Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігі


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР:

КІРІСПЕ . . . 3

1. Экономиканың бәсекеге қабілеттілігі

1. 1. Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің мәні мен маңызы . . . 5

1. 2. Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың шетелдік тәжірибесі . . 11

2. Қазақстан республикасының бәсекеге қабілеттілігін көтеру мәселелері мен шешу жолдары

2. 1. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі тұжырымдамасы . . . 17

2. 2. Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі проблемалары мен басымдықтары . . . 22

2. 3. Әлемдік экономиканың жаһандану жағдайында Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету . . . 32

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 38

Пайдаланған әдебиет тізімі . . . 40

КIРIСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту мен қорғаудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) әзірлеудің негіздемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 наурыздағы № 80 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы, «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарына кіру стратегиясы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (94-т. ), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Д. Ахметовте өткен "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 жылғы бірінші тоқсандағы қорытындысы туралы" 2006 жылғы 25 сәуірдегі мәжілісінің № 8 хаттамасы (1. 5. 3-тармақ) болып табылады [2] .

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру стратегиясын белгілеген Елбасы Жолдауында экономикалық қауіпсіздікке зор мән берілген. Мұнда біздің еліміздің экономикалық қауіпсіздігін одан әрі нығайтудың барынша басым бағыттары анықталған [1] .

Тиімді нарықтық бәсекелестік қазіргі заманғы экономикалық доктринада және көпшілік әлем елдерінің мемлекеттік дамуының саясаттық тұжырымдамаларында экономиканың табысты дамып келе жатқан негізі ретінде қарастырылады. Бәсекелестікті қорғау және бәсекеге қарсы іс-әрекеттерге тыйым салу мемлекеттік экономикалық саясаттың ортасында тұрады және тиісті құқықтық ресімдеу алады.

Ішкі, сондай-ақ жаhандық нарықтық бәсекелестік нарықтардың тиімділігіне қол жеткізудің және еңбекті өнімдірудің маңызды факторы болып табылады. Бұл жағдайларда нарықта сұранысқа ие, тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өндіретін компаниялар тиімді дамиды. Тауарларды алмастыруға арналған пайдалы ортаны қамтамсыз ету үшін мемлекет тарапынан ең төмен тосқауылдар болуы тиіс.

Бәсеке жалпы экономикалық құндылықтар мен жетiстiктердi дамытудың негiзгi құралы болып табылады. Бәсекелiк рынокта қызмет етушi фирмалар мен кәсiпорындар қоғамның әр түрлi сұранысына бейiмделiп, тиiмдi инвестицияларды орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске ұмтылады, өндiрiстiк және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнiмдер шығарудың көлемiн арттыруға ынталы болады.

Әлемдiк тәжiрибе дәлелдегендей экономиканың шикiзат бағыттылығы елдiң тиiмдi және тұрақты дамуын қамтамасыз етпейдi. Сондай-ақ бүгiнгi жаһандану кезiнде ұлттық экономика бәсекеге қабiлеттi болмаса, онда оның болашағы бұлынғыр болып табылады. Сондықтан да бiзге мемлекет ретiнде қалыпты жұмыс iстеу үшiн тұтастай алғанда экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болу керектiгi сөзсiз. Ал осыдан барып әр сектордың өз мiндетi туындайтыны белгiлi. Жалпысында бәсекеге қабiлеттiлiк - экономикалық категория болып табылады.

Бәсеке қоғамға экономикалық еркiндiктi, тиiмдiлiктi, дамудың тұрақтылығын, экономикалық қауiпсiздiктi ұсынады. Немiс экономикасының белгiлi экономист ғалымы Людвиг Эрхард бәсекелестiктiң экономика үшiн қажеттiлiгiн келесi жолдармен көрсетедi: “ . . . рыноктың шаруашылық және оның қызмет ету механизмi еркiн бәсекелестiктен ажырап қызмет етуi мүмкiн емес . . . ”. Бәсекенiң экономикалық табиғаты жеке меншiктiк қатынастармен тығыз байланыста болады.

Сондықтан мен экономикалық теория пәнiнен курстық жұмысымның тақырыбын “Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі” деп алдым. Бұл тақырыптың өзектiлiгi Елбасымыз өткен жылы “Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсекеге қабiлеттi экономика” және “Бәсекеге қабiлеттi халық” деген Қазақстан халқына Жолдауында, елiмiз үшiн өзектi мәселелердiң бiрi Қазақстан Республикасын ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгi жоғары деңгейде дамып, әлемдегi дамыған елдер қатарына қосылу керектiгiн атап көрсеткен болатын.

Қазiргi кезде нақты рыноктық қатынастар орнап, бағаны белгiлейтiн тек қана сұраныс пен ұсыныс деп төте айту қиындау. Өйткенi фирмалар белгiлi бiр рынокта, белгiлi бәсеке жағдайында және белгiлi рынок құрылымының негiзiнде әрекет жасайды.

Курстық жұмысты орындаудағы мақсатым ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттырудың ҚР-сы экономикасының тұрақты дамуының бiрден-бiр даңғыл жолы екендiгiн айтып өту болып табылады. Сонымен қатар, осы мақсатқа жету үшiн мен курстық жұмысты орындау үстiнде келесiдей мiндеттердi айқындап алуым керек. Оларға:

  • Бәсекенiң мәнi мен түрлерi, оның экономикадағы орны;
  • Рынок құрылымына байланысты бәсекенiң ерекшелiктерi;
  • Жетiлмеген бәсекенiң негiзгi формалары монополия мен олигополияның рынокта қызмет етуiн;
  • Қазақстан Республикасындағы бәсекелiк ортаның қалыптасуы мен даму мәселелерiн және оны шешу жолдарын қарастыру.
  • Өнеркәсiптiк саланың бәсеке қабiлетiн арттыру және индустриялы-инновациялы экономика жүйесiн құрудың негiзгi бағыттарын қарастыру;
  • Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағыттары мен оларды жетілдірудің басым бағыттарын талдау.

1. ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ

1. 1. Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің мәні мен маңызы

Бәсеке жалпы экономикалық құндылықтар мен жетiстiктердi дамытудың негiзгi құралы болып табылады. Бәсекелiк рынокта қызмет етушi фирмалар мен кәсiпорындар қоғамның әр түрлi сұранысына бейiмделiп, тиiмдi инвестицияларды орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске ұмтылады, өндiрiстiк және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнiмдер шығарудың көлемiн арттыруға ынталы болады [1] .

Бәсеке шаруашылық өмiрде басты рольде ойнайды. Ол экономикалық еркiндiктi қамтамасыз етiп, рыноктағы субъектiлердiң қарым-қатынасын тереңдету арқылы рыноктағы жағдайлар мен сұранысқа бейiмдi болып келедi. Адам Смиттiң “көрiнбейтiн қол” мысалының негiзiнде бәсекелестiк теориясы жатыр, яғни, әрбiр жеке адам немесе кәсiпкер ең бiрiншi өз пайдасын ойлайды, сол пайдаға қол жеткiзу үшiн олар өз қызметтерiнiң бәсекелiк қабiлетiн арттыруға ынталы болады. Бұл өз кезегiнде жаңа iзденiстердi, инновациялық жаңалықтарды ашуға жол ашып, жалпы экономика дамуына үлес қосады [6] .

Бәсеке - қоғамға экономикалық еркiндiктi, тиiмдiлiктi, дамудың тұрақтылығын, экономикалық қауiпсiздiктi ұсынады. Немiс экономикасының белгiлi экономист ғалымы Людвиг Эрхард бәсекелестiктiң экономика үшiн қажеттiлiгiн келесi анықтамалармен айқындайды: “рыноктың шаруашылық және оның қызмет ету механизмi еркiн бәсекелестiктен ажырап қызмет етуi мүмкiн емес”. Бәсекенiң экономикалық табиғаты жеке меншiктiк қатынастармен тығыз байланыста болады.

Біздің республикамыз да әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруді стратегиялық мақсат етіп қойды. Осыған байланысты шаруашылық субъектілерінің нарықта тиімді әрекет етіп, шетелдік компаниялармен бәсекелік күреске түсуге дайын болуы аса өзекті мәселе. Ауыл шаруашылық кешеніндегі осы бағыттағы қиыншылықтар да мал шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі мәселесін зерттеуге күш жұмсауды талап етеді. Өйткені нарық «тұтынушы - патша» деген қағидамен жұмыс істейді, сондықтан тұтынушының талаптарын орындап, қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып ғана жетістікке жетуге болады [2] .

Экономикалық энциклопедияда бәсеке, бәсекеге қабілеттілік терминдеріне мынадай анықтама беріледі:

  1. Тауарлар мен қызметтерді өндірушілердің пайданы жоғарылату мүмкіндігі үшін күресі.
  2. Нарықта көптеген өндірушілер мен сатып алушылардың болуы және олардың нарыққа еркін кіріп, одан еркін шығу мүмкіндігі.

Соңғы уақыттардағы бәсекелестік артықшылықтардың құралу үрдісінің беталыстары белгілі зерттеуші М. Портердің еңбектерінде зерттелген: «Бәсекелестік стратегия саланың құрылымы мен оның өзгеру үрдісін жан-жақты талдауға негізделеді. Экономиканың кез-келген саласында, оның ішкі немесе сыртқы нарықтарда әрекет етуіне байланыссыз бәсекенің мәні бес күш арқылы көрінеді:

  1. жаңа бәсекелестердің келу қаупі;
  2. субститут-тауарлар немесе қызметтердің пайда болу қаупі;
  3. жабдықтаушылардың саудаласу қабілеті;
  4. сатып алушылардың саудаласу қабілеті;
  5. бар бәсекелестердің өзара бәсекелесуі.

Осы бес күштің әрқайсысының мәні саладан салаға қарай өзгеріп, ақыр аяғы салалардың пайдалылығын анықтайды» [9] .

Макконел К., Брю С. зерттеулерінде бәсекенің міндетті шарты «нарықта кез-келген нақты өнімнің сатушылары және сатып алушылары көп болуы керек» және «сатушылар мен сатып алушылар үшін қай нарықта болсын жұмыс істеу немесе нарықтан кету еркіндігі болуы керек» [10] .

Нарықтық экономиканың түсіндірме сөздігінде «Бәсеке - нарықта әрекет етуші кәсіпорындардың арасындағы сатып алушылардың әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып өз өнімін жақсы өткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатындағы бақталастық, күрес. Әлемдік нарықта тауар өндірушілердің қатаң бәсекесі орын алған. Сыртқы нарықтарда жетістікке жету үшін ұсынылатын отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату талап етіледі. Ал импорт жағдайында шетелдік сатушылардың бәсекелестігі сатып алудың тиімді шарттарына қол жеткізуге мүмкіндік береді» [6 ] .

«Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі дегеніміз оны нақты нарықта, нақты уақыт мерзімінде сәтті сату мүмкіндігі деп анықталады. Ал кәсіпорынның немесе фирманың бәсекеге қабілеттілігі - бәсекеге қабілетті өнім өндіру немесе қызмет көрсету арқылы нақты нарықта (өткізу аймағында), нақты уақыт аралығында сәтті әрекет ету қабілеті» [9] .

Бәсекеге қабілеттілік бәсекелік артықшылықтардың барын белгілейтін нәтиже болып табылады, тауар, кәсіпорын, сала, экономика қолданылатын объектіге байланысты оны әрқалай түсіндіруге болады.

Бәсекеге қабілеттілік проблемасы әлемнің барлық мемлекеттерін алаңдатады: елдің бәсекеге қабілеттілігі елдің әлемдік нарықтағы жағдайын талдап қорытатын әрі сипаттайтын көрсеткіш. Экономикасы әлсіз елдің бәсекеге қабілеттілігінің деңгейі жоғары болмайды.

Соңғы 20 жыл бойында елдің, ұлттың, экономиканың бәсекеге қабілеттілік тұжырымдамасы экономикалық даму теориясында айтарлықтай бір маңыздысы болып табылады. Ол ел өзінің экономикалық болашағын қалай қалыптастырып жатқандығын көрсетеді, ал оны бағалау маңызды экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, экономикалық маңызы бар саяси процестердің салдары және қоғамдық басқару, білім деңгейі, ғылыми база, ақпараттық құрылымның жоғарғы деңгейінде дамуы, инновацияға мәдениет пен құндылықтар жүйесінің қолайлығы сияқты экономикалық емес көрсеткіштермен жүзеге асырылады [8] .

Елдің бәсекеге қабілеттілік индикаторы, бірінші кезекте, азаматтардың өмір сүру деңгейі мен сапасының көтерілуі, тұрақтылық, мемлекеттің айқын болашағы, елде заңдардың сақталу деңгейі және тағы басқалар болып табылады. Соңғы есепте шығатыны - тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігі неғұрлым жоғары болса, солғұрлым, ресурстарды пайдалану тиімділігі және халықтың өмір сүру деңгейі де жоғары.

Өз уақытысында мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі едәуір көлемде өндірістің негізгі үш факторы - табиғи ресурстар, еңбек ресурстары және капиталға байланысты болды. Өндіріс пен техникалық прогрестің дамуымен байланысты бәсекеге қабілеттілікті, бірінші кезекте, жоғарғы деңгейдегі елдің инфрақұрылымы, оның ғылыми әлеуеті, халықтың білім деңгейі сияқты факторлар анықтай бастады. Сонымен қатар, әлемдік тәжірибе көрсеткендей өндіріс факторының болуы маңызды, бірақ, табысты бәсеке жағдайына жеткіліксіз. Оған, сонымен қатар, өнімге деген белгілі бір сұраныс, сыбайлас және қызмет көрсету салаларында ішкі бәсекелестік, фирманың стратегиясы мен құрылымы және ішкі салалық бәсеке қажет.

Осы ғасырдың басында білім тұжырымдамасы экономикалық дамудың көзі ретінде «Білім экономикасы» деген түсініктің пайда болуына алып келді. Тауарларды емес ой туындысын шығару қазіргі кезде экономикалық өсу мен бәсекеге қабілеттіліктің негізгі көзі болып отыр. «Ескі» экономикада елдің бәсекеге қабілеттілік артықшылығының көзі шикізатқа қол жетімділік, ыңғайлы транспорттық тораптар, сыйымды тұтыну нарығы, арзан еңбек күші болатын. Ал «жаңа» экономикада жетістік факторы - білімге негізделген инновация және кәсіпкерлік, дамыған білім мен ақпараттың инфрақұрылымдары.

Толықтай, елдің бәсекеге қабілеттілігі - бұл ел экономикасының халықаралық саудаға қатынасу, әлемдік нарықта белгілі сегменттерін кеңейту және ұстап тұру, әлемдік үлгіге сай өнім өндіру қабілеттілігі. Елдегі өндірістің техникалық - экономикалық деңгейімен, өндірістің шығандар көлемімен, өндірілген тауардың сапасымен, инфрақұрылымның дамығандығымен, абсолютті және салыстырмалы артықшылықтардың болумен анықталады.

Нақты ұлттың бәсекеге қабілеттілігі өнеркәсіптің жаңалықтарды өндіріске енгізу қабілеттілігі мен модернизациялануына тәуелді. Көріп отырған нарық қысымы мен талабының нәтижесінде компаниялар әлемдік нарықтағы нарықтағы ең күшті бәсекелестерімен күресте өздерінің артықшылықтарын ұлғайтып отырады. Олар нарықта ішкі күшті бақталастардың, агрессивті жеткізушілер мен жергілікті талапшыл тұтынушылардың болуынан пайда алады.

Қазіргі әлемдік ауқымдағы бәсеке өтіп отырған экономикалық жағдайда мемлекеттің рөлі маңызды бола түсуде. Бәсекелестік күрестің негізгі білімді қалыптастыру мен меңгеруге қарай ығысқан сайын мемлекеттің рөлі өсе түседі. Бәсекелестік артықшылық күшті жасақталған үдерістер арқылы қалыптасады және қолдау табады.

Ұйымдардың ұлттық құндылықтағы, мәдениетіндегі, экономика құрылымдағы және тарихи дамуындағы ерекшеліктер - бұлардың бәрі табысты бәсеке қабілеттілігіне жетуге өз үлесін қосады. Әр елдің бәсекеге қабілеттілік құрылымында күшті айырмашылықтар болады, себебі, бірде бір мемлекет барлық салаларда немесе ең болмағанда көпшілігінде бәсекеге қабілетті бола алмайды.

М. Портердің пікірінше «Бәсекеге қабілеттілік тұжырымдамасы тек ресурстарды пайдаланудың өнімділігіне ғана негізделеді. Елдегі өмір сүру деңгейінің өсімі ресурстарды пайдалану өнімділігіне тікелей байланысты. Адам ресурстарын пайдаланудағы өнімділік олардың жалақысымен анықталады, ал капиталды пайдаланудағы өнімділікті анықтайтын табыс» [9] .

Портердің көзқарасынша, егер ел бәсекеге қабілеттіліктің артықшылықтарына ие болса, онда фирма бәсеке қабілеттілігінің артықшылықтарын барлық түрде алады, яғни экономиканың бәсекеге қабілеттілігі фирмалар мен салалардың халықаралық тұжырымдамасындағы сұрақтың анықтаушысы болады.

Ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі - бұл өте күрделі ұғым. Бір жағынан, ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі бәсекелес шетелдік тауарлар мен қызметтерге ішкі де, сондай-ақ сыртқы нарықта ойдағыдай төтеп беретін сатылатын тауарлар мен қызметтердегі экономикалық, ғылыми-техникалық, өндірістік, басқарушылық, маркетингтік және өзге де мүмкіндіктердің шоғырлануымен анықталады, екінші жағынан, экономиканың бәсекеге қабілеттілігі - бұл елдің мемлекеттік және қоғамдық құрылым жүйесінің, қоғамның қоғамдық өмірінің барлық қырларын саяси-құқықтық ұйымдастыру мен реттеудің артықшылығы, мемлекеттің ұлттық экономиканың тұрақты, серпінді дамуын қамтамасыз етуі, сондай-ақ қоғам мүшелерінің осымен байланысты әлемдік стандарттарға сәйкес материалдық әл-ауқаты.

Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін елдің бәсекеге қабілеттілігінен ажырата білген орынды. Экономиканың бәсекеге қабілеттілік проблемасы елдің инвестициялық тартымдылығымен байланысты, ал елдің бәсекеге қабілеттілігі елдегі өмір сүрудің сапасымен байланысты.

Портердің теориясына сәйкес экономиканың бәсекеге қабілеттілігі алты детерминантпен анықталады (1 кесте) :

d1- факторлық жағдайлар, яғни, аймақта қажетті (еңбек, интеллектуалды, өндірістік, қаржылық) өндіріс факторларының бар болуы;

d2- сұраныс жағдайы - бұл аймақтағы бағаланып отырған өнімге белсенді сұраныс, яғни, бәсекеге қабілетті өнім әрқашанда ішкі нарықтағы сұраныстан басталады;

d3- ұқсас салалардың ықпалы - өндірістің жандануына қажетті бәсекеге қабілетті, қолдаушы салалардың аймақта болуы;

d4- фирмалардың стратегиясы мен бақталасуы: белсенді бәсекелестік күрес өндірісті оптимизациялау стратегиясын дұрыс таңдауға көмектеседі;

d5- үкіметтің ықпалы - өндіріс процесіне көмектесетін немесе кедергі келтіретін институционалды жағдай;

d6- жағдай әсері - жаңартпаларды күшейту үшін қолдану аумағын алмастыру, жаңашылдықты қолданудың артуын қолдау.

Сонымен, бәсекеге қабілетті экономика бірқатар айрықша сипаттамаларды иеленеді (шамамен 100) . Оның шамамен 1/3 жалпы, яғни оларсыз бәсекеге қабілетті экономика құрылмас еді, немесе жалпы кестеде көрсетілген сипаттамалардың 29-ы жүйелі-функционалды жүктемелер мен бәсекеге қабілеттіліктің детерминаттары бойынша топтастырылған.

Жалпы айрықша сипаттамалар АҚШ экономикасында - 64, Германияда-52, Жапонияда - 54 [9] .

1-кесте

Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің алты детерминанты

Бәсекеге қабілеттілік детерминантының атауы
Бәсекеге қабілеттілік сипаттамасы
Жүйелі - функционалды жүктеме
Атауы
Бәсекеге қабілеттілік детерминантының атауы: d1- факторлық жағдайлар
Бәсекеге қабілеттілік сипаттамасы: d1анықтайтын бастапқы сипаттамалар
А11 - факторлық қызметті жаңалауға көлемді инвестициялар, А12 - интенсивті ғылыми зерттеулер, А13 - білімге көлемді инвестициялар, А14 - білікті жұмысшылар, А15 - жұмысшылардың жоғарғы жалақысы
Бәсекеге қабілеттілік детерминантының атауы: Жүйеқұраушы қасиет
Бәсекеге қабілеттілік сипаттамасы: С13 - транспорт инфрақұрылымының дамуы, С14 - коммуникациялар инфрақұрылымының дамуы
Бәсекеге қабілеттілік детерминантының атауы: Интегративті қасиет
Бәсекеге қабілеттілік сипаттамасы: d11 - факторлық жағдайлар жасаудың механизмі
Бәсекеге қабілеттілік детерминантының атауы: Динамикалық бағытталуы
Бәсекеге қабілеттілік сипаттамасы: Е11 - өндірісті автоматтандыру құлшынысы
Бәсекеге қабілеттілік детерминантының атауы: d2 - сұраныс жағдайлары
Бәсекеге қабілеттілік сипаттамасы: d2 анықтайтын бастапқы сипаттамалар
А22 - ыңғайлылық пен қанағаттандыруды қамтуға бағытталған үміт тауарлары, А23 - сұраныс басқа кәсіпорындар мен салалардың инвестициясына әсер етеді.
Бәсекеге қабілеттілік детерминантының атауы: Интегративті қасиет
Бәсекеге қабілеттілік сипаттамасы: D23 - сұраныстың басқа аймақтарға интеграциялануы
Бәсекеге қабілеттілік детерминантының атауы: Динмикалық бағытталуы
Бәсекеге қабілеттілік сипаттамасы: Е21-сұраныстың артуы инновацияны ынталандырады
Бәсекеге қабілеттілік детерминантының атауы: Шектеуші жағдай
Бәсекеге қабілеттілік сипаттамасы: G21-ішкі нарықтың үлкен көлемі
Бәсекеге қабілеттілік детерминантының атауы: d3 - ұқсас салалардың ықпалы
Бәсекеге қабілеттілік сипаттамасы: d3 анықтайтын бастапқы сипаттамалар
А32 - машина жасау
Бәсекеге қабілеттілік детерминантының атауы: d3 анықтайтын жүйеқұраушы қасиет
Бәсекеге қабілеттілік сипаттамасы: С31-инновацияға қолайлы жағдай, С32-көшбасшы көптеген басқа салалармен байланысты
Бәсекеге қабілеттілік детерминантының атауы: Интегративті қасиет
Бәсекеге қабілеттілік сипаттамасы: D41-экономиканың бәсекеге негізделуі
Бәсекеге қабілеттілік детерминантының атауы: d4 - фирмалардың стратегиясы мен ықпалдасуы
Бәсекеге қабілеттілік сипаттамасы: d4 анықтайтын бастапқы сипаттамалар
А41-жалпылама өндірістің өнімін стандарттау, А44-өндіріс жұмысшы- ларының жоғары уәждемесі, А45 - «өндірістік-экономикалық ой туындысын» көпшіліктің мойындағандығы (сол экономикада)
Бәсекеге қабілеттілік детерминантының атауы: Интегративті қасиет
Бәсекеге қабілеттілік сипаттамасы: D41 - экономиканың бәсекеге негізделуі
Бәсекеге қабілеттілік детерминантының атауы: d5 - үкметтің ықпалы
Бәсекеге қабілеттілік сипаттамасы: d5 анытайтын бастапқы сипаттама
А52 - білімге инвестициялар, А53- ғылымға инвестициялар, А55- бәсекені қорғау
Бәсекеге қабілеттілік детерминантының атауы: Интегративті қасиет
Бәсекеге қабілеттілік сипаттамасы: d52 - жаңартпаны дамытуды қолдау
Бәсекеге қабілеттілік детерминантының атауы: d6 - жағдай әсері
Бәсекеге қабілеттілік сипаттамасы: d6 шығу мінездемесі
А61 - жанжалды ахуал (соғыс)
Бәсекеге қабілеттілік детерминантының атауы: d6 анықтайтын жүйеқұраушы қасиет
Бәсекеге қабілеттілік сипаттамасы: С61 - жанжалды (соғыс) уақыттың тиімді технологияны іздеуге әсері
Бәсекеге қабілеттілік детерминантының атауы: Интегративті қасиет
Бәсекеге қабілеттілік сипаттамасы: D61-ғылыми зерттеудің, технология- ның деңгейін көтеру

М. Портердің «Халықаралық бәсеке» атты еңбегіндегі қалыптасқан теориялық ұстанымға сәйкес жекелеген уақыт аралығындағы дамуын анықтайтын негізгі төрт қозғалыс күшіне немесе ыетаға сәйкестендірілген ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің ерекше төрт сатысы бөліп көрсетіледі (4-сурет) [9] .

Экономикалық өсім

4-сурет. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің даму сатылары

Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың тікелей және жанама әдістері бар. Бағалаудың тікелей әдісі - мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына жету үшін ұлттық байлықты пайдалану дәрежесінің негізімен анықталса, ал жанама әдіс - жұмсалған қордың жалпы ұлттық табыс бірлігіне қатынасымен бағаланылады.

1. 2 Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың шетелдік тәжірибесі

Бүгiнде әлемдiк экономикада барлық елдердiң негiзгi мақсаты мен бағыт-бағдары тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзiп, халықтың тұрмыс деңгейiн жақсартып, әлемдiк рыноктағы бәсекелестiк орнын мығымдауға ынталы болады.

Бiрақ әрбiр елдiң экономикалық өсуге қол жеткiзуi әр деңгеде және әр түрлi формада көрiнiс табады. Бiзге белгiлi қазiр әлемдегi елдер даму жағынан үш түрге бөлiнедi. Олар:

  1. Жоғары дамыған елдер;
  2. Дамыған елдер;
  3. Даму жағынан артта қалған елдер [11] .

Қазақстан Республикасы әлемдiк экономикаға өзiнiң егемендiгiн алғаннан кейiн дамыған ел ретiнде өз орнын тапты. Себебi Елбасымыз өз Жолдауында атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек”деп атап көрсеттi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауардың бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын факторлар
Өнімнің бәсекеге қабілеттілік деңгейінің төмендігі
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі мәні
Қазақстан Республикасының ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі
Экономиканың бәсекеге қабілеттілік ерекшеліктері
Отандық экономиканың бәсекеге қабілеттігін арттыру тетіктері
Аудандағы шаруа қожалықтарының жұмысын тиімді арттырудың негізгі жолдары, жергілікті мемлекеттік органдардың рөлі
Қазіргі экономикадағы ақпарат рөлі және ақпараттық қызмет нарығы
Қазақстан өнеркәсібіндегі бәсекеге қабілетті инновациялық жобаларды жүзеге асыру
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz