Жер мелиорациясы.Мелиорацияның қызметі мен түрлері.Өзі ағатын беттік суару жүйесі


Дәріс № 9

Тақырыбы : Жер мелиорациясы. Мелиорацияның қызметі мен түрлері.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Мелиорацияның қызметі мен түрлері.

2. Жерді суару түрлері және тәсілдері.

3. Жоғарғы ылғалдандырудың өзіаққыш суландыру жүйесі.

Мелиорация деп пайдаланылатын жерлердегі жағымсыз әсерлерді жоюға арналған техниклық іс-шаралар жүйесі.

Мелиорацияның негізгі үш мақсаты болады:

А) Су режимінің жағымсыз әсерлері астында орналасқан жерлердегі ылғалдың мөлшерден көп немесе аз болуы жағдайында жер жағдайын жақсарту.

Б) Топырағының физико-химиялық қасиеті бұзылған аймақты жақсарту.

В) Зиянды механикалық әсерге ұшыраған жерлерді жақсарту.

Қойылған мақсатына қарай мелиорацияның әртүрі пайдаланылады.

Аумақтан артық ылғалды алып кетуге арналған мелиорация түрі құрғату мелиорациясы деп аталады. Ол тек ауыл шаруашылығында ғана емес, тұрмыстық коммуналдық шаруашылықта, жол салу ісінде, торф алуда, батпақты жерлерді жақсартуда және басқа да жерді жұрыстау істерінде қолданылады.

Топырақтағы ылғалдың жетіспеушілігін жоятын мелиорация түрі ылғалдандыру деп аталады.

Жағымсыз физико-химиялық әсерге ұшыраған жерді қалпына келтіру үшін топырақтан кейбір тұздарды шаяды немесе ауа-ылғал айналымын жақсарту үшін дренаждар салынады.

Су немесе жел эрозиясына ұшыраған жерлер мелиорациясы әдетте жер бетінен өтетін су жылдамдығы мен көлемін азайтады, топырақтың шайылуға төзімділігін арттырады.

Қазіргі заманғы жағдайда мелиорацияның тек бір ғана тәсілімен шектелмей, мелиорациялық іс-әрекеттердің жүйесін пайдаланады. Осылайша территорияны ылғалдандыру мен қоса онда орман массиві отырғызылады, тыңайтқыштар пайдаланылады, тұздан аумақтарды шайу және т. б мелиоративтік жұмыстар жасалады.

Түрлері мен тәсілдері

Ылғалдатқыш мелиорация топырақтын табиғи ылғалдану көздері жеткіліксіз болған жағдайда ірі көлемдегі ауыл шаруашылық өнімдерін алу үшін қолданылады. Ылғалдандыру микробиологиялық, тұздық, жылулық режимді өсімдіктер үшін өте қолайлы қылады.

Суармалы аумақтағы қажетті су режимі суармалы жүйемен жасалып, басқарылады. Бұл имараттар жүйесінің негізгі мақсаты болып: Негізгі су көзін басқару, одан қажетті сапа мен көлеидегі су мөлшерін алу; суды су жинағыштан суармалы аумаққа тасу, ортағындағы суды топырақ ылғалына айналдыру; суармалы аумақтан артық беттік және грунтты суларды алып кету.

Суару тұрақты және дұрыс болып бөлінеді, аумаққа су тұрақты немесе вегетациялық периодта бір рет беріледі немесе Бір реттік - су жылына бір рет қана, көктемдік немесе жаздық толысу кезінде беріледі. Тұрақты суарудың мынандай түрлері бар: жер беттік өздігінен ағу, жаңбырлы, жер астылы және тамшылы суару.

Суармалы шаруашылықтың өлшем бірліктері: Суармалы (оростительная) норма М, су себу (поливная) нормасы m, гидромодуль q.

Суармалы норма - осы жыл ішінде 1га жерге керекті өнім мөлшерін алу үшін қанша су керек екендігі, өлшем бірлігі м 3 /га.

Су себу нормасы алқапқа лезде емес белгілі бір уақыт аралығында беріледі, ол су себу ұзақтығы деп аталады. Бірнеше тәуліктен 30 күнге дейін созылуы мүмкін.

Суару жүйелерін жоспарлаған кезде бір секунд ішінде берілетін су шығынын білу қажет, ол гидромодуль деп аталады.

Мысалы: А культурасымен жалпы F ауданның n1 бөлігі егілген. Суару нормасы М Та күн ішінде үздікс із беріледі деп алсақ, онда қажетт гидромодуль аталатын і секундтық су шығыны мынаған тең болады:

N2 бөлігіндегі B1культурасы үшін гидромодуль былай табылады:

Бір суалмалы жүйенің ішіндегі әр түрлі культураларды бір уақытта суарған кезде, гидромодульдер мәнін қосады. Гидромодуль арқылы жүйенің салыстырмалы су пайдалануын анықтауға ыңғайлы.

Бар суару жүйесіндегі суммарлы су шығынын анықтау үшін q a мен q b формулаларын алдын ала суару аудандарына көбейтіп, бір-біріне көбейту қажет

Барлық суармалы айдан үшін су шығынын табу үшін екі бөлікті ауданға көбейтіп қосу керек.

Су себу нормасы коп жағдайда бір маусымның өзінде тұрақты болмайды.

Өзі ағатын беттік суару жүйесі

Беттік суару жүйесі келесі бөліктерден тұрады:

А) суару көзі;

б) басты су жинағыш;

в) суару жүйесінің каналдары;

г) су жинағыш және дренажды жүйелердің каналдары;

д) каналдардағы гидротехникалық имараттар. Бұндай жүйені жоспарлау СНиП ІІ-52-74 «сооружение мелиоративных систем. Нормы проектирования» сәйкес жасалады.

Беттік суару жүйелерінде көп жағдайда суару көзі ретінде өзен алынады. Ондай жағдайда өзенге су жинағыш салынады. Ол бөгенсіз өзі ағатын немесе бөгенді су жинағыш немесе машиналы су жинағыш болуы мүмкін. Өзен суын тасындылардан тазарту керек болса тұндырғыш орнатылады.

Суармалы жүйе тұрақты және уақытша каналдардан тұрады. Тұрақты каналдарға магистральды каналдар мен оның тарамдары, шаруашылықаралық каналдар мен шаруашылық ішілік бөлгіштер жатады.

Магистральды каналдар суармалы аудандағы каналдардың бірінші бөлігі болып табылады. Негізі екі бөліктен тұрады - жұмыс істейтін және бойдақ. Оларды бірінші бөлгіш бөліп тұрады. Магистральды каналдық жұмыс бөлігі барлық жүйені сумен қамтамасыз етіп отыруы керек.

Суармалы шаруашылықты дұрыс ұйымдастыру үшін суармалы ауданды суармалы учаскелерге бөліп тастайды. Олардың әр қайсысы 10-60 га дан асуы мүмкін.

Жер бетілік суару схемасы

  1. суару көзі; 2- басты торап; 3-магистральды каналдың бойдақ бөлігі; 4- магистральды каналдың жұмыс бөлігі; 5- бірінші реттік бөлгіш; 6- екінші реттік бөлгіш; 7- уақытша суарғыш; 8-шығарғыш канава; 9- суармалы бороздалар; 10-реттуіштер; 11- ағаштар

Суармалы участкінің барлық ауданын бірдей суару үшін суды суармалы бороздалармен немесе суару жолақтарымен жібереді. Жолақтарды 3, 6-4, 2 метр ара-қашықтардан топырақ төмпешіктерін жасау арқылы істейді. Борозда мен жолақты егін егу алдында немесе егін егу барысында арнайы машинамен істейді.

Суармалы бороздалар

А - отамалы дақылдар егу кезінде; б - егілген; в - тесік бороздалар; г - терассалық

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мелиорация және топырақ
Мелиорация – табиғатты ұйымдастыру ілімі
Мелиорациялық жерлерді тыңайту, минералдық және органикалық тыңайтқыштар
Топырақты химиялық жолмен мелиорациялау
Топырақтың термиялық мелиорациясы
Ауыл шаруашылық дақылдары мен мал азығы ретінде
Ақтөбе -- Батыс Қазақстандағы қала
Ауыспалы егіншілік дақылдардың орны
Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы
Табиғи климаттық жағдайы_Ауыспалы егіншілік дақылдардың орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz