Құқық нормаларының құрылымдық мен элементтерінің сипаттамасы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН БЕЛГІЛЕРІ
1.1 Құқық нормаларының іске асуы және негізгі сипаттары ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Құқық нормаларының құрылымы, оның элементтері ... ... ... ... ... ... ... ..10
ІІ.ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
2.1 Қазақстан Республикасынын құқықтық нормалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2 Құқық нормаларының нормативтік құқықтық.актілердің баптарындағы көрініс табуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Тақырыптың өзектілігі: Адам қоғамында сан алуан қатынастар, яғни байланыстар туындайды. Осы қатынастарды реттеу, тәртіптеу ережелер, қағидалар, нормалар негізінде болады. Норма дегеніміз мінез-құлықтың, жүріс-тұрыстың мөлшері, үлгісі, эталоны.
Нормативтік реттеу жүйесі қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардан тұрады. Олар әлеуметтік және әлеуметтік-техникалық нормаларға бөлінеді.
Қоғамның әлеуметтік нормалары дегеніміз қоғамдық қатынастарды реттейтін, қоғамдық пікір күші ықпалымен немесе мемлекеттің мәжбүрлеуімен қамтамасыз етілетін, қоғамдағы адамдардың мінез-құлқы, жүріс-тұрыстары ережелерінің жүйесі. Әлеуметтік нормаларға жататындар құқық нормалары, мораль (имандық, өнеге) нормалары, қоғамдық ұйымдар (корпоративтік) нормалары, әдет-ғұрыптар, дін нормалары және тағы басқа.
Әлеуметтік-техникалық нормалар – техникалық құралдарды пайдалану, қолдану ережелері; санитарлық-гигиеналық нормалар; агрономиялық нормалар және тағы басқа.
Әлеуметтік нормалар белгілеу және қамтамасыз ету тәсілдері бойынша ерекшеленеді. Мысалы, құқық нормаларын мемлекет белгілейді және қамтамасыз етеді, имандылық, әдет-ғұрып нормалары қоғам өмірінен туындайды және қоғам пікірімен, адамның сана-сезімі арқылы қамтамасыз етіледі, діни нормалар діннен туындайды және Алла тағаланың күшімен, адам сана-сезімімен қамтамасыз етіледі.
Жасалу тәсілі бойынша нормалар саналы және стихиялық (сұрапылдық) түрге бөлінеді. Баяндау және көріну тәсілдері бойынша нормалар ауызекі және жазбаша түрге бөлінеді. Мысалы, құқық нормалары әрқашан да жазбаша, ал өнегелік нормалар ауызекі болады.
Әдет-ғұрып дегеніміз, адамдардың қарым-қатынасын реттейтін, дағдыға айналған географиялық, ұлттық, экономикалық факторларға байланысты тарихи қалыптасқан, жазылмаған мінез-құлық қағидасы. Әдет-ғұрыптар ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, адамдардың сана-сезіміне ананың сүтімен, қауым өмірінің үлгісімен сіңіп, адамдардың мінез-құлықтарын, іс-әрекеттерін бағыттап отырады. Мысалы, қазақ даласында, қазақ халқында әдет-ғұрыптар, дәстүрлер құқықтың қайнар көзі болған.
Қазіргі заманда әдет-ғұрыптар әр түрлі дәрежеде сақталған. Негізінде әдет-ғұрыптар отбасы, туыстық қатынастарды реттейді.

1.Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995ж
2. Қазақстан Республиксының «Нормативтік құқықтық актілер жайындағы» заң 1998ж. өзгерістер мен толықтырулар 2001ж. және 2002ж.
3.Ағдарбеков Т. Құқық және мемлекет теориясы. –Қарағанды: Болашақ – Баспа, 2002. – 320 б
4.Азаров Н. И. Теория государства и права: Конспект и лекций и методические указания. – М 2008г
5.Венгеров А.Б. Теория права и государства. - 2005
6.Жоламанов ХХ:, Тауекеев А.Н., Мухтарова А.К. Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы., 1998г
7.Лазарев В.В Теория государства и права М,2002г.
8.Мемлекет және құқық негіздері:Оқулық. Құраст. Е.Баянов. –Алматы: Жеті жарғы, 2001 –624б.
9.Малько В.А Льготы в праве. Общетеоритический аспект. Поощрение как правовое средство правоведение 2006г
10.Теория государства и права. Курс лекции. Под.ред. Матузова Н.И. и Малько А.В.450 стр
11.Табанов С.А. Құқық теориясы мен сот жүйесінің конституциялық негіздері. –Алматы, «Айдана» ЖШС –2010ж
12.Табанов С.А. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Оқулық. – Алматы:Жеті жарғы, 2006 – 464 б.
13.Теория государства и права Под.ред. В.М. Корельского и В.Д. Перевалова. – М., 2007г,

М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 3
І. МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН БЕЛГІЛЕРІ
1. Құқық нормаларының іске асуы және негізгі
сипаттары ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Құқық нормаларының құрылымы, оның
элементтері ... ... ... ... ... ... .. ... 10
ІІ.ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
2.1 Қазақстан Республикасынын құқықтық
нормалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..15
2.2 Құқық нормаларының нормативтік құқықтық-актілердің баптарындағы көрініс
табуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Адам қоғамында сан алуан қатынастар, яғни
байланыстар туындайды. Осы қатынастарды реттеу, тәртіптеу ережелер,
қағидалар, нормалар негізінде болады. Норма дегеніміз мінез-құлықтың, жүріс-
тұрыстың мөлшері, үлгісі, эталоны.
Нормативтік реттеу жүйесі қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардан
тұрады. Олар әлеуметтік және әлеуметтік-техникалық нормаларға бөлінеді.
Қоғамның әлеуметтік нормалары дегеніміз қоғамдық қатынастарды
реттейтін, қоғамдық пікір күші ықпалымен немесе мемлекеттің мәжбүрлеуімен
қамтамасыз етілетін, қоғамдағы адамдардың мінез-құлқы, жүріс-тұрыстары
ережелерінің жүйесі. Әлеуметтік нормаларға жататындар құқық нормалары,
мораль (имандық, өнеге) нормалары, қоғамдық ұйымдар (корпоративтік)
нормалары, әдет-ғұрыптар, дін нормалары және тағы басқа.
Әлеуметтік-техникалық нормалар – техникалық құралдарды пайдалану,
қолдану ережелері; санитарлық-гигиеналық нормалар; агрономиялық нормалар
және тағы басқа.
Әлеуметтік нормалар белгілеу және қамтамасыз ету тәсілдері бойынша
ерекшеленеді. Мысалы, құқық нормаларын мемлекет белгілейді және қамтамасыз
етеді, имандылық, әдет-ғұрып нормалары қоғам өмірінен туындайды және қоғам
пікірімен, адамның сана-сезімі арқылы қамтамасыз етіледі, діни нормалар
діннен туындайды және Алла тағаланың күшімен, адам сана-сезімімен
қамтамасыз етіледі.
Жасалу тәсілі бойынша нормалар саналы және стихиялық (сұрапылдық) түрге
бөлінеді. Баяндау және көріну тәсілдері бойынша нормалар ауызекі және
жазбаша түрге бөлінеді. Мысалы, құқық нормалары әрқашан да жазбаша, ал
өнегелік нормалар ауызекі болады.
Әдет-ғұрып дегеніміз, адамдардың қарым-қатынасын реттейтін, дағдыға
айналған географиялық, ұлттық, экономикалық факторларға байланысты тарихи
қалыптасқан, жазылмаған мінез-құлық қағидасы. Әдет-ғұрыптар ұрпақтан-
ұрпаққа ауысып, адамдардың сана-сезіміне ананың сүтімен, қауым өмірінің
үлгісімен сіңіп, адамдардың мінез-құлықтарын, іс-әрекеттерін бағыттап
отырады. Мысалы, қазақ даласында, қазақ халқында әдет-ғұрыптар, дәстүрлер
құқықтың қайнар көзі болған.
Қазіргі заманда әдет-ғұрыптар әр түрлі дәрежеде сақталған. Негізінде
әдет-ғұрыптар отбасы, туыстық қатынастарды реттейді.
Құқық пен мораль тығыз байланыста. Осы екі құбылыстың жалпылама
ерекшеліктерін және айырмашылықтарын көрсету қажет.
Жалпылама ерекшеліктері құқық пен мораль экономикалық базиске жасалған
қондырма болып табылады, қоғамдық қатынастарды реттейді, әлеуметтік-
экономикалық мүдделердің ортақтығына (бірлігіне) негізделеді.
Құқық нормалары дегеніміз мемлекет тағайындаған не мақұлдаған және
құқық бұзушылықтан қорғайтын жалпыға міндетті мінез-құлық ережесінің
эталоны, үлгісі, ол, әрине, қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен
міндеттерін реттейді. Олар тәртіпті мемлекеттік реттегіш болып саналады,
өйткені онда мемлекеттің еркі айқындалады.
Құқықтық қоғамдық қатынастарды реттеуі – өте күрделі және сан қырлы
құбылыс. Ол өмірдегі әртүрлі жағдайлардағы мінез-құлықтың нақты нұсқаларын
белгілеумен бірге дәл құқықтар мен міндеттерді (жұмысқа қабылдау, тергеу
жұмыстарын жүргізу тәртібі) қамтиды, мінез-құлықтың жалпы қағидаларын
анықтайды, тиісті материалдық және рухани құндылықтар мен игіліктердің
құқылық режимі қандай екендігін, құқық субъектілері нақты іс-әрекеттерінің
қандай заңдық мәні бар екенін, мемлекетте қандай мекемелер жұмыс істейтінін
және олар қалай құрылғанын, белгілі бір заңдық ұғымының нені білдіретінін
белгілейді.
Әрбір құқықтық норманың үш элементі (бөлігі) болады : диспозиция (мінез-
құлық ережесі), гипотеза және санкция (жаза, шара).
Нормативті – құқықтық акт – қазіргі мемлекеттердің негізгі деректерінің
бірі. Онда көптеген жеке адам туралы маңызды көзқарастар оның мүдделері,
қоғамдық қатынастардың қажеттіліктері көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының қазіргі таңда құқық жүйелері қабылданғанына
көп уақыт болған жоқ, сондықтан да құқық жүйелері енді-енді дамып келе
жатыр.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті:
-Құқық нормаларының іске асуы және негізгі сипаттарын беру;
-Құқық нормаларының құрылымы, оның элементтерін қарастыру;
-Қазақстан Республикасынын құқықтық нормаларын қарастыру;
-Құқық нормаларының нормативтік құқықтық-актілердің баптарындағы
көрініс табуын қарастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан
және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы
және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес
келеді.
І. ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН БЕЛГІЛЕРІ
1.1. Құқық нормаларының іске асуы
Құқық нормаларын іске асыру (пайдалану), қоғамдық қатынастар мүшелерінің
құқық нормаларын, өз мүмкіндіктерінше іске асыру жатады. Мысалы, мұндай
нормалармен азаматтарға мемлекеттің өкілеттік, билік органдарын сайлауға
қатынасуға құқықтары бекітіледі және өз дүниесімен иемдену, пайдалану және
басқару жатады. Бұл іске асыру нысанының ерекшелігі, сол қоғамдық
қатынастарға қатысушылардың құқық нормалары рұқсат еткен әрекеттерді
жасайтын мүмкіншіліктері [1].
Заңдарымыздың дәлме – дәл, әрі бұлжытпай іске асу нысандары: сақтау,
орындау, пайдалану, және қолдану болып табылады.
Міндеттілікті орындау-міндетті түрде құқық нормаларының ұйғарымын іске
асыратын белсенді әрекет жасау арқылы көрінеді. Сондай нысанда,
азаматтардың, лауазымды адамдардың, мемлекеттің және қоғамдық ұйымдардың,
олардың органдарының заңды міндеттерін белгілейтін нормалар іске
асырылады. Мысалы: жеткізушінің міндеті тапсырушыға белгіленген уақытта
жүкті жеткізу, борышкердің міндеті, қарызын қайтару, куәгердің міндеті,
құқық қорғаушы орындарға шындықты хабарлау. Бұл нысанның ерекшелігін,
субъектілердің, өздеріннің мүдделеріне қарамай, құқық нормаларында
көрсетілген белсенді әрекеттерді орындауға тырысатындығынан көруге болады.
Міндеттілікті сақтау - заң нормаларымен тиым салынған әрекеттерді
жасамауға ұстамдылық көрсету. Ол нысанның негізіне, қоғамға мемлекетке,
жеке адамға зиян келтіретін әрекеттерді жасамау. Яғни, құқық нормаларымен
тиым салынған әрекеттерді жасамау арқылы, ол нормалардың талаптары
орындалады. Орындаудан, сақтандырудың айырмашылығы, ол пассивтік сипатта
болады себебі, заңды міндеттер мұнда белгілі әрекетті жасамау арқылы іске
асырылады. Бірінші жағдайда, азаматтар әрекетке белсенді болса, құқық
нормаларын орындау үшін екінші жағдайда, керісінше тиым салынған қимылды
жасамау болады.
Көрсетілген құқық нормаларын іске асыру нысандары, тікелей іске асыру
болып табылады, себебі құқық ұйғарымдары қоғамдық қатынастарға
қатысушылардың өздерімен іске асырылады. Егер, берілген нысандар толық
көлемде құқық нормаларымен көрсетілген құқықтармен міндеттерді іске
асыруға мүмкіндік бермесе, құқықты қолдануда оның ерекше іске асыру
нысандарын пайдалану қажеттігі туады. Ондай арнайы құқықты іске асыру
нысандары, толық жекелеп талдап қарауды талап етеді.
Пайдалану – адамның, тұлғаның өз өкілеттілігін белсенді немесе енжар
мінез –құлқымен жүзеге асыруы. Дәлірек айтсақ, субъектілердің өздеріне
берілген құқықтарын, соның ішінде өздерін қорғау құқығын өз қалауынша
пайдалану. Мысалы, ҚР Конституциясының 30 – бабының 2-
тармағында:Азаматтардың мемлекеттік жоғары оқу орнында конкурстық негізде
тегін жоғары білім алуға құқығы бар, - делінген. Бірақ, олардың осы
конституциялық құқықтарды пайдалануын не одан бас тартуын өздері шешеді.
Ешкімде оларды зорлап көндіруге хақысы жоқ.
Құқық нормаларын қолдану тек сол кезде қажетті болады, егер жоғарыдағы
көрсетілген нысандар құқық нормаларын толық іске асыруға жетімсіз болса
және ол процесске арнайы, органдардың араласуы қажет болса ғана [2].
Құқық нормаларын қолдану – мемлекеттің құзіретті органдарының құқық
нормаларын іске арналған билік әрекеті және салыстырмалы нақтылы өмірдің
оқиғасы, жекелеген-белгілі адамдардың әрекеті.
Құқық нормаларын қолдануға сай келесі белгілері бар:
Біріншіден, құқықты қолдану әрекетін тек қана құзіреті бар мемлекеттік
органдар (лауазымды адамдар) не мемлекет өкілеттік берген қоғамдық ұйымдар
орындайды.
Екіншіден, құқық нормаларын қолдану әрекеттері мемлекеттік сипатта
болады. Сол сияқты әділ соттау үшін Соттың әрекеті, не қылмыстық істі
жүргізетін тергеушінің әрекетін айтуға болады.
Үшіншіден, құқықты қолдану әрекетінің мазмұны құқық нормаларының
негізінде жекелеген құқықтық ұйғарымдардан (актылардан) көрінеді. Бұл
актылар белгілі өмір оқиғаларына байланысты және белгілі адамдарға
бағытталады. Мысалы, жергілікті мәслихаттың шешімі бойынша біреуге үй
берілуі т.б.
Төртіншіден, құқық нормаларын қолдану қатаң түрде белгілі заң негізінде
жүргізіледі. Мұндай тәртіп әсіресе қылмыс және азаматтық құқық нормаларын
қолданғанда өзінің аса маңыздылығын байқатады, себебі онда заңдылықтың
жүруін дәйекті қамтамасыз ете отырып, нақтылы заңды істерді жан-жақты терең
қарауға мүмкіндік туғызылады.
Мынадай жағдайларда құқықты қолдану құқығы пайда болады: [3]
1.Құқық нормалары құзіретті органдармен тек сонда қолданылады, егер
алдын ала белгіленген заңды құқықтар және міндеттер белгілі адамда пайда
болса және олардың мемлекеттік – биліктегі әрекетінсіз іске асырылмайды.
Ондай құқықтармен міндеттердің пайда болуы және іске асырылуы әрбір жекеше
оқиғаға сай болады, құзіретті органдардың жеке адам үшін қажетті шешім
шығаруы қажет. Мысалы, мемлекеттік жоғарғы оқу орнында оқу үшін (өзінің
білім алуға деген құқығын іске асыруға), сол жоғарғы оқу орнының
басшысының, оқуға алу туралы шешімі қажет, еңбекке деген құқығын іске асыру
үшін, мекеменің, ұймның әкімшілігінің жұмысқа қабылдау туралы арнайы шешімі
қажет. Айтылған, сондай оқиғалардың әрқайсысы туралы сол мекемелердің
басшыларының көрсетілген құқықтарды іске асыру туралы бұйрықтары қажет.
2.Құзіретті құқық қорғау органдарының қызметі, азаматтармен ұйымдардың
өз құқықтарын пайдалануға белгілі кедергілер болған оқиға кезінде қажет
болады. Мысалы, азамат заң негізінде тұрғын үй сатып алады, ал екінші басқа
адамдар оның сол үймен пайдалану құқығын іске асыруға кедергі жасайды. Сол
оқиғаға баланысты азамат сот және әкімшілік органдарына арызданады,
олардың шешімі бойынша үй иесінің бұзылған құқығын орнына келтіруге
арналған шешім қабылданады.
3.Құқық нормаларын қолдану қажеттігі, заңды міндеттер ерікті
орындалмаған кезде пайда болады. Мысалы, бір ұйым келісім-шарт бойынша
екінші ұйымға белгілі заттарды жеткізіп тұруға міндеттенеді, бірақ өз
міндетін орындамайды. Бұл оқиғаға байланысты құзіретті органдар (арбитраж,
сот) билікті шешім шығарады, соның негізінде күштеу арқылы ұйымдардың өз
міндеттерін өтеуі қамтамасыз етіледі.
4.Құқық қорғау қызметі әр уақытта қажетті қызмет, егер құқық бұзылса
және құқық бұзушыға қандай заңды жаза қолдануды белгілеу қажеттігі
туатындығына байланысты. Мысалы, әскери қызметкердің теріс қылық жасағаны
үшін басшысы тәртіптік ережеге сай жаза қолданады.
Құқық нормасы - бұл адамдардың белгілі бір жағдайдағы мінез-құлық
бағдарламасы. Бұл, әрине, заңдық модель, өйткені, онда адамдарға
бағытталған белгілі бір құқықтар мен міндеттері жазылып көрсетілегн барлық
мінез-құлық нормасы берілген. Мысалы, азаматтың бұзылған құқығын сотта
қалпына келтіру құқығын реттейтін нормада өзінің бұл жөніндегі талап-арызын
сотқа жолдауға құқығы, ал оны қабылдау соттың міндеті көзделген.
Осыдан келіп, мынаны байқауға болады: кез келген заңды мәндес мінез-
құлық барлық жағдайда басқа адамға қатысты тәртіп болып табылады. Демек,
құқылық іс-әрекеттің ерекшелігі сол, ол бір мезгілде іс-әрекет жасайтындар
мен осыған қатысушылардың арасындағы қатынастарды туғызады. Бұл қатынас
құқықтық немесе заңдық делінеді. Құқық нормасы, сөйтіп, мінез-құлық моделін
және осы мінез-құлыққа қатысы бар адамдардың мүшделерінің арасындағы
құқықтық қатынастар моделін қамтиды.
Норма дегеніміз– қоғамның даму барысында қалыптасқан мінез-құлық
ережесі. Адамзат, бәрімізге мәлім болғандай, әр түрлі қатынастарды
реттейтін көптеген мінез-құлық ережелерін бекітті. Солардың ішінде
техникалық және әлеуметтік топтық нормалар айрықша орын алады. Техникалық
және әлеуметтік нормалар бір-бірімен өзара байланыста болады.
Көптеген заң және үкімет актілері техникалық ережелер мен техникалық
нормаларды, яғни адамдардың еңбек құралдарымен және заттарымен, техникамен
және табиғат күштерімен қарым-қатынас ережелерін анықтайтын нормаларды
бекітеді [4].
Қазақстан Республикасында жеке және бірлескен кәсіпкерлік, коммерциялық
және сауда қызметінің дамуына байланысты өнім сапасын мемлекеттік бақылау
туралы, денсаулық және тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы мәселе барған
сайын өткір сипат алуда.
Нормативтік-құқықтық актілерде көбіне не сақталуы заң жағынан міндетті
деп танылатын техникалық нормаларға сілтеме жасалады, не олардың мазмұны
баяндалады. Техникалық нормалардың актіде баяндалғандай күйде сақталуы осы
нормативтік акт бағытталған тұлғалар үшін заң жағынан міндетті (мемлекеттік
стандарттар), қауіпсіздік техника ережелері,техниканы пайдалану, суландыру
құрылғыларын салу жөніндегі нұсқамалар және т.б. осындай). Нормативтік
құқықтық актілер тиісті нұсқамаларға сілтеме жасай отырып, белгілі бір
техникалық нормаларды сақтаудың неғұрлым жалпы нұсқаларын береді (ауыл
шаруашылығы машиналарын техникалық пайдалану ережелері, ветеринарлық
санитарлық ережелер және т.б.). мұндай нромативтік актілер техниканың даму
деңгейіне сәйкес сол кезде бар техникалық нормаларды сақтауға, алушылар
үшін заңдық міндеткерлік туындата отырып, сілтемелік я болмаса дербестік
сипатта болады. Бұл нормаларды кінәлы болып бұзу құқық бұзушылық ретінде
бағалады.
Мұндай техникалық актілер заңдарды жүйелеу кезінде іс жүзінде
ескеріледі, бірақ енгізу қисынсыз болғандықтан (олар өте көп томды болып
келеді) заңдардың хронологиялық және жүйелік жинақтары мен жиынтықтарына
(сводка) енгізілмейді.
Сөйтіп, біз техникалық нормаларының құқық нормаларымен қамтамасыз
етіліп, өзара тығыз байланыста болатындығын көрдік. Ал енді әлеуметтік
нормалар жөніндегі білімімізді жоғарыда сөз еткене едік, сондықтан оны
қайталамауды жөн деп таптық [5].

белгілейді. Құқыққа өз нормаларының белгілі бір дәрежеде мамандануы,
олардың бір-біріне қатысты функционалдық жағынан оқшалануы тән. Бірақ бұл
орайда олардың бәрі тығыз байланыста бола отырып, қоғамдық қатынастарды
реттеудің қажетті құрамдас бөліктері болып табылады.
1.2 Құқық нормаларының құрылымы, оның элементтері
Әрбір құқықтық норманың үш элементі (бөлігі) болады: диспозиция (мінез-
құлық ережесі), гипотеза және санкция (жаза, шара). (Төмендегі кестеден
көруге болады).
Құқықтық норманың гипотезасы (жорамалы) – құқықтық норманы қолдану
(немесе қолданбау) үшін қажетті өмірдегі мән- жайлардың бар екенін
көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Гипотезаның көмегімен мінез-құлықтың
қиялдағы нұсқасы өмірдегі жағдаймен, белгілі адаммен, мерзіммен және
орынмен байланыстырылады. Былайша айтқанда, гипотеза құқықтық нормаға жан
бітіреді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіп
бұзған болуы керек. Егер осындай іс-әрекет жаса ғана, заң бұзушы жауапқа
тартылады.
Егер гипотезада бір ғана мән-жай көрсетіліп, сол жағдайда құқықтық
норма қолданылатын болса, оны жай гипотеза дейді. Мысалы, егер бала
туғанда ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматы болса, бала да
Қазақстан Республикасының азаматы болып саналады. Егер құқықтық норманы
қолдану үшін екі, оданда көп мән-жай қажет болса, ондай гипотезаны күрделі
гипотеза дейді. Егер құқықтықнорманың қолданылуы бірнеше мән-жайдың
біреуіне байнысты болса оны балама гипотеза дейді.
Құқықтық норманың диспозициясы – құқықтық қатынастарға қатысушылардың
мінез-құлқы қандай болуы керек екенін анықтайтын құқықтық норманың бөлшегі.
Диспозия – құқықтық норманың ұйытқысы, мазмұны, өзегі. Бірақ құқықтық норма
тек қана диспозициядан тұрмайды. Гипотеза санкциясымен байланысқанда ғана
диспозиция өзінің реттеушілік қызметін атқара алады. Диспозиция – мінез-
құлықтың үлгісі. Диспозиция үш түрлі болады: [6]
а)жай диспозиция, егер мінез-құлықтың мазмұны ашылмаса;
б) бейнеленген диспозиция – мінез-құлықтың барлық мәнді белгілері
анықталса;
в) сілтемелі диспозиция – егер құқықтың норма диспозициясы анықталған
басқа құқықтық нормаға сілтеп нұсқаса.
Құқықтық норманың санкциясы – құқықтық норманың диспозициясы бұзылған
жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі.
Санкцияда мемлекеттік іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтынын
көрсетеді. Санкция түрлері:
а)абсолютті-анық, б) баламалы, в) салыстырмалы.
Заң (басқада нормативтік құқықтық актілер) – нормативтік акт болып
саналады. Оның құрлымы ерекше. Заң баптардан тұрады. Бір заңда бір немесе
бірнеше, ондаған баптар болуы мүмкін. Ал заңның бабы бір немесе бірнеше
құқықтық нормалардан тұруы мүмкін. Егер заңның бабында бір норма болмаса,
бап пен норма сәйкес келкді. Бапта екі норма да болуы мүмкін. Онда, әрине,
баптың мазмұны норманың мазмұнынан кең болады. Мысалы, Қазақстан
Республикасы Конституциясының 34-бабы екі құқықтық нормадан тұрады.
Құқық нормасының құрылымы
1.Әркім Қазақстан Республикасы Конституциясын және заңдарын сақтауға,
басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын
құметтеуге міндеті.
2.Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті,
кейде бір құқықтық норма бірнеше баптан тұруы мүмкін.
Заңның бабында кейде норманың тек бір бөлігі ғана болады, ал басқа
бөліктерін тағы екінші, үшінші баптардан немесе басқа номативтік актілерден
іздеуге тура келеді. Бұдан құқықтық нормасын заңның бабынан ажыратудың
қажеттілігі туындайды. Мұның өзі сірә нормативтік актінің бір бабында кейде
екі, үш және оданда көп нормалардың кездесуінен болады. Кейбір актілер,
мысалы, құқықтық басқа салаларында қызмет актілер санкциялар білдіруге
маманданған болып келеді [7].
Егер де құқық нормасының құрамындағы құрылымдық элементтердің
қайсібіреуі болмаса, онда ол өзінің реттеуші рөлін орындай алмайды.
Сондықтан да нормаларды жасағанда заң шығарушы оның әрбір бөлігін арнайы
жазып алу қажет немесе оған тиісті сілтеме жасау жөн. Ал ол норманы жүзеге
асырушы өзінің істерін заң жөнімен сауатты құру үшін норма элементтерінің
барлық байланыстарын ескеру тиіс.
Құқық нормасы құқықтық басқалай да көріністерінен өзінің құрылымымен,
сондай-ақ маңызды белгілі- нышанмен ерекшеленеді. Құқық нормасы, оның
ішінде бәрінен бұрын жеке-дара ұйғарымнан ерекшеленеді. Жеке-дара ұйғарым
нормаға негізделеді және бір рет қана орындаумен тәмәмдалады. Жеке-дара
ұйғарым дәлме-дәл белгілі бір оқиғаны ғана, жалғыз бір жолғы әрекетке ғана,
нақты, дерегі белгілі бір адамға арналады. Басқа жағынан алып қарағанда
құқық нормасы құқықтың жалпы принциптерінен ерекшеленедіқұқық принцептері
нормативтік сипата болса да, дегенмен өзін құқық нормасы арқылы көрсетеді,
өзін анықтап дәлеуді қажет етеді, гипотеза мен санкцияға тікелей шықпайды.
Онсыз құқықтық реттеудің айқындылығын көз алдымызға елестетудің өзі қиын.
Қандай норма болмасын оның қайсы түрге жататынын айқындап, анықтап
алуға қызмет ететіндер құқықты жақсылап түсіну толығынан алғанда не үшін
қажет болатынын анықтау, реттеушілік мүмкіншіліктерінің қандай дәрежеде
екендіктерінің біліп алу болып табылады. Заң нормаларын жіктеуге оларды
реттеуші және қорғаушы (сақтаушы) деп бөлу жіктеудің ең бастысы болып
табылады. Белгілі бір шамада мұның өзі де шартты ғана. Олай болатын себебі,
әрбір норма адамдардың еркі мен ықтиярына, санасына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz