Ақша-несие жүйесі


ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 4
1. АҚША ЖҮЙЕСІ . . . 5
1. 1. Ақша жүйесі түсінігі, типтері мен элементтері . . . 5
1. 2. Ақша массасы, ақшаға айналымының жүйесі . . . 7
2. НЕСИЕ МӘНІ . . . 9
2. 1. Несие қызметтері және және формалары . . . 9
2. 2. Банктер, олардың түрлері және қызметтері . . . 11
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 13
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 14
КІРІПСЕ
Бүгінгі күні ақша - несиелік реттеудің монетарлық концепциясы нарықтық экономикалы елдерде кең тараған. Бұл оның шаруашылықтың осы жүйесіне парапар болғандығын және экономикалық мәселелерді шешуге қабілетті екенін айқындайды.
Ұлттық банк Қазақстанда заң түрінде ақша - несиелік реттеу органы болып табылады. Реттеудің объектісі - айналымдағы ақша массасының көлемі және құрылымы. Заң жүзінде Ұлттық банктің ақша - несиелік ставкаға әсер ететін экономикалық құралдары белгіленген: несиелер бойынша міндетті резервтердің жіне есепке алу ставкалаларының нормасын белгілеу, банктер үшін экономикалық нормативтерді белгілеу, құнды қағаздармен операциялар жүргізу. Ақша - несиелік реттеудің шаралары әлемдік практикаға мәлім және олар көп елдерде қолданылып отыр.
Ақшалай - несиелік айналым айналым сферасында әрекеттер жасай отырып, ұлттық банк әр түрлі құралдарды пайдаланады. Олардың көпшілігі жанама ықпал жасау сипатында болады. Осы істе мемлекет әрекетінің экономикадағы жалпы принциптерінің ұқсастығы бар. Алайда несие орталығының кейбір әрекеттері тікелей әдіспен жүзеге асырылатын болады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде қабылданған заңдарға сәйкес Ұлттық банк қызметі үкіметтің экономикалық саясатының алға қойған міндеттерін орындауға бағытталынуы тиіс. Сонын өзінде бұл несие орталығы үкіметке қатысты әр түрлі мәртебе алуы мүмкін. Көп жағдайда ол толық есеп беруге міндетті, кейде шамалы дербестікте болады, ал бір жағдайларда тіпті ешқандай кіріптарлықсыз жағдайда болады.
1. АҚША ЖҮЙЕСІ
1. 1. Ақша жүйесі түсінігі, типтері мен элементтері
Ақша жүйесі - белгілі бір елде қалыптасып, әдетте заңмен бекітілетін ақша айналымын ұйымдастыру түрі. Елдегі жалпыға бірдей балама ретінде қабылданған асыл металға және ақша айналысының негізіне қарай ақша жүйесі екі түрге бөлінеді
Елдін ақша жүйесін реттеу жұмысын, осы жүйенің әрқилы элементтерін үйлесімге келтіріп отыратын, қаржы-несие органдары жүргізеді.
Ақша жүйесінің типі - бұл ақшаның қандай нысаны болуын сипаттайды. Осыған байланысты, ақша жүйесінің төмендегідей типтерін бөліп қарайдық.
- металл ақша айналысы, яғни мұндай ақша тауары тікелей айналыста бола отырып, ақшаның барлық қызметтерін атқарады, ал несиелік ақшалар металға ауыстырылады;
- несиелік және қағаз ақшалар жүйесі, яғни алтын айналыстан алынып тасталып, оның орнына несиелік және қағаз ақшалар айналысқа түседі.
Металл ақша айналысы екіге бөлінеді: биметализм, монометаллизм.
Биметализм тұсында жалпы эквивалент рөлін екі метал атқарады (алтын мен күміс), монометализм тұсында - тек бір метал. Биметализм жүйесі Еуропада XVI-XVIII ғасырларда кең тараған. Бірақ жалпы эквивалент болып табылатын ақшаның табиғатына, ақша рөлін екі металдың атқаруы қарсы келеді. Осылайша уақыты жеткен мерзімде бұл жүйе монометализмге алмастырылады. Тарихқа монометализмнің үш түрі мәлім: Мыс (Рим - б. дд. V-III ғғ. ), күміс (Ресей - 1843-1852 жылдары; Голландия, Үндістан - XIX ғ. ), алтын (Англия - XVIII ғасыр аяғынан, басқа елдер - XIX ғасыр аяғынан) .
Биметализм - жалпыға балама рөлі екі бағалы металға (алтын мен күміске) негізделген ақша жүйесі.
Биметаллизмнің үш түрі болған:
- қос валюталы жүйе, яғни мұнда алтын мен күмістің арасындағы шекті қатынас, металдардың нарықтық құндарына байланысты белгіленген;
- қатар жүретін валюталар жүйесі, яғни мұнда бұл қатынас мемлекет тарапынан белгіленген;
- ақсақ валюта жүйесі, яғни мұнда алтын және күміс монеталары заңды төлем құралы қызметін атқарады, бірақ бірдей негізде емес, себебі күміс монеталарын жасау жабық түрде жүзеге асырылып, алтын монеталарын жасауға ерік берілді.
Биметаллизм XVI-XVII ғасырларда кеңінен тарап, ал Еуропа елдерінде XIX ғасырда дами бастады. Бірақта биметалдық ақша жүйесі капиталистік шаруашылықтың даму қажеттілігіне сәйкес келмеді, себебі екі металды құн өлшемі ретінде қатар пайдалану ақшаның бұл қызметінде қарама-қайшылық тудырды. Нәтижесінде, жалпы құн өлшемі ретінде қызмет ететін бір ғана металдың болуы талап етілді. Сөйтіп, биметализм ақша жүйесінің орнына монометализм ақша жүйесі келді.
Монометаллизм - бұл барлығына бірдей балама және ақша айналысының негізі ретінде бір ғана металл (алтын немесе күміс) қызмет ететін ақша жүйесі.
Күміс монометаллизмі Ресейде 1843-1852 жылдары, Индияда 1852-1893 жылдары, Голандияда 1847-1875 жылдары қызмет етті. Алтын монометаллизмі (стандарт) алғаш рет ақша жүйесінің үлгісі ретінде XVII ғасырда Ұлыбританияда қалыптасып, 1816 жылы заңды түрде бекітілді. Көптеген елдерде ол XIX ғасырдын, аяғына қарай енгізілді, айталық: Германияда - 1871-1873 жылдары, Швецияда, Норвегияда және Данияда - 1873 жылы, Францияда 1876- 1878 жылдары, Австрияда - 1892 жылы, Ресейде және Жапонияда -1897 жылы, АҚШ-та - 1900 жылы. Алтынға ауыстырылатын құн белгілерінің сипатына байланысты алтын монометаллизмі мынадай түрлерге бөлінеді: алтын монета стандарты, алтын құйма стандарты және алтын девиздік (алтын валюта) стандарты.
Ақша жүйесінің элементері: ақша бірлігі, баға ауқымы, ақша түрлері, ақша жүйесінің институттары және эмиссиялық жүйе.
Ақша бірлігі - барлық тауарлардың бағаларын бейнелеуге қызмет ететін, заңды түрде бекітілген ақша белгісі. Ақша бірлігі ұсақ бөлшектерге бөлінеді.
Баға ауқымы - елде ақша бірлігі және оныі құрылымдылық бөлігі болып саналатын ақша металының салмақ мөлшері.
Ақша түрлеріне - бұл заңды төлем құралы болып табылатын: несиелік және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) жатады.
Ақша жүйесінің институттары - ақша айналымын реттейтін мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер.
Эмиссиондық жүйе - бұл әр елдің орталық банктерінің айналысқа ақша шығаруын білдіреді.
1. 2. Ақша массасы, ақшаға айналымының жүйесі
Ақшаның массасы - қолма-қол және қолма қол емес формадағы барлық ақша құралдарының жиынтығы, бұлардың көмегімен шаруашылықтағы тауарлар мен қызметтердің айналымы жүріп отырады. Ақша массасы - айналыс және қор жинау құралы қызметін атқаратын қаражаттарының жиынтығы.
Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналысының сандық өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге байланысты шараларды жасау үшін әртүрлі көрсеткіштер пайдаланылады. Ондай көрсеткіштерді ақша агрегаттары деп атайды.
Өнеркәсібі жағынан дамыған елдердің қаржылық статистикасында ақша массасын анықтау барысында төмендегідей ақша агрегаттары қолданылады:
Ml агрегаты, қолма-қол қағаз ақшалар мен тиындар және чектік салым;
М2 агрегаты, қолма-қол қағаз ақшалар мен тиындар және мерзімдік салым;
МЗ агрегаты, ұзақ мерзімді салымдар ақша массасының құрамына;
Ақша жүйесі - әрбір елде тарихи қалыптасқан және мемлекетпен заң бойынша белгіленген ақша айналысын ұйымдастырудың нысаны.
Қазақстанда ақша бірлігі теңге деп аталады. 1991 жылдың тамыз айында Ресей, Украина, Беларус мемлекеттері өзара келісімдеріне байланысты Кеңес Одағы ыдырай бастады.
Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде егемендігін жариялады. Дегенмен ақша ресурстары ортақ жүйеде қолдана берілді. өтпелі экономиканың ауыр кезеңінде 1992 жылы Ресей қаржы саясатына байланысты жаңа ақша бірлігін шығарушы Қазақстанның экономикалық жағдайын қиындата түсті. Себебі, ақша айналымында кеңес ақшасының көлемішегінен тыс көбейіп құнсызданады. Осы бірқатар себептергебайланысты Қазақстан өз ұлттық ақша бірлігін 1993 жылы қараша айында щығара бастады.
Ақша жиыны - ақша айналымы мен жинақ ақшаның функциясын атқаратын, қолда бар және ақшасыз нысандағы барлық ақшалай қаражаттың жиынтығы.
Ақшаның сатып алу қабілеті - бұл ақша бірлігіне сатып алынатын тауар мен қызметтің мөлшері. Баға өскен сайын ақшаның сатып алу алу қабілеті төмендейді.
Ақша айналымының жылдамдығы (V) қолдан-қолға өтетін ақша шапшаңдығы.
V=P · Q/M
V - ақша айналымының жылдамдығы;
P - баға деңгейі;
Q - өндірілген өнім мөлшері;
M - ақша мөлшері.
2. НЕСИЕ МӘНІ
2. 1. Несие қызметтері және және формалары
Несие сөзбе-сөз аудармада сенім (credo - сенемін) деген түсінік береді. Бұны белгілі бір капиталдың басқа бір кәсіпорындағы солардың айналымы деп және сол кәсіпорынмен келісім деп түсінуге болады. Несиелік келісім - бұл төлемі мезгілінен кешіктірілген сатып алу-сату болып табылады.
Несие туралы оның мәнін ашып көрсету үшін мынадай жайттарды айту керек: несие дегеніміз қарыз қорының болмысының формасы, қарыс қорына меншіктің жүзеге асырылуының ерекше формасы.
Қарыз қорын орталықтанған ақша қорыны бөлшегі деуге болады және ол кейбір жағдайда ақша ретінде есептелмек, солай болып елестейді. Одан терең талдау қордың күрделі қайшылығы мол екі процестермен байланысты қатынас екенін айқындатады: қайтарылып берілетін уақытша қолданылатын ақша құралдарының қалыптасуы және оларды пайдаланумен байланысты қатынастар екенін аңғартады. Бұл - қайшылықта болатын бірлік және тек қарыз қорының қайшылықтарынан несие пайда болады.
Абстракцияның бұдан жоғары сатысында несие несиелік қатынастарға айналады. Осы қатынастар қарыз қорының қозғалысы туралы кредитор мен кредит алушылар арасында пайда болып қалыптасады. Бұл қатынастар, айталық венчур капиталына дем беріп, дамуға импульс бере алады немесе олар экономика дамуының кедергісіне айналуы мүмкін.
Микро және макро экономикалық тепе-теңдікті орнатуды несие маңызды қызметтер атқарады. Несиенің көмегімен әр түрлі салалар және кәсіпорындар арасында капиталдың қайта бөлінуі жүріп отырады және оның қайтарылуы - несиенің нарық механизмінің тәртіп сақтаушы тиімді құралы болып қызмет атқаруына жол ашады.
Несие өзінің қозғалысын әр түрлі формада жүргізіледі. Несиенің классикалық формаларына коммерциялық және банктік несие жатады.
Коммерциялық несие төмен мерзімі кешіктірілген тауардың сатылуында қолданылады. Оның объектісі - тауардық формадағы құралдар. Мақсаты - тауарлар мен қызметтердің өтуін тездету. Коммерциялық несие формасында жасалатын келісім құжатының қызметін векчель атқарады.
Вексель - құнды қағаздардың бір түрі. Ол белгілі уақыт мерзімі өткеннен кейін, сонда көрсетілген соманың төлеуін талап етуге құқық береді. Вексельдің жабайы және аударма түрі болады. Жабайы вексель - осыны берген адамның белгілі соманы вексельді ұстаушыға көрсетілген мерзімде төлеймін деген міндеттемесі. Аударма вексель - вексельді ұсынушының төлеушіге өзіне төлем жасау міндеттемесін алған, немесе, вексель бойынша төлем жасау кепілдігін өзіне алған үшінші жаққа - акцептантқа, вексельде көрсетілген ақша сомасын төле деген жазбаша бұйрығы.
Банк несиесін кәсіпкерлерге және басқа қарыз алушыларға ақшалай қарыз формасында банктер береді.
Мемлекеттік несие бір жылдық мерзімге дейін берілетін қысқа мерзімдік және одан ұзақ мерзімге берілетін ұзақ мерзімдік болып бөлінеді.
Мемлекеттік несие - бұнда қарыз алушы мемлекет, ал кредитор көбінесе халық болады. Осы несие мемлекеттік қарыз, мақсатты процентсіз қарыздар, қазыналық мендеттемелер түрін алады.
Нарықтың қалыптасу кезеңінде, тұрмыстық жағдайлар үшін берілетін тұтынушылық несие және мемлекеттер арасындағы байланыстарға қызмет ететін халықаралық несие дами бастайды.
Несие қатынастарының өркениетті елдерде кең қолданылатын жаңа формалары дамып отыр: лизинг-несие, факторинг, фарфейтинг және т. б.
Лизинг - несиенің ақшалай емес формасы. Бұнда машиналар, жабдықтар және басқа материалдық құралдар жалға беріледі, ал кейін осылардың құны бірте бірте төленіп болғаннан соң, олар жалға алушылардың меншігіне айналады. Лизингтін қолданылуы меншік қызметтерінің бөлінуіне негізделеді. Мүлікке меншік құқы жалға берушіде қалады, ал жалға алушы осы мүліктің құнын толық өтелгенше оны пайдаланады.
Лизингтік келісімдер 1 жылдан 10-15 жылға дейін жасалады. әдетте, компаниялар техниканы өздері емес, лизингтік фирмалар арқылы береді. Лизингтік компаниялар қызметін әр түрлі ұйымдар арқылы - банктер және олардың бөлімшелері, немесе, өнеркәсіптік корпорациялардың филиалдары мен еншілес компаниялары.
Коммерциялық банктер несиенің факторинг деген формасын пайдалана бастады. Факторинг - бөтеннің қарызын сатып алу, немеме, сенімхат арқылы коммерциялық операциялар жүргізу. Банк немесе басқа комиссионер кәсіпорынның, ассоциацияның және т. б. дебиторлық есепшотын қолма-қол ақшаға сатып алады, бұдан соң, ассоциацияның сатқан тауарын немесе көрсеткен қызметін нақты сатып алушыдан қарызды өндіріп алады.
Фарфейтинг - қарызды банкке сатумен байланысты ұзақ мерзімді факторинг, қарызды өндіріп алу мерзімі 1-5 жылдан кейін келеді.
2. 2. Банктер, олардың түрлері және қызметтері
Несиенің, несиелік қатынастардың, несиелік механизмнің негізінде несиелік жүйе - банктер пайда болады. Несие жүйесі ұғымы банк жүйесіне қарағанда кеңірек, яғни мұнда ізге де несиелік мекемелер қамтылады. Банк ақша ресурстарын тартып, оларды орналастырумен айналысатын экономикалық институт. Пассивтік операциялар арқылы банк ақша ресурстарын тартып жинақтайды, ал активтік операциялар арқыл соларды орналастырады.
Банктің ресурстары өзінікі, сырттан тартылған және эмитеттік болып бөлінеді. өзіндік қаржыларға акционерлік және резервтік капитал, сонымен қатар бөлінбеген пайда жатады. Банк ресурстарының негізгі бөлігін тартылған салымдар және контокоренттік пен корреспонденттік есепшоттары құрайды.
Нарық экономикасында қаржы-несиелік телекоммуникациялар негізінде әрекет ететін, әр алуан, банктік емес, өздерінің информациялық жүйелері бар, қаржы-несиелік мекемелер маңызды қызметтер атқарады. Бұл лизинг компаниялары, трастық, инвестициялық, акция шығаратын, факторинг, фарфейтингтік, клирингтік палаталар, сақтандыру қоғамдары, зейнетақы қорлары жатады.
Нарықтық экономикаға пара пар келетін, осы заманның банкілік жүйесі туралы әігімеде, банкілік мультипликатор деген түсінік назардан тыс қалуы мүмкін емес. Қарыз алушы бір банкіден несиеге ақша алғанда, осы ақша келісім жасағаннан кейін басқа банкте болып қалуы мүмкін. Осы кейінгі банк бұл ақшаны басқа клиентке несиеге бере алады. Осылай ақшалай ссудалар бір-бірімен шатасып жатады. Ал несиелендіру процесі біткенде, бастапқа салынған сома өседі. Бастапқы соманың өсімінің көлемі банкілік мультипликатор деп аталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz