инвестиция аудиті мақсаты шаруашылық жүргізуші субъекті қолданатын
Қазақстан Республикасының тексерілетін кезеңде қолданылып жүрген құқықтық-
нормативтік актілерге, инвестиция есебі бойынша операцияларға салық салу
мен есеп әдістемесіне сәйкес белгілеу болып табылады, ол қаржылық есеп
берудің анықтығы туралы пікірді барлық елеулі аспектілерде қалыптастыру
үшін керек.
Қойылған мақсатқа жету үшін мынадай бастапқы мәселелер шешілуі қажет:
1) шаруашылық жүргізуші субъектілердің активтерін инвестицияларға
жатқызылу дұрыстығын тексеру;
2) инвестиция есебінде оларды тиісті жіктеу белгілері бойынша шектеу;
3) инвестицияларды есепке қойғанда олардың құнын дұрыс бағалау;
4) инвестицияларға байланысты операциялары есебінің дұрыстығын тексеру;
5) инвестициялардың синтетикалық және аналитикалық есептерде жүргізу
жағдайын талдау;
6) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікте шаруашылық операцияларын
көрсетудің толықтығы мен дұрыстығын бағалау;
7) инвестицияларды түгендеу мен олардың нәтижелерін бухгалтерлік есепте
дұрыс көрсету;
8) инвестициямен байланысты операциялар бойынша салықтық заңнама
талаптарының толық сақталуы.
Аудит объектілері аудитордың алдында тұрған мақсаттар мен
міндеттемелерге негізделіп анықталады: ұзақ мерзімдік инвестициялар, соның
ішінде - еншілес және тәуелді ұйымдарға; ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді
қаржылық инвестициялар, басқа да инвестициялар; инвестицияны артық
бағалаудан түскен төленбеген қосымша капитал; негізгі емес қызметтен түскен
табысы (зияны).
Инвестиция аудитінде аудиттелетін саладағы өзара қарым- қатынастарды
реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді мұқият зерттеуі
қажет (17-20 және т.б.).
Қаржылық-инвестициялық операциялар әдетте көп емес, бірақ кейбір
мәмілелер көлемі бойынша өте маңызды және елеулі, сондықтан осындай әрбір
операцияны жеке зерттеу мен бағдарлаудың ерекше жөні бар. Инвестициялардың
бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйесінің жағдайы туралы мәліметтерді
алуда ішкі бақылаудың тәуекелділігін алдын-ала бағалау үшін тестілердің
ойланып-толғанған жүйесі бар болғаны дұрыс (мысалы 1-кестеде
келтірілгендей).
1-кесте
1.Инвестицияның ішкі бақылауы мен бухгалтерлік есеп жүйесі жағдайын
тексеру тестілері
Зерттеу мәселесі немесе Тексеру қорытындысы Аудитордың тұжырымдары мен
объектісі шешімдері
А. Ішкі бақылау
Бағалы қағаздардың Бұл мәселе туралы Бұйрық белгіленген та-
сақталуы мен олар жайлы шаруашылық жүргізуші лаптарға сай
ақпараттың таралмауына субъекті басшысының
жауапты бөлімше не жеке бұйрығы бар
қызметкерлер анықталды
ма?
Инвестицияның және олар Бағалы қағаздар кассадаБағалы қағаздардың
жайлы ақпараттың сақталады, оларды сақталуын қамтамасыз
сақталуын қамтамасыз ресімдеу мен құжаттауғаететін жағдайлар
ететін жағдайлар жасалдырұқсат шектеулі қанағаттанарлық
ма?
Инвестицияны түгендеу Басшының бұйрығымен Тұтастай түгендеу жүргізу
жүргізіле ме? тағайындалған түгендеу керек
комиссиясы жыл соңында
тек бірақ рет
жүргізіледі
Инвестициялы Шешімдерді директорлар Ішкі бақылау
операцияларды санкциялаукеңесі қабылдайды, қанағаттанарлықтай. Атқару
тәртібі қалай? өкімдермен ресімделеді мерзімдерін анықтау
Инвестициялар есебінде Іріктемелі бақылау Бақылаудың тәуекелділігі
кіріске алудың толықтығыжүзеге асырылады жоғары. Тұтастай тексеру
мен уақыттылығын тексеру жүргізу
жүргізіле ме?
Ә. Бухгалтерлік есеп жүйесі
Инвестицияны тиісті топтарғаИә, ұзақ мерзімді Жіктеудің дұрыстығын
жіктеу және қысқа мерзімді талдау
жүргізілді ме? инвестиция түрлері
бойынша
Инвестицияларды шоттарда Шоттардың жұмыс Шоттар
көрсетудің сызбасы жасалды жоспары белгіленді, корреспонденцияларында
ма? сызбалар жоқ. қателердің ықтималдығы
жоғары
Инвестициялардыі Аналитикалық есеп Аналитикалық есептің
аналитикалық есебі инвестиция түрлері регистрлер бойынша
ұйымдастырылды ма? бойынша жүргізіледі мәліметтерін талдап шығу
Инвестициялардың Тоқсан сайын Мерзімді есептілікте
аналитикалық және қателердің болу
синтетикалық есептің ықтималдығы жоғары емес
мәліметтері қандай
мерзімділікпен салыстырылады

Тестілеу қорытындылары аудиторға шаруашылық жүргізуші субъектінің
қарастырылатын ішкі бақылау жағдайын бағалауға көмектеседі. Бақылау
процедураларын жоспарлауда аудиторлық тексерудің бағытын айқындап, іс-
қимылдың жүйелі дәйектілігін, қажетті дәлелдер алу көзін анықтау керек.
Аудиторлық тәуекелділікті қысқарту мен нақты шараларды реттеу мақсатымен
арнайы инвестицияларды тексеру бағдарламасын жасау ұсынылады (2-кесте).
2-кесте
2. Инвестицияны аудиторлық тексеру бағдарламасы
Аудит рәсімдері (процедуралары) Ақпарат көздері
Инвестиция баланста көрсетудің Баланс, Бас кітап
дұрыстьнын тексеру
Инвестицияның аналитикалық және Бас кітап, 12 журнал-ордер; бастапқы
синтетикалық есебі мәліметтерінің құжаттар
сәйкестігін тексеру
Қаржылық инвестицияларды жіктеудің Бастапқы құжаттар
дұрыстығын тексеру
Бағалы қағаздардың бар екендігі мен Бағалы қағаздар есеп кітабы,
сақталу орнын анықтау акционерлер реестрі, сату-сатып алу
актісі, төлем тапсырмалары, акциялар,
сертификаттар, облигациялар,
куәліктер, жүкқұжаттар және т.б.
Инвестиция құнын бағалаудың Шарттар, сатып алу-сату актілері,
дұрыстығын тексеру төлем тапсырмалары, жүкқұжаттар
Бағалы қағаздар алу жөніндегі 1, 2, 3, 4, 6, 7, 8 журнал-ордерлері;
бухгалтерлік жазулардың дұрыстығын Бас кітап
тексеру
Бағалы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақ аудиттің жүргізілу тәртібі
СНГ авторларының аудитке берген анықтамалары
Аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарттары
Кәсіпорындa aудитті жүргізуді тaлдaу
НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ТЕРБЕНБЕС ЖШС - ТЕГІ ЕСЕБІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
Алынған вексельдер шоты
Сызықты программалау есебінің (спе) элементтері
Бухгалтерияның құрылымы және шаруашылық субъекісінің есебін ұйымдастыру
АСИЯ ЖШС КӘСІПОРНЫ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІНІҢ ЖАҒДАЙЫ
Бухгалтерлік есеп пен аудиттің жалпы құрастырылу принципі
Пәндер