Спорттық-сауықтыру туризмі


ЖОСПАР
Кіріспе 3
1. Спорттық-сауықтыру туризмі және оның теориялық негіздері 5
1. 1. Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні 5
1. 2. Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы 10
2. ҚР спорттық-сауықтыру туризмінің дамуы және оның болашағы 16
2. 1. Қазақстанның спорт саласын мемлекеттік қолдау және оның
спорттық туризмді дамытудағы әлеуетті мүмкіндіктері 16
2. 2. Туризм және спорт салаларының қазіргі жағдайы мен даму
үрдісін талдау 23
ҚОРЫТЫНДЫ 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 30
КІРІСПЕ
Қазіргі заман ағысына ілесу уақыт талабы. Сол орайда еліміздің әр саласын жетілдіріп, дамытуда түрлі шаралар қолға алынып жатыр. Спорттық-сауықтыру туризмі - көптеген демалу түрінің бір түрі болып есептеледі. Спорттық-сауықтыру туризмі түрлері жай туристер ортасында үлкен танымалдылықта болып жүр. Шаршағанды басуға көмектесетін тек қана жағажайдағы демалу емес, сонымен қатар созылған жүйке-жүйе мен физикалық төзімділікте көмектеседі. Көптен көп адамдар таулардың сұлулығын, шығанақтарды, сарқырамаларды көргісі келеді, таулы өзендерде жүзгісі келеді, тау шаңғысымен немесе жылқымен жүргісі келеді және осы арқылы белсенді туризмге туристер үйрене бастайды. Көп уақыттан бері белсенді туризм табиғатқа немесе спортқа тікелей қатысты болып келеді. Бұл туризм түрінің қазіргі таңда дамуы - оның табиғат сыйлаған жерлерді бастапқы күйінде көру мүмкіншілігінде. Қазіргі таңда адам баласы үшін ол көрген, болған жерлер еш қызық тудырмайды, ал спортқа жай ғана жанкүйер болу қызықты сезімдерді бастан кешуге, адреналинді толығымен алуға мүмкіндік береді. Дәл осы туризм адамдарға бірталай уақыт бойы таза ауаны, таулы жердің әсемдігін, сулы жердің көріктігін сезінумен демалып, ішкі жан-дүниемен, тұла бойымен демалысты қамтамасыз етеді. Сондықтан қазіргі таңда спорттық-сауықтыру туризмі түрлерін дамыту мәселелері өзекті болып табылады.
ҚР 2011 жылғы халыққа жолдауында «Салауатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидаты - міне, осылар денсаулық саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс» делінген. Яғни осы мақсатты жүзеге асыру жолында әр бір саланы жетілдіру маңызды шарттардың бірі болып табылады. [1] .
Қазақстан Республикасының Президентінің 2012 жылдың 27-қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында спорттық туризмнің дамуына үлкен мән беретіндігі байқалады: « Ағымдағы дамудың маңызды мәселелерінің бірі Қазақстан экономикасына тікелей шетел инвестицияларының ағынын әртараптандыру болып табылады. Оларды перспективалы салаларға, мысалы, туризм саласына бағыттау қажет. Дамыған елдерде туристік кластердің үлесіне ІЖӨ-нің
10 пайызына дейіні тиесілі. Бізде 1 пайызға да жетпейді.
Тұтастай ел бойынша туризм өсімінің нүктелерін зерттеу қажет, олар аз емес. Осымен байланысты Алматы жанындағы әлемдік деңгейдегі тау шаңғысы курорттарын дамыту маңызды жоба болуы тиіс. Сарапшылар тау шаңғысы курортына келген бір турист теңізге барған сапарына қарағанда 6 есе көп шығынданады деп есептейді. Бұл мемлекет үшін өте тиімді». [2] .
Туризм - адамның бос уақытындағы саяхаты, белсенді демалыстың бір түрі. Туризм - халықтың рекреациялық қажеттілігін (денсаулығын жақсарту, күш-қуатын қалпына келтіру, т. б. ) қанағаттандырудың ең тиімді жолы.
Өзінің физикалық күш-қуатын жұмсау арқылы бағыт бойынша саяхаттау түрлерін туризмнің белсенді түрлері дейміз. Туризмнің белсенді түрлеріне жаяу, шаңғы, тау, су, велосипеджәне бағыттың бойында құрамдасқан туристік саяхаттардың басқада түрлері жатады. Кейде жоспарлы түрде жүргізілетін туристік саяхаттар барысынд көлік түрлерін тайдаланатын туризмнің белсенді түрлеріне жатқызылады. Соңғы 10-12 жылда қазақстандық туристік фирмалары шетелдіктер қатысатын турларға енгізуде. Мамандар спорттық туризмнің негізгі қызметі табиғи кедергілерден өтуді спорттық жағынан жетілдіру, арқылы адамның жер бедері күрделі өтуге қиын жерлердегі кедергілерден қауіпсіз өтудің іскерлік дағдыларын қалыптастыру болып саналады. Саяхаттың белсенді түрлерін туризм индустриясында пайдаланудың ғаламдық және өңірлік маңызы бар. Өйткені белсенді туристік жорықтарда әлемдік әлеуметтік құбылыс ретіндегі туризмнің танымдық, әлеуметтік-коммуникативтік, спорттық, эмоциялық-психологиялық, эстетикалық, сауықтыру, шығармашылық, жекелеген жағдайда зияраттық қызметтерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Туризмнің белсенді түрлерімен айналысу барысында үш мәселеге баса назар аудару қажет. Біріншіден, туризмнің белсенді түрлерімен айналысу туристердің физикалық дайындығын қамтамасыз етеді. Екіншіден, туристік техникадан өтетін жарыстарға қажетті арнайы шеберліктері мен іскерлік-дағдыларын қалыптастырады. Үшіншіден, туристік жорық жетекшілері мен қатысушылардың спорттық біліктіліктері мен жаяу туризммен айналысу барысында ағзаға түсірілетін ең жоғарғы салмақты реттеуге мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстың мақсаты : ҚР спорттық-сауықтыру туризмі және оның даму ерекшеліктерін қарастыру.
Алға қойған мақсатқа жету үшін бірнеше міндеттер қойылды:
- спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәнін ашу;
- спорттық-сауықтыру туризмінің түрлері және ерекшеліктерін көрсету;
- Қазақстанның спорт саласын мемлекеттік қолдау және оның әлеуетті мүмкіндіктерін айқындау;
- Туризм және спорт салаларының қазіргі жағдайы мен даму үрдісін талдау;
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі: Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің ататуы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді
1 спорттық-сауықтыру туризмі және оның теориялық негіздері
1. 1 Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні
Туризм - бұл қоғамның белгілі бір санатының өмір салты, тұлғаның рухани және физикалық дамуының тиімді құралы, отанға деген сүйіспеншілікті және табиғатқа деген нәзік қарым-қатынас тәрбиесі, халықтар мен ұлттар арасындағы өзара сыйластық пен түсіністік болып табылады.
Туризмнің дамуы мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың маңызды бөлігі болып табылады.
Туризмнің дамуы көптеген факторларға байланысты болады:
- туристік рекреациялық ресурстар;
- өңірдегі инфрақұрылымның дамуы;
- білікті кадрлардың болуы;
- туризмді мемлкеттік деңгейдегі қолдау;
- демографиялық және әлеуметтік факторлар;
- тәуекел факторлары;
- саяси және экономикалық факторлар;
- ғылыми-техникалық үрдістің, салттардың болуы және т. б.
Бүгінгі таңда туризмнің келесі біліктілік түрлері мен формалары қалыптасқан:
1. Қызмет мақсаты бойынша: маршрутты, танымдылық, спорттық, денсаулық түзетуші, оның ішінде белсенді қозғалыс түрімен, іскер және конгресс туризм, курортты, емдеу, тау шаңғылы, фестивальді, аң аулау, экологиялық, шоп туризм, діни, жаттығу және т. б.
2. Жылдамдығы бойынша: қозғалысты, стационарлы, аралас.
3. Қатысу түріне қарай: жеке, топтық, отбасылық.
4. Жас мөлшеріне байланысты: үлкен, жас, балалар, аралас.
5. Мезгілі бойынша: бір күндік, көп күндік, транзитті.
6. Көлік құралын пайдалану бойынша: автомобильді, темір жолды, авиациялық, су, велосипедті, салт және аралас.
7. Маусымы бойынша: белсенді турист маусымы, маусым арасы (жартылай маусымды) және маусымдық емес.
8. Географиясы бойынша: құрлық аралық, халықаралық (өңіраралық), өңірлік, жергілікті және шекара маңы.
9. Қозғалу тәсілі бойынша: жаяу, дәстүрлі көліктерді қолдана отырып, экзотикалық көлік түрлерін қолданып (канат жолы, фуникулер, дирижабль, әуе шары, дельтаплан) .
Туризм дегеніміз өзінің бойында табиғи-ғылыми (онымен айналысқанда денені сауықтыруды негізге алатын), ғылыми-әдістемелік (туристік топтарда жетекшілікке алынатын педагогикалық процесс сабағының негізі), ұйымдастыру-басқару (басқару, кадр және материалдық базасы), бағдарламалық нормативті негіздемелерді (туристік жұмыстың бағытын, сипатын және мазмұнын анықтайды) компонент ретінде жинақтаған шаралар жүйесі.
Спорттық-сауықтыру туризмі - дара және әлеуметтік бағыты бар сала, қоғамның белгілі бір бөлігінің өмір салты; тұлғаның рухани және физикалық дамуындағы, табиғатқа деген нәзік сезіміндегі, халықтар мен ұлттар арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықтың тиімді құралы; халықтардың мәдениетімен, өмірімен, таррихымен, салттарымен танысуға негізделген «халықтық демократияның» формасы; әр ұлтқа тән халық шығармашылығын, барлық әлеуметтік демографиялық топтардың, мектепке дейінгі жастағы балалардан бастап зейнеткерлерге дейін жеке белсенділік формасының еркіндігін сипаттайтын көрнекті демалыс түрі. [3] .
Спорттық туризмнің негізгі түрлері деп келесі дәстүрлі түрлерін атаймыз: жаяу, таулы, шаңғы, су, велосипед, авто-мототуризм.
Жас мөлшері және әлеуметтік жағдайы бойынша спорттық сауықтыру туризмі үлкен, студенттік (жастар), балалар мен жасөспірімдер, жас аралас, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған туризм деп бөлінеді.
Спорттық сауықтыру туризмі азаматтардың қоғамдық қозғалысы ретінде түсетін түсімді есептемейді және ұйымдастырылған, ұйымдастырылмаған спорттық туризмнен тұрады.
Спорт түрі ретінде ол қоғамдық ұйымдарды спорт туризмін жеке клубтарға, секцияларға, федерацияларға және одақтарға біріктіріп, сондай-ақ мемлекеттің қолдауымен туристік білікті маршруттарды ойластыруға бағытталған. Оның құрылымында негізгі басқару органы болып Қазақстанның Туристік Одағы аясындағы Қазақстан Республикасының спорттық туризм және туристік көпсайыс федерациясы табылады, бұл одақ мемлекеттік спорттық құрылымдар директиваларын басшылыққа алады және Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп жұмыс жасайды. [4] .
Спорттық-сауықтыру туризмі өзінің мақсаты бойынша спорттық, танымдық, оқу, зерттеу, экологиялық бағыттарға бөлінеді және оларды біріктіреді.
Спорттық-сауықтыру туризмі шаралар түрі бойынша: саяхат, спорттық серуендер, жарыстар, слеттер, экспедициялар, экстремалды спорт турлары, спорттық туризм гидтері мен нұсқаушыларын дайындайтын спорттық туристік мектептерді ұйымдастыру және жүргізу кезінде өзінің мақсаттарын жүзеге асырады.
Спорттық-сауықтыру туризмінің материалдық техникалық қорын құру дегеніміз туристік жабдықтар, техникалық және басқа қозғалыс құралдары, туристік полигондар, туристік базалар, жас туристер станциясы және туристік клубтар болып табылады.
Өзінің физикалық күш-қуатын жұмсау арқылы бағыт бойынша саяхаттау түрлерін туризмнің белсенді түрлері дейміз. Туризмнің белсенді түрлеріне жаяу, шаңғы, тау, су, велосипед және бағыттың бойында құрамдасқан туристік саяхаттардың басқа да түрлері жатады. Кейде жоспарлы түрде жүргізілетін туристік саяхаттар барысында көлік түрлерін пайдаланатын туризмнің белсенді түрлеріне жатқызылады. Соңғы 10-12 жылда қазақстандық туристік фирмалары шетелдіктер қатысатын турларға енгізілуде. Мамандар спорттық туризмнің негізгі қызметі табиғи кедергілерден өтуді спорттық жағынан жетілдіру арқылы адамның жер бедері күрделі өтуге қиын жерлердегі кедергілерден қауіпсіз өтудің іскерлік дағдыларын қалыптастыру болып саналады. Саяхаттың белсенді түрлерін туризм индустриясында пайдаланудың ғаламдық және өңірлік маңызы бар. Өйткені белсенді туристік жорықтарда әлемдік әлеуметтік құбылыс ретіндегі туризмнің танымдық, әлеуметтік-коммуникативтік, спорттық, эмоциалық-психологиялық, эстетикалық, сауықтыру, шығармашылық жекелеген жағдайда зияраттық қызметтерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Туризмнің белсенді түрлерімен айналысу барысында үш мәселеге баса назар аудару қажет. Біріншіден, туризмнің белсенді түрлерімен айналысу туристердің физикалық дайындығын қамтамасыз етеді. Екіншіден, туристік техникадан өтетін жарыстарға қажетті арнайы шеберліктері мен іскерлік-дағдыларын қалыптастырады. Үшіншіден, туристік жорық жетекшілері мен қатысушылардың спорттық біліктіліктері мен жаяу туризммен айналысу барысында ағзаға түсірілетін ең жоғарғы салмақты реттеуге мүмкіндік береді.
Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасының жеке міндеттері қандайда бір жаяу, су немесе басқа да белсенді туристік жорықтарды ұйымдастыруға қатысты туристердің арнайы дайындығын қамтамасыз етумен тығыз байланысты.
Туризмнің белсенді түрлерінің тәрбиелік, білімдік, сауықтыру және спорттық міндеттерін шешуі рекреанттардың жасына, арнайы физикалық дайындығына тығыз байланысты болады. Тәрбиелік мақсатымен қатар жорық барысында білімдік мақсаты да шешіледі. Ол өлкетану, топографиялық, табиғаттану бағытында алған теориялық білім жорық барысында іс жүзінде бекумен қатар қозғалу әдіс-тәсілдері қалыптасып бекиді.
Сауықтыру міндеті туристік бағытты бойлай қозғалу мен денеге түсірілетін физикалық салмақты дұрыс ұйымдастыру, белсенді демалыс барысында табиғат факторларының ағза қызметіне оң әсер етуін, жеке және қоғамдық гигиенены сақтау арқылы жүзеге асырылады. Сауықтыру жүгіруімен немесе жүзумен айналысатын адамдарды туристік жорықтарға тарту адамдардың ағзасына түсетін физикалық салмаққа бейімделуінен арылуына мүмкіндік береді. Өйткені бейімделу ағзаға түсетін біртекті физикалық салмақтың тұрақты түрде ұзақ қайталануынан туындайды. [5, 20б] .
Оқу-жаттығу жорықтары сәйкес келетін туризмнің техникасы мен тактикасын меңгертетін теориялық білімді, қонатын орынды, өтетін өткелдер мен қажетті құрал-жабдықтарды пайдалану дағдыларын меңгертуді қажет етеді. Күрделі дәрежелі жорықтар ұйымдастыру туристік құрал-жабдықтарды пайдалану әдістерін меңгеріп, мұздықтарды, қолжетімділігі қиын аудандардың өсімдіктері мен жануарлар дүниесін оқып-үйренуді қажет етеді.
Туризмнің белсенді түрлерінің ғылыми-жаратылыстану негізі онымен айналысу барысында сауықтыру нәтижелерінің болуын қамтамасыз етеді. Туризммен айналысу барысында адам ағзасының физиологиясы мен қызметіндегі өзгерістерді оқып-үйрену туризммен айналысушыларды жас ерекшеліктеріне қарай жіктеуге, тиімді тамақтануды, жеке және қоғамдық гигиенаны сақтауды, жорық барысында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Туризмнің белсенді түрлерінің ғылыми-әдістемелік негіздеріне басқарылатын педагогикалық үрдіс ретінде туристік топтар мен секцияларда ғылыми негізделген сабақтар мен жаттығулар жүргізу жатады.
Туризмде іс-әрекет сипаты мен бағытына қарай мынадай түрлерін серуендеулер, экскурсиялар, жорықтар, экспедициялар деп бөліп қарастырады. Серуендеулер мен экскурсиялар туризмнің элементарлы түрлері болып табылады. Олар жеке де өткізілуі және туристік жорықтың құрамдас бөлігі де болуы мүмкін.
Серуендеулер - бұл сауықтыру, ағзаны шынықтыру мақсатында болатын көпшілік халықтың қолы жетерлік, қарапайым қысқа мерзімді туризмнің формасы (жаяу, шаңғымен, велосипедпен, қайықпен қозғалу) .
Экскурсиялар - бұл қандай да бір объектіні көруге ұжымның ғылыми немесе оқу мақсатында, жалпы мәдени даму үшін баруы.
Жорықтар - бұл қозғалыстың белсенді түрлерін қолдану арқылы болатын физикалық жетілдіру, өлкені тану, қоғамдық пайдалы іс-әрекет мақсатында ұйымдасқан топтық қозғалыс.
Тәжірибе жүзінде туристік жорықтардың көп түрлері қалыптасқан. Физикалық тәрбие жағынан олардың негізгілері дайындық, туристік және үгіттеу-жаппай жорықтары болып саналады.
Дайындық жорықтары алда тұрған туристік жорықтарда негізінен жорық қозғалыстары мен біртіндеп ағзаны үлкен және ұзақ қозғалыс күшіне үйретуге қызмет етеді. Дайындық жорықтарына серуендеулер мен экскурсиялар элементтерін енгізу пайдалы. Дайындық жорықтарының негізгі мазмұны туристік экипировкадан, жорықтық өмір тәртібінен игеру; қозғалыс тәсілдерін жетілдіру; аялдама орындарын таңдау мен дайындауға, түнеу жабдықтарына, от жағуға байланысты арнайы іс-әрекеттерге үйрену; күрделі және ұзақ уақытты жорықтарға қатысу үшін қажетті мысалы, ұстамдылық, күштілік, жылдамдылық т. б. қасиеттерге тәрбиелеу болып табылады.
Туристік жорықтар туризмнің ең типті түрі болып табылады. Олар айтарлықтай ұзақтылығымен (бірнеше күннен бір-екі айға дейін), бағыттарының әртүрлілігімен және қозғалыс тәсілдерімен ерекшеленеді. Оларды денешынықтыру және спорт комитеттерінде немесе аранйы туристік мекемелерде тіркеу қажет, ал күрделі жорықтардың өткізілуіне арнайы рұқсат болуы керек. Бұл жорықтарды жетекші-нұсқаушы, топтың құрамындағы ең білікті әрі тәжірибелі турист басқарады. [6, 12б] .
Туристік жорықтарды мақсаттық белгісі бойынша төмендегідей етіп бөлуге болады:
- сауықтыру;
- спорттық;
- оқу-жаттығу;
- ғылыми-танымдық;
- қызық оқиғалы (экзотикалық) .
Спорттық жорықтар спорт саласына жатқызылады: олар үшін маршруттардың белгілі бір күрделілігі, жолдың ұзақтылығы, бөгет-кедергілердің күрделілігі, қоныстанылмаған жерлерде болудың жағдайлары, әртүрлі қиындықтағы сынақ жорықтарының саны бекітіледі. Спорттық жорықтар дәл физикалық тәрбие мақсатында ең мамандандырылған түрі болып табылады.
Үгіттеу-бұқаралық жорықтары қандай да бір ірі қоғамдық-саяси немесе спорттық оқиғалар құрметіне өткізіледі, халықты туризмге тарту және туристік жұмыстар тәжірибесімен алмасу мақсатында жүргізіледі.
Экспедициялар - қандай да бір объектіні (географиялық, геологиялық, өлкетану, тарихи және т. б. ) зерттеу мақсатында іздестіру мақсатында болатын туристік саяхаттар. Экспедицияларда қозғалыс түрі белсенді (жаяу, шаңғы т. б. ) және белсенді емес (көлік) түрде болуы мүмкін. Экспедицияларда физикалық тәрбие құралы ретінде тек белсенді қозғалыс іс-қимыл көмегімен болатын туристік шаралар ғана қарастырылады.
Территориялық белгі бойынша жорықтар жергілікті және ұзақ, ұйымдастыру сипаты бойынша - жоспарланған (жолдамалар бойынша) және өзіндік болып бөлінеді. Жолдамалар бойынша саяхаттар белгілі бір, алдын ала әзірленген, сипатталған, ал кейде белгіленген маршруттар бойынша өткізіледі. Туристер жол бойында түнеу орындарымен, тамақтанумен, жергілікті көлікпен, экскурсия жүргізушінің қызметімен қамтамасыз етіледі.
Өздік саяхаттарын денешынықтыру ұжымдарының кеңестері, туристердің клубтары, туристік лагерьлер мен базалар, балалар экскурсиялық-туристік станциялары, мектептер, жеке туристік топтар ұйымдастырады. Бұл жерде туристер өздері маршрутты таңдайды және оны әзірлейді, жолда туристер өздері-өздеріне қызмет көрсетеді. Бұндай саяхаттар ақылы саяхаттардан арзан болады және топтың қанша уақыты болса, соншаға есептеліп өткізіледі. Туристер өздеріне қолайлы әрі қызықты, жастарына, физикалық дайындылықтарына сәйкес келетін қозғалыстың тәсілдерін қолданады. Бұндай саяхаттар денешынықтыру қозғалыстарының міндеттеріне толығымен жауап береді.
Қозғалу тәсілі бойынша саяхаттар жаяу, тау, су, шаңғы, велосипед, аралас, автомобильді және мотоцикльді болып бөлінеді.
Күрделілігінің өсуіне байланысты өздік саяхаттар 1, 2, 3, 4 және
5-ші дәрежелі күрделіліктегі демалыс күнгі жорықтар және көпкүнді саяхаттар болып жіктеледі. Жорықтардың күрделіліктері оның ұзақтылығымен, санымен, бөгет-кедергілерінің сипатымен және сол туризм түріне тән басқа да факторлармен анықталады. Жорықтардың қарапайым түрлерінен ең күрделі түрлеріне ауысу жорық жетекшілері мен оның қатысушыларының біртіндеп, жүйелі түрде жинақтаған тәжірибелері жағдайында мүмкін болады.
Демалыс күнгі жорықтарының мақсаты белсенді түрдегі демалыс, барған жердің табиғатымен, өмірімен танысу болып келеді. Олар бүкіл халықты туризмге шақыруға бейім болып саналады. Демалыс күнгі жорықтар көпкүнді саяхаттарға және туристік жарыстарға жаттығу үшін де ұйымдастырылады.
Кез келген ұзақтылықтағы және күрделіліктегі саяхаттар белсенді және танымдық демалыс мақсатында болады. [7, 45б] .
1. 2 Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы
Спорттық-сауықтыру туризмі нысаналы мақсатты функцияға ие - ол табиғи кедергілерді өтудегі спорттық жетілдіру. Бұл адамның кесіп өткен жері бойынша қауіпсіз қозғалысы үшін қажетті біліктер мен дағдыларды, білімдердің барлық кешенін жетілдіру және күрделі табиғи кедергілерді өту үшін физикалық дайындықты барынша жетілдіру болып табылады.
Спорттық-сауықтыру туризмінің немесе белсенді туризмнің түрлері келесідей:
- жаяу (жазық жермен саяхаттау, көбінесе жаяулатып) ;
- шаңғы (қыс мезгілінде шаңғымен саяхаттау) ;
- тау (арнайы техникалық құралдарды қолдану арқылы таулы жерлерде саяхат жасау) ;
- су (қайық-құралдардың көмегімен су бетінде саяхаттау) ;
- велосипед (велосипедті пайдалану арқылы саяхаттау) ;
- авто-мото (моторлы қозғалыс құралдарын пайдалану) ;
- спелео (жердің табиғи қуыс, үңгірлеріне саяхаттау) ;
- салт атты (демалыс үшін қозғалыс құралы ретінде жылқылар пайдаланылады) ;
- комбинирленген (қозғалыстың әр түрлі тәсілдері пайдаланылғанда және маршрут әр түрлі туризм түрлерінен құралғанда) .
Туристік бағыттың бойымен қозғалу барысында жеке бөліктеріндегі табиғи кедергілерден өтудің тәсілдері мен іскерлік-дағдыларын қалыптастырып қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрал-жабдықтарды пайдалану дағдыларын қалыптастыруды туристік техника дейміз. Туризмнің түрлеріне сәйкес спортшы туристер кедергілердің түрлеріне сәйкес төменде көрсетілген іскерлік-дағдыларды меңгеріп, оларды білуі тиіс: А) туристік бағыт бойындағы қандайда бір кедергілерді білуі; Ә) туризмнің белсенді түрлеріне тән кедергілерден қауіпсіз өту іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруы;
Б) өтетін кедергілердің сипатына сай құрал-жабдықтарды іріктеп оларды пайдалана білуі тиіс. Бағыт бойымен қозғлу барысында кететін техникалық қателердің саны мен сапасы туристік жорыққа қатысушылар мен жетекшілердің техникалық дайындығына тікелей байланысты болады. Жорық барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрал жабдықтарды пайдалануға қойылатын талаптарды білмеуден және кедергілерден өту тәсілдерін дұрыс пайдаланбаудан туындайтын қателіктерді техникалық қателіктер дейміз.
Туристік бағытпен қозғалу барысында аз күш жігерді, қаржыны, уақытты жұмсай отырып қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып алдыға қойған мақсатқа жетуді көдейтін іс әрекеттердің жиынтығын туризмнің белсенді түрлерінің тактикасы дейміз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz