Жер құқығының түсінігі, пәні, әдістері, жүйесі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. ЖЕР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ПӘНІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1. Жер құқығының түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Жер құқығының пәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

2.2. ЖЕР ҚҰЫҚЫҒЫНЫҢ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.1. Жер құқығының әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.2. Жер құқығының жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
Қазақстан Республикасының жер құқығы дербес құқық саласы ретінде КСРО-ның ыдырауымен Қазақстан Республикасы егемендікке ие болғаннан кейін қалыптасты. Ол жай «бос жерде» пайда болған жоқ. Қазақстан Республикасының жер құқығы Қазақ КСР жер құқығының жалғасы болып табылады, бұл құқық КСРО жеріне айрықша құқық негізінде қалыптасқан жер қатынастарының кешенін реттеді. Аталған құқықтық қатынастардың сипаты мен мазмұны қазіргіге қарағанда басқаша болды, сол себепті де, олар Қазақстан Республикасы Конституциясының қағидалары мен нарықтық экономиканың жаңа жағдайларына сәйкес келмеді.
Қазақстан Республикасында жер реформасын жүзеге асыру — жерге айрықша мемлекеттік меншікті жою, жер учаскелеріне жеке меншікті орнықтыру, жерді сату-сатып алуды, жер нарығын, ипотеканы дамыту және басқа да шаралар жаңа жер қатынастарының пайда болуына және жер туралы заңнаманың міндеттерінің өзгеруіне алып келді. Осылай, Қазақстан Республикасының жер құқығы заң білімдерін беретін жоғарғы оқу орындарында дербес құқық саласы ретінде оқытылуға міндетті жаңа оқу пәніне айналды. Оның пәні болып жерге меншік құқығына, жерді табиғи ресурс ретінде пайдалануға, оны басқару мен қорғауға қатысты туындайтын жер қатынастарының кешені сақталды. [5]
Алайда, жаңа жер реформасын жүзеге асыру жер қатынастарының мүліктік сипатын жоймады, керісінше, оның мемлекет байлықтарын табиғи ресурс ретінде ұтымды пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтті. Мүліктік емес сипаттағы жер қатынастары да өз ерекшеліктерін жоғалтпады, қоғамдық қатынастардың бұл саласы да сақталып қалды және олар болашақта одан әрі дамып, бұрынғы жер қатынастарына, сабақтас құқық салаларына, соның ішінде, азаматтық құқықтың жер-мүліктік қатынастарына қарағанда өзінің ерекше сипаттары мен айрықша ерекшеліктеріне ие болады.
1. Ә.С.Стамқұлов, Г.Ә. Стамқұлова Қазақстан Республикасының жер құқығы. Оқу құалы – Алматы: Заң әдебиеті баспасы, 2004
2. Архипов И.Г. Земельное право Республики Казахстан. Алматы: «Борки», 1997.
3. Аксененок Г.А. Земельное право. М., 1972.
4. Ерофеев Б. В. Земельное право. М., 1998.
5. Хаджиев А.Х. Земельное право Республики Казахстан. Общая часть: Учебное пособие. Алматы, Данекер, 2001.
6. Л.К.Еркінбаева, Г.Т.Айғаринова. «Қазақстан Республикасының Жер құқығы» (Жалпы және Ерекше бөлімдер.) «Жеті жарғы» баспасы. Алматы.2010ж
7. Бектұрғанов Ә.Е. Қазақстан Республикасындағы жер құқық қатынастары. Алматы: Жеті жарғы

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. ЖЕР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ПӘНІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1. Жер құқығының түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Жер құқығының пәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7

2.2. ЖЕР ҚҰЫҚЫҒЫНЫҢ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ...9
2.1. Жер құқығының әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.2. Жер құқығының жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының жер құқығы дербес құқық саласы ретінде КСРО-ның ыдырауымен Қазақстан Республикасы егемендікке ие болғаннан кейін қалыптасты. Ол жай бос жерде пайда болған жоқ. Қазақстан Республикасының жер құқығы Қазақ КСР жер құқығының жалғасы болып табылады, бұл құқық КСРО жеріне айрықша құқық негізінде қалыптасқан жер қатынастарының кешенін реттеді. Аталған құқықтық қатынастардың сипаты мен мазмұны қазіргіге қарағанда басқаша болды, сол себепті де, олар Қазақстан Республикасы Конституциясының қағидалары мен нарықтық экономиканың жаңа жағдайларына сәйкес келмеді.
Қазақстан Республикасында жер реформасын жүзеге асыру -- жерге айрықша мемлекеттік меншікті жою, жер учаскелеріне жеке меншікті орнықтыру, жерді сату-сатып алуды, жер нарығын, ипотеканы дамыту және басқа да шаралар жаңа жер қатынастарының пайда болуына және жер туралы заңнаманың міндеттерінің өзгеруіне алып келді. Осылай, Қазақстан Республикасының жер құқығы заң білімдерін беретін жоғарғы оқу орындарында дербес құқық саласы ретінде оқытылуға міндетті жаңа оқу пәніне айналды. Оның пәні болып жерге меншік құқығына, жерді табиғи ресурс ретінде пайдалануға, оны басқару мен қорғауға қатысты туындайтын жер қатынастарының кешені сақталды. [5]
Алайда, жаңа жер реформасын жүзеге асыру жер қатынастарының мүліктік сипатын жоймады, керісінше, оның мемлекет байлықтарын табиғи ресурс ретінде ұтымды пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтті. Мүліктік емес сипаттағы жер қатынастары да өз ерекшеліктерін жоғалтпады, қоғамдық қатынастардың бұл саласы да сақталып қалды және олар болашақта одан әрі дамып, бұрынғы жер қатынастарына, сабақтас құқық салаларына, соның ішінде, азаматтық құқықтың жер-мүліктік қатынастарына қарағанда өзінің ерекше сипаттары мен айрықша ерекшеліктеріне ие болады.
Егер бұрында жер қатынастарының мүліктік сипаты жерге айрықша мемлекеттік меншікпен шектелсе, бұл ереженің жойылуымен жер-мүліктік құқықтық қатынастарының ауқымы кеңейді. Және соған қарамастан, ол өзінің табиғатпен және табиғи ортамен байланысын жоғалтпады. Жер-мүліктік қатынастарының басқа мүліктік қатынастардан басты айырмашылығы осында.
Жер құқығы өз пәні шегінде барлық жер қатынастарын реттейді, жер нарығын қалыптастыруға, реттеуге және нарықтық жер құқығы қатынастарын одан әрі де дамытуға белсенді түрде қатыса алады. Бұл мақсатта ол нақты құқықтық негіз бен жалпы мемлекеттік деңгейдегі қайнар көздерге ие. Оларда нарықтық экономика жағдайында қазіргі кезгі жер қатынастарының дамуына шын мәнінде әсер етуге қабілетті, кез келген жағынан алғанда салыстырмалы түрде жаңа жер құқығы саласының ұйымдастырушылық-нормативтік алғышарттары көрініс тапқан.
Республикада жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалар кезеңінде жер туралы заңнаманың одан әрі де жылдам қарқынмен дамып, өзгеруі заңды құбылыс. Бұл даму бағыттары мен өзгерістер жер-құқықтық нормалардың әрекетін күшейте түсетіні сөзсіз. Қазақстан Республикасының жаңа Жер кодексін қабылдау жер қатынастарын реттеудің ерекше орнын сақтап қалды. Сол себепті де, мемлекеттің жер ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану мемлекет қызметінің айрықша бағыты болған және солай болады да. Бұл Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясының саяси-құқықтық ережелеріне және республиканың алға қойған міндеттеріне сай келеді. [6]

1. ЖЕР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ПӘН
1.1. Жер құқығының түсінігі

Жер құқығы, жоғарыда аталып өткендей, жерге меншік құқығы, жерді табиғи ресурс ретінде пайдалану, оны басқару мен қорғау қатынастарын реттейтін құқықтық нормалар жиынтығын құрайтын Қазақстан Республикасының құқығының дербес саласы.
Жер құқығы Қазақстан Республикасының құқық саласы ретінде өз бастауын КСРО жер құқығының пайда болу сәтінен, яғни, 1917 жылдан алады. Жер табиғаттың басты объектісі ретінде өмір сүрудің негізгі қайнар көзі болып табылады. Жерді әдебиеттерде кең және тар мағынада қарастырады. Кең мағынада жер түсінігі бүкіл Жер планетасын оның барлық құрамдас бөліктерімен бірге қамтиды, тар мағынада -- тек жердің үстіңгі қабатын, су қоймаларының астындағы жерлердің бетін және басқа да құрамдас элементтерді білдіреді.
ГОСТ 26640-85 бойынша жер -- бұл кеңістікпен, рельефпен, климатпен, топырақ қабатымен, өсімдіктер әлемімен, жер қойнауымен, су көздерімен сипатталатын, ауыл және орман шаруашылығында өндірістің басты құралы әрі халық шаруашылығының барлық салаларының кәсіпорындары мен ұйымдары үшін негізгі базис болып табылатын қоршаған ортаның маңызды бөлігі. Бұл анықтаманың жерге орналастыру мен жерге орналастыру процесі үшін танымдық маңызы зор. Алайда, ол жердің заңды түсінігін ашпайды. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 12-бабының 14-тармағына сәйкес жер -- бұл Қазақстан Республикасының егемендігі белгіленетін шектегі аумақтық кеңістік, табиғи ресурс, жалпыға ортақ өндіріс құралы және кез келген еңбек процесінің аумақтық негізі.
Жерде туылған адам оның байлықтарын пайдаланбай өмір сүре алмайды. Ол жерден, оның табиғи ресурстарынан өзінің әлеуметтік және экономикалық қажеттіктерін қанағаттандыруға қажеттінің барлығын алады. Сонымен қатар, жер адам өмірінің орны мен жағдайы болып табылады. Сондықтан да, адамға оның барлық құрамдас бөліктері -- атмосфералық ауа, өсімдіктер және жануарлар әлемі, су көздері, жер қойнауы, жердің үстіңгі қабаты, ауа кеңістігі қажет. Оған қоса, жер еңбек және өндіріс құралы, сонымен қатар, мемлекет аумағы, оның шектері болып табылады. Бұл қасиеттердің барлығы адамдардың, қоғамның және мемлекеттің арасында туындайтын жер қатынастарының сипатын анықтайды. Бұл қатынастар, өз кезегінде, жердің және оның табиғи ресурстарының жағдайына әсерін тигізеді. Бұл процеске назар аудару жер ресурстарын ұтымды, тиімді және мақсатты пайдалану және оларды қорғау мақсаттарында жер қатынастарын құқықтық құралдармен реттеу қажеттігін түсінуге алып келді. Жер құқығы КСРО-да пайда болды, кейін Қазақстан Республикасының жер құқығы осы құқықтың негізінде пайда болды. Мемлекетіміз тәуелсіздік алған бірінші үннен бастап жерді Қазақстан Республикасының меншігі ретінде жариялады, ол халықтың өмірі мен қызметінің негізі ретінде пайдаланылуға тиіс болды. Жаңа Жер кодексі жер заңнамасының және барлық жер қатынастарының негізін анықтайтын жаңа құқықтық акт болып табылды. [6;2]

1.2. Жер құқығының пәні

Құқықтың және жер құқығының жалпы теориясына сәйкес жер құқығының пәні болып объектісі жер болып табылатын ерікті қоғамдық жер қатынастары табылады. Жер материалдық өндірістің процесіне және адамның басқа да әлеуметтік қызметі саласына қатысты бола отырып, өзінің пайдалану мақсаттарына байланысты әртүрлі функцияларды атқарады.
Жер ауыл және орман шаруашылығында тек жалпы еңбек жағдайы ретінде ғана емес, сонымен қатар, өндірістің басты, негізгі құралы ретінде де қызмет етеді. Жердің мұндай қызмет етуінің басты шарты болып оның құнарлығы табылады. әдетте құнарлыққа жердің үстіңгі қабаты -- топырақ ие болады, мұнда өсімдіктер үшін қажетті дымқылдық пен қоректі заттар (фосфор, азот, калий және т.б.) болады, және де олар өсімдіктердің өзіне сіңіруі үшін жарамды болуы тиіс. Жердің құнарлығы белгілі бір дәрежеде оның құндылығын, пайдалылығын және бұл жерден ауыл шаруашылық және орман өнімдерін алу мүмкіндігін анықтайды. Сонымен қатар, жердегі қоректі заттардың құрамын арттырған және оны ұтымды пайдаланған жағдайда ол өз сапасын жоғалтпайды. [1;7]
Өнеркәсіп кәсіпорындары, көлік, энергетика, құрылыс және басқа да өндіріс салалары үшін жер кеңістіктік базис, ғимараттардың, құрылымдардың, коммуникация объектілерінің, көлік жолдарының орналасқан орны болып табылады.
Жердің айрықша ерекшеліктері болып оның көлемінің шектелгендігі, орналасу орнының тұрақтылығы, ауыспайтындығы және жылжымайтындығы табылады. Сонымен қатар, жер өз құрамы, құнарлығы, ландшафттығы, өсіп-өну мүмкіндігі, экологиялық, рекреациялық және шаруашылық мақсаттары бойынша біртектес емес.
Жердің басқа да табиғи ресурстармен, әсіресе, су ресурстарымен, жер қойнауымен, өсімдіктер әлемімен, соның ішінде, орманмен, байланысының мәні ерекше. Олар үшін де жер орналасқан орны және өмір сүру жағдайы болып табылады.
Осылардың барлығы жер қатынастарын құқықтық реттеудің мазмұнына әсер етеді.
Жермен байланысты қызметтерді жүзеге асыратын қатынастарды, яғни, экологиялық қатынастарды; әлеуметтік қатынастарды -- адамның тіршілік ету көзі және қажетті жағдайы ретінде; саяси қатынастарды -- мемлекеттің аумақтық үстемдік ету шегі ретінде; экономикалық қатынастарды -- шаруашылық қызметтің объектісі ретінде; мемлекеттік органдардың жерді қорғау мен пайдалану саласындағы функцияларымен байланысты басқару қатынастарын реттеу тиісті сәйкес экологиялық, конституциялық, азаматтық, әкімшілік және жер құқығымен реттеледі.
Сонымен, жер құқығының пәні болып жерге меншік құқығын орнықтыруға, жерді басқаруға, пайдалануға, және қорғауға байланысты пайда болатын, жер туралы заңнаманың нормаларымен реттелетін қатынастар табылады.
Ресей әдебиеттеріндегі көзқарасқа сәйкес жер құқығы дегеніміз -- бұл кешенді құқық саласы, себебі, жер қатынастары бірнеше құқық салаларының нормаларымен реттеледі, ал Экологиялық құқық оқулығында жер құқығы экологиялық құқықтың саласы деп көрсетілген, бұл көзқарасқа сәйкес экологиялық құқықтың пәні болып шартты түрде үш бөлікке бөлуге болатын қоғамдық қатынастар табылады, олар: табиғат қорғаушы құқық, табиғи ресурстық құқық және әкімшілік, азаматтық, қылмыстық құқықтың нормалары.[4]
Бұл көзқарастармен келісу қиын, себебі, аталған оқулықтардың авторлары жер құқығының нормаларына басқа құқық салаларының (азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және т.б. құқық салалары) нормаларын да жатқызады, бұны олар жер құқығының жоғарыдағы құқық салаларымен тығыз байланыстығымен негіздейді. Жер құқығы Қазақстан Республикасының құқық жүйесінің бөлігі ретінде басқа құқық салаларымен тығыз байланыста екені дауысыз. Бұл байланыс жер туралы заңнамада белгілі бір жер қатынастарын реттеу нормасы болмаған жағдайда, оларды басқа құқық салаларының заңнамаларымен реттеу мүмкіндігі туған жағдайда туындайды. Нақты үлгі ретінде жер туралы заңнама нормаларын бұзғандығы үшін жауаптылыққа әкімшілік құқықтың нормалары бойынша тартуды атауға болады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) 1-бабына сәйкес, егер табиғи ресурстарды пайдалану жер туралы заңнамамен реттелмесе, азаматтық заңнаманың нормалары қолданылады.[3]

2.2. ЖЕР ҚҰЫҚЫҒЫНЫҢ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ
2.1. Жер құқығының әдістері
Әдіс дегеніміз пәнді құрайтын қоғамдық қатынастарға құқықтық әсер ету құралы. Жер құқығында құқықтық реттеу әдісі ретінде Қазақстан Республикасының жер заңдарының мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып, реттелетін қоғамдық қатынастарға мемлекеттің құқықтық әсер етуінің экологиялық, императивтік және диспозитивтік тәсілдері.
Жер құқығы басқа да құқық салалары сияқты өзіне тән құқықтық реттеу әдістеріне ие, олар реттелетін қатынастардан және оларға құқықтық нормаларды сақтамаған жағдайда мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданудан туындайды. Жер қатынастарына қатысушыларға белгілі бір әрекеттерді жасауға берілген мүмкіндіктері немесе белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салу түріндегі аталған құқықтары мен міндеттері өз мән бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының жер құқығы жерге меншіктің құқықтық
Жер құқығының түсінігі, пәні, жүйесі және қағидалары
Жер құқығының пәні, қағидалары және жүйесі
Мамандықтың пәндер каталогы
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Мемлекет, құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының жер құқығының негіздер
Семинар сабақтарына тапсырмалар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ
Азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі, пәні және жүйесі
Пәндер