Қылмыстық құқықтағы медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлері бойынша өзекті мәселелер
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ СИПАТТАҒЫ МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ ... .4
2.МЕДИЦИНАЛЫҚ СИПАТТАҒЫ МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫ ... ... ... ... 8
3.ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ СИПАТТАҒЫ МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19

Дені сау адамның, сол сияқты ауру адамның да құқықтары – қоғамның ең жоғары құндылығы.
Ал осы құқықтарды қорғау – жалпы денсаулықтың және әсіресе психикалық саулықтың (психическое здоровье) әрбір адам үшін жоғары құндылық болып табылатынын мойындайтын мемлекеттің басты міндеті.
Психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдарға психиатриялық жәрдем көрсетілетініне мемлекет тарапынан кепілдік беріледі және ол заңдылық, ізгілік және адам мен азаматтың құқықтарын сақтау қағидаларының негізінде жүзеге асырылады.
Психиканың бұзылуы адамның өзіне және қоғамға деген көзқарасын, сондай-ақ қоғамның адамға деген көзқарасын өзгертуі мүмкін.
Психиатриялық жәрдем көрсетудің құқықтық жағынан тиісті түрде реттелмеуі оны медицинадан тыс мақсатта пайдалануға әкелетін себептердің бірі болуы, сондай-ақ бұл денсаулыққа, адамның қадір - қасиетіне және адам құқықтарына нұқсан келтіріп, мемлекеттің халықаралық беделіне зиянын тигізуі мүмкін.
Психикасының бұзылуын ғана негізге ала отырып осы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге жол берілмейді.
1997 жылы 16 шілдеде Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1997 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енді.
Жаңа Қылмыстық кодекстің VII бөлімінде “Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары” жеке институт ретінде қарастырылды.
1997 жылы қабылданған жаңа Қазақстан Республикасы Қ

1 Қазақстан Республикасы. Психиатриялық жәрдем және оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына берілетін кепілдіктер туралы Қазақстан Республикасының 16 сәуір 1997 жылғы заңы // Егемен Қазақстан. − 1997. − 22 сәуір.
2 Уголовное право Казахстана. Общая часть: Учебник / Под ред. И.И. Рогова И.И. и С.М. Рахметова. − Алматы: Правовая инициатива 2030, 2000. –284 с.
3 Протченко Б.А. Принудительные меры медицинского характера по советскому уголовному праву: Автореф. ... канд. юрид. наук. − М., 1979. – 22 с.
4 Горобцов В.И. Принудительные мены медицинского характера в отношении психически больных по Уголовному кодексу Российской Федерации: Учебное пособие − Красноярск, 1998. - С. 59.
5 Ной И.С. Вопросы теории наказания в советском уголовном праве. -Саратов: Саратовский университет, 1962. - С. 136.
6 Сартбаева У.К. Қылмыстық құқық бойынша

ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ СИПАТТАҒЫ МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ ... .4
2.МЕДИЦИНАЛЫҚ СИПАТТАҒЫ МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫ ... ... ... ... 8
3.ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ СИПАТТАҒЫ МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 19
КІРІСПЕ
Дені сау адамның, сол сияқты ауру адамның да құқықтары - қоғамның ең жоғары құндылығы.
Ал осы құқықтарды қорғау - жалпы денсаулықтың және әсіресе психикалық саулықтың (психическое здоровье) әрбір адам үшін жоғары құндылық болып табылатынын мойындайтын мемлекеттің басты міндеті.
Психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдарға психиатриялық жәрдем көрсетілетініне мемлекет тарапынан кепілдік беріледі және ол заңдылық, ізгілік және адам мен азаматтың құқықтарын сақтау қағидаларының негізінде жүзеге асырылады.
Психиканың бұзылуы адамның өзіне және қоғамға деген көзқарасын, сондай-ақ қоғамның адамға деген көзқарасын өзгертуі мүмкін.
Психиатриялық жәрдем көрсетудің құқықтық жағынан тиісті түрде реттелмеуі оны медицинадан тыс мақсатта пайдалануға әкелетін себептердің бірі болуы, сондай-ақ бұл денсаулыққа, адамның қадір - қасиетіне және адам құқықтарына нұқсан келтіріп, мемлекеттің халықаралық беделіне зиянын тигізуі мүмкін.
Психикасының бұзылуын ғана негізге ала отырып осы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге жол берілмейді.
1997 жылы 16 шілдеде Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1997 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енді.
Жаңа Қылмыстық кодекстің VII бөлімінде "Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары" жеке институт ретінде қарастырылды.
1997 жылы қабылданған жаңа Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің VІІ бөлімінде "медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының" анықтамасы берілмеген.
Бұған дейін қабылданған барлық қылмыстық заңдарда да медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының анықтамасы берілмеген.
Бірқатар авторлар медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қылмыстық жауаптылықты іс жүзіне асырудың бір нысаны ретінде қарастырады.
Мұндай көзқарас қылмыстық кодекстегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану мақсаттары мазмұнынан туындап отыр.
Ол бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдарға жаза қолданумен ұштасатын мақсаты - олардың қайтадан қылмыстық іс-әрекет жасауының алдын алу болып табылады, демек адамды түзеу мақсаты көзделіп отыр.
1.ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ СИПАТТАҒЫ МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Құқықтанушылар медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларына әртүрлі докториналды анықтамаларды ұсынды.
Б.А. Протченконың берген анықтамасы бойынша: "Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары - бұл психикалық күйі мен жасаған іс-әрекеті қауіп төндіретін есі бұзылған адамдарға, сондай-ақ қылмыс жасағаннан кейін психикасының созылмалы немесе уақытша бұзылуына ұшыраған есі дұрыс адамдарға сотта тағайындалатын, заңда белгіленген медициналық-сот шаралары.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары жаза болып табылмайды, олар аталған адамдардың психикалық денсаулығын қалпына келтіру және олардың психикалық қызметінің бұзылуына байланысты қоғамға қауіпті жаңа іс-әрекет жасауының алдын алу мақсатын көздейді, ал қылмыс жасаған есі дұрыс адамдарға қатысты алғанда - жаңа қылмыстық іс-әрекет жасауының алдын алу".
В.И. Горобцовтың берген анықтамасы өзгеше: "Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары деп есі дұрыс емес күйде немесе шектелген есі дұрыстық күйінде қылмыстық-құқықтық тыйым салынған әрекет жасаған немесе есі дұрыс күйінде қылмыс жасаған, бірақ оны жасағаннан кейін оған жаза тағайындауды немесе орындауды мүмкін етпейтін психиканың бұзылуына шалдыққан адамдарға, сондай-ақ қылмыс жасаған және алкоголизм мен нашақорлықтан емдеуге мұқтаж адамдарға сот тағайындайтын, қылмыстық заңнамада көзделген қылмыстық-құқықтық мәжбүрлеудің бір түрін ұғынады.
Ол осы адамдардың психикалық ахуалын емдеу немесе жақсарту мақсатында, олардың қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді қайта жасауының алдын алу, қоғамның және сол сияқты науқастың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әлеуметтік оңалту шараларын жүргізу мақсатымен оларға медициналық (емдік) әсер ету және арнайы алдын алу шараларын мәжбүрлі түрде қолдану болып келеді".
В.И. Горобцовтың қарастырып отырған шаралары қылмыстық-құқықтық мәжбүрлеу шаралары болып табылады деген пікірімен келісуіміз керек.
А.И. Чучаев өз еңбегінде, қылмыстық кодекстің 9 - бабы, 2 бөліміндегі белгілерді елеулі маңызды іс-әрекеттерді жасағандарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданбауды әділ түрде көрсетеді.
Б.А. Протченко, В.И. Горобцов, П.А. Колмаков берген анықтамалар тым кеңейтілген, мұның өзі авторлардың медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының барлық белгілерін қамтуға ұмтылатынын көрсетеді.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының анықтамасына олардың мақсаттарын қосу қате, өйткені бұл мақсаттар заңнама деңгейінде, яғни Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 89-бабында тұжырымдалған және қандай да бір толықтыруды қажет етпейді деген пікірмен келісу қиын. Қайта керісінше, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының заңда белгіленген мақсаттары нақты әрі толық көрсетілмеген.
Сондықтан осы мақсаттарды нақтылай отырып анықтамаға енгізген дұрыс болады.
Есі дұрыс емес күйде қылмыс жасаған адамдарға қатысты алғанда, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын мәжбүрлеу шаралары емес, зорлық шара деп атаған жөн, - деп жазады И.С. Ной.
Біздің білуімізше, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының мазмұны сот тағайындаған және қылмыстық заңда көрсетілген адамдардың психикалық денсаулығын қалпына келтіруге, нығайтуға бағытталған құқықтық және медициналық сипаттағы шаралар жиынтығы болып табылады.
Медициналық сипаттағы шараларға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде және өзге де заңдарында белгіленген тәртіпте азаматтардың психикалық денсаулығын тексеру, олардың психикасының бұзылуына диагноз қою, емдеу, күтім жасау және медициналық-психологиялық оңалту кіреді, бірақ бұған "зорлықтың" қатысы жоқ.
Сонымен, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары дегеніміз - мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары, оларды есі дұрыс емес жағдайда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінде көзделген қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамдарға, сондай-ақ қылмыс жасағаннан кейін психикасы бұзылған және осының салдарынан оларға жаза тағайындау және орындау мүмкін болмайтын адамдарға соттың шешімі бойынша мәжбүрлеп емдеуді ұзартуға, өзгертуге және тоқтатуға, тағайындауға немесе қылмыс жасаған және қылмыс жасау кезінде іс-әрекет ұғынып, ерікті түрде таңдау жасауына әсер еткен есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдарға соттың үкімі бойынша тағайындалатын және аталған адамдардың психикалық саулығын (психическое здоровье) қалпына келтіруге, жақсартуға, олардың қоғамға қауіпті жаңа әрекеттер жасауына, өзіне-өзі және өзге адамдарға зиян келтіру қаупін, басқадай елеулі зиян келтіру мүмкіндігін болғызбауға, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға бағытталған психиатриялық емдеу болып табылады.
Мемлекет адамға мәжбүрлеп емдеуді тағайындауға құқылы болса, қоғамға қауіпті әрекет жасаған адам осылайша емделуге міндетті.
Бұл адам өзінің психикалық жағдайына және жасаған іс-әрекетінің қауіптілігіне сай келетін медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түріне құқылы.
Демек, мәжбүрлі емдеуді тағайындау кезінде мемлекет осы мән-жайларды ескеруге тиіс. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының қолданылуына байланысты құқықтық қатынастар туындайтын мәселені У.К. Сартбаева өз еңбегінде төмендегі негіздермен ұсынады.
1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінде көзделген қоғамға қауіпті қылмысты есі дұрыс емес күйдегі адам тарапынан жасалуының заңдық фактісі, оны жасау кезінде оның есі дұрыс емес күйде болғаны, яғни өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамға қауіптілігін ұғына алмағаны, немесе психикасының созылмалы бұзылғаны, психикасының уақыша бұзылғаны, кемақылдылығының немесе психикасының басқа да дертті күйінің салдарынан оларды басқара алмағаны көрсетілген. Қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адам, бір жағынан және арнайы өкілетті органдар тұлғасындағы мемлекет, екінші жағынан құқықтық қатынастардың субъектілеріне айналады.
Ал осы субъектілердің құқықтары мен міндеттері құқықтық қатынастардың мазмұны болады.
Мемлекет адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындауға құқылы болса, қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адам осындай шараларға душар болуға міндетті.
Бұл адам өзінің психикалық жағдайына және өз-өзіне және айналадағыларға зиян келтіру қаупіне, басқа да елеулі зиянның болу мүмкіндігіне сай келетін медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары түрінің тағайындалуына құқылы.
2. Қылмыс жасаған кезде есі дұрыс болған, яғни ұғына отырып ерікті мінез-құлық танытуға қабілетті күйде болған, бірақ өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамға қауіптілігін толық дәрежеде ұғына алмаған немесе психикасының бұзылуы, кемақылдылық немесе психиканың басқадай бұзылуы (соның ішінде маскүйінде, қатты жан күйзелісі) салдарынан оларды басқара алмаған субъектінің қылмыс жасауының заңдық фактісі.
Бұл ретте құқықтық қатынас қылмыстық-құқықтық сипатта болады, ал медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын орындау тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 88-бабының 3-бөліміне сәйкес белгіленеді.
Осындай құқықтық қатынастардың субъектілері қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адам және арнайы өкілетті органдар тұлғасындағы мемлекет болады. Құқықтық қатынастың мазмұны неғұрлым кең, ол қылмыс жасаған адамның қылмыстық жауапқа тартылып және жазалануымен байланысты.
Осы орайда егер қылмыс жасау кезінде субъектінің мінез-құлқына оның психикасының бұзылуы әсер еткен болса, мемлекет оған жаза орындаумен байланысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындауға құқылы, ал қылмыс жасаған адам жазасын алуға және онымен ұштасатын медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларына душар болуға міндетті.
3. Қылмыс жасау кезінде есі дұрыс, яғни ұғынатын ерікті мінез-құлық ұстануға қабілетті күйде болған, өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамға қауіптілігін толық дәрежеде ұғынуға және оларды басқаруға қабілетті болған, бірақ қылмыс жасағаннан кейін психикасы бұзылып, кемақылдылыққа ұшырап, сөйтіп жаза тағайындау немесе орындау мүмкін болмай қалған субъектінің қылмыс жасауының заңдық фактісі.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 88-бабы 4-бөлігінің күші іс жүзінде "медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары" ұғымынан тыс қалады.
Осыған орай Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 88-бабының 4-бөлігі мынадай редакцияда берілуі керек:
"Осы баптың бірінші бөлігінде аталған және өзінің психикалық жағдайы бойынша қауіп келтірмейтін адамдар жөнінде сот бұл адамдар жөніндегі қажетті материалдарды:
а) оларды Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңдарында көзделген тәртіпте психиатрда емдеу туралы мәселені шешу үшін денсаулық сақтау органдарына;
б) оларды Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңдарында көзделген тәртіппен психиатриялық-неврологиялық мекемелеріне жіберу туралы мәселені шешу үшін денсаулық сақтау органдарына жібере алады.
2.МЕДИЦИНАЛЫҚ СИПАТТАҒЫ МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫ
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын
қолдану негiздерi
1. Сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын:
а) есi дұрыс емес жағдайда осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiндегi баптарда көзделген әрекеттердi жасаған;
б) қылмыс жасағаннан кейiн психикасы жазаны тағайындау немесе орындау мүмкiн емес болып бұзылған;
в) қылмыс жасаған және есiнiң дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуынан зардап шегетiн;
г) қылмыс жасаған және алкоголизмнен немесе нашақорлықтан не уытқұмарлықтан емдеуге мұқтаж деп танылған адамдарға тағайындауы мүмкiн.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары психикасының бұзылуы бұл адамдардың өзге елеулi зиян келтiру мүмкiндiгiне не өзiне немесе басқа адамдарға қауiп төндiруiне байланысты жағдайларда ғана тағайындалады.
3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын орындаудың тәртiбi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқарушылық кодексiмен және денсаулық сақтау туралы заңдарымен белгiленедi.
4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған және өзiнiң психикалық жағдайы бойынша қауiп келтiрмейтiн адамдар жөнiнде сот бұл адамдарды емдеу немесе Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңдарында көзделген тәртiппен психиатриялық-неврологиялық мекемелерге жiберу туралы мәселенi шешу үшiн денсаулық сақтау органдарына қажеттi материалдар жiбере алады.

қолдану мақсаттары
Қылмыстық Кодекстiң 88-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдарды емдеу немесе олардың психикалық жағдайын жақсарту, сондай-ақ олардың осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiндегi баптарда көзделген жаңа әрекеттердi жасауын болғызбау медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың мақсаттары болып табылады.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының
түрлерi
1. Сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының:
а) емханалық мәжбүрлеп қадағалау және психиатрда емделу;
б) жалпы үлгiдегi психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;
в) мамандандырылған үлгiдегi психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;
г) интенсивтi қадағаланатын мамандандырылған үлгiдегi психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түрлерiн тағайындауы мүмкiн.
2. Есi дұрыс күйiнде жасалған қылмысы үшiн сотталған, бiрақ алкоголизмнен, нашақорлықтан (уытқұмарлықтан) емдеудi не психикасының есi дұрыстығын жоққа шығармайтындай бұзылуынан емдеудi қажет ететiн адамдарға сот жазамен бiрге емханалық мәжбүрлеп қадағалау және психиатрда емдеу түрiнде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкiн. .
Емханалық мәжбүрлеп қадағалау және психиатрда емдеу
Егер адам өзiнiң психикалық жай-күйi бойынша психиатриялық стационарға орналастырып емдеудi қажет етпесе, осы Кодекстiң 88-бабында көзделген негiздер болған жағдайда емханалық мәжбүрлеп қадағалау және психиатрда емдеу тағайындалуы мүмкiн.
Психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу
1. Егер адамның психикасының бұзылу сипаты тек психиатриялық стационарда ғана жүзеге асырыла алатын емдеудiң, күтудiң, ұстаудың және қадағалаудың шарттарын талап ететiн болса, Қ.К-тің 88-бабында көзделген негiздер болған жағдайда психиатриялық стационарда осындай мәжбүрлеп емдеу тағайындалуы мүмкiн.
2. Жалпы үлгiдегi психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу өзiнiң психикалық жай-күйi мен жасаған қоғамдық қауiптi әрекетiнiң сипаты бойынша стационарлық емдеу мен қадағалауды қажет ететiн, бiрақ интенсивтi қадағалауды қажет етпейтiн адамға тағайындалуы мүмкiн.
3. Мамандандырылған үлгiдегi психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу өзiнiң психикалық жай-күйi мен жасаған қоғамдық қауiптi әрекетiнiң сипаты бойынша тұрақты қадағалауды талап ететiн адамға тағайындалуы мүмкiн.
4. Интенсивтi қадағалайтын мамандандырылған үлгiдегi психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу өзiнiң психикалық жай-күйi мен жасаған қоғамдық қауiптi әрекетiнiң сипаты бойынша өзiне немесе басқа адамдарға айрықша қауiптi болған тұрақты және интенсивтi қадағалауды талап ететiн адамға тағайындалуы мүмкiн.

ұзарту, өзгерту және тоқтату
1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзартуды, өзгертудi және тоқтатуды психиатр-дәрiгерлер комиссиясының қорытындысы негiзiнде мәжбүрлеп емдеудi жүзеге асыратын мекеме әкiмшiлiгiнiң ұсынуы бойынша сот белгiлейдi.
2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы белгiленген адам сотқа осындай шараны тоқтату туралы немесе өзгерту туралы ұсыныс енгiзу үшiн негiздердiң бар екенi жөнiндегi мәселенi шешу үшiн кемiнде алты айда бiр рет психиатр-дәрiгерлер комиссиясында куәландырылып отыруға тиiс. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдануды тоқтату немесе өзгерту үшiн негiздер болмаған кезде мәжбүрлеп емдеудi жүзеге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz