Бағдарламау бағыттарын топтастыру және олардың ерекшеліктері


КІРІСПЕ

Мәліметтер өндеудіпрограммалық басқару жұмыстарымен қамтама- сыз етуге байланысты көрсетілетін теориялық және практикалық қызмет бағдарламалау. Бағдарламауды процедуралық, обьектілі - бағдарланған, декларациялық деген бағыттары бойынша топтастыруға бола-ды. Осылардың ішінде ерекшесі обьектілі - бағдарланған. Ол обьектілі және визуалды болып бөлінеді. Визуалдық бағдарламалау - көрнекі құралдар арқылы қолданбалы бағдарламалар жазылатын бағдарламалау саласы. Визуалдық бағдарламалау элементтері Delphi, Power Builder(SY Base), C++Builder, Designer, Developer(Oracle), Visual Busic, Visual C++ және Microsoft Visual Studio программалары кіреді. Осы программалардың ішіндегі Microsoft Visual Studio бойынша айтатын болсақ. Microsoft компаниясы ұсынған, Web-қолданбаларды құрастырудың толық функционалды ортасы - Microsoft Visual Studio, яғни жобалаудың икемді және әмбебап сайманын қолдану арқылы жүзеге асады. Microsoft Visual Studio құрамына біріктірілген өңдеу ортасы бағдарламалық жасақтамасы және басқа да аспаптық құралдар кіреді. Аталған өнімдер консольдік қосымшалармен қатар қолданбалы бағдарламалық жасақтамалары да кіреді, мысалы қолданушының графикалық интерфейсі жасақтамасы, сонымен қатар Windows Forms технологиясын қолдану арқылы, және веб-сайт, веб-жасақтамалар, веб-қызметтер машиналық кодында және басқа басқарылатын код арқылы да жасалады. Олар үшін Microsoft Windows, Windows Mobile, Windows CE, . NET Framework, . NET Compact Framework және Microsoft Silverlight қолданатын барлық платформалары да қолданылады. SQL Server-ді ақпараттық технологиялар платформасында Microsoft үлкен көлемді есептерді шешуге: деректерді сақтау, бизнес сараптамалау, онлайн транзакциялау, қосымшаларды құру, серверлерді консолидациялауға позициялайды. Microsoft Visual Studio ортасы мәліметтер қорымен жұмыс жасауды жеңілдетеді.

1 Бағдарламау бағыттарын топтастыру және олардың ерекшеліктері

Бағдарламалау - компьютерде есеп шешу үшін оны алдын ала дайындау процесі. Ол мынадай кезеңдерден тұрады: операциялар жиыны ретінде көрсетілген есеп "шешу жоспарын" жасау (есепті алгоритмдік бейнелеу) ; "шешу жоспарын" программалау тілінде бейнелеу (программа жазу) ; программаны машина тіліне аудармалау; командалар тізбегін компьютердің техникалық құралдары арқылы жүзеге асыру (есеп шешу процесі) . Сондай-ақ қолданбалы математиканың компьютер үшін про-граммалар жазу, оларды тексеру және жақсарту әдістері мен құралдарын атайды.

Бағдарламау тілдерін 3 негізгі бағыттары бойынша топтастыруға болады. Олар: процедуралық, обьектілі - бағдарланған, декларациялық. Бағдарламау бағыттарын топтастыруды 1 сызбадан көруге болады.

1 сызба - Бағдарламалау тілдерін топтастыру

Процедуралық бағдарламалау тілдеріне мына тілдерді атауға болады: Фортран, Кобол, Алгол, BASIC, PL-1, Ada, Си бағдарламалау тілі. Процедуралық бағдарламалау тілі Си бағдарламалау тілі айтатын болсақ, ол 70-ші жылдың басында Bell лабораториясында жасалған. Бұл тілді ассемблердің орнына қолдану үшін шығаруды жоспарлаған еді. Си - бұл жалпы тағайындаудың тілі, ол өзінің үнемділігімен, тиімділігімен және тасымалданғыштығымен ерекшеленеді. Аталған ерекшеліктер арқасында Си тілі арқылы бағдарлама өнімдерінің кез келген түрін жасауға болады. Си тілі құралдық тіл ретінде қолданғанда, жедел және тұтас бағ-дарламаларды құрастыруға болады. Си тілінде процедуралар болмайды оның орнына функциялар қолданылады. Си тілің компьютерде опера-циялық тіл ретінде қолдануға болады.

Декларативті бағдарламалау тілдері 2-ге бөлінеді: функционалдық және логикалық бағдарламалау. Функционалдық бағдарламалау - негізгі мақсаты функцияны шақыру. Функционалдық бағдарламалау жадыны мәліметтерді сақтайтың қойма ретінде ғана қолданбайды. Функционалдық бағдарламалауда жазылған бағдарламадағы функция мен сөйлемшені негізінен сипаттайды. Сөйлемше мәліметті қиыннан жеңілге қарай есептейді. Барлық мәліметтер тізім түрінде жазылады. Функционалдық бағдарламалау негізінде ең бірінші 1959 жылы Lisp тілі құрылды. Бұл бағдарламалау тілі үлкен көлемді мәтіндік ақпараттарды өңдеуге мүмкіндік береді. Логикалық бағдарламалау логика терминдарына негізделген . Бұл бағдарламалау негізінде 1973 жылы жасанды қабілет тілі ретінде Пролог тілі құрылды. Пролог тіліндегі бағдарлама ережелер мен деректерден тұрады. Бұл тіл белгілі бір тұжырымдарды құрады да осы тұжырымдарды ережеге сүйеніп дәлелдейді. Ол дәлелдеу үшін өзі шешімдерді іздейді. Шешімді іздеу осы тілдегі іздеу тәсілдері мен салыстырулар арқылы жүзеге асады. Логикалық бағдарлама биік шапшандығымен ерекшеленбейді, яғни олардың орындалу процесі түзу және қарама - қарсы тізбек арқылы әр түрлі іздеу әдістерімен жүзеге асады.

Объектілі - бағытталған программалау негізінде программа тізбектей орында - латын нұсқау ретінде емес, ұқсас қасиеттері және ұқсас орындайтын қызметтері бар объектілердің жиынтығы ретінде қарастырылады. Барлық объектілі бағытталған программалау тілдерінің ішінде ең кең таралған С++ тілі. Осы бағытта соңғы пайда болған Java тілінің С++ тілімен салыстырылғанда келесі кемшіліктері бар: көрсеткіштер, шаблондар, бірнеше қайтара мұрагерлік Java тілінде қарастырылмаған. Барлық синтаксис жағынан бұл бағдарламалау тілдер ұқсас.
Қазіргі таңда Microsoft және Borland компаниялары құрған С++ тілінің Microsoft Windows жүйесінде программалау ортасы көп тараған. Объектілі - бағытталған программалау үш тұжырымға негізделген: кластар, мұрагерлік және полиморфизм. Процедуралық тілдерде жазылған программалар негізінен инструкциялар жиынтығы болып табылады. Бұл тілдердегі программалар функциялардан тұрады, олар тізбектелген іс-әрекеттер тізімін орындайды. Бірнеше функцияларды модульдерге біріктіруге болады, бірақ сонда да процедуралық принцип сақталады. Процедуралық тілдерде екі түрлі берілгендер типтері бар: жергілікті (локальді) және кең ауқымды (глобальді) . Жергілікті берілгендер тек функциялардың ішінде және тек сол функцияларда ғана қолданылады, ал барлық функцияларда қолдану керек болса кең ауқымды етіп жариялайды. Функциялар мен берілгендер арасындағы күрделі байланыстар программаның құрылымын да күрделендіреді. Кең ауқымды берілгендерді функциялар шектеусіз қолдана алады. Бұл процедуралық тілдердің ең бір үлкен кемшілігі. Екінші кемшілігі, ол берілгендер мен функциялардың жеке - жеке қолданылуы. Бұл жағдайда нақты өмірдегі объектілерді дәл сипаттай алмаймыз. Мысалы егер объект машина болса, онда оның қасиеттері (мінездемесі) - двигательдің күші, есіктер саны болады, ал іс-әрекеті ретінде мысалы, тормозды басуды айтуға болады. Яғни қасиет-терге программада берілгендерді, ал іс-әрекеттерге программада функцияларды сәйкестендіруге болады. Іс-әрекет дегеніміз, объектінің сырттан берілген әсерге жауабы. ОБП-дың негізгі идеясы ол берілгендермен осы берілгендерге қолданылатын іс-әрекеттердің объект деп аталатын бір бүтінге бірігуі. Объектілердегі функциялар С++ тілінде әдістер деп аталады. Егер объектінің кейбір берілгендерін оқу керек болса, онда осы әрекетті орындау үшін қолданылатын әдісті шақыру керек. Бұл әдіс берілгенді оқиды да оның мәнін қайтарады. Оның мәнін тіке, әдісті қолданбай ала алмаймыз. Яғни берілгендер кездейсоқ сыртқы әсерден қорғалған. Берілгендер мен функциялар инкапсуляцияланған (біріктірілген) делінеді. Жасыру және инкапсуляция ОБП-дың негізгі терминдері болып табылады. Егер берілгенді өзгерту қажет болса, онда оны да объектінің әдісінің көмегімен орындау керек. С++ тіліндегі программа объектілер жиынтығынан тұрады. Олар бірінің бірі әдістерін шақыру арқылы бір - бірімен әрекеттерді орындайды.

Визуалдық бағдарламалау - көрнекі құралдар арқылы қолданбалы бағдарламалар жазылатын бағдарламалау саласы. Мұндай жағдайда бағдарламашы бағдарлама мәтінін жазбайды, тек қана нәтижесінде не шығу қажеттігін көрсетеді. Бағдарлама мәтіні визуалды про-тотип көмегімен автоматты түрде құрастырылып шығады. Визуалдық бағдарламалау объектілік икемделген бағдарламалауға және OLE-технологияға немесе осыған ұқсас технологияларға негізделеді. Визуалдық бағдарламалау элементтері Delphi, C++Builder, Power Builder(SY Base), Designer, Developer(Oracle), Visual Busic, Visual C++ және Microsoft Visual Studio сияқты нақтылы бағдарламалау тілдерінде және қолданбалы бағдарламалар жасау құралдарында кеңінен пайдаланылады

Осы бағдарламалау тілдерінің ішіндегі ерекшелерінің бірі - Microsoft Visual Studio. Майкрософт компаниясының жемісі болып табылады. Яғни, ол бағдарлама қамтамасыздандырумен қатар, көптеген қосымшаларды құрайды. Берілген бағдарлама консольді құрылымдарды, сонымен қатар графикалық интерфейспен, яғни оның ішінде Windows Forms, веб сайттар, веб құрылымдар, веб қызметтерді Microsoft Windows, Windows Mobile, Windows CE, . NET Framework, Xbox, Windows Phone. Net Compact Framework және Microsoft Silverlight тұғырнамаларында орындалады.

Microsoft Visual Studio-да жобалауда келесі құрал-саймандар қолданылады:

- басқару құралы;

- бастапқы мәтіннің редакторы;

- қолданушы интерфейсінің конструкторы;

- шеберлер, компиляторлар;

- жинақтауыштар құрал-саймандар;

- утилиттер;

- документациялар;

- жөндеушілер.

Visual Studio келесі өнімдердің бір немесе бірнеше компоненталарын өз бойына алған:

- Visual Basic . NET, оған дейін - Visual Basic;

- Visual C++;

- Visual C#;

- Visual F# .

Өткен уақытта Visual Studio құрамына келесі өнімдер кірген:

- Visual InterDev;

- Visual J++;

- Visual J#;

- Visual FoxPro;

- Visual Source Safe - файл-серверлік версияларды басқару жүйесі.

Бұл программа шыққан кезден бастап, осы күнге дейін біраз өзгерістерге ұшырады. Әрбір нұсқасы шыққан сайын жаңа компоненттер, құрал - саймандар, қолданушыға программамен жұмыс істеу мүмкіншілігін жеңіл, ыңғайлы қылып жасады. Visual Studio Version 4. 0 шыққанға дейін Visual Basic 3, Visual C++, Visual FoxPro және Source Safe өңдеу орталары танымал болды. Microsoft Visual Studio-ның нұсқалары туралы мәліметтерді 1 кестеден көре аламыз.

Ресми атауы
Кодтық
атауы
Ішкі
нұсқа
. NET Framework
Шығу
мерзімі
Ресми атауы: Visual Studio
Кодтықатауы: Ж/Е
Ішкінұсқа: 4. 0
. NET Framework: Ж/Е
Шығумерзімі: Көктем 1995
Ресми атауы: Visual Studio 97
Кодтықатауы: Boston
Ішкінұсқа: 5. 0
. NET Framework: Ж/Е
Шығумерзімі: 1997
Ресми атауы: Visual Studio 6. 0
Кодтықатауы: Aspen
Ішкінұсқа: 6. 0
. NET Framework: Ж/Е
Шығумерзімі: 1998-06
Ресми атауы: Visual Studio. NET (2002)
Кодтықатауы: Rainier
Ішкінұсқа: 7. 0
. NET Framework: 1. 0
Шығумерзімі: 2002-02-13
Ресми атауы: Visual Studio . NET 2003
Кодтықатауы: Everett
Ішкінұсқа: 7. 1
. NET Framework: 1. 1
Шығумерзімі: 2003-04-24
Ресми атауы: Visual Studio 2005
Кодтықатауы: Whidbey
Ішкінұсқа: 8. 0
. NET Framework: 2. 0
Шығумерзімі: 2005-11-07
Ресми атауы: VS 2008
Кодтықатауы: Orcas
Ішкінұсқа: 9. 0
. NET Framework: 3. 5
Шығумерзімі: 2007-11-19
Ресми атауы: VS 2010
Кодтықатауы: Dev10/Rosario
Ішкінұсқа: 10. 0
. NET Framework: 4. 0
Шығумерзімі: 2010-04-12

1 кесте - Visual Studio нұсқалары

Ол 32- және 64-разрядты Windows-платформасы үшін, сонымен қатар . NET Framework жаңа платформа үшін де қолданбалар құруға мүмкіндік береді. Маңызды жетістіктің бірі - құрастырудың біртұтас ортасында әр түрлі тілдермен және қолданбалардың әр түрлі типі мен жұмыс істеу мүмкіндігінде.

Тапсырыстың көп нұсқалары келесі өнімдерді өз бойына қамтиды:

- Microsoft SQL Server;

- Microsoft SQL Server Express.

Сонымен Visual Studio-ның негізгі артықшылығына келесілерді жатқызуға болады :

  • Кірістірілген редактор WISIWYG (What You See Is What You Get) («Не көрсең, соны аласың») . Оның көмегімен Visual Studio орнықты HTML мазмұнды, соның ішінде шрифттер мен стильдерді баптауға мүмкіндік береді;
  • Кодты құруға байланысты негізгі есептердің автоматтандырылуы

арқасында жазуға арналған кодтың аз болуы;

  • Visual Studio-да кодты теру кезінде программалаудың интуитивтік стилі, яғни шегіністерді автоматты түрде орналастырып қою және түстік кодтауды қолдану сияқты кодтың форматталуы, яғни бұл кодты оқуды едәуір жақсартады және кодта қателерді жіберу мүмкіндігін азайтады;
  • Жобалау ортасынан тікелей Web-сайтты орындауға мүмкіндік беретін кірістірілген Web-сервердің болуы. Бұл қолданушы үшін ыңғайлы болумен қатар, қауіпсіздік деңгейін де артырады. Себебі құрастырылып жатқан Web-сайтқа сыртқы компьютерден қол жетімділік мүмкіндігінің болмауында;
  • Visual Studio - көп тілді әзірлеме тек бір интерфейсті (Integrated Development Environ-ment) қолдану арқылы кез келген тілде кодтауға мүмкіндік береді. Бұл ортада C#-та жүзеге асырылған Web-беттерді Visual Basic-те жазылған Web-беттері бар жобаға орналастыруға мүмкіндік береді. Бұнда бір бетке тек бір тілді қолдануға болатын шектеуді ескеру керек;
  • Visual Studio-ның көптеген мүмкіндіктері: іздеу мен алмастыру функцияларының ыңғайлығы, сонымен қатар, кодтың блогын уақытша жасырып қалатын түсіндірмелерді автоматты түрде қосу және өшіру, тез және тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді;
  • Visual Studio-да жөндеуге (debug) байланысты бірнеше құрал-саймандар бар.

2 Медициналық орталықтың ақпараттық жүйесін құрастыру және

моделдеу

Медициналық орталықтың ақпараттық жүйесі туралы жоба басын Microsoft Visual Studio-ның веб сайты арқылы тіркеліп, жобны құрдық. Топ-тық жоба құрғаннан кейін біз өз жобамызға қалағанымызша қолданушылар қоса аламыз. Жоба атын және жобаға сәйкес суретті тағайындаймыз. Ол 1 суретте көрсетілген.

1 сурет - Топтық жоба жайлы негізгі ақпарат

Топтық жобада біз жобаны спринттерге бөлеміз. Спринттер жұмысты уақыт аралығында жоспарлау үшін ыңғайлы. Жобада жұмыстардың орындалу кезеңдерін бөлуге болады. Мен жобамда 3 итерация орнаттым. Күн белгілеу спринттердің басталуы мен аяқталуы аралығын қамтиды. Менің жұмысымда әр итерацияның орындалу кезеңі 5 күн. Итерация күн орнтау 2 суретте көрсетілген.

2 сурет - Жобаға итерация орнату

Жұмыс элементін сақтаған соң, ондағы ақпарат Team Foundation Server деректер қорында сақталады. Жоба қатысушыларының іс-әрекеті жұмыс элементінің жураналында тіркеледі. Сервердегі жұмыс элементтері 3 суретте көрсетілген.

3 сурет- Онлайн серверде жұмыс элементін көрсету

Visual Studio ортасында қолданушы талаптарын орындау үшін жұмыс элементтерін құру керек. Ол үшін Visual Studio ортасында "создать рабочий элемент" шертеміз және ашылған параметр терезесінде сұраныс атын, сипаттамасын енгізіп, жұмыс элементін сақтаймыз. Менің жұмысымда тапсырыс қабылдау, тапсырыс уақытын анықтау және тапсырыс жеткізетін курьерді белгілеу деп аталатын үш жұмыс элементі құрылды. Жұмыс элементі терезесі 4 суретте көрсетілген.

4 сурет - Жұмыс элементтерін құру

Visual Studio арқылы жұмыс элементін құру 4 суретте көрсетілсе, келесі 5 суретте жұмыс элементін веб портал арқылы құру көрсетілген. Ол бізге интернет арқылы жұмыс элементін құрудың ыңғайлы мүмкіндігін береді.

5 сурет - Веб-портал арқылы жұмыс элементін құру

Жоба тақтасында команда мүшелерінің жоспарланған шамасын көруге болады. Оны біз 6 суреттен көре аламыз.

6 сурет - Топ мүшелерінің тақтасы

UseCase диаграммасы - бұл актер, прецендент және олардың өзара байланысын көрсететін диаграмма болып табылады. Әрбір жүйде негізгі UseCase диаграммасы болуы керек. Ол жүйенің сыртқы шекарасы және негізгі сыртқы функцияларды құрайды. Жалпы, осы диаграмманы құру үшін актер, ассоциация тізбегін, қолдану тәсілін және тәуелділікті пайдаландым. Ол келесі 7 суретте көрсетілген.

7 сурет - Емделушіге қызмет көрсету құрлым диаграммасы

Сұлбаның әрбір элементі үшін қасиетері беріледі. Мысалы: аты, сипаттамасы, жұмыс элементтерімен байланысы. Осы сұлбадағы әрбір диаграмма элементі үшін алдында жасалған жұмыс элементтерімен байланыс орнатамыз. Бұл байланыстар 8 және 9 суреттерде көрсетілген.

8 сурет - Медициналық орталық құрлымы UseCase диаграммасы көмегімен

UseCase диаграммасы құру үшін қажетті объектілер:

- актер дегеніміз бұл тікелей компьютермен байланыса алатын сыртқы объект;

- aссоциация - бұл құрылымды қарым-қатынас, объектілердің арасын-дағы қарым-қатынасты анықтайды;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ НЕГІЗДЕРІ
ЖЕЛІЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР. ИНТЕРНЕТ. HTML ТІЛІНІҢ НЕГІЗДЕРІ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Мобильдік қосымшалар
Зейіннің қасиеттері
Зейін және тұлға
Ақпараттық қауіпсіздік түрлері
Жадыны Windows NT,Unix операциялық жүйелерінде қорғау
Топтың мәліметтер қорын жобалау және құру
Ақпаратты сақтау
Телеграм бот
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz