Туристік фирма қызметінің анализі


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАРЫ:

Кіріспе 3

1. Туристік фирманың негізгі сипаттамасы 4

1. 1 Туристік фирманың қалыптасуы, мақсаты мен міндеті 4

1. 2 Туристік фирмада қызмет көрсету сапасы 6

2. Туристік фирманың басқару жүйесінің ұйымдық құрылымы 13

2. 1 Туристік фирманың басқару құрылымы 13

2. 2 Туристік фирмаларда маркетингті қолданудың маңыздылығы 15

2. 3 Туристік фирмалардағы жарнама қызметі. 19

3. Туристік фирмасының шаруашылығы 22

3. 1 Туристік фирмада жоспарлаудың маңызы 22

ҚОРЫТЫНДЫ 25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 27

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда туризм тек жоғары дамып келе жатқан әлемдік экономиканың ажырамас бір бөлігі. Мамандардың айтуы бойынша орта есеппен алғанда елге келген бір шетел туристінен түсетін пайда әлемдік нарыққа шығатын 9 тонна тас көмірмен немесе 15 тонна мұнай өнімі, сонымен қатар 2 тонна жоғарғы сортты бидай өнімдерінен түсетін пайдамен теңестіру керек. Осыған орай елдегі табиғи шикізат өнімдері үнемделіп, ал туристік индустрия өңделген ресурстар есебінде алға дами түседі.

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтің БҰҰ-на кірісті Халықаралық туристік ұйымдардың XVIII Бас ассаблеясында туризм саласынан түсетін кіріс 74 млрд. Тенге құрағанын, және де бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 17% артқандығын айтты. «Қазақстанға деген шетел туристерінің қызығушылығы жыл сайын артуда. Отандық туристік фирмалардың маркетингтік зерттеуіне қарағанда, шамамен 4 млн. Еуропа мен Азия аймағының туристері алдымыздағы жылда Қазақстанға келуді жоспарлап отыр. Біздің елге деген үлкен қызығушылық әсіресе Германия, Ұлыбритания, Қытай, Жапония мен АҚШ елдерінен байқалуда».

Елдегі туристік орталықтардың қызмет көрсету деңгейіне қарай отырып, біз болашақта келуші туристердің саны өсетіндігін, жаңа туристік өнімдерге сұранысы артып, бұл жаңа қызмет түрлерін жетілдіріп, елімізде туризмді жаңа қырынан танытатын орталықтар ашылуы мүмкін екендігін мойындаймыз. Нәтижесінде Қазақстанның әлемдік нарықта тек шикізат өнімдерін экспорттау арқылы ғана емес, сонымен қатар жаңадан ірі туристік қызметтерді ұсыну арқылы алдыңғы орындарға шығуына мүмкіндік аламыз, бұл еліміздің табиғи, ғылыми және қаржылық деңгейін бір жүйеге келтіруіне өз септігін тигізеді. Берілген тақырып бойынша кәсіпорындағы бизнес-жоспардың мәні мен ерекшеліктерін айқындау, сонымен қатар кәсіпорынның шаруашылығындағы бизнес жоспарлаудың тиімділігін айқындау.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  1. Берілген тақырыптың теориялық сипатын ашу;
  2. Туристік фирманың құрылымын сипаттау;
  3. Қазақстандағы туристік фирманың маңыздылығын арттыру;
  4. Кәсіпорын шаруашылығындағы туристік фирманың қажеттіліктерін көрсету;

Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі: Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің ататуы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді

1. Туристік фирманың негізгі сипаттамасы

1. 1 Туристік фирманың қалыптасуы, мақсаты мен міндеті

Қазақстандық және шетелдік азаматтардың әртүрлі туристік қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, саланы дамытудың экономикалық және құқықтық тетіктерін әзірлеу әрі Қазақстанның туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету біздің алдымызда тұрған ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Туризм әлемдік экономикада басты рольдердің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдік жалпы ұлттык өнімнің 10 бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11 пайызынан астамын, әлемдік өндірістегі әр бір 9 шы жұмысшы орнын қамтамасыз етеді. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Дұниежүзілік туристік ұйымға нақты мүше болып кірді. Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді. Туризм саласында шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы мен жұмыс істеуі жол көлігінің, халыққа сауда, мәдени, дәрігерлік қызмет көрсетудің дамуымен тығыз байланысты. Қазақстанның тәуелсіздік алуы туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын жаңғырту үшін негіз боп қаланды. Туризмнін тез және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлык саласына және қоғамның әл ауқатына күшті ықпалын назарға ала отырып, Үкімет туризмді Қазақстан экономикасының маңызды секторы деп анықтады. Туризм саласының дамуы, елде салыстырмалы түрде жақын арада басталды. Бiрақ жылдан жылға бұған көбiрек мән берiлуде. Саланың дамуын жақсы функционирлеу, қолдау көрсететiн iс-шараларсыз мүмкiн емес, соның iшiнде үкiмет жағынан, яғни дамыған сала мемлекетке үлкен пайда әкелуi мүмкiн. Шетелдік туристік ұйымдардың өркендеп өсуінің бірден бір көзі олардың көрсететін қызметтерінің сан алуандығы мен сапасы болып табылады, ал Қазақстанда бүгінгі таңда барлық қажетті атрибуттары бар толыққанды біртұтас туризм жүйесі әлі жоқ. Туристік ұйымдардың көбісінде әлі қызмет көрсетудің жарнама, сату қызметі, көлік, орналастыру, тамақтандыру, сынды компоненттер жолға қойылмаған. Осы айтылғанның барлығы әлі де болса даму сатысында ғана.

Туристік қызметтің барлық салаларында, мемлекеттік құрылым деңгейінде, облыс аумағында да жаңа қызмет түрлерін іздеу қалыптасуда. Қазақстан Республикасына енетін туристер ағымы соңғы жылдары кему динамикасымен сипатталады.

Туристік саладағы неғұрлым нақты жағдайды көрсету үшін туристік ағымдар, туристік белсенділік деңгейі, қаржы және экономикалық көрсеткіштерді талдау қажет. Соңғы бірнеше жылдар бойынша Қазақстан Республикасындағы туристік көрсеткіштерді қарастырайық .

Тұтынушы нарығының циклді дамуы мен құбылмалылығына байланысты, әртүрлі туризм түрлеріне сәйкес нарық конъюнктурасын жүйелі түрде бақылау қажеттілігі туындап отыр. Бұл туристік қызметтер көлемін басқарудың тиімді саясатын қалыптастыру мен агенттіктің даму мүмкіндіктерін анықтау үшін қажет.

Қазіргі кезде Қазақстанның мемлекет басшылары туристік нарықта көптеген миллиардтық айналымы бар алып механизмді көріп отыр. Туризм - әлемдік экономикада басты рольдің бірін атқарып отыр. ДТҰ-ның деректері бойынша ол әлемдегі ЖҰӨ-нің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11%-ы астамы, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.

Туристік фирма өзінің жоспарын жүзеге асыру үшін және соның негізінде өзінің мақсаттарына жету үшін бар элементтер қатарын жіктеу қажет. Ұйымдастырушылқ функцияны жүзеге асыру процессінде келесі ұстанымдар қатарын негізге алу керек:

  • жоспарлау кезінде табылған туристік фирманың мақсаттарын анықтау және талдау;
  • осы мақсаттарға жету үшін керекті қызмет түрлерін анықтау;
  • әр түрлі міндеттерді әр кадрларға (еңбекті бөлу) тапсыру және оларды басқарушылық жұмыс топтарына немес бөлімшелерге біріктіру;
  • жұмыстық қарым-қатынасты орнату арқылы әрбiр топқа тапсырылған әр түрлi қызметтер түрлерiн үйлестiру;
  • мақсаттар бірлігі - әр ұйымдастыру бөлімінің мүшесі ортақ игілікке жұмыс жасайды, басқаша айтқанда ешкім туристік фирманың мақсаттарына қарсы жұмыс істемеу керек.

Туризм - экономиканың басқа секторларына қарағанда мультипликаторлық әсерімен жақсы дамыған. Ол экономиканың 32 саласына тура және жанама әсер етеді. Қазақстанда болашағы бар және табысты кластердің бірі - туризм болып табылады. Туризм дамуы елдің экономикалық жағдайын жақсартуға және бір-бірімен өзара байланысты салалардың қалыптасуына да өз әсерін тигізеді. Нарықтық экономикасы бар елдерде туризм туристік қызметтердің экспортына бағытталған, дамыған индустрия ретінде орын алады. Бұл міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік реттеу жүйесін дамыту, Қазақстандық турөнімді жылжытуды маркетингті қолдану, экологиялық және жастар туризмін қалыптастыру, туризмді ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету, халықаралық қарым-қатынастар мәселелерін шешу қажет.

Туристік кәсіпорынды ашпас бұрын оның негізгі мақсаттары анықталады.

Туристік фирма - ол заңды құқықтық табысы бар, шетел және мемлекет азаматтарына туризм саласында төлеуақы, қызмет көрсететін мекеме.

Кез- келген туристік кәсіпорын келесідей мақсаттардан тұрады:

  • жорыққа шығу;
  • саяхат жасау;
  • экскурсия өткізу;
  • көп адамдарды қатыстыру;
  • адам күту сапасын ұлғайту;
  • қаражат шаруашылық жұмыстарын бұзбау.

Әрбір туристік фирма өз жұмыстарын заңмен берілген құқықтармен пайдаланады. Фирма меншігі жарғылық қоры, банкідегі төлеуақы шоты, жеке балансы, фирманың аты жазылған мөрі, туризммен айналысуға болатын рұқсат қағазы болуы керек. Туристік кәсіпорындар және олардың серіктестері арасындағы қатынастар өзара тиімді, қолайлы жағдайда келісім арқылы екі жақтық жазылған шарттарда анық көріну керек.

Кез - келген туристік фирманың қатал құрылысы жоқ, алғашқыда адам саны

(2-3) болса фирма ұлғайған сайын адам саны да көбейе түседі.

Туристік фирма басшысының қызметі:

  1. Ұйымдастыруда қаражат шығындарын өз мойнына алады;
  2. Кадр мәселесін шешеді;
  3. Туристік фирма атынан басқа серіктестермен және т. б мекемелермен шарттармен қамтамасыз етеді;
  4. Жаңа туристік турлар мен жорықтар ұйымдастырады, оларды жасауда арнайы құжаттар дайындайды;
  5. келіскен шарт бойынша туристерді орналастырады, уақытында және дұрыс төленген, өзгерген жұмыс ақысын тексеріп тұрады. Туристердің міндетерін қамтамсыз етеді.
  6. Банкілерде төлемақы және т. б шоттарды ашады, заңмен сәйкес қаражат шаруашылық жұмыстарын жүргізеді.
  7. Турфирма мекен - жайына келген құнды заттар және фирманың заттарындағы хабарларды алып тұрады.

Заң органдарында мемлекеттік және халықаралық сот органдарында т. б құрылымдарда өз мекемесінің атынан бір өкіл басшының атынан шығуы мүмкін. Басшы сенім хат тастаған жағдайда ғана өкіл немесе орындаушыға береді. әрбір қызметкер орны сақталады.

1. 2 Туристік фирмада қызмет көрсету сапасы

Туризм дамуы елдің экономикалық жағдайын жақсартуға және бір-бірімен өзара байланысты салалардың қалыптасуына да өз әсерін тигізеді. Нарықтық экономикасы бар елдерде туризм туристік қызметтердің экспортына бағытталған, дамыған индустрия ретінде орын алады.

Туризм - бұл негізгі қызмет көрету. Бірақ қызмет көрсету барысында туристік қызмет көрсетулер бір реттен емес, бірте-бірте бірінің артынан көрсетіліп отырады. Бұл оның ерекшелігі ретінде саналады. Мысалы, көліктік қатынас қызметі туристерді жылжу үшін көлікпен қамтамасыз етеді, қонақ үйлер жатын бөлмелер мен тамақтаныу орындарымен қаматамасыз етеді.

Сонымен қатар кез келген кәсіпорынды құру кезінде ең алдымен оның құрылымының негізін ұстаушы болып өндірген тауарлар мен қызмет көрсетулерін адлдыға жылжыту әрекеттері саналады (сурет 3) .

Сурет 3 - Туристерді тарту құралдары

Сонымен қатар турфирмалардың бір-бірімен әрекеттесу маңыздылығы ортақ турөнім шығару кезінде байқалады. Аталғанды ескере отырып, турқызметтердің бірін-бірі толықтыру екрекшеліктеріне де тоқталған жөн. Олардың негізінен, үш аспектісі белгілі:

  • әр турфирма ішіндегі кірме факторлар мен өндірістік факторлар арасындағы бірін-бірі толықтырушылық;
  • әртүрлі туркәсіпорындарының бірін-бірі толықтырулары;
  • турқызмет кәсіпорындары мен туристік еоекшеліктер арасындағы бірін-бірі толықтырушылық.

Сонымен қатар тауар өнімділігі сапалы болу үшін ең алдымен білікті қызметкерлер болуы шарт. Мысалы Отель менеджері қызметкерлерді сұрыптап, таңдағаннан кейін оларды қызықтыра отырып, дайындаулары тиіс. бҰл ол үщін маңызды болып келеді. сонымен қатар таулы мекендердегі отелдер тек турагент пен тур оператаорларға ған тәуелді болмайды. Олар, жаңа жоғарыда аталғандай, көлік кәсіпорындарына және т. б. тығыз байланысты болып келеді.

Туризм - бұл клиентке ақылы түрде түрлі қызметтерді көрсететін экономика бөлімі. Сол себепті туризм экономика салаларының ішіндегі тез дамып келе жатқан, келешегі зор қызмет көрсету аясы болып отыр.

Туристік фирмаларда қызмет көрсету дегеніміз бір жақтың екінші жаққа ұсынатын қандай да бір іс-шаралары немесе пайдасы болып табылады, олар көбіне білінбейді және ешқандай материалдық нәрсені алуды меңземейді.

Туристік фирмаларда қызмет көрсету нарығы басқа нарықтардан негізінен екі себеппен ерекшеленеді:

1. Қызмет көрсетуді өткізгенге дейін оның барлығы білінбейді. Бұл жағдай қызмет көрсетуді өткізгенге дейін оның салыстырылуы мен бағалануына мүмкіндік бермейді. Сол себепті, тек күтілетін және алынған пайданы бағалауға болады.

2. Қызмет көрсетуге белгісіздік тән болады, бұл клиентті тиімсіз жағдайға қояды да, сатушыларға көрсететін қызметтерін нарыққа жылжытуын қиындатады.

Туристік фирмаларда қызмет көрсету нарығының бұл ерекшеліктері және қызмет түрлерінің өзгешеліктері, атап айтқанда, олардың көзге түспейтіндігі, сақтауға жарамсыздығы, сапасының өзгергіштігі, жасалынуы мен пайдаланылуының ажырамастығы қызмет көрсету маркетингінің өзгешелігін айқындай түседі.

Туристік фирмаларда қызмет сапасының орны мен роліне терең тоқталып өтсек сапа көпшіліктің естіп, білетін ұғымдарының қатарына жатады. Бұл термин мағынасының тым субъективті пайымдалуын күшейтеді, себебі әрбір адам оған өз тәжірибесінен алған нәрсесін қосады.

Туризм - бұл клиентке ақылы түрде түрлі қызметтерді көрсететін экономика бөлімі. Сол себепті туризм экономика салаларының ішіндегі тез дамып келе жатқан, келешегі зор қызмет көрсету аясы болып отыр.

Кәсіпорынның көрсететін қызмет түрлері:

  • Тұтынушыға қажетті жоғары сапалы, ең төмен материалдық және уақыт шығындарына негізделген туристік саяхат маршруттарын есептеу және ұсыну;
  • Тұтынушыны қажетті барлық ақпаратпен қамтамасыз ететін, нақты айтқанда әлемнің барлық авиакомпаниялары жайлы, ұшақ түрлері, стыковочный аэропорттар, саяхат маршрутының ерекшелігі мен елге келу уақыты жайлы толық ақпарат беретін квалификациясы жоғары менеджер қызметі;
  • Тұтынушының саяхаттауға байланысты туындайтын барлық сұрақтарына нақты және толық ажауап беру, ақпараттандыру;
  • Тұтынушының мәртебесіне, атақ даңқына сәйкес дүние жүзіндегі кез келген қаладағы жоғары деңгейде қызмет көрсететін отельдеді, қонақ үй кешендерін таңдауға көмектесі және де қонақ үйлерді интернет желісі бойынша онлайн режимінде брондау;
  • Трансферлерді ұйымдастыру, автомашиналарды жалға беру;
  • Аэропорттағы Vip Cip қызметін ұйымдастыру; Визалар мен визалық қолдаулар;
  • Сақтандыру қызметтерін ұсыну
  • Іскерлік кездесулер кезінде тамақтануды (catering), кофе-брейктер, достық кешкі астар, фуршеттер ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
  • Өтпелi туристтер және iскерлiк сапарына қызмет көрсетуi,
  • Шетел туристтiк сапарлары және халықаралық туризмның ұйыдастыру;
  • Ішкi және халықаралық әуе жолдарына делдалдық қызметтердiң көрсетуi ресiмдеу және билеттердiң брондауы;
  • «Scat», «Turkish airlines» әуе жолдарының Түркияға аптасына 4 рет чартерлік рейстері;
  • VIP-тұтынушыларға ұсынылатын арнайы бағдарламаларды жасақтау;
  • Қазақстан Республикасының азаматтарын қабылдау және қызмет көрсетуi;
  • Авиа және теміржол билеттерін тапсырыс берген тұтынушының офисына жеткізу.

Турфирманың стандарттау және сертификаттау бойынша ұстанатын саясаты. Сертификаттау мәселесін қозғағанда тұтынушының өмір қауіпсіздігі, денсаулығы, меншік заттары мен табиғи ортаны қорғауда мемлекет тарапынан қойылатын талаптарға сай болуы ескеріледі.

Сертификат ұсынылатын қызметтердің қауіпсіздігін нақтылайтын құжат болып табылады. Сонымен қатар әрбір туристік компания стандарт қызмет көрсетуге:

  • Клиентпен достық және тілектестік орната алу, жақсы қарым -қатынас орнату;
  • Клиентке 25 минут ішінде қызмет көрсетілу;
  • Клиенттің тілегі бойынша қызметтер ұсыну;
  • Турды сатып алғанға дейін клиентке ұсынылып отырған қызмет түрі жайлы пайдалы ақпараттар жеткізу;
  • Өзі ұсынып отырған қызмет түріне бақылау жасап, қажетті түзетулер енгізу;
  • Сапалы өнімнің көмегімен клиенттің тілегін қанағаттандыра отырып, жетістікке жету, арадағы тұрақты клиенттерді жоғалтпау, фирма үшін позитивті имидж құру;
  • Өтініш туралы шалынған қоңыраулар 10 минуттан кейін жүзеге асады.

Туристік компаниялар шет елдің туроператорлары мен турагенттерімен жақсы қарым-қатынас орнатқан жөн. Қазіргі таңда еліміздің туристік фирмалары әлемнің көптеген елдермен әлі күнге дейін жақсы қызмет көрсетуде. Ол мемлекеттер АҚШ, Германия, Франция, Швеция, Финляндия, Египет, Кипр, Түркия, Италия, БАӘ, ГОА, Малайзия және т. б. Әрбір туристік компаниялар ең алдымен өз еліміздегі телеарналарда жарнамалық роликтерді көрсете отырып, ішкі туризмге үлес қосу; тұрақты клиенттерін әр мейрам кезінде құттықтау, оларға жеңілдікпен турлар ұсыну; интернет арқылы өтініш берушілер санын ұлғайту.

Ал болашаққа жоспар бойынша турагенттерге жарнамалық турларды төмендегі елдермен біріге отырып ұсыну. Олар: Черногория, Банско, Сандански, Пампорово - Болгария,

Кәсіпорынның даму жоспары (қысқа және ұзақ мерзім)

Туристік кәсіпорын іс-әрекетін жоспарлау келешек мақсаттарын, құрылудың тәсілдері мен әдістерін, басқару мен дамуын сандық, сапалық және уақыттық анықтаудың жүйелік, ақпараттық өңделген процессі болып табылады. Жоспарлауды үш түрге бөлуге болады: стратегиялық, ұзақ мерзімді және оперативті.

Стратегиялық жоспарлау - фирманың мақсаттары, әлеуетті мүмкіндіктер мен маркетинг саласындағы мүмкіндіктер арасында стратигиялық сәйкестілікті жасаудың және қолдаудың басқарушылық процесі.

Ұзақ мерзімді жоспарлау - стартегиялық мақсаттар мен тапсырмаларға жету жолындағы аралық мақсаттарды айқындау. Олар басшылықпен дайындалады және болашаққа негізгі стратегиялық мақсаттарды қамтиды. Отандық туристік фирмалардың ұзақмерзімді жоспарларына кіреді:

  • қызметкерлер штатын қалыптастыру;
  • баға саясатын жасау;
  • демалу үйлерімен, шетел отельдермен келіссөздер жүргізу;
  • әр мезгілге шетел отельдеріне және Қазақстан демалу үйлеріне келу мерзімдері мен кестесін құру;
  • турларды жасау мен орындарды броньдау;
  • авиарейстер бойынша мәліметтерді жинау және т. б.
  • Қысқа мерзімді жоспарлау - жоспарлаудың негізі. Қысқа мерзімді жоспарлар календарлық бағдарламалардың және олардың орындалуын бақылау арқылы жүзеге асады. Турфирманың кейбір қысқамерзімді жоспарлары келесі:
  • құжаттарды рәсімдеу, жарнама компаниясын ұйымдастыру;
  • қызмет көрсетулердің барлық түрлері бойынша прайст-қағаздарды құрастыру, клиенттермен келіссөздер жүргізу үшін жарнамалар жасау;
  • туристтер үшін пакет құрамын жасау;
  • сақтандырудың барлық түрлері бойынша сақтандыру компанияларымен келіссөздер жүргізу;
  • жеке және топтық туристік келісім-шарттарды жасау;
  • транспортты жалға алу келісімі (топтық, VIP-клиенттер үшін) .

Отандық халықаралық туристтік компаниясының басты мақсаты туристке ұсыныс жасау емес, оған нақты және толық ақпарат беру болып табылады.

Туристтік агенттікке келген туристке қойылатын міндетті сұрақтар:

  • Ұшу қаласы
  • Саяхат жасау бағыты
  • Саяхаттың мерзімін жоспарлауы
  • Адам саны (балалар жасы жазылуы керек)
  • Орналастыру, номер саны
  • Қонақ үй дәрежесі
  • Бюджетті жоспарлауы (саяхатты қанша қаражатқа жоспарлап отырғаныңыз)
  • Туристердің субъективті талаптары
  • Осы сұрақтарға толығымен жауап алғаннан кейін, турды брондауға болады. Тур-тұтынушыға біртұтас таратылатын және туроператордың еңбегімен өндірілген, белгілі бір бағытқа және мерзімге арналған бірнеше туристік өнімдердің бірігуі.
  • Турдың құнына кіретіндер:
  • Ұшу өзі таңдаған әуекомпаниясы
  • Қонақ үйде тұру құны
  • Тамақтану түрі
  • Трансфер және сол елдегі туроператорлардан берілетін гид
  • Медициналық сақтандыру
  • Виза

Туристерді сақтандыру қызметі. Туристерді сақтандыру бұл азаматтардың туристік жорықтар, саяхаттар, круиздар және т. с. с. жол жүру кезінде олардың мүліктік мүдделерін қорғауды сақтандыруын қамтамасыз ететін сақтандырудың ерекше түрі. Компания «Казкоммерц-Полис» сақтандыру компаниясымен келісім шарт негізінде жұмыс істейді. Саяхатшыларды сақтандырдың ақырғы бағасы сапардың ұзақтығы, сақтандыру шығынының сомасы, туристің жасына, қосымша тәуекелдердің болуы сияқты көптеген факторларға байланысты.

Полис категориясына байланысты ұсынылатын сервистік қызмет түрлері:

1. «Standart-travel» категориясы өз ішінде:шұғыл медициналық көмек (соның ішінде, ауруды басатын шара арқылы табиғи тісті емдеу, стационарлық ем жасау) ; медициналық тасымал; көшіру; саяхатшыларды өз елдеріне қайтару қызметтерін қамтиды.

2. «Best-travel» категориясы өз ішінде:шұғыл медициналық көмек (соның ішінде, ауруды басатын шара арқылы табиғи тісті емдеу, стационарлық ем жасау) ; медициналық тасымал; көшіру; саяхатшыларды өз елдеріне қайтару; кәмелетке жасы толмаған балаларды қайтару; шұғыл қажет жағдайларда үшінші тұлғаның келу қызметтерін қамтиды.

3. «Multy-travel» категориясы көп реттік сапар үшін қолданылады және өз ішінде:

шұғыл медициналық көмек (соның ішінде, ауруды басатын шара арқылы табиғи тісті емдеу, стационарлық ем жасау) ; медициналық тасымал; көшіру; саяхатшыларды өз елдеріне қайтару; кәмелетке жасы толмаған балаларды қайтару; шұғыл қажет жағдайларда үшінші тұлғаның келуі; ЖКО немесе жазатайым жағдай кезінде заң тұрғысынан көмек беру қызметтерін қамтиды.

4. «Sport-travel» категориясы өз ішінде: шұғыл медициналық көмек (соның ішінде, ауруды басатын шара арқылы табиғи тісті емдеу, стационарлық ем жасау) ; медициналық тасымал; көшіру; саяхатшыларды өз елдеріне қайтару қызметтерін қамтиды. Бұл категория спортпен айналысатын тұлғалар үшін қолданылады.

Билеттерді брондау және сату бөлімі. Әуекомпаниямен келісе отырып, турфирма өз алдына бірнеше мүмкіндіктер алуға мүмкіншілік алады. Яғни, олар әуебилеттерін сатуға, бронь жасауға келіседі[8] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТУРИСТІК КӘСІПОРЫНДАРДАҒЫ БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫ ТАЛДАУ
ҚР туристік саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірудің жолдарын ұсыну
Қонақ үй кәсіпорындарда жарнама қызметінің жетілдіру жолдары
Жарнаманың әсер ету процессі мен қабылдануы
Жарнамалық жариялаудың түр
Туристік кәсіпорындардың маркетингтік жарнама негіздері
Туристік фирманың қысқа мінездемесі
Aidana tour турфирмасы қызметтері
Туристік кәсіпорындарда жарнама қызметінің жетілдіру жолдары
Туризмдегі жарнаманың ролі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz