Гидравлика пәні. Гидравликаның қысқаша даму тарихы. Сұйықтықтың физикалық қасиеті


Лекция №1

Жоспар:

  1. Кіріспе
  1. Гидравлика пәні
  2. Гидравликаның қысқаша даму тарихы
  1. Сұйықтықтың физикалық қасиеті
  1. Сұйық
  2. Сұйық қасиеттірі
  1. Пысықтауға арналған сұрақтар
  2. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

1. Гидравлика пәні. Гидравлика дегеніміз сұйық заттардың тепе-теңдік қалпын және қозғалыс заңдарын зерттейтін ғылым. Сонымен қатар гидравлика осы заңдардыіс жүзінде пайдалану әдістерін де қарайды. Гидравлика өзі гидростаика және гидродинамика деген екі бөлімнен тұрады. Гидростатика сұйықтың тепе-теңдік қалпын тексерсе, гидродинамика сұйықтың қозғалыс заңдарын зерттейді. Қазіргі гидравлика ғылымының негізі физика мен теориялық механиканың жалпы заңдары болып саналады. Бірақ кеінгі кезде гидравлика ғылымында математикалық апараттар да кең қолданылып жүр. Сұйықтың қозғалысы кезіндегі байқалатын құбылыстар өте қиын, күрделі болғандығынан гидравлика тәжірибелік мәліметтерге өте жиі сүйенеді және осы тәжірибелердің нәтижелерін пайдалана отырып эмпирикалық формулалар табады. Гидравликаның маңызды принципі болып Эйлердің үздіксіздік принципі саналады. Бұл принцип бойынша тығыздық, қысым, қозғалыс мөлшері, кинетикалық энергия және т. б. сұйық заттардың зерттеліп отырған көлеміне үздіксіз шамалар деп есептеледі.

2. Гидравликаның қысқаша даму тарихы. Гидравлика ертеден келе жатқан ғылымдардың бірі. Тіпті табиғаттың маңызды элементтерінің бірі болып аталатын суды адам өз керегіне пайдалана бастағаннан - ақ гидравликаның заңдарын кездестіре бастады. Бұл жөнінен археологтар қазып ашқан рим су құбырын және Орта Азия мен Қазақстандағы ескі заманғысу жіберу жүйелерінмысалға келтіруге болады. Гидравлика мәселелрінен өте мол тәжірибе су құбырларын салған кезде жиналғаны мүмкін. Ғылымнығ осы саласының гректің хюдор - су, аулос - құбыр деген екі сөзінен «Гидравлика» деп, немесе «құбырдағы су», я «судың құбырмен жылжуы» деп аталуы сондықтан деп есептеуге болады. Бірақ, гидравликаның ғылым болып сол ерте кездегі өркедеуі жөнінде ешбір мағлұмат сақталмаған. Бізге белгілі ең ерет жүршізілген ғылыми жұмыс болып біздің заманымыздан жыджай бұрын жазылған Архимедтің «Суда жүзуші денелер туралы» деген трактаты саналады. Архимедтен кейін он жеті ғасырдай гидравлика айтарлықтай өркедей алмады. Екінші ғылыми жұмыс ретінде Леонардо да Винчидің(1452-1519) жүргізген зерттеулерін есептейді. Леонардо да Винчи жүзу теориясы және сұйықтың тесік арқылы, судың каналдар мен өзендердегі ағыстарының механзмін зеттреген. Мұнан кейінгі жұмыстар Г. Галилей мен Б. Паскальдің аттарымен байланысты. Феодалдық құрылыстың ыдырауы мен өнеркәсіп өндірісінің өркендеуіне байланысты XVIII ғасырда гидравлика қарқындап өсе бастады. Бұл кезеңде гидравликаның теориялық негізін қалаған Ньютонның (1642-1727), Россия Ғылым Академиясының мүшелері Даниил Бернуллидің (1700-1782), Михайло Васильевич Ломоносовтың (1711-1765) және Леонард Эйлердің (1707-1783) еңбектері кірді. Осы уақыттын бастап гидравлика ғылымының өз алдына бөлек бір саласына айналды.

II. Сұйықтың физикалық қасиеттері

1. Сұйық. Газдар мен қатты денелердің арасындағы дененің аралық күйін сұйық деп атайды. Темература төмен кезінде сұйықтың қасиеттері қатты дененің қасиеттеріндей болса, температура жоғарлаған сайын су буға айналып, қасиеттері газдың қасиеттеріндей болып кетеді. Сұйықтың күйі мен қозғалысын сипаттайтын физикалық қасиеттері үздіксіз таралып және өзгеріп тұратын біртұтас материалдық система деп қаралады.

Сұйықтың негізгі қасиеті - ақшықтық. Сондықтан сұйық өзі құйылған ыдыстың формасын алып тұрады. Егер сұйықтың көлемі ыдыстың көлемінен аз болса, ол газ сияқты ыдыстың бүкіл көлеміне жайылмай, тек өзіне тән көлем ғана алып тұрады. Осындайда сұйықтың ауа мен жанасатын бетін сұйықтың еркін беті деп атайды.

2. Нақты және идеал сұйықтық. Табиғаттағы сұйықтардың нақты сұйықтар деп атаса, идеал сұйық деген табиғатта жоқ сұйық. Сондықтан қозғалыс заңын зерттеуді оңайлату үшін гидравликада идеал сұйық деген ұғым енгізілген. Идеал сұйықтың нақты сұйықтан айырмасы - идеал сұйық тұтқырлығы жоқ сұйық деп саналады. Сұйық қозғалысының режимі мен сипаттамаларын анықтауда өте маңызды роль атқаратын үйкеліс күші гидромиханиканың көп мәселелерін анықтауға мүмкін бермейді. Сондықтан гидравликаның теориялық зерттеулерін ішкі үйкеліс күшінескере отырып, қосымша коэффиценттер немесе эмпирикалық байланыстар қосып, нақты сұйық үшін пайдаланады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұйықтық ішінде əсер ететін күштер
Ламинарлық және турбулентті режим
Сұйықтықтың физикалық қасиеттері
Сұйықтардың қасиеттері
Газдар мен сұйықтардың негізгі физикалық қасиеттері
Гидравлика тарихы
Деформацияланған жарықшақты қабатта қысымның таралуы
Сұйықтық қозғалысының ламинарлық режимі
Сұйықтың физикалық қасиеттерін халық шаруашылығы техникаларын жетілдіруде пайдалану
Сұйықтар. Сұйық құбылыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz