Медициналық сипаттағы мәжбүолеу шаралары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1.МЕДИЦИНАЛЫҚ СИПАТТАҒЫ МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МАҚСАТЫ

1.1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түсінігі ... ... ... ... ... 4
1.2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының мақсаты ... ... ... ... ..5

2.МЕДИЦИНАЛЫҚ СИПАТТАҒЫ МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

Пйдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
Қазақстан Республикасындағы 1997 жылы қабылданған қылмыстық кодексінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары институтына ерекше мән берілген.

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың негізгі мақсаттары мұқтаж адамдарға адамггершілік тұрғысынан қарап, олардың азаматтық қасиеттерін сақтау, аталған адамдарды емдеу, олардың психикалық жағдайын жақсарту, олардың жаңа қылмыстар істеуін болғызбауды қамтамасыз ету болып табылады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қылмыстық құқық (Жалпы бөлім), А.Н.Ағыбаев/А.:Жеті жарғы – 2007

2. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (Жалпы бөлім), А.Ш.Аккулев, Г.Е.Мұсынова/Астана: «ҰҒТО» АҚ АФ, 2012

3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнiндегi сот тәжiрибесi туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Нормативтiк қаулысы 1999 жылғы 9 шiлде N 8 Ескерту

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1.МЕДИЦИНАЛЫҚ СИПАТТАҒЫ МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МАҚСАТЫ

1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының
түсінігі ... ... ... ... ... 4
2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының мақсаты ... ... ... ... ..5

2.МЕДИЦИНАЛЫҚ СИПАТТАҒЫ МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫНЫҢ
ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

Пйдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 9

КІРІСПЕ

Қылмысқа қарсы күрестің бірі – кінәлі адамды қылмыстық заңға сәйкес
жауапқа тартуда оның есінің дұрыстығын, яғни қылмыс жасағаннан кейін есінің
дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуынан зардап шегетіндерге
медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды дұрыс тағайындау болып
табылады.

Қазақстан Республикасындағы 1997 жылы қабылданған қылмыстық кодексінде
медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары институтына ерекше мән берілген.

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың негізгі
мақсаттары мұқтаж адамдарға адамггершілік тұрғысынан қарап, олардың
азаматтық қасиеттерін сақтау, аталған адамдарды емдеу, олардың психикалық
жағдайын жақсарту, олардың жаңа қылмыстар істеуін болғызбауды қамтамасыз
ету болып табылады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу
шараларына ерекше мән береді. Оның айғағы: Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 9 шілдедегі Медициналық сипаттағы
мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі сот сот тәжірибесі туралы №8
қаулысы;

1.МЕДИЦИНАЛЫҚ СИПАТТАҒЫ МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МАҚСАТЫ

1.1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түсінігі

Медициналық сипаттағы мәжбірлеу шаралары деп өзінің психикалық жағдайы
бойынша мәжбүрлеп емдеуді қажет ететін қоғамға қауіпті қылмыстық іс
әрекеттерді жасаған психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдарға
қатысты оларды емдеу – сауықтыру мақсатында соттың шешімімен қолданылатын
мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше қылмыстық құқықтық нысанын түсіну қажет.

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қылмыстық құқықытық жеке
институты болып табылады. Бұл институтта медициналық сипаттағы мәжбүрлеу
шараларын қолдану негіздері мен мақсаттары, мәжбүрлеу шараларының түрлері,
оларды ұзарту, өзгерту және тоқтату, сондай-ақ медициналық сипаттағы
мәжбірлеу шараларын тағайындаумен не қолданумен байланысты өзге де
мәселелер қарастырылады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 88-бабына сәйкес: Сот
медициналық сипаттағы мәжбірлеу шараларын:
• есі дұрыс емемс жағдайда Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөліміндегі
баптарда көздеоген әрекеттерді жасаған;
• қылмысжасағаннан кейін психикасы жазаны тағайындау немесе орындау
мүмкін емес болып бұзылған;
• қылмыс жасаған және есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының
бұзылуынан зардап шегетін;
• қылмыс жасаған және алкоголизмнен немесе нашақорлықтан не
уытқұмарлықтан емдеуге мұқтаж деп танылған адамдарға тағайындауы
мүмкін.

Соттар адамның өзiнiң әрекеттерiнiң нақты сипатын және қоғамдық
қауiптiлiгiн түсiнуге және оларды басқаруға кедергi жасайтын психикалық
сырқаты өздiгiнен медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн
негiз бола алмайтынын ескеруi тиiс. Осыған байланысты әр iс бойынша
қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттердiң жасалуы дәлелденгенiн, оны
жасаған кезде адамның есi кiресiлi-шығасылы күйде болғанын тексеру қажет.
Сонымен бiрге, адамның психикалық сырқатына байланысты өзi үшiн немесе
басқа адамдар үшiн қауiптiлiгiн немесе басқа да елеулi зиян келтiруi
мүмкiндiгiн растайтын нақты фактiлер анықталуы тиiс.

      Адамның психикалық сырқатының сипаты және ауырлығы оның осыған
байланысты өзiне және басқа адамдарға қатысты зорлықшыл әрекеттер, өзге де
қоғамға қауiптi әрекеттер (мүлiктi ұрлау, өртеу, жою немесе басқа
тәсiлдермен бұзу және т.б.) жасауға бейiмдiлiгi, сондай-ақ қоғамға қауiптi
ниетiн жүзеге асыру мүмкiндiгiне баға беретiн аурудың күй-жағдайы - оның
өзi үшiн немесе басқа адамдар үшiн қауiптiлiгiн дәлелдейдi.

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану бойынша ұсынысты ауру
анықтамасы, алкоголизм немесе наркомания туралы, психикалық
ауытқушылықтарды тағайындау мен емдеуді өткізу және алдын алу, сондай-ақ
қажетті әлеуметтік-оңалту іс-шаралары туралы тұжырымдарды. Енгізе отырып,
психиатр дәрігерлер комиссиясы береді. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу
шаралары өз мазмұны бойынша мәжбүрлеп емдеу жүргізілетін мекемедегі
қауіпсіздік шаралары болып табылады. Мәжбүрлеп емдеуді тағайындау тек
медициналық анықтамаларға байланысты ғана болады.

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тек сот арқалы мемлекеттік шара
ретінде тағайындалады. Мұндай шараны жаза деп санауға болмайды, өйткені
мұндай жазаға тән белгі – түзеу белгісі жоқ. Керісінше, мұндай емдеу
шараларын қолдану құқық бұзушының мүддесіне сай келеді. Бұл шарт сот
үкімімен емес, сот қаулысы бойынша тағайындалады. Сондықтан мұндай шара
тағайындалған адамдар сотталған адам қатарына жатқызылмайды, оған
қолданылған шара оларды емдеуге, олардың тарапынан қоғамға қауіпті іс-
әрекеттердің қайталанбауына жасалған сақтандыру, олардың құқық қорғайтын
мүддесін қорғау болып табылады.

Медициналық сипаттағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары
Кәмелет жасқа толмағандарға қолданылатын жазаның ерекшелігі
Қазақстан Республикасында салықтық заң бұзушылықтарға жауапкершілікті арттыру бағыттары
Медициналық мәжбүрлеу шараларының түрлері
Қылмыстық құқықтағы медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлері бойынша өзекті мәселелер
Қоғамның құқық өмірі саласында медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының мүмкіндіктеріне кешенді талдау
Қылмыстық құқықтағы медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлері
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары түсінігі
Пәндер