Кәсіпордағы бухгалерлік есеп пен аудит жұмысын ұйымдастырылуы
Міндеттемелер аудиті
1. КӘСІПОРДАҒЫ БУХГАЛЕРЛІК ЕСЕП ПЕН АУДИТ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
2. ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕРДІҢ ЕСЕБІ
2.1 АҚ.ның аудиттің жүргізілу маңыздылығы
2.2 ААҚ.ның ақша қаражаты аудитінің жүргізілу тәртібі

Қоғамымызды даму кездерінің қай сатыларында болмасын дамудың обьективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Қоғамдық даму нәтижесінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына талаптардың өсіп, міндеттердің артып отырғандығы бухгалтерлік есептің тарихынан белгілі.
Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі, ауқымды болып отыр. Өйткені қазіргі қоғам-дық дамудың жаңа кезеңінде өндіріс құралы – жабдықтарының мемлекеттік меншіктен ұжымдық және меншіктерге кең етек алуда. Осыған орай қазіргі кезде мемлекет, ұйым және жеке тұлғалар арасындағы экономикалық және қоғамдық қарым-қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр.
Бухгалтерлік есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргі-зуші ұйымдардың және олардың құрлымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.
Қаржылық есептілік, аудиттің маңызды обьектісі болып табылды, ол оның мәліметтерінің дұрыстығын анықтау үшін арналған. Аудит ғылымының жаңа саласы ретінде пайда-ланылып, оның теориялық және практикалық бағыттарын дамыту қажет етеді.
Соңғы кездерде аудитке арналған шетелдік және отандық жазбалар жарық көруде. Аудиттің әр түрлі аспектілері бойынша шығармалардың қаржылық есептілікті тексеру бойынша аудит методикаларына. Елімізде халық-аралық стандартқа сәйкес жаңа бухгалтерлік есеп стандарты-ның енгізілуі ел экономикасының дамуына оң әсерін тигі-зуде. Бұл еліміздің қазіргі даму кезеңінде, оның шетел инвес-торларымен қарым – қатынастарының нығаю кезеңінде маңызды болып саналады.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – бұл белгілі бір тұлғаның,басқа бір тұлғаға міндеті, яғни мүлкін беру, немесе қызмет көрсету, ақша төлеу және т.б.,ал егерде бұл іс әрекеттерден бас тартсақ онда борышкерден оның міндеттерін орындауын талап етуге құқығы болады. Міндеттеме арқылы жаңа техника енгізу шығындары үшін, өндіріс көлемін ұлғайтуға болады.Міндеттеме арқылы кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі болып табылады. Осы кезде кәсіпорынның төлем қабілеттілігі өз уақытында техникамен материалмен жабдықтаушылардың төлем талаптарын қанағаттандыру,несиелерді қайтару, қызметкерлердің еңбегінің төлемін жүргізу, бюджетке төлемдер енгізу қабілеттілігі. Төлем қабілеттілік баланс жасау мерзімімен анықталады. Төлем құралдарының ағымдағы міндеттемелерінен асуы кәсіпорынның төлемге қабілеті екінші білдіреді. Банкте есептің және басқа шоттарда ақшаның болмауы, банке қайтарылатын несиенің мерзімі өтіп кетуі, қаржы оргындарына қарыз болу, еңбекке төленетін қаржылар мерзімінің сақталмауы төлемге қабілетсіздікті көрсетеді. Төлем қабілеттілігі оның қысқа мерзім ішінде (апта, жарты ай) талдау кезінде анығырақ көрсетілген.
Есепті кезең ішінде ағымдағы төлем қабілеттілігі төлемдік күндізбе көмегімен есептелуі мүмкін,оның негізіндегі ағымдағы жедел төлем қабілетілігінің коэфеценті анықталды, кредиторлармен, банкпен, қаржылық және басқа да органдармен өз уақытында есеп айырысуды қамтамасыз ететін шаралар жасалады.

1. Қазақ энциклопедиясы,4-том
2. «Эк.Мем. Рет өзекті мәселелері» Ихданов, Орманбеков
3. «Гос.и Бизнес» Мамыров
4. «ҚР Индустриялды- инновациялық дамуының 2003-2015 ж арналған
Стратегиясы»
5. Ержанов. М.С Ержанова.А.М «Основа бухгалтерского учета»
6. Радовец.В.К Радовец.В.В «Қаржылық есеп»
7. Мейірбеков.А.Қ Әлімбетова.Қ.Ә «Кәсіпорын экономикасы»
8. Тлеужанов.М.А Мамыров.Н.Қ «Микроэкомика»
9. Абленов.Д.О «Аудит негіздері 2006ж»
10. Бакаев.А.С Горватова.Л.В «Межд. Станд. Финанс. отчет»
11. Баймұханова.С.В «Бухг.учет хозяйств. субьект» 2002ж
12. Дүйсенбаев.К.Ш «Бухгалтерлік есеп» 2005ж

Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі, ауқымды болып отыр. Өйткені қазіргі қоғам-дық дамудың жаңа кезеңінде өндіріс құралы - жабдықтарының мемлекеттік меншіктен ұжымдық және меншіктерге кең етек алуда. Осыған орай қазіргі кезде мемлекет, ұйым және жеке тұлғалар арасындағы экономикалық және қоғамдық қарым-қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр.
Бухгалтерлік есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргі-зуші ұйымдардың және олардың құрлымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.
Қаржылық есептілік, аудиттің маңызды обьектісі болып табылды, ол оның мәліметтерінің дұрыстығын анықтау үшін арналған. Аудит ғылымының жаңа саласы ретінде пайда-ланылып, оның теориялық және практикалық бағыттарын дамыту қажет етеді.
Соңғы кездерде аудитке арналған шетелдік және отандық жазбалар жарық көруде. Аудиттің әр түрлі аспектілері бойынша шығармалардың қаржылық есептілікті тексеру бойынша аудит методикаларына. Елімізде халық-аралық стандартқа сәйкес жаңа бухгалтерлік есеп стандарты-ның енгізілуі ел экономикасының дамуына оң әсерін тигі-зуде. Бұл еліміздің қазіргі даму кезеңінде, оның шетел инвес-торларымен қарым - қатынастарының нығаю кезеңінде маңызды болып саналады.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты - бұл белгілі бір тұлғаның,басқа бір тұлғаға міндеті, яғни мүлкін беру, немесе қызмет көрсету, ақша төлеу және т.б.,ал егерде бұл іс әрекеттерден бас тартсақ онда борышкерден оның міндеттерін орындауын талап етуге құқығы болады. Міндеттеме арқылы жаңа техника енгізу шығындары үшін, өндіріс көлемін ұлғайтуға болады.Міндеттеме арқылы кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі болып табылады. Осы кезде кәсіпорынның төлем қабілеттілігі өз уақытында техникамен материалмен жабдықтаушылардың төлем талаптарын қанағаттандыру,несиелерді қайтару, қызметкерлердің еңбегінің төлемін жүргізу, бюджетке төлемдер енгізу қабілеттілігі. Төлем қабілеттілік баланс жасау мерзімімен анықталады. Төлем құралдарының ағымдағы міндеттемелерінен асуы кәсіпорынның төлемге қабілеті екінші білдіреді. Банкте есептің және басқа шоттарда ақшаның болмауы, банке қайтарылатын несиенің мерзімі өтіп кетуі, қаржы оргындарына қарыз болу, еңбекке төленетін қаржылар мерзімінің сақталмауы төлемге қабілетсіздікті көрсетеді. Төлем қабілеттілігі оның қысқа мерзім ішінде (апта, жарты ай) талдау кезінде анығырақ көрсетілген.
Есепті кезең ішінде ағымдағы төлем қабілеттілігі төлемдік күндізбе көмегімен есептелуі мүмкін,оның негізіндегі ағымдағы жедел төлем қабілетілігінің коэфеценті анықталды, кредиторлармен, банкпен, қаржылық және басқа да органдармен өз уақытында есеп айырысуды қамтамасыз ететін шаралар жасалады.
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендгін республикамыздың тәуелсіздігінің 16 жылы ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейінгі ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігін, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Нарықтық экономика жағдайында өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызметтің негізгі, яғни оның тиімділігі мен ұқыптылығы - бұл кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің дұрыс жолға қойылуынан бастау алатындығы сөзсіз. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі үшін бухгалтерлік есепті дамытуымыз қажет. Өнімдерді өндіру барысында ресурстарды үнемдеп жұмсап, жоғарғы өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешімін тапса, онда кәспорындарда өнім өндіру және оны сатуға қатысты кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді.
Жұмыстың негізгі мақсаттары:
Біріншіден, қаржылық есеп-қисаптардың жаппай қол жетерлігі үшінші тұлғалардың (соның ішінде несиегерлердің, жеткізушілердің, жұмыскерлердің жəне т.б.) мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді, өйткені бұл кəсіпорындар мен үшінші тұлғалардың арасында ақпарат бөлудегі теңсіздікті қысқартады.
Екіншіден, бұл қоғамды ықтимал негативті экономикалық салдардан қорғауға көмектеседі; ол мысалы, экономикалық маңызды компаниялар жағдайында, егер олардың қызметі жəненемесе жабылуы жергілікті экономикаға елеулі негативтік əсерін тигізуі мүмкін болса, маңызды бола алады.
Еліміз егемендік алып, өз алдына ел болғанына он алты жылдан астам уақыт өтті. Осы жылдардың аралығында елімізде бухгалтерлік есеп саласын дамыту бағытында көптеген жұмыстар атқарылды десек артық айтқандық емес. Бұған дәлел 1995-жылдың 26-желтоқсанында Қазақстан Респупликасының президенті Бухгалтерлік есеп туралы заң күші бар жарлыққа қол қойған болатын болса, 2002-жылы 24-маусымда бұл "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік" -деп аталатын заң болып қайта қабылданды. Ал өткен жылы, яғни 2007-жылыдың 28-ақпанында Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік" -деп аталатын №234-III заңы күшіне енді. Еліміздегі ірі кәсіпорындар өз қаржылық есептілігін бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына сай жасауға көшті.
Экономиканың қай саласындағы болмасын ұйымдар мен еңбек ұжымдары шикізатпен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, өзінің өндіріп шығаратын өнімін халықаралық рыноктағы бәсекелестікке жарамды етіп шығаруға, өндірісін ұлғайтуға, өндіретін өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және де қоршаған ортаны сақтауда оған зиян келтірмеуге мүдделі. Бұл орайда ұйымның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын, сондай-ақ басқа да ресурстарын тиімсіз жұмсауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша атап өтуге болады.
Курстық жұмыстың негізгі міндеті - аудитор растаған қаржылық есеп-қисаптар жалпыға қол жетерлік болуға тиіс (орта мерзімді перспективада): Қаржылық есеп-қисаптардың бүкіл жинағына, соның ішінде оларға ескерімдерге жаппай қол жетерлікке талаптың бірнеше себепке байланысты үлкен маңызы бар.
Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбекақы құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.
1. КӘСІПОРДАҒЫ БУХГАЛЕРЛІК ЕСЕП ПЕН АУДИТ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
1.1Ұйымның қаржы-экономикалық қызметі
"ҚазАвтоКөлік" Акционерлік Қоғамы 1994-жылы 23-қыркүйекте шаруашылық жүргізуші субъект ретінде тіркелген. Акционерлік Қоғамның жарғысы 1994- жылдың 27- мамырында мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі Алматы қалалық территориялық комитетінің №965 қаулысымен бекітілген. Акционерлік Қоғам заңды тұлға болып табылады және ол өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарымен өзінің жарғысына сәйкес жүргізеді.
Акционерлік Қоғамның қаржылық және өндірістік қызметі шаруашылық даралық негізінде жүзеге асады. Акционерлік Қоғамның өзінің жеке (дара) балансы, банктерде есеп айрысу және өзге де шоттары, орысша қазақша аталуы жазылған мөрі бар. Акционерлік Қоғамның қызметінің мақсаты - пайда тауып, оны Акционерлердің мүддесінде, өндірісті дамытуға, кәсіпорын ұжымының және қоғамға қарайтын ұйымдардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға пайдалану. Қоғам этикеткалық орамдық, кітабтық, газеттік-журналдық, бланкілік, жарнамалық және өзге де полиграфиялық өнім өндіріп өткізумен, көтерме және жеке саудамен, кәсіпорындарға, ұйымдарға, жеке тұлғаларға қызмет көрсетумен және Қазақстан Республикасының заңдарымен тиым салынбаған қызмет түрімен айналысады.
Акционерлік Қоғамның жарғылық қордының - 100%-ы мемлекет меншігінде. Акционерлік қоғамның барлық қатысушылары акционерлік қоғамнан алған акцияларының құнын өтегеннен кейін акционерлік қоғамның Жарғысына сәйкес құқтар мен міндеттерге ие болады. Нарықты қатынастық экономикаға көшу барысында бухгалтерлік есеп және аудит қызметінің алатын орны және қажеттілігі артуда.
"ҚазАвтоКөлік" Акционерлік Қоғамының №4 филиалының бухгалтерлік есебінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік комитеті жасаған типтік, арнайыландырылған типтік және типтік унифициалданған құжаттар қолданылады. Кәсіпорындағы есеп толығымен компьютерлендірілген. Машинограммалардың көпшілігі журнал-ордерлік қағида бойынша құрылған.
Акционерлік Қоғам тауарлық материалдық қорлар есебіне оперативтік-бухгалтерлік әдіс қолданады. Өндіріске кеткен шығындар есебі нормативтік әдіс бойынша жүргізіледі [4].
Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызмет туралы есеп беруі халықаралық қаржылық есептіліктің №1 „Қаржылық есептілікті ұсыну" - деп аталатын стандартында және Қазақстан Республикасының 2007-жылыдың 28-ақпанындағы "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік" -деп аталатын №234-III заңының негізінде дайындалып Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің 21-маусым 2008-жылғы №217 бұйрығымен бекітілген №2 Ұлттық қаржылық есептілік - деп аталатын стандартында қарастырылған. "ҚазАвтоКөлік" Акционерлік Қоғамның №4 филиалының қаржы шаруашылық қызметін талдап көрстеу үшін оның негізгі "қаржы шаруашылық қызметінің көрсеткіштері" кестесін келтіреміз. Мұндағы коэфициенттер келесідей есептелінеді:
Актив айнылымдылығы = негізгі құралдардың орташа жылдық құныөндірілген өнім көлемі
Қор сиымдылығы = негізігі құралдардың орташа жылдық құныөнімді өткізуден түскен табыс
Қор қайтарымдылығы = өнімді өткізуден түскен табыснегізгі құралдардың орташа жылдық құны
Сату рентабелділігі = Таза табысөнімді өткізуден түскен табыс
Активтердің рентабелділігі = Таза табысактивтердің жалпы орташа құны*100%
Мұндағы көрсеткіштер қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруден және баланстан алынды. Есептеулерге келсек, онда олар жоғарыда көрсетілген формулалар арқылы есептелінеді. Кестеден көріп отырғанымыздай 2007 жылы ұйымда қызмет көрсету, сату көлемі біршама көбейгенімен табыстық мөлшері жоқ. Сату көлемі ұлғайып, соған қарай өнімнің өзіндік құны да жоғарылаған. Яғни 2006 жылы 291463,4 тг. болса, 2007 жылы 371550,29 тг. болған.
2007 жылы сатудан түскен табыс 382993,31 тг. болып, өнімнің өзіндік құны 371550,29 болған. Ал, кезеңдік шығындар мөлшері тым көбейіп, яғни 58680207 тг. соған байланысты ұйым банкроттыққа ұшыраудың аз алдында тұр. Өйткені кезең шығындары мен өнімнің өзіндік құны тым жоғарылаған. Мұнда кестеде көріп отырғанымыздай активтер дейңгейі жоғарылағанымен, сондай-ақ табыс табу деңгейі де жоғары, бірақ соған қарай шығындар мөлшері де көп.
Сондықтан ұйым корпоративтік табыс салығын төлемейді. Өйткені салық салынғанға дейінгі табыс мөлшері (-47237186 тг.). Жалпы ұйымның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептемеде 2006 жылы сатудан түскен табыстың мөлшері 382993,31 тг. болса 2006 жылы 299862,2 тг. яғни ауытқу сомасы (+83131,11 тг.) болды. Мұнда көріп отырғанымыздай өткен жылмен салыстырғанда сату мөлшері (+83131,11 тг.) жоғарылаған. Ал, өнімнің өзіндік құны (+80086,89 тг.) көбейді. Енді, менің ойымша ұйымның банкроттыққа ұшырау себебі негізсіз шығындардың көбеюінен болып отыр. Яғни, мұнда әсіресе кезең шығындарының үлесі артып отыр.
Ұйымның есепті жылғы, яғни 2007 жылғы бухгалтерлік балансынан көріп отырғанымыздай міндеттемелер бойынша қарыздар өтелмеген. Және де өткен жылға қарағанда керісінше жоғарылаған. Мысалы, салықтар бойынша қарыз сомасы 2006 жылы 3491636 тг. болса, 2007 жылы 12766806 тг. жоғарылаған. Бөлінбеген пайда 2006 жылы (-48424407 тг.) ал, 2007 жылы (-93598568 тг.) құраған. Ал, кез-келген шаруашылықтың тиімділігінің артуы, едәуір дәрежеде активтердің ұйымды пайдаланылуына байланысты болып келеді. Ұйым қаражаты оның ішкі және сыртқы (дебиторлық қарыз, бағалы қағаздарды сатып алу) қажеттіліктеріне пайдаланылуы мүмкін. Сондай-ақ осы ұйымның төлем қабілеттілігінің төмендегенін де атап өтуге болады. Төлем қабілеттілігі дегеніміз - бұл ұйым өзінің шұғыл міндеттемелері бойынша дер кезінде төлем жасау мүмкіншілігін айтады. Яғни, ұйымның төлем қабілеті бұл белгіленген мерзімде төлемді және міндеттемелерін өз қаржысымен өтеу дегенді білдіреді. Енді, осы ұйымның табысының болмауын сипаттайтын болсақ, мұнда әсіресе есеп айырысу шотында ақша қаражатының азаюы, яғни 2006 жылы 79448 тг. , 2007 жылы 25273 тг. болғандығын көруге болады. Сондай-ақ төлемі өтіп кеткен төлемдердің бар екендігін және қаржылық, инвестициялық, тиімді баға саясатының жоқтығы, төлем дәрменсіздігін аңғартады. Ол үшін, яғни ұйымның қызметін тұрақтандыру үшін кредиторлық "мезгіл дефицитін" кеміту қажет және айналым қаржыларының айналымдылығын арттыру арқылы ұйымның іскерлік белсенділігің де арттыруға болады [6].
1.2 Кәсіпорындағы аудиторлық тексеру процедуралары
Кез келген кәсіпорынның нарықтық жағдайдағы ең маңызды мақсаты - өз жұмысындағы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетудің күрделі жолы, бұған қосылатын, тек пайда тауып қана қоймай, сонымен қатар, пайда табуды тұрақтандыру, ал бұған жету оңай мәселе емес.
Кәсіпорын егер де өзінің жұмысында белгілі бір принциптерге сүйенсе және қажетті бернесін орындаса, алдына қойған мақсатына жетеді. Осыған орай кәсіпорындардың негзгі міндеттеріне жататындар:
- жоғары сапалы өнімдер өндіру, оларды жүйелі түрде жаңалау және қолда бар өндірістік мүмкіншіліктеріне, сұраныстарына сай қызмет көрсету;
- өзара алмасушыларын ескере отырып, өндірістік ресурстарды ұқыпты пайдалану;
- кәсіпорынның бет алысының стратегиясы мен тактикасын әзірлеу және жағдайлардың өзгеруіне байланысты оларды өзгертіп отыру;
- өздерінің қызметкерлеріне жағдай жасау, олардың сыныптамаларының өсуін және еңбектерінің үлкен маңыздылығы, олардың тіршілік деңгейлерін арттыру, еңбек ұжымдарында қолайлы саяси-психологиялық ахуалды жақсарту;
- кәсіпорынның шығарған өнімінің бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз ету, кәсіпорынның жақсы атағын қолдау;
- баға саясатын икемді жүргізу және басқа да функцияларды іске асыру.
Қорыта айтқанда, ең маңыздысы, кәсіпорындардың барлық функциялары межелеген стратегияны іске асыруға және алдарына қойған мақсаттарына жетуге бағытталғаны жөн. Қайбір кәсіпорын болмасын өзінен-өзі тіршілік ете алмайды, ол жалпы экономикамен тікелей байланысты, бірінші жағынан - өндіріс фактор рыногы, екінші жағынан - өткізу рыногы арқылы. Сондықтан да кәсіпорын экономикасы жеке кәсіпорындардың басқа шаруашылық құрылымдарымен қатынасатын рынокпен зерделеуге тиіс [3].
Әр саладағы қателер саны аудит жүргізу барысында бағаланады.Сондықтан аудитор маңыздылық туралы жасаған алдынғы пікірін өзгертіп отырады. Бағалауды қайта қарау негізі бірі ол есе беруге өзгеріс немесе аудитор жасаған қорытынды. Маңыздылық жоспарлау кезінде тәуекелділік төмендеу үшін қажет болған жағдайда маңыздылық деңгейін түзету қажет. Түзету дәлелдемелер алғаннан кейінгі соңғы күнде жасалады.
Маңыздылықтың жоспарлау деңгейін анықтау 2-10%. Арнайы бұйрық негізі бойынша арнайы аудиторлық ұйыммен құрылған деңгейі алдын ала бағалау Қаржылық есеп берудің көрсеткіштеріне сәйкес жасалады.
Қаржылық есептегі мәнділік деңгейіне мынадай фактрлер әсер етеді:
1. Субъект басшылығының біліктілігі мен шынайылығы басшылар құратын өзгеріс
2. Басшыларға қысым көрсету
3. Капиталдың жеткізілуі
4. Субъект бизнесінің сипаты, техникалық жағдайы, орналасуы, өндіріс көлемінің географиялық таралуы
5. Бәсекелестік жағдай
Аудиторлық есепті іріктеуге арналған маңыздылықтың 3деңгейі ажыратады:
1. Елеусіз сумма, егер сумма пайданың шешім қабылдануына ықпал етуі төмен, аз болса
2. Сумма маңызды болып саналса. Мұндай сумма пайданың шешіміне әсер еткен жағайда орын алады
3. Сумма маңызды әрі жиі кездеседі. Бұл қаржы есептілігінің объективті күмән келтіреді
Маңыздылық деңгейі бухгалтерлік есеп қателіктің шекті шамасы ұғынылады. Бұл шамадан бастап осы есептілікті білікті пайдаланушы дұрыс тұжырым жасауға және дұрыс экономикалық шешімдер қабылдау негіз етіп алуды тоқтату ықтималдығы жоғары болады. Маңыздылық тұжырымдамасы бухгалтерлік есеп сияқты аудитте де бар. Маңыздылық аудиттің негізгі ұғымдарының бірі болып табылады.
Аудитте клиенттің қаржылық есептілігінің растығына елеулі ықпал жасайтын жағдай маңызды болып саналады. Маңыздылықтың айқын және бір жақты өлшемдер белгілеу оңай емес. Аудиторлар маңыздылық тұжырымдамасына біріншіден:
1. Ерекше назар аударуға талап ететін маңызды типтік емес және қатесі бар баптар мен шоттарды негіз ретінде
2. Жинақталған аудиторлық дәлелдеулерді бағалауға негіз ретінде
3. Аудиторлық есептің типі туралы шешімдер қабылдау үшін негіз ретінде пайдаланылады [9]
2. ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕРДІҢ ЕСЕБІ
2.1 Негізгі құралдардың жіктелінуі мен бағалануының есебінің аудиті
Қазақстан Республикасының 2007-жылыдың 28-ақпанындағы "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік" -деп аталатын №234-III заңының 3-тарау 13-бабында қаржылық есептіліктің элементтері белгіленіп көрсетілген. Сол элементтердідің бірі болып табылатын активтерге елімізге танымал белгілі ғалым, професор Қ.К.Кеулімжаев өзінің Бухгалтер лік есеп принциптері - атты еңбегінде - Актив деп кәсіпорынның ақшаға (құнмен) бағаланатын игіліктері мен құндылықтарын, мүліктерін (заттарын) айтады деп атықтама береді. Басқаша айтатын болсақ актив дегеніміз кәсіпорынның өткен уақыттардағы шаруашылық операцияларының негізінде пайда болған және алдағы уақыттарда табыс табу үшін пайдаланылатын ресурстар болып табылады. Активтер пайдаланылу уақытына, мерзіміне қарай қысқа мерзімді (ағымдағы) және ұзақ мерзімді (айналыстан тыс) болып екі топқа бөлініп қарастырылады.
Ұзақ мерзімді (айналыстан тыс) активтер дегеніміз ұзақ уақыт (бір жылджан артық) пайдаланылатын айналымдылығ баяу активтер болып табылады. Ал қысқа мерзімді активтер дегеніміз өзінің құнын тез арада басқа өнімге айырбастай алатын өтімділігі жоғары активтер болып табылады. Соған сәйкес ұзақ мерзімді активтерді айналымнан тыс активтер депте атайды. Ұзақ мерзімді активтерге негізгі құралдар, материалдық емес активтер, ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар және ұзақ мерзімді инвестициялар жатады. Диплом жұмысын орындау барысында марериалдары пайдаланылған Алматы қаласындағы "ҚазАвтоКөлік" Акционерлік Қоғамының №4 филиалында материалдық емес активтер, ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар және ұзақ мерзімді инвестициялар болмағандықтан біз негізгі құралдар есері мен оның аудитіне көбірек тоқталуды жөн көрдік.
Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да ұзақ уақыт қызмет етеді. Осы негізгі құралдарға: жер; үйлер; ғимараттар; көп жылдық екпе ағаштары; машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналармен құрал- жабдық; көлік құралдары; құрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; жерді жақсартуға шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар жатады [7].
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі ҰҚЕС №2 немесе ХҚЕС №16 стандарттарына сәйкес ұйымдастырылуы тиіс. Осы стандарт негізгі құралдардың есебін жүргізудің, ұйымға жататын меншік құқығын, шаруашылық және оперативтік басқару жүйесін анықтайды.
Инвентарлық объектілер негізгі құралдың есеп бірлігі болып табылады. Инвентарлық объект күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі құралдың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады. Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды. Негізігі өндірістік құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші - қор қайтарымы болып табылады, ол негізігі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.
Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар - тұтынуға арналған құрал-жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған. Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді. Меншік дегеніміз - ұйымға тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа ұйымнан алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады. Оларды жалға берушінің балансында есептейді, жалға алушы 001-ші "Жалға алынған негізгі құралдар" баланстан тыс шотында есептейді. Жалға алу мерзімі аяқталған соң немесе ол аяқталмай тұрып, жалға алушы келісілген бағамен сатып алуына болады. Оларды 121-ші "Жер", 122-ші "Үйлер мен ғимараттар", 123-ші "Машиналар мен жабдықтар, беріліс қондырғылары", 124-ші "Көлік құралдары", 125-ші "Басқа да негізгі құралдар", 126-шы "Аяқталмаған құрылыс" шоттарының тиісті аралық шоттарында есептейді. Заманның ағымына қарай бухгалтерлік есептің Халықаралық Қаржылық Есеп Стандартына көшуіне байланысты осы шоттар келесідей өзгереді. 2411-ші " Көлік құралдары ", 2412-ші " Машиналар мен жабдықтар, беріліс қондырғылары ", 2413-ші " Басқа да негізгі құралдар ", 2414-ші "Үйлер мен ғимараттар", 2415-ші "Жер", 2930-шы "Аяқталмаған құрылыс"
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған және қор ретінде тұрған болып бөлінеді. Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар - бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі құрал-жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал-жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі.
Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары, ғимарттардан басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар жатады.
Әр ұйымда негізгі құралдар пайдалану мақсатын қарай және атқаратын қызметтеріне қарай мынандай түрлерге бөлінеді: жер; үйлер; ғимараттар; өткізгіш тетіктер; машиналар және құрал-жабдықтар; күш бертеін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен құрал-жабдықтар; көлік құралдары; құрал-саймандар; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көпжылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар.
Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсысының құрамына енетіндер:
- жер - ұйым меншігіне сатып алынған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік объект болып саналады;
- үйлер - халыққа еңбек етуге, тұруға,әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметтік құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып табылады;
- ғимараттар - енбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері. Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады;
- өткізгіш тетіктер - электр, жылу немесе механикилық энергияны өткізу қондырғылары;
- машинамен жабдықтар - күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соған тиісті заттары, аспаптары, қоршауды, фундаментті қоса алғанда, мүліктік объекті болып саналады. Негізгі құралдардың бұл тобы бес топтан тұрады;
- күш беретін машиналар мен жабдықтар - жылу және электр энергиясын өндіретін генератор-машиналары түрлі энергияны механикалық энергияға яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель-машиналары;
- жұмыс машиналары мен жабдықтар - еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек затына механикалық, жылу және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және құрал-жабдық;
- өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар және лабораториялық жабдықтар - өлшеуге, өндірістік процестерді реттеуге арналған аспаптар мен қондырғылар, сондай-ақ лабораторияда пайдаланылатын приборлармен аппаратуралар;
- есептеу техникасы - процестерді жылдамдату және автоматтандыруға арналған машиналар, қондырғылар, аспаптар;
- басқадай машиналар мен жабдықтар - машиналар, аппараттар және басқа құрал-жабдық;
көлік құралдары - адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралдары. Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады;
- құрал-сайман - қол еңбегінің механикаландырылған немесе механикаландырылмаған құралдары немесе металдары, ағашты және т.б. өңдеу үшін машиналарға бекітілген заттар. Басқа мүліктік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объект болып табылады;
- өндірістік мүлік және соған жататындар - өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар;еңбңкті қорғауға көмектесетін жабдықтар; сұйық, сусымалы және басқа материалдарды сақтауа арналған сыйымды заттар; өндірістік арналымы бар басқа да заттар. Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар заттар да мүліктік объекті бола алады;
- шаруашылық мүлік - кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары. Дербес мәні бар әрбір объект - мүліктік объект бола алады;
- жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал - ат, өгіз, түйе, және басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар; өнім беретін мал - мүйізді ірі қара мал; асыл тұқымды айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер; бұғылар, маралдар, еркек шошқалар мен мегежіндер, ешкілер, саулық қой мен қошқарлар. Әрбір ересек мал мүліктік объект болып табылады;
- көп жылыдық өсімдіктер - қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер. Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген өсімдіктерден бөлек есепке алғанады;
- жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар - ауыл шаруашылық мақсатта пайдалану үшін жер қыртысын жақсартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы шығындар;
- басқа да негізгі құралдар - кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар.
Негізгі құрал-жабдықтардың бастапқы, ағымдағы, баланстық, сату, жою, тозу және қалдық құндары болады.
Бастапқы құны - негізгі құралды сатып алуға немесе кеткен нақты өдіріс шығындарынан, соған қоса өтелмеген салық пен алымдардан, сондай-ақ орнату, жеткізіп беру, монтаждау, пайдалануға қосу шығындары, несие үшін пайыздар және т.б. шығындардан тұрады.
Ағымдағы құн - бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны.
Баланстық құн - бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде көрсетілетін жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы негізгі құралдың бастапқы немесе ағымдық құны.
Сату құны - бірін-бірі жақсы білетін және мәмілеге келуге дайын тәуелсіз жақтардың негізгі құралдарды өзара айырбастауына мүмкіндік беретін құн.
Жою құны - тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою кезінде пайдалану мүмкіндігі бар бағасы бойынша бағаланған бөлшектердің, металл сынықтарының және басқа да материалдық құндылықтардың құны.
Амортизацияланған құн - негізгі құралдардың бастапқы және болжанған жою құндарының арасындағы айырмашылығы, ал ол жүйелі түрде амортизациялық жолмен нормативтік қызметіне немесе барлық пайдалы кезеңіне ұйымның шығысы ретінде таратылады, бұл кезде:
- пайдалы кезең қызметі - бұл кезең ішінде негізгі құралдары пайдаланудан экономикалық олжа алуды кәсіпорын топшылайды;
- нормативтік қызмет кезеңі - бұл кезең ішінде белгіленген нормаға сәйкес кәсіпорын негізгі құралдардың тозуын есептейді.
Салық заңдарына сәйкес акционерлік қоғам негізгі құралдарды технологиялық жабдықтар және негізгі құралдардың жөндеуі деген топтарға бөле отырып негізгі құралдардың салықтық есебін ұйымдастырады [4].
Негізгі құралдар негізінен өндірістік ғимараттарды және тұрғын үйлерді, құрылғыларды салудан; машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алудан; өз күшімен құрал-саймандар дайындаудан; малдардың төлдерін негізгі табынға ауыстырудан; жас өсімдіктер көп жылдық өсімдікке өткеннен; басқа ұйымдар мен жеке тұлғалардан ақысыз алынған негізгі құралдардың келіп түсуінен; объектілерді ұзақ мерзімге жалға алудан; жарғылық қорға қосқан үлес нәтижесінде келіп түскендерден қалыптасады. Негізгі құралдардың түсүі мынадай құжаттармен рәсімделеді. Негізгі құраладарды қабылдау-тапсыру актісі негізгі құралдар құрамына жекелеген объектілерді енгізу үшін; қолданылып жүрген заңға сәйкес олардың енгізілуі ерекше тәртіппен рәсімделуге тиіс жағдайлардан басқасы, оларды пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін; негізгі құрал-жабдықтардың бір цехтан екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін; негізгі құралдарды қоймадан пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін, сондай-ақ басқа да ұйымдарға берілген кезінде оларды негізгі құралдардың құрамынан шығару үшін қолданылады.
Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде ұйым жетекшісінің өкімімен тағайындалған аудитор әрбір жекелеген объектіге бір данадан акт ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz